Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
Главная / Начальные классы / Кіріктірілген сабақ "Амандасу салты"

Кіріктірілген сабақ "Амандасу салты"

С.Касымова, №6 орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі,

А.Байгарина, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,А.Тиштенова ағылшын пәнінің мұғалімі Ақмола облысы Көкшетау қаласы.


Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты.

Мақсаты: Оқушылар мақалды , мәтінді түсініп оқи алуға үйренеді.

Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсінеді.Амандасу түрлерімен танысады.Жұппен және топпен жұмыс істей алады.Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайтады,ойлауын есте сақтауын дамытады.Әдепті,сыпайы болуға ,үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, топпен жұмыс,СТО, диалогтік оқыту,оқытуды басқару және көшбасшылық,талантты және дарынды балаларды оқыту,АКТ,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Түрі: кіріктірілген сабақ

Көрнекілігі: кесте, суреттер,оқулық маркер,постер,мақал-мәтел,бейнеролик.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Топқа бөлу. «Әдеп», «Үлгі», «Өнеге», «Парыз».

3.Топтық ереже құру

Сабаққа психологиялық дайындық

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: О.Әубәкіров Сүт қалай ұйықтайды?

Оспанхан Әубәкіров кім?

1-топ.Үзіндіні жатқа айт.

2-топ.Мәтіннен нақыл сөзді тап. Мағынасын ашып,түсіндір.

Сүт және ұйқы туралы нақыл сөз бен мақал-мәтел айт.

3-топ.Оқулықтағы суретпен жұмыс.Әңгіме құрастыр.

4-топ.Сүттен жасалатын тағамдарды атаңдар.

Ой қозғау

Мақал-мәтел

1.Сәлем беру де-парыз,

Сәлем алу да-парыз.

2.Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді. Мағынасын ашу.

Сөздік жұмыс

Парыз-міндет

Берілген сөдерге байланысты сөздерді топтастыру.( «Күн шұғыласы» ойыны).

Dear boys and girls what words of greeting do you know? Please take your cards with words of greeting and glew them on the blackboard. Берілген суретке байланысты амандасу сөздерін топтастырып жапсырыңдар.

Ассалаумағалейкум,сәлеметсіз бе?,қайырлы таң,hello,қайырлы кеш,good morning,көріскенше,good afternoon,есенсіз бе?good evening,мал,жан аман ба?, good night,сәлем бердік,bye bye,cау бол, good bye,қайырлы түн,see you soon, денің сау ма?,welcome,қалыңыз қалай? hi,қайырлы күн.

Амандасау деген не?Оның мәні неде екеніне жауап беру үшін мәтінді түсініп оқиық.

Мағынаны тану

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс

4 топқа бөліп беру.Постер құрастырады.

1-топ. «Сәлем» сөзінің мәні қандай?

2-топ.Мұсылман халқының амандасуы қай сөзден басталады?

3-топ.Қария адам не жасы үлкен адам өтіп бара жатса ,жасы кіші адам не істеуі керек? Төс қағыстырып амандасудың мәні неде?

4-топ. Жастар қалай амандасады? «Жол болсын!» деген тілек қай кезде айтылады?

Сергіту сәті: «Warm up»

Now boys and girls, please stand up. We’ll have a rest! You’ll watch the video and your task is to repeat the movements. Балалар, енді демалайық! Сендер қазір бейнероликке қарап интерактивті тақтадағы қозғалысты менімен бірге қайталаңдар.

Жақсы балалар! Мәтінмен жұмыс жасап,амандасу түрлерімен танысып, жақсы біледі екенсіңдер. Енді басқа елдердің амандасу түрлерімен танысқыларың келе ме?Бейнероликке назар аударыңдар.

Бейнероликті көру. «Әр халықтың сәлемдесу дәстүрімен әдет-ғұрыптары» Сұрақ: Амандасудың мағынасы қандай?

Сәлем-сөздің атасы деп қазақ халқы амандасуға үлкен мән берген.

What countries did you remember? Can you say? Қандай елдердің амандасуын есте сақтадыңдар? Елдерді атаңдар.

Дәптермен жұмыс. Нақыл сөзді тауып жазады. «Алыстан келген алты жасар балаға алпыстағы шал барып сәлем береді» мағынасын ашу.

Ой қорыту

Амандасу түрлері


Кімдерге арналған

Ассалаумағалейкум





Cәлеметсіз бе?





Cәлем!



Cәлем бердік!



Cәлеметсіңдер ме?




Ата,grandpa,әке,father





Әже ана тәте әпке мұғалім

grandma, mother, aunt, cousin

a teacher

дос құрбы friend



аға uncle



бала оқушы a boy a pupil a girl

Whom do you say the words of greeting? Let’s name! Cәлемдесу сөздерін кімге айтады?

Тыныштық сәті

Рефлексия: «Алма ағашы» әдісі.

Үйге тапсырма: 149-151 бет ,10тапсырма.

Бағалау


  • Начальные классы
Описание:

Мақсаты: Оқушылар мақалды , мәтінді түсініп оқи алуға үйренеді.

Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсінеді.Амандасу түрлерімен танысады.Жұппен және топпен жұмыс істей алады.Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайтады,ойлауын есте сақтауын дамытады.Әдепті,сыпайы болуға ,үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, топпен жұмыс,СТО, диалогтік оқыту,оқытуды басқару және көшбасшылық,талантты және дарынды балаларды оқыту,АКТ,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Түрі: кіріктірілген сабақ

Автор Байгарина Анаргуль Базарбековна
Дата добавления 21.01.2017
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 539
Номер материала MA-069673
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии: