Инфоурок Другое Другие методич. материалыКәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайлары

Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайлары

Скачать материал

Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік   құқықтық жағдайлары

Қазіргі заманғы кәсіпкердің ең басты маңызды қасиеті – тез өзгеретін жағдайларға бейімді болуы. Ол үшін өзі таңдаған іс жасайтын ортаны кәсіпкер жан-жақты меңгере білуі керек. Кәсіпкер көздеген мақсатына сай алдыға ұмтылушылығымен, кез келген сәтсіздікке ұшыраған жағдайда оған төтеп беретін жігерлілігіне сай өз тарапынан болатын олқылықтардың орнын толтыруда жіберілген қателіктерге сын көзбен қарай алатындай болған жөн, сонымен қатар одан қалай шығудың жолын қарастыра алатындай табандылығы болуы керек. Кәсіпкер өз ісіндегі ортақ әріптестерінің сенімді болуын ойластыруы тиіс. Бәсекелестік күреске дайын болуы қажет. Маркетингті нақты ұйымдастыра білген жөн. Сонымен қатар кәсіпкер шикізатпен, материалмен, жартылай өңделген өніммен (полуфабрикат), жабдықтаушы бұйыммен қамтамасыз етушілермен және өнімді тұтынуда тапсырыс берушілермен ресми байланыста болуы тиіс.

 Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін керекті анықталатын жағдайлар: экономикалық, әлеуметтік және құқықтық т.б.

Экономикалық жағдай – бұл бірінші кезекте тауарға ұсыныс және оларға сұраныс; сатып алушылардың сатып алатын тауар түрлері; сатып алуға жұмсалатын ақша құралдарының көлемі; еңбек ақы деңгейіне әсер ететін жұмыс орындары, жұмысшы күшінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі және олардың тауарды сатып алу мүмкіндігі.

Жалпы экономикалық жағдайға ақша ресурстарының болуы, оларды алудың ыңғайлы жолы, инвестицияланған капиталдың кіріс деңгейі, қарызға алынған құралдардың шамасы елеулі әсерлерін тигізеді.

Мұның барлығымен нарық инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар айналысады. Олардың көмегімен кәсіпкерлер іскерлік қарым-қатынастармен коммерциялық операцияларды жүргізеді. Оларға банктер (қаржылық қызмет көрсету), жабдықтаушылар (шикізатпен, материалмен жабдықтау бұйымдарымен, энергиямен, машина және қондырғылармен, құралдармен және т.б. қамтамасыз ету), көтерме және жеке сауда жасаушылар (тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін көрсету), мамандандырылған фирмалар мен мекемелер (құқықтық, бухгалтерлік, делдалдық қызмет көрсету), жұмысқа орналастыру агенттіктері (жұмысшы күшін таңдау қызметін көрсету), оқу орындары жұмысшы мен маман-қызметкерлерді дайындау), т.б. агенттіктер (жарнамалық, көлік, сақтандыру), байланыс құралдары мен ақпаратты жеткізу жатады.

Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда экономикалық жағдайларға әлеуметтік жағдайлардың жақын болуы қисынды болып табылады. Ең алдымен сатып алушылар әр уақытта өздеріне сай, көңілге қонымды тауарларды сатып алуға тырысатынын естен шығармау керек. Уақыт аралығы өткен сайын сұраныстың өзгеруі мүмкін. Оған әлеуметтік-мәдениеттік ортаға қатысты әртүрлі факторлар әсер етеді. Мұндай жағдай тұтынушылардың өмір салтына да ықпал жасай алады. Өз кезегінде өмір салты тұтынуға, тауарға деген сұранысқа қатысы бар екендігін білдіреді. Әлеуметтік жағдай жеке адамның жұмысқа деген ықыласына да әсерін тигізбей қоймайды. Ол өз кезегінде еңбекақы шамасына, еңбек жағдайына әсерін тигізеді.

Кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісіне қанағаттана білуі керек. Ол өз қызметкерлерінің еңбек ісіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыспен қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату, оларды қайта дайындау, оқыту маңызды роль атқарады: атап айтқанда, кәсіпкерлік істі жүргізудің жаңа тәсілдерін оқытуды ұйымдастыру; жетілген мемлекеттерде жұмыскерлерді оқыту, стажировка жүргізу; кәсіпкерлік істі жүргізуді оқытатын оқытушыларды дайындау немесе жалдау; кеңес          беру орталықтарының жүйесін жасау.

Кез келген кәсіпкерлік іс өз қызметін белгілі бір құқықтық нормалар бар ортада жүзеге асырады. Сондықтан белгілі бір құқықтық жағдайлардың болуы маңызды. Оған бірінші кезекте – кәсіпкерлік істі реттейтін, оның дамуына дұрыс жағдай жасайтын, заңдардың болуы. Атап айтқанда, кәсіпорындарды ашу және тіркеу рәсімінің (процедурасының) қарапайым түрде болуы; кәсіпкерді мемлекеттік бюрократизмнен қорғау; салық заңдылықтарының өндірістік кәсіпкерлік істі дамыту бағытында жетілдіру және Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің шетел мемлекеттерімен  бірлесіп жұмыс істеуін дамыту. Бұның ішіндекіші кәсіпкерлікті қолдайтын орталықтарды ашу, статистикалық есеп беру формалары және санау тәсілдерін жетілдіру жатады. Кәсіпкерлік істің құқықтық кепілдігі болуының маңызы зор (мысалы: меншіктік құқық, міндеттемелер  бойынша жауап беру және т.б.).

АҚШ-тың кәсіпкерлік іс ортасында бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан заңдар жүйесін мысал етіп көрсетуге болады.

Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің керектігін негіздей отырып, Ф.Котлер осы заңдардың пайда болуын үш негізгі себептің әсер етуімен түсіндіреді:

1. Фирмаларды бір-бірінен қорғаудың керектігі. «Кәсіпкерлердің барлығы бәсекелестікті бір кісідей жақтайды, бірақ өз мүддесі туралы сөз болғанда оларды барлығы да бәсекелестікті бейтарап қалдыруға тырысады» (Ф.Котлер, 168-бет). Сондықтан бәсекелестік арасындағы заңсыздыққа жол бермеу заңдары қабылданады.

2. Тұтынушыларды арам ниетті іскерлік практикадан қорғаудың қажеттілігі.Сондықтан бақылаусыз қалған фирмалардың нашар тауарларды шығаруына, жарнамаларда жалған ақпарат беруіне, әдемі қораптаумен және баға деңгейімен шатастыруына қарсы заң шығарылды.

 Қоғам мүддесін кәсіпкердің жеке мүддесінен жоғары ұстау. Ф.Котлер бұл жағдайда «кәсіпкерлік іс кейбір жағдайларда өмір деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз ете алмайды», - деп өте жұмсақтап атап кетті.

Нарықтық қатынастарға өту барысында Қазақстанда «кәсіпкерлердің жүгенсіздігі» жиі көрінеді. Қазақстан Республикасында заңдар жүйесі енді қалыптасып келеді.

Нарықтық экономика, оның жағымды қасиеттеріне қарамастан, қоғамның және әрбір азаматтың мүддесіне сай экономикалық және әлеуметтік процестерді реттей алмайды. Ол кірістің әлеуметтік тұрғыда дұрыс бөлінуін қамтамасыз етпейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік деңгейі төмен бөлігін қолдай алмаумен бірге нарықтық экономика көптеген басқа да өзекті проблемаларды шеше алмайды.

Осындай жағдайлардан туындаған кәсіпкерлік мәселелерді реттей отырып, мемлекеттің бір бағытта айналысуы қажет. Басқа дамыған Батыс елдерімен салыстырғанда, Қазақстан бұл процесті тез арада жүзеге асыруы тиіс.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайлары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі заманғы кәсіпкердің ең басты маңызды қасиеті – тез өзгеретін жағдайларға бейімді болуы. Ол үшін өзі таңдаған іс жасайтын ортаны кәсіпкер жан-жақты меңгере білуі керек. Кәсіпкер көздеген мақсатына сай алдыға ұмтылушылығымен, кез келген сәтсіздікке ұшыраған жағдайда оған төтеп беретін жігерлілігіне сай өз тарапынан болатын олқылықтардың орнын толтыруда жіберілген қателіктерге сын көзбен қарай алатындай болған жөн, сонымен қатар одан қалай шығудың жолын қарастыра алатындай табандылығы болуы керек. Кәсіпкер өз ісіндегі ортақ әріптестерінің сенімді болуын ойластыруы тиіс. Бәсекелестік күреске дайын болуы қажет. Маркетингті нақты ұйымдастыра білген жөн. Сонымен қатар кәсіпкер шикізатпен, материалмен, жартылай өңделген өніммен (полуфабрикат), жабдықтаушы бұйыммен қамтамасыз етушілермен және өнімді тұтынуда тапсырыс берушілермен ресми байланыста болуы тиіс.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 979 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2020 945
    • DOCX 25.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кирилина Марина Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кирилина Марина Анатольевна
    Кирилина Марина Анатольевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 125349
    • Всего материалов: 226

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе