Инфоурок Классному руководителю КонспектыКонспект занятия по самопознанию "ӨЗІМДІ ӨЗІМ ТАНУМЕН ӨСІП КЕЛЕМ" для 5 класса с казахским языком обучения

Конспект занятия по самопознанию "ӨЗІМДІ ӨЗІМ ТАНУМЕН ӨСІП КЕЛЕМ" для 5 класса с казахским языком обучения

Скачать материал

5 сынып                      

 

Тақырыбы: ӨЗІМДІ ӨЗІМ ТАНУМЕН ӨСІП КЕЛЕМ...

Мақсаты: оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- оқушылардың "Өзін-өзі тану" пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып, өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;

оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;

- әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін-өзі түсіну, өзін-өзі бағалай білу және өзін-өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру;

- өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі - халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.

 

ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ

Ж. Қалжанова


Өз-өзіңмен, балашым,

Жаның тапсын жарасым.

Теңдесі жоқ ешкімге,

Бұл өмірде дарасың.

 

Желден жүйрік көңіл күй,

Есті сөзді ойға түй.

Жылуына бөлеген,

Жаным, жарық күнді сүй.

 

Тарихты біл, тілді сүй,

Төрт түлігің - төлді сүй.

Орманды сүй, белді сүй,

Айдын шалқар көлді сүй.

 

Халқыңды сүй, елді сүй,

Ел басқарған ерді сүй.

Қасиетті мекенің –

Туып өскен жерді сүй...


Өлеңнің әнін білмеген жағдайда оқушыларға өлең жолдарын оқытып, өмірге келген әр балаға деген анасының тілектері: «өз-өзімен жарастықта болуы», «өмірдегі даралығы», «дана сөздерді Угына білуі», «өз тарихын, тілін, табиғатын, туған жерін сүйе білуі» сияқты талаптардың маңызы туралы ой қозғалады. Осындай ана тілектеріне сай болу үшін не істеу керек деген сұрақ төңірегінде әңгіме жүргізеді.

Ойын

«Таныс болайық».

Шаттық шеңберін одан әрі жалғастырып, «Таныс болайық» ойыны ойнатылады. Ойынды жүргізудің мақсаты - әр баланың өмірде өз жолы, өз тандыры, өз таңдауы бар екендігіне көңіл аудару. Ойынның шарты бойынша шеңберде тұрған әр бала өз есімін атайды да, оның немен байланысты қойылғаны жөнінде мәлімет береді. Мыс: Асыл есім жаны сұлу, таза, ақылды болсын; Болат - ер жүрек, қайратты, елін қорғайтын азамат болсын; Жібек - жаны нәзік, әдемі, сүйкімді болсын; Абай ұлы аңын сияқты данышпан, өнерлі, халқына сыйлы болсын т.е.с.

Әңгімелесу

Оқулықта «Ойланайық, әңгімелесейік» айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізіледі:

1. Біз "Өзін-өзі тану" пәнінен не үйрендік?

2. Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?

3. Өзін-өзі тануды «сарқылмас қазына» деуге бола ма? Неліктен?

Мәтінмен жұмыс

ТАНЫМ ТАҒЛЫМЫ

Аңыз әңгіме

• «Алыстан көруге үйренді» дегенді қалай түсінесіңдер?

• Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер? Неліктен?

• Қай данышпанның тағылымы табандылығына, болашақты болжауға үйретеді? Неліктен?

Жаңа ақпарат

Жаңа ақпарат нақтылы тұжырымдама жасау үшін беріледі. Оқулықта ұсынылған түйіндемені оқып. жетекші сұрақтар арқылы талдау жасалады.

«Өзін-өзі тану өмірдің мәнін түсінуге, қарым-қатынас жасау кезінде жақсы мен жаманды ажыратуға көмектеседі.

Өзін-өзі тануға үйрене отырып, адам өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді, жарастықта өмір сүруге талпынады. Ол адамдардың өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға, өз қабілеттерін шыңдауға көмектеседі».

Жаңа ақпаратпен танысу оқушылардың пікірін зерделеп, ол ізгілік жолын қалаған адам өзінің айналасындағы адамдарға жақсылық жасау, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету сияқты ізгі істерімен өзін де, өзгені де тәрбиелейді деген бағытта түйісуі керек.

Тапсырма

• Абай атамыздың «Өзіңнен өзің әр күн сайын есеп ал» деген сөзін қалай түсінесіңдер?

• Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?

Дәйексөз

Отырарлық ғұлама ғалым әл - Фарабидің адамның өзін-өзі тануы туралы «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді-өзің түсіну» деген нақыл сөзіне талдау жасалады. Таңдауда біреудің бойындағы кемшілікті көріп, ақыл айту оңай, адамның ең жақсы қасиеті - өз бойындағы кемшіліктерді өзі байқап, соны болдырмауға тырысу, адамның өзін-өзі түсінуі, түсіне отырып өзін-өзі тәрбиелеуі өмірлік үдеріс. Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі жемісті болады.

Түйіндеме

Оқулықта ұсынылған тұжырымдамаларға жеке-жеке талдау жасалады.

Тапсырма

Шығыс философы әл-Машанидың өлеңін оқып, даналыққа қол жеткізудің басты шарты - адамның өзін-өзі тануы деген бағытта әңгіме жүргізіледі. Өлеңді үйге жаттап келуге тапсыруға болады.

Адам - ғалам ғажайып жеке-дара,

Жан құмары - ізденген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң - істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Әл-Машани

Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген сауалнамалық сұрақтарды мұқият оқып, өз ойларын үйде жазып келу тапсырылады.

Жүректен жүрекке

МЕН ДЕ ӨСІП КЕЛЕМІН

Ә. Орманшина


Желдей жүйткіп жылдармен

Мен де өсіп келемін.

Отанымды сүйемін,

Қадірін оның білемін.

Мектепке де барамын,

Білімнің бойлап тереңін,

Үйренемін, ұғамын,

Өмірдің жинап керегін.

Керек болса көмегім,

Қол ұшымды беремін.

Адал туған Отанға

Ұлы болсам деп едім.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект занятия по самопознанию "ӨЗІМДІ ӨЗІМ ТАНУМЕН ӨСІП КЕЛЕМ" для 5 класса с казахским языком обучения"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: ӨЗІМДІ ӨЗІМ ТАНУМЕН ӨСІП КЕЛЕМ... Мақсаты: оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - оқушылардың "Өзін-өзі тану" пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып, өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру; оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту; - әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін-өзі түсіну, өзін-өзі бағалай білу және өзін-өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру; - өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі - халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 978 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2020 296
    • DOCX 34.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Михненко Ирина Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Михненко Ирина Александровна
    Михненко Ирина Александровна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83982
    • Всего материалов: 229

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек