Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
Главная / Другое / "Ұландар мерекесі" конспект

"Ұландар мерекесі" конспект

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта. Социум.

Пән/Предмет: Қоршаған ортамен таныстыру

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Әрқашан күн сөнбесін»

Тақырыбы/Тема: «Ұландар мерекесі»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Отанын,елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ел үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Балаларға патриоттық тәрбие беру.

2.Дамытушылық – развивающая: Балаларға Отанын сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.

3.Оқыту – обучающая: Ұландар мерекесі, болашақ Отан қорғаушылар жайлы түсінік беру.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: әскери адамдар мен техникалардың суреттері, әр түрлі мамандық иелерінің құралдары.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Әскери адамдар- военные люди, сарбаз-солдат, шекарашы-пограничник, ұшқыш-летчик, теңізші-моряк.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Есік қағылады. Қонаққа аю келеді.

Аю:- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар балабақшада не болып жатыр? Әр топта құттықтау плакаттары, дәлізде пилотка киген балалар. Бұл қандай мереке?

-Балалар жақында бізде қандай мереке болды?

Дұрыс айтасыңдар , 7-мамыр Отан қорғаушылар күні, Ұландар мерекесі тойланды.

Аю: Ал отан қорғаушылар деген кімдер?

Отан қорғаушылар күні-түні еліміздің тыныштығы үшін қызмет етеді. Олар еліміздің тыныш, бейбітшілік өмір сүруіне мол үлестерін қосуда. Бұл жауынгерлер біздің тәуелсіз еліміздің әскері болып табылады.

Билингвалдық компонент: Әскери адамдар- военные люди, сарбаз-солдат.

Біздің ұлдар да өскенде ел қорғайтын әскер қатарына барады, солай емес пе ұлдар?

Аю сен ендеше бізбен бірге отырып тыңда, мен бүгін сендерге біздің Отан қорғаушыларымыз туралы айтып беремін.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Пәндік суреттер бойынша әңгімелесу:

Біздің еліміздің аумағы өте үлкен, сондықтан біздің әскерлеріміз жер үсті, әуе және теңіз шекаралары тыныштығын сақтауға тиіс.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, біздің әуе шекараларын кім қорғайды?

Әрине, бұл-ұшқыштар (әскери тікұшақтар мен ұшақтардың суретін көрсету)

Билингвалдық компонент: ұшқыш-летчик.

- Теңіз шекараларын кім қорғайды?

Теңіз шекараларын қорғаушыларды – теңізшілер деп атаймыз.

Теңізшілер әскери кемелер мен сүңгуір қайықтар арқылы жүреді.

Билингвалдық компонент: теңізші-моряк.

- Балалар, Аю біз сендермен біздің теңіз және әуе шекараларын кім қорғайтынын білдік, ал жердегі шекараларды кім күзетеді?

- Дұрыс. Жер бетіндегі шекараны күзететін шекарашылар және танкисттер.

Билингвалдық компонент: шекарашы-пограничник.

Танкисттер танктерді басқарады.

Жеке жұмыс: Бағлан танктің түсі қандай?

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш...

Бойға жинап күш,

Шынығамын таңертең

Ағалардай Отанға

Солдат болам мен ертең.

Балалар біз де Отанымызды сүюіміз оны қадірлеп қастерлеуміз керек.

«Отан үшін отқа түс,күймейсің» –деген сөз бар халқымызда. Отан үшін жанын қиған қанша біздің батырларымыз бар. Ендеше Отан туралы мына өлең жолдарын жаттап алайық.

Отан сенің ата-анаң

Отан сенің бауырың

Отан өлкең астанаң

Отан аудан, ауылың.

Дидактикалық ойын. «Кімге не керек?»

Мақсаты: Әскери адамдар туралы алған білімдерін толықтыру.

Шарты тақтада ұшқыш, теңізші, шекарашы, танкистің суреттері ,үстелде әр түрлі мамандық иелерінің құралдары, киімдері тұрады, балалар кімге не керек екенін тауып көрсетеді.

Жеке жұмыс: Арсен ұшқыштың құралдарын атап берші.

3.Қорытынды/итоговая часть:

-7-мамыр қандай мереке?

-Отан қорғайтын қандай мамандық иелерін білесіңдер?

-Отан қорғайтын адамдардың еңбегін неге ерекше құрметтейміз?

Балаларды мадақтау.



  • Другое
Автор Темірбай Қымбат Сәбитбекқызы
Дата добавления 15.05.2018
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 26
Номер материала MA-079312
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Похожие материалы