Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Кәсіптік білім – болашақ маманға білім, іскерлік, дағды ғана емес, ол жеке тұлғаны қалыптастыру жолы»

«Кәсіптік білім – болашақ маманға білім, іскерлік, дағды ғана емес, ол жеке тұлғаны қалыптастыру жолы»

Скачать материал

Өтініш парағы

 

Аты-жөні

Молдагалиева Женисгул Ермековна

Ғылыми дәрежесі, ғылым атағы

 

Жұмыс орыны

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Баяндама тақырыбы

Кәсіптік білім – болашақ маманға білім, іскерлік, дағды ғана емес,ол жеке тұлғаны қалыптастыру жолы»

Секциясы

Шеберлік сынып «Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту»

Қажетті техникалық құрал-жабдықтар

Проектор, интерактивті тақта.

Байланыс телефондары

87112505365, 87014815090

Электрондық  почта (Еmail)

Zhenka.79

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кәсіптік білім – болашақ маманға білім, іскерлік, дағды ғана емес,

ол жеке тұлғаны қалыптастыру жолы»  

 

Молдағалиева Жеңісгүл Ермекқызы

 

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің жоғары санатты оқытушысы

 

«Өзіңмен өзіңтүскен  күрес-нң қиын күрес,

өзіңді-өзің жеңген жеңіс-ұлы жеңіс» Неміс ақыны Ф.Логау.

 

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда білім мекемелері алдына жаңа міндеттер  қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейтесті мәселе. Өйткені, тек білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің  көшбасшысы бола алады.

Кәсіптік білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлғаны қалыптастырады.  

Заман талабы өзгерген сайын арнайы орта оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгерді.

Еліміздегі кәсіптік  білімді дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына, Білім туралы заңға, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2050» жолдауына  негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орын алады.Оның басты міндеттері: сапалы  білімге  қолжетімділікті  арттыруға  бағытталған  білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін əзірлеу;

білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету; педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту; білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның  ішінде  корпоративтік басқару  принциптерін  енгізу,  білім  беруде  мемлекеттік-жеке əріптестік жүйесін қалыптастыру; білім  беруді  дамытудың  мониторинг  жүйесін  жетілдіру,  оның ішінде  халықаралық  талаптарды  ескере  отырып,  ұлттық  білім статистикасын құру; оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау; мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту; мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқыту  ұйымдарын  кадрлармен қамтамасыз ету;

Бүгінгі таңдағы кәсіптік білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, кәсіби  ілімімен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.

Кәсіптік білімнің маңызды міндеттерінің бірі – кәсіби мамандарды дайындаудағы фундаментальды ғылымның орны мен рөлін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру. Осыған байланысты дайындықты меңгеріп шыққан кәсіптік білім орны түлегі, заманауи ақпараттар ағымын жылдам игеріп, өз іс-әрекетін дұрыс жолға қояды, яғни дұрыс пайдалана алады.

Бұның негізгі бағыттарының маңыздысы арнайы орта кәсіби білім беру, сондықтан кәсіби білім беру болашақ өзін-өзі тану мамандарын даярлау жүйесінің дамуына өз үлесін қоса алатын бірден-бір фактор болып табылады. Ғылым мен техниканың, технологиялардың өркендеп дамуы болашақ мамандарда кәсіби технологиялық білім мен іскерліктердің дамуына баса назар аударады. Болашақ мамандардың бойында ұйымдастырушылық қызметі, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау, қызмет орнында, ұжымда адамгершілік, психологиялық ахуалды ұстап тұру қабілеттерін қалыптастыру ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Кәсіптік оқу орнының басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу,  адамзаттың мәдени және өнегелілік  деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін даярлау. Білім саясатының  өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен  қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.  

Мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде кәсіптік білімді дамытудың негізгі жолы мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру болса, қазіргі кезде білім мекемелерінде кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады.

 Кәсіби білім беру және оның қоғамдық құрамдас бөлігі – рухани, мәдениетті студенттердің жеке приоритетті қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі білім беру қызметтерін дамытуға, оларды азамат, интеллегент маман ретінде қалыптастыруға бағытталған біздің мемлекетіміздің заңды құжаттарымен нақтыланып, рәсімделген.

Денсаулығы мықты, рухани-тұлғалық сапалары, өзіндік бітімі қалыптасқан адам ғана өз қимыл-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады.Тұлғалық мәдениетті қалыптастыру білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне себепші болады.

Демек, тұлғаның рухани мәдениеті жєне тәрбие саласында кейбір мәселелерді кешенді түрде зерделеу осы салада кәсіби мамандарды дайындау ќазіргі кезде зерттеу жұмысының көкейтесті талабы болып отырғанын айта кету керек.

Кәсіптік оқу орындарында болашақ маман мәдениеті кәсіби даярлауды теориялық-әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда ашып көрсететін тиісті деректерсіз зерттеу мүмкін емес..

Қазіргі күні Қазақстан Республикасында болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану (Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, Қ.Б.Бөлеев, Ш.И.Жанұзақова, Ж.Т.Төлегенов, Т.Ш.Қуанышев және т.б.), мұғалімнің кәсіби-әдістемелік даярлығын қалыптастыруды (О.Аяшeв, Ә.Бүркітбаев, Ж.Оңалбек, С.А.Жолдасбекова, Е.Сағындықов, Т.Ж.Бекбатчаев), ғылыми-педагогикалық жағынан негіздеу туралы бірқатар ғылыми еңбектер орындалған.

Зерттеу жұмысым тікелей өзін-өзі тану мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталғандықтан таќырыпќа байланысты жекелеген жалпы теориялыќ ережелерді наќтылауѓа мүмкіндік беретін адамгершілік тәрбиесі жұмыстарын ерекше тоқтала кетуді жөн көрдім

Колледждегі өзін-өзі танудан білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, мынандай міндеттерді орындайды: оқушының рухани-адамгершілік, интеллектуалдық-танымдық, психологиялық, шығармашылық іскерлік сапаларын, өз бетінше оқу әрекетін, коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін, эстетикалық, экологиялық, этикалық, дене мәдениетін т.б. қалыптастыру. Қазіргі кезеңдегі білімді құзыретті маман, яғни өмірлік іс-әрекеттерге дайындалған белсенді, шығармашылық ой-санасы қалыптасқан, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын, интеллектуалдық тұрғыда өзін -өзі дамытатын мұғалімнің қалыптасуы.

«Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік құрылымы өзге пәндерден ерекше. Ол –дәстүрлі пәндер сияқты қоршаған орта туралы ғана емес, Адамның өзі және оның жан дүниесі туралы пән. Әр оқушы өзінің руханилығымен, өзінің  тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алумен дарынды болмақ. Мектептерде машықтан өту барысында студенттер өзін-өзі тану сабақтарында оқушының  жалпыадамзаттық құндылықтар, адамгершілік қасиеттер, жарасымды қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ақпараттық-комуникативтік технологияға арқа сүйейді және оны білім нәтижелілігіне бағыштайды.

            Ал әдіскер ретінде өзімнің «Бастауыш білім беру» мамандығындағы өзін-өзі тану пәнінен «Әдептілік, әділдік» тақырыбында өткізген сабағымды мысалға алсам:

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері айқындалып, алынып, әр оқушының өз жүрегінде жалпыадамзаттық  рухани құндылықтар әдептілік, әділдік, бар екендігіне көздерін жеткізіп, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алуға үйретуді мақсат тұттым..Құзыреттілік мақсаттары сонымен қатар олар жалпыадамзаттық құндылықтар қамтитын рухани-адамгершілік  қасиеттердің әлеуетін ашып, әр оқушының ізгілік жолын таңдауына ықпал етуі керек екендігін басты назарда ұстадым.

Сабағымды жағымды күйге келтіруден яғни, тыныштық сәтінен бастадым. Оқушыларды сабырлы, жағымды күйге түсіру үшін баяу музыканың алатын орыны ерекше, сабақ басталар алдында оны жаймен жіберіп қою керек. Ең бастысы мұғалімнің өзі де осы күйде болуы маңызды, ол ішкі тыныштықта, жағымды күйде болса ғана оқушылар терең қабылдау алады. Тыныштық  сәтінен соң оқушылар өз сезімдерімен емін-еркін бөлісті. Өзім әр сабаққа үлкен қуанышпен, көтеріңкі көңіл күймен  келуді дағдыға айналдырдым. Оның оқушылардың жаңа материалды тиімді игеруі үшін өте маңызды екенін түсінемін.  Ал әңімелесу барысында мұғалімнің баяу, жылы дауысның мәтінді оқып берген кезде, оқушылар әңгімені тыңдай және ести білуі үшін, жүрегімен қабылдауы, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуға  үйренеді.

 

  

 

Осы сабақта жайлы әуен арқылы оқушыларды жағымды күйге келудің тиімділігінің маңызы зор болды.  Ол оқушылар назарын бір нүктеге тұрақтандырады және бойларын сергіту барысында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін бірге  орындадық..

Сабақтың дәйексөзі –«Өзін-өзі тану» пәнінің маңызды бөлігі. Топ оқушыларлың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық –бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал етті. Сабақтың дәйек сөзі ретінде даналы сөз, ұлағатты сөздер алынды. Мысалы: «Қара қылды қақ жарған – жақсылардың белгісі»- Әйтеке Байбекұлы. «Әділ сөз ащы көрінер»-  Жүсіп Баласағұн. Осы дәйексөздердің мағынасын ашу арқылы оқушылар өз ойларын, нақты әділдік деген не? немесе әділетсіздіктің өмірде көрініс табуының басты себептерін дәлелдеп жеткізе білді.Болашақ мамандардың өз ойлары төңірегінде еркін, ашық пікірлеріне ризашылығымды білдірдім.

Ал,шығармашылық жұмыс- бұл оқушының  өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет етеді. Шығармашылық  жұмыс арқылы,  нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту  барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді. Осы бағытта топ үшке бөлініп тапсырмалар берілді. І топ поэзия минуты. ІІ топ эссе жазу. ІІ топ коллаж жасау.

Әр топтың оқушылар өз тапсырмалары бойынша 5-7 минут дайындалып, толыққанды жауап берді. Бұл тәсіл шығармашылық шабытты аша түсуге, символдар, бейнелер мен әрекеттерді ұғыну арқылы өзіндік «Менін» көрсете алуына септігін тигізеді. Бірлескен шығармашылық әрекет әр топ мүшелерінің ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік берді, студенттердің өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырды, жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиеледі. Шығармашылық жұмыс аяқталып, жауаптары тыңдағанан кейін төмендегідей түйіндеме жасалды. Осы екі адамгершілік құндылық адамды қандай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді?

       - Өзгелерді түсінуге;

-           Өмірге құштарлыққа;

-           Өз күшіне сенуге;

-           Ұтқыр шешім қабылдауға;

-            Жеңіске;

Сабағымның келесі бөлігі тренинг өткізу арқылы жалғастырылды. Тренингтің негізгі мақсаты - нақты тапсырманы орындауға көмегін тигізетін білім біліктілік қорымен жеке тұлғаның дамып жетілуінде оқыту, үйрету процестерінің интерактивті әдістер арқылы тренингте түзетуге арналған бір сала. Тренинг - негізі құрылымдары іс-әрекет яғни қимыл ойындары, пікірталас, жағдаятты талқылау, жалпы жағдаяттар бұлардың барлығы жеке тұлғаның дамуына тікелей бағытталған. Сабақта «Жүрек жылуы» тренингі өткізілді.Мақсаты:  топтағы сенімді атмосфераның болуына, сонымен қатар кездескен қиыншылықтарға сабырлықпен, шыдамлықпен қарауға тәрбиелеу.

- Оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.
- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
 - Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.

Әрбір оқушы өз жүректеріндегі сезімдерін айтып шығып, жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүректерінен
шыққан жылуды айналамызға тараттық.
           Сабақтың нәтижесінде әдептілік, әділдік, адалдық, ақтық пен пәктіктің әрқашан да  өміршіл, қиындықты жеңуге жеткізетін жолдарын қарастырып, білімдері толықтырылды. Шығармашылық жұмыс, дәйек сөз, ән шырқау, трениг, мәтінмен жұмыс және түйіндеме жасау арқылы әдептілік пен әділдіктің зор құндылық екендігіне көз жеткіздік.. -----Адам баласы бір-бірін сыйлап, қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық -деп аяқталды.

Сөзімді қорыта келе кәсіптік білім беру мен болашақ маман құзыреттілігін қалыптастыруда мынадай өзекті мәселелерді іріктеп көрсеткім келеді:

  • жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін актуалдандыру;
  • тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастыру-шылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;
  • балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
  • жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
  • жас қазақстандықтарды толераттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
  • балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;
  • өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.  С.А. Назарбаева Адам әлемі және әлемдегі адам: өзін-өзі тану теориясы мен практикасы. (Алматы, 24 желтоқсан 2007ж) – Алматы: «Бөбек»

2. С.А Назарбаева. Ұстаздан ұлағат.-Алматы: Атамұра, 2000.-40   б.

3. «Адам және қоғам» Н. Күнқожаев.

4. Ақиқатты тани біл (Ғибрат толғамдары): V кітап/ Қурастырушы  Сейтақов А.– Алматы,       2004.-320 б.

5. «Өзін - өзі тану» Республикалық ғылыми- әдістемелік журналдар 2010 ж.

6. Сатыбаев С. «Халық әдебиетінің тарихы негіздері» Алматы ;2002

7. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. / В.Г. Маралов - М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 256 б.

8. Джакупов С.М. Экспериментальные исследовния этнических предубеждений // Теоретические и прикладные проблемы социолизации личности: Межвузовский сборник научных трудов. Часть ІІІ. / Под.ред. С.М. Джакупов. –Алматы, 2002. -162 б.

9. Бодалев А.А. О смысле жизни человека, его акме и взаимосвязи между ними // Мир психологии, 2003. № 2.- 54-58 б.

10. Орлов Ю.М. Самопознания и самовоспитание характера / Ю.М. Орлов. -М: Просвещение. 2006. - 101 б.

11. Психология. Учебник. / Под редакцией А.А.Крылова. -М: ПБОЮЛ, 2004. - 584 б.
                                                  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Кәсіптік білім – болашақ маманға білім, іскерлік, дағды ғана емес, ол жеке тұлғаны қалыптастыру жолы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда білім мекемелері алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейтесті мәселе. Өйткені, тек білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2020 296
    • DOCX 407.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Новикова Наталья Леонтьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Новикова Наталья Леонтьевна
    Новикова Наталья Леонтьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79611
    • Всего материалов: 209

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе