- 01.10.2020
- 519
- 4
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: «Сөзбен танысайық. Сөздер мен дыбыстар»
Мақсаты: сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің бірнеше дыбыстан құралатынын, дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру. Жазуға қолын жаттықтыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқу іс-әрекетінің барысында орындалатын тапсырмалар арқылы ұжым болып жұмыс істеуге баулу.
Көрнекілігі: ойыншықтао, суреттер, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер.
Әрекет кезеңдері | Педагогтың іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру
| Оқу іс-әрекетінің барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері -Аспанымыз ашық болсын! -Еліміз тыныш болсын! -Шаңырағымыз биік болсын!
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ізденістер ұйымдастыру
| «Не естідің?» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын және балғаның дауысын тыңдатып, ненің дауысы екенін ажырату. -Сонымен, балалар, естіген дауыстарды тағы қалай айтуға болады? -Дыбыс. -Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: а-а-а деп, а дыбысын созып айтуға болады. Дауыс еркін шығады. Ал енді кейбір дыбыстардың айтылуы қысқа болады. Мысалы: д дыбысы. Кәне, бәріміз осы екі дыбысты жеке-жеке айтып көрейік.
Дыбысты естиміз. Дыбыстар 2-ге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардан сөз құралады. «Ана» деген сөзге дыбыстық талдау жасалады. Ана сөзі үш дыбыстан тұрады. «Кім көп біледі?» дидактикалық ойыны. Шарты: ойынның бірінші кезеңінде балалар дыбыстарды айтып жарысады. Екінші кезеңінде дыбыстардан сөз құрастырып айтады. Көп сөз құраған бала жеңімпаз атанады.
Әліппе дәптермен жұмыс. Дәптердегі суреттердің (зымыран, машина, автобус, қоян, түлкі, тоқылдақ, аю, қарлығаш, торғай, үтік, кресло, шкаф) аттарын айтқызып, әр сөзде қанша дыбыс бар екенін анықтау. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып сызу. Сөз құрату және дыбыстық талдау жасату. Мысалы: ара сөзі үш дыбыстан тұрады: а, р, а. |
Оқушылар аудиотаспадан дыбыстарды естіп, ажыратып айтады.
Балалар толық жауап береді.
Балалар а және д дыбысын айтады. А дыбысының еркін айтылатынын, ал д дыбысының өзін созып айта алмайтындарын, оны «ды» деп айтуға болмайтындығын айтады.
Балалардың өздері сөз құрайды.
Сұрақтарға толық жауап береді. |
Қорытынды | Сабақты бекіту. -Балалар, дыбыс деген не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді, ата? -Буын деген не? Бірнеше дыбыстардан не құралады? (Сөз) |
Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: дыбыс, дауысты(қызыл) және дауыссыз(көк) дыбыстар, буын, сөз туралы;
Болуы керек: есте сақтау қабілеттері жетілдіруде сөз туралы түсінік;
Баланың қолынан келуі: дыбыстық талдау жасап, сөз құрау және дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алу.
6 653 464 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Утегенова Айгерим Жаналиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72/108 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.