Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыІс - шара "Бастауышым - балбұлағым"

Іс - шара "Бастауышым - балбұлағым"

Скачать материал

Тақырыбы: « Бастауышым –балбұлағым»

 

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы мектептен басталатының, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құмарлығын арттыру. Оқуға, білімді болуға шақыру.

2. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып сәт сапар тілеу.

3. Білім ордасы – мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.

4. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу.

 

Көрнекілігі: 4 жыл бойғы оқушылардың еңбектері, шарлар, нақыл сөздер, суреттер.

 

Кіріспе сөз: құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Рахмет саған, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

 Алдарыңызда тұрған балаларыңыз осыдын төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді.

Енді бойлары да, ойлары да өсіп, бастауышта білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отыр. Талаптарыңа нұр жаусын деп, ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

 

Мұғалім:           Ер болсам деп сақталар,

                  Ел есінде еленіп,

                  Бәйтеректей бой түзеп

                  Жапырақ жайсын көгеріп

                  Бәйшешектей майысып

                  Келе жатқан балаларға

                  Қол соғайық көтеріп.

                  Ғылымды терең меңгеріп,

                  Үмітті бұлар ақтады.

                  Бастауышты бітіріп,

                  Ұстаздың болды мақтаны.

                  Айналайын балалар

                  Алдарыңда асу бар.

                  Өздеріңнен өседі, өнерлілер даналар,

                  Өтті қызық көп күндер

                  10 жасқа енді жеттіңдер.

                  Өсті міне бойларын

                  Өсті ақыл-ойларын.

                  Қуанышқа ортақпын

                  Құтты болсын тойларың!

 

Жоспармен таныстыру:

 

1-    бөлім « Білім негізгі бастауышта» (әр пәннен сұрақтар беріледі)

2-     бөлім  «Мерекелік концерт»

 

 

Білімдер сайысы:

 

1.      ҚР тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991ж 16 желтоқсанда)

2.     Қазақтын тұнғыш ғарышкері кім және қашан ұшты? (Тоқтар Әубакіров 19991ж 2 қазанда ғарышқа ұшты)

3.      ҚР ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993 ж 12 қараша)

4.      Үш жүздің басын қосқан қазақ ханы кім? (Абылай Әбілмәнсұр )

5.     Тік төртбұрыштын ауданын қалай табамыз? ( Ұзындығын еніне көбейтеміз)

6.     Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? ( Бастауыш , баяндауыш)

7.      Қазақтын ұлттық аспабында орындалатын әуен не? ( күй)

8.     Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? (қобыз)

9.     Сиырдың пірі не? ( Зеңгі баба)

10.  Жер шарында неше материк бар? ( 6)

11.  Қарлығаш әулие деп кімді атаған? ( Төле би)

12.  Басты байлық не ? (денсаулық)

13.  Заттың санын білдіретін сөз? (Сан есім)

14.  Күйді орындаушы адам ? (күйші)

15.  ҚР Мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

16.  Қара алтын деп нені айтамыз? (мұнай)

17.  «Кел, балалар» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

18.  Қазақ балаларына алғаш әліппе жазған кім? ( А. Байтұрсынов)

19.  Ақан серінің тұлпары (Құлагер)

20.  Жыл басы не?( тышқан)

21.  Қабанбайдың тұлпары ( Қубас)

22.   Орман дәрігері (Тоқылдақ)

23.  Ең үлке үш таңбалы сан (999)

 

Мерекелік концерт

 

Оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға,

                Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

                Қош келісіп мейірбан ұстаздар,

                Бастауышпен қоштасу тойымызға

 

Хормен : Қош келіпсіз құрметті қонақтар!

 

Ән: «Мектеп»

1.     Бірді бірге қосуға

     Және оны санауға

     Үйретеді, үйретеді, үйретеді

                     Буындап сөз оқуға

     Және оны жазуға

     Үйретеді, үйретеді, үйретеді (2 рет)

 

2.     Аралдарды тануға

    Және оны оқуға

    Үйретеді, үйретеді, үйретеді

    Үлкендерді сыйлауға

    Кішкентайды ұрмауға

    Үйретеді, үйретеді, үйретеді

 

 

 

Оқушы: Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны,

                Айқара есік ашып тастағаны.

                Бір мереке думан болып осы маңда,

                Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

                Енді міне, сағымдай боп өте шықты,

                4 жыл уақыт аз ба екен , кім біліпті,

                Ұстаз ана жасады мына бізден

                Ел таңғалар азамат бір – бір шықты.

 

Оқушы:  Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

                 Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

                 Осы сырды үйреткен төрт сыныбым,

                 Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың

 

Би: Түрік биі.

 

Оқушы: Мектебім менің мектебім

               Күлімдеп тұрған көктемім

               Алып ұшып асыққан

               Есімде менің өскенім

               Мектебім мереке ән бердің ,

               Өзіңнен арайлы таң көрдім.

               Асылын үйреттін жалықпай,

               Әр-түрлі қызықты пәндердің.

Оқушы : Бастауышым – балбұлағым

               Сенен алдым балдын дәмін.

               Әріп танып, білім алып

               Рақметімді жаудырамын.

               Өтті сенде қызық шағым

               Бастауышым – балбұлағым.

               Қоштасар күн жетті міне

               Қимастықпен қол бұлғаймын

 

Ән: «Ұстазым»

 

-         Достар, бүгін бізде мейрам. Бастауышты бітіріп жатырмыз.

-         Бір- біріңе қандай жақсы тілек тілер едіндер?

 

Оқушы: Өмір деген сан-саналы қиыр жол,

                 Адаспасаң одан да аларын мол.

                Ұстаз, ана, әкенің құрбының да,

                Саған достым тілейтінім тек ақ жол!(ақ мата)

 

 Оқушы: Жайнаса бал-бұл бүлдіршін,

                 Бір сынып тағы өрлесін.

                 Жайқалып тұрған көктемгі,

                 Өмірің сенің гүл болсын!(гүл шашады)

 

Оқушы : Құтты болсын, құрбыжан,

                 Алға аттаған қадамың.

                 Білім деп соқсын жүрегің,

                 Жолыңа бестік шашамын.(бестік баға)

 

Оқушы : Шақырып алыс арманға,

                 Асулар күтіп тұр алда.

                 Өмірге ұлы самғауға,

                 Жар бола көрсін бір Алла!

 

Ән: «Армандастар –құрдастар»

 

Оқушы : Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,

                 Үмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.

                 Пана болған, дара болған біз үшін,

                 Жанымыздан артық көреміз біз сізді.

Оқушы : Өзінсің балауса көктемін,

                 Мен сенен нәр алдым көктедім.

                 Өмірде алғашқы өткелім.

                 Рахмет саған, бастауышым мектебім

 

Хормен: Қош бол, балғын балалық,

                Қош бол сүйікті бастауышым!

 

       

 

 

Ән : «Қоңырау»

 

1. Қоңырау үнімен әндеткен

    Есейіп, еркелеп, ер жеткен.

    Мектебім әлдилеп анамдай,

    Шақырған біздерді үнемі.

    Сыңғырла, сыңғырла тағы да,

    Аңсаймыз үніңді сағына.

    Қоңырау  әсем сөз әдемі ( 2 рет)

   2.  Мектептің сүйікті әуені.

        Қоңырау сыңғыры асыға

        шақырған біздерді қасына

        Білім ал, еңбек ет жас ұлан

     Ашық тұр мектебің шақырған.

 

Мұғалім сөзі: Қырандарымыздың білім қуған қанаттары талмасын.

                         Тек биікке самғасын.

                         Әріптерді танып алып тұрсындар,

                         Естеріңде болсын алда бір сын бар.

                         4 жыл менен білім алып шыққанмен,

                         Келешекте жазылатын жырсындар.

                         7 жылда өтер зулап сынаптай,

                         Бақытымын маған тұрса сын айтпай.

 

    - Көңілді ән-бимен кешіміз аяқталады.

 

 

 

 

 

                

 

 

               

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Іс - шара "Бастауышым - балбұлағым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 685
    • DOCX 53 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулешова Акзираш Казезовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулешова Акзираш Казезовна
    Тулешова Акзираш Казезовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 765
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 52 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов