Инфоурок Другое Другие методич. материалыКОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА ПӘНІ, ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ. КОГНИТИВТІКЛИНГВИСТИКАНЫҢ КАЛЫПТАСУ

КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА ПӘНІ, ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ. КОГНИТИВТІКЛИНГВИСТИКАНЫҢ КАЛЫПТАСУ

Скачать материал

КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА ПӘНІ, ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ. КОГНИТИВТІКЛИНГВИСТИКАНЫҢ КАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Рахышова Мадина Маратбековна

Глубокий ауданы «Прапорщиково орта мектебі» КММ

Когнитивизм – адам ақыл ойын, олармен байланысты ментальды процестерді зерттеу объектісі етіп алган ғалымдарға бағытталады.  Қазіргі кезде ғылым салаларында «когнитивті төңкеріс» туралы сөз болуда. Американдық белгілі ғалым Н.Хомский: «Когнитивтік төңкеріс ақыл – ой  мен мыйдың жағдайын, олардың адамның когнитивтік болмысына: біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді» (Хомский, 1999) деп жазды. Адамның білімі мен түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивтік немесе когницизм деп аталады. Оларға «интеллектуалды», «менталды», «талдамалы» терминдері синоним бола алады.

Адам интелектісімен, ойлау заңдылығымен ерте заманнан бері логика, филасофия, физиология,психология айналысып келеді. Филасофияда таным теориясымен айналысатын гносеология бөлімі бар. Алайда когнивистика аясында байырғы мәселелер жағңаша түсіндіріле тібасталды.

Когнивистикада адами когницияға басты мән беріледі, ол тек бақылауға алынған іс – әрекет деңгейінде зерттеліп қоймай, оның менталды репрезентациясы (ішкі қабылдау, модель), символы, даму стратегиясы (білім негізінде жүзеге асатын іс – әрекет) , адамның когнитивтік әлемі, тілдің белсенділік әрекетімен ілгерілеп отыратын мінез – құлқы мен іс – әрекеті бойынша зерттеліп, мотивтері мен қалыптасу нәтижесі қатар қаралады.

1960 жылы американдық профессорлар Дж. Миллер мен Дж. Бруннер Гарвард университетінде когнитивтік зерттеудің алғашқы орталығын құрды.

20 ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала басталды. Сөйтіп, когнитивтік лингвистика антропоцентристік парадигма аясында когнитивизм аясында пайда болды. Когниция – когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы. Ол білім мен ойлаудың тіл арқылы танылуын қарастырады. Сондықтан да когнитивизм тіл білімімен тығыз байланысты. Тіл – мәдениет пен қоғамнан да жоғары дәрежеде адам танымы мен мінез – құлқына жол ашады.

Адам санасы мен ойлау процесіндегі құбылыстар тіл арқылы ғана белгілі болады.

Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды. Лингвистика тілдің жалпы құрылымын зерттейтін ғылымнан тілді адам ойлауы мен танымына байланысты қарастыратын гуманизацияланған ғылымға айналды.

Когнитивтік лингвистиканың негізгі құралдары: есте сақтау бірліктері – фреймдер, концептілер, гештельт жіне т.б когнитивтік лингвистика дүние бейнесін модельдеуге ( тұрпаттауға), тілдік сананы модельдеуге бағытталады.

Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдауды қалыптастыру деңгейі (жалпыландыру, дерексідену), сөйлеу – ойлау (речемыслительный)процесс деңгейі.

Когнитивтік лингвистика мен дәстүрлі құрылымдық сементикалық лингвистика бір – бірімен альтернативті ойлаудың ағымы емес, олар лингвистикалық ақиқатты танудың әртүрлі қырлары.

Когнитивтік лингвистикада тілдің таным құралы жіне танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты  қызмет екендігін баса көрсеткен болатын.

Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары: ойлау, білім концептуализациялау, концептуалды жүйе, когниция, дүниені тілдік көру, , когнитивтік база,ментальды репрезентация, когнитивтік модель, категоризация, вербализация, менталдылық, мәдени константтылық, концепт, дүние бейнесі, концептосфера,ұлттық мәдени кеңістік т.б.

Когнитивтік лингвистика – 20 ғасырдың 700 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болып табылады. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама Штаттарында «когнитивті  грамматика» деп аталса, Ресейде «когнитивті сементика» - когнитивті зерттеулердің алғашқы бастауы болды. Когнитивтік лингвистиканың ерекшелігі жаңа піннің тіл туралы ғылым аясында жорамалдануында да, тіпті зерттеуге жаңа құралдар мен әдістемелер енгізуінде де емес, танымды жаңашатәдіспен бекітуінде болып отыр. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуы лингвистиканылық зерттеудегі әдіснамалық ілгерілеу болды. Іргелі ілгерілеудің құрамдас бөлігі Н. Хомскидің генеретивті грамматикасының пайда болуымен, лингвистикалық прагматиканың дүниеге келуімен, лингвистикалық сементиканың қарқынды дамуымен, мәтін теориясымен, осы теорияның шынайы дискурстағы тілдік бірліктердің сипатына ерекше ден қоюымен тығыз байланысты. Барлық осы зерттеу бастамаларында тілдік фактілерді түсіндіру идеясы алдыңғы қатарға шықты. Мәселен, тілдік прагматикада мүндай фактілер адам қызметінің әлеуметтік контекстегі ұстанымдары түрінде болса, когнитивтік лингвистикада құрылым, адам санасындағы үдерістер, атап айтқанда: фрейм, когнитивті модель, менталды кеңістік тілді зерттеудің модельді құрылымдары ретінде алынады. Тілді зерттеудің когнитивтік (танымдық) сипатының қалыптасу тарихын түсіндіру үшін зерттеушілер мынадай фактіні келтіреді. 1970 жылдары американдық лингвист У. Чейфтің зерттеу еңбектерінде жарияланды. Зерттеуде ағылшын тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен интонацияға қатысты грамматикалық категориялар: белгілілік/ белгісіздік, мәлімділік (бұрыннан белгілі) / жаңалық (сөйлем арқылы берілетін ақпараттың сипатына байланысты) ұғымдарының адам жадының құрылымына және адам санасында ақпараттың жаңғыруы (белсенділігі) құбылысына қатысы түсіндіріледі. Чейфтің түсіндіруінше, ағылшын тілінде қандай да бір оқиға туралы ақпарат беретін хабарлы сөйлемдердегі интонация мен мезгіл пысықтауыш оқиға туралы ақпарат адам жадының қандай тереңдігінен алынып отыр (бұрынғы өткен оқиға немесе жаңадан болған оқиға), бұл ақпаратты алу үшін қаншалықты когнитивті күш – жігер жұмсалды – кейбір оқиғаларды жадыда жаңғыртудың (белсенділігін арттырудың) бағасы қандай? Деген мәселеге қатысты болады. Мысалы: (1) Steve fell in the SWIMMING pool (мезгіл пысықтауыш жоқ). Стив бассейнге құлады. (2) Steve fell in the SWIMMING pool yesterday. (мезгіл пысықтауышқы екпін түсіп тұрган жок). Стив кеше бассейнге құлады. (3)  Last CRISTMAS, Steve fell in the swimming pool. Стив бассейнга алдыңғы Раждествода құлады(мезгіл пысықтауыш тіркес екпінімен айтылып тұр). Ағылшын тілінде берілген сөйлемдерде фразалық екпін түскен сөздер бас әріппен жазылған. Бірінші сөйлемде мезгіл пысықтауышытың болмауы оқиғаның жақын арада өткенін немесе ақпараттың адам жадысының беткі қабаптында (Чейфтің термині бойынша: поверхностной памяти), Чейфтің кейін ұсынған термині бойыншабелсенді статуста тұрғанын білдіреді. Ақпараттың бұл сияқты белсенді статуста тұруы оқиға өткен мезгілдің арақашықтығына, кейінгі ақпараттар ағынының маңыздылығына байланысты. Әрине оқиғаның жуық арада өткенін білдіретін өзге де тілдік белгілер кездеседі (оқиғаның мазмұны, мезгілді білдіретін сөздер т.б). Басқашса айтқанда, мезгіл пысықтауыштың қатыспауы ақпараттың жадының үстіңгі қабатында (терең қабатында емес) болып, оның белсенділік бағасы ауқымды емес екендігін танытады. Бұндай ақпаратты қабылдауға тілдік құралдар көп шығындалмайды. Ал фразалық екпін түспейтін мезгіл пысықтауышты сөйлемде хабарланған оқиға туралы ақпарат «ұсақ» жадыдан тереңде емес (Ченкидің термині бойынша: жартылай белсенді). «Жартылай белсенді» жадыда оқиғаның өту барысы ретімен (жүйелі түрде) сақталады. Терең жады жағдайында кейінгі ақпараттарға орын беретін бұрынғы ақпараттағы оқиға реті ұмытылады, оларды логикалық талдау арқылы ғана қалпына келтіруге болады. Фразалық екпінге ие болған мезгілдік пысықтауышты пайдалану арқылы сөйлемдегі ақпараттың жадының терең қойнауынан алынғандығын немесе жадыдағы ақпараттың белсенді емес статуста тұрғаны байқалады. Жадының терең түкпіріндегі ақпарат жылдап, он жылдап сақталуы мүмкін. Терең жад пен «ұсақ» жадтың арақатысы «ұсақ» және үстіңгі жадтарға қарағанда әлсіз көрінеді. Адам жадысының ақпаратты іздеу, активтендіру, бейактивтендіру үдерісі жүретін құрылымын түсіндіру үшін Чейф белгілік/белгісіздік, мәнлімділік/ жаңалық категорияларына құрылған когнитивтік талдауды ұсынады. Чейфтің түсінуінше белгілік категориясы бойынша айтушы оқиға жөнінде өз пайымдауын хабарлайды, тыңдаушы хабарламадағы мәліметке сәйкес өзінің жадынан қайталанбайтын концепт түрін табады. Мәлімділік категориясына сәйкес айтушының ақпаратты тыңдаушының жадындағы дайын концептілік құрылымды активтендіреді. Сөйтіп, европа лингвистикасында когнитивтік грамматика мәтін, ақпараттың берілуі, тыңдаушы мен айтушының арақатынасы, ақпаратты қабылдауда, қорытуда,қайта жаңғыртудағы адам санасының танымдық құрылымы,қызметі деген мәселелерді негізге алып,қалыптасты.

Когнитивті лингвистика бірнеше ғылым түрлерінің өзара қатысымдылығы негізінде пайда болды:

Когнитивтік ғылымдар (когнитология, когитология). Оның зерттеу объектісі – адами білімнің құрылымы мен қызметі, оның өзі жасанды интелект ретінде танылатын инженерлік пәндердің негізінде қалыптасқан. 1960 – 1970 жылдардың шегінде жасанды интеллектіде мынадай түсінік қалыптасты: адамдағы интеллектуалды үдерістер «адам ойлауының әмбебап заңымен» пара – пар бола алмайды. Интеллектуалды тапсырмалардың басым көпшілігін адам баласы вакуумда немесе таза жады арқылы емес,жадыда бұрыннан сақталған білім қоры негізінде орындай алады. Тіпті белгілі бір ережелер мен формулаларға құрылған шахмат ойынының өзін шебер ойнау үшін адамның жинақталған білім қоры болуы қажет. Когнитивті ғылымдар аясында білімге негізделген тілдер жасалынды. Жасанды интеллектіде «ақпаратты симфолдап беретін» семиотикалық парадигма қалыптасты (А. Ньюэлл мен Г. Саймонның теориясы). Жасанды интеллект зертханасының диреекторы П. Уинстон «есептеу машинасын табиғи тілді түсінуге күштеу, ол да интеллект жасағанмен бірдей» деп көрсетті. Осындай фонда, когнитивтік ғылымдар жасаған адамның ойлау қабілетінің моделіне қарайлау негізінде когнитивтік лингвистика қалыптасты. Когнитивті ғылым ақпарат теориясынан ақпарат ұғымы, білім құрылымы, ақпаратты өңдеу, оны жадыда сақтау, одан қажетті мәліметтерді алу, тілдік формалар мен адам санасындағы ақпараттарды таратып түсіндіру (репрезентация) туралы мәселелерді иемденеді және адам санасына қалай ұйымдастырылған, адам дүниені қалай таниды, дүние туралы қандай мәліметтер білімге жатады, менталды кеңістік қалай жасалады деген сұрақтарға жауап табуға ұмтылады. Когнитивті психологияның көрсетуінше, айналадағы заттар мен құбылыстарды категоризациялау мен классификациялау адам миының маңызды қабілетінен саналады. Категоризациялаудың нәтижелері адамның когнитивті аппаратының негізін құрайды, ұзақ уқытқа арналған жадыда сақталатын менталды концептілер болып табылады. Адамның  интеллектуалды процесіне қатысты мәселелер, белгілі бір образдарды мен мәтіндерді тану бұрыннан қалыптасқан білімдер негізінде анықталады. Когнитология пәнаралық қана емес, синтетикалық та ғылымдар қатарына жатады, адамның когнитивті процестерін зерттей отырып, метематика, философия, лингвистика, психология, ақпарат теориясы ғылымдарын біріктіреді.

Когнитивті психология пәнін де когнитивті лингвистиканың қалыптасу көзіне (источник) жатқызамыз. Когнитивті лингвистика когнитивті психологиядан концепт және когнитивті моделдер туралы ұғымды алады. Шындығында да тілдің қызмет етуі психологиялық механизмдерге сүйенеді, тіл адамның дүниемен, біліммен қарым –қатынас тәжірибесінің қалыптасуы мен жинақталуының маңызды бөлігі болып табылады. Лингвистика да, психология да гуманитарлық пәндер қатарына жатады, бірақ біреуі пәндердің семиотикалық циклі, екіншісі ғылымның «физикалық» саласына біршама жақын. Лингвистика қзінің даму тарихында үш рет психологиямен түйісіп, толығуды бастан өткізді. 19 ғасырдың 80 жылдары (жасграмматистер), 20 ғасырдың ортасында (психолингвистиканың пайда болуы), 20 ғасырдың 80 жылдары (когнитивті лингвистиканың пайда болуы).

Лингвистикалық семантика когнитивті лингвистиканың даму көзі болып табылады. Кейбір зерттейшілер когнитивті лингвистиканы «аса тереңдетілген семантика» деп есептейді, оны семантиканың табиғи даму нәтижесі ретінде қарастырады. Олар тілдік семантиканың категориясын адам танымы арқылы дүниені меңгерудің нәтижесін көрсететін жалпылама ұғымдық категория ретінде түсінеді. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нәтижелері тек семантикада ғана қолданылып қоймайды, мәселен, прототип ұғымы сонымен бірге фонологияда, морфологияда, диалектологияда қолданады және т. с. с. когнитивті лингвистиканың семантикалық проблематикамен табиғи тепе-теңдікте болуы және оның лингвистикалық семантикамен методологиялық жақындықта болуы, әсіресе, Ресей ғалымдарының когнитивті лингвистика немесе когнитивті грамматика туралы емес, когнитивті семантика туралы сөз қозғауына жол ашты. Когнитвті лингвистиканың бірден бір зерттеушілері Н.Д.Арутюнова, А. Вежбицкая, Ю.С. Степанов, Е.С. Кубрякова, В.Н. Телия дәл осы симантикалық зерттеулер арқылы когтивті лингвистикаға келді.

Жоғарыда аталған даму көздерінен басқа когнитивті лингвистиканың дамуында белгілі деңгейде роль атқарған – Лингвистикалық типология мен этнолингвистика, нейролингвистика (тілді адам миының тұтас менталды қызметінің ұғымдық негіздемесі ретінде түсіндіреді), психолингвистика, культурология, тарихи-салыстырмалы тіл білімі.

Конгвинистік лингвистиканың қалыптасуының төмендегідей кезеңдерін көрсетуге болады.

«Когнитивтік лингвистика» термині 1975 жылы Дж Лакофф пен Г. Томпсонның «Когнитивті лингвистиканы таныстырамыз» атты мақаласында қолданылды. 1987 жылы Р. Ланкагердің «Когнитивті лингвистиканың негіздемесі» еңбегінің бірінші томы жарық көрді. Сондай – ақ осы бағытқа арналған Дж Лакоффтың «Әйелдер, от және қатерлі заттар» атты еңбегі, М. Джонсонның «Ойлаудағы дене»  аталатын кітабы жарияланды.

20 ғасырдың 80 жылдарындағы Л. Тальми, Ч. Фильмор, У. Чейфтің мақалалары когнитивті лингвистиканың дамуындағы ерекше кезеңі болды. 20 ғасырдың 90 жылдарының басына дейін когнитивті лингвистика ғылымы бір – бірімен байланысы жоқ жеке зерттеулермен толықты. Бұл – Дж. Локофтың, Р. Ланканердің, Т. Вандейктің (Нидерландық), Дж. Хэйманның (Канадалық) зерттеу бағдарламалары.

90 жылдардың ортасында Европада когнитвті лингвистмкаға арналған алғашқы оқулықтар жарық көре бастады, олар: Ф. Укегер, Х – Й.Шмид. «Когнитвті лингвистикаға кіріспе» (1996) және Б. Хайне «Грамматиканың когнитивті негіздемесі» (1997). Орыс тіл білімінде алғаш рет когнитивті лингвистика В. И. Герасимовтың шолулары (1985) арқылы таныс болып, 80 жылдары қарқынды дами бастады. Оның қалыптасуында табиғи тілді түсінуді модельдеуге арналған мына ғылыми жарияланымдардың ролі болды: «табиғи тілді түсінетін бағдарлама» (1976 түпнұсқа 1972) атты Т. виноградтың орысша аудармасы және Р. Шенкидің өзге әріптестерімен бірлесіп шығарған «Концептуалды ақпаратты өңдеу» (1980, түпнұсқа 1975), осы тақырыпқа арналған «Шетел лингвистикасындағы жаңалықтар» жинагының 12 томы.

1988 жылы Кеңес Одағында тілдің когнитивтік аспектісіне арналған «Шетел лингвистикасындағы жаңалықтар» жинағының 23 томы, 1995 жылы «Тіл және интеллект» жинағы жарық көрді.

Н. Арутюнова, Е. С. Кубрякова, Ю. С. Степанов, И. А. Стернин, В. Н. Телия және басқа да ғалымдардың күшімен жарыққа шыққан зерттеу еңбектерде тілдегі адамдық фактор, тіл мен филасофияның, тіл мен психологияның тығыз байланыстылығы сөз болды.

Когнитивтік лингвистиканыңмдамуына ерекше үлесі болды деп Ю. С. Степановтың «Константтар: орыс мәдениетінің сөздігі» кітабын айтуға болады. Бұнда бірінші рет мәдениет константы мен концептілеріндегі мәдени құндылықтар талданады. Мәселен: «Шындық», «Заң», «Махаббат», «Сөз», «Жан», «Күнә», «Ғылым», «Интеллегенция», «От», «Су», «Нан» т.б.

Е. С. Кубрякованың «Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі» еңбегінің де айтарлықтай маңызы болды.

Қазіргі таңда когнитивтік лингвистиканың басты орталығы Калифорния университетінің Беркли және Сан –Диего бөлімдері, сондай – ақ, Буффоладағы Нью – Йорк университетінің Когнитивті ғылымдар орталығы. Европада когнитивті лингвистика әсіресе Голландияда, Германияда ерекше дамуда.  Когнитивтік ғылымдардың басты объектілерінің бірі тіл болып табылады. Тілді зерттемейінше адамның қабылдау, тілдік өңдеулерді қабылдау, меңгеру, білімді қолдану, талдау, жоспарлау,мәселелерді шешу мүмкін емес. Е. С. Кубрякованыңпікірінше, когнитивтік лингвистика емес тек тілді зерттеп қоймайды, сонымен бірге когницияны (таным, ойлау) да категоризациялаудың базистік деңгейінде зерттейді.

Зерттеушілірдің көрсетуінше, қазіргі таңда когнитивтік лингвистика іштей бірнеше бөлімдерден тұрады:1. Табиғи тілдің түсінілуі және жасалу үдерісін зерттеу; Тарихи жағынан біршама байырғы зертеу түрі. Мәтіннің  туылуы мен түсінілуін компьютерлік модельдеуге бағытталады. Бұл салада У. Чейфтің еңбектері белгілі. 2. Тілдік категоризациялау ұстанымын зерттеу; Бұл салада Э. Роштың идеяларын ілгері дамыту арқылы Дж. Лакофф біршама табыстарға қол жеткізді. Категория туралы дәстүрлі түсінік бойынша категориялардың мүшелері біріңғай белгілермен сипатталады, сондықтан белгілі бір заттар бірдей категорияға жатуы да, жатпауы да мүмкін. Соңғы зерттеулер бұл түсініктің дәл бола бермейтінін дәлелдеп отыр. Экспериментті зерттеулер көрсеткендей категориялардың өзіндік ішкі құрылымдары бар: оларды кейбір элементтері басқаларға қарағанда категорияны артығырақ танытуы мүмкін, яғни категорияның ішіндегі прототипті сипаттағы мүшесі бола алады. Мысалы, ағылшындар үшін прототипті құс атауы малиновка болса, орыстар үшін – қараторғай, ондай жағдайда пингвин мен түйеқұс құс категориясының шеткі қабатынан орын алады. Прототип ұғымы өте кең аяда қолданыла бастады: фонема мен аллафон ұғымдарын сипаттау үшін, морфологиялық және синтаксистік құбылыстарды түсіндіру үшін де прототип ұғымы алынады. 3. Ұғымдық құрылымы мен оны оның тілдік қатысын зертеу; Бұл жұмыстар да жасанды интеллект шеңберінде қалыптасып, Ч. Филлмор еңбектерінде лингвистикалық зертеулердің қажетіне қарай ыңғайластырылған. Зерттеудің бұл түрінде когнитивтік лингвистика әлеуметтанумен және мәдениеттанумен іргелес зерттеулер жүргізеді. 4. Когнитивтік – семантикалық суперкатегорияларды зерттеу; 5. Тілдегі қозғалыстың концептуализациялау типтерін және кеңістік қатынастарын зерттеу; 6. Адам санасы мен тілінің денелік (тәндік) базисін зерттеу; Оның негізінде концептуалды жүзеге асыру (conceptual embodiment) идеясы жатыр. Адамның түсінік әлемінің (понятийный мир человека) құрылымы оның абстактілі фрагменттерін қоса алғанда, адамның биологиялық табиғатымен, әлеуметтік дүниедегі физикалық қарым – қатынас тәжірибесімен тығыз байланысты. Көптеген ұғымдық және тілдік категориялардың түп – төркіні адам тәнінің құрылымына, қызметіне, мәселен ассиметриялық, адамның қимылының түрлі жағдайына байланысты оның «жоғарысы», «төмені», «алды», «арты», «оңы», «солы» болуы, дененің физиологиялық қызмет атқаруы, түрлі салт жоралар т.б. Дене туралы ұғым адамның тәндік табиғаты арасындағы аралық саты болып есептеледі. Дененің өзі адамның ішкі әлемі мен сыртқы дүниесінің арасындағы шегара қызметін атқарады. Яғни дүниені қабылдау, оның тілде бейнеленуінің орталық шеңберінде адамның денесі мен тілі тұрады. Осындай идеяға негізделген теорияны шет елдерде Дж. Лакофф, М. Джонсон, Ф. Варель, Э. Рош негізінде, Ресейде осындай идея тілдің антропоқзектілігі (Ю.Д.Апресян) терминімен аталатын теория түрінде қалыптасқан. Концептуалды жүзеге асыру доктринасы практика жүзінде семиотикалық зерттеулермен сәйкеседі. 7. Тілдегі метафоралық және метонимиялық құбылыстарды зерттеу; Дж. Лакоффтың философ М. Джонсонмен бірлесіп жазған «Біздің өміріміздегі метафоралар» еңбегінде метафораны жаңа ұғымдар қалыптастырудың адам тәжірибесіне негізделген құралы ретінде сипаттайды. Мысалы, билік (высокий) геометриялық анықтауышының биік адам, биік ағаш тіркестерінде қолданылуы оның мағынасында метафоралық ауысудың келесі түрлерін туғызды (высокий сөзіне қазақ тілінде биік және жоғары сөздері балама болады); механикада – жоғары жылдамдық, термодинамикада – жоғары температура, электродинамикада – жоғары кернеу, этикада – жоғары мораль, жауапкершілік, еңбек қызметіне – жоғары машық, эстетикада – биік талғам, құқықта – жоғары машық, эстетикада – биік талғам, құқықта – жоғары сот т.б.

Дамудың қазіргі деңгейінде когнитивтік лингвистиканың алдында үш негізгі мәселе тұр: тілдік білімнің қолдануға байланысты. Сондықтан зерттеу мынандай бағыттарда жүргізілуі тиіс:

а) таңбалар арқылы берілген білім түрлері мен табиғаты (гносеология – таным теориясы), таңбадан білімді айырып танудың механизмі, яғни интерпретациялау тәртібі (когнитивті семантика және прагматика);

б) таңбалар мен олардың қызметін бағыттап отыратын заңдылықтардың қалыптасу алғы шарттары;

в) тілдік таңбалар мен онда көрініс тапқан мәдени реалилердің арақатынасы.

Когнитивтік лингвистикада бәріне бірдей ортақ мәселе «ақыл – ой – тәл – репрезенциялау – концептуализациялау -  категоризациялау – қабылдау» ұғымдарының когнитивтік шынжырдағы өзара қарым – қатынасын анықтау мәселесі болып отыр. (Маслова, 2001)

Бүгінгі таңда тілді зерттеудің күрделенгендігі соншалықты тілдік коммуникацияның ішкі құрылымын түсіну үшін лингвистердің, философтардың, психологтардың, мәдениеттанушылардың, өнер саласындағы өзге де интеллектінің бірлескен күші қажет.

Когнитивті лингвистиканың алдына қойған міндеттері:

1.     Дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің ролі;

2.     Дүние туралы ақпаратты қабылдау, жалғастыру (тасымалдау),қайта өңдеу;

3.     Білімді концептуализациялау, категоризациялау, мәдени константтарды тілдік категоризациялау және концептуализациялау;

4.     Концептосфераны жасайтын әмбебап концептілердің жүйесін жасау;

5.     Тілдік дүние бейнесі проблемасы.

Когнитивтік лингвистика тілдік талдауларды сөйлеу түрлерін, белгілі бір лексемалар қолданылып тұрған клнтекстерді, мәтін деңгейінде концептілердің танылуы, концепт көрінісі беретін фразеологизмдерді, мақал – мәтел, афоризмдерді, олардың сөздіктердегі мағыналарын талдаумен толықтырады. 

 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Когнитивизм дегеніміз не?

2.     Когнитивтік лингвистиканың алғашқы мектептері қай жерде пайда болды?

3.     Когнитивтік лингвистиканың қалыптасу көздері қандай?

4.     Когнитивтік лингвистиканың қалыптасу этаптарын айтыңыз.

5.     Когнитивтік лингвистиканың негізгі міндеттері қандай?

6.     Когнитивтік лингвистиканың ішкі зерттеу құрылымдары

 

Студенттің өзіндік жұмыстарына (СӨЖ) арналған тапсырмалар:

В. А. Маслованың «Лингвокульторология» еңбегінің «Взаимосвязь языка и культуры» тараушасына канспект жасаңыз (59 -63 беттер)

Студенттердің оқытушының  жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысына (СОӨЖ) арналған сұрақтар:

1.     Когнитивистиканың алғашқы мектептері

2.     Когнитивті лингвистика туралы идеялардың Ресейде пайда болуы

3.     Когнитивті лингвистиның негізгі бағыттары мен міндеттері

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.     Арутюнова Н.Д. Типы языковых значении.  – М. Наука, 1988.399

2.     Арутюнова Н.Д. Типы языковых значении: оценка, событье, факт. Москва, 1988

3.     Телия В.Н. Коннотивный аспект семантики номинативных единиц. М. Наука, 1986. – 268

4.     Телия В.Н. Типы языковых значении. Связынное значение слова в языке. М. Наука, 1981. – 268

5.     В. Маслова Когнитивная лингвистика, Москва. Наука, 2011, - 472с

6.     В. А. Маслова Линвокульторология, М. Академия, 2011, - 203 с

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА ПӘНІ, ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ. КОГНИТИВТІКЛИНГВИСТИКАНЫҢ КАЛЫПТАСУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Когнитивизм – адам ақыл ойын, олармен байланысты ментальды процестерді зерттеу объектісі етіп алган ғалымдарға бағытталады.  Қазіргі кезде ғылым салаларында «когнитивті төңкеріс» туралы сөз болуда. Американдық белгілі ғалым Н.Хомский: «Когнитивтік төңкеріс ақыл – ой  мен мыйдың жағдайын, олардың адамның когнитивтік болмысына: біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді» (Хомский, 1999) деп жазды. Адамның білімі мен түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивтік немесе когницизм деп аталады. Оларға «интеллектуалды», «менталды», «талдамалы» терминдері синоним бола алады.

Адам интелектісімен, ойлау заңдылығымен ерте заманнан бері логика, филасофия, физиология,психология айналысып келеді. Филасофияда таным теориясымен айналысатын гносеология бөлімі бар. Алайда когнивистика аясында байырғы мәселелер жағңаша түсіндіріле тібасталды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 524 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2014 7763
    • DOCX 36.6 кбайт
    • 85 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахышова Мадина Маратбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахышова Мадина Маратбековна
    Рахышова Мадина Маратбековна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40683
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе