Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Другое / Конспект по казахскому языку на тему " Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы еңбек тәрбиесі "

Конспект по казахскому языку на тему " Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы еңбек тәрбиесі "

Курсы профессиональной переподготовки от Московского учебного центра "Профессионал"

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования только до 31 августа действуют скидки до 50% при обучении на курсах профессиональной переподготовки (184 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: ВЫБРАТЬ КУРС



Ж О С П А Р:

КІРІСПЕ

1.Негізгі бөлім

1.1.Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы еңбек тәрбиесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




















К І Р І С П Е

Егемен, тәуелсіз еліміздің алдында тұрған сан-алуан міндеттерді шешуде жастардың рөлі ерек. Жастар – болашақ кілті, еліміздің жарқын келешек өмірінің айнасы. Олар қандай берік болса, мемлекетіміздің де болашағы сондай берік болмақ. Ал жастардың білімді, тәрбиелі, саналы, мәдениетті, жан – жақты болуы үшін тәлім – тәрбиенің атқаратын қызметі ерен.

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш – қуаты мен саясатына тәуелді. Олай болса, тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.Оның ішінде ішінара бөліп атап айтсақ – еңбек тәрбиесі.

Еңбектің адам өміріндегі басты маңызы – адамның адам болып қалуында. Үлкендер кішілерге айту арқылы еңбекке баулиды. Сонымен қатар әртүрлі көркем әдеби шығармалар да жас қауымды еңбекке шақырады. Осындай мазмұнды, терең мағыналы шығармалар авторы, әдебиет әлемінің могиканы, қазақ елінің «дала қоңырауы» атанған тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсарин халқымыздың санасында ойып тұрып орын алады. Ыбырай адамилық қасиет, бірлік, еңбек, жақсылық пен ізгілік, жан мен ар тазалығы жайында көптеп қалам тербеткен. Оның творчествосынан бізге жеткен дүниелері біршама. Қазіргі таңда сол шығармалардан халқымыз, яғни біз сусындап өсіп келеміз.


Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы еңбек тәрбиесі

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.

Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегі Ыбырай Алтынсаринның еңбегі ұшан теңіз.Сонымен қатар көрнекті ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау ісінде де орасан зор үлес қосты. Жалғыз поэзия жанрында ғана емес, көркем прозаның қалыптасуына да Ы. Алтынсарин ат салысты.

Ыбырай Алтынсарин көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың ақындық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу, өнер, білім және еңбек мәселесмен сабақтас.

Ыбырай Алтынсарин шығармалары алғаш рет 1879 жылы Орынбор қаласында орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» деген атпен жарияланды.

Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы еңбектің маңызын түсіндіріп, жалқаулық пен еріншектік атаулыға қарсы шықты.

Бір аллаға сиынып

Кел балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Сиса көйлек үстінде

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған.

Өнер-білім бәрі де

Оқуменен табылған.


Ыбырайдың ұғындыруынша оқу, өнер қиындықсыз, оп-оңай түсер тегін нәрсе емес, оған адамды төзімді күрес пен қажырлы еңбек арқылы ғана жетеді. Сауысқан екеш сауысқан да өз тамағын еңбектеніп, шоқумен табады. Үстіңе киер киім дееңбек жемісі, ол да тоқумен табылған... Жалықпай ізденіп, ерінбей еңбек ету арқылы ғана өнерлі, бақытты болмақшы. Адамға еңбек етупарыз. Еңбексіз еш нәрсе өнбейді, еңбекөмір кілті. Оқуға, өнерге жеткізетін де осы еңбек.

Ақынның «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» деген өлеңінің мәні де терең. Мұнда ол еңбек салтанаты мен адалдықты, шындықты жырлайды, халқын берекесіз, жұғымсыз істен аулақ болып, игілікті еңбегімен, өз күшімен күн көруге, шындық үшін жан беруге, адал өмір сүруге шақырады. Ақын бұл өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті жоюдың жолын еңбекке негізделген парасатты өмір үстемдігінен іздейді.


Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен.

Кете бар кессе басың шындықпенен.

Қорек тап бейнеттен де, тәңірің жәрдем,

Телмірме бір адамға мұңдықпен!


Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тілі қарапайым, жатық та, тартымды. Ақын айтайын деген ойын оқушысының көңіліне құйып, қолыңа нық ұстатқандай әсер қалдырады.


Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде де елеулі орын алады. Ыбырайға дейінгі шын мәніндегі көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптасқан жоқты. Ыбырай қазақ прозасының еуропалық шағын түрін қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Көркем әңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі көркем прозасы Ыбырай әңгімелерінен басталады деу орынды.

Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, адалыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға шақырады.

Жазушы түсінігі бойынша, әр адам өз еңбегімен күн көріп, кәсібін өнерін жетілдіруге тиіс. Малын бағып, жерін өңдеп,саудасын жасап, бейбіт еңбек етсе ғана адам мұратына жетеді. Барымта, зорлық, ұрлық адал адам түсер жол емес. Ондайдан аулақ болу керек. Жазушы өзінің өлеңдеріндегі сияқты, әңгімелерінде де еңбекті негізгі мәселе деп көтереді. Адамды мұратқа жеткізетін ең бір құдіретті күш еңбек деп біледі. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің негізгі түйіні – елді отырықшылыққа, егіншілікке баулып, еңбекпен тапқан нанның қадіріне көз жеткізу. Сейітқұлдың барлық іс-әрекеті бірлік пен ынтымақтықты тірліктің тірегі деп көрсетеді. Оның елдің ерніне нан тигізіп, жолшылықтан құтқаруы да егіншілікті кәсіп етіп, еңбектене білуінен. Ыбырай шығармаларынан әрдайым осындай бір еңбек, өнер адамдарының үлгілі бейнелері мен кемеңгер жазушының келелі ой, даусыз қорытындылары көрініп тұрады.

Ыбырайдың ұстаздарының бірі атақты педегог К.Д.Ушинский де еңбекке негізделген тәлім – тәрбиені қуаттайды. Ол өзінің «...ерікті еңбек адамның өмірі үшін маңызды рөлді атқарады, еңбексіз адам өзінің барлық адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Еңбек адамның жетілуі үшін керекті жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге адамның ар-ұятын өз дәрежісінде сақтап тұруға да көмектеседі. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адым да ілгері баса алмайды, қайта кері кетеді»- деген болатын. Ыбырай Алтынсариннің еңбекке көзқарасы да осындай ұстаздық идея негізінде жүйеленді. Ол өз шығармаларында еңбектің мәнін түсіндіру, халықты еңбекке баулу мақсатын көздеді.

Еңбек тақырыбындағы «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», т.б. әңгімелері – өзінің өнегелігімен, образдылығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол көркем шығармалар.

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде баланы ұшқан құс, түрлі жәндіктердің тіршіліктерімен таныстырады, олардың әрекеттерін мысал етіп, баланы еңбекті сүюге тәрбиелейді. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де босқа жүруге тиіс емессің, жұмыс істеуге дағдылану керек деп, балаға түсінікті, әсерлі мысалдармен еңбек туралы ой салады.

«Дүние қалай етсең табылады» атты әңгімесінде көшеде жүрген жұмысы, үй-жайы жоқ Антон деген қайыршыға еңбектің арқасында ескі – құсқыны жиып – сатып, дүние тауып, адам болғандығын бас кейіпкер баяндайды. Уақыт өте келе әлгі қайыршы үлкен жетістіктерге жетіп, өмірде өз орнын табады. Автор кейіпкердің тағдырын мысал ете отырып, бізді де еңбек етіп, талаптануға шақырады.

«Байлық» деген әңгімесінде: ерте кезде бір дана адам өлер алдында баласына: «Шырағым, жер астында көмген көп қазынам бар. Соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың», - дейді. Әлгі бала әкесі өлген соң ертелі-кеш үйдің маңын қаза беріпті. Бірақ көмілген мол қазынаны еш жерден таба алмапты. Ақыры көпті көрген бір қарт адамға келіп, әкесінің өсиеті туралы айтады. Сонда қария тұрып:

«Балам, сен әкеңнің өсиетін түсінбеген екенсің. Оның мәнісі былай. Әкең саған мирасқа жер қалдырыпты. Сол жерді күшің жеткеніңше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып еңбек етсең, уақытында өнімін шашпай жинап алсаң, көп байлыққа кез боласың. Аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте дегені еді ғой ол», - депті.

Әкесінің өсиетін баласы сонда ғана түсініп, ыждаһаттықпен орындауға кірісіпті.

Жазушы еңбек адамын өмір тәжіибесі мол, табиғат сырларын түсіне білетін, кіші пейіл, мейірімді етіп көрсетеді.

Ыбырай шығармашылығында еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерінің ішіндегі ең биік шыңы - «Бай мен жарлы баласы».

Асан – бай баласы. Ол өмірдің қиыншылығын көрмеген. Екі қолын жылы суға малып, алдындағы асын алып ішуге ерінетін ерке. Әке дәулетінің арқасында жоқшылықтың не екенін білмей шолжаңдап өскен, икемсіз арамтамақ. Еңбекке ынтасы да жоқ. Естігенін ұмытып, көргенін көңілге тоқымайды. Қиыншылық кездессе, бар қолына келері – жер тепкілеп жылау.

Ал Үсен – кедей баласы. Ол өмір мектебінен өткен. Басына түскен қиыншылықтан құтылудың жолын да ойластыра біледі. Тамақты қалай тауып жеу керек, қорқыныштан қлай сақтану керек – бәрінің амалын біледі. Ол Асанға тұзақ, қармақ жасау және оны қалай қолдану, от жоқ жерде қалай от жағу әдісін көрсетеді.

Алтынсариннің қоғамдық өмірді тануда озық позицияда болғанын осы әңгімесі – ақ танытады. Сол кездегі қазақ қоғамындағы таптардың ара жігін ашып, бай мен кедей туралы сөз болған кезде ақынның кедейлердіқолдап шығатыны әңгімеден айқын көрініп тұр.

Бұл әңгіменің тәрбиелік түйіні: егер өзіңді-өзің еңбекке, ұқыптылыққа баулып, шынығып өссең, Үсен сияқты өмірге икемді, қиыншылыққа мойымайтын, өршіл боласың. Ал еңбексіз арамтамақтықпен өссең, Асанға ұқсап қабілетсіз, икемсіз енжар боласың деген тұжырымға келіп тіреледі.

Ыбырай халқына шаруа жайын, кәсіп түрлерін де көрсетіп, оларға әрдайым ақылын айтып отырады. Халық айналысар адал кәсіп деп жер шарушылығын ұсынады. Сондай-ақ отырықшылық өмірдің артықшылығын мадақтап, халқының көшпелілік салтына жаңалық енгізбек болды. Осы мақсаттарын жазушы «Киіз үй мен ағаш үй» атты әңгімесі арқылы уағыздайды.

Мәселен, осы әңгімеде кәсіп мәселесі мен отырықшылық тұрмысқа айналу қажеттігін сөз қылады. Жазушы ойы – айқын. Бір жерді түпкілікті мекен еткен, көшіп-қонуды қойған ел үшін киіз үйден ағаш үй әлдеқайда артық. Өз еліңнің бойындағы жарамды салты керекті бұйымдарын жоймай, басқа елдің жетістіктерімен ұштастырып қолдана біл және оған сені ерінбей еткен еңбек кәсіп қана жеткізеді.

Ыбырай Алтынсарин – жалаң үгіттің ақыны емес, ол өз кезінің ең әсерлі ықпалды жаңашыл жзушы. Оқушы жастардан бастап, бүкіл халыққа пайдалы ең жақсы әдет-салттарды, өмірге тиімді кәсіп түрлерін, озық оқу-білім, адамгершілік қасиеттерді дәуір ұсынған ең келелі, керекті жаңа тілектерді айта білді.

«Жақсы әдетті балалардың бойына сіңіруде жанды мысалдан артық әсерлі күш жоқ» деген К.Д.Ушинский пікірін жазушы жан-тәнімен қостады.

Ыбырай шашқан тәлім-тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ. Ыбырайдың еңбек, ғылым, өнер жолында аңсаған арманы ең сенімді қолдаушыларын тауып, еңбек үстемдік еткен қоғамда мүлтіксіз жүзеге асырылады.

Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер. Аса қажырлы қоғам қайраткері заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы, өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.




































Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Х.Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы «Санат» 2006 ж.

2.М.Мағауин, М.Бәйділдаев «Бес ғасыр жырлайды» (2 том) Алматы «Қазақ ССР баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті, бас редакциясы РББ» 1991 ж

3.Ыбырай Алтынсарин «Әңгімелер» Алматы «Мектеп», 1980 ж

4.Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ» Алматы «Жалын», 1985 ж

5.Учебник-хрестоматия для 6 класса средней школы. (на казахском языке) Алматы, «Рауан», 1989 ж

6. Қыздар педагогикалық университеті. Жалпы педагогика кафедрасы. «Педагогика:Көрнекі әдістер жинағы» Алматы 2009 ж











  • Другое
Описание:

Ж О С П А Р:

КІРІСПЕ

1.Негізгі бөлім

1.1.Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы еңбек тәрбиесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

К І Р І С П Е

Егемен, тәуелсіз еліміздің алдында тұрған сан-алуан міндеттерді шешуде жастардың рөлі ерек. Жастар – болашақ кілті, еліміздің жарқын келешек өмірінің айнасы. Олар қандай берік болса, мемлекетіміздің де болашағы сондай берік болмақ. Ал жастардың білімді, тәрбиелі, саналы, мәдениетті, жан – жақты болуы үшін тәлім – тәрбиенің атқаратын қызметі ерен.

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш – қуаты мен саясатына тәуелді. Олай болса, тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.Оның ішінде ішінара бөліп атап айтсақ – еңбек тәрбиесі.

Еңбектің адам өміріндегі басты маңызы – адамның адам болып қалуында. Үлкендер кішілерге айту арқылы еңбекке баулиды. Сонымен қатар әртүрлі көркем әдеби шығармалар да жас қауымды еңбекке шақырады. Осындай мазмұнды, терең мағыналы шығармалар авторы, әдебиет әлемінің могиканы, қазақ елінің «дала қоңырауы» атанған тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсарин халқымыздың санасында ойып тұрып орын алады. Ыбырай адамилық қасиет, бірлік, еңбек, жақсылық пен ізгілік, жан мен ар тазалығы жайында көптеп қалам тербеткен. Оның творчествосынан бізге жеткен дүниелері біршама. Қазіргі таңда сол шығармалардан халқымыз, яғни біз сусындап өсіп келеміз.

Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы еңбек тәрбиесі

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.

Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегі Ыбырай Алтынсаринның еңбегі ұшан теңіз.Сонымен қатар көрнекті ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау ісіндеде орасан зор үлес қосты. Жалғыз поэзия жанрында ғана емес, көркем прозаның қалыптасуына да Ы. Алтынсарин ат салысты.

Ыбырай Алтынсаринкөрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың ақындық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу, өнер, білім және еңбек мәселесмен сабақтас.

Ыбырай Алтынсарин шығармалары алғаш рет 1879 жылы Орынбор қаласында орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» деген атпен жарияланды.

Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы еңбектің маңызын түсіндіріп, жалқаулық пен еріншектік атаулыға қарсы шықты.

Бір аллаға сиынып

Кел балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Сиса көйлек үстінде

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған.

Өнер-білім бәрі де

Оқуменен табылған.

Ыбырайдың ұғындыруынша оқу, өнер қиындықсыз, оп-оңай түсер тегін нәрсе емес, оған адамды төзімді күрес пен қажырлы еңбек арқылы ғана жетеді. Сауысқан екеш сауысқан да өз тамағын еңбектеніп, шоқумен табады. Үстіңе киер киім де – еңбек жемісі, ол да тоқумен табылған... Жалықпай ізденіп, ерінбей еңбек ету арқылы ғана өнерлі, бақытты болмақшы. Адамға еңбек ету – парыз. Еңбексіз еш нәрсе өнбейді, еңбек – өмір кілті. Оқуға, өнерге жеткізетін де осы еңбек.

Ақынның «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» деген өлеңінің мәні де терең. Мұнда ол еңбек салтанаты мен адалдықты, шындықты жырлайды, халқын берекесіз, жұғымсыз істен аулақ болып, игілікті еңбегімен, өз күшімен күн көруге, шындық үшін жан беруге, адал өмір сүруге шақырады. Ақын бұл өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті жоюдың жолын еңбекке негізделген парасатты өмір үстемдігінен іздейді.

Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен.

Кете бар кессе басың шындықпенен.

Қорек тап бейнеттен де, тәңірің жәрдем,

Телмірме бір адамға мұңдықпен!

Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тілі қарапайым, жатық та, тартымды. Ақын айтайын деген ойын оқушысының көңіліне құйып, қолыңа нық ұстатқандай әсер қалдырады.

Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде де елеулі орын алады. Ыбырайға дейінгі шын мәніндегі көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптасқан жоқты. Ыбырай қазақ прозасының еуропалық шағын түрін қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Көркем әңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі көркем прозасы Ыбырай әңгімелерінен басталады деу орынды.

Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, адалыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға шақырады.

Жазушы түсінігі бойынша, әр адам өз еңбегімен күн көріп, кәсібін өнерін жетілдіруге тиіс. Малын бағып, жерін өңдеп,саудасын жасап, бейбіт еңбек етсе ғана адам мұратына жетеді. Барымта, зорлық, ұрлық адал адам түсер жол емес. Ондайдан аулақ болу керек. Жазушы өзінің өлеңдеріндегі сияқты, әңгімелерінде де еңбекті негізгі мәселе деп көтереді. Адамды мұратқа жеткізетін ең бір құдіретті күш еңбек деп біледі. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің негізгі түйіні – елді отырықшылыққа, егіншілікке баулып, еңбекпен тапқан нанның қадіріне көз жеткізу. Сейітқұлдың барлық іс-әрекеті бірлік пен ынтымақтықты тірліктің тірегі деп көрсетеді. Оның елдің ерніне нан тигізіп, жолшылықтан құтқаруы да егіншілікті кәсіп етіп, еңбектене білуінен. Ыбырай шығармаларынан әрдайым осындай бір еңбек, өнер адамдарының үлгілі бейнелері мен кемеңгер жазушының келелі ой, даусыз қорытындылары көрініп тұрады.

Ыбырайдың ұстаздарының бірі атақты педегог К.Д.Ушинский де еңбекке негізделген тәлім – тәрбиені қуаттайды. Ол өзінің «...ерікті еңбек адамның өмірі үшін маңызды рөлді атқарады, еңбексіз адам өзінің барлық адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Еңбек адамның жетілуі үшін керекті жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге адамның ар-ұятын өз дәрежісінде сақтап тұруға да көмектеседі. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адым да ілгері баса алмайды, қайта кері кетеді»- деген болатын. Ыбырай Алтынсариннің еңбекке көзқарасы да осындай ұстаздық идея негізінде жүйеленді. Ол өз шығармаларында еңбектің мәнін түсіндіру, халықты еңбекке баулу мақсатын көздеді.

Еңбек тақырыбындағы «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», т.б. әңгімелері – өзінің өнегелігімен, образдылығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол көркем шығармалар.

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде баланы ұшқан құс, түрлі жәндіктердің тіршіліктерімен таныстырады, олардың әрекеттерін мысал етіп, баланы еңбекті сүюге тәрбиелейді. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де босқа жүруге тиіс емессің, жұмыс істеуге дағдылану керек деп, балаға түсінікті, әсерлі мысалдармен еңбек туралы ой салады.

«Дүние қалай етсең табылады» атты әңгімесінде көшеде жүрген жұмысы, үй-жайы жоқ Антон деген қайыршыға еңбектің арқасында ескі – құсқыны жиып – сатып, дүние тауып, адам болғандығын бас кейіпкер баяндайды. Уақыт өте келе әлгі қайыршы үлкен жетістіктерге жетіп, өмірде өз орнын табады. Автор кейіпкердің тағдырын мысал ете отырып, бізді де еңбек етіп, талаптануға шақырады.

«Байлық» деген әңгімесінде: ерте кезде бір дана адам өлер алдында баласына: «Шырағым, жер астында көмген көп қазынам бар. Соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың», - дейді. Әлгі бала әкесі өлген соң ертелі-кеш үйдің маңын қаза беріпті. Бірақ көмілген мол қазынаны еш жерден таба алмапты. Ақыры көпті көрген бір қарт адамға келіп, әкесінің өсиеті туралы айтады. Сонда қария тұрып:

«Балам, сен әкеңнің өсиетін түсінбеген екенсің. Оның мәнісі былай. Әкең саған мирасқа жер қалдырыпты. Сол жерді күшің жеткеніңше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып еңбек етсең, уақытында өнімін шашпай жинап алсаң, көп байлыққа кез боласың. Аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте дегені еді ғой ол», - депті.

Әкесінің өсиетін баласы сонда ғана түсініп, ыждаһаттықпен орындауға кірісіпті.

Жазушы еңбек адамын өмір тәжіибесі мол, табиғат сырларын түсіне білетін, кіші пейіл, мейірімді етіп көрсетеді.

Ыбырай шығармашылығында еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерінің ішіндегі ең биік шыңы - «Бай мен жарлы баласы».

Асан – бай баласы. Ол өмірдің қиыншылығын көрмеген. Екі қолын жылы суға малып, алдындағы асын алып ішуге ерінетін ерке. Әке дәулетінің арқасында жоқшылықтың не екенін білмей шолжаңдап өскен, икемсіз арамтамақ. Еңбекке ынтасы да жоқ. Естігенін ұмытып, көргенін көңілге тоқымайды. Қиыншылық кездессе, бар қолына келері – жер тепкілеп жылау.

Ал Үсен – кедей баласы. Ол өмір мектебінен өткен. Басына түскен қиыншылықтан құтылудың жолын да ойластыра біледі. Тамақты қалай тауып жеу керек, қорқыныштан қлай сақтану керек – бәрінің амалын біледі. Ол Асанға тұзақ, қармақ жасау және оны қалай қолдану, от жоқ жерде қалай от жағу әдісін көрсетеді.

Алтынсариннің қоғамдық өмірді тануда озық позицияда болғанын осы әңгімесі – ақ танытады. Сол кездегі қазақ қоғамындағы таптардың ара жігін ашып, бай мен кедей туралы сөз болған кезде ақынның кедейлердіқолдап шығатыны әңгімеден айқын көрініп тұр.

Бұл әңгіменің тәрбиелік түйіні: егер өзіңді-өзің еңбекке, ұқыптылыққа баулып, шынығып өссең, Үсен сияқты өмірге икемді, қиыншылыққа мойымайтын, өршіл боласың. Ал еңбексіз арамтамақтықпен өссең, Асанға ұқсап қабілетсіз, икемсіз енжар боласың деген тұжырымға келіп тіреледі.

Ыбырай халқына шаруа жайын, кәсіп түрлерін де көрсетіп, оларға әрдайым ақылын айтып отырады. Халық айналысар адал кәсіп деп жер шарушылығын ұсынады. Сондай-ақ отырықшылық өмірдің артықшылығын мадақтап, халқының көшпелілік салтына жаңалық енгізбек болды. Осы мақсаттарын жазушы «Киіз үй мен ағаш үй» атты әңгімесі арқылы уағыздайды.

Мәселен, осы әңгімеде кәсіп мәселесі мен отырықшылық тұрмысқа айналу қажеттігін сөз қылады. Жазушы ойы – айқын. Бір жерді түпкілікті мекен еткен, көшіп-қонуды қойған ел үшін киіз үйден ағаш үй әлдеқайда артық. Өз еліңнің бойындағы жарамды салты керекті бұйымдарын жоймай, басқа елдің жетістіктерімен ұштастырып қолдана біл және оған сені ерінбей еткен еңбек кәсіп қана жеткізеді.

Ыбырай Алтынсарин – жалаң үгіттің ақыны емес, ол өз кезінің ең әсерлі ықпалды жаңашыл жзушы. Оқушы жастардан бастап, бүкіл халыққа пайдалы ең жақсы әдет-салттарды, өмірге тиімді кәсіп түрлерін, озық оқу-білім, адамгершілік қасиеттерді дәуір ұсынған ең келелі, керекті жаңа тілектерді айта білді.

«Жақсы әдетті балалардың бойына сіңіруде жанды мысалдан артық әсерлі күш жоқ» деген К.Д.Ушинский пікірін жазушы жан-тәнімен қостады.

Ыбырай шашқан тәлім-тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ. Ыбырайдың еңбек, ғылым, өнер жолында аңсаған арманы ең сенімді қолдаушыларын тауып, еңбек үстемдік еткен қоғамда мүлтіксіз жүзеге асырылады.

Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер. Аса қажырлы қоғам қайраткері заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы, өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Х.Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы «Санат» 2006 ж.

2.М.Мағауин, М.Бәйділдаев «Бес ғасыр жырлайды» (2 том) Алматы «Қазақ ССР баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті, бас редакциясы РББ» 1991 ж

3.Ыбырай Алтынсарин «Әңгімелер» Алматы «Мектеп», 1980 ж

4.Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ» Алматы «Жалын», 1985 ж

5.Учебник-хрестоматия для 6 класса средней школы. (на казахском языке) Алматы, «Рауан», 1989 ж

6. Қыздар педагогикалық университеті. Жалпы педагогика кафедрасы. «Педагогика:Көрнекі әдістер жинағы» Алматы 2009 ж

Автор Абдираимова Мархабо Туламетовна
Дата добавления 27.11.2017
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 387
Номер материала MA-072371
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы