Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚым мезгілі

Қым мезгілі

Скачать материал

«Көру қабілеті нашар балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп балабақшасы» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

Ашық сабақ

Айналамен таныстыру

«Қыс»

 

 

 

                                        №7 Ересектер тобы тәрбиешісі:Бултрикова Ж.К

 

 

 

 

 

 

                                                     Ақтау 2014ж

                                                    Білім саласы: Таным

                                                    Тарау: Айналамен таныстыру

                                                    Сабақтың тақырыбы: Қыс

                                                    Сабақтың мақсаты: Балаларды

қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру арқылы, баланың қызығушылығын арттыру. Қардың неден ,қалай пайда болатыны, қыстың табиғатқа әсері туралы түсінік беру. Ол белгілерді өз бетінше табуға талдау, салыстыру, қорытынды шығаруға уйрету, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

                                                       Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің суреттері. Аққала жасап жүрген балалардың суреттері. Қысқы киімдердің суреті. Қыс кезінде еңбек істеп жүрген адамдардың суреті.

                                                       Сабақтың әдістері: Әңгімелеу, сұрақ жауап, ойын, көрсету, жұмбақ шешу, тақпақ айту.

                                                       Сабақтың барысы:

I ұйымдастыру кезеңі.

         Балалар, сәлем-сөздің анасы, амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің бастамасы. Сондықтанда алдымен қонақтармен амандасып алайық.

 

 

 

          Балалар: Амансыңба Алтын күн?!

                        Амансыңба, көк аспан?!

                        Амансыңба жер ана?!

                        Қайырлы күн достарым!

                        Қайырлы күн қонақтар!

         Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз

                                        Кішіге де сіз

                                        Барша жанды құрметтеп

                                        Бас иеміз біз.

         Балалар есімізге түсірейікші, Табиғат дегеніміз не?

- табиғат айналаны қоршаған әлем. Ол тау, тас, ағаш, гүл, су, ал Адам табиғаттың бөлшегі.

- иә, балалар, дұрыс айтасындар, табиғат қоршаған орта туралы тыйым сөздерді айтып көрейікші.

-ағаш сындырма, гүлді жұлма, көк шөпті баспа, құс ұясын бұзба т.б.

-ендеше, мұқият мені тыңдаңдар, сендерге жұмбақ жасырайын:

 

        

 

        Аяз қысып,

Өрнек сызып

Терезеңді торлайды,

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды,

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

 

-қыс мезгілі.

-қазір жылдың қай мезгілі?

-қыс

-қыс мезгілінде неше ай бар?

-үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-қазір қыстың қай айы?

-ақпан айы.

-қане, қыс мезгілінде ойнайтын ойындарды атаңдаршы?

-қар лақтыру, конъки, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала жасау.

-қыс мезгілінде қандай мейрамдар бар?

-қыс мезгілінде тәуелсіздік мерекесі және жаңа жылды қарсы алу мерекесі бар.

-қыс мезгілінде қалай киінеміз?

-қыста жылы киінеміз.

-қыс мезгілінде қандай еңбек етесіндер?

-қыс мезгілінде аула қарын тазалаймыз.

-қыс мезгілінде қыстап қалған құстарға не көмек етесіндер?

-қыстап қалған құстарға жем, тары беріп қамқорлық етеміз.

-қыстап қалған құстарды атаңдаршы?

-сауысқан, қарға,көгершін, торғай. Бұл құстар суықтан қорықпайды.

-балалар, биылғы қысқы олимпияда қай жерде болады?

-ресей мем лекеті Сочиде болады.

-ия дұрыс айтасындар.

         Сергіту жаттығулар:

                   Орнымыздан тұрайық,

                   Оңға қарай бір адым,

                   Солға қарай бір адым,

                   Алға қарай бір адым,

                   Артқа қарай бір адым,

                   Бір отырып, бір тұрып,

                   Жоғары төмен қарайық,

                   Орнымызды табайық.

         Осы кезде топқа ақырып,аю кіріп келеді.

         Аю: кім мені тәтті ұйқымнан оятқан? Ой, мынау балалар ғой, балалар мен қайда келдім? Ал, енді мені тәтті ұйқымнан оятқан екенсіңдер,маған қыс мезгілі қандай болатынын айтып беріңдер. Балалар мені танитын шығарсыңдар, мен қандай аңмын?

         Балалар: Аю!

         Аю: иә, мен аюмын, мен орманда өмір суремін. Балалар мен жаз бойы бал жинап жеймін де, қыста тәтті ұйқыға кетемін. Сондықтан да қыс мезгілі қандай болатынын білмеймін. Балалар маған қыс мезгілі қандай болатынын білуге көмектесесіңдерме?

         Балалар: иә-ә-ә!

         -жарайсыңдар балалар, біз әрқашанда бәріне көмектесуге дайынбыз. Біз тату, дос балалармыз. Онда балалар біз қызық ойын ойнайық.

         -балалар мынау ненің суреті?

         -көңілді күліп тұрған және көңілсіз тұрған күннің суреті екен, артында қорапша бар.

         Шарты: қыс мезгілінің қандай болатынын айтып, мына қорапшаға саласындар. Егер жақсы жағын айтсаңдар, мына көңілді күліп тұрған күннің қорапшасына өзіне ұқсайтын күліп тұрған белгіні, ал ұнамайтын жағын айтсаңдар, көңілсіз тұрған күннің қорапшасына, өзіне ұқсайтын белгісін саласыңдар.

         Жақсы жағы: жаңа жыл келді, шаңғы, конъки тебу, шанамен сырғанау, ақша қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз.

         Жағымсыз жағы: суық аяз болады, суық жел тұрады, аң құстарға жем табылмай қалады, боран болады, аяқты бетті тоңдырады.

         Енді балалар, орнымыздан тұрып көз жаттығуын жасайық.

                   Орнымыздан тұрайық,

                   Басымызды қозғалтпай,

                   Жоғары төмен қарайық,

                   Әрі солға, әрі оңға,

                   Көз қарасын қозғайық,

                   Көзімізді жұмып ашып,

Орнымызды табайық.

Балалар қыс туралы тақпақ айтады.

         Иә, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын:

                   1.Өзен болып жатады,

                       Қыс түссе қатады.                                         (мұз)

                  

2.Отқа түссе жанбайды,

                       Суға түссе батпайды.                                    (мұз)

                  

3.Жазда сай салаға қашады,

                       Қыста жердің бетін басады.                         (қар)

                  

4. Әуеде ақ мамық,

                       Қалбалақтап ұшады.

                       Қанаты талып,

                       Жерді барып құшады.                                    (қар)

                  

5. Қыста жанданады,

                        Жазда демалады.                                           (шана)

                 

6. Мүлгіп тұрған бақ тыныш,

                        Ораныпты ақ күміс.                                       (қырау)

Өте жақсы балалар, енді суреттерге қарап кім әңгіме құрастырады?

         Кәнекей балалар, алдымыздағы тұрған құрал жабдықтармен шырша, аққала, қардың суреттерін қиып жапсырайық.

         Балалар! Қар-қар деп жатырмыз, қар қайдан пайда болады?

-         қар сулардың буланып, аспанға ұшып, кристалға айналып, қыста бізге қар болып жауады екен.

-         Балалар, қарды, мұзды жеуге болама?

-         Жоқ,жеуге болмайды, тамағымыз ауырады.

-         Дұрыс айтасындар жеуге болмайды.

Ал, мен сендерге балалар мұзға ұқсайтын тәтті мұз кәмпиттерді сыйға тартқым келіп тұр.

Аю да риза болып, орманнан теріп алған ақшақарларды сыйға тартады.

Сендер сабаққа өте жақсы қатысып отырдыңдар! Барлығыңа рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қым мезгілі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру арқылы, баланың қызығушылығын арттыру. Қардың неден ,қалай пайда болатыны, қыстың табиғатқа әсері туралы түсінік беру. Ол белгілерді өз бетінше табуға талдау, салыстыру, қорытынды шығаруға уйрету, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 167 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2020 357
    • DOCX 9.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Парамонова Ирина Валетиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Парамонова Ирина Валетиновна
    Парамонова Ирина Валетиновна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 81215
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 14 регионов