Инфоурок Начальные классы Конспекты"Х"дыбысы 1сынып

"Х"дыбысы 1сынып

Скачать материал

5.12.13

Бекітемін.  Оқу ісі меңгерушісі:                Қанатова А.С.

Пәні: Әліппе
Сыныбы: 1 «А»
Сабақтың тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға Хх дыбысы мен әрпін таныстыру. Х дыбысының жазылу ерекшелігімен таныстыру. «Хоккей» мәтінін оқыту арқылы, орыс тілінен енген сөздердің оқылуын түсіндіру.
ә) тәрбиелілігі: Оқушыларды айналадағы қоршаған ортаны қорғауға, аялауға
хайуанаттарға қамқорлық көрсете білуге, ұқыптылыққа, жинақылыққа, таза жазуға тәрбиелеу.
б) дамытушылығы: Ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту, есте сақтай алуға және
танымдық ойындар арқылы жан-жақты мәліметтерге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Хайуанаттар бағының суреті, Х әрпінің баспа және жазба түрілері, 
аю, түлкі қоян, тиіннің суреттері, Мұхтар Әуезовтың портреті, интерактивті тақта
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка

Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды түгендеп, оқу-құралдарын тексеру. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу. Сынып оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Өткенді пысықтау:
1-топ мәтінді оқу
2-топ «З» дыбысынан келетін сөз ойлау және сол сөзге сөйлем ойлау.
3-топ «З» сөзжұмбағын шешу.

Жаңа сабақ
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі біздер хайуанаттар бағына саяхатқа шығамыз. Хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?
(әр оқушы өздерінің ойларын айтады.)
-Хайуанаттар бағында нелер тіршілік етеді?
- Аңдар, құстар, жорғалаушылар, бунақденелілер тіршілік етеді.
- Олай болса хайуанаттар бағын аралайық. Хайуанаттар бағына кіру үшін билет алуымыз керек. Билет сатушы апамыз мынадай тапсырма дайындап қойған екен.
Билет сатушы апаның тапсырмасы.
Сәлем алып алыстан, 
Туысқаннан, таныстан.
Келетұғын хат, хабар
Қай әріптен басталған.
-Х әрпінеy басталған.
- Ол дыбыспен бүгін танысамыз. Х - дыбысы дауыссыз дыбыс. Х дыбысы буын құрамайды, себебі, ол дауыссыз. Дауыссыз дыбыстың қатаң түріне жатады. Ол араб, парсы тілінен енген сөздердің барлық жерінде кездеседі. Х дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Мысалы: хор, кітапхана, шах.
Х дыбысы туралы түсінік алған болсақ одан әрі хайуанаттар бағын аралауды бастайық.
- Балалар, мынау қай аң?

- Аю. Аю туралы не білеміз? Аю жыртқыш аң. Аю қорек талғамайды. Ол орманда тіршілік етеді. Ол көбінесе, құмырсқа, бал, құлпынай, таңқурай сиқты қоректермен қоректенеді.
- Аю бізге мынадай тапсырма дайындап қойған екен.
Аюдың тапсырмасы.
Оқулықпен жұмыс
Мына сөздерді оқып, Х дыбысының орнын тап. Сөздерді буынға бөл.

ХАТ-----------ХА БАР--------КІ ТАП ХА НА-----------АС ХА НА
ХОР-----------ХА ЛАТ-------ШЕ БЕР ХА НА----------ДӘ РІ ХА НА
(хормен оқытып, буынға бөлгізу әр өзге мағлұмат беру)

- Балалар, аюды тамашалап болсақ, әрі қарай жүрейік. Мынау қай аң?
- Түлкі.
- Түлкі қандай аң?
- Түлкі – қу, айлакер аң. Ол тышқан, қоян, саршұнақ, суыр т.б жануарлармен қоректенеді. Ертегілерді көп кездеседі. Күзде жүні түлеп түсіп, жаңа қалың жүн шығады. Қыста оның түсі жирен болады.
- Жақсы, жарайсыңдар! Түлкі қандай тапсырма даярлаған екен қарайық.
Түлкінің тапсырмасы.
Мына суретте не бейнеленген? Ол спорттық ойын қай кезде ойналады?
Суретпен жұмыс
(Оқушыларға сурет бойынша әңгімелету)

-«Хоккей» мәтінін оқуға ұсынып отыр екен.
(«Хоккей» мәтінін дауыстап хормен оқытып, әр топтан оқушыларға оқытып шығару)
- Енді, түлкінің тапсырмасын орындап болсақ, әрі қарай жүрейік. Балалар, мынау қай аң, қорқып, үркіп отырған.

- Қоян.
- Олай болса, қоян туралы не білесіңдер?
- Қоян – өте қорқақ аң. Ол кішкентай сыбдыр естісе болды, қаша жөнеледі. Оның күзде сұрғылт түсті жүні түлеп түсіп, қыста аппақ тонын киеді.
- Балалар, қоян қандай тапсырма дайындаған екен? Қарайық.
Қоянның тапсырмасы.
Сергіту сәті
«Сұр қоян» әнін айту, қимылмен көрсету.
- Ұзын құлақ сұр қоян, 
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына, 
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап, 
Көжегі екен өзінің.
- Көңілдерің көтеріліп қалса, жазуға дайындалайық. Бірінші Х дыбысының кіші әріптік таңбасын саламыз.
Дәптермен жұмыс
Тақтаға х әрпін жазып көрсету.
- Балалар, Х әрпі неге ұқсайды.
- Көбелекке.
- Жазбаша түрі ше?
- Арқасын тақап тұрған екі с әріптері секілді.
- Ендеше, ауада осы әріпті жазып, дәптерге толтырайық.
( ха, хе буындарын жазу)
Тақтамен жұмыс
- Балалар, енді, тақтамен жұмыс жүргізейік. Тақтаға халық, хабар, халат сөздерін жазамыз. Әр топтан 1 оқушыдан шығып жаза қойсын.
- Енді, дыбыстық талдау жасайық. Шахмат, хабар, халық сөздеріне дыбыстық талдау жасаймыз. Әр топтан бір-бір оқушы шығып, дыбыстық талдау жасау керек.
- Қоянның тапсырмасын орындап болсақ әрі қарай жүрейік.

- Ағаштың басында жаңғақ кеміріп отырған қай аң?
- Тиін.
- Тиін туралы тақпақ білесіңдер ме? Кім айтады?
- Мен тиінмын, тиінмын, 
Қысқа жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
Тиіннің тапсырмасы.
- Тиін «Кім тапқыр?» ойынын дайындап қойған екен. Олай болса, біз тапқырлығымызды көрсетейік. Тиіннің сұрағын оқимын сендер жауап бересіңдер.
1. Балалар, үзілісте қайдан тамақтанады? (асхана)
2. Дәрі-дәрмек сататын жерді не дейді? (дәріхана)
3. Ой дамытатын спорттық ойын. (шахмат)
4. Әншілердің қосылып ән салатын тобы. (хор)
5. Аяғы жоқ, жүреді, 
Аузы жоқ, сөйлейді. Ол не? (хат)
6. Мына суреттегі жазушы кім? (Мұхтар Әуезов)

- Тиіннің тапсырмасын орындадық, баққа саяхатымыз да тамамдалды.


  1. Қасқырдың тапсырмасын орындау. «Сиқырлар сандар»

 

1

2

3

4

5

6

7

      А

Б

Т

О

Х

Л

Р

 

5

1

2

1

7

 

 

 

 

 

 

5

1

6

1

3

 

 

 

 

 

 

5

1

3

 

 

 

 

 

5

4

7

 

 

 

 

Қорытынды:
- Сонымен балалар, бүгін қандай әріппен таныстық?
- Х дыбысы мен әрпі
- Х дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Басында, ортасында, соңында.
- «Хайуанаттар» деген сөзде х дыбысы қай жерінде естіледі?
- Басында.
- Хайуанаттар бағына саяхатымыз ұнады ма? Ұнаса қай жері?
(оқушылардың өзіндік пікірлері тыңдалады)
- Хайуанаттар бағында көптеген аңдар тіршілік етеді. Ендеше табиғаттың бізге берген осындай сыйын қамқорлыққа алып, оларды қорғай білейік.
Жер бетінде саны жағынан азайып бара жатқан хайуанаттар да бар. Сондықтанда табиғатты бәріміз бірге қорғайық!

Үйге тапсырма: «Хоккей» мәтінін оқу, х әрпін әдемі жазуға дағдылану.
Мадақтау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша, төртбұрыш және үшбұрыш пішінді парақшаларды тарату

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ    САБАҚ

 

Х дыбысы мен әрпі

 

 

 

1-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Темірғалиева Н.Ф.

2013/2014о.ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Х"дыбысы 1сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

БҚО Казтаалов ауданы Сатыбалды НЖББмектебінің бастауыш сынып мұғалімі ТЕМИРГАЛИЕВА НАЗЫМ ФАТИХОВНАМақсаты: а) білімділігі: Оқушыларға Хх дыбысы мен әрпін таныстыру. Х дыбысының жазылу ерекшелігімен таныстыру. «Хоккей» мәтінін оқыту арқылы, орыс тілінен енген сөздердің оқылуын түсіндіру. ә) тәрбиелілігі: Оқушыларды айналадағы қоршаған ортаны қорғауға, аялауға хайуанаттарға қамқорлық көрсете білуге, ұқыптылыққа, жинақылыққа, таза жазуға тәрбиелеу. б) дамытушылығы: Ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту, есте сақтай алуға және танымдық ойындар арқылы жан-жақты мәліметтерге қызығушылығын арттыру. Көрнекілігі: Хайуанаттар бағының суреті, Х әрпінің баспа және жазба түрілері, аю, түлкі қоян, тиіннің суреттері, Мұхтар Әуезовтың портреті, интерактивті тақта Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеп, оқу-құралдарын тексеру. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу. Сынып оқушылардың назарын сабаққа аудару. Өткенді пысықтау: 1-топ мәтінді оқу 2-топ «З» дыбысынан келетін сөз ойлау және сол сөзге сөйлем ойлау. 3-топ «З» сөзжұмбағын шешу. Жаңа сабақ - Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі біздер хайуанаттар бағына саяхатқа шығамыз. Хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме? (әр оқушы өздерінің ойларын айтады.) -Хайуанаттар бағында нелер тіршілік етеді? - Аңдар, құстар, жорғалаушылар, бунақденелілер тіршілік етеді. - Олай болса хайуанаттар бағын аралайық. Хайуанаттар бағына кіру үшін билет алуымыз керек. Билет сатушы апамыз мынадай тапсырма дайындап қойған екен. Билет сатушы апаның тапсырмасы. Сәлем алып алыстан, Туысқаннан, таныстан. Келетұғын хат, хабар Қай әріптен басталған. -Х әрпінеy басталған. - Ол дыбыспен бүгін танысамыз. Х - дыбысы дауыссыз дыбыс. Х дыбысы буын құрамайды, себебі, ол дауыссыз. Дауыссыз дыбыстың қатаң түріне жатады. Ол араб, парсы тілінен енген сөздердің барлық жерінде кездеседі. Х дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Мысалы: хор, кітапхана, шах. Х дыбысы туралы түсінік алған болсақ одан әрі хайуанаттар бағын аралауды бастайық.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 761 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2020 207
    • DOCX 21.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ермакова Ирина Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ермакова Ирина Владимировна
    Ермакова Ирина Владимировна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91872
    • Всего материалов: 246

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 35 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 22 регионов

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе