Инфоурок Биология КонспектыКонспект урока на тему: «ЖИТС- ғасыр дерті»

Конспект урока на тему: «ЖИТС- ғасыр дерті»

Скачать материал

Сыныбы: 10 «а»

Мерзімі: 26.11.2015ж

Тақырыбы:  «ЖИТС- ғасыр  дерті»  

Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, сөздік, сұрақ-жауап, көрнекілік, «екі жақты күнделік», эссе.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, ЖИТС туралы суреттер және қанатты сөздер.

Күтілетін нәтиже: АИТВ/ЖИТС пайда болу тарихы, берілу жолдары және алдын алу туралы біледі.

Ассоциация құру «Қоғамдағы жат қылықтар»

Ой қозғау. (Оқушыларға сұрақтар қою)

-ЖИТС деген не?

-АИТВ деген не?

“Дені сау халық бай халық,

 халқының дені сау болып тұрса,

 мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз”

Н.Ә.Назарбаев       

           Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан - 2030» стратегиясында  халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 2 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.

-Нашақорлықпен наркобизнеске қарсы күрес;

-Темекі және алкогольді тұтынуды қысқарту.

Жоспар:

І.ЖИТС туралы ресурстармен жұмыс

1.АИТВ/ЖИТС туралы

             2. АИТВ-ның пайда болу тарихы

           3. Берілу жолдары. АИТВ-инфекциясының алдын алу

ІІ. Тығырықтан шығар жол қайсы?

ІІІ. “Екі жақты күнделік” (Нашақорлық туралы бейнебаян бойынша топтың пікірі )

ІV. “Сауаттылық-салауаттылыққа жеткізер жол” (мақал-мәтел жалғасын табу)

V. “Болашағыңды ойла” эссе жазу

VІ. “Салауатты өмір салты” топтастыру

І топ: АИТВ/ЖИТС туралы

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — бұл АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі ағзаны ісікті жасушалар мен патогендерді теңестіріп және жоя отырып адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

АИТВ адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.

АИТВ инфекциясы қалай білінеді?

Иммун тапшылығы вирусы шамамен 3-6 апта ұзақтыққа созылатын инкубациялық кезеңге ие. Бұл уақыт өткеннен кейін 50-70% жағдайда келесідей белгілермен жүретін өткір мазасыздық фазасы басталады:

  • дене қызуының көтерілуі (көбінесе кемінде 37,5°С)
  • тамақтағы ауыру
  • буындардағы, бұлшықеттердегі ауыру
  • бас ауыруы
  • ұйқышылдық, жалпы әлсіздену, тәбеттің қашуы
  • лимфа  түйіндерінің үлкеюі
  • жүрек айну, іш өту, құсу
  • тері бөртпелері, шырыштардың зақымдалуы
  • ұйыма менингит (өте сирек)

Айрықшаланбайтын және 1-2 аптада (өткір мазасыздық фазасы қанша уақыт болатындығы науқастың иммун жағдайына байланысты болады) өтіп кететін АИТВ-инфекциясының алғашқы белгілері мен қарапайым суық тиюді шатастырып алу оңай.

ЖИТС-тың пайда болу белгілері

Ереже бойынша, жұқтырудан соң 1-3 ай өткеннен кейін ағзада АИТВ-ға антиденелер түзіледі, нәтижесінде ауру белгілерсіз болады. Кейде бұл кезең 10 жылға дейін созылуы мүмкін, ал кейбір науқастарда бұл фаза тіптен болмайды.  

Көп жағдайда ЖИТС-тың бірінші белгілері өкпенің зақымдалуымен, Капош саркомының дамуымен, тері мен шырышты қабықтардың саңырауқұлақты зақымдалуымен, кандидоздармен, пневмоцистік пневмониямен және ұзақ мазасыдықпен білінеді.    

10% жағдайда АИТВ-инфекциясы бірден өтеді де, сәйкесінше, ЖИТС тез байқалады — ереже бойынша, жұқтырғаннан кейін бірнеше аптадан соң науқастың жағдайы жылдам нашарлай түседі.

ІІ топ: АИТВ-ның пайда болу тарихы

1980ж. Атлантада (АҚШ) өкпе қабынуы диагнозымен ауруханаға түскен бес жас жігіттегі (29–36 жас) ЖИТС ауруымен дәрігерлер алғаш таныс болды. Науқастар еркектермен қатынаста (ЕЕ) болған және инъекциялық есірткі қабылдаушылар (ИЕҚ) қатарына жатқызылған.1981 жылдың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 20 мемлекетте ЖИТС індетінің бар екендігі туралы хабарлаған, 1983 жылдан бастап аурудың таралуы туралы, содан соң ЖИТС пандемиясы туралы айтыла бастады. 1981 жыл — ЖИТС жаңа жұқпалы ауруының ресми жарияланған жылы.

Аурудың пайда болуы туралы сұрақтар бойынша ғалымдар әр түрлі пікірде. Біреулері — ЖИТС бұрын пайда болған, ол біздің жасушаларымызда «отырып» келген, ал ауру анықталмаған десе, екінші біреулері — мүлде басқа пікірде.

Л. Монтанье мен Р. Гало (1983ж.) — ЖИТС қоздырушысын алғаш анықтаған ғалымдар. Олардың ойынша, вирус жабық қауымдастықта ондаған, жүздеген жылдар бойы өмір сүрген, сол кезеңдердегі адамдардың қарым-қатынасу аясы өте шағын болғандықтан, вирустың таралуына мүмкіндік болмаған. Адамдардың өмір сүру деңгейінің өзгеруі, олардың қарқынды көшуінің және «сексуалды революция», есірткі қолдану сияқты жағдайлар вирустың шапшаң таралуына түрткі болды.

Жаңа заман ғалымдарының зерттеулері бойынша, ЖИТС ауру ретінде 1950–1970жж. пайда болуы мүмкін, яғни бұл індет адам үшін жаңа, біздің заманымызда пайда болған дейді. Бұл мәліметтер АҚШ-тың Ауруларды қадағалау орталығының 1950–1986жж. аралығындағы кезеңде сақталынған медициналық құжаттарының негізінде айтылып отыр.

ЖИТС індетінің пайда болу ошағы әлі анықталған жоқ, қазіргі таңда ол талас тудыратын мәселе болып тұр. Ғалымдардың бір тобы — вирус Орталық Африкада пайда болған десе, екінші біреулері — АҚШ, басқалары – Гаити аралдарында деген тұжырым жасауда.

В. М. Жданов — ресей вирусологы, ЖИТС індетінің Африкада пайда болуы тұжырымын қолдайды, бірақ ауру ерте заманда болғандығын алға тартады. Аурудың алғашқы белгілерінің білінуі жұмыс саудасы кездерінде байқала бастаған. Көптеген ғалымдар ЖИТС вирусының пайда болуы туралы мәселелері әлі өз шешімін тапқан жоқ деп есептейді. Осы сұрақтарбойынша бірнеше нұсқаулар бар. Ғалымдардың бір бөлігі, бұл вирус адамдарға африкалық жасыл маймылдардан, қатынаста, тамақ арқылы жұққандығын қолдауда. Маймыл етін бөлшектеу кезінде аңшы қолын жаралып алып, содан вирус жұғуы мүмкін. Содан соң ол жыныстық қатынаста болған адамдарға жұғып, солай адам қоғамында індет жайылған деген болжамдар айтылуда.

Бірақ жапон ғалымдары зерттеушілердің бұл ойларымен келіспей отыр. Олар адам ағзасында пайда болған вирус пен маймылдағы вирус — екеуі екі түрлі топқа жататын вирус екендігін мәлімдейді.

Тіпті кейбір ғалымдар, ЖИТС вирусын — жануарлардағы лентивирустар мен онковирустардың генетикалық гибридизациялануының нәтижесі деп атап көрсетті.

ІІІ топ: Берілу жолдары

АИТВ-ның берілу жолының үш түрі бар:

  • жыныстық — гетеросексуальды және гомосексуальды қатынастар кезінде
  • парентеральды  — қанмен және оның құрауыштарымен шырышты қабықтың, терінің тұтастығы бұзылған жағдайда
  • перинатальды — анадан балаға — босануға дейін, босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңдерде

Жыныстық жолмен берілуі

Сақтану шараларынсыз (яғни, презервативсіз) өткен жыныстық қатынас дені сау серіктесіне індетті жұқтыру қауіпін тудырады. Жұқтыру қаупінің деңгейі, оның ішінде жыныстық жолмен берілетін басқа инфекцияларды қосқанда, жұқтырмаған серіктесінің жынысы және жасы, жыныстық актінің әдісі, жұқтырылған серіктесі ауруының кезеңіне сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.

Вирустың қан арқылы берілуі (парентеральді жол)

Егер жұқтырылған адам қанының жұғындысы бар аспаппен тері қабаты тұтастығын пісіп алған жағдайда жұғады. Ол инені, шприцтерді, сақал қырғышты қолдану кезінде, таңба енгізу барысында болуы мүмкін. Кез — келген стерилизациядан өткізбеген піскіш аспаптарды қолданған жағдайда, олар жұқтыру құралы болуы мүмкін. Жұқтырудың бұл жолы иньекциялық есірткіні тұтынушылар (ИЕТ) үшін және кем дегенде бір рет есірткіні тамыр арқылы «лас» шприцпен енгізген жағдайда жұқтырудың жетекші жолы болып табылады. Сол сияқты ИЕТ ретсіз жыныстық қатынастарға түсе береді, есірткі қабылдайтын көп қыздар коммерциялық секс жұмыскерлері (СЖ) болып табылады. Одан басқа, ИЕТ сақтану құралдарын-презервативті құптамайды. Осының барлығы ЖИТС-ты жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді және тұрғындардың басқа да бөліктерінің арасында АИТВ-ның таралуын күшейтеді.

Вирустың анадан балаға берілуі (перинатальды жол)

Вирустың берілуі анадан балаға жүктілік, босану (ана қаны арқылы жұғу) және көкіректен тамақтандыру кезінде (жұқтырған анадан дені сау балаға көкірек сүті арқылы да, жұқтырған баладан дені сау анаға көкірегін тістеу кезінде де) орын алады.

Негізінен жүкті әйелдер есірткіні еккеннен кейін, жиі жыныстық жолмен және көп жағдайда жүктілік басталғанша жұқтыруы мүмкін.

АИТВ қалай берілмейді?

  • қол алысқанда
  • жөтелгенде, түшкіргенде
  • бассейн, монша, әжетханаға барғанда
  • жәндіктер шағып алғанда
  • достық сүйісулер арқылы
  • ыдыс, киім, төсек әбзелдері арқылы
  • үй жануарларымен қарым-қатынаста
  • азық-түлік арқылы

1.      АИТВ-инфекциясының алдын алу

Бүгінгі таңда АИТВ-жұқпасымен күресу — аса қауіпті аурумен күресудің пәрменді шараларының бірі. Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні тез арада жасап шығару үшін қолдарынан келген мүмкіндіктерді жасауда. Бұл салада біршама жетістіктер бар, бірақ ауруға қарсы нақты екпе табылған жоқ. Сол себепті АИТВ-ның алдын алу–инфекциядан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы және оның нәтижесі әрбір адамның мінез-құлқына байланысты болады.

АИТВ-ның алдын алу жолындағы ең маңызды бағыттардың бірі — АИТВ-жұқпасының тігінен берілу жолының алдын алу, яғни адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушы болып табылатын жүкті әйелдерге профилактикалық курстардан өту. Бұл терапия жатыр ішінде балаға жұқтыру қаупін мүмкіндігінше төмендетуге бағытталады. Табиғи босану жолдарын алмастырушы ішті жарып алу әдісі, жұқтырылған анадан туылған нәрестені жасанды тамақтандыру – бұлардың барлығы АИТВ-ның алдын алу жолдарының әдістері.

Жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ-ны жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы екенін есте сақтау қажет.

ІІ.Тығырықтан шығар жол қайсы?

1-топ: Сіз өте жақсы көретін досыңыздың аузынан темекі иісі шығатынын бір-екі рет байқадыңыз. Ол сізді сезеді деп ойлаған жоқ. Ата-анасына айтайын десеңіз олар маскүнем. Ұстазыңызға айтайын десеңіз, досыңыздың көңілін қимайсыз. Сіз досыңызды қалай құтқарар едіңіз?

2-топ: Сіздер  құрбыларыңызбен  көшеде келе жатырсыздар. Алдарыңызда спирттік ішімдік  ішкен   бір топ  жігіттер  шығып, сіздерді  машинамен  жеткізіп  тастауды  ұсынды. Сіз  не істейсіз?

 3-топ: Сіз  досыңыздың  есірткі пайдаланатынын  кездейсоқ білдіңіз. Сіздің  әрекетіңіз? Досыңызға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

Нашақорлық  туралы бейнекөрініс /5-мин/

 ІІІ. «Екі жақты күнделік»

 

Бейнебаянда мен мынаған назар аудардым

 

Менің пікірім

 

 

 

ІV. “Сауаттылық-салауаттылыққа жеткізер жол” (мақал-мәтел жалғасын табу)

І топ:

1.Бас аманда мал тәтті, (Бас ауырса жан тәтті.)

2.Жарлының байлығы-(денінің саулығы.)

3.Қай жерің ауырса, (жаның сол жерде.)

ІІ топ:

1.Денсаулықтың қадірін, (ауырғанда білерсің.)

2.Ауру астан, (дау қарындастан)

3.Ауруын жасырған (өледі)

ІІІ топ:

1.Дені сау адам, (дәулетті адам)

2.Ішің ауырса,( аузыңды тый)

Көзің ауырса, (қолыңды тый)

3.Ауруы жоқтың , (бағы бар)

V. “Болашағыңды ойла” эссе жазу

VІ. “Салауатты өмір салты” топтастыру

 

Қорыта  айтқанда  әр  оқушы аурудың  алдын  алу  үшін  ауырмай тұрып,  ауырмайтын  жол  іздеу керек.  Салауатты өмір  салтын  ұстану,  жеке  бастың  тазалығын  сақтау  арқылы айналасындағыларға  дерттің  алдын  алуға  мүмкіндік  жасайды.  21-ғасыр  даму  ғасыры. Адамға  денсаулық  1-ақ рет  беріледі.  Ол  өзінен-өзі  жақсармайды.  Оны  үнемі  күте  білу  керек.   Ауруды  жұқтырмау  өз  қолымызда,  «Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын  жол  іздейік!»

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока на тему: «ЖИТС- ғасыр дерті»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — бұл АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі ағзаны ісікті жасушалар мен патогендерді теңестіріп және жоя отырып адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.АИТВ адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.08.2020 449
    • DOCX 1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кирпиченко Ольга Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кирпиченко Ольга Владимировна
    Кирпиченко Ольга Владимировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86187
    • Всего материалов: 214

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта «Точки роста»: преподавание генетики на углублённом уровне ООО и СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 142 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек