Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: Бағасы. Саны. Құны.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларды бағасы, саны, құны ұғымдарымен таныстыру, осы шамалар арасындағы тәуелділікті меңгерту, суреттер және кестелердің көмегімен есептер құрастыруға үйрету. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын ояту, берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақ типі: Жаңа білімді енгізу.Сабақ түрі: Аралас сабақСабақ әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, ойын, шығармашылықКөрнекілігі: Интербелсенді тақта, кестелер, жұмбақтарБарысы: I.Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық дайындық: Терең ғылым сананың, Тегі деп ой салатын. Өте жақсы оқимыз, Математика сабағын.II.Үй тапсырмасын сұрау: Қабырғалары 6см және 4см болатын екі шаршы сыз. Периметрлерін есепте. Жауаптарын миллиметрмен өрнекте. ( Оқушыларға үй тапсырмасын оқытып, дәптерлерін тексеру) -Шаршы деген не? -Шаршының периметрін қалай табамыз? III.Жаңа сабақ: -Балалар, бір затты сатып алу үшін қайда барасыздар? -Дүкенде оларды сатып алу үшін не қажет? -Неге көңіл аударасыз? (бағасына, құнына, санына)Анықтама: -Баға – бір заттың бағасы (Бір заттың қанша тұратыны) -Сан – сол заттың саны (Сатып алынған заттың саны) -Құны – барлық затқа төленетін ақша -Олай болса, «Дүкенде» ойынын ойнайық 500 теңгеге не сатып ала аламыз? -Неше зат сатып алдың? -Қанша теіге қайтарып аласың? 2 – жаттығу: Әрқайсысы 5 теңге тұратын 4 кәмпит (6,7,8 кәмпит) сатып аласың, қанша ақша төлеу керек? Кестені қара және оны дәптеріңе толтыр. Бағасы Саны Құны 5 теңге 4 дана ? теңге 6 дана ? теңге 7 дана ? теңге 8 дана ? теңге Сатып алынған заттың құнын білу үшін, заттың бағасын оның санына көбейту керек. Қ = Б*С Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. -Сабақтың тақырыбын жазамыз -215 санын жазамыз -Неше таңбалы сан? Неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар? Кестеге қарай отырып, дәптеріңе өрнегін жаз. 5*4= 20(тг) 5*7=35(тг) 5*6=30(тг) 5*8=40(тг) 3. Егер сатып алынған затқа 24,32, 40, 48 теңге болса, бағасы 8 теңгеден неше кәмпит сатып алынған? Кестені толтыр. Бағасы Саны Құны 8 теңге ? дана 24 теңге ? дана 32 теңге ? дана 40 теңге ? дана 48 теңге Сатып алынған заттың санын білу үшін, онын құнын заттың бағасына бөлу керек. С = Қ:Б 4. егер 4 кәмпитке 20,28,36,32 теңге төленген болса, 1 кәмпиттің бағасы қанша? Бағасы Саны Құны ? теңге 20 теңге ? теңге 28 теңге ? теңге 32 теңге ? теңге 36 теңге Заттың бағасын білу үшін, оның құнын санына бөлу керек. Б = Қ:С Сергіту сәті: Аспанға қарап ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. 5. Кесте бойынша есептер құрастыр және шығар. Бағасы Саны Құны 9 теңге 3 дана ? теңге 5 теңге ? дана 30 теңге ? теңге 6 дана 48 теңге
6 663 982 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Жукова Оксана Михайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72/108/144 ч.
Курс повышения квалификации
36/72 ч.
Курс повышения квалификации
72/108 ч.
Мини-курс
8 ч.
Мини-курс
5 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.