Инфоурок Всеобщая история КонспектыКонспект урока "XX ғ.басындағы қазақтардың ұлт азаттық көтерілістер,саяси партиялар мен қазақ баспасөзі "

Конспект урока "XX ғ.басындағы қазақтардың ұлт азаттық көтерілістер,саяси партиялар мен қазақ баспасөзі "

Скачать материал

 

Пәні:      Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: XX ғ.басындағы қазақтардың ұлт азаттық көтерілістер,саяси партиялар мен қазақ баспасөзі
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: XX ғ.басындағы қазақтардың ұлт - азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсіндіріп, оның ұлт - азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсету, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету.

Тәрбиелік: Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіру арқылы оқушылар бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекі және дидактикалық құралдар: карта, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, слайдтар «Қазақстандағы 1916 ж. ұлт - азаттық қозғалыс» картасы. Көтеріліс басшыларының суреттері мен деректері. Интерактивті тақта.
А. Байтұрсыновтың сөзі: «Қазақ  ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».

Сабақтың түрі: Ашық сабақ, (модульдік оқыту технологиясының элементтері қолданылады)
Сабақтың әдісі: оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану, модульдік оқыту технологиясының элементтерін қолдану негізінде оқушылардың танымдық ой-өрісін дамыту, тірек сызбалармен жұмыс істеуге дағдыландыру,  сатылай кешенді талдау технологиясын тәжірибе жүзінде іске асыру.

Пән аралық байланыс: Әдебиет, география

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (5 мин)
2. Үй тапсырмасын сұрау ( 25 мин)
3. Жаңа сабақ (өзара оқыту) (30мин)
4. Бекіту(10 мин)
5. Қорытындылау (5 мин)
7. Бағалау (5 мин)
8. Үйге тапсырма (1мин)

Сабақтың нәтижесі:
а) оқушы Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың тарихи мәнін түсінеді;
ә) дүниежүзілік ұлт - азаттық қозғалыстармен салыстырып талдау жасай алады;
б) ұлт - зиялыларының ұстанған бағытымен танысып, пікір қалыптастырады;
в) патша өкіметінің отаршылдық саясаты туралы түсінік қалыптасады;
г) қозғалыс басшылары, көтерілістің барысы жөнінде кестелер мен тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы мағлұматтарды тереңірек есте сақтау қабілетіне ие болады.
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу
• Оқушыларды жүрекшелер таңдау арқылы 3 топқа бөлу
Сабақтың өту барысы:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1 – кезең.Ойын шарттарын түсіндіру

«Брейн-ринг» деңгейлеп оқыту ойыны-(модульдік оқыту технологиясының элементі.)

Ойын шарты  үш кезеңнен тұрады.Үш кезеңде үш түрлі ойын ойын көрсетілген.Үстелдің үстінде-бөлікке бөлінген  карточкалар берілген. Карточкалардың қойылу реті: астында-бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстінде екінші деңгейдің сұрақтары (2), ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары (1) жазылған.Үстіңгі сұраққа дайындықсыз жауап беріледі, екінші сұраққа дайындалуға 30 сек уақыт беріледі, астыңғы сұраққа дайындалуға 3 минут уақыт беріледі.

(Үш топтың капитаны өз топтарын,  таныстырады-3 мин)

1.Ұлы жүз

2. Орта жүз

3.Кіші жүз
1топ:
XIX ғ. екінші жартысындағы патша өкіметінің отарлық саясаты
2топ: Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
3топ:
XIX ғ.ғ. Патшалық Ресейдің көші қон саясаты және қазақ ауылының экономикалық дамуы, әл-ауқаты.

ІІІ (жеңілдетілген) деңгейлік тапсырма

«Тұлғаны танып-біл» оқыта үйрету ойыны- (модульдік оқыту технологиясының элементі)

ІІ (орташа) деңгейлік тапсырма

«Миға шабуыл»  ойыны- (модульдік оқыту технологиясының элементі)

І («күрделі») деңгейлік тапсырма

«Тірек белгілер» танымдық ойыны- (модульдік оқыту технологиясының элементі)

 

2-кезең.«Тұлғаны танып-біл» оқыта үйрету ойыны

Интерактивті тақтада суреттер жасырылған ұяшықтар көрсетіледі.Сол ұяшықтарды оқушылар өздері таңдап, суреттер бойынша жауап береді.

Тұлғаны
 таны
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3-кезең. «Миға шабуыл»  ойыны

3-кезең. «Миға шабуыл»  ойыны

I «Ұлы жүз» тобына-

1.Ауыл қанша шаңырақтан құралды?

2.Бүкіл қазақ жері қандай генерал-губернаторлыққа бөлінді?

3. «Дала комиссиясын» кім басқарды?

II «Орта жүз» тобына-

1. Ереже бойынша сот ісіне қандай өзгеріс енгізілді?

2. Орынбор қазақтарының жарғысы (1824 ж)

3.1867-1868 жж Реформа бойынша басқару жүйесі неше сатыдан тұрды? (бес сатылы басқару жүйесі енгізілді)

III «Кіші жүз» тобына-

1.Кіші жүзде хандық билік жойылды (1824 ж)

2.Сібір қырғыздары туралы жарғы (1822 ж)

      3. Кіші жүзде –Бөкей хандығы қай жылы құрылды.(1801-1845ж)


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1.Тақырыбы.  «XX ғ.басындағы қазақтардың ұлт азаттық көтерілістер,саяси партиялар мен қазақ баспасөзі»

2. Тірек сызбасын түсіндіру.
1. Қозғалыстың себептері.
2. Қозғалыстың мақсаты, сипаты мен қозғаушы күштері.
3. Қозғалыстың басталуы мен басшылары. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі көзқарастар.
4. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы.
5. Қозғалыстың жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы.

 

1.Электронды оқулықпен  жұмыс 3-минут

 

Тірек сызба 1 (интерактивті тақта бойынша түсіндіру) 5-минут

Қозғалыстың себептері,Бірінші орыс революциясы,Бірінші дүние жүзілік соғыс,Жердің тартып алуы,Салықтар мен алымдардың көбеюі,Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы,Ұлттық араздықтың көюбеюі,Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының  көбеюі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тірек сызба -2    3-минут

 

 

hello_html_7caa12d6

 

 

Бірінші дүние жүзілік соғыс.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):

Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).

Антанта (Англия, Франция, Россия).

Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

1. 40899244 пұт мақта 
2. 38 мың шаршы аршын киіз 
3. 3 млн. п
ұт мақта майы 
4. 229 мың п
ұт сабын 
5. 300 мың п
ұт ет 
6. 473928 п
ұт балық 
7. 70 мың жылқы 
8. 12797 түйе алынды 
9. 14 мың киіз үй салынды


Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Көтерілістің қозғаушы күші өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, қол-өнершілер болды.

Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды:

1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 
2. Революцияшыл топ өкілдері 
- Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 
3. Либералдық-демократиялық 
зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:

1. Жетісуда – Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков. 
2. Т
орғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов. 
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 
4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.

 

Жетісудағы көтеріліс.

1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.

Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:

1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 
2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 
3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.

Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.

Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.

Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.

Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.

Торғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалды.

Салдары: 
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. 
-161-і каторгаға айналды. 
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:

1. Көтеріліс бытыраңқы болды. 
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 
5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады. 
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

Көтерілістің тарихи маңызы 
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 
4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды
.

Россиядағы 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан. 1917 жылғы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар.

Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.

1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.

1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.

Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.

Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).

Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.

Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.

Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.

 

Тірек сызба 3.  3-минут

 

Уақытша үкіметтің жүргізген  шаралары

 

1917 жылы 14 наурыз

«Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды

1917 жылы 18 наурыз

«1916 ж. көтеріліс кезінде күш көрсеткен орыстарға кешірім беру туралы» қаулы

1917 жылы 20 наурыз

«Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды. 

1917 жылы 5 мамыр

«Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы

1917 жылы 8 қыркүйек

«Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. сомы-150000  – орыс халқына).

 

 

Тірек сызба 4. 3-минут

1917 жылғы құрылған партиялар

Р/с

Саяси партиялар мен ұйымдар

Құрылған уақыты

Ұстанған бағыты

Төрағалары

1

Алашорда

1917 ж

Қазақтар Ресей құрамында автономия алуы тиіс

Ә.Бөкейханов

2

Үш жүз

1917

Кеңес өкіметін жақтады

К.Тоғысов

3

Большевиктер

(КОКП)

1903

Ресейде және ұлт аймақтарында кеңес өкіметін орнату

В.И.Ленин

4

Эсерлер

 (социалист-революционерлер)

1900-1902

Ұраны: Жер оны өңдейтіндерге берілсін

В.М.Чернов

5

Кадеттер партиясы

(Конституцияшыл-демократиялық)

1905

Ресей конституциялық монархия болуға тиіс

П.Н.Милюков

6

Түркістан Федералистер партиясы (тұңғыш мұсылман партиясы)

1917

Түркістан Федерациялық  Парламенттік республика болуы тиіс

Зәки Валидов

 

 Сатылай кешенді талдау технологиясы

Ә.Бөкейханов

 

Тірек сызба 5. 3-минут

1917 жылы құрылған ұйымдар

Ұйымның атауы

Орналасқан жері

Ұйымдастырушылар

«Қара жұмысшылар одағы»

Верный

Ж.Бабаев

«Солдаттардың орыс мұсылман ұйымы» 800 жауынгер

Сергиополь, Аягөз

 

«Жас арбакештер одағы»

Петропавл

 

«Қазақ жастарының революциялық одағы»

Әулиеата мен Мерке

Т.Рысқұлов

«Жас қазақ»

Ақмола

А.Асылбеков, С.Сейфуллин

«Талап»

Петропавл, Қызылжар

 

«Жас жүрек»

Спасск

 

Кадеттер

Семейде «Свободная речь» газетін шығарды

 

Эсер

Черняевтан (Шымкент)басқа кеңестердің бәрі қолдарында болды

«жер оны өңдейтіндерге берілсін!»

 

Ұлттық зиялы қауым өкілдері қазақ ауылының саяси өмірге тартылуын тездетті.

1909 жылы шілдеде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды. 1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1900 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабі, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты жинағы шықты. 1913 жылы наурызда «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырып, редакторы болды. «Қазақ» газеті (1913-1918 жылдар) либералдық– демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді.

Аграрлық мәселеде қойған талаптары:

1. Жерге мемлекеттік меншікті жою. 
2. Жерді сатуға тыйым салу.

1911-1915 жылдары шығып тұрған (редакторы М.Сералин) «Айқап» журналы аграрлық- демократиялық бағытты білдірді. Журнал қызметкерлері – Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин отаршылдық саясатты әшкерелей отырып, негізгі мәселелерді қарастырды.

1. Аграрлық қатынастар. 
2. Ағарту мен білім беру ісі. 
3. Қазақ ауылдарында товар-ақша қатынастарын дамыту.

1905-1907 жылдардағы революциянық қозғалысқа қатысушы Міржақып Дулатұлының саяси бағытта жазылған шығармалары: «Бақытсыз Жамал» романы (1910 ж.), «Азамат» өлеңдер жинағы (1913 ж.), «Оян, қазақ», «Терме» әдеби-публицистикалық туындысы. М. Дулатұлы 1915 жылы патша үкіметінің аграрлық саясатын өткір сынағандықтан құғынға ұшырап, Семейде, Омбыда, Қарқаралыда болып, қазақ еңбекшілерінің саяси бағытын анықтауда ерекше роль арқарды.

Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар .

Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтұрсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.

«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.

1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.

 

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер : 
1. Мемлекеттік басқару формасы. 
2. Автономия құру мәселесі. 
3. Жер мәселесі. 
4. Халық милициясын құру. 
5. Сот ісі. 
6. Дін мәселесі. 
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау. 
8. Құрылтай жиналысын шақыру. 
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы. 
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек. 
11. Халық ағарту ісі. 
12. Земство
Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.

 

Уақыты

Өткен жері

Қаралған мәселелер

1917 жылы сәуір

Қазақтардың Жетісу облыстық сьезі

Қазақ-орыс қатынастарын реттеу, босқындарды Қытайдан қайтару сот ісі, білім мен ағарту ісі, аграрлық мәселе, өзін-өзі басқару

1917 жылы27-сәуір-7-мамыр

Қазақтардың Семей облыстық сьезі

Автономия құру, Ресейдегі ұлыстардың еркіндігі, теңдігі және ерекшелігіне қарай қайта құру мүмкіндігі.дала генерал-губернаторлығы және приставтар, урядниктерді тарату

1917 жылы 21-26 шілде

Орынборда 1 жалпықазақ сьезі

Мемлекетті басқару, қазақ автономиясын құру, жермәселесі білім беру, сот ісі, дін мәселесі. «алаш» партиясынқұру оның бағдарламасын жасау, халық  милициясын құру, Қытайдағы 83 мың босқындарды қайтару

1917 жылы сәуір

Мұсылмандар сьезі (ақпан төңкерісінен кейін жанданды)

Түркістан, Башқұрстан, Татарстан, Кавказда

1917 жылы мамыр

Мұсылмандардың Бүкілресейлік сьезі

Соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру,  мұсылман әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру

 

IV. Сабақты бекіту.

1.1916 жылғы қозғалыстың себебін түсіндір.

2.1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы.

3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды?

4. «Алаш» партиясының мүшелері.

5. 1916 жылғы маусымдағы патша Жарлығын көрсет

      6. Қозғалыстың Торғай уезіндегі көтерілісіне басшылық еткендер

V. Қорытындылау.

Кадеттер партиясы , Алаш партиясы, «Үш жүз» қазақ социалистік партиясы, «Ерік» Түркістан социалистік партиясы, «Шуро и Ислами» ислам партиясы, «Федералистердің түрік партиясы» , «ЕСЕП», «Жас тұлпар», «Жас ұлан», «Жас қазақ» ұйымдарының күресінің ақыры, 1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының көтерілісіне ұласып, бұл артынша бұрынғы «бауырлас» республикалардың бәріне тарап, ақыры Кеңестер Одағы деген алып империяның құлауына алып келді. Кейбіреулер айтқандай, Тәуелсіздік біздерге тектен-текке келе қалған жоқ. Мұнда сансыз азаматтардың төгілген қаны мен көрген азабы жатыр. Тарихи ғұмырында талай зар-замандарды басынан көп кешкен қазақ халқы үшін бұл тәуелсіздіктен қымбат ешнәрсе жоқ. Ендеше, біз мұны ардақтай да, жан сала қорғай да білуіміз керек.


VI. Бағалау.

Сабаққа қатысып отырған әр баланы бағалау және түсінік беру


VII. Үйге тапсырма

Қазақтың зиялы қауымдары туралы эссе жазып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока "XX ғ.басындағы қазақтардың ұлт азаттық көтерілістер,саяси партиялар мен қазақ баспасөзі ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 620 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Конспект учебного занятия по истории Приднестровского региона
  • Учебник: «История. Профессиональное образования. Часть 2», Артемов В.В., Лубченков Ю.Н.
  • Тема: § 57. Внешняя политика России во второй четверти XIX в.
  • 30.12.2020
  • 559
  • 3
«История. Профессиональное образования. Часть 2», Артемов В.В., Лубченков Ю.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2020 1047
    • DOCX 181.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Козлов Валерий Александрович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Козлов Валерий Александрович
    Козлов Валерий Александрович
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69555
    • Всего материалов: 201

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 69 регионов

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 32 регионов

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов