Инфоурок Всеобщая история КонспектыКонспект урока "Дүниетанымның құрылымы."

Конспект урока "Дүниетанымның құрылымы."

Скачать материал

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

      Пән аты: Қоғамтану

      Оқытушы Р. Ошақбай  

      Сабақтың тақырыбы: Дүниетанымның құрылымы.

      Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту.

      Оқыту  әдісі:  Түсіндіру, әңгімелесу, пікір алмасуды түйінді мәселе қою арқылы жүргізу.

      Пәнаралық байланыс: Философия , әлеуметтану.

 

      Сабақтың мақсаты.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, студенттердің ойлау қабілетін дамыту.

1.Білімділік: Студенттерге дүниетаным, оның құрылымы жайында айту.

 

 2.Тәрбиелік:  Тақырып мазмұны арқылы студенттерді еңбексүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

      3.Дамытушылық:  Студенттердің ойларын жетік жеткізуге, өз ой-пікірлерін емін-еркін айтуларын дамыту.

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: Оқулықтар, тірек- сызба, жаттығу жиынтығы, бүктемелер.

 

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1. Сәлемдесу.

2. Түгелдеу.

3. Сабаққа назарын аудару.

 

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

Ауызша сабақ сұрау.     

Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты бекіту.

     Тексеру әдісі: Кеспе қағаздар және ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

1.Дүниетанымның анықтамасы.

2.Дүниетанымның типтері.

Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі.Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді.

Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.

Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.

Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі.

Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі.

Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, ғылыми, көркем, философиялық, күнделікті-қарапайым дүниетаным). Мифология – қоғамдық сананың формасы, ежелгі қоғамның дүниеге деген көзқарасы, қоршаған ортаны фантастикалық, реалистік тұрғыда қабылдау. Мифологияның белгілері:

-табиғатқа адам бейнесін беру;

-қиял-ғажайып құдйлардың өмір сүруі, олардың адамдармен қатынасы және өзара әрекетке түсуі;

-абстрактілі ойлауды жоққа шығару;

-нақтылы өмірлік мәселелерді шешуге ұмтылу;

-мифологиядық сюжеттердің (көріністердің) біркелкілігі мен үстірттігі.

Діни–нанымға негізделген, адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға әсер ететін жоғары күш бар екендігін мойындайтын дүниеге көзқарас. Дүниеге көзқарастың барысында адам қоршаған ортаны рационалдық түрде емес сезімдік, бейнелі-эмоциональдық түрде қабылдайды. Дін мифология қарастырған мәселені де қарастырады.

Діннің функциялары:

-біріктіруші-идеялар мүддесі үшін қоғамды бейімдеу;

-мәдени-белгілі бір мәдениеттің талалуына жағдай жасайды, мәдениетке ықпал етеді;

-парасатты-тәрбиелік жақындарына деген сүйіспеншілік, күйзелу, тазалық, төзімділік, парыз, адамгершілік.

Философиялық  - дүниеге көзқарастың ерекше, ғылыми-теоретикалық типі. Философия көзқарастың жоғары деңгейі. Ол рациональдылығымен,  жүйелілігімен, логикалығымен және теориялығымен еркшеленеді. Философияның дүниеге көзқарас ретіндегі негізгі даму сатылары:

космоцентризм-қоршаған ортаны,

табиғаттағы құбылыстарды құдіретті,

шексіз жоғары тұрған тылсым күш-ғарыш арқылы түсіндіреді.

Материяны алғашқы деп танитындар материалистерге, ал сананы алғашқы дейтіндер идеалистерге жатады. Материалистерге жататындар: ертедегі дүниеден-Демокрит, Эпикур, Кар; орта ғасырдан-номинадистер; жаңа дәуірден Бэкон, Декарт, Гельвеций т.б. Идеалистерге жататындар: ертедегі дүниеден Сократ, Платон, Аристотель; орта ғасырдан-реалистер, жаңа дәуірден Беркли, Кант, Гегель, Соловьев т.б. Ал енді сол материаличтер мен идеалистер де біркелкі емес. Олар да толып жатқан мектептерге, бағыттарға бөлінеді. Философияның негізгі мәселелерінің екінші жағы-біздің дүниеге қатынасымыз. Оны танып-білуге болама деген сауал. Бұл жөнінде де философтар екі бағытқа бөлінеді. Біреулері дүниені тануға, білуге болады десе, екіншілері дүниені танып, білуге болмайды дейді.

ІV.Жаңа  материалды  бекіту: (қойылған  сұрақтар мен тапсырмалар).

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.

  1. Дүниетаным туралы анықтаманы есте сақтаңдар.
  2. Негізгі дүниетанымдық сұрақтарды атап, оларға өздерің жауап беріп көріңдер.
  3. Дүниетанымның философиялық түрінің пайда болуы мен дамуы неге байланысты болды?
  4. Дүниені түсінудің дүниені сезінуден және қабылдаудан қандай айырмашылығы бар?
  5. Дүниетанымның қандай деңгейлері бар, олар бір-бірінен несімен ажыратылады?
  6. Адамдардың өмірлік қызметіндегі дүниетанымның рөлі қандай?

 

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

  Сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды орындаған студенттерге баға қою.

 

Үй тапсырмасы:

Дүниетанымның типтері.

 

 

Оқытушының қолы _______________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Р. Ошақбай  

Сабақтың тақырыбы: Дүниетанымның тарихи типтері. Дүниетанымның ерекшеліктері.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Оқыту  әдісі:  Түсіндіру, әңгімелесу, пікір алысуды  түйінді мәселе қою арқылы жүргізу                                 Пәнаралық байланыс: Философия , әлеуметтану, саясаттану.

 

      Сабақтың мақсаты.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға дүниетанымның тарихи үлгілерімен таныстыру.

 

1.Білімділік: Адам өмірінде маңызды орын алатын дүниетанымның типтері туралы мағлұмат беру.

 

 2.Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.

 

 3.Дамытушылық:  Дүниетанымдық білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

 

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: Оқулықтар,тірек- сызба, жаттығу жиынтығы.

 

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1. Сәлемдесу.

2. Түгелдеу.

3. Сабаққа назарын аудару.

 

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

Ауызша сабақ сұрау.     

Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты бекіту.

 

     Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

 

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

Дүниетанымның тарихи типтерi:мифология, дiн және философия.

1.      Мифология –адамзаттың рухани мәдениетiнiң ең көне формасы. Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғанын түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттың құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi). Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.Мифтердiң дiннен айырмашылығы сенiмге ғана емес, ақыл –ойғада,парасаттылыққа да сүйену.

2.      Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер — индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi.

3.      Философия(б.д.д.6-5ғғ) Үндiстанда,Қытайда,Мысырда,Грек елiнде пайда болды.Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы,математигi Пифагор,ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады: философия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.

 

Буддизм, ғылым, ислам, «даналыққа құштарлық», амон-ра, кентавр, тотемизм, Арес, метафизика, Геракл, Пифагор, анимизм, математика, индуизм, Аристотель, Марс, Зевс, христиан, Ромул мен Рем, фетишизм.

Дүниетанымның мәні және онын түрлері, типтері, қызметтері
Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру — тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.


Дүниетанымның тарихи типтерi:мифология, дiн және философия.

ІV.Жаңа  материалды  бекіту: (қойылған  сұрақтар мен тапсырмалар).

 

Буддизм, ғылым, ислам, «даналыққа құштарлық», амон-ра, кентавр, тотемизм, Арес, метафизика, Геракл, Пифагор, анимизм, математика, индуизм, Аристотель, Марс, Зевс, христиан, Ромул мен Рем, фетишизм.

 

Мифология

Дін

Философия

 

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

 

Үй тапсырмасы:

     Дүниетанымның тарихи үлгілері

 

Оқытушының қолы ____________________

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Адамның танымдық көзқарасы.

Сабақтың типі: Ізденіс сабағы

Оқыту  әдісі:  жаңа материалды меңгеру;  біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау.

Пәнаралық байланыс: Философия , әлеуметтану, саясаттану.

 

      Сабақтың мақсаты.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға дүниетанымның тарихи үлгілерімен таныстыру.

 

1.Білімділік: Оқушыларға Адамның проблемасы, адамның сипаты туралы жүйелі білім беру    

 2.Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 

 3.Дамытушылық:  Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

 

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: Оқулықтар, слайд.

 

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

 

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

 

     Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

Адамның танымдық қызметі. Адамзат жаңа білімдерді иеленуге әрқашан да ұмтылғаны белгілі. Болмыс құпияларын меңгеру жолында адамзат зерденің шығармашылық белсенділігінің жоғары ұмтылыстарын көрсете білді. Өзінің мыңжылдықтар бойғы дамуында ол әртүрлі құбылыстардың мәніне жан-жақты әрі терең үңілудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің сансыз көп қасиеттері және заңдары ашылды, талай рет дүниенің суреттемесі өзгерді. Қазіргі уақытта адамзат білімі аса бай әрі күрделі жүйені құрайды. Оның осы қазынасының ұрпақтан-ұрпаққа, бір халықтан екінші халыққа таралуы мәдени тұрғыда жүзеге асырылуда.
Философтардың барлығы да таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғайды.
Гносеология – айнала дүниені тану туралы философиялық пән. Таным теориясы мен гносеология(грек. gnosis – білім, таным), - философиямен бірге оның іргелі бөлімі ретінде пайда болып қалыптасты. Ол адам танымының табиғатын, білімнің формалары мен түрін тереңнен бойлау әдістерін зерттейді.
Таным теориясының негізгі ұғымдары. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға “таным субъектісі” мен “таным объектісі”, “білім”, “таным” жатады.
Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол – бірдеңені танып білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет неге бағытталған болса, соны айтамыз. Демек, ол – танылушы, мысалы: молекула, атом, адам, тұтас табиғат. Таным объектісі материалдық және рухани құбылыстар, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.

Адамның танымдық қызметі. Адамзат жаңа білімдерді иеленуге әрқашан да ұмтылғаны белгілі. Болмыс құпияларын меңгеру жолында адамзат зерденің шығармашылық белсенділігінің жоғары ұмтылыстарын көрсете білді. Өзінің мыңжылдықтар бойғы дамуында ол әртүрлі құбылыстардың мәніне жан-жақты әрі терең үңілудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің сансыз көп қасиеттері және заңдары ашылды, талай рет дүниенің суреттемесі өзгерді. Қазіргі уақытта адамзат білімі аса бай әрі күрделі жүйені құрайды. Оның осы қазынасының ұрпақтан-ұрпаққа, бір халықтан екінші халыққа таралуы мәдени тұрғыда жүзеге асырылуда.

Философтардың барлығы да таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғайды.Гносеология – айнала дүниені тану туралы философиялық пән. Таным теориясы мен гносеология(грек. gnosis – білім, таным), - философиямен бірге оның іргелі бөлімі ретінде пайда болып қалыптасты. Ол адам танымының табиғатын, білімнің формалары мен түрін тереңнен бойлау әдістерін зерттейді. Таным теориясының негізгі ұғымдары. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға “таным субъектісі” мен “таным объектісі”, “білім”, “таным” жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол – бірдеңені танып білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет неге бағытталған болса, соны айтамыз. Демек, ол – танылушы, мысалы: молекула, атом, адам, тұтас табиғат. Таным объектісі материалдық және рухани құбылыстар, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.

Ежелгі замандардан адамды қоршаған орта, дүние, ғалам туралы ойлар толғандырған. Осыдан адам дүниені танып біле ала ма деген сұрақ туындайды. Таным деп біз адамның қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда дамып отырады. Дүниетанудағы негізгі мақсат - зерттелетін заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, білу. Білім -әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі. Демек, танымды күрделі үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.

Танымның практикалық табиғаты. Практика (грек сөзі, белсенділік, іс-әрекет) ұғымы айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді. Танымның негізгі мақсаты тек қана білімді жетілдіру емес, сонымен қатар әрқашан өзгерісте болатын қоғам мен адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуде болады.

Таным құрылымы - өте күрделі үрдіс, ол сезімдік және рационалдық болып бөлінеді. Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау және елестету болады. Айнала қоршаған дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты.

Енді теориялықбілімнің құрылымынакелер болсақ, оларға проблема(мәселе), гипотеза(болжау), теория, заңдыжатқызуға болады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақтар:

Адамның танымдық көзқарасы

Таным дегеніміз не?

Гносеология  дегеніміз не?

 Танымның практикалық табиғаты.

Таным құрылымы

Танымдағы ақиқат мәселесі.

 Таным деңгейлері мен әдістер.

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

1.      Адамның және жануарлардың бойындағы биологиялық нышандарды салыстырыңдар.

2.      Адамның бойындағы әлеуметтік нышандарға сипаттама беріңдер.

 

Үй тапсырмасы:    Адам мәселесі.  Таным деңгейлері мен әдістер.

 

 

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Ғылыми танымның жалпы қағидалары мен әдістері. Еркіндік және жауапкершілік

Сабақтың типі: Топтық ізденіс сабағы

Оқыту  әдісі:  жаңа материалды меңгеру;  біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау.

Пәнаралық байланыс: Философия , әлеуметтану, саясаттану.

 

      Сабақтың мақсаты.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға дүниетанымның тарихи үлгілерімен таныстыру.

 

1.Білімділік: Оқушыларға Адамның проблемасы, адамның сипаты туралы жүйелі білім беру    

 2.Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 

 3.Дамытушылық:  Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

 

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: Оқулықтар, слайд, интерактивті тақта.

 

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

 

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

 

     Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар: жеке, жалпы ғылыми және жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді. Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек. Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.

 Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері.

Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.

Танымның жалпы логикалық әдістері

Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру — объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты. Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді. Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады. Индукция ойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады. Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті. Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек.

Жауапкершілік барлық құқық   қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық   құқықтық қатынастың негізгі бөлігін   міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік   жөніндегі мәселе міндеттемелік  құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе   міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік   өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады. 

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақтар:

Ғылыми танымның жалпы ұстанымдары мен әдістері

Танымның жалпы логикалық әдістері

Индукця, дедукця дегеніміз не

Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді, аныктама берініз.

Еркіндік және жауапкершілік

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі

Саясатта еркіндік мәселесі

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері.

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Инсерт әдісі арқылы бағалау.

 

Үй тапсырмасы:    Адам мәселесі.

 

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Қоғам әлеуметтік жүйе. Әлеуметтану негіздері.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Оқыту  әдісі:  жаңа материалды меңгеру;  біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау.

Пәнаралық байланыс: Тарих , әлеуметтану, философия.

 

      Сабақтың мақсаты.

Проблемалық оқыту технологиясы.

 

Сабақтың мақсаты: Студенттерге әлеуметтік жүйе және әлеуметтану туралы түсінік беру.

1.Білімділік: Қоғам әлеуметтік жүйе туралы мағлумат беру және білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

 

 2.Тәрбиелік: Студенттерге өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 

 3.Дамытушылық:  Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

 

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: Оқулықтар, слайд, интерактивті тақта.

 

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

 

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

 

     Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

Әлеуметтік топтар, қатынастар

Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;

2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;

3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...

Негізгі ұғымдар: Қоғам, әлеуметтік жүйе, қоғамның типтері, социологиялық ақиқат.

1.Қоғамның жүйелік ұғымдары мен принциптері.

2.Қоғамның типтері, белгілер және даму заңдары.

3.Қоғамдық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар, қоғамның қызметі.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

 

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Инсерт әдісі арқылы бағалау.

Үй тапсырмасы:    Қоғамның типтері, белгілер және даму заңдары.

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтік статусы.

Сабақтың типі: Топтық ізденіс сабағы

Оқыту  әдісі:  жаңа материалды меңгеру;  біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау.

Пәнаралық байланыс: Әлеуметтану, саясаттану.

 

      Сабақтың мақсаты.

Сабақтың мақсаты: Жеке адамның қалыптасу процесіне әсер ететін факторларды атап беру.

1.Білімділік: Әлеуметтік факторлардың тұлғаға әсері туралы түсінік беру, құрылу жолдарына тоқталу.

 2.Тәрбиелік: Қазіргі заманға сай заманауи азамат тәрбиелеу. 

 

 3.Дамытушылық: Әлеуметтік білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: Оқулықтар, слайд, интерактивті тақта.

 

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару


II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

1. Әлеуметтік стратификация ұғымы
2. К.Маркс бойынша таптарға бөлу


     Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

 

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

1.Тұлға туралы теориялар.

2. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер.

Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.

 

Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.

 

Осындай қызметтердің маңызы, мәнді жақтары «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус» ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері.

 

Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белігілі бір қызметін атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдері бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.

 

Әлеуметтңк рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға боладф. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік тәртіп стандартын игеріп, меңгереді,өзін өзі бағалап, бақылауды іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-қатынастарға еніп, әр түрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда, «мендігін» сақтау үшін белгілі бір шартты қажет етеді. Бұл оның өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау үшін керек. Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт ретінде болады.

 

Осы тетік өзі орталық қызмет атқарушы орган болып, өзінің «мені» атқаратын қызметімен біріктіріледі, өзінің іс-әрекетіне адамгершілік баға беріп, оны іске асырады, өзінің орнын тек қана бір әлеуметтік топтан іздеп қоймай, сонымен қатар өмір сүрудің мақсатын білу үшін екінші бір құбылыстардың мәнін, мақсатын білуге ұмтылады.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту.

 

«Оқушыға тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік факторлардың» тағы қандай түрлерін қосуға болатыны жайлы дискуссия құру.

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Сабаққа қатысқан  студенттерді бағалау.

Үй тапсырмасы:   

Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар.

 

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Адамның көпұлтты қоғамдағы қарым-қатынасы.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Оқыту  әдісі:  Сұрақ-жауап, сәйкестендіру, пікір алысу, эвристикалық тапсырмалар орындау.

Пәнаралық байланыс: Әлеуметтану, саясаттану,этнография.

 

Сабақтың мақсаты: ҚР-да тұратын барлық ұлттардың өзара қарым-қатынасы туралы толық мағлумат  беру.

1.Білімділік:  Тақырып бойынша студенттердің білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

 2.Тәрбиелік: Патриоттыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Отаншылдық сезімдерін ояту.

 3.Дамытушылық: Әлеуметтік білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: Оқулықтар, слайд, интерактивті тақта.

 

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару


II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

     Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

 

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

Адамдар белгілі бір топтарда бірге және ұзақ өмір сүре отырып, басқа топтардан бөлек ортақ және тұрақты белгілерге ие болады. Ондай белгілерге тіл, өзіндік тұрмыстық мәдениет, қалыптасқан әр түрлі халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жатады. Бұл белгілер адамдардың этникалық санасында орнығып, олар өздерінің бірлігін, ең алдымен өзінің шыққан ортақ тегін, соның негізінде өздерінің туыстық қатынастарын сезініп, осы белгілерімен олар басқа халықтардан бөлектеніп, күрделі этникалық қауымдастыққа айналады. 

1.Оқулық бойынша мәтінмен жұмыс.Көп бос орынға керекті сөздерді жазу. (10 мин.)

2.Сәйкестендіру. (1 мин.Әр ұғымға сәйкес келетін анықтаманы тауып көрсету.)

Ұhello_html_m3a8cd1b6.gifhello_html_m2b75a6f0.gifлт Халық деп ортада (әкімшілік, бірлікте, мемлекеттерде, елде,өңірде)тұрып, әлеуметтік белсенді және

жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар

қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.

 

Диаспора Белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіңе тән шаруашылығы,

тhello_html_m2b75a6f0.gifарихы, дәстүрі, тілі, мәдениеті, ұлттық психологиясы бар.

 

Эhello_html_43e76cb5.gifтнос Топ,тайпа,ру (қауымдастығының тұрақсыз формасы

Халық Байырғы тұрғын

Автохонды ұлт Қазақтардан басқа өзге ұлт өкілдері.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Ұлтқа дейінгі және ұлт адамдар қауымдастықтарын салыстыра отырып, сипаттау.

Ұлтқа дейінгі форма: Ру, тайпа, ұлыс жатады. Олардың саны аз, әлсіз біреуге қарсыласуға күштері жетпейді, саны көп, күші мыөты қауымдастықтар басым болып, бұл топты өзіне еңдіріп алады. Олар өзінің тілін, мәдениетін, шаруашылығын жоғалтып алады, қорытындылай келгенде өзіңе тән қасиетінен саналық айырылады.Орнықты бола алмайды.

Ұқсастығы: белгілі бір аумақта өмір сүруі, өздеріне тән шаруашылығы, салттары, дәстүрлері, психологиясы, мәдениеті, тілі болуы жатады.

Ұлт: орнықты, өзінің мекені бар, өзіне тін шаруашылығы,,тарихы, дәстүрі, тілі, мәдениеті, ұлттық психлолгиясы бар ұлттық санасы жоғары саналық қасиеті мол.

3. Эвристикалық тапсырма.

Сіз еліміздегі тәуелсіз Қазақстан телеарнасының журналистісіз. Сіздің қасында дау тудырмайтын аса маңызды құжат келіп түсті.Бұл хабарды халыққа тарату көп адам үшін, тіпті сіз үшін өте қауіпті болмақ.Сіз қандай әрекет жасаған болар едіңіз?

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Сабаққа қатысқан  студенттерді бағалау.

Үй тапсырмасы:   

Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар.

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Өркениеттің ерекшеліктері.

Сабақтың типі: Топтық ізденіс сабағы

Оқыту  әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Пәнаралық байланыс: Әлеуметтану, саясаттану,этнография.

Сабақтың мақсаты: Қазіргі замандық өркениет.Ғаламдық проблемалар

1.Білімділік:  Студенттерге дәстүрлі және индустриялық қоғамдар. өркениет туралы жүйелі білім беру    

 2.Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 3.Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: оқулық

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару


II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

     Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

 

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.[1]
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

1.     мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.ГердерЭ.Тайлор);

2.     Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. РуссоШ.ФурьеО.Шпенглер);

3.     Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (ВольтерД.Белл);

4.     Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);

5.     Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.ТойнбиН.Я. Данилевский, т.б.);

6.     Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (ҚытайВавилонТүркіМұсылманОрта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды.

Дәстүрлі және индустриалдық қоғамдар. Адамзат өркениеттері тарихи дамуы жағынан алып қарағанда: дәстүрлі, индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдар болып бөлінеді.Жоғары құрылымдық орнықтылығы және әлеуметтік-мәдени реттелуі дәстүрге негізделгендіктен, Шығыс өркениеттері дәстүрлі қоғамдар деп аталады.Индустриалдық қоғам дегеніміз— қазіргі замандағы дамыған Қоғамдардың шығуын және сипатын айқындауда қолданылатын, оларды дәстүрлі қоғамдардан бөліп көрсететін, капиталисты қоғаммен қатар аталатын екі негізгі категорияның бірі—өнеркәсіпті қоғам деген ұғымды білдіреді. Қоғам және табиғат. Қоғам — дүниенің табиғаттан ерекшеленген бөлігі. Ол ерекшеленудің негізі қоғамның даму еркіндігінде, оның саналы, ерікті адамдардан құралуында. Экология (грек, oikos — мекен, logos — ілім, сөз) — организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара қатынасын зерттейтін ғылым.Биосфера (грек, bios— өмір, sphaira — таралу аясы) — жер шарын мекендейтін барлық тірі организмдердің таралу аясы. Терминді 1875 жылы неміс ғалымы Э.Зюсс енгізген.)Тіршілік бар жерде тұтыну бар. Тұтыну бар жерде таусылу, ластану, жарамсыздану бар. Тұтынудың қай түрі болсын, ерте ме, кеш пе, ресурсты үнемдеу мәселесін алға тартпай қоймайды. Ал жердегі табиғи ресурстардың бәрі таусылмайтын, шексіз еместігін, адамзаттың кейбір параметрлер бойынша апаттық жағдайға таяп келе жатқандығын ескерсек, экологиялық проблемалардың қазіргі заманғы өркениеттің ғаламдық проблемаларының бастысына айналып отырғанын түсінуге болады.

IV. Жаңа сабақты бекіту. Соңғы жылдары экология мәселелерімен республика үкіметі қарамағындағы кейбір ведомстволар арнайы айналысады.

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Сабаққа қатысқан  студенттерді бағалау.

Үй тапсырмасы:   

Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар.

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық. Қазіргі діни жағдай.

Сабақтың типі: Теория

Оқыту  әдісі:  Жаңа сабақты меңгерту

 

Пәнаралық байланыс: Әлеуметтану, саясаттану,этнография.

1.Білімділік:  Студенттерге стратификация және ұтқырлық, қазіргі күндегі діни жағдайлар туралы мағлумат беру.    

2.Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 3.Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: оқулық

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару


II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

     Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

 

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

Әлеуметтік стратификация ұғымы Әлеуметтік стратификация - адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік, бұл олардың иерархиялык сипаттағы әлеуметтік өмірінен байқалады, аталмыш тенсіздікке әр түрлі институттык механизмдер қолдау көрсетеді және оны реттейді, бұған қоса ол әрдайым ұдайы жаңаланып, дамиды және модификацияланады, бұлар кез -келген қоғамның өмірін реттейтін жағдай ретінде сипатталады және оның дамуының кайнар көзі болып табылады

Страта ұғымы Страта – стратификацияның төрт шкаласы бойынша бір-біріне ұқсас объективтік көрсеткіштері бар адамдардың әлеуметтік қабаты (жігі). Стратификация ұғымы әлеуметтануға геологиядан ауысқан. Геологияда страта түсінігі - тігінен әр түрлі топырақ жыныстарының орналасу қабатын білдіреді. Страта табысы, білімі, билігі және бет-беделі, мәртебесі бірдей адамдарды бір ортаға, өз төңірегіне біріктіреді.

Стратификация ұғымына көзқарас: ПИТИРИМ СОРОКИН МАКС ВЕБЕР ТОЛКОТТ ПАРСОНС СТРАТАЛАУДЫҢ 4 МЕЖЕСІ: ТАБЫС, БИЛІК, БІЛІМ, БЕДЕЛ ҮШ КРИТЕРИЙ БОЙЫНША: САПА (МАҢЫЗДЫ ҚАСИЕТТЕРІНЕ) ОРЫНДАУ (ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНА) ИЕМДЕНУ (МЕНШІК, ТАЛАНТ,МӘДЕНИ РЕСУРСТАРЫНА) СТРАТАЛАУДЫҢ 3 ҚАБАТЫ: 1.ТАБЫСЫ МЕН МЕНШІГІНЕ ҚАРАЙ; 2. БІЛІМ, КӘСІП, БЕДЕЛІНЕ ҚАРАЙ 3. БИЛІКТІ ИЕЛЕНУ ДӘРЕЖЕСІНЕ ҚАРАЙ

Теңсіздік «Теңсіздік» және «әділетсіздік» ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу қажет. Теңсіздікке ең алдымен әлеуметтің тікелей өзі себепші болған және ол қажетті құбылыс; екіншісі - әділетсіздік болса, бұл эгоистік мүдделердің көрінісі. Әділетсіздік - тұрақсыздық арқылы сипатталады. Ол қоғам үшін де, қабаттарға енген нақты адамдар мен топтар үшін де зиянды, өйткені әлеуметтік қатынастарды қалыптасқан нормалардың шегінен асырып жібереді, соның нәтижесінде бүкіл қоғам дүрлігеді.Сондықтан кез-келген әділетсіздікке қарсы күрестің өріс алып, күштің қолданылатыны табиғи нәрсе.

Сословие туралы түсінік Сословие дегеніміз — бұл да әлеуметтік топтар, олардың қоғамдағы орны әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі жағдайларымен қатар, қалыптасқан дәстүрлерімен және құқықтық актілермен де анықталады. Осылар арқылы мұндай ақсүйек феодалдар және дін басылары сияқты сословиелердің құқыктары, міндеттері және жеңілдіктері анықталды. Ресейдегі дворяндар, дін басылар, шаруалар, көпестер, мещандар сословиелерін атап өткен жөн. Бұлардың арасында дворяндар жетекші орын алды. Бастапқыда дворяндар (ХІІ-ХІИ ғғ.) орыс княздарына әскери қызмет көрсететін феодалдық өскери-қызметтік сословиенің бір бөлігі ретінде қалыптасса, XIV ғасырда олар сарай адамдары (Дворяндар) ретінде өз кызметтері үшін жеке иелік жерлер ала бастады.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту. П.Сорокиннің әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобильділік теориясы. М.Вебердің әлеуметтік құрылым теориясы.

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Әлеуметтік құрылым түсінігі.

Орта тап түсінігі

Страта дегеніміз не?

Үй тапсырмасы:   

     Қазіргі діни жағдай.

 

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Адам мен азаматтың құқығы мен міндеттері.

Сабақтың типі: Тәжірибелік

Оқыту  әдісі:  Топтық ізденіс сабағы

Пәнаралық байланыс: саясаттану, мемлекет және құқық теориясы

1.Білімділік білімділік-оқушыларға адам құқығы, азаматтық, олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі, адам және азаматтардың негзгі міндеттері туралы түсінік беру


2.Тәрбиелік: оқушы бойында жауапкершілік приципін қалыптастыру.


 3.Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен оқып-үйренуі, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: оқулық, слайдтар

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 


1. сәлемдесу.
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.


II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру: . Бұқара-ақпараттар, газет-журнал арқылы жаңалықтар дайындау.

     Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

          Берілген сұрақтарға жауап беру.
1. Мемлекет дегеніміз не?
2. Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы
3. Азаматтардың экономикалық және әлеуметтәук құқықтар?
4. Еңбек ету құқықтары қандай?
5. Адамның саяси құқықтары мен бостандықтар қандай?
6. Парламент қандайқызметтерді атқарады?
7. Президент ?
8. Демократиялық мемлекет деп қандай мемлекетті айтамыз?
9. Қазақстан Республикасындағы Президент пен Парламенттің өзара қатынастары қандай?
10. 1948 жылы қандай Декларация қабылданды?
11. Конституция неше бөлімнен неше баптан тұрады?
12. Қазақстан Республикасының азаматы қандай жағдайда беріледі?

 Терминдерді еске түсіру.
1. Республика-қоғамдық, жалпы халықтық ұғым
2. Монархия-атадан балаға мұра ретінде қалдыратын билік
3. Парламент-заң шығарушы орган
4. Үкімет-атқарушы орган
5. Президент-бекітуші орган
6. Құқық-мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
7. Конституция- мемлекеттік ата заң. Халықпен референдум арқылы қабылдау. Өзгерістер енгізудің ерекше тәртібі.
8. Демократия- халық билігі
9. Сот билігі-мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра алады
10. Билік-мемлекет басқару органы
11. Азаматтық-белгілі бір адамның нақты мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысы ретінде қаралады

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

1. Конституция мен заңдарды сақтау.
2. Азаматтың құқығы, бостандығы, қадір-қасиетін құрметтеу
3. Меншікті пайдалану
4. Қазақстан Республикасын қорғау.

1.Сабақ басында оқушылардың арнайы дайындаған қосымша материалдар оқылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
3. Мемлекет туралы

2. Тақырып түсіндіріледі.

1. Конституция-Қазақстан мемлекетінің негізгі заң, ол халықтың еркін білдіреді, мемлекеттің құқықтық негізін, азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды және мемлекеттің халықты басқару қызметін айқындап береді.
Конституция бөлімдері: 
1. Жалпы ереже
2. Адам және азамат
3. Қ.Р.Президенті
4. Қ.Р.Парламенті
5. Қ.Р.Үкіметі
6. Сот және сот әділдігі
7. Қ.Р.Конституциялық Кеңес
8. Өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару
9. Қорытынды бөлім.
Азаматтың конституциялық міндеті республиканың заңын сақтау болып табылады. Бірінші жағынан, заң талаптарын бұзбау, қылмыс істемеу, әкімшілік жүктелген міндетті орындау. Екінші жағынан-өзіне жүктелген міндетті орындау деген сөз.
2. Азаматтың басқа бір конституциялық міндеті-басқа адамдардың да құқығын, бостандығын, қадір-қасиетін құрметтеу.
3. Мемлекеттің, барлық адамдардың мемлекет қаржыландыратын ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруі қаражатқа байланысты болғандықтан, мемлекет салық төлеу, салық жинау жұмыстарының маңыздылығына үлкен мән береді.
4. Меншікті пайдалану. Меншіктің екі түрі бар: мемлекеттік меншік және жеке меншік. Мүліктік меншік дегеніміз құнды дүниелер және ол сапалы түрде пайдаланып отыру үшін жасалады.
Жеке меншік иесі өзінің мүлкін өз еркінше пайдалануға құқылы.
5. Қазақстан Республикасын қорғау-ресрублика азаматтарының конституциядық қасиетті міндеті. Барлық азаматтары өздерінің әскери борышын өтеуге міндетті. Әскери қызмет-мемлекетке қызмет етудің ерекше түрі, ол республика азаматтарының Қарулы Күштер қатарында болып, тиісті әскери борышын өтеуімен де байланысты.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту. 1. Берілген жағдайларды талқылау.

Ерлі-зайыпты Галимовтар Қазақстан Республика азаматтары болып табылады. Бірақ олардың баласы дүниеге келген кезде олар Англияда оқуда болады.
Азаматтық алуда қиындықтар туа ма?

Ивановтар отбасы ҚР-ның елшілігіне оларға азаматтық беру туралы өтініш берді. Өздері еш уақытта Қазақстан жерінде тұрмаған, бірақ бұл жерде көп жыл бойы кәрі ата-анасымен отағасының ағасы тұрады.

Ивановтар отбасының азаматтық алу мәслесі қалай шешіледі?

Балалар үйінің жанынан нәрестелі бала табылды, оның ата-анасын анықтау жұмысы нәтиже бермеді.

Бала кім болып танылады: азаматтығы жоқ; ҚР-ның азаматы; шетел азаматы?

Қазақстан азаматы Мусин басқа елдің заң органына қызметке тұрды.

Оның азаматтық мәселесі қалай шешіледі?

Бір бай егде жасқа келген адам Аргентинадағы ҚР-ның елшілігіне келіп, азаматтық алу туралы өтініш береді. Тексере келе келесі жағдай анықталады: ол ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде ол Франция тұрғындарына қатысты қылмыстары үшін халықаралық сотпен өмір бойға сотталған нацистік қылмыскер екендігі анықталған. Оған азаматтылық беріледі ме?

Израилдік бизнесмен Израил азаматтығымен қатар Қазақстан азаматтығын беруді сұраған. Ол іс сапарлармен Қазақстанға жиі келіп, ұзақ мезгіл осында жұмыс істейді. Алайда ол бизнесіне кедергі келтірмес үшін израилдік азаматтылығынан бас тартқысы келмейді. Оған азаматтылық беріледі ме?

Малика Түркия азаматына тұрмысқа шықпақшы. Ал оның ата-анасы оған қарсы. Себебі, олардың ойынша Малика ҚР азаматтылығынан айрылып қалады және оның өз жанұясымен араласуы қиындауы мүмкін деп қобалжуда. Осы пікірмен келісесіңдер ме?

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Азаматтардың өзіндік құқықтары Саяси құқықтар мен бостандықтар Экономикалық, әлеуметтік құқықтар.

Үй тапсырмасы:   

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары



Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Саяси мәдениет. Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу.

Сабақтың типі: Теориялық

Оқыту  әдісі:  1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау 
Пәнаралық байланыс: саясаттану, мемлекет және құқық теориясы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: 

1.Білімділік Студенттерге саяси мәдениет туралы жүйелі білім беру 

2.Тәрбиелік: Студенттерды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу 

3.Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту. 

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: оқулық

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 


1. сәлемдесу.
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

 Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

         

 III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

 Материалды  түсіндіру жоспары.

Саяси мәдениет деп азаматтардың саяси білімінің, балалардың және әрекеттерінің деңгейі мен сипатын, сонымен қоса, саяси қатынастарды ретке келтіретін әлеуметтік құндылықтардың, дәстурлердің нормалардың мазмұны мен сапасын айтамыз. 
Саяси мәдениеттің негізінде қоғам мүшелерінің саяси құндылықтарды игеруін қамтамасыз етуге бағытталған қызметі — саяси тәрбие жүзеге асырылады. Жеке адам өзінің азаматтық сапалық қасиеттерін, саяси ынтасын, белгілі мәселелерді шешу белсенділігін көрсетеді, өзінің тәртібін саяси нормалар мен демократиялық институттарға саналы және ерікті түрде бағындырады. 
Діл (орыс. менталитет, лат. mens—ақыл, ойлау, ой бейнесі, жан құрылымы) — ұжымдық және жеке сана тереңдігінің деңгейі, жеке адамның немесе әлеуметтік топтың әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау мен сезінуге дайындығының, құлшынысы мен зауқының жиынтығы. 
Саяси мәдениет дегеніміз — қоғамның саяси өміріндегі факторлар мен құбылыстарды үнемі саралап, ой елегінен өткізіп отыру деген сөз. 
Популизм (лат. pcpuu—халықтың, бұқараның құқықтары мен мүдделері үшін күрес) — бұқараға негізсіз уәделер беру арқылы танымал болуға тырысу әрекеті. Популистер қашанда, қай елде болмасын, аз болмаған. Олардың саяси мәдениеті төмен елдерде тіпті көп болуы заңды. Үйіп-төгіп берген уәдесінен сайланып алғаннан кейін айнып кете беретін саясатшылар қай заманда да болған. 
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — халық бұқарасына ақпарат жеткізудің қазіргі замандық арналары — баспасөз, теледидар, радио, өзге де дыбыс бейне тарату құралдарының жиынтығы. 
БАҚ-тың қайсысы болса да бұқараны елде және одан тыс жерлерде болып жатқан саяси және өзге оқиғалармен таныстыра отырып, ақпараттық-ағартушылық қызмет атқарады. Демократиялық қоғамда дұрыс шешім қабылдау үшін адамдарды жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету бағытындағы БАҚ-тың қызметі ерекше мәнге ие. Баспа өнімдері, теледидар мен радио бағдарламалары қоғамға қажетті өнім болып табылады. 

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.      Демократиялық режімдер жағдайындағы БАҚ-тың қызметін әңгімел еңіздер. 

2.      Бұқаралық ақпарат құралдарын, әдетте, "төртінші билік" деп атайды. Оның мәні неде деп ойлайсыздар? 


V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Тақырыпты пысықтау 

Үй тапсырмасы:   

Өтілген тақырыпты оқып келу.

 

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлға және саясат.

Сабақтың типі: Теориялық

Оқыту  әдісі:  1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау 
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, экономика, әлеуметтану

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: 

1. Білімділік: Студенттерге «жеке адам» және «жеке тұлға» ұғымдарының мәнін түсіндіру, жеке тұлға формаларының қалыптасуы мен әлеуметтік типтерін талдау, жеке тұлға мен қоғамның арақатынасын ұғындыру
2. Дамытушылық: Студенттерге жеке тұлға ұғымын ұғындыра отырып, олардың өз бетімен іздене білу қасиетін жетілдіру, сөйлеу, өзіндік пікірін жүйелі жеткізе білу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Жеке тұлғаның жеке-дара қасиеттерін аша отырып, оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, шыдамдылыққа, білімге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: оқулық

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 


1. сәлемдесу.
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

         

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

1. Жеке адам түсінігі
2. Жеке тұлға. Оның қалыптасуы
3. Жеке тұлғаның әлеуметтік типтері

1.Жеке тұлға түсінігі адам танудағы ең күрделі түсініктер қатарына жатады. Жеке тұлға сөзі латынның «персона» түсінігінен шығады. Жеке тұлға ұғымын жеке дам түсінігінен бастау керек. 
Жеке адам дегеніміз – адамзаттың ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын дара өкілі.
Ал «жеке тұлға» - бұл белгілі бір өмірлік позициясы, мәдениеттің қандай да бір деңгейі бар, қоғамға қатысты өз құқықтары мен міндеттерін сезінетін адам. Яғни жеке тұлға болып қалыптасу үшін сол адам қоғамға пайдалы әрекет етіп, сол қоғамда аты қалатындай әрекет етуі керек.
2.Барлық адамдар дүниеге индивидтер яғни, даралық түрінде келседе, жаңа туылған сәбиге «жеке тұлға» терминін қолдана алмаймыз. Ол сәби белгілі бір жас кезеңдерінен өткеннен соң бірте-бірте «жеке тұлғаға» айнала бастайды. Жас, кәсіп, ортасы, дәуірі, дүниеге көзқарасы, алған тәрбиесі, міне осы факторлар жеке тұлғаны қалыптастырады. Адам өмірінің келесі белесінде өз отбасын құру, балалардың тууы, т.б. болады. Сөйтіп, адам қоғамдық ортамен өзара белсенді әрекеттесе отырып, жеке тұлғаға айналады.
3. Жеке тұлғаның әлеуметтік типтерін леуметтік философия ғылымы зерттейді. Жеке тұлғаның бірнеше әлеуметтік түрлері бар:
1. «Қайраткерлер» ( аңшылар, балықшылар, өнеркәсіп жұмысшылары, инженерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері, сяасаткерлер т.б.). Бұл топтағылар үшін ең бастысы – белсенді іс-әрекет. Мұндай адамдар жұмыс десе, «жанын салады».
2. «Ойшылдар». Бұлар Пифагордың сөзі бойынша дүниеге жарысу және саудаласу үшін емсе, көруге және ойлануға келеді екен. Ойшылдардың бірден бір қаруы – сөз.
3. «Сезім мен эмоция иелері», олар барлығын жүрегіне жақын қабылдайтын адамдар. Бұларға көбінесе әдебиет, өнер қайраткерлері жатады.
4. «Қайырымдылықты өмірінің басты ісіне айналдырған адамдар».Мұндай жеке тұлғалар басқа адамның рухани жай-күйін терең сезінеді, оларға көмектесуге әрдайым әзір тұрады.
Жеке тұлғаны жіктеудің тағы бір түрі  оны қоғамдағы қызметіне байланысты жіктеу:
1. Өндіріске қатынасы бойынша (жұмысшы, инженер)
2. Меншігі мен табыс деңгейі бойынша ( ірі байлар, орташалар, кедейлер)
3. Қызметінің сипаты бойынша (менеджер, дәрігер, заңгер, мұғалім, т.б.)
4. Саяси бағдары бойынша ( демократ, монархияшыл, т.б.)
IV. Жаңа сабақты бекіту.

Жеке тұлғаның қалыптасуына қоғамдық ортаның әсері
1.Жеке тұлғаның қалыптасуына ұстаздың әсері
2. Жеке тұлғаның қалыптасуына отбасының әсері
3. Жеке тұлғаның дамуына ақпарат құралдарының әсері

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

1 «Жеке тұлға» - бұл белгілі бір өмірлік позициясы, мәдениеттің қандай да бір деңгейі бар, қоғамға қатысты өз құқықтары мен міндеттерін сезінетін адам
2 Адам туылған сәттен бастап жеке тұлғаға айнала бастайды
3 Жеке адам дегеніміз – адамзаттың ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын дара өкілі.
4. Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына кімдер әсер етеді?
5. Қандай адамды жеке тұлға деп атай аламыз?
6. Жеке тұлға болып қалыптасуың үшін бойыңда қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың?
7. Кімдерді ұлы тұлға ретінде мойындайсың?


Үй тапсырмасы:   

«Мен құрметтейтін тұлға» тақырыбына эссе жазу

 

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Конституциялық құқық және міндеттер.

Сабақтың типі: Тәжірибелік

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, экономика, әлеуметтану

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіну

 

1. Білімділік: Студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіндіру.


2. Дамытушылық: Студенттерді өз бетімен іздене білу қасиетін жетілдіру, сөйлеу, өзіндік пікірін жүйелі жеткізе білу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілікке, ұлтжандылыққа, шыдамдылыққа, білімге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: оқулық

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1. сәлемдесу.
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

Сабақтын жоспары:

1.     Конституциялық құқықтың түсінігі.

2.     Конституция – мемлекеттің Ата заңы.

3.     Тұлғаның құқықтық мәртебесі.

4.     Мемлекеттік биліктің жүйесі.

Конституциялық құқық мемлекеттегі ең негізгі құқық саласы б.т. Барлық құқық саласы одан бастау алады. Заң ғылымдарында «мемлекеттік құқық» термині «кон. құқық» орнына қолданылады. «Кон. құқық» деп атаған дұрысырақ. Себебі «ме.құқық» термині келесі себептерге сәйкес тиімсіз, тұрғындардың барлығы құқықты салаға бөлуді біле бермегендіктен, оны барлық ішкі мемлекеттік құқық ретінде түсінеді.

ҚР Конституцияылық құқығы – бұл ҚР конституциялық құрылысын ондағы адам мен азаматтардың құқықтық жағдайын мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының мәртебесін белгілейтін конституциялық құқықтың нормаларының жиынтығы. Конституциялық құқық келесі  институттарды қарастырады: азаматтық, конституциялық құрылыс, Президент, Парламент, Үкмет, Сот, Конституциялық Кеңес, жергілікті басқару органдары.

Конституция сөзі латынның  «constitutio» – бекіту, орнату деген сөзді білдіреді. Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез келген мемлекетте өз конституциясы бар.

Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді (1937, 1978, 1993, 1995ж.ж.). Конституция – бұл ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар нормалардың жиынтығы.

Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, ең жоғарғы заңды күшке ие қоғамның әлеуметтік, экономикалың, қоғамдық, саяси және рухани ізгілік өмірінің маңызды қағидалары мен институттарын бекітетін қоғамның және мемлекеттің негізгі заңы.

Оның белгілері:

1.ең жоғарғы заңдық күші болады.

2.ол тұрақты болады.

3.ерекше заңдық мазмұны.

4.оның Республиканың бүкіл аумағына тікелей және тура қолданылады.

Конституциялық құқық ғылымында конституцияны әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады.

1. Мемлекеттік құрлыс нысанына қарай конституцияны біртұтас және федерациялық.

2. Мемлекеттің саяси режимінің сипатына қарай демократиялық және демократиялық емес.

3. Қолданылу ұзақтығына қарай  тұрақты және уақытша конституция.

4. Нысанына қарай жазбаша және ауызша. Жазбаша (Қ.Р.), ауызша (Ұлыбритания).

5. Оған өзгерістер мен түзетулер еңгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлінеді. Қатаң конституцияны сайлаушылар қауымы тікелей референдумда не арнаулы құрылтай  жиналыстарында қабылдананды. Олқы конституция әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетулерді еңгізу жай заңдарға тәріздес.тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен заң шығарушы орган еңгізеді.

6. Конституциялар федералдық және оның құрамына кіретін субъектілердің конституциясы болып та бөлінеді.

Конституциялық құқықта конституцияның нысаны атты ұғым кездеседі. Конституциялық нысан деп оның объективті өмір сүруінің әр түрлерін айтамыз. Ол 3 элементтен тұрады: а) заңды; б) ішкі нысаны; в) сыртқы нысаны. ҚР Конституциясы заңды күші бойынша жазбаша болып табылады. Конституцияның ішкі нысаны – оның құрлымдық мазмұны, яғни құрлымдық бөлімдерге бөлу. Бұл преамбула, тарау, баптар, баптың бөліктері, бап бөліктерінің тарияғынан тұрады. ҚР Конституциясы преамбуладан, тоғыз тараудан, 98 баптан тұрады. Конституцияның сыртқы нысаны ерекше атаудан, тілден және стилін білдіреді. ҚР ата заңы конституция деп аталады. Ол заңды тілмен жазылған. Оның мәтіндік мазмұны ресми іскерлік стилде жазылған.

Жалпы алғанда тұлғаның кең құқықтық мәртебесі қоғамның мүшесі ретінде жеке тұлғаның нормативтік актілерінде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.      Конституциялық құқық субъектілер.

2.      Конституциялық құқықтар мен бостандықтар.

3.      Мемлекеттік билік

4.      V.Қорытындылау (білімін бағалау).

5.      Үй тапсырмасы:   

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі әлеуметтік мемлекеттегі еңбек құқығының міндеті.

Сабақтың типі: Теория

Пәнаралық байланыс: Экономика, әлеуметтану, саясаттану.

Сабақтың мақсаты:

 

1. Білімділік: Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының мәнің терен түсіну


2. Дамытушылық:
Нарық заманында еңбек қатынасының сауаттылығына, өз құқығының сақталуына, өзгенің құқықтарын құрметтеуге үйрету.
3. Тәрбиелік:
Еңбекке деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: ҚР Конституциясы, Еңбек туралы заң.
Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1. сәлемдесу.
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

1.     Еңбек құқығының түсінігі.
2.     Жеке еңбек шарты.
3.     Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.
   Қазіргі қазақстандық құкық салаларының ішіндегі еңбек құкығы басты орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.
Еңбек құқығы деп жұмыс берушімен жұмысшының арасында туындапған қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Тараптардың жеке еңбек және ұжымдык шарттар негізінде белгілі бір еңбек кызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбек қатынастары деп танылады. Оларға мыналар жатады:
-  жұмысқа орналастырумен байланысты құқықтық қатынастар.
-  ұйымдастырушылық – басқарумен  байланысты құқықтық қатынастар.
-  ұжымдық шарттан туындайтын байланысты құқықтық қатынастар.
-  жұмысшыны кісіби дайындау және біліктілігін арттырумен байланысты құқықтық қатынастар.
-  еңбек қорғалуын және еңбек заңдарының сақталуымен байланысты құқықтық қатынастар.
-  еңбек дауларын қараумен байланысты құқықтық қатынастар.
ҚР Еңбек құқығының негіздері Еңбек – адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi . Еңбек құқы деген ұғымның өзi, осы құқ саласы еңбекке тiкелей қатынасты екенiн бiлдiредi. Бiрақ та еңбек кез келген еңбекке байланысты қатынастар еңбек құқы нормаларымен реттелiне бермейдi. Мысалы, азаматтың өз үй шаруасымен (саяжайда, бау-бақшада өз малын күту, бағу т.б.) байланысты еңбектерi еңбек құқ нормаларымен реттелiнбейдi. Еңбек мемлекеттiк тұрғыдан Заңмен реттелiнедi. Сондықтан да қызметкерлердiң еңбек қатынастарын реттейтiн еңбек заңының маңыздылығы да осында. Еңбек құқығы адамның қоғамдық қызметінің негізгі түрін – еңбекке қатысуын жанама түрде білдіретін құқықтың маңызды саласы болып табылады. Еңбек құқығы пәнінің негізін еңбекті қолдану жөніндегі жеке-дара қатынастар құрайды. Олар қызметкер мен жұмыс берушінің арасында қалыптасады және жұмысқа алу, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы төлеу, еңбек тәртібі және басқа бірқатар мәселелер бойынша түрлі әлеуметтік байланыстарды қамтиды. Еңбек процесінің өмірде болу фактісінің өзі еңбек құқықтарымен байланысты және сондай-ақ еңбек құқығының қолданылу аясына енетін қоғамдық қатынастардың тұтас кешенінің пайда болуына объективті түрде алып келеді.
 
IV. Жаңа сабақты бекіту.

«Ой шабуылы» жаттығуын өткізу. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз:
-    мен еңбекке араласқанда , ең алдымен ... ( жауабы -  еңбек қатынастарына түсемін).
-    менің ойымша, еңбек жағдайының болуы....( жауабы – бұл менің материалдық жағынан қанағаттануыма және өз еңбегімнен рақат табуым).
-    маған жұмыс уақыты мен демалыс уақытын алдын ала білген дұрыс, себебі... (жауабы- бұл мені еңбек тәртібіне, жауаптылыққа, өз уақытымды үнемдей білуге үйретеді)
-    мен еңбек етуге қатысты құқықтарым мен міндеттерімді білу үшін ... (жауабы- Еңбек заңы туралы білімім болу керек).

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Үй тапсырмасы:   

«Еңбек құқығының негіздері»

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құқық негіздері.

Сабақтың типі: Теория

Пәнаралық байланыс: Экономика, әлеуметтану, саясаттану.

Сабақтың мақсаты:

 

1. Білімділік: Оқушыларға отбасы,неке,баланың құқықтары,ата-ана жауапкершілігі туралы ұғымының мәнін ашып


2. Дамытушылық:
Өткен сабақта алған білімдерін еске түсіріп,тиянақтай отырып,жаңа сабақпен байланысытрып,отбасы,неке,бала құқығы,ата-ана жауапкершілігі,жалпы конституциялық құқық нормаларының қайнар көздерін аша білуге көз жеткізу      

3. Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының Конституцияда берілген заңды орындауға, заңсыз іс-әрекет жасамауға  тәрбиелеу                                                                                                                                               Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: слайдтар,тірек сызбалар,бейнефильмдер     

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1. сәлемдесу.
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

1.      Отбасы түсінігі. Отбасы құқығы.

2.      Неке түсінігі. Неке шарты.

3.      Баланың құқықтары.

Ойтолғау:

а)Отбасы ұғымын қалай түсінесіңдер? (   Отбасы- некеден (ерлі-зайыптылықтықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарыннан туындайтын және отбасы  қатынастарын нығайтып,дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.)                                                                                                                               ә)Отбасы қатынастар дегеніміз не?( Некеден,туыстықтан,бала асырап алудан,балаларды отбасына тәрбиеге алудан туындайтын қатынастар отбасы қатынастары болып табылады.)

б)Отбасы қатынастары қалай реттеледі?  (    Отбасы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасы құқығы деп аталады.Неке-отбасы қатынастарын 2011 жылғы желтоқсанның 26-да қабылданған ҚР-ның «Неке (ерлі-зайыптылық)және отбасы туралы»Кодексі реттейді.)

 

Отбасы бірнеше түрге бөлінеді:

Толық емес отбасы

Ата-анасының біреуі ғана бар отбасы

 

Толық отбасы

Ата-анасы және балалары бар отбасы

 

Кеңейтілген отбасы

Ата-анасымен балаларынан басқа туыстары бар отбасы

 

Отбасы құқығының принциптері

Отбасы құқығының қағидаттарына мыналар жатады:

1.      Ер-азамат пен әйелдің некелік(ерлі-зайыптылық)одағының еріктілігі

2.      Отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі

3.      Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеушілік

4.      Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу

5.      Балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы,олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық

6.      Отбасының кәмлетке толмаған,қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау

7.      Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету,осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері

8.      Отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдануы

Тапсырма:                                                             

·         - Әрбір қағидаттың мағынасын ашыңдар.

·         -Отбасы үшін бұл қағидаттардын маңызы неде?

·         -Сендердің бұл қағидаттарға деген көзқарастарың қандай?

Неке отбасын құру үшін негіз болып табылады.

Неке- ерлі- зайыптылар  арасындағы мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында заңмен белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған ер-азамат пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.

Неке және отбасын қорғау  екі нысанда жүзеге асырылады:

               Юрисдикциялық нысан

         Юрисдикциялық емес нысан

Отбасы құқығын,бұзылған немесе таласқа салынған құқықтарын қорғау бойынша

Өкілетті мемлекеттік органдардың тартылуымен қорғау.

Отбасылық құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша ұйымдар мен азаматтардың әрекеті.Бұл әрекеттер көмек сұрап мемлекеттік органдарға жүгінусіз,азаматтардың өз бетімен жүзеге асырылады.

 

Неке, неке жасына –он сегіз жасқа толған ер-азамат пен әйелдің өзара ерікті келісімі негізінде қиылады. Егер неке зорлық, алдау, қорқытудың жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз болып жариялануы мүмкін. Некеге отыруға келісім некені тіркеу процесінде некеге отырушы тұлғаның тікелей өзімен ауызша білдіріп оның  қол қоюымен расталады.

Некені тіркеу некеге отырушы адамдардың  қатысуымен жүзеге асырылады.Сенімхат немесе өкіл арқылы неке қиюға тиым салынады.Күзет қарамағындағы немесе бас бостандығыннан айырылған адамдар да некеге отыра алады.Бұл ретте,мемлекеттік тіркеу бостандығыннан айыру немесе күзет қарамағындағы орнында өткізеді.

Некені тоқтату дегеніміз-ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтық қатынастарының тоқтатылуы.

Неке заңмен анықталған мән-жайлар салдарыннан немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің тілек білдіруімен тоқтатылады.

Некені тоқтататын мән-жайларға мыналар жатады.

·         -жұбайының қайтыс болуы

·         -ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болғаны туралы сотпен жариялануы

·         -некені бұзу(ажырасу).

Некені тоқтату туралы негіздер тізімі осылармен тұйықталады.

ІV . Жаңа сабақты бекіту:

Тапсырма.

1)Ажырасулардың өсуінің себептерін ашыңдар.

2)Ажырасулар азаюы үшін қандай шаралар қолдануы қажет?

3)Өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Тапсырма.

Бейнефильм (“Жетімдер”) қарап,соған байланысты көрініс көрсету.

Әрбір баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар.Бала өз ата-анасының тәрбиесіне,өз мүддесінің қамтамасыз етілуіне,жан-жақты өсіп жетілуіне,өзінің адами қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

Баланың мүлікітік құқы бар.Алимент,жәрдемақы,зейнетақы ата-ананың қарауына түскенімен,ол балаға білім беруге,тәрбиелеуге және басқа да қажетті шығындарына жұмсалуы керек.

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Үй тапсырмасы:   

“Менің отбасым”  тақырыбында эссе жазып келу.

 

 

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Капитал нарығы және табиғат ресурстары

Сабақтың типі: Теория

Пәнаралық байланыс: Экономика, менеджмент, саясаттану.

Сабақтың мақсаты:

 

1. Білімділік: Студенттердің білім-білік дағдыларын қалыптастыру.


2. Дамытушылық:
Өткен сабақта алған білімдерін еске түсіріп,тиянақтай отырып, студенттердің ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік:  Студенттерді отансүйгіштікке, елжандыққа, патриотизмге  тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: слайдтар,тірек сызбалар,бейнефильмдер     

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1. сәлемдесу.
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

Капитал қоғамдық байлықтың негізгі элементтерінің бірі саналады. Капитал тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді молынан өндіру мақсатымен жасалатын, ұзақ пайдаланылатын ресурс болып табылады. Капиталдың көптеген мәні бар және қандай да бір материалдық игіліктердің қоры («физикалық капитал») ретінде, иесіне кіріс әкелетін ақша сомасы немесе «қаржылық капитал» ретінде түсіндірілуі мүмкін.

Капитал нарығы (market of capital) – ақша қаражатының қаржы нарығында бір жылдан астам мерзімде айналымға түсетін бөлігі. Капиталдар нарығында бос капиталдарды қайта бөлу мен оларды әртүрлі кірістік қаржы активтеріне инвестициялау жүргізіледі.

Капитал нарығының үш негізгі сегменті бөліп көрсетіледі:

  • капиталдық игіліктер нарығы, бұл жерде өндірістік қорлар сатылады және сатылып алынады;
  • капитал – көрсететін қызметтер нарығы, мұнда бұл қорлар белгілі бір төлем үшін жалға берілуі мүмкін;

несиелік қаражаттар немесе несиелік капитал нарығы. Соңғы сегмент капитал нарығын түсіндірудегі негізгі сегмент болып табылады. Өндірістің әрбір факторы, атап өтілгендей, иесі үшін кіріс жасайды.             Несие және оның формалары

Несие (кредит, қарыз) – бұл ақшаны немесе тауарларды қайтарымдылық, ақылы және мерзімділік шарттарымен уақытша пайдалануға берген кезде әртүрлі заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі. Несиенің маңызды қызметтерінің бірі – оның көмегімен уақытша бос ақша қаражаттарын неғұрлым өнімді пайдалануға және айналым шығындарын қысқартуға болатындығында.      Несиенің мынадай негізгі формалары ажыратылады:        Коммерциялық несие – қызмет етуші бір кәсіпорынның басқасына тауарларды төлеуді кейінге қалдырумен сату түрінде беріледі. Бұл – тауарлармен несие. Коммерциялық несиенің мақсаты – тауарларды өткізу мен пайда алуды жылдамдату. Банктік несие – банктердің шаруашылық жүргізуші субъектілерге (несие алушыларға) ақшалай қарыздар беруі. Банктік несие тауар айналымына ғана емес, сондай-ақ капиталдың жинақталуына да қызмет етеді. Өйткені капиталға халықтың және экономикалық субъектілердің жинақтауларының бір бөлігі жұмсалады. Тұтынушылық несие – сауда кәсіпорындарымен халыққа бөліп төлеуге сатқан тауарлары түрінде, сондай-ақ банктер мен арнаулы несиелік институттармен тұтыну тауарларын сатып алу және көрсетілетін қызметтерге төлем жасау үшін (әдетте, 30%-ға дейінгі жоғары пайызға) беріледі.

ІV . Жаңа сабақты бекіту:

Жер сатып алу және сату объектісі ретінде.

Жерге сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

 

Үй тапсырмасы:    Табиғи ресурстар нарығы

 

 

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Өндірушінің экономикалық мәдениеті.

Сабақтың типі: Тәжірибелік

Пәнаралық байланыс: Экономика, менеджмент, саясаттану.

Сабақтың мақсаты: Ресурстарды пайдалана отырып өндірілген өнімдерді тұтынатын – адамдар болып табылатындығын түсіндіру .

1. Білімділік: Экономикадағы тұтынушының алатын орны жайлы мағлұмат беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік ойын арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өзара келісім жасай отырып, топта тату жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: кестелер, слайдтар

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1. сәлемдесу.
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

 

Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

1.Өндіріс факторындағы ресурстар

2. Ресурстардың шектеулігі

 

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

1.      Экономикада тұтынушының алатын орны

2.      Қажеттілікті анықтау

1) Тұтынушы – қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады. Тұтынушының өндірушінің немесе сатушының клиенті болуы міндетті емес. Мысалы, баласына сағат сатып алған ана дүкеннің клиенті болып табылады, ал оның ұлы – тұтынушы.

Сатып алушыларды зерттеу, оларды сатып алуға апаратын негізгі себептерін анықтау және олардың құқықтарын талдау ісі қазіргі нарықта табысты жұмыс істеудің қуатты құралы болады. Сатып алушыларды терең түсінудің өзі фирмаға кең мүмкіндіктер жасайды, атап айтқанда:

·         Әлеуетті тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсартады;

·         Олардың қажеттерін болжауға көмектеседі;

·         Сұранысы көбірек тауарларды шығаруды қамтамасыз етеді;

·         Тұтынушылардың мұқтажын түсініп, оны қанағаттандыру арқылы олардың сеніміне ие болады.

Тұтынушы тауарды оның пайдалылығы үшін тұтынады, яғни тауардың қасиеті тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру қажет.

2) Адам қажеті дегеніміз жеке адамның, әлеуметтік топтың, отбасының және жалпы қоғамның өмір сүруін және қамтамасыз ету үшін белгілі бір заттарға немесе қызметтерге мұқтаждық  деген сөз. Нарық жағдайында адам қажеті оның төлей аларлық сұранысы ретінде әйгіленеді. Қажеттілік құрылымы жөнінде толық біліп отыру үшін оның дамуына әсер ететін факторларды анықтау керек. ол факторларға ұлттық, рухани, тарихи, географиялық, саяси, көптеген фаторлар жатады. Мысалы, жастар мен қарт адамдардың аяқ киімге деген қажеттері әртүрлі. Қажеттерді дұрыс зерттеп, айқындау үшін оларды топтастыруға тура келеді. Мысал ретіндегі төмендегі кестеде бірнеше көрсеткіштер тұрғысынан қажеттердің біраз түрлері көрсетілген.

Қажеттердің түрлері

Қажеттерді бөлу белгілері

Қажеттердің түрлері

Тарихи орнына қарай

Бұрынғы

Қазіргі

Болашақ

Қанағаттандыру деңгейіне сәйкес

Түгел

Жартылай

Қанағаттандырылмаған

Қалыптасу қарқынына қарай

Сирек

Тұрақты

Өте жиі кездесетін

Қажетті қанағаттандыру жолына қарай

Күрделі

Оңай

Қалыптасу түріне қарай

Ашық

Бүркемелі

 

А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы

«Эрудит» ойыны.  Ойынның  барысы:   Оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топтан кезекпе-кезек оқушыларды тақтаға шығарып, тапсырмалар беремін.

1.      1-топқа Кәсіпорын, 2-топқа Экономика сөздерінің әр әріптерінен экономикаға қатысты терминдер құрауға тапсырма беріледі.

2.      Анаграмма, яғни бірнеше сөздердің әріптерінің орындары ауыстырылып беріледі және оның қандай сөз екенін әріптерді құрастыру арқылы табу керек. Қай топ бірінші болса, соған 1 балл қосылады.

3.      2 топқа да ортақ тапсырма. Кесте беріледі және бірнеше терминдер. Осы терминдердің қайсысы қай категорияға жататындығын дұрыс анықтап жазу.

4.      Сөз шектерін қосу. Қай топ бірінші болып сөздердің шектерін дұрыс қосып шығады, сол жеңімпаз болады.

ІV . Жаңа сабақты бекіту:

1.      Тұтынушы деген кім?

2.      Өзің тұтынушы бола аласың ба?

3.      Не үшін тұтынушының қажеттіліктерін анықтау керек.

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Үй тапсырмасы:    Өз қажеттіліктеріңді анықтап, дәптерге жазып келу.

 

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық экономика және оның динамикасы.

Сабақтың типі: Теория

Пәнаралық байланыс: Экономика, менеджмент, саясаттану.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға адамның қажеттілігі, олардың құрылымы және материалдық қажеттіліктердің шексіздігі жайында түсіндіру. Ұлттық экономика ұғымы және экономикалық жүйе ұғымдарына тоқтала отырып, олардың қоғам өмірінде алатын орнын ашып көрсету. 
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. 
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сабаққа деген ынта жігерін арттыру. 

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: кестелер, оқулықтар.

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1. сәлемдесу.
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

 

Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

 

Түсіндіру әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап.

      Материалды  түсіндіру жоспары.

Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.)

Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.

3.      Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0a/AdamSmith.jpg/150px-AdamSmith.jpg

Адам Смит

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі. Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас. Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.)

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды.

Экономикада тұтынушының алатын орны. Қажеттілікті анықтау

ІV . Жаңа сабақты бекіту:

Экономикада тұтынушының алатын орны. Қажеттілікті анықтау.

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Үй тапсырмасы:    Өз қажеттіліктеріңді анықтап, дәптерге жазып келу

Оқытушының қолы ____________________

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

 

Топ

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

6-топ

Сабақтың              өткізілетін

Күні

 

 

 

 

 

 

Пән аты: Қоғамтану

Оқытушы: Д.М. Мирзаметова

Сабақтың тақырыбы: Экономикалық өсім ерекшеліктері. Нарықтық құрылымның типтері.

Сабақтың типі: Теория

Пәнаралық байланыс: Тарих, микроэкономика

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторлары мен модельдері туралы айту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелері туралы түсіндіру.
Тәрбиелік: Республикамыздың экономикасы жайлы айта отырып, студенттерге туған республикамыз туралы, оның экономикасы мен өркендеуі жайлы тереңірек білім бере отырып, болашақ мамандарды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Экономикалық өсу процессі жөнінінде терең ғылыми-танымдық білім қалыптастыру арқылы белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақта қолданылатын  көрнекі құралдар: кестелер, оқулықтар.

Сабақтың  құрылымы мен  мазмұны.

I.Ұйымдастыру  кезеңі: 

1. сәлемдесу.
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін  тексеру:

1. Жиынтық сұраныс және оның түрлері?
2. Жиынтық ұсыныс, оның экономикалық тепе-теңдіктегі рөлі?
3. Ұлттық өндірісті реттеудің негізгі механизмі – классикалық бағыт.
4. Ұлттық өндірісті реттеудің негізгі механизмі – кейнстік бағыт.
5. Тұтыну және жинақтау.
6. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
7. Мультипликатор теориясы.
Сонымен қатар, үйге салыстырмалы анализ жасауға екі мемлекеттің Қазақстанмен Украинаның экономикалық жағдайы берілген

 

Тексеру әдісі: ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру

     III.Жаңа  материалды  түсіндіру.

 Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:

·         меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);

·         шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);

·         тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;

·         шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен;

·         осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен

Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:

1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық, қызметі бойынша:

·         игіліктер мен қызметтер нарығы;

·         өндіріс құралдарының нарығы;

·         ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;

·         құнды қағаздар нарығы;

·         жұмыс күші нарығы.

Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.

Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

ІV . Жаңа сабақты бекіту:     Экономикада тұтынушының алатын орны. Қажеттілікті анықтау.

V.Қорытындылау (білімін бағалау).

Экономикалық өсуді қамтамасыз ететін факторлар:
1.
Табиғи ресурстардың мөлшері мен сапасы.
2. Еңбек ресурстары
3. Капитал
4. Техникалық прогресс
5. Инвестиция

Үй тапсырмасы:   

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты
2. Экономикалық өсудың өлшеу типтері
3. Экономикалық өсудің типтері

Оқытушының қолы ____________________

 

      ПБ төрайымы:  ____________________________

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока "Дүниетанымның құрылымы.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі.Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді.Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан. mso-fareast-language:RU;text-decoration:none;text-underline:none' эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 049 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2020 1910
    • DOCX 136.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саградян Анаит Виллеровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Саградян Анаит Виллеровна
    Саградян Анаит Виллеровна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 81108
    • Всего материалов: 205

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 329 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек