Инфоурок Другое Другие методич. материалыИнтеграция на ураках "Мысалдар"

Интеграция на ураках "Мысалдар"

Скачать материал

Көкпекті ауданы Подгорное ауылы

                                                                    КММ «Подгорное негізгі мектебі»

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Елемесова З.З.

Мысалдар

1.     Физика 8 сынып

Жарық.  Жарық көзі.

1. Жарық туралы түсінік беремін

Сендер алдағы уақытта әр адамға қажетті, өте қызықты, өте пайдалы құбылыстармен танысасыңдар. Бұл жарық құбылыстары. Жарық және жарық құбылыстары туралы физиканың оптика деп аталатын тарауында айтылады.

2. Жарықтың адамның өмірі мен іс-әрекетіндегі рөлі.

Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны ерекше. Жарық табиғатты танудағы маңызды құрал болып табылады. Қоршаған ортаны көру деп, ал көру мүшесі көз деп аталады. Бізді қоршаған дүние туралы мәліметтің 90 пайызын біздің көру мүшеміз береді, ал оның тасымалдаушысы жарық болып табылады.

3.Жарық көзі бола алатын денелермен таныстыру.

Жарық көздері –жарық шығаратын денелер. Оларды екі топқа бөлуге болады. Дербес жарық көздері және шағылған жарық көздері. Дербес жарық көздерін жылулық, люминесценциялық және плазмалық болып 3 топқа бөлінеді. Әлемдік кеңістіктегі жарықты да, жылуды да өздері шығаратын денелердің мысалдарына Күн мен жұлдыздарды алуға болады. Жарықтың люминесценциялық көздеріне мысалдар. Люминесценттік шамдар, теледидар, тамырдың шіріндері, жарық қоңыздары, радиоактивті заттар. Плазмалық жарық көздеріне өздері арқылы электр тогын өткізе алатын газдар жатады.Жарық ағынында молекулаларда, атомдар да, электр бөлшектері де, заттың қандай да бір басқа бөлшектері де жоқ. Жарық заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағынын білдіреді. Жарық бөлшектері фотондар деп аталады. Оларда масса мен энергия толқындық қасиеттер бар және олар қозғалыста ғана өмір сүре алады.

4. Жарықтың энергия берілудің бір түрі сәулеленумен байланысына тоқталу.

            Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталынған денелерге алып барады. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп атайды. Сәуле шығару толық вакуумде болуы мүмкін. Барлық денелер өздерінің азды-көпті ішкі энергиясын сәулелену арқылы сыртқа шығарады.

5. Жарық жылдамдығы жайында мағлұмат беру.

            Жекелеген фотондардың массасы мен энергиясы  әртүрлі болғанымен, олардың вакуумдегі жылдамдығы бірдей. Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Бұндай жылдамдықпен бірде-бір дене қозғала алмайды. Вакуумдегі жарық жылдамдығы-табиғаттағы мүмкін болатын ең үлкен жылдамдық. 3*108 м/с, ауадағы-299711 км/с, суда-225000 км/с, шыныда-200000 км/с.

6. Күн-жұлдыз туралы түсінік беру.

Күн-өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Бұл сәуле шығару күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді. Шар тәріздес Күн бізге жарқыраған дөңгелек болып көрінеді. Радиусы Күннің радиусы болып саналатын Күннің көрінетін беті фотосфера деп аталады. Ол радиус Жердің 109 радиусына тең. Күннің көлемі Жердің көлемінен 1300000 есе артық. Күннің еркін түсу үдеуі 274 м/с2. Оның бетіндегі екінші ғарыштық жылдамлық uІІ=618 км/с, орташа тығыздығы ρ0=1410 кг/м3. Күннің сәуле шығару қуаты 4*1023 кВт, температурасы 6000 К.

Жарықтың физикалық қасиеті: жарық әсерінен денелер қызады,металдардың электрондары ұшып шығады,осының нәтижесінде металдар электрленеді.

Жарықтың химиялық қасиеті: жарық химиялық реакция тудырады.Маталардың бояуы өңеді,фотопластинкалар қараяды.

Жарықтың биологиялық қасиеті:Өсімдік жапырақтарында жарық әсерінен хлорофиль түзіледі

          Өзін-өзі танумен байланысы:

      Жарық пен көлеңке. Біз жарыққа қарай жүрсек, көлеңке артымызда болады. Жарық көп болған сайын көлеңке азаяды. Жарыққа арқамызды қаратып жүрсек, онда көлеңке алдымызда болады. Жарық – бұл біздің бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылықтар, көлеңке – бұл біздің теріс жақтарымыз. Көлеңке бұл жарықтың жоқтығы. Жарық бар жерде көлеңке жоқ.

 

2. Алгебра 8 сынып

Сандар жиыны

Барлық цифрлар 1 санынан құралады. 1+1=2, 1+1+1=3т.с.с.Бұлар натурал сандар. Натурал сандар деп мына сандарды атаймыз 0, 1, 2, 3, 4,…

Барлық натурал сандар жиының N символымен белгіленеді. Белгілі бір a санының натурал сан екенің көрсету үшін a  N деп белгілейміз. Мысалы 1  N, 5  N, 3  N.

Бүтін сандар деп оң және теріс таңбасымен алынған барлық натурал сандар жиынынан құралған сандар жиының атаймыз.

Яғни бүтін сандар 0, 1, 2, 3, 4,… және –1, –2, –3, –4,… сандар жиындарының бірігуінен құралған. Бүтін сандар жиының P символымен белгілейміз.

Рационал сандар деп рационал сандар (a  P, b  P, b ≠ 0) сандарын атаймыз. Мысалы нақты сандар. Рационал сандар жиының R деп белгілейміз.

Кез келген бүтін c саны рационал жиынына еңеді да, яғни рационал саны да болып табылады. Өйткені рационал сан, соңдықтан P  R.

Сұрақ.

N  R тұжырымы орынды ма?

Иррационал сан деп π = 3,141592… немесе иррационал сандар = 1,4… сандары тәрізді бөлшек бөлігі шексіз, периодты емес цифрлардан құралған сандарды атаймыз.

Иррационал сандар жиының Q деп белгілейміз.

Нақты сандар жиыны деп барлық– натурал, бүтін, рационал және иррационал сандардан құралған сандар жиының атаймыз. Және бұл жиынды Z әрпімен белгілейміз.

Өзін-өзі танумен байланысы: Қызық,  барлық сандар шексіздігі 1 санынан және қосу,бөлу, түбірден шығару  т.с.с. амалдардан тұрады. Біз сендерге «Бірлікшіл» болыңдар дейміз.Сендер сандардың біртұтастығын ұқсаңдар, алгебраны түсіну, оқу оңай болады. Сол сияқты өмірде де біз бірлікшілдікті, біртұтастықты және ұйымшылдықты көргенде өмір сүру оңайға түседі. Сонда біз бірігіп жұмыс жасаймыз. Өмір жолымызда аз қателесіп, дұрыс шешімдер қабылдаймыз.  

Барлық цифр 1 санынан тұрады. Барлық материалдық заттар атомнан тұрады. Барлық органикалық формалар  клеткадан тұрады. Сол сияқты әлемдегі барлық адамдардың  жүрегінде Махаббат, Ар, Жақсылық, Қайғысына ортақтасу бар. Бұл-рухани-адамгершілік байлығымыз. Барлық адамдар бір-біріне- дос, жолдас, ағайын.         

 

3.     Математика 6 сынып

Сызықтық функцияның дербес жағдайлардағы графигі немесе тура пропорционалдық.
l=0 болғанда у=kx тура пропорционалдығының графигін қарастырайық. 
у=kx функциясының формуласынндағы х=0 болғанда у=0. Сондықтан оның графигі координаталар басы арқылы өтеді. 
у=kx  функциясының графигі координаталар басы арқылы өтетін түзу. 
у=kx тура пропорционалдығының графигін салу үшін ізделінді нүктелердің бірі ретінде О(0;0) нүктесін алу керек. 
Ізделінді екінші нүктенің координаталарын табу үшін x-тің нөлден өзгеше қандай да бір (мүмкін) мәнін қойып, оған сәйкес у-тін мәнін табу керек. 
Мысалы, у=2х функциясы үшін, х=2 болғанда у=4. А(2;4) нүктесін алу керек. Табылған О(0;0) және А(2;4) нүктелері арқылы жүргізілген түзу у=2х функциясының графигі. 
у=kx функциясы графигінің координаталық жазықтықтағы орналасуы к коэфицентіне тәуелді. у=kx

Өзін-өзі танумен байланысы: Егер біз сенімді-х деп, ал достықты –у деп алайық. Егер сенім өскен сайын, достық та өседі. Ал бір-бірімізге деген сеніміміз азайған сайын, достығымыз да кемиді. Ал х-ті біз табандылық деп алсақ, у-сол табандылықтың арқасында жеткен нәтижеміз болсын. Енді балалар  қараңдаршы табындылығымыз өскен сайын немесе табындылықпен еңбек еткен сайын, нәтижеміз де көзге көрінеді. Ал табандылықпен еңбек етпесек, нәтиже де болмайды. Сондықтан балалар біздің бір-бірімізге деген сеніміз арта берсін. Достығымыз нығая берсін. Табандап еңбек етіп, нәтижесін шыңдардан көре берейік. Барлық әлемде «Біртұтастық», «Бірлікшілдік»  болсын. Бебітшілік әрқашан жер жүзінде сақталсын.

4.     Қазақстан тарихы 5 сынып

§36. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ-ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ.

Абай Құнабайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан (Семей) облысының Шыңғыстау өлкесінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибрагим. Руы тобықты. Әкесі Құнанбай осы рудың басшысы, аға сұлтан болған. Абайдың зерек болып өсуіне шешесі Ұлжан мен әжесі Зеренің әсері мол болған. Абай кейіннен Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқып білім алады. Мұнда шығыстың ірі ғалымдары Фирдоуси, Низами, Науаи еңбектерімен танысады. Қалада болған кезінде орыс тілін шебер меңгереді. Көптеген орыс зиялыларымен танысып достасады. Бірақ Абайды әкесі Құнанбай ел билігіне араластыру үшін оқуын аяқтатпай ерте қайтарып алады.

         Осы арада  оқушыларға Құнанбай жайлы қысқаша әңгімелеп беремін.

  Жас кезінен ел билігіне араласу Абайды ерте есейтеді. Осы кезден бастап Абай өлең жазумен айналысады. Оның өлеңдері жастарды білімге, ғылымға шақырады, халықтың сол кездегі нашарәлеуметтік хал-ахуалын суреттейді. Абайдың елуге жуық қара сөзінің аса зор философиялық мәні бар.

         «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» деп аталатын үш поэма жазған. Орыс тілін жетік меңгеруі Абайдың орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуына жол ашады. Абай Л. Толстой, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, М.Е. Салтыков-Шедринді аударған. Абайдың талантты Мағауия, Акылбай, Өбдірахман атты ұлдары болған. 1904 жылы Абай қайтыс болады.

         Бұдан кейін   оқушыларға дәптерлеріне Абайдың кез келген өлеңінен төрт жол үзінді жазуды тапсырамын. Бес минуттай уақыт оқушыларға өздері жазған өлең  шумақтары жайында ойларын айтқызамын.

         Бұл өтілетін тақырыптың маңызын аша түсуге көмектеседі.

Қорытынды кезең

Сабақты бекіту мақсатында   оқушыларға жазылған карточкалар таратамын.

Ондағы сұрақ үлгілері:

         1.  Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны.

         2.  Абайдың жан-жақты өсуіне әсер еткен орта туралы айт.  Оқушылардың ойларын тұжырымдап қорытындылаймын.

         Абай - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі. Абай өлеңдерінің әдебиетімізде алатын орны ерекше. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерімен жақын араласуы Абайдың прогрестік жолына үлкен әсер еткен. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде шебер сөйлете білді. Абай өмірінің ерекшелігін біз Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан оқып біле аламыз.

Өзін-өзі тану пәнімен байланысы:  «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді беремін.

Ғылым таппай мақтанба,  

Орын таппай баптанба, 

Құмарланып шаттанба 

Ойнап босқа күлуге. 

Бес нәрседен қашық бол, 

Бес нәрсеге асық бол, 

Адам болам десеңіз. 

Тілеуің, өмірің алдыңда, 

Оған қайғы жесеңіз. 

Өсек, өтірік, мақтаншақ, 

Еріншек, бекер мал шашпақ — 

Бес дұшпаның білсеңіз. 

Талап, еңбек, терең ой, 

Қанағат, рақым ойлап қой — 

Бес асыл іс, көнсеңіз. 

Жамандық көрсең нәфрәтлі,* 

Суытып көңіл тыйсаңыз. 

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,* 

Оны ойға жисаңыз. 

Балалар міне осы өлең сендерге айтып тұр неге асық болып, неден қашық болуды.

5.     Қазақ әдебиеті 6 сынып

«Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)

- Қалай ойлайсыздар, үзінді неге «Ата үміті» деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған, артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста, соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді, атаның үміті неде?

Біз шығармада үш-ақ кейіпкермен жүздестік, бірақ салмағы батпандай ой түйдік.

Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай, қайда жүздестік?

Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?

Алғашқы жүздесу, алған әсеріңіз?

Шығарманың сізді ерекше толқытқан тұсы

Шығармадағы оқиғалардың сіз үшін ең шиеленісті, түйінді тұсы

Шығарманың тақырыбы немесе көтерілген негізгі мәселе қандай?

Кейіпкерлер жүйесі

 

 

Ішке, сыртқа

 

+

-

Қарапайымдылық

Дөрекілік

Адал еңбек

Ұятсыздық

Әділетсіздік

Ұрлық

Мейірімділік

Қаталдық

Арлылық

Өктемдік

Адалдық

Дүниеқоңыздық

Сенгіштік

Пасықтық

 

 -  Балалар, біз бүгін әңгімедегі кейіпкерлер , олардың іс-әрекеттері арқылы күнделікті өмірде ұшырасатын түрлі қатыгездік пен дүниеқоңыздық, дөрекілік, ұрлық, ұятсыздық сияқты жаман  қасиеттерді адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттер жеңіп шығатынына көзіміз жетті. Алып денелі, жас жігіт Омаштың алдында абыройлы, адал адам Тоқсанбай шал әлдеқайда биіктен көрінді.  Біз «+»-ді бойымызға қабылдап, «-»-ді бойымыздан аулақ ұстайық. Әрқашан жақсылық бойымыздан табылсын!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Интеграция на ураках "Мысалдар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мысалдар1.Физика 8 сынып Жарық. Жарық көзі.1. Жарық туралы түсінік беремінСендер алдағы уақытта әр адамға қажетті, өте қызықты, өте пайдалы құбылыстармен танысасыңдар. Бұл жарық құбылыстары. Жарық және жарық құбылыстары туралы физиканың оптика деп аталатын тарауында айтылады.2. Жарықтың адамның өмірі мен іс-әрекетіндегі рөлі.Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны ерекше. Жарық табиғатты танудағы маңызды құрал болып табылады. Қоршаған ортаны көру деп, ал көру мүшесі көз деп аталады. Бізді қоршаған дүние туралы мәліметтің 90 пайызын біздің көру мүшеміз береді, ал оның тасымалдаушысы жарық болып табылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.10.2020 553
    • DOCX 39.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Будаева Татьяна Санжаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Будаева Татьяна Санжаевна
    Будаева Татьяна Санжаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 62267
    • Всего материалов: 205

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе