Инфоурок Технология Рабочие программы«Гүл» панносын бітіру жұмыстары.

«Гүл» панносын бітіру жұмыстары.

Скачать материал

 

Күні:

Сыныбы:9 «Г»

Сабақтың тақырыбы: «Гүл» панносын бітіру жұмыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қолмен кесте тігу оның күнделікті өмірдегі қажеттілігін түсіндіру,

                   мағлұмат беру.

Дамытушылық: жұмыс барысындағы оқушының шеберлігін есте сақтау,

                   байқағыштық қабілеттерін арттыру,қол саусақ бұлшық еттерін орындау.

Тәрбиелік: еңбекті сүюге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс жасауға, әсем безендіре білуге, сұлулықты қабылдау сезімдерін ояту, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.                                                                                           

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: түсіндіру,сарамандық

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,оқушымен жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика,бейнелеу.

Құрал-жабдықтар: кергіш, жіп, қайшы, ине, мата түрлері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

   Амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа  дайынды:ын тексеру,көңіл күйлерін сұрау,сәттілік тілеу).

   «Қазақстанда екі қолға бір күрек табылатын жұмыс көп,олардың тек жолын таба білу керек.

Нарықтық экономика бізден адал еңбекпен қоғам үшін де,өзің үшін де қызмет етуді талап етіп отыр.Сондықтан баршаңызды еңбек етуге шақырамын».

                                                                                                     Н.Ә. Назарбаев

    Бұл жерде Елбасы нені айтады? Тек еңбектің арқасында ғана биік белестерді бағындырып,

үлкен үлкен жетістікке, мақсаттарға қол жеткіземіз.

    «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың өзі осыған дәлел.

   Олай болса,балалар, мен сендерді еңбек етіп,жалқаулыққа салынбай,бастаған істеріңді

аяғына дейін жеткізуге шақырамын.

    Өткен тақырыпты пысықтау үшін сөзжұмбақ шешу

1.Көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлікті уақытша біріктіріп тұратын

  тігіс.(көктеу)

2.Сызықтарды бір бөліктен екінші бөлікке көшіруге арналған тігіс түрі.

  (көшірме)

3.Бөлшектердің біріккен орнын қалай атайды? (тігіс)

4.Көктеу,көшірме тігісіндегі иненің шаншым аралығы.(түзу)

5.Торлап тігудегі иненің шаншым аралығы.(ілмек)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1.Көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлікті уақытша біріктіріп тұратын

  тігіс.(көктеу)

2.Сызықтарды бір бөліктен екінші бөлікке көшіруге арналған тігіс түрі.

  (көшірме)

3.Бөлшектердің біріккен орнын қалай атайды? (тігіс)

4.Көктеу,көшірме тігісіндегі иненің шаншым аралығы.(түзу)

5.Торлап тігудегі иненің шаншым аралығы.(ілмек)

   Ортада кесте деген сөз шықты.Бүгінгі жаңа тақырыбымыз: «Кесте тігу».

ІІ.Сабақты түсіндіру. 

   Өткірдің жүзі,кестенің бізі

   Өрнегін сендей сала алмас.

   Білгенге маржан.білмеске арзан

   Надандар баһара ала алмас.

  Абай атамыз жырлағандай қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі-кесте. «Кестені көңіл сызады,қол тігеді,көз сынайды»-дегендей кесте алуан әдісті өнер.Кесте-сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнеленген ақыл-парасатының жауһары.Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,толықтырылып,жаңғыртылып отырды.

   Кестенің түп  төркіні-тігіс,тоқыма,өрме өнерімен тамырлас.Мәселен жөрмеу тігістерінің түрленуінен «баспа кесте», «қабырға кесте», «ашамай кесте» түрлері туындаған.

  Кесте санап тігілетін (жіпті санап отырып кестелеу) және еркін (сурет нұсқасы бойынша,санамай,еркін тігу ) кестелеу деп бөлінеді.Қазақ әйелдері ертеден бүгінге дейін қолданып келе жатқан кесте түрлері: «баспа кесте», «ашамай кесте», «біз кесте», «айқас кесте», «жапсырма кесте», шекпе кесте»,  «қабырға кесте», маржандап,моншақтап кестелеу» т.б.

    Біз кесте жалпы халық тілімен «тамбур» ал қазақ халқында «таңдай» ал немістерде «кеттенштих» делінеді.Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді.Тігілу мәнері жағынан оның көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді бірін-бірі тіркесе тігіледі.Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді.

   Жіпті бекітіп,оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң,ілмек тәрізді етіп созып,оны сол қолыңыздың басбармағымен басып тұрасыз да,инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп,төмен қарай шаншисыз.Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп,тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.

 

 

   

   Айқас кесте қарапайым әрі әдемі.ең көп тараған түрі.Айқас кестені селдір матаға түсірген дұрыс.Оның размері кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне,матаның қалыңдығына байланысты.Кестелеу барысынды үстіңгі негізгі тігістің бір бағытты түсіп отыруын бақылау керек.Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады.

     Гүл-өмірдің нұры.Ол біздің өміріміздің байлығы мен қуанышын,адамның жақсылығын арттырады.

     Халқымыз табиғаттығы гүлдердің әсемдігін,сұлулығын көре де,сезе білуді ұрпаққа үйрете отырып,эстетикалық тәрбие берген.Табиғаттың сұлулығын қолөнер бұйымдарына кесте,ою-өрнек,т.б. өнер арқылы бейнелеген.

Сарамандық жұмыс.

1.Мата бетіне сурет салу.

2.Сурет салынған матаны кергішке керу.

3.Уақытты үнемдеуге үйрету.

4.Нұсқау сызбаны басшылыққа ала отырып   кесте тігу.

5.Жұмыс барысында тексеру,нұсқау беру,қателерін түзеу.

   Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік:

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
  2. Инені киімге қыстыруға болмайды.
  3. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

   Жұмыс кезінде пайдалы кеңестерді еске түсіреміз:

  1. Кестеленетін бұйымның мойныңыз бен омыртқаңызға салмақ түспейтіндей қашықтықта болғаны жөн.
  2. Басыңызды тік немесе сәл алға қарай еңкейтіп ұстаңыз.
  3. Кестелеу кезінде көз бен қолдың арасы 35-40 см болуы керек.
  4. Жіптің ұзындығы 35-40 см-ден артық болмауы тиіс. 

Сергіту сәті.

Полиглот.

   Ал енді,үзіліс жасайық,саусақтарымыз,көзіміз демалсын.Мына жұмбақтардың шешуін тауып үш тілде айту керек.

  1. Тап-тап жорға,тап жорға,

Табаны жоқ,боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес,

Жерге түссе таптырмас.

          (ине,игла,needle)

2.Басы да екеу,аяғы да екеу.

          (қайшы,ножница,scissors)

3.Ине өткен жерден-   ------------ өтер.

          (жіп,нитка,sting)

4.Әйнектен,інжу маржаннан жасалатын түрлі-түсті ұсақ моншақты қалай атайды?

              (сумоншақ,бисер,deads)

Сабақты бекіту.

   Сабақты «Ғажайып шар» ойыны арқылы бекіту.

Ойынның шарты:қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.

  1. Жіптің ұзындығы неше сантиметр  болу керек?(35-40 см)
  2. Кестенің қандай түрлерін білесің?
  3. Кестенің түп төркіні. 

 

ІҮ.Жаңа сабақты қорытындылау.

      Бүгінгі күнде еңбексіз тіршілік болмайды.Сондықтан да еңбек бәрімізге керек. Қыз балалар үшін ине ұстап,мата қию, ою сызу, кесте тігу үлкен өнердің бірі. «Кестені көңіл сызады,қол тігеді,көз сынайды», -  деп қазақ халқы бекер айтпаған.

Ү.Бағалау.

   Оқушылардың  жауаптарына,істеген жұмыстарының нәтижесі ескеріліп бағаланады.

ҮІ.Үйге тапсырма: кестені бітіру.

   

 

  

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Гүл» панносын бітіру жұмыстары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қыздар тобына арналған сабақ. Абай атамыз жырлағандай қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі-кесте. «Кестені көңіл сызады,қол тігеді,көз сынайды»-дегендей кесте алуан әдісті өнер.Кесте-сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнеленген ақыл-парасатының жауһары.Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,толықтырылып,жаңғыртылып отырды. Кестенің түп төркіні-тігіс,тоқыма,өрме өнерімен тамырлас.Мәселен жөрмеу тігістерінің түрленуінен «баспа кесте», «қабырға кесте», «ашамай кесте» түрлері туындаған. Кесте санап тігілетін (жіпті санап отырып кестелеу) және еркін (сурет нұсқасы бойынша,санамай,еркін тігу ) кестелеу деп бөлінеді.Қазақ әйелдері ертеден бүгінге дейін қолданып келе жатқан кесте түрлері: «баспа кесте», «ашамай кесте», «біз кесте», «айқас кесте», «жапсырма кесте», шекпе кесте», «қабырға кесте», маржандап,моншақтап кестелеу» т.б. Біз кесте жалпы халық тілімен «тамбур» ал қазақ халқында «таңдай» ал немістерде «кеттенштих» делінеді.Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді.Тігілу мәнері жағынан оның көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді бірін-бірі тіркесе тігіледі.Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Жіпті бекітіп,оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң,ілмек тәрізді етіп созып,оны сол қолыңыздың басбармағымен басып тұрасыз да,инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп,төмен қарай шаншисыз.Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп,тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2020 391
    • DOCX 63 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маркина Надежда Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маркина Надежда Юрьевна
    Маркина Надежда Юрьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 92447
    • Всего материалов: 247

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 091 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 575 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 072 человека

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов