Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИнформатика әлемінде сайыс сабақ (6 сынып)

Информатика әлемінде сайыс сабақ (6 сынып)

Скачать материал

 

Сайыс сабақтың  тақырыбы:   «Информатика әлемінде»

Мақсаттары:

1.Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.

2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сыйлықтар.

Сабақ түрі: сыныптан тыс

1 – жүргізуші

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

                                                    Барлық әлем  жаңалығын тастайды.

2- жүргізуші

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

                                                «Информатика әлемінде» кеп тұрған

                                                    Сайыскерлерді шақырайық ортағa.

1-жүргізуші

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», дегендей, бүгінгі  «Информатика әлемінде» атты 6-сыныптар арасында өткелі тұрған сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі сайыс сабағымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

1 – жүргізуші

Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар:

1.      6 «А» сыныбы  - Компьютер тобы

2.      6 «Ә» сыныбы  - Антивирус тобы

3.      6 «Б»  сыныбы – Интернет  тобы

2- жүргізуші

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына – дей отыра сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1- жүргізуші

«Информатика әлемінде» білімділік  сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

1-бөлім     Таныстыру

2-бөлім     Бәйге

3-бөлім     «Мақал – сөз мәйегі»

4-бөлім     «Қас-қағым сәт»

5-бөлім     Бәрін білгім келеді

6-бөлім     Мен болашақта жаңа технологиямен

1-жүргізуші

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды, білімді жас талантқа,  – дей отырып, сайысымыздың «Таныстыру» бөлімін бастайық. Таныстыру бөлімінде әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады. Бұл сайыстың жоғарғы ұпай саны – 5 ұпай. Әділқазы мүшелері сайыстың жалпы қорытынды бағасын сайыс соңында есептеп барлығын бірақ қорытындыласақ, әр сайыстың бағасын өздеріңіз алдыларыңызда берілген қағазға есептеп, белгілеп отырсаңыздар.

1-топ «Компьютер»

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

               Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2-топ «Антивирус»

Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,

                Оқу менен еңбекке сал барыңды»

3-топ «Интернет»

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау

Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,

                Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»

2-жүргізуші

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,  – дей отырып, сайысымыздың "Бәйге» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде әр сұрақ 10 ұпайдан есептеледі.

1 – жүргізуші

Олай болса іске сәт!

1.      Компьютер миы? (жүйелік блок)

2.     Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)

3.     Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)

4.     Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

5.     Графикалық редактор? (Paint)

6.     Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)

7.     Ақпараттық үдеріс түрі (сақтау, өңдеу, қабылдау)

8.     Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)

9.     Ақпараттың қасиеттері (Шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық)

10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)

11.  Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа (Вирус)

12. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы)

13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)

14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта)

15.  Ең кең жарнамаланған вирус (Чих немесе чернобыль)  

16. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)

17. 1843 жылы Бейбидж машинасы үшін алғаш программа жазған кім? (Ада Лавлейс)

18.  Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан)

19. « Microsoft»  фирмасының президенті (Билл Гейтс)

20.  Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт)

Осымен  екінші сайыс «Бәйге» сайысы өз мәресіне жетті.

Айналайын алға ұмтылған Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар - деп

3-бөлімді бастайық  «Мақал –сөз мәйегі». Бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

Ендеше бастайық!

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап бағала)

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Осымен «Мақал – сөз мәйегі» атты сайсымыз аяқталды.

1 жүргізуші

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

4 бөлімді бастайық « Қас-қағым сәт»  топтарға 1 минут ішінде 15 сұрақ қойылады, әр топ осы 1 минут ішінде қойылған сұраққа тез әрі дұрыс жауап берулері тиіс. Егер сұраққа жауап жоқ болса «келесі сұрақ» деп белгі берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Сайыс ережесі түсінікті ме? Егер түсінікті болса сайысымызды бастайық!

Бірінші 6 «А» сыныбы «Компьютер» тобын ортаға шақырайық!

1. Баспа құрылғысы (принтер)

2.     Компьютер теледидары (монитор)

3.     Үлкен темір қорап (жүйелік блок)

4.     Зиянкес бағдарлама (вирус)

5.     Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)

6.     Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)

7.     Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)

8. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)

9. Вирусты тауып жоятын бағдарлама  (Антивирус)

10. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (Калькулятор)

11. Бір байтта қанша бит бар?   (8)

12. Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы (CD-ROM)

13. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс желісі   (интернет)

14. Ең алғашқы программаны жазған адам     (Ада Лавлейс)

15. 1946 жылы АҚШ-та жасалған бірінші сандық есептеуіш машина (Еniac)

2 жүргізуші

Ортаға 6 «Ә» сыныбы «Антивирус» тобын шақырайық!

Дайын болсақ бастайық! Сәттілік!

1. Ақпараттың өлшем бірліктері (бит, байт, кбайт, мбайт)

2.     Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)

3.     Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)

4.     Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)

5.     Мәтіндік редактор (Word)

6.     Дыбыс естілетін қорап (колонка)

7.     Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)

8.     Компьютердің маманы (программист)

9.     Бүкіләлемдік желі (интернет)

10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)

11. Тарихтағы ең бірінші вирус (Моррис)

12. Ең сезімсіз вирус (ЗарА)

13. Ақпарат көлемін кішірейтуге арналған бағдарлама (мұрағат)

14. ЭЕМ-нің ІІ- буыны қай жылдарды қамтиды? (1958-1964)

15. ІІ- буын ЭЕМ-дерінде қолданылды? (жартылай өткізгіштер)

1 жүргізуші

Ортаға 3 топ «Интернет» тобын шақырайық! Сәттілік!

1. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)

2.     Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)

3.     Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)

4. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

2. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама   (WORD)

3. Дыбыс шығаратын құрылғы   (колонка)

4. Ең атақты вирус (Ай лав ю)

5. Ең тез тарайтын вирус (Мелисса)

6. Ең алғашқы вирус қай жылы пайда болды? (1988)

7. 1642 жылы Блез Паскаль ойлап тапқан машина атауы (Паскалина)

8. Компьютер деген не?   (ақпаратты өңдеу құралы)

9. IBM фирмасы қай жылы құрылды? (1924)

10. Пернетақта қандай құрылғы   (мәліметтерді енгізу құрылғысы)

11. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан   (латын)

12. Компьютер жады нешеге бөлінеді (2)

13. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)

14. ЭЕМ-нің 4-ші буыны қай жылдар? (1972 жылдан бүгінге дейін)

15. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)

Осымен «Қас –қағым сәт» сайысы да тәмамдады.

 «Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

      Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың 5- бөлімі Бәрін білгім келеді. Бұл  бөлімде  әрбір топ ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет.  Жауап дұрыс болса, сол ұпай топ есебіне жазылады, ал қате болса шегеріледі.

5-бөлім    Бәрін білгім келеді

ТАРИХ

10. Бұл санау құрылғыларын жапондықтар «серобян» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, гректер мен Батыс Еуропалықтар не деп атаған? («абак»)

20. Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (ХХ ғ. І-жартысы)

30. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды?  (1846 ж.)

АҚПАРАТ

10. Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады, өңдейді)

20. Ақпараттық үдерістерді ата (ақпаратты алу, беру, сақтау және өңдеу)

30. Ақпарат қалай бағаланады?  (түсінікті, дәл, толық, жаңа, пайдалы болуы керек)

ӘР ТҮРЛІ

10. Антивирустың қандай программаларын білесіздер? (Касперский, Доктор Веб, Аваст, Есет т.б)

20. Компьютердің негізгі құрылғылары (пернетақта, монитор, жүйелік блок)

30. ЭЕМ-нің буындары және элементтік базалары      (І-буын, электрондық шамдар;  ІІ-буын, жартылай өткізгіш; ІІІ-буын, интегралдық схемалар; ІV-буын, микросызбалар)

Осымен 5 бөлім Бәрін білгім келеді сайысы өз мәресіне жетті.

1 жүргізуші

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса-деп сайысымыздың соңғы бөлімі «Мен болашақта жаңа технологиямен». Бұл сайыста әр топ болашақта өздері қандай жаңа технология ойлап шығарады. Сол жаңа технологияның макетін, моделін жасап, ортада жарнама жасайды. Сайыскерлерге берілетін уақыт 10 минут. Сонымен қатар бұл кезеңде әр топтың эмблемасы мен «Информатика әлемінде» атты қабырға газеттерінің де ұпай сандары есептеледі. Сайыстың жоғары ұпай саны-50.

2 жүргізуші:

Дайын болсақ ортаға «Компьютер» тобын шақырайық!

Ортаға «Антивирус» тобын шақырайық!   

 Ортаға «Интернет»  тобын шақырайық!  

 

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей отыра бүгінгі сайысымызда әне міне дегенше өз мәресіне жетті. Ал қазір әділқазы мүшелері бағаларды қорытындылап шығарғанша болғанша «Көрермендер көзайымы» айдарын ұысынғым келіп тұр. Бұл кезеңде сіздер сұрақтарға жауап беру керексіздер. Жеңімпаздарымызға сыйлығымыз бар! Ендеше бастайық!

1.     Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок)

2.     Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

3.     Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)

4.     Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)

5.     Қағазға тойматын  құрылғы (принтер)

6.     Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)

7. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)

8. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым  (Блез Паскаль).

Ат салысып қатысқандарыңызға рахмет! Жеңістеріңіз құтты болсын!

                    Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген

Бар ғылымды сыйдырып

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.

1 жүргізуші    

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.  Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін, бүгінгі жеңістеріңіз құтты болсын! Қош, сау болыңыздар!           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика әлемінде сайыс сабақ (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 033 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2017 4257
    • DOCX 76.5 кбайт
    • 139 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Букенова Ляйля Адилбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Букенова Ляйля Адилбековна
    Букенова Ляйля Адилбековна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15090
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 610 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 945 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 149 человек

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек