Инфоурок Другое Другие методич. материалыҒылыми жоба "Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет"

Ғылыми жоба "Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет"

Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба "Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет""

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Жобаның тақырыбы:              
           









   «Ардагерге құрмет – ұ...

    1 слайд

    Жобаның тақырыбы:












    «Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет»

  • Түйіндеме
Оқушының аты-жөні: Бауыржанқызы Мерей
Туған жылы, айы, күні: 24.07....

    2 слайд

    Түйіндеме
    Оқушының аты-жөні: Бауыржанқызы Мерей
    Туған жылы, айы, күні: 24.07.2008ж
    Мектебі: №114 орта мектебі
    Сыныбы: 7 – сынып
    Мекені: Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы

  • ...

    3 слайд


    №114 орта мектепбінің
    7-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мерейдің
    «Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» атты ғылыми
    жобасына

    Пікір

    Ұсынылып отырған бұл ғылыми жобада кең көлемді тақырып қамтылды. Жас ұрпақ білімді де саналы болса, мемлекетіміздің ірге тасы да мықты болары анық. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуы, ой-өрісінің дамуының алғашқы баспалдағы бастауыш сынышқпта қаланатыны белгілі.
    Азамат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 72 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Бұл мереке-бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерен еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып  қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына  деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің  жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Дүние жүзі  халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік,ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Ұлы Отан соғысына қатысқан Б.Момышұлы,М.Маметова, Ә.Молдағұлова, М.Ғабдуллин, Т.Бегелдинов, Р.Джумагулов өзіміздің ауданнан аттанған мыңдаған жерлестерімізге басымды иеміз. Ол кісілерге құрметпен қараймыз. Жеңістің 72 – ші көктемі бүр жарды. Әлі талай таңы атады. Аталарымыздың, ағаларымыздың соғыстағы ерлігі еленіп, құрмет көрсетіліп жатыр. Бірақ арамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады. Қазыналы қарттарым аман болсын.

    Ғылыми жетекшісі:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университет оқытушысы, тарих ғылымының докторы:
    Дастан Сәтбай

  • «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқал...

    4 слайд

    «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі.

    Н.Ә.Назарбаев

  • Ғылыми жобаның мақсаты:Ұлы Отан соғысының ардагері Баймаханов Әбдіқадыр атамн...

    5 слайд

    Ғылыми жобаның мақсаты:
    Ұлы Отан соғысының ардагері Баймаханов Әбдіқадыр атамның өмір жолын зерттеп, өз ұрпағына үлгі еткім келеді.
    Ғылыми жобаның міндеті:
    – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмірін өзімізге үлгі – өнеге тұту;
    – Әр ауылдан, аудан мектептерінен келген оқушыларға біздің ауылдың батырының ұлағатты өмірін паш ету;
    – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінін ерлігін насихаттау және жас ұрпақты елін, жерін, Отанын қорғауға тәрбиелеу;

  • Ғылыми жобаның өзектілігі:Ертеңгі күннің, бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал е...

    6 слайд

    Ғылыми жобаның өзектілігі:
    Ертеңгі күннің, бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек тәуелсіздікке ғана тіреледі. Қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда соғыс ардагерлерінің батырлығы мен ерліктерін келер ұрпаққа насихаттау – баса назар аударарлық мәселе.
    Біз, соғыстан кейін туған ұрпақ  кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға  ұрпақтық –қазақтар  мен қазақстандықтардың  анкешті ерлігі туралы  оқулықтардан, көркем әдебиеттерден,  кино туындылардан ғана білеміз. Соғыс ардагерлерінің соңғы буындары айтып берген әсері әңгімелері жанымызды, санамызды патриотизмге жетелейтін. 91 жасқа қараған шағында дүниеден озған Арал қаласы, Қасқақұлан елді мекенінің тумасы. Ұлы Отан соғысы жылдарында Арал қаласынан Қызылордаға, одан әрі Қытайдың Хайлар, Чансунь, Чичикар қалаларында шайқаста батырлық пен ерлік көрсетті. Күннің ыстығына, суығына төзген. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Майдандағы армияның тыныс-тіршілігінде оның сәтсіздіктері мен жеңістерінде қаншама солдаттардың қаны жерге төгілді. Топырақ астынан окоптың ішінде өз өмірлерін Отан үшін қиған жандардың  куәсі болған Әбдіқадыр ата 1948 жылы елге оралады.
    Еңбек жолдарын бастаған Соғыстағы ерліктеріне берілген «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан Соғысы», «Сталинградты азат еткен үшін», «Еңбек ардагері»тағы басқа медальдармен марапатталған. Қазіргі таңда Әбдіқадыр атамыздың 3 қыз 3 ұл 29 немере 27 шөбересі бар.
    Ә.Молдағұлова апамыздың ерлігін мақтан тұтамыз. Оның қайсарлығы, жігерлігі, Отанға деген сүйіспеншілігі, келешек ұрпақ үшін қалдырған қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын біз, болашақ жастармыз. Олардың даңқын өшірмеу біздің парызымыз. Өткен тарихымызға  тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю-бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа  аманат етіп, табыстау деген сөзді  Елбасы Н.Ә.Назарбаев  жария еткен.

  • Бұл тақырып «Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» атты шығармашылық  жұмыс тол...

    7 слайд

    Бұл тақырып «Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» атты шығармашылық  жұмыс толық қанды жан-жақты зерттеліп жазылып қамтылған. Жұмыс барысында 7-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мерей мен жетекшісі Баймаханова Назеркенің жетекшілігінде зерттеліп жазылған жұмыс. Бұл шығармашылық жұмыста Ұлы Отан Соғысының ардагері Баймаханов Әбдіқадыр атаның Ұлы Отан соғысы жылдарында Чита қаласында сержант мектебін бітіріп, одан әрі Жапония, одан әрі Хайлар, Цицикар елді мекендері төңірегінде шайқаста болады. Қазіргі таңда Баймаханов Әбдіқадыр атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері болған.
    Аңдатпа

  • Эта тема посвящена творчеству «Честь ветерану - задача для поколений». Рабо...

    8 слайд

    Эта тема посвящена творчеству «Честь ветерану - задача для поколений». Работа изучала ученик 7-го класса Бауржановна Мерей и его руководитель Баймаханова Назерке. Эта работа ветерана Великой Отечественной войны сержант Тур Баймаханов Абдикадир в окончивший школу в годы Великой Отечественной войны, и Япония, далее Хайле, Цицикар поселения на поле боя. В настоящее время Баймаханов Абдикадыр является ветераном Великой Отечественной войны и ветераном труда.
    Аннотация

  • This theme is a comprehensive study of the creative work "Honor to the vete...

    9 слайд

    This theme is a comprehensive study of the creative work "Honor to the veteran is a generation". The work was studied by the pupil of the 7th form Baurzhanovna Merey and his supervisor Baymahanova Nazerke. In this creative work, the veteran of the Great Patriotic War Baymakhanov Abdikadyr will graduate from the sergeant school in Chita during the Great Patriotic War and then fight against the Japanese, and then the settlements of Khaylar and Citsikar. At present Baymakhanov Abdikadyr is a veteran of the Great Patriotic War and a labor veteran.
    Abstract

  • Мазмұны:І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
	А) Менің атам майданда
	Ә) Бейбіт өмір...

    10 слайд

    Мазмұны:
    І. Кіріспе

    ІІ. Негізгі бөлім
    А) Менің атам майданда
    Ә) Бейбіт өмірде
    Б) Аталар ерлігі – ұрпақтарға аманат

    ІІІ. Қорытынды

    ІV. Ұсыныс
    V. Пайдаланылған әдебиеттер

  • КіріспеМенің ғылыми жобамның аты «Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» деп атал...

    11 слайд

    Кіріспе
    Менің ғылыми жобамның аты «Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» деп аталады. Бұл ғылыми жұмысты жазуды қолға алудағы басты мақсатым - қазақ халқының басына қиын – қыстау сәт туғанда еліне қорған бола білген жаужүрек азаматтардың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау. Сол Отан үшін аянбай еңбек етіп, халық марапатына бөленген азаматтар қатарында менің атам Баймаханов Әбдіқадір да бар. Ол кісінің жүріп өткен өмір жолын зерттеп,осы ғылыми жұмысыма арқау етпекпін. 
    Мен зерттегелі отырған Әбдіқадір ата – үлкен атам. Себебі ол кісі менің атамның әкесі. Есімді білгелі ол кісі немерелерінің қызығын көріп, шөберелерінің қолынан су ішіп 2016 жылдың 20 сәуір көктем айында дүниеден өтті. Атам 6 бала, 3 ұл, 3 қыз өсіріп тәрбиелеген. Өзінің өмірлік жары Күлшара әжеміз 1977 жылы 54 жасында дүние салып, балаларының барлық тәрбиесіне, өмір жолын тауып азамат болуына үлкен болуына бар өмірін арнаған.
    Атам балаларына «менің жасымды сендерге берсін, бірақ өмірден көрген қиыншылығымды бермесін» деп отыратын.

  • Баймаханов Әбдіқадыр 

        1925 жылы шағаласы шулаған, балығы тулаған Ара...

    12 слайд

    Баймаханов Әбдіқадыр

    1925 жылы шағаласы шулаған, балығы тулаған Арал теңізінің жағасындағы Қасқақұлан елді-мекенінде дүниеге келген. Атам ауылдық мектепте оқып, жеті жылдық білім алған. Сол кезеңдердегі халық басына төнген ашаршылық нәубәтін атам еске алып, «бізді ашаршылықтан құтқарған Аралдың балығы» деп отыратын. Атам 12 – 13 жасынан бастап Арал балықшыларымен бірге балық аулаған.

  • А) Менің атам майданда
Сұрапыл соғысқа 1943 жылы наурыз айында небәрі 17 жасы...

    13 слайд

    А) Менің атам майданда
    Сұрапыл соғысқа 1943 жылы наурыз айында небәрі 17 жасында Арал қалалық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынып, Қиыр Шығысқа аттанады.Бұл отбасынан майдан шебіне ағасы Әбдіразақта аттанады. Олар Чита қаласынан өтіп, артаевскийдеген жерге келіп түседі. Сол жерде әскери-дайындық жаттығуларынан өтеді. Атам сержанттар дайындайтын мектепте оқып, Забайкалье өлкесінде шекарада қалады.Қиыр Шығыстағы жауынгерлер қиян – кескі ұрыс даласында жанқиярлықпен шайқасқан. 1945 жылы Германиямен соғыс аяқталып, атам омырауына жеңіс медалін таққан. Сол жылдың қыркүйек айында Кеңес Одағының екінші жауы Жапониямен соғыс басталады. Бұл соғыста 909 байланыс батальонның құрамында Хайлар, Цицикар елді мекендер өңірегінде шайқасқан.Бар болғаны 20 күн ішінде жауды жеңіп, жапонияның жеңіс медалін тағады.Отан үшін жаумен жанқиярлықпен шайқасқан атам сол бір қиын кезеңдерді бізге әңгімелей отырып «біз соғыста бір қадам ілгері жүрмесек, бір қадам артқа баспадық» дейтін. Атам соғыс аяқталғаннан кейін 1948 жылы елге аман – есен оралады.
    Қытайдың Чанчунь қаласынан өткен солдаттар бара жатқан бағыттан адасып қалады. Бұл кезде үш күндік азық та таусылып, ас – сусыз қалған солдаттар шаршап – шалдығып арқаларындағы шинельдерін, окоп қазатын күректерін тастай бастайды. Алайда жаудан өзін қорғайтын қару – жарақтарын, оқ – дәрілерін тастауға жол бермей, құл сүлдерлерін әзер сүйретіп белгісіз бағытта жүре береді. Жолдан адасқандарына 4 тәулік өткенде, жауынгерлер бір өзеннің бойына да жетіпті. Аш адам шөлдегіш келеді демекші, сол жерде солдаттар ешнәрсеге мойын бұрмастан өзеннен шөл қандырып алады. Солдаттардың бірі өзеннің жанындағы төбеге шығып, өзеннің арғы бетінде жайылып жүрген сиырларды көзі шалып, ірі қараның бірін атып алуға бекінеді. Төрт күн бойы нәр татпаған солдаттар осылайша бір сиырды қорек еткен. Бағыттан адасқан солдаттар бесінші күн дегенде жол тауып бұл қиндықтанда шығады.

  • Ә) Бейбіт өмірде
Соғыстан кейін Арал балық шаруашылығында бригадир боп еңбек...

    14 слайд

    Ә) Бейбіт өмірде
    Соғыстан кейін Арал балық шаруашылығында бригадир боп еңбек етеді.1964жылдан бастап балық аулауда Үкімет жоспарын артығымен орындап, 2 жыл қатарынан аудандық Совет депутаты болады. Сол жылдары
    «Ырғыз» ,» Қосжар, Шардара көлдерінен балық аулатыпүлкен жетістіктерге жеткенін, Үкімет медальдарымен марапатталғанын әңгімелейді.1977 жылы Арал теңізі тартылып, жағасынан ел көше бастаған кезде, атамда отбасымен Жалағаш ауданы Қаракеткен елді мекеніне көшіп келеді. Сол жылы жары Күлшара әжеміз өмірден өтіп, отбасының барлық ауыртпалығы атамның мойнына түседі. Бірақ бұл қиыншылықты жеңіп, балаларын қатарынан қалдырмай жеткізеді.Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп,немере шөберенің қызығын көрген қария «Мен бай адаммын» деп мақтанып отыратын.
    • Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен;
    • 1970 жылы «Лениннің 100 жылдық» медалімен;
    • 1974 жылы «Еңбек ардагері» орденімен;
    • 1975 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 30 жыл» медалімен;
    • 1985 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 40 жыл» медалімен;
    • 1995 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 50 жыл» медалімен;
    • 1988 жылы «СССР – Әскери күштеріне –70 жыл» медалімен;
    • 2000 жыл «Ұлы жеңіске – 55 жыл » медалімен;
    • 2005 жылы ҚР Президентінің №1439 жарлығы бойынша «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медалімен;
    • 2010 жылы ҚР Президентінің №951 жарлығы бойынша «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» орденімен;
    • 2015 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 70 жыл» медалімен;
    • «Астананың 10 жылдығы» медалімен;
    • «Қызылорданың 70 жылдығы» медалімен;
    • 2011 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 66 жыл» мерекелік сыйлықтармен қоса Қызылорда қаласынан 30 шағынауданынан пәтер берілді.

  • Б) Аталар ерлігі – ұрпақтарға аманат
Зұлым соғыс баршамыздың есімізде жаттанд...

    15 слайд

    Б) Аталар ерлігі – ұрпақтарға аманат
    Зұлым соғыс баршамыздың есімізде жаттанды,
    Қасіретпен тауқыметі жүректерде сақталды.
    Сол соғысқа елі менен жері үшін,
    Әбдіқадыр атамда жұртпен аттанды.
     
    Кезі еді енді толған он алтыға,
    Жібермеген намысы оны айтуға.
    Ағасы Әбдіразақтың соңына еріп,
    Аттанды жаудың бетін қайтаруға.

    Ағасы қан майданда оққа ұшты,
    Тірі жаны шырылдап шоққа пісті.
    Жеңістен соң еліне орала алмай,
    Үш жылдан соң оралу сәті түсті.
     
    Елге келіп аянбай еңбек етті,
    Өсіріпүш ұл, үш қыз еркелетті.
    Халықтың алғысына ие болып,
    Мәңгілікке келмейтін бір елге кетті.
     
    Жоққа да, соғысқа да еткен сабыр,
    Көрседе заманынан неткен зәбір.
    Бұл күні ұрпақтарың мақтанады,
    Батыр деп Баймаханов Әбдіқадыр, – деп өлең шумағын Бауыржанқызы Мерей атасына тарту етіп шығарды. Атамыздың ұрпақтарына зор денсаулық ,ұзақ өмір,қажымас қайрат тілей отырып, бізді осындай бақытты өмірге жеткізгеніңіз үшін сізге деген алғысымыз шексіз аташым. Сіз біздің жүрегімізде мәңгі сақталасыз!

  • Балмаханова Күлшәрі
1929ж – 1977жӘбдіқадыр атаның жұбайы

    16 слайд

    Балмаханова Күлшәрі
    1929ж – 1977ж
    Әбдіқадыр атаның жұбайы

  • Жалағаш ауданының Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен

    17 слайд

    Жалағаш ауданының Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен

  • Ұлы Жеңістің 65 жылдығы
Астана 2010 ж

    18 слайд

    Ұлы Жеңістің 65 жылдығы
    Астана 2010 ж

  • Ауыл ақсақалдарымен бірге

    19 слайд

    Ауыл ақсақалдарымен бірге

  • Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың пәтер кілтін табыстау сәті

    20 слайд

    Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың пәтер кілтін табыстау сәті

  • Қызылорда облысының Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен бірге

    21 слайд

    Қызылорда облысының Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен бірге

  • Қазақстан Республикасының Президентінің, Қытай елінің, Ресей Федерациясының қ...

    22 слайд

    Қазақстан Республикасының Президентінің, Қытай елінің, Ресей Федерациясының құттықтаулары

  • На улице Жибек Жолы в Кызылорде вырос новый микрорайон «Астана».
На улице Жиб...

    23 слайд

    На улице Жибек Жолы в Кызылорде вырос новый микрорайон «Астана».

    На улице Жибек Жолы в Кызылорде вырос новый микрорайон «Астана». В нем строятся многоэтажные дома, построенные в рамках государственной жилищной программы. Часть из них продается по ипотечному кредитованию, часть – это арендное жилье.
    Строительство 30-квартирного дома было начато в апреле прошлого года. Ключи от первых квартир в новом микрорайоне врученЫ восьми ветеранам Великой Отечественной войны. В семье одного из новоселов Абдыкадыра Баймаханова произошло еще одно радостное событие. На днях появилась на свет правнучка ветерана - Аяулым. Абдыкадыр-ата воевал на восточном фронте. После возвращения с войны работал рыбаком. Сегодня у него огромная семья: 6 детей, 28 внуков и 10 правнуков. 87-летний Абдыкадыр Баймаханов стал владельцем двухкомнатной квартиры. В торжественном собрании по случаю вручения ключей от новых квартир участвовал и аким области. Болат Куандыков отметил, что за последние 5-6 лет в Кызылорде был построен 41 многоэтажный дом. 1362 жителя получили квартиры.
    Абдыкадыр БАЙМАХАНОВ, ВЕТЕРАН ВОВ:
    Желаю счастья и единства. Сейчас мы живем в мирное, благополучное и счастливое время. Пусть оно таким останется и для наших потомков.
    12.05.2011
    Кызылординский вести газетіне берген сұқбаты

  • Әбдіқадыр ата отбасымен

    24 слайд

    Әбдіқадыр ата отбасымен

  • Қ о р ы т ы н д ы
Сонымен сөзімді жинақтай келе мынандай түйін жасағым келеді...

    25 слайд

    Қ о р ы т ы н д ы
    Сонымен сөзімді жинақтай келе мынандай түйін жасағым келеді. Мен біздің ауылдың батыры Баймаханов Әбдіқадыр атам туралы үлкен ұлы орналы атамнан естігенімді зерделеп жаздым.
    Ойымызды түйіндей келе айтарымыз, ата – бабаларымыздың асыл мұрасын көздің қарашығындай сақтап, өзімізге өнеге тұтсақ, олардың есімін қадірлесек бұл жастар үшін тәрбие бастауы болары сөзсіз.
    Бүкіл совет халқымен бірге ҚССР еңбекшілері де Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтап, бейбіт құрылысқа көшті. ҚССР еңбекшілері өз республикасының шаруашылығын өркендетіп қоймай, жау қолынан азат етілген аймақтарда да өндірісті қалпына келтіруге көмектесті. Қазақ халқы ежелден тәуелсіз ел болуды армандады. Азаттық үшін ғасырлар бойы сыртқы жаулармен күресті. Бүгінде Қазақстан азат ерікті ел. Аңсаған арманына қол жеткізді Мемлекетіміз Біріккен ұлттар ұйымының толық мүшесі. Ширек ғасырға жетіспейтін уақытта аяғынан тік тұрып, дамыған 50 елдің қатарына қосылуды мақсат еттік. Қазақстанның тәуелсіздігі таза парақтан «жазылған жоқ», оның көне дәстүрлері бар. Бізге бүгінімізді түйсініп, болашағымыздың сұлбасын көру үшін өткенімізге үңілу қажет  Тәуелсіздік  бізге азап, күрес пен жоқшылықтар арқылы келді. Міне, сондықтан да біз бұл ұлы ұғымдардың құнын да, пайдасын да, қасиетін де білеміз. Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау-әрбір қазақтың, Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты. Тәуелсіздіктің қайта оралғаны-біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Еңсесі түскен  елдің есін жиғызған,  жапа шегіп, зар жылаған халықтың көзінің жасын тыйғызған кімдер еді? Азаматынан айырылған арғымаққа қайтадан ер салдырған, тұтастық туын қолға қайтадан алдырған кімдер еді? Қасиетті бабаларымыз – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би еді.
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, ел болудың ең ауыр белесінен өттік».
    Сондықтан өшпес із қалдырған ардагер аталарымыздың өмір тарихы мен ерен ерліктері және еңбек жолдары туралы мәліметтер баспасөз беттерінде жарияланса деп ойлаймын.
    Біздің ауылдың батыры 3 ұл, 3 қыз, 29 немере, 27 шөберені тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасы “Қара шаңырақ” қазіргі жастарға үлгі боларлық отбасы.
    Халқына қадірлі абзал азамат, біздің ауылдың ер батырының жарқын бейнесі оның ұлағатын көрген ұрпақтары мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады.


  • Менің ұсынысым:

1. Менің атам Баймаханов Әбдіқадыр атаның есімімен ауылыма к...

    26 слайд

    Менің ұсынысым:

    1. Менің атам Баймаханов Әбдіқадыр атаның есімімен ауылыма көше аты берілсе;
     
     
    2. Ауылымнан Ұлы Отан соғысына қатысқан кісілерге арнап мұражай ашылса;
     
     
    3. Бүгінгі менің және басқа оқушылардың ғылыми жұмыстары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланса, елін, жерін, Отанын қорғауға деген жастардың патриоттық сезімі оянып, тәуелсіз елінің қадірін білетін білімді де тәрбиелі жастар қалыптасар еді.

  • Пайдаланылған әдебиеттері тізімі:Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейі...

    27 слайд

    Пайдаланылған әдебиеттері тізімі:
    Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)
    5-томдық Алматы «Атамұра» 2010
    2. Қазақстан тарихы Алматы «Атамұра»  2013
    3. Тәуелсіздік толғауы
    4. «Жылдар мен ойлар» (М. Қасымбаевтің жетекшілігімен құрастырылған кітабынан)
    5. Қазақ ССР тарихы ( М. Қозыбаев, Н. Бекмаханова)
    6. Қазақстан тарихы Алматы «Атамұра» 2013

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2020 1038
    • PPTX 10.1 мбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Алия Джакаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдрахманова Алия Джакаевна
    Абдрахманова Алия Джакаевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 99445
    • Всего материалов: 256

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе