Инфоурок Обществознание СтатьиКІШІ ПЕЙІЛДІЛІК – КІСІЛІК ПЕН АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ

КІШІ ПЕЙІЛДІЛІК – КІСІЛІК ПЕН АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ

Скачать материал

     КІШІ ПЕЙІЛДІЛІК – КІСІЛІК ПЕН АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ

                                                «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті.

                                                                                                                Н.Ә. Назарбаев:

Міне, осы тұста қоғамға жан жақты білімді,  жоғарғы мәдениетті,  еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті, шығармашыл тұлға қажет. Ондай тұлғаны орта және жоғарғы оқу орындары тәрбиелейді. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педогогикалық шарттары – оқушылардың белсенді өміршіл, саналық көзқарасын,  сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан  ауытқуларына жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Білімді ұстаз  шәкірттерге жан- жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен  бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі бір мақсатқа жетелеу іс – әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттерінің ізгілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.

 

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

         Рухани - адамгершілікке бай, тәрбиелі адам қандай болуы тиіс.? Тәрбиелі адам адамның жеке басын құрмет тұтады, сондықтан әрқашан кешірімді, биязы, кішіпейіл, көнгіш келеді... Олар жоғалған резеңке, не балғаға бола  күйіп – піспейді; бірге тұрған адамына жақсылығын айтып көлгірсімейді, ал одан кетіп бара жатып, сізбен бірге тұруға болмайды, - деп айтпайды. Олар айқай – шуды да, суықты да, күйіп кеткен қуырдаққа бола да үйге келген бөтен адамның көзінше кейімейді, кешірімді келеді...

            Адам баласы кішіпейіл болуымен басқалардың сүйіспеншілігіне, байыпты болуымен басқалардың құрметіне ие болады.

Кіші пейілділік дегеніміз – жеке адамның айналасындағыларға қатысы жөнінен өзінің қандайда бір алабөтен артықшылығы немесе ерекше құқықтары бар деп санамауы, жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек – жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметаен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ – түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы.

Адам әлеуметтік тіршілік иесі. Осыдан адамның басқалар алдыедағы, қоғам алдындағы, табиғат алдындағы жауапкершілігі, міндет – парызы келіп шығады. Осыны сезіну оны кішіпейіл етеді. Ондай адам өзінің артықшылықтарына пәлендей мән беріп жатпайды, өзінен – өзі солай болуға тиісті нәрсе деп қарайды. Бұл сияқты адамдар көбінесе, шынын да, айтарлықтай артықшылықтары бар адамдар, өз еркімен қоғамға, адамзатқа қызмет істеуге бел буған кісілер болып келеді. Қарапайымдылық адамның барлық іс әрекетінен, қимыл – қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез құлқынан, тәртібінен, ең ақыры, киген киімінен де аңғарылып тұрады.

 Ұлылық тек қана көркем мінезбен тығыз байланысты болады. Байсалды кісілер болса, ұдайы дәрежелерін және адамгершілік абыройын қорғайды. Кішіпейілділік пен байсалдылық бір –бірін толықтыратын ұлы мінездер болып табылады. Бұл көркем мінездерге  ие болған кісілер, әрі Алланың қасында, әрі адамдардың арасында сүйкімді, құрметті кісілер болады. Кіші пейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым – қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, басқалардан ерекшеленуге әрекеттенбеуден, өзінің  қызметін дабыралап марапаттамаудан көрінеді. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді, өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды, қарым – қатынасында тұрақтылық басым болып, аума  - төкпелікке жол бермейді. Бірақ мұның бәрі қандай жағдайда да өз пікірін ашық айтуға кедергі келтірмейді.

Ежелгі заманның әйгілі ойшылдары, философтарының кішіпейілділігі жайындағы әсерлі, тағылымды әңгімелерге қоса, олардың адамның бұл қасиеті жөнінде айтқан терең мағыналы нақылдары сақталған. Оларда бұл қасиеттің жақұттай құлпырған сипаттары туралы айтылады. «Кабуснамада» Анушируан патшаның: «Дана деп кімді айтамыз?» - деген сұрағына, оның ақылды уәзірі: «Өзін басқалардан кішік, қарапайым ұстаған кісіні», - деп, жауап бергені айтылады. Шынында, кіші пейіл, қарапайым кісі өзіне қатты сөйлеп, дөрекілік көрсеткендерге де дүрсе қоя беріп, хақарын шашпайды, зиянын көрген адамына да күш – тұдіреті жетіп тұрғанымен, таптап тастауға құлықты болмайды, ашуын ақылына жеңдіріп, байсалдылық көрсетеді.

Ұлықпан Хакімнің көрсетуінше, қарапайымдылықтың мынадай жеті сипаты бар:

1.      Ізгілікке құштарлық.

2.      Айбатсыз елету.

3.      Міндетсіз иба.

4.      Дуалсыз қорған.

5.      Кешірім сұраудан құтылу.

6.      Періштедей тазалық.

7.      Айыптан адалдық.

Демек, ақкөңіл, қарапайым болу, ізгілік жасауға құштарлық, айбат көрсетпей – ақ елеулі болуға, міндет қылмай – ақ сыйлы болуға қол жеткізеді. Сіздің қарапайымдылығыңыз -  сіздің қорғаныңыз, сізге ешкім тап бере алмайды. Сонымен қатар сіз өзіңіздің кіші пейілділігіңізбен, қарапайымдылығыңызбен  еш нәрсені бүлдірмейсіз, ешкімге зиян келтірмейсіз, соныңыз арқылы ешкімнен кешірім сұрамайсыз, себебі сіз де айып жоқ, өйткені сіз –періштедей пәк адамсыз. Егер қарапайымдылық жасанды болса, адамды басқалардан ерекшелеп, назарды өзіне аударатын болса, онда мұндай қарапайымдылық менмендіктің алдамшы түрі болып шығады. Ондайға ұлы Абай назар аударып: «Жасанды кішіпейілділік жақсы қасиет емес», - десе XYIII ғасырда өмір сүрген итальян драматургі Карло Гольдони ақын ойын әрі қарай жалғастырғандай: «Жалған кішіпейілділік те менмендік сияқты, жиіркенішті», - деп шегелей түседі.

Адамдарға тән ізгі қасиеттердің бірі – кішіпейілділік. «Ұлықболсаң–кішікбол»дегенқазақтажақсымақал бар.

Ол дегеніміз жеке адамның жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек – жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ - түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбенқарауы. Пайғамбар да (Оған Алланың игілігі ме нсәлемі болсын) хадис арқылы бізге осыны айтуда. Басқаша айтқанда, мұсылманның мінезі көркем болуы керек.

Яғни кіші пейілділік мәселесін кең көлемде аша еле айтпағым, адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу. Адамгершілік, рухани тәрбие  күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген  ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі. Саналы адамға тән қасеттердің бірі де бірегейі, кішіпейілділік қасиетті өскелең ұрпақтың бойына сіңіре білсек жас буын тәрбиесіне қосқан үлкен үлес болары сөзсіз. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі  де жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Сондықтан ата – аналар, үлкендер өздері үлгі көрсетпесе, кіші пейілділік, қарапайымдылық, олардың кереметтігі жайындағы сөздердің әсері ойдағыдай болмайды. Бұл жөнінен үйдегі сөз бен іс және білім беру мекемелеріндегі сөз бен іс арасында шынайы сабақтастық, жалғастық болуы тиіс.

Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол–мінез, әлеуметтік мәртебе, көпқошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін де халық: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.

Биік мансап,

Биік жартас,

Екпіндеп ұшып, қыранда шығады,

Еңбектей жылжып, жыланда шығады, – деген Абай атамыз.

Бұдан нені білеміз? Кіші пейілділік – сабырлы болу деген сөз. Осындай көзге көріне бермейтін  үлкен қасиеттер адамдарды ізгілікке үндейді.

«еңкейгенге еңкей,
ол атаңнан қалған құл  емес.
шалқайғанға шалқай,
ол пайғамбардың  ұлы емес», - дегендей бұл өзгені құрметтейтын, бырақ өзін басындырмайтын адамның бойынан табылатын қасиет.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. 

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Түйіндей келе, адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы  жалғасатын, адамдардың  мінез- құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Сондықтан оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды орын алмақ.

 

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі:

1.      Құрманбай Толыбаев. Бабадан қалған бар байлық Қазақстан Алматы, 2002ж

2.      А.Өтешова. Адамгершілік- рухан тәрбиенің маңыздылығы. www.45 minut.rz

 

3.      Әдібай Табылдиев. Қазақ этно-педагогикасы Алматы «САНАТ» 2001ж

4.      Әдеп және жантану (орта мектеп оқушыларына арналған оқу құралы) Атамұра – Қазақстан Алматы, 1994

5.      С.Ғ.Тәжібаева  Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы. Оқу құралы. Алматы,Білім,2008

6.      О.К.Трубецкая Балалардың рухани- адамгершілік құндылықтарын қалай жетілдіруге болады // Сынып жетекшінің анықтамалығы №12(48) 2012

7.      Л. Омарова Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері // Бастауыш мектеп № 2 2004ж

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "КІШІ ПЕЙІЛДІЛІК – КІСІЛІК ПЕН АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.03.2017 1119
    • DOCX 22.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кудайбердиева Гульфайрус Жубановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26157
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Обществознание")

Учитель обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 15 регионов

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов