Инфоурок Другое КонспектыСабақ жоспары Төлен Әбдіков "Қонақтар"

Сабақ жоспары Төлен Әбдіков "Қонақтар"

Скачать материал

Мерзімі:  05.04.2017ж

Сынып:  8 «Б», «Е»

Пән:   қазақ әдебиеті

Тақырып: Төлен Әбдіков «Қонақтар»

Мұғалім:  Р.А.Валиева

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ 1» картасы, БжС технологиясы.    63% -12 оқушы дұрыс жзауап беру

     Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту.

Жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі, шығармалары жайлы түсінік беру, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып, ата-ана мен бала қарым-қатынасы жайлы мағлұмат беру, оқушы сезімімен ұштастыру;
Дамытушылық – әңгіме жайлы түсінігін кеңейтіп, пікір алмастыра білуге үйрену, өмірмен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай білу, әсерін, пікірін білдіру;
Тәрбиелік – оқушыларды ата-ана алдындағы, туған жер, ел алдындағы парызын терең түсіне білуге баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру

І. Өткен тақырып бойынша сұрақтар

1. Төлеген Айбергенов қай жылы дүниеге келді? 1937ж

2. Т.Айбергенов қай жерде туған?Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде

3. Өлеңдері «Жас дәурен» жинағына қашан кірді? 1961ж

4. Өмірінің соңында қандай кітаптары жарық көрді? «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Аманат», «Құмдағы мұнаралар»
5. Анаға арналған өлеңдерін ата

6. «Төлеген жырларының халыққа жақындығы соншалық, оның өлеңдерін жатқа оқымайтын қазақ аз» кімнің сөзі? Ә.Кекілбаев

7. Төлеген Айбергенов қай ақынның қолында мәңгілікке көз жұмған? Мұқағали Мақатаев

8. Төлеген Айбергенов қашан дүниеден өтті? 1967жылдың 29 тамызында

9. Ташкенттің Низами атындағы пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін қай жылы бітірді? 1959ж

10. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалімдік қызметін қай жылдары атқарады? 1959-1962жж

11. Қандай естелік кітабы жарық көрді? «Біргемін мен сендермен»

12. Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,

      Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.

      Торғай-өлең шырылдап бара жатты,

      Аузында ажал дейтін сұрапылдың... өлең жырын кім жазған? М.Мақатаев

13. «Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен» деген өлең жолдары арқылы ақын нені айтқысы келеді?

14. Ана мен Аруана сезіміндегі ұқсастық қандай ?

15. «Аруана –бауыр дүние», «Көгілдір көлге алқынып ұшқан аққу» деген тіркестер туған жер тақырыбын қалай ашып тұр?

16.  Аруана оқиғасы жырланған тағы қандай шығарманы білесіңдер?

17. Өлең құрылысынан қандай өзгешелік байқадыңдар?

18. «Ана» өлеңінің тақырыбы не? /ана мен бала мәселесі туралы, ананы дәріптеу/

19. «Ана» өлеңінің идеясы не?  /ананы құрметтеуге, ана алдында бас июге шақырады/

20. «Ана» өлеңі неше шумақты? 6

ІІ. Тірек сөздер: Көкжиек, курорт, Сапабек, жатбауыр, алагеуім, көлегейлеу, қитар

ІІІ. Қарама-қарсы сұрақтар /280 беттен 285 бетке дейін 6 бет 24мин

1.Төлен Әбдіков қашан дүниеге келген? 1942 ж

2.Қай жерде туған? Қазіргі Қостанай облысы Женгелдин ауданында

3.Шығармашылық жолын қашан бастаған? 1960

4.Ең алғашқы жинағы қандай атпен жарық көрді? «Көкжиек»

5.Автордың прозалық шығармаларының тақырыбын қалай қарастыруға болады? 2 топқа бөліп

6.Автор шығармасына б/ты қандай көркем фильм түсірілген? «Өтелмеген парыз»

7. «Қонақтар» әңгімесінің тақырыбынан нені аңғаруға болады? Үлкен символикалық астар

8.Әңгіме мазмұнына арқау болған мәселе не? /әке мен бала арасындағы қарым-қатынас,ата-баба салтын ұмыту, қоғамда пайда болған өзгерістер, жатбауыр болған бала, тасбауыр тартқан немере, адамгершілік/

9.Автор қандай орден иегері? /Еуропалық алтын медаль,ҚР Мемлекеттік сыйлығы, Халықаралық Кафка орденінің иегері/

10.Ерғабыл қарт кімді күтті?

11.Кемпірінен не сұрады? /шақшасын/

12.Кемпірі не деп жауап берді? /Байғұс, қайдалайды да жүреді екенсің, қойған жеріңді ұмытып қаласың ба?/

13.Кемпірі төсегіне жантайып не деді? /басым сынып өлейін деп жатырмын, мазалай бермеші/

14.шалы көңілденіп не деді? /өлсең, Бағила кемпірді алып келемін/

15.Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған?

16.Әңгіме кейіпкерлерін ата. /Ерғабыл, Сапабек, Тома, Жеңіс/

17.Сапабек кім?

18.Келінінің есімі кім? Тома

19. Тақырыбы: адамгершілік мәселесі

20. Идеясы: баланың ата - ана алдындағы перзенттік парызы.

ІҮ. Сыни сұрақтар

1.Төлен Әбдіков 1943 жылы Алматы облысында дүниеге келген бе? /жоқ, 1942ж, Торғай облысы Жангелдин ауданында/

2.Шығармашылық жинағы ең алғаш «Көктем» деген атпен жарық көрді. /жоқ, «Көкжиек»/

3. «Өліара» романын Төлен Әбдіков жазған жоқ. /келіспеймін, Т. Ә жазған/

4.Сапабек қарт ата-анасын, туған жер тағдырын, баласының келешегін ойлап мазасызданады. /жоқ керісінше/

5.Ерғабыл қарт балаларын күтпейді.

6.Автор шығармашылық жолын 1970 ж бастайды /1960/

7.Автор шығармасына байланысты көркем фильм түсірілмеген

8.Кемпірінен мәсісінің қайда екенін сұрайды

9. «Қонақтар» әңгімесінің идеясы қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздік

10. Ерғабыл қарттың баласының есімі Сабыржан

11. Әңгімеде қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі қалай суреттелген?

12. Қарттың алдағы үміті кімде деп ойлайсың?

13. Шетелден келген туыстары болғандықтан әңгіме «Қонақтар» деп аталады

14. Ата-ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіз

15.Сапабек ата-анасына айтқан күні келді ме?

16. Әңгімеде қолданылған дисфемизмдерді ата /алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып/

17. Немересінің есімі Жомарт  /Жеңіс/

18.Баласы келген сәтте Ерғабыл орнынан ұшып түрегелді

19. Әңгімеде монолог кездесе ме

20. Диалог деген не

Ү. Тақырыптық сөздік қор 63 сөз жазу

Үйге тапсырма әңгімені аяғына дейін оқып әңгіменің композициялық құрылымын құрып келу

БАҒАЛАУ

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары Төлен Әбдіков "Қонақтар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 167 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2017 6173
    • DOCX 20.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Валиева Райхан Ашингазиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Валиева Райхан Ашингазиновна
    Валиева Райхан Ашингазиновна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6266
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой