Тақырыбы: « Теңгеміз
жасасын!"
Мақсаты:
Білімділік: балаларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу
тарихы туралы айту.
Дамытушылық: балаларға теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға
көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай
жасау.
Тәрбиелік: өз елінің мәдени – экономикалық құндылықтарын құрметтеуге
үйрету, тәуелсіз еліміздің жан – жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет
етуге, азаматтық тәрбие беру.
Әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, тірек сызбаларымен жұмыс.
Көрнекілігі: Қ. Р. картасы, тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар.
Ұ.І.Ә барысы:
-Сәлеметсіңдерме балалар! Балалар бүгін тағы күлімдеп
жаңа күн атты және біздің тобымызба қонақтар келеді. Олай болса жаңа
күнмен амандасайық.
Шаттық
шеңберін ұйымдастыру.
Арайлап таң
атты,
Алтын сәуле таратты. Армысың,
қайырымды, аспан
ата!
Армысың, мейірімді, жер ана! Армысың,
менің балабақшам! Армысың, қадірлі қонақтар!
-Жарайсыңдар балалар, әрбір жаңа күн жақсылыққа толы болсын!
Тәрбиеші сұрақ қою, әңгімелету.
-Балалар Рәміздер дегеніміз не?
Жауабы: (Мемлекеттерді бір - бірінен ажыратып тұратын нышан - белгілер)
-Қазақстан Республикасының
елтаңбасының авторлары кімдер?
Жауабы: (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
-Қазақстан Республикасының туының авторы кім?
Жауабы: (Ш. Ниязбеков)
-Әнұранның авторларын ата
Жауабы: (Ж. Нәжміеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
Теңгенің шығу тарихы туралы
айту.
Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы
жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Харрисон»
атты фирмасы қолға алды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл
теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т, б суреттері салынды.
1 теңгеде – әл Фараби
3 теңгеде – Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
10 теңгеде – Шоқан
20 теңгеде – Абай
50 теңгеде – Әбілқайыр хан
100 теңгеде – Абылай хан
Қазіргі күні бұл қағаз ақшалар металл ақша түрлерімен ауыстырылды.
Жаңа ақша түрлері де енгізілуде. Тақтаға теңге түрлерін көрсету, тақтаға ілу.
Көрініс: «Ақша айырбастау және Несие алу бөлімі». Балалар шағын топтық
көрініс қояды.
Ойын ойнату: «Теңге алу»
Сергіту сәтңн орындату.
Қосыл, қосыл
шеңберге,
Нағыз адал дос
болып.
Қосыл, қосыл
шеңберге,
Ең сенімді дос
болып.
Қосыл қосыл,
шеңберге,
Ең зиянды дос
болып.
Қосыл,қосыл
шеңберге,
Ең мейірбан дос
болып.
Шығармашылық жұмыс. Балалар
теңге суреттерін салып, қиып жапсырады.
Қорытындылау. Сұрақтар қою.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.