Инфоурок Начальные классы КонспектыИнклюзивтік білім беру .

Инклюзивтік білім беру .

Скачать материал

Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені

 

 

 

 

 

                           Тақырыбы:

Инклюзивтік оқыту 

 

 

 

 

 


                                 Дайындаған:

                                           Бастауыш сынып мұғалімі А.Ғ.Темирова

 

 

 

 

 

 

 

 

2012- 2013 оқу жылы

Тақырыбы: Инклюзивтік оқыту

Қазіргі кезде ғылыми ортада және педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді. Мұнда балалар оқу процесіне даму ерекшеліктері мен жетілу деңгейлеріне қарамастан бәрі бірге тартылады.

Инклюзивтік білім беру идеясының  туындауы балаларды бір-бірінен ажырататын кедергілерді жою мәселесіне бағытталады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортамен шындап біріктіру ісін жүзеге асыру үшін инклюзивтік білім беру әдісін еңдірудін алғы шарттарын жасау қажет. Бұл алғы шарттар мыналар:

-         Жалпы білім беру жүйелері ұсынатын оқыту мен түзету қызметтеріне байланысты таңдау  мүмкіндіктерінің болуы;

-         Жалпы білім беретін мектеп пен балабақша құрылымында арнаулы білім беру қызметінің түрлері мен мүмкіндігі  шектеулі  балалардың тіршілік қарекетіне қажетті айрықша жағдайлардың болуы;

Шын мәнінде инклюзивтік білім беру ісі оқушылардың дамуына қатысты проблемаларды барынша игеруге және олардың психофизикалық денсаулығын сақтауға бағытталған оқытып-үйрету процесін ұйымдастыру мәселесімен байланысты  қарастырылады.

Негізге алынатын мемлекеттік заң шығару құжаттарында мұндай балалардың әр түрлі категорияларын белгілі бір жағдайлар жасау арқылы жалпы білім беру процестеріне қосуға болатындығы туралы нақты жазылған. Бұл жағдайлар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:

-         Даму жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды интерацияланған жолмен оқыту (жалпы білім беру ортасына қосу) процесін нормативтік құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ететін әзірлемелер жасау (интерациялық білім беру ісін ұйымдастырудың ережелері) .

-         Мүгедек балалар үшін «Кедергісіз зоналар жасау» (көтергіш қондырғылар, арнаулы парта, үстел)

-         Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеуін қамтамасыз ету.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мынадай түрге бөлінеді:

-         Психикалық  даму деңгейі тежелген;

-         Жеңіл деңгейде ақыл-ойы тежелген;

-         Орташа деңгейде ақыл-ойы  тежелген;

-         Күрделі және қимыл қозғалысы бұзылған балалар мен сөйлеу  бұзылыстары бар балалар.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы ауруының сипатына, басталған уақыты мен түзеу жұмысының уақытылы басталуына тәуелді болады.

Кейбір сыныптарда қазірдің өзінде сау балалармен бірге мүмкіндігі шектеулі балалар бірге оқитын сыныптар пайда бола бастады. Бұл – алғашқы қадамдар. Мүмкін алдағы уақытта мұндай практика барлық мектептерге енгізілер. Жалпы, инклюзивті білім беру біз үшін жаңа термин. АҚШ пен бірқатар еуропалық мемлекеттерде ондай тәжірибе  баяғыдан бар көрінеді. Бізде бастау алғанына үш жылдай ғана. Инклюзивті білім берудің  мәні мынады: мүмкіндігі шектеулі балалар өздігінің сау құрдастырымен бірге бір сыныпта оқйды. Бұл мүгедек баланың өзін қоғамнан тыс жапандағы аралда жалғыз өмір сүріп жатқан секілді сезімнен арылтып, мемлекеттің азаматы ретінде қалыптасуына ықпал жасайды. Бала қандай болмасын қоғамнан тыс қалмауы керек.

Дені сау балалардың ата-анасы баласының мүгедек балалармен оқуына іштей қарсылықтарын жасыра алмайтынын, олар мүгедек балалардың қимылы, жүріс-тұрысы ұнамайтынын білдіреді. Осындай-ақ, проблема алдымен сау балаларда емес, олардың ата-аналарында екендігі анық. Мұндай көзқарасты түбірімен өзгерту керек. Ешкім де мүгедекті сұрап алмайды. Тағдырдың ауыртпалығын өмір бойы арқалап келе жатқан бала мен оның ата-анасына сау адамдар тарапынан оң көзқарас, түсіністік, сәл де болса, олардың ауыртпалықтарын жеңілдетуге деген адами жылылық орнатуымыз керек.

Инклюзитивтік білім берудің тиімділіктері:

1.     Бала бойында өз-өзіне деген сенімділік жоғарылайды;

2.     Бала басқа балалармен бірдей деңгейде білім алады;

3.     Өзі қатарлас балалармен қарым-қатынас орнатады;

4.     Дені сау бала мүгедек балалардың жан дүниесін ұғына алады;

5.     Қоғам дамуына байланысты қалыптасады.

Біріктіріп оқыту тәжірибесін іске асыру үшін инклюзивті білім беру мемлекеттің саясаты болуы керек жүйелі шараларды ұйымдастыруы қажет. Ол жанұяны, жалпы мектептерді қолдауға, мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеграциялау деңгейін жоғарлатуы керек етеді. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және жасөспірімдердің білім беру және әлеуметтік қажеттілігін бағалау оқу мекемелерінде бара бар жағдайларын қамтамасыз ету, жанұяны қолдауды дамыту қажет.

Қазіргі уақытта бұл күрделі мәселелер түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығындағы арнайы мектептерде білім беру зертханасында  қарастырылып отырғаны баршамызға мәлім.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен психо-коррекциялық  жұмыс барысында  олардың топта, жанұяда нақты іс-әрекет моделі қалыптасады, қорқыныш басылып, позитивтік ойлауы  басым болады. Ата –ана мен педагог міндетті түрде баланың жетістіктерін бір-біріне хабарлап отыру керек.

Бақылау күнделігін ашып, үйдегі, мектептегі жетістіктерін жазып жүруі қажет. Мүмкіндігі шектеулі баланың үйренгендерін көрсетуге, өлең оқуға, ән салып, би билеуге, ойын ойнауға талпыныстарын қалыптастыру үшін шаттықшеңбер, сергіту сәттері, санамақ, сазды үзіліс өткізуге болады.

Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп, мазмұнын әңгімелеп беруге тапсырма беру. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұрау. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап, дәлелдеп сөйлеуге үйрету. Іс-әрекетін дұрыс –бұрыстығына өз ойын айтуға дағдыланады.

«Тыңдаймыз және орындаймыз» сазды жаттығуы, «Май шам», «Тас және жолаушы» психологиялық ойындарын жүргізуге болады.

Мақсаты: баланың өзіне деген сенімділігі пайда болады, ортадан оқшауланбайды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың саусақ қимылы мен қол қимыл жаттығуын дамыту баланың жан-жақты дамуында маңызды рөл атқарады.

 Қол және саусақ қимылын дамыту бала миының дамуына жақсы әсер беретінін мамандар баяғыда-ақ дәлелдеген. Мамандардың айтуы бойынша, қол мен саусақ қимыл жаттығу ойындары ми жүйесін керемет жағдайда ұстай отырып, ақыл-ес және дененің үйлесімді қатынасын реттейді.

Қазақ халқының халық педагогикасына сүйенсек, бізде кездесетін –«Қуыр-қуыр, қуырмаш», «Саусақ санау», «Санамақ», «Бес саусақ» сияқты ойын жырларының бірі «санамақ» деген атпен белгілі. Жас баланың қолын ұстай отырып, саусақтарына ат қойып, оларды бірде бүгіп, бірде жазып ойнау арқылы баланың көңілін ғана аулап қоймай, балалардың бірлесіп қайталауына, дыбыстарды дұрыс айтуға, айтылған жырды есте сақтауға, психикалық демалуда таптырмайтын әдіс. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу жоқ. Санамақ ойындарының өміршең қызметі де оның ең алдымен жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісімен байланысты болуында.

Япония мемелекетінде кеңінен тараған осындай жаттығулардың бірі – грек жаңғақтарын қолдану. Жаңғақтарды алақанға салып әр бағытта домалату арқылы баланың шаршағанын басып, сауықтырады. Көбінесе ата-аналар саусақ қол қимыл жаттығуларына терең үңіле қоймайды, олар көбінесе баланы алдандыру, көңілін аулау мақсатында қолданылады деп ойлайды. Ал шын мәнінде олар өз балаларының қол саусақ қимылын дамытып отырмыз деп ойламайды.

 Әр саусақтың қарапайым қимылын жасату арқылы баланың дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалап, мәнерлеп сөйлеуін де дамытып сөздік қорын байытамыз. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтеміз. Баланың қарапайым қасық, қарындаш ұстау, жуыну, сияқты қимылдарына көңіл аударып отырған жөн. Мысалы, бала төрт жасында екі қолын уыстап, бетін жуа алмаса, ұсақ бұлшық еттер дамуында артта қалушылық бар екенін байқауға болады.

«Үй», «Жаңбыр қалай жауады?», «Отыншы», «Тікұшақ» сияқты саусақ, қол жаттығуларын тірек-қимыл бұзылыстары бар балаларға орындатуға болады. Демек, халық педагогикасы мен психологиясының әдет-ғұрпының шоғырланған көрінісі санамақ жырларында және десек асыра айтқандық емес.

Қорытынды:

Мүмкіндігі шектеулі балаларда отбасында барлық жағдай жасалғанымен, өзі қатарлас балалармен қарым-қатынас жетіспейді.

Бүгінгі бала-ертеңгі қоғам адамы. Сондықтан еліміз жарқын болсын десек, бала тәрбиесінде мына мәселелерге ерекше назар аударғанымз жөн. Баланың өзі шыққан ата тегін білу, сенімді дос табуына көмектесу, туған жерін, Отаның сүюуге бағыттау біздің негізгі міндетіміз. Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейрім мен сүйіспеншілікте. Бала кімнен мейрім көрсе, сол адамды жақсы көреді. Ендеше сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі басты қағида. «Таза қағаз бетіне қалай өрнек салсан, сол сықылды балаға берген тәрбие мен білім де бойына қалыптасады» деген екен ата-бабаларымыз. Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамда шет қалмауы тиіс деген ұғым әр адамның жүрегінде орын алуы керек. Олардың дені сау балалармен бірдей дәрежеде білім алып, өмірге көзқарастарының жақсы деңгейде қалаптасуына негіз қалап, оларды қолдап жүрейік.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Инклюзивтік білім беру ."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Инклюзивтік оқыту

Қазіргі кезде ғылыми ортада және педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді. Мұнда балалар оқу процесіне даму ерекшеліктері мен жетілу деңгейлеріне қарамастан бәрі бірге тартылады.

Инклюзивтік білім беру идеясының  туындауы балаларды бір-бірінен ажырататын кедергілерді жою мәселесіне бағытталады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортамен шындап біріктіру ісін жүзеге асыру үшін инклюзивтік білім беру әдісін еңдірудін алғы шарттарын жасау қажет. Бұл алғы шарттар мыналар:

-         Жалпы білім беру жүйелері ұсынатын оқыту мен түзету қызметтеріне байланысты таңдау  мүмкіндіктерінің болуы;

-         Жалпы білім беретін мектеп пен балабақша құрылымында арнаулы білім беру қызметінің түрлері мен мүмкіндігі  шектеулі  балалардың тіршілік қарекетіне қажетті айрықша жағдайлардың болуы;

 

Шын мәнінде инклюзивтік білім беру ісі оқушылардың дамуына қатысты проблемаларды барынша игеруге және олардың психофизикалық денсаулығын сақтауға бағытталған оқытып-үйрету процесін ұйымдастыру мәселесімен байланысты  қарастырылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 324 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2015 575
    • DOCX 45.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Атанбай Айдана Сарсенгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Атанбай Айдана Сарсенгалиевна
    Атанбай Айдана Сарсенгалиевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53370
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 334 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе