«Көппен
көрген ұлы той»
Әжесі мен немересі
екеуі наурыз көже пісіріп, бар тәтті-дәмдісін қойып, дастархан әзірлеп
жатады.Барлығы әзір болған кезде әжесі немересіне атасын шайға шақырып келуге
жібереді.
Әжесі:
-Айналайын құлыным,барып атаңды шайға шақырсаңшы!Әне-міне дегенше қонақтарымыз
да келіп қалар.Дастарханымыз,наурыз көжеміз де дайын болды.
Немересі:
(жүгіре басып есік алдында жүрген атасын шақырады)
--Ата, шайға
келіңіз.Наурыз көже,дастарханымыз да дайын болды.
Атасы:
-Рахмет балам,өркенің өссін! Келе жатырмын.
(Барлығы дастархан
басына отырады.Әжесі наурыз көже құяды,атасына, немересіне береді)
Әжесі:
-Балам,ит үріп жатыр.Қонақтарымыз келіп қалған сияқты,алдарынан шығып қарсы
алшы.
Немересі:
-Жарайды, әже! Сәлеметсіздер ме? Қош келдіңіздер,үйге төрлетіңіздер!
Қонақтар: -Рахмет!
Қош көрдік.(Қонақтар:Алишер мен Алмаз үйге кіреді.Үй ішіндегі ақсақалмен төс
қағысып,қол алысып, әжеймен амандасады.)
--Ассалаумағалейкум,ақсақал!
Сәлеметсізбе әжей? Қал-жағдайларыңыз қалай,есен-саумысыздар?
Әжесі:Қош
келдіңдер айналайындар! Жоғары төрлетіп отырыңдар,наурыз көжеден ауыз тиіңдер,қымыз
ішіңдер!
Қонақ Алишер:
--Ұлыс
күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол
болар.
Ұлы кісіден бата
алса,
Сонда олжалы жыл
болар. –дегендей сіздерді арнайы ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әжеміздің тіл
үйірер наурыз көжесінен дәм татайық деп жәнеде ата, ұлыстың ұлы күнінде
сексеннің сеңгіріне келіп қалыпсыз ,«Орамал тон болмайды жол болады»
дегендей мынау шапанды иығыңызға жабуға рұқсат етіңіз.(Қонақтар орындарынан
тұрып ақсақалдың иығына арнайы алып келген шапандарын жабады)
Атасы: -Рахмет
балам, өркендерің өссін!
Әжесі: -Осындай
сый-сияпаттарыңа рахмет айналайындар.Бақытты болғайсыңдар!Дәм алып отырыңдар.
Немересі:
-Алишер аға, «Әу» демейтін қазақ жоқ .Бірақ сіз нағыз өнер иесісіз ғой,
Дауысыңызды сағынып қалыппыз,бір ән шырқап жіберсеңіз болмаспа екен.
Қонақ Алишер: -Әрине,қалқам!Айтсам
айтайын.
(Алишер ортаға
шығып,өзінің әнін орындайды.)
Атасы:
-Талабың таудай,өнерің үстем болсын алтыным.
Қонақтар: --Ал
ата,әжей рұқсат болса біз жолға шығайық.Баратын тағы басқа жерлеріміз бар.Аман
сау болыңыздар!
Әжесі мен атасы:
Сау бол айналайын.Жолыңдарың болсын.
Немересі:
-Ата, әже сіздерді құттықтауға мектебіміздің биші(әнші) қыздары келе жатыр
екен. Соларды алдарынан шығып қарсы алайын.
(Немересі келген
қонақтардың алдынан шығып қарсы алады)
Қонақтар(Жанна
менАдемау): -Сәлеметсіздерме?Ұлыстың ұлы күні құтты
болсын!Дендеріңіз сау,аман-есен болып ,немере-шөберелеріңіздің қызығын көруге
Алла Тағала нәсіп етсін!
Атасы:-
Аумин балам,айтқандарың келсін!
Әжесі:
-Рахмет,құлындарым! Келгендерің жақсы болды,төрлетіңдер.Наурыз көже алыңдар,дастарханнан
дәм алып отырыңдар.(Әжесі қонақтарға наурыз көжесінен құйып береді.)
Қонақтар:
-Ата,әжей бізде сіздерді ұлыстың ұлы күнімен жәнеде атамыздың мерейтойымен
құттықтап ,өз өнерлерімізді көрсетіп қайтуға әдейілеп келген едік.
Әжесі:
-Бұларың өте дұрыс болған екен, балам.Ендеше өнерлеріңді тамашалайық.(Жанна
ортаға шығып өз өнерін көрсетеді.Алғыстарын айтып қонақ қыздарды шығарып
салады.)
Тентек немересі: -Ата
НАУРЫЗҒА арнап батаңызды беріп жіберіңіз.(Әмин деп қолын жаяды)
Атасы:(
Батасын береді)
Бай қылсын,
Төрт түлік сай
қылсын,
Кетпес дәулет
берсін,
Отауыңа сәулет
берсін.
Бастарыңа бақыт
қонсын,
Дұшпандарың жоқ
болсын.
Ризық, нәсібің
тасып,
Көңілдерің тоқ
болсын.
Туған балаларың ер
жетіп,
Өсіп үлкен ел
болсын,
Бақталасың кем
болсын.
Дәулетің шалқып,
сел болсын,
Дастарқаның кең
болсын
Ұлыс күні құтты
болсын,
Ақ кетпесін
таңдайдан!
Ел іргесі мықты
болсын,
Бақ кетпесін
маңдайдан!
Аллаһу акпар!
Батадан кейін
әжесі шашу шашады:
-Шашау,шашу шашу
алыңыздар.Ескі жыл есірке,жаңа жыл жарылқа!Басымызға амандық,денімізге
саулық,елімізде тыныштық болсын!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
(Көрініс аяқталған
соң барлығы сахнаға шығып,бастарын иіп ізет білдіреді де сахнадан шығыды.)
Қанаш
Қамзин атындағы орта мектеп
Ұлыстың
ұлы қүні
«Көппен
көрген ұлы той»
(Көрініс)
Әзірлеген:
5а
сынып оқушылары
Сынып
жетекшісі:
Калемшарав
Назира
2011-2012
о.ж
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.