Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Другое / «Гүл жасау».

«Гүл жасау».

Курсы профессиональной переподготовки от Московского учебного центра "Профессионал"

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования только до 31 августа действуют скидки до 50% при обучении на курсах профессиональной переподготовки (184 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: ВЫБРАТЬ КУРС


Дүрия Шәріпбайқызы Байдуалова

54 мектеп-лицей, Астана қаласы

Сабақтың тақырыбы

«Гүл жасау».

Оқушыларды матадан гүл жасау технологиясымен таныстыру және лентадан гүл жасауды үйрету,, көркемдік талғамдарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Үй шаруашылығына қажетті бұйымдар жасай білуге, кәде сыйларды безендіру, сәндей білуді үйрену

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Қане, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған түсті таңдап ап
Тобымызды табайық.
(Топқа түрлі түсті гүлдер үлестіріледі
hello_html_m70045696.png

Оқушылар таңдаған гүлдеріне сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

1 топқа. Мақалды толықтыр
Дала... қадірлі,
Ана... қадірлі.
2-топқа Жұмбақты шеш
Құлпырса, қадірлейді, аялайды,
Қураса, сыпырғышқа жарамайды. (Гүл)
3-топқа Өлеңді мәнерлеп оқы.

Үй гүлі
Өз қолыммен ыдысқа
Отырғыздым үй гүлін.
Сабақтарын қып - қысқа,
Терезеден сүйді күн.
Топырағын қопсытып,
Мезгілімен суардым.
Жапырақ жайып өсті тік,
Қызыға қарап жүр әркім
- Берілген тапсырмаларда ортақ ой не? (Гүл туралы)

Сергіту сәті

Сергіту сәті
Қолымызды жаяйық,
Әдемі гүлге ұқсайық
Бір жабылып, ашылып,
Орнымызға қонайық.

Жаңа сабақ

- Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезімін әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс - шараларда гүлдер пайдаланылады. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады. Композиторлар әуезді әндер шығарады. (П. И. Чайковский «Вальс цветов»). Өкінішке орай, тірі гүлдер көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігінен айырлады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. №8, 9 слайдтар. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады.

4.Сарамандық жұмыс:
(Нұсқау картасы бойынша жұмыс) Нұсқау картасы оқушыларға тарқатылады.

Жұмысты бастаудан алдын қауіпсіздік ережелерін қайталап еске түсіру

Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау. слайд
Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).
1. Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.
3. Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.

4. Инені ауызға салуға болмайды.

5. Қайшыны бір - бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.
Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек.

Үтікпен жұмыс кезінде қандай ТҚ ережелерін сақтауымыз керек? (оқушылардың жауабы).

Сабақты бекіту

Ой толғаныс.

«Сізге сыйлаймын» Әрт оқушы өзінің жасаған гүл туралы эссе жазып, жасаған бұйымын құрбысына сыйлайды

Гүлдер үнемі қуаныш әкеледі, сондықтан да адамдар бір - біріне гүлдер сыйлайды, сыйлай да бермек! Шеңбер жасай тұрып бір- біріне жасаған гүлдерін сыйлайды

Рефлекция

Жұмыстарың өздеріңе ұнады ма? Жаңадан не үйрендіңдер, не білдіңдер?
Ойланып көріңдерші, бүгінгі сабақта алған білімдерін, еңбектерің келешекте сендерге қажет бола ма? Дүкеннен сатып алған дайын зат пен өз қолдарыңмен жасаған заттың арасында қандай айырмашылық бар?(оқушылардың жауаптары)
Балалар, бүгін жұмыстарыңды өздерің бағалайсыңдар.
Сабақ бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттер іске асырылды.
Жұмыс нәтижесі ұжымдық «Раушан гүлі» панносы.


Үйге тапсырма

Гүлдер жасап келу


Жұмыс орнын жинастыру




Нұсқау карта

Дайындау реті

Үлгілер

1

Матаны қажетті өлшемде дөңгелелектеп қиып аламыз. 5 дана (диаметрі 5,5 см қалауымызша)

hello_html_m11ef19a2.jpg

2

Матаның шетінен 5мм қалдырып бүгіп тігіп шығамыз

hello_html_mb879bfe.jpg

3

Бүгіп тігілген шеттерін жинап кезектегі жапырақшаны жалғап тігеміз

hello_html_m79796bf.jpg

4

Жапырықшаларын біріктіріп тігеміз

hello_html_66377b24.jpg


Бекітеміз

hello_html_mec1b83.jpg

6

Ортасын түрлі моншақтармен безендіреміз

hello_html_1719b09e.jpg


  • Другое
Автор
Дата добавления 12.12.2017
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 309
Номер материала MA-072568

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы