Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИнформатика сабағында жеті модульді қолдану

информатика сабағында жеті модульді қолдану

Скачать материал

 

Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі КММ

 

 

 

 

 

Б А Я Н Д А М А

ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬДІ  ҚОЛДАНУ.

Аймақтық пед оқу.

 

 

 

Хайруллина К.Ж.

информатика пәні мұғалімі

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

Самар ауылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бүгінгі таңдағы бәрімізді  алаңдататыны – жас ұрпақтың сапалы білім алуы.  Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.

Білім  берудегі әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру мәселесі - бүгінгі таңда  көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық технологиялардың ең тиімдісін өзінің іс-тәжірибесіне таңдауы қажет.

Оқушылары  өз пікір - көзқарастарын еркін түрде білдіре алатын,  өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде іске асыра алатын жеке  тұлға болып қалыптаса алса, сонда мұғалім  мақсатының жүзеге асқаны.

Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – жеті модульді іс-тәжірибемде  қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізіп отырмын.  Бірақта, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр әдіс-тәсілдің өзіндік артықшылықтары бар.

Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл  жеті модульдің барлығы да барлық пән сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді. Информатика сабағында бұл бағдарламаның негізгі идеяларын пайдалана отырып көптеген тиімді жақтарын көруге болады.

Бағдарламаның  негізі -оқушылардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін-өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі. Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың пайымдаулары, көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет. Оқушылардың нені игере алатынын,нені  игере алмайтындығын бақылау арқылы әртүрлі әдістерді пайдалана аламыз. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана олардың оқуға деген ынтасы артады.

Оқытуда бірінші баланың өзін-өзі реттелуіне жағдай жасап, үйрету қажет. Оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетіні мен не білмейтіндігіне көңіл бөлуіміз қажет. Әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап, бірін-бірі оқытуына мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белсенділігі артады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушының өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу керектігін түсінуі болып табылады.

 

Менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке ,жұптық,топтық жұмыс түрлерін алып отырамын.  

Оқудағы жаңа тәсілдер модулі топтық, жұптық жұмыс арқылы іске асырылады. Яғни, оқушылар арасында өзара диалог орнату арқылы білім беру деп түсінемін.Диалогтік оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді. Диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты, ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім екенін білеміз.   Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізеді. Сын тұрғысынан ойлауға дамыту модулінде мен келесідей:   «Екі жұлдыз, бір тілек»,  «Жіңіше-жуан сұрақтар», «Білемін. Білдім. Білгім келеді», «Венн диаграммасы», «Ішіне-сыртына», «Шығу парағы» және т.б. стратегияларын қолданамын.

  Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. АКТ-ны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Біз информатика сабағында теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. АКТ-ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар, рефераттар, презентациялар, сөзжұмбақ, ребустар жасау кезінде . АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға көмектеседі. Сабағымда АКТ-ны қолдану міндетім, өйткені күнделікті өтетін сабағымыз АКТ-мен байланысты. Сабақта АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру бірінші орынға қойылған. АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ-ның қосар үлесі мол.

Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан біз  оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз қажет. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Әр сабақта оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауды үйренеді, дағдыланады. Бағалау оқушылардың өзі-өзінің, басқалардың ойлары мен жұмыс жасауын бақылау болып табылатындықтан оқушы өзінің ойлауын, түсінуін, тәртібін қадағалап отыруды үйренеді, дағды қалыптасады.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет - балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Бір қарағанда, балалардың барлығы біркелкі болып көрінеді. Дарынды оқушының дарындылығын айқындау үшін баланы ұзақ зерттеу қажет. Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алып, елін, жерін көркейте алатын ұрпақ-қазіргі мектеп партасында отырған қабілеті ерекше, талантты немесе дарынды ұрпақ. Алдымен өткізген сауалнама нәтижесі арқылы, өзге адамдармен сөйлесу арқылы сыныпта шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың бар екендігін анықтап, әр сабағымда шығармашылық тапсырмалар беруге тырыстым. Мәселен,  реферат жазу, эссе жазу, сөзжұмбақ құрастыру және т.б. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бере отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап отырды. Бұл дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылғандары. Бұл жерден ынтымақтастықтың белгісін анық байқауға болады. Оқушылар топқа әр түрлі тренингтер арқылы бөлінген кезде ешқандай қарсылық білдірмей, бірден іске кірісіп кетіп жатты. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды.

Сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерге ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, дарынды оқушының білімін диагностикалау, дарынды оқушы деңгейін анықтауға бағытталған сауалнамалар алынды. Бұл көбінесе мектеп психологымен тығыз байланыста жұмыс жасауға бағытталды. Бұл оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулімен ықпалдастырылып өткізіледі. Себебі, сабақ басында  сыныптың психологиялық ахуалын орнатудағы психологиялық тренинг-жаттығулар, сергіту сәтттері қолданылады.

Оқыту әдістерінде проблемалық оқыту әдісі, көп деңгейлі тапсырма беру әдісі, тірек-сызбалар, ойын элементтері және т.б. көптеген әдіс-тәсілдер пайданылды.  Бұл тек дарынды және талантты баланы оқыту модулі арқылы ғана іске аспайды, сонымен қатар бағдарламаның басқа да модульдерімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуды бағалау мен оқыту үшін бағалау модульдері. Себебі, оқудағы жаңа тәсілдер модуліне сәйкес оқушыларға сабақтың өң бойында берілетін, мысалы, «Тыңдап отырған үштік»  әдісін   қолданғанда,   қабілетті оқушы диалогты дұрыс ұйымдастыра алады. Проблемалық сұрақтар арқылы оқушының  одан  шығудың  тиімді, әрі ұтымды жауаптарын беруі де дарындылықтың бір сатысы деп есептеймін.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау тәсілдері кластер жасау, логикалық есептерді шешу, реферат, сөзжұмбақ және т.с.с әдіс-тәсілдер қолданылуда. Бұл әдіс-тәсіл бағдарламаның сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және оқудағы басқару мен көшбасшылық модульдерімен байланысты. Себебі оқушының шығармашылық деңгейін дамыту үшін сын тұрғысынан ойлаудың кластер жасау, стратегиялары қолданылса, реферат, сөзжұмбақ құру, компьютерде деңгейлік тапсырма орындау және т.б. АКТ модулі арқылы іске асырылады.

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулі оқушының танымдық дамуына негізделген. Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Тәжірибе кезінде оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тақырыптар бере отырып, олардың сол тақырыпты қабылдауы, түсінуі, есте сақтауына мән бердім. Бұл жерде байқағаным әр бала ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдайды екен. Сондықтан да сабақ жоспарын жасауда тапсырмаларды құру барысында әр оқушының деңгейін ескеру керектігін түсіндім. Мысалы, сыныптағы оқушылардың деңгейге байланысты топтастыруға немесе жұптастыруға болады, жоғары деңгейлі оқушыларға күрделі тапсырма, орта деңгейге орташа және төмен деңгейлі оқушыларға төмендеу тапсырмалар дайындап отыру керек.

Оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі педагогикалық жетілудің пайдалынылмаған әлеуеті, мұғалімдерге қолдау көрсетілген жағдайда, кәсіби өсу мен бірлескен білім беруде іске асырылады деген сенімге негізделген.  Яғни, мұғалім сабақ бойы оқушыларды дұрыс басқарып, көшбасшылық жасай  алған жағдайда, жақсы нәтижеге қол жеткізгені деп түсінемін.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қолданылған әдебиеттер:

1.                     «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы №1-2011 ж., (б.8-11)

2.                     Интернет сайттары.

3.                     «Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012 ж (б.72)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика сабағында жеті модульді қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 Бүгінгі таңдағы бәрімізді  алаңдататыны – жас ұрпақтың сапалы білім алуы.  Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.

Білім  берудегі әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру мәселесі - бүгінгі таңда  көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық технологиялардың ең тиімдісін өзінің іс-тәжірибесіне таңдауы қажет.

Оқушылары  өз пікір - көзқарастарын еркін түрде білдіре алатын,  өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде іске асыра алатын жеке  тұлға болып қалыптаса алса, сонда мұғалім  мақсатының жүзеге асқаны.

Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – жеті модульді іс-тәжірибемде  қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізіп отырмын.  Бірақта, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр әдіс-тәсілдің өзіндік артықшылықтары бар.

 

Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл  жеті модульдің барлығы да барлық пән сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді. Информатика сабағында бұл бағдарламаның негізгі идеяларын пайдалана отырып көптеген тиімді жақтарын көруге болады. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 556 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2015 674
    • DOCX 23.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хайруллина Кульжанат Жумакановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 19827
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе