Инфоурок Другое Другие методич. материалыИнерция құбылысы

Инерция құбылысы

Скачать материал

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:«Денелердің өзара әрекеттесуі» Күні: ______Сынып: 7 «А»

Мектеп: №2      Мұғалімнің аты жөні: Наубетова Гулнара

Қатысқандар: ______  Қатыспағандар: ______

Сабақтың тақырыбы:

Инерция құбылысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсатттары:

7.2.2.1 табиғаттағы инерция құбылысына мысалдар келтіру;

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: инерция құбылысының мән – мағынасын түсінеді;

Көпшілігі: табиғаттағы инерция құбылысына мысалдар келтіре алады;

Кейбіреуі: инерция құбылысын  техникада,  тұрмыста қолдану маңызын біледі;

Бағалау критерийі:

Әр тапсырманың орындалысының дескрипторлары қарастырылған

“2” – 0 – 5 ұпай,            “3” – 6 – 10 ұпай

“4” – 11 – 20 ұпай         “5” – 21 – 30 ұпай

 

Тілдік мақсаттар:

Арнайы пәндік терминология және лексика:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Инерция

Инерция

Inertia

Құбылыс

Явление

Phenomenon

Қозғалыс

Движение

Motion

Күш

Сила

Force

Масса

Масса

Mass

Жол

Дорога

Road

Уақыт

Время

Time

Диалог үшін баянды сөйлемдер:

Инерция - денеге басқа денелер әрекет
етпегенде оның тыныштық күйін немесе
түзу сызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтау құбылысы.

Қозғалыс — материялық дүниенің ажырамас қасиеті, яғни ол табиғаттағы барлық денелерге, барлық нәрселерге, яғни бүкіл материялық дүниеге тән.

Күш  - денелердің өзара әрекеттесуінің өлшемі.

Массаденелердің инерттілігінің өлшемі.

Жол - дене қозғалып өткен траекторияның ұзындығы.

Уақыт -

Құндылықтарға баулу:

Сын тұрғысынан ойлау және  қарым – қатынас дағдыларын оның ішінде  тілдік дағдыларын ескеру. АКТ саласындағы дағдыларын қалыптастыра отырып, жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс:

Ағылшын тілі,  география, әдебиет.

Тақырып бойынша терминдік сөздерді айтамыз, сабақтың арасында мысалдар келтіреміз.

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Механикалық қозғалыс тарауында алған білімдерін толықтыра отырып, денелердің өзара әсерлесуі ұғымын және инерция құбылысын түсінеді.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

 

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы іс- әрекеттер

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 

13 минут

 

Ұйымдастыру. Топқа бөлу

Оқушылармен амандасу.

-          Балалар көңіл- күйлерін қалай?

-          Ендеше, мен сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

Осы арқылы сыныпқа психологиялық ахуал орнату.

Физикалық формулалар арқылы топқа бөліну. Оқушылар карточкада  берілген формула қай  физикалық шама  туралы айтылғанына қарап,  топтасады.

І топ.  Жылдамдық

ІІ топ. Жол

ІІІ топ. Уақыт

Білу.  Үй тапсырмасы.

 «Сырлы сауалдар» алаңы ойыны арқылы өткен тарауды және үй тапсырмасына шолу жасау.   Әр топтан бір оқушы сұрақты таңдап, сұраққа 30 секунд уақыт ішінде жауап беру керек. Жауап бере алмаған жағдайда тобынан жауап беруге болады.

1.    Қозғалыс ұғымын қалай түсінесің?

2.    Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

3.    Физикада қандай денені материялық нүкте деп атайды? Материялық нүкте ұғымын қолдану себебі неде?

4.    Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

5.    Механикалық қозғалыстың қандай түрлерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер?

6.    Дененің бастапқы орнын соңғы орнымен
қосатын бағытталған кесінді.

7.    Дене қозғалып өткен траекторияның ұзындығы.

8.    Жолдың орын ауыстырудан ерекшелігі қандай?

9.   Көл жағасында өсіп тұрған қайыңға қатысты орнының өзгеруі бойынша айта аламыз. Егер оның қайыңға қатысты орны өзгерсе, онда катер қайыңға қатысты қозғалады. Ал катердің белгілі бір уақыт өткеннен соң дәл
сол қайыңға қатысты қай жерде болатынын қалай білуге болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.     Ғылымда материялық нысандардың қозғалыс жылдамдығының шектік мәні болатыны анықталған. Ол вакуумдегі жарық жылдамдығы неге тең?

11.    Қандай физикалық шама жылдамдық деп аталады?

12.    Жылдамдық қандай шама: векторлық па, әлде скалярлық па? Жауаптарыңды негіздеңдер

13.    Саяхатшы 10 км жолды 2 сағ­атта жүріп өтуі керек. Ол қандай жылдамдықпен жүруі тиіс?

 

 

 

14.     Егер шар көлбеу науа бойымен жоғары
қарай қозғалса жылдамдығы қалай өзгереді,
төмен қарай домаласа ше?

 

 

 

 

 

 


15.    Қай жағдайда спортшы транплиннен алыс секіре алады?

 

 

 

 

 

 

 

16.    Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуі қандай?

17.    Бірқалыпсыз қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады? Мұндай қозғалысқа мысалдар келтіріңдер.

18.    Санақ жүйесі дегеніміз не? Механикалық қозғалыс туралы айтқанда неліктен санақ жүйесін көрсету қажет?

19.    Орын ауыстырудың сан мәні жолдың сан мәнінен а) үлкен; ә) кіші; б) тең болуы мүмкін бе? Осындай қозғалыстарға мысал келтіріңдер.

20.    Адам жүрген жолының үш бөлігін велосипедпен 15 км/сағ, ал қалған бөлігін жаяу 5 км/сағ­пен жүріп өтті. Барлық жолдағы оның орташа жылдамдығы қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

Әр  дұрыс жауапқа 2 ұпай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, пән дәптерлері, формулалар жазылған карточкалар.

Бағалау парағы.

Интербелсенді тақта, слайд.

 

Сабақтың ортасы.

27 минут

 

 

Түсіну. Жаңа сабақ.  «Біз ашқан жаңалық»

Сабақтың тақырыбы: Инерция құбылысы.

Қызығушылықты ояту. Эксперименттік  көрсетілім.

«Бақылау мен тәжірибе физикалық білімнің көзі»

Жаңа сабақты ашу мақсатында эксперименттік көрсетілім: XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында ұлы итальяндық ғалым Галилео Галилей көлбеу жазықтық бойымен сырғанап келе жатқан арбашаның құм, киіз, шыны төселген горизонталь беттерге сырғанап түскеннен кейінгі қозғалысын зерттеу бойынша жасалған тәжірибесін әр топқа беру.

1 топ. Инерция заңын түсіну.

Көлбеу беттен тұрақты  ʋ жылдамдықпен әр түрлі төсеніші бар горизонталь жолға келіп түскен арбашаның қозғалысын тәжірибе жасай отырып, төмендегі тұжырымдардан дұрысын таңда.

1.     Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда ол тыныштық күйін сақтайды немесе түзу сызықты және бірқалыпты қозғалады.

2.     Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда ол тыныштық күйін сақтамайды  және бірқалыпсыз қозғалады.

3.     Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда ол тыныштық күйін сақтайды немесе   қисық  сызықты және бірқалыпты қозғалады.

2 топ. Денелердің инерттілігін түсіну.  

Көлбеу беттен  әр түрлі төсеніші бар горизонталь жолға келіп түскен арбашаның үстіндегі жүкті екі, үш, тағы сол сияқты өсіре отырып тәжірибе жасап, қорытынды шығару.

3 топ. Галилей денелердің абсолют тегіс бет
бойымен қозғалысын қарастыра отырып мынадай қорытындыға келді: дене кез келген көлбеу жазықтықтың қандай биіктігінен түссе, дәл сондай биіктікке жоғары көтеріледі және бұл қозғалыс көлбеулік бұрышқа тәуелді емес. Суретті негізге алып бұл пайымдауды жалғастырсақ, қандай қорытындыға келе аламыз?   

Талдау. Видео көрсетілім.

Әр топ бір – біріне сұрақ қояды.

Сергіту сәті. «Көңілді оркестр»

 

 

 

Жинақтау.  «Конверт сұрақ».

Әр топқа конвертке функционалдық сауаттылықтарын, ойлау қабілетін дамыту мақсатында тақырыпқа сәйкес сұрақтар беріледі.

Жылдамдық тобы.

1.      Салыстырмалы түрде инертті дене деп қандай денелерді айтамыз және оны қалай түсіндіруге болады?

2.      Мына суреттегі балғаны сипаттағанда қандай құбылыс пайдаланылады?

3.      Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қалай қозғалар еді?

Жол тобы.

1.       Денелердің инерциясы мен қозғалысына мысалдар келтіріңдер?

2.       Суреттерде бейнеленген вагондардың қозғалыс жылдамдығы қалай өзгерген?

 

 

 

3.       Лифтiмен кенет көтерiлген сәтте немесе кiлт төмен түскенде жүрегiмiз қобалжып, басымыз айналғандай болатыны нелiктен?

Уақыт тобы.

1.       Жол бұрылысындағы автокөлікте инерция құбылысы сипатталады ма?

 

 

 

 

 

 

2.       Жылдам келе жатқан көлiктiң алдынан кесе-көлденең өту қауiптi болатыны нелiктен?

3.       Биiктен секiрiп түскенде адам неге тiзесiн сәл бүгiңкiрейдi?

 

Дескриптор:

 1 және 2  – топ:  тәжірибені жасай алу – 2 ұпай; қорытынды шығара алу – 2 ұпай;  тұжырымдаманы дұрыс таңдай білу – 1 ұпай.

 3 – топ: суреттің мағынасын аша алу – 2 ұпай, қорытынды шығара алу – 2 ұпай; негізгі заңдылықты түсінеді – 1 ұпай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

Дұрыс сұрақ қою – 2 ұпай, сұраққа жауап беру – 2 ұпай.

 

Дескриптор:

Әр дұрыс жауапқа – 2 ұпай.

Арбашалар, мақта, беті тегіс шыны дене, жүктер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimland.kz,

 

 

 

 

 

Конверттер   

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау. Оқушылардың тиісті бағаларын қою. Әр оқушының бағасын сипаттау, жақсы жақтарын атап өту.

Рефлексия

Әр оқушы таратылған стикерге аттарын жазып, тақтадағы суреттерге жапсырады.

image546.jpgchemodan.gif 

Надпись: Әлі де ойлану қажет, түсінбеген жерлерім бар.http://cs317924.vk.me/v317924279/1cfe/DvBvD6e-WGA.jpgҮй тапсырмасы

§10 оқу. Өздерiңдi қоршаған ортадағы, микроәлемдегi, ғарыштағы инерция бойынша қозғалатын денелерге мысалдар келтiрiңдер.

 

Бағалау парағы, стикер, күнделік.

 

ТАБЫС КРИТЕРИЙІН ТОЛТЫРУ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ

Оқушының аты – жөні:

 

«Сырлы сауалдар»

«Біз ашқан жаңалық»

 

Талдау. Видео көрсетілім

Жинақтау.  «Конверт сұрақ»

Жалпы ұпай

Нақты баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“2” – 0 – 5 ұпай,            “3” – 6 – 10 ұпай

“4” – 11 – 20 ұпай         “5” – 21 – 30 ұпай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Инерция құбылысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 677 920 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.07.2020 3062
    • DOCX 2.8 мбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бочулинская Валентина Дмитриевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 90921
    • Всего материалов: 249

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 291 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 853 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 503 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 338 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе