Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Көппен көрген ұлы той» наурыз мерекеінің сценарийі

«Көппен көрген ұлы той» наурыз мерекеінің сценарийі

Скачать материал

«Көппен көрген ұлы той»

Әжесі мен немересі екеуі наурыз көже пісіріп, бар тәтті-дәмдісін қойып, дастархан әзірлеп жатады.Барлығы әзір болған кезде әжесі немересіне атасын шайға шақырып келуге жібереді.

Әжесі: -Айналайын құлыным,барып атаңды шайға шақырсаңшы!Әне-міне дегенше қонақтарымыз да келіп қалар.Дастарханымыз,наурыз көжеміз де дайын болды.

Немересі: (жүгіре басып есік алдында жүрген атасын  шақырады)

--Ата, шайға келіңіз.Наурыз көже,дастарханымыз да дайын болды.

Атасы: -Рахмет балам,өркенің өссін! Келе жатырмын.

(Барлығы дастархан басына отырады.Әжесі наурыз көже құяды,атасына,  немересіне береді)

Әжесі: -Балам,ит үріп жатыр.Қонақтарымыз келіп қалған сияқты,алдарынан шығып қарсы алшы.

Немересі: -Жарайды, әже! Сәлеметсіздер ме?  Қош келдіңіздер,үйге төрлетіңіздер!

Қонақтар: -Рахмет! Қош көрдік.(Қонақтар:Алишер мен Алмаз үйге кіреді.Үй ішіндегі ақсақалмен төс қағысып,қол алысып, әжеймен амандасады.)

--Ассалаумағалейкум,ақсақал! Сәлеметсізбе әжей? Қал-жағдайларыңыз қалай,есен-саумысыздар?

Әжесі:Қош келдіңдер айналайындар! Жоғары төрлетіп отырыңдар,наурыз көжеден ауыз тиіңдер,қымыз ішіңдер!

Қонақ Алишер:

--Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жыл болар. –дегендей сіздерді арнайы ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әжеміздің тіл үйірер наурыз көжесінен дәм татайық деп жәнеде  ата, ұлыстың ұлы күнінде сексеннің сеңгіріне келіп қалыпсыз ,«Орамал тон болмайды жол болады» дегендей мынау шапанды иығыңызға жабуға рұқсат етіңіз.(Қонақтар орындарынан тұрып ақсақалдың иығына арнайы алып келген шапандарын жабады)

Атасы:  -Рахмет балам, өркендерің өссін!

Әжесі: -Осындай сый-сияпаттарыңа рахмет айналайындар.Бақытты болғайсыңдар!Дәм алып отырыңдар.

Немересі:  -Алишер аға, «Әу» демейтін қазақ жоқ .Бірақ сіз нағыз өнер иесісіз ғой, Дауысыңызды сағынып қалыппыз,бір ән шырқап жіберсеңіз болмаспа екен.

Қонақ Алишер: -Әрине,қалқам!Айтсам айтайын.

 (Алишер ортаға шығып,өзінің әнін орындайды.)

Атасы: -Талабың таудай,өнерің үстем болсын алтыным.

Қонақтар: --Ал ата,әжей рұқсат болса біз жолға шығайық.Баратын тағы басқа жерлеріміз бар.Аман сау болыңыздар!

Әжесі мен атасы: Сау бол айналайын.Жолыңдарың болсын.

Немересі: -Ата, әже сіздерді құттықтауға мектебіміздің биші(әнші) қыздары келе жатыр екен. Соларды алдарынан шығып  қарсы алайын.

(Немересі келген қонақтардың алдынан шығып қарсы алады)

Қонақтар(Жанна менАдемау): -Сәлеметсіздерме?Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Дендеріңіз сау,аман-есен болып ,немере-шөберелеріңіздің қызығын көруге Алла Тағала нәсіп етсін!

Атасы:- Аумин балам,айтқандарың келсін!

Әжесі: -Рахмет,құлындарым! Келгендерің жақсы болды,төрлетіңдер.Наурыз көже алыңдар,дастарханнан дәм алып отырыңдар.(Әжесі қонақтарға наурыз көжесінен құйып береді.)

Қонақтар: -Ата,әжей бізде сіздерді ұлыстың ұлы күнімен жәнеде атамыздың мерейтойымен құттықтап ,өз өнерлерімізді көрсетіп қайтуға әдейілеп келген едік.

Әжесі: -Бұларың өте дұрыс болған екен, балам.Ендеше өнерлеріңді тамашалайық.(Жанна ортаға шығып өз өнерін көрсетеді.Алғыстарын айтып қонақ қыздарды шығарып салады.)

Тентек немересі: -Ата НАУРЫЗҒА арнап батаңызды беріп жіберіңіз.(Әмин деп қолын жаяды)

Атасы:( Батасын береді)

Бай қылсын,                                          

Төрт түлік сай қылсын,

Кетпес дәулет берсін,

Отауыңа сәулет берсін.

Бастарыңа бақыт қонсын,

Дұшпандарың жоқ болсын.

Ризық, нәсібің тасып,

Көңілдерің тоқ болсын.

Туған балаларың ер жетіп,

Өсіп үлкен ел болсын,

Бақталасың кем болсын.

Дәулетің шалқып, сел болсын,

Дастарқаның кең болсын

Ұлыс күні құтты болсын,

Ақ кетпесін таңдайдан!

Ел іргесі мықты болсын,

Бақ кетпесін маңдайдан!

Аллаһу акпар!

Батадан кейін әжесі шашу шашады:

-Шашау,шашу шашу алыңыздар.Ескі жыл есірке,жаңа жыл жарылқа!Басымызға амандық,денімізге саулық,елімізде тыныштық болсын!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

(Көрініс аяқталған соң барлығы сахнаға шығып,бастарын иіп ізет білдіреді де сахнадан шығыды.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қанаш Қамзин атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлыстың ұлы қүні

«Көппен көрген ұлы той»

(Көрініс)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                 Әзірлеген: 

                                                                                  сынып оқушылары

                                                                                  Сынып жетекшісі:

                                                                                  Калемшарав Назира

 

 

 

 

 

 

 

 

2011-2012 о.ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Көппен көрген ұлы той» наурыз мерекеінің сценарийі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әрбір мереке кезінде кез келген сынып жетекшісі сол мерекеге оқушыларын жақсылап дайындау үшін алдын ала ізденіп, міндетті түрде қызықты және оқушылардың деңгейіне лайық сценарий іздейтіні ақиқат. мен де педагогикалық тәжірибемде осындай жағдайларға жиі кездесемін. Сол кезде мен оқушыларыммен бірге ойланып толғанып, көбнесе өзіміз сценарий құрастыруға кірісеміз... Осындай мерекелердің бірі "наурызда" "көппен көрген ұлы той " атты шағын көрініс ретінде сценарий құрдық және осы бойынша дайындалып оқушыларым жап-жақсы тартымды да қызықты көрініс көрсетіп, өз өнерлерін көрсетті. Сіздерге, яғни ұстаздарға бір керегі болып қалар деген оймен өз тәжірибеммен бөлісуді жөн көрдім. ұнап жатса өз пікірлеріңізді қалдыруларыңызды сұраймын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 590 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.10.2020 375
    • DOCX 20.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шоренкова Анастасия Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77503
    • Всего материалов: 234

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 718 человек из 71 региона

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе