Инфоурок Другое Рабочие программыКешірім мен келісім

Кешірім мен келісім

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: №47 ЖОББМ

Тақырып: «Кешірім мен келісім» 13- сабақ

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: сүйіспеншілік, сыйластық,түсіну

Мұғалiм:Рахматуллина Гүлмира Әділжанқызы

Сынып:4 а,ә,б,в

Сабақ мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

- шынайы достық қарым – қатынастар жасау іскерліктерін дамыту;

-мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi(баяу әуен)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің      төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.  Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...  Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

«Мақтаншық жолбарыс» ертегісі

Сұрақтар:

Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

Сендерде осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Сабақ барысын талқылау

Дәйексөз.

  «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық».

М.Әуезов

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 

Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Сәлем сөздің сыры

   Әне, тоқсан алтының қарасы көрінді. Есік ашыла дүрбелең  де басталды. Мен  сияқты бойы аласа, денесі шағын, екінші сыныптың баласының мұндайда асығы алшысынан түседі. Елдің арасын сыналай өтіп, соңғы орындықтың түпкі орнына жеттім – ау. Көз астыма ұрлана қарасам. Автобус іші «мен қызыма барамын, басқа жұрт қайда домалайдының» кері. Өңшең кемпір – сампыр, шал – шақпыт тайлы – таяғымен көлік ішін дүмеп алыпты. Немере – шөберелері бір төбе.

   Бөркімді баса киіп, «мызғып» кеттім. Бестал мен қаланың арасы  он шақырымдай жер. Адам толы автобусқа аышылық алыс жоқ. Ауылда орта мектеп жоқ. «Екі жүз түтіннің баласына бола оқу орнын салудың қисыны келмейді.» Бұл қолында ақша, білегіне билік ілгендердің сөзі.  Атамнан естіген әңгімем ғой.

   Бір сіт түйреу басталды.

   -Пау, мына қарадомалақ түнімен көз шырымын алмаған ба? – деген кекесін үн естілді.

   -Әй, бауырым! Әкеңдей адамға орын берсеңші, - деді қарашұбар жігіт менің көршіме үйіліп. Жас шамасы қатарлас еді. Көршім былқ етпеді.

   Сәлден соң бір қарт оң – солына көз тастап маған бұрылды. Нұқып оятты.

   -Балам, әкең бар ма? – деді сонан соң. Басымды изедім.

– Әкесі бар адамдар бақытты ғой, - деді қарт.

– Шешең ше? – Тағы да бас шұлғыдым.

– Анасы барлар жетім атанбайды, балам. Сәл үнсіздіктен соң қарт тағы да күңк етті.

- Қартың бар ма?

   -Иә, бар. Биыл жетпістің бесеуінде .

   -Оп, бәле, - деді ол. – Нағыз атасының баласы екен ғой, мына батыр... Бәсе... – Балам, жақсы әулеттен шыққан бала екенсің. Атаңа менен сәлем айт.

   -Сіз оларды танисыз ба? – дедім таңданып.

   -Танымасам, енді таныдым.

   -Түсінбедім, - дедім қарттың жүзіне таңдана қарап.

   -Атаң түсіндіреді бәрін, - деді ол.

   Бес – алты күн өткен соң атам ертеңгісін дастарқан үстінде қалаға қалай барып келгенін әңгімелеп отырды.  Сондағысы баяғы иін тірескен халық жайы, таусылмайтын кезек, автобустаңы ырың – жырың, жастардың үлкендерді сыйламайтындығы туралы реніш... Ойыма сонау күнгі автобустағы шоқша сақалды шалмен арадағы әңгіме түсті.  Әр сөзімнің тігісін жатқыза, түйірін тастамай баяндадым. Атам ден қоя тыңдады. Бір сәт қалың қабағы түксиіп, әжімдері көбейіп салды.

   -Түсіндім, - деді атам. – Біздің кім екенімізді жарты әлемге танытыпсың.

   Күндей күркіреп, көзі найзағайдай от шашсын кеп. Әжем атама қарап аң-таң.

   -Әкең сатып бергендей боп, орныңды қартқа бермей безергенсің ғой, байғұс. Ұят-ай, енді не дейін? Біз саған «үлкенді сыйлама, орын берме» деп қашан үйретіп ек... Екі ортаға . – Осы күнгінің шалдары жөні жоқты сөйлей береді. Менің құлыным ондай емес, - деп әжем түспесе төрдегі қамшының жыланша ысқырып, арқамды осып түспесіне кім кепіл.

   Атам бір-екі шыныаяқ шай ішкен соң бөлмесіне кіріп кетті. Әжем: - Әй, балам-ай қарт адамдар бірін-бірі өстіп қажап жүретінін білмеуші ме едің. Орныңды бере салуың керек еді, - деді әжем.

   Сыртқа шықсам Киікбелеңнің желі есіп тұр. Көше бойы қатар өскен қарағай, шыршаның бұтағын баяу тербеп, жапырағымен құпиясын айтып, сырласып жатқандай. Шындығында, осы ағаштардың да, қарттар сияқты сыры көп-ау,тегі.

   Атам мені түсінеді. Шынымды айтып, қолыммен істегенімді мойныммен көтеріп, кешірім сұраймын. Осындай да қызық болады екен, балалар. Абай болыңдар!

 

 

Шығармашылық жұмыс

Дәптердегі жүрекшенің ішіне «Мен кешірім сұрай білемін..» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойларын жазу.

 

Топпен ән айту.

 

Түсінісу

Л.Тілеуова

Бір үйдегі екі адам

Ұғыспайды бір – бірін.

Кірсе, шықса, барлық істе

Келіспеуі тым қиын.

Екінші үйде адамдар көп,

Тату – тәтті тұрады.

Бір – бірімен тайталаспай,

Қас – қабақпен ұғады.

Сыры неде екі жайттың?

Білсең айтшы, қарағым,

Жауап тапсаң сұрағыма

Бәрекелді, жарадың!

Сәл ойланып тұрды бала

Жауап берді ойланып

«Сыры мұның - түсінісу» -

Деп жауабын берді анық.

 

Үй тапсырмасы.

М.Төрежановтың «Көп біріксе - береке» әңгімесін оқу

 

Соңғы тыныштық сәтi

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кешірім мен келісім"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ тыныштық сәтінен басталады. Үй тапсырмасы ретінде «Мақтаншық жолбарыс» ертегісі бойынша сұрақтар қойылады.Дәйексөз ретінде М.Әуезовтің «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» сөзі қолданылады. Мұғалім сыйы ретінде "Сәлем сөздің сыры" мәтіні ұсынылады.Шығармашылық жұмыс «Мен кешірім сұрай білемін..» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойларын жазу.Топпен ән айту. Үй тапсырмасы М.Төрежановтың «Көп біріксе - береке» әңгімесін оқуСабақ соңғы тыныштық сәтмен қорытындыланады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 860 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.08.2020 153
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Забродина Екатерина Андреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Забродина Екатерина Андреевна
    Забродина Екатерина Андреевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74157
    • Всего материалов: 233

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов