Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Скачать материал

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ

БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Бекенова С.С.

Оразалиев Б.М. Орал қ.

 

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып отыр. Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады. 

Пәнаралық байланыс – оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін, қоршаған орта, табиғаттағы құбылыстарды бақылауда мұқият мән беруді, сонымен бірге оқытудың аналитикалық деңгейін көтеруді, себеп-салдарлы функциональдық байланыстарды орнатуда үлкен назар аударуды, оқыту, тәрбиелеу процесінде пәнаралық байланыстың тәсілдерін кеңейтуді талап етеді және де жалпы білім сапасын көтеруде алатын орны маңызды. 

Қандай да өркениетті мемлекеттің қуатты болуы жаратылыстану ғылымдарының дамуымен айқындалады. Біздің жұмыстарымыз осы жаратылыстану ғылымдарының пәнаралық байланысын ашуға арналған.

Қазіргі таңда пәнаралық байланыстың теориясы мен практикасы үздіксіз дамуда, пәнаралық байланыстың негізгі дидактикалық функциялары, сабақта оларды жүзеге асыру тәсілдері, сабақтың түрлері қарастырылған.

Пәнаралық байланыс құрамындағы маңызды болып табылатын мазмұндық және шығармашылық негіздерін бөліп қарастыруға болады. 

Мазмұндық негізін жалпы ғылыми фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар құрайды. Мысалы, жаратылыстану-ғылыми циклдегі пәндер үшін жалпы түсініктер болып материяның (зат және өріс) құрылымдық формалары, денелердің қасиеттерін сипаттайтын, құбылыстарды және бақылауларды сипаттайтын шамалар болып табылады. Ал, жалпы заңдарға масса, энергия, электр зарядының сақталу заңдары, химиялық реакциялардың жүру заңдары және т.б. жатады. Теорияларға химия, физика және биология ғылымдарында қолданылатын, тірі және тірі емес табиғаттың көптеген құбылыстарын түсіндіретін зат құрылысының молекула-кинетикалық теориясын, зат құрылысының электронды теориясын, квантты-өрісті теорияны және т.б. айтуға болады. 

Жаратылыстану ғылымдарының шығармашылық негізі – есептеу, өлшеу, графиктеу, бақылай білу, өздігінше тәжірибе жасау және құралдармен жұмыс жасау болып табылады.

Жаратылыстану ғылымдарының тағы бір жалпы құраушысы – ғылыми таным әдістері, яғни: бақылау, эксперимент, ойша моделдеу, теориялық анализ және жалпылау болып табылады.

Суровикина С.А. пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығының маңызды ұстанымдарын келесі түрде көрсетеді:

1.                      Оқу пәндерінің координациясы, яғни оларды оқыту кезінде бір пән басқа пәндерді оқытуда көмекші құрал болатындай уақыт бойынша сәйкестелуі керек. Мұндай көмекші құрал ін түсініктер және оқыту тәсілдері орындайды.

2.                      Жалпы түсініктерді қалыптастыруда, заңдар және теорияларды оқытудағы қабылдағыштық.

3.                      Түсініктер, заңдар, теориялар интерпретациясындағы бірлік және оларды меңгеру міндеттері.

4.                      Оқудағы білім, білік, дағды қалыптастырудың жалпы тәсілдері.

5.                      Жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін тереңдету және жан-жақты қолдану үшін қолайлы жағдай тудыру

6.                      Әр түрлі ғылымдар қарастыратын түрлі табиғат құбылыстарының арасындағы өзара байланыстарын ашу.  

7.                      Әр түрлі ғылымдарда пайдаланылатын зерттеу әдістерінің жалпылығын көрсету.   

8.                      Әр түрлі пәндерден алған білімдерін кешенді түрде қолданатын жаттығулар жүйесін шығару және олардың орындалуын ұйымдастыру.  

Пәнаралық байланыстың басқа да құраушыларын және маңыздылығын айта отырып, оларды кестеде (кесте 1) көрсетеміз.

Білім берудің дәстүрлі моделі қазіргі уақыттың жаңа талаптарын қанағаттандыра алмауда: бұл модель жеке ойлауға, механикалыққа, сызықтылыққа бағытталған, нақты өмірдің құбылыстары мен пәндер арасындағы табиғи байланыс бұзылған. Ал оқушыларда әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін, ол туралы толық түсінік, гумандық дүниетаным және диалектикалық ойлау қалыптастыру өзекті болып табылады. Оқушыларды өмірдің жеке, оқшауланған құбылыстарына емес, әлемді кең көлемдегі бірлікте, өзара байланысты көпқырлы етіп қарауға үйрету керек.

Осыған байланысты пәнаралық байланыс мәселесі туындайды. Оқушыларға бірнеше пән бойынша өз білімін көрсетуді талап ететін сабақтарды, яғни бірнеше әртүрлі пәндерді біріктіретін біріктірілген сабақтарды өткізу қажеттілігі арта түсуде. 

1- кесте 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біріктірілген сабақтар, әсіресе егер ол  информатика пәнімен біріктірілген болса, білім берудің қазіргі деңгейлері мен технологияларына толықтай сәйкес келеді. Осындай сабақтарда ғана оқушылардың түрлі пәндерден ақпарат алу арқылы құбылыстар мен оқиғаларды жаңаша түсіне отырып, терең әрі берік білім алуға мүмкіндігі болады. Біріктірілген сабақта білімді синтездеу, дағдыны қалыптастыру және пайдалану үшін үлкен мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде оқушыны ынталандырады, таным объектісіне жүйелік түрде қажеттілікті дамытады, объективті шындықтың күрделі процестері мен құбылыстарын салыстыру, талдау дағдыларын қалыптастырады. Осының нәтижесінде тұтас дүниетанымның қажетті алғышарты ретінде нақты өмірді біртұтас қабылдау жүзеге асады. Біріктірілген сабақта дағды қалыптасады, ойлау, еске сақтау, қиялдау дамиды, әлеуметтік нормаларды мағыналы игеру жүзеге асады. Мұндай сабақтарға үлкен білімділік және тәрбиелік потенциал тән.   

Біріктірілген сабақты жоспарлау барысында оқытушы оның мақсатын, материал мазмұнын, сабақтың әдістерін, оқытудың құралдары мен формаларын анықтауы керек, нәтижені болжауы қажет. Түрлі технологияларды біріктірілген сабақтарда қолдана отырып, оқытушы процесті әлдеқайда қызықты етеді. 

Педагогикалық технологиялар түрлері өте көп, олардың түрлі белгілеріне қарай жіктейді. Біріктірілген сабақтарда көбірек қолданылатын технологиялар келесідей:  Оқу жұмысы тәсілдерін қалыптастыру технологиясы. Қандай да бір нәрсені сипаттау жоспары, алгоритмі, үлгілері, ережелері түрінде беріледі. Бұл технология көптеген оқытушылар тәжірибесінде кездеседі. 

*              Тірек сигналдар парақтары технологиясы. Схемалар басты және негізгіні ерекшелеу, логикалық байланыстарды іздеу және орнату оқушыларға сабақты игеруге көмектеседі. Байланыс схемаларын оқытушы үнемі қолданады. 

*              Оқушылардың оқу әрекеттерін қалыптастыру технологиясы. Бұл технологияның мәні мынада: оқу әрекеті оқушының оқу белсенділігінің ерекше формасы ретінде қарастырылады. Ол білімді есептер көмегімен алуға бағытталған. Сабақ басталғанда есеп ұсынылады, ол сабақ барысында шешіледі, ал сабақ аяғында осы есептерге сай тест арқылы тексеру жүргізіледі.  

*              Дифференцияланған       оқыту       технологиясы.          Бұл технологияны қолдануда оқушылар шартты түрде ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлінеді. Түрлі деңгейдегі бағдарламалар, дидактикалық   материалдар,     тапсырмалар,    оқыту        нәтижесін диагностикалау түрлері жасалады.  

*              Оқу-ойын технологиясы. Оқу ойыны оқушы мен оқытушы белсенді болып, үлкен дайындықпен жүзеге асқан жағдайда ғана оң нәтиже береді. Ойын түрлері өте көп. 

*              Коммуникативті-диалогті       әрекет       технологиясы.           Бұл технология          оқытушыдан     оқу   процесін           ұйымдастыруда шығармашылық ізденісті, эвристикалық әңгімелесу әдістерін, топпен пікірталас жүргізе білуді талап етеді. 

*              Модульдік технология. Оқу материалының мазмұны мен оны оқушылардың игеру технологиясын біріктіретін ерекше функциональдық түйінді модуль деп атайды. Оқытушы оқу материалын меңгеру мақсаты айқын көрсетілген, осы ақпаратты алу көздері берілген, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне арналған арнайы нұсқаулар жасақтайды. Осы нұсқауда тексеруге арналған тапсырмалар да беріледі.

*              Телекоммуникациялық технология       –       қашықтықта орналасқан оқушыларды негізгі оқыту мекемесімен телефон, Интернет           арқылы     байланыстырып,        телевизиялық    дәрістер, консультациялар, топтық сабақтар жүргізіледі.

*              Желілік технология – негізінен компьютерлік желілерге сүйенеді, оқушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ оқушы мен оқытушы арасындағы интерактивті өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.    

*              Мультимедиа-технологиялар.         Мәтін,       кескіндер, видеокадрлар,   анимациялық    объектілер,        дыбыстар, мультипликация, музыка т.б. қамтитын құжаттарды бір уақытта, интерактивті бағдарлама ретінде бейнелейтін жаңа ақпараттық технология. 

*              Интернет-технологиялар.        Тікелей     Интернет           желісінің жұмысына          негізделген        технология,           оқушының         өз      бетімен жұмыстануына көп септігін тигізеді.

*              Кейс-технологиялар. Дәл құрылымдалған және сәйкесінше арнайы «портфельге» жинақталған оқу-әдістемелік материалдарды оқушыға   өз бетімен оқуға жіберген кезде         жүзеге асатын технология. 

*              Жобалық технология. Жобалық технологияны қолдану оқыту процесіне оқу жобаларын кеңінен енгізу болып табылады. Бұл әдіс білім алушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. 

Осындай технологияларды біріктірілген сабақтарда қолдана отырып, оқытушы оны толық, қызықты етіп өткізеді. Біріктірілген сабақ тиімділігі оқытуды ұйымдастыру формаларының дұрыс педагогикалық негізде таңдалуына байланысты. Біріктірілген сабақтардың типтері мен формаларын келесідей қарастыруға болады:

 

Сабақ типі

Сабақты өткізу формалары

Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

дәріс-сабақ; саяхат-сабақ; экспедиция-сабақ; зерттеу-сабағы; қойылым-сабақ; оқу конференциясы; мультимедиа- сабақ;

 

проблемалық сабақ.

Білік пен дағдыға үйрету сабағы

практикум-сабақ; шығарма-сабақ; сұқбат-сабақ; іскерлік немесе рольдік ойын-сабақ; комбинацияланған сабақ; саяхат-сабақ; экспедиция-сабақ

Білімді практикада қолдану сабағы

Іскерлік немесе рольдік ойын-сабақ; практикумсабақ; жоба қорғау сабағы; саяхат-сабақ; экспедиция-сабақ

Білім мен білікті бекіту, жалпылау және жүйелеу, қайталау сабағы

қорытынды          жинақ         сабақ;           пікірталас; ойын; театрланған         сабақ;           жетілдіру    сабағы; конференция-сабақ;           экскурсия-сабақ; консультация-сабақ, бақылау жұмысын талдау сабағы; шолу сабағы; шолу конференция; әңгімесабағы

Білім мен білікті тексеру және бақылау сабағы

Сынақ-сабақ; викторина; конкурстар; білім қарау сабағы; жоба; шығармашылық жұмыстар қорғау; шығармашылық есеп; бақылау жұмысы; әңгімелесу

 

Информатика пәні оқытушысы ретінде басқа пән оқытушыларымен біріге отырып бірнеше біріктірілген сабақтар өткізілді.. 

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесімен «Paint графикалық редакторында интерьер бейнелеу», химия пәнімен «Көмірсутектер, спирттер, альдегидтер және қышқылдар арасындағы байланысты мәтінді форматтау арқылы көрсету», жоғары математикамен «Excel программасын пайдаланып теңдеулер жүйесін шешу» тақырыптарында біріктірілген сабақтар ұйымдастырылып жүзеге асырылды. Бұл сабақтар жоғары бағаланып, оқытушылар мен оқушылар көңілінен шықты.

 

 

 

 

 

Пәнаралық байланысты пайдаланып сабақ өту оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуде көзқарасын қалыптастырады және де әр түрлі пәндердің арасында нақты шекара жоқ екендігін көрсетеді, әр ғылым өз әдістерімен материалдық әлемді зерттейді де олардың нәтижелерінің жиынтығы оқушыларға әлем туралы жалпы көзқарас береді. Осылайша, қазіргі заманғы ғылыми әлем бейнесін қалыптастырады.

 

Әдебиеттер

1.                      К.З.Халықова Информатиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: Білім, 2000 ж.-196 бет.

2.                      Килпатрик У.Х. «Метод проектов. Применение целевой установки в педагогическом процессе» (1928) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе»/Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. 4, 2003 – с. 6. 

3.                      Мартынова М.В. Интегрированное обучение. Педагогические технологии. Типы и формы интегрированных уроков Методические рекомендации

4.                      Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под ред. Е.С. Полат – М.: 2000 

5.                      Пахомова Н.Ю. Проектное обучение — что это? //

Методист, №1, 2004. – с. 42. 

6.                      Пахомова Н.Ю. Метод проектов на уроках информатики, методист ВУО, г.Москва

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып отыр. Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 868 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2020 441
    • PDF 359.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаренко Татьяна Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаренко Татьяна Александровна
    Шаренко Татьяна Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68599
    • Всего материалов: 229

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 714 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе