Инфоурок Математика Другие методич. материалыИнтеллектуальная игра по математике на тему «Математическая регата»

Интеллектуальная игра по математике на тему «Математическая регата»

Скачать материал

Интеллектуалды ойын «Математикалық регата»

Мақсаты:

-                     оқушылардың ой-өрісін дамыту;

-                     оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-                     логикалық және математикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

-                     оқушылардың таңдап алынған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру.

 

Көрнекіліктер: белгілік карточкалар,

Техникалық жабдықтар: интерактивті тақта.

Ойынның деңгейлері:

1-кезең. Таныстыру, амандасу рәсімі

2-кезең. «Қас қағым сәт»

3-кезең. «Сарқырамадан өту»

4-кезең. «Тарихқа шолу»

5-кезең. «Мәре»

Әділқазылар алқасы: 251, 261, 271 топ оқушылары

 

Жүргізуші: Қайырлы  күн қадірлі  көрермендер!  Баршаңыз  «Математикалық регата» интеллектуалды  ойынына  қош келдіңіздер!

Құтқарып  ауыр  бейнеттен 

Есептеуді  үйреткен

Сандардың қызық әлемін

Тіл  бітіріп  сөйлеткен

Математика  емей  немене!

Білмегенді  білдірген

Өлшеп  киім  кигізген

Барлық  істі  атқарып

Пайдасын  елге  тигізген

Математика  емей немене!

Бәріңіз  маған  қараңыз!

Ойынымызды  бастайық

Алуан  түрлі  ойларды

Ортамызға  тастайық.

Математика  пәнінен

Көрсетіп  біздер  батырлық

Ой  толғалық  жүйелі

Таңдайымызға  татырлық!

Ойын шартын біліп ал

Құлағыңа құйып ал

Қане, мұнда кім батыр?

Қане, мұнда кім тапқыр?

Бағымызды сынап көрейік

Ол үшін керек батылдық.

Басталық ақыл –ойдың  дара  кешін,

Халайық сендер бізге  жақын  келші,

Математика  ғылымына  ұмтылғандар,

Сен егер кім екенін білгің келсе.

                                  Білмеймін деп  қысылма,

                                  Талабың  болса бойыңда.

                                  Өнерлінің  ырысы,

                                  Жарқырап  жатыр жолында.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға  бірге  қатысуға

Шақырамыз сіздерді,

- дей  отырып  сайыскерлеріміз 181, 191, 193 топ оқушыларын ортаға  шақырамыз.

 

(Интерактивті тақтадан  бүгінгі  ойынның кезеңдері көрсетіледі).

 

Жүргізуші: Ойын шарты бойынша әрбір кезеңнен белгілі бір ұпаймен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

Бәрімізге белгілі регата қайықсыз және ескекшілерсіз болмайды. Ең алдымен қатысушы командаларға сөз берейік. Бірінші кезеңде әрбір команда өзінің бас ескекшісін таңдап, қайығының атауын, командасын таныстырулары қажет. Бұл кезең максимум 5 ұпаймен бағаланады.

 

(Командаларға сөз беріледі)

Жүргізуші: Бүгінгі регатамызға қатысушы командалармен таныс болдыңыздар. Командаларға сәттілік тілеп:

Мықты  болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты  болсаң – арттағыны  жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді  бұзып өт,  - деп  келесі кезеңіміз «Қас қағым сәт»  сайысына  кезек  береміз.  Әрбір дұрыс жауап үшін «2 ұпай» беріледі

 

«Қас қағым сәт» кезеңінің сұрақтары:

1.                 «Математика – ғылымдардың патшасы» дейді, ал математиканың патшасы не?

А. Аристотель

В. Геометрия

С. Арифметика

2. Латындық ортаазиялық математик Әл-Хорезмидің атымен аталған есептеу жүйесі қалай аталады?

А. Екілік

В. Алгоритм

С. Гибридті

3. Санның графикалық бейнесі

А. Жазба

В. Цифр

С. Мән

4. Бүкіл әлемде ғалымдармен қарапайым адамдар қолданатын математикалық таңбалардың отаны болып саналатын ел

А. Қытай

В. Үндістан

С. Египет

5. Логарифм ұғымын алғаш енгізген ғалым:

А. Блез Паскаль

В. Огюст Шюке

С. Джон Непер

6. Көрсеткіштік функцияны көрсетіңіз

А.

В.

С.

7. Жұп функцияны көрсетіңіз

А.

В.

С.

8. Жұп функция графигі координат жазықтығында қалай орналасады?

А.  осіне симметриялы

В. (0;0) нүктесіне қарағанда симметриялы

С. Ох осіне қарағанда симметриялы

9. Қандай сан латын тілінен аударғанда «ешқандай» дегенді білдіреді?

А. 10

В. 0

С. 1

10. Математикалық ұғым және еуропалық лауазымдық тұлға

А. Лорд

В. Король

С. Граф

11. 1 ден кейін 100 ноль тұратын сан қалай аталады?

А. Гугол

В. Гиголиард

С. Гиголиард

12. Математикалық білімі жоқ математик

А. Гаусс

В. Буль

С. Ньютон

(Оқушылардың ұпайлары есептелініп, ең төмен ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады).

 

Жүргізуші:

Ойланайық азырақ, уақытты біз үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп

Ойынымыздың келесі кезеңі «Сарқырамадан өту». Сайыскерлеріміздің есептеу қабілеттерінің ұшқырлығын анықтайық. Сіздердің назарларыңызға қызықты есеп ұсынылады.

Есеп мәтіні:

«Пятачек» өз үйінен шығып, жол бойы емен жаңғақтарын жинап емен алаңқайы арқылы Винни Пухқа қонаққа бара жатыр. Суретте әрбір емен ағашының астында жатқан жаңғақтар саны жазылған. Егер Пятачектің 1000 жаңғақ жинағандығы белгілі болса, ол қай жолмен жүрді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы: 13+169+281+461+76

 

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Тарихқа шолу». Басым түсіп, озық ойларын көрсеткен командаларымызды қолдап қойыңыздар! Бұл кезеңде әрбір топқа тарихи мағлұматтарға байланысты сұрақтар беріледі. Бұл кезең максимум 10 ұпаймен бағаланады.

 

Оқымысты Алгоритм  Станок

Бұл ағылшын оқымыстысы 19 ғасырдың бірінші жартысында әмбебап есептеуіш машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаларды қолдануы керек еді. Ол бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез-келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.

Сұрақ: Бұл оқымысты кім?

Қосымша көмек: ол кісі дүние жүзіне «компьютердің атасы» ретінде танымал адам.

(Чарльз Бэббидж)

 

Цифр Амалдар Машина

1694 жылы ататқты неміс математигі Блез Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды. Дөңгелектің орнына цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын орындайтын болды. Кейін бірнеше рет жетілдірілді. Осы машинаның пайда болуымен есепші мамандығы пайда болды. 1969 жылы бұрынғы кеңестер одағында бұл машинаны шығару ең жоғары деңгейге 300 мың машинаға жетті.

Сұрақ: бұл машина қалай аталады?

Қосымша көмек: ХХ ғасырдың 70-ші жылдары бұл машинаны элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

(Арифмометр)

 

Құрал Көбейту кестесі

Бұл құралдың дәл қашан пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, оның жасы 2 мың – 5 мың жылдар шамасында, ал пайда болған жері Қытай немесе Египет, тіпті Греция болуы да мүмкін. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. Ол құрал Ресейде XVI – XVII ғасырларда пайда болған. Осы құралды көбейту кестесімен біріктіру жолымен жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.

Сұрақ: Бұл құрал қазір қалай аталады?

Қосымша көмек: XX ғасырда есептеулерді осы құралдың көмегімен жүргізген

(Есепшот)

 

Көрермендерге тапсырма:

Ребусты шеш: Мұндағы N санының мәні неге тең?

  KENGA4

x

               4

4KENGA 

 

Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар! Біз мәреге де жақындап қалдық. Ол үшін топтарға келесі кезеңнен сүрінбей өту ғана қалды. Командалар, іске сәт!

Командаларға келесі сұрақтар қойылады:

1.     Кәсіпкер банкке 100 000 тенге салды. Бір жылдан кейін 150 000 тенге алды. Табыс неше пайыз болды?(150%)

2.     Екі бала кітап сатып алайын десе, біреуіне 100 тенге, ал екіншісіне 10 тенге жетпеді. Олар ақшаларын қосқанда да жетпеді. Кітап қанша тенге тұрады? (100т)

3.     Әкесі ұлына әрбір дұрыс шығарған есебі үшін копилкасына 12 тенгеден салуға уәде етті, ал әрбір қате шығарған есебі үшін ұлы әкесіне 10 тенгеден қайтарып беру керек болды. Ұлы 10 есеп шешкеннен кейін, ұлының копилкасында 86 тенге болды. Қанша есепті дұрыс және қанша есепті қате шығарды?(12 есепті дұрыс шығарды, 8 есепті дұрыс шығармаған)

4.     Фермер аттарын тағалау шегелері бойынша сатады, олардың саны 16. Бірінші шегеге 10 тенге, екінші шегеге 20 тенге, үшінші шегеге 40 тенге т.с.с. алдынғысынан екі есеге сатқан. Фермер атты қаншаға бағалаған? (635 350 тенге) 

5.      Төрт ағайынды 45 тенге бар. Егер біреуінің ақшасына 2-ні қосса, ал екіншісінің ақшасынан 2 алса, үшіншісінің ақшасын 2-ге еселесе, ал төртіншісінің ақшасын 2-ге бөлсе, барлығының ақшасы бірдей болады. Әрқайсысында қанша ақшадан бар? (1-шіде 8т, 2-шіде 12т, 3-шіде 5т, 4-шіде 20т)

6.     Сіз банкке жылдық пайызы 10%-бен 500 000т салдыңыз. Жарты жылдан кейін сіз қанша ақша аласыз?(525 000т)

 

 

Жүргізуші: Сайысымызды қорытындылау үшін, сөз әділқазылар алқасына беріледі.

 

Әділ қазылар алқасының қорытындысы бойынша қай командада ұпай көп болса, сол команда жеңіске жетеді. Қорытында бойынша жеңімпаздарды марапаттау жүргізіледі.

 

Жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Қош сау болыңыздар!

 

 

 

Оқытушы:              Мамаева А.Т.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Интеллектуальная игра по математике на тему «Математическая регата»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Уметь проявлять способности к непрерывнымусамообразованию и модернизации профессиональнойквалификации, участвовать в коллективном принятии решения по вопросам выбора наиболее эффективных путей выполнения работы; выполнять конкретные актуальные подходы алгоритмизации и способы решения поставленной задачи; выполнять конкретные актуальные подходы алгоритмизации и способы решения поставленной задачи; выполнять конкретные задачи и планировать свою деятельность с учетом поставленной цели

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 772 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Особенности изучения темы «Координатная плоскость», «Линейная функция и их графики» по математике в условиях реализации ФГОС ООО.
  • Учебник: «Математика (в 2 частях)», Виленкин А.Н., Жохов В.И., Чесноков А.С. и др.
  • Тема: 45. Координатная плоскость
  • 30.12.2020
  • 631
  • 3
«Математика (в 2 частях)», Виленкин А.Н., Жохов В.И., Чесноков А.С. и др.
Карточки для контрольного тестирования по теме "Сложение и вычитание десятичных дробей"
  • Учебник: «Математика», Мерзляк А.Г., Полонский В.Б., Якир М.С./ Под ред. Подольского В.Е.
  • Тема: § 33. Сложение и вычитание десятичных дробей
  • 30.12.2020
  • 393
  • 22
«Математика», Мерзляк А.Г., Полонский В.Б., Якир М.С./ Под ред. Подольского В.Е.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.08.2020 375
    • DOCX 8.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кебедова Патимат Абдулаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кебедова Патимат Абдулаевна
    Кебедова Патимат Абдулаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72883
    • Всего материалов: 191

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе