«Ж.Құдайбергенов атындағы орта
мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
География пәні мұғалімі Алгожаева Ая
Баженовнаның Қ.Р педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша
мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап келгеннен кейінгі мектептегі 7 модульды
ұштастыра отырып, сабақ барысында география пәнінен және тәрбие жұмысында
жеткен нәтижелерім туралы аналитикалық есеп.
2013 жылы 27 ақпан айынан
– 25 мамыр айларының аралығында курстан алған теориялық білімімді мектепте
тиімді пайдалана білдім. Оқыған Бағдарламада күтілетін нәтиже-оқушыларға қалай
оқу керктігін үйрету және содан алған нәтиже – еркін, өзіндік дәлел-уәждерін
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзғарастары жүйелі
дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын тұлғаны қалыптастыру.
2013 жылы 30-31
қазан айында біздің мектепте зерделеу мақсатында «әдістемелік күндер» өтті. Мен,
мұғалімдер және 11 сынып оқушылар арасында «Алғашқы махаббат» атты рөлдік ойын
өткіздім. «Ата-анала», «Мұғалімдер» және «Оқушылар» деп 3 топқа бөлініп,
мұғалімдер мен оқушылар араласып отырды. Өте қызықты өтті. Әндер айтылып, би
биледік. Мұғалімдер мен оқушылар арасында жылылық пайда болды. Оқушылар
ролдерге кіріп, ойларын ашық айта білді. Кері байланыс кезінде оқушылар «Біз
ешқашан мұғалімдермен бірге мұндай тақырыпта сөйлеспейміз. Бүгін ата-аналардың
орнында болып көрдік.» Оқушылар мен мұғалімдер постер жасап, қорғап , бір-бір
мен диалогқа түсті. Рөлдік ойын барысында
диалог молынан көрініс тауып, оқушыларымның өзіндік ой – пікірлерін естіп, таң
қалған да сәттерім болды.
География
сабағында «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді» тиімді пайдалануға дағдыландым. Оқушылардың
топпен жұмыс істеу арқылы бір-бірі мен диалогққа түсуі, бірін-бірі жетелеуі,
талдау және дәлелдей білуі олардың арасында достық қарым-қатынасы қалыптасқаны
байқалды.
Қараша
айында біздің мектепте «Бағдарламадағы жаңа әдіс-тәсілдерді іс тәжірибеге
еңгізу. Келешегі. Проблемалары» тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті. Мен өз
пәнім бойынша 11 «а» сыныбында «Корея Республикасы» сабақ өттім. Сабақ
барысында тақырыпқа байланысты , оқушылардың танымы мен қызығушылығын арттыру
мақсатында – Кореяның әуені мен Корея туралы видео көрсеттім. Оқушылардың сыни
тұрғыдан ойлануын дамыту үшін топтарға суреттер беріліп, әр оқушының ойын
тыңдадық. Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылар диалогққа түсіп, өз ойларын ашық
айта білді. Топ ережесі сақталып, балалар мәдениеттілік танытты. Жас
ерекшеліктеріне байланысты құрастырылған сұрақтар мен сәйкестендіру кестелер
арқылы сабақта жауап бермеген бала болған жоқ. Кореяның экономикасының жедел
дамуының себептерін анықтау арқылы оқушылар арасында «ЖАДА» қалыптасты.
Выготскийдің айтуынша «.оқушылар өздерінің ЖАДАда жұмыс істесе, анағұрлым
қабілетті оқушылар мен араласу және мәдениет, қоршаған орта мен өзара
қарым-қатынас жасау ...» Сабақ барысында «оқушылар диалог құры нәтижесінде
білім алады» деген Выготскийдің оқыту моделі іске асты. Дарынды оқушылар өз еріктерімен
Кореяның елтаңбалары жөнінде мәлімет дайындаған. Тапсырмаларды орындау
барысында оқушылар интернет жүйесіне кіріп, АҚТ-ны тиімді пайдалана білді.
Сабақтың
соңында топ ішінде формативті бағалау жүргізілді. Критериялар бойынша оқушылар
бірін-бірі бағалап, әділ көзғарас танытты. Сабақта жеткен жетістікті көрсетін –
кері байланыс. Кері байланыс кезінде оқушылар сабақтағы қызықты және не біліп,
үйренгні туралы өз ойларын айтты.
«Глобус»
пән бірлестігінің апталығы кезінде 7 «ә» сыныбында «Оңтүстік Америка. Ішкі
сулары » атты сабақ өттім. Курста оқып-үйренен 7 модульды ұштастыра отырып,
жұппен оқытуды көрсете білдім. Сабақ барысында оқушыларды қызығушылығын арттыру
мақсатында вербалды құралдарды пайдаланып, нәтижесінде – оқушылар еркін сөйлеп,
талдап және дәлелдей білді. Ал 11 «а» сыныбы мен бірге – «Бермұд ұштағаны.
Құпиясы» атты танымдық шоу ұйымдастырдық. Оқушылар арасында зертеушілік әңгіме
жүрді.Әр оқушы ақылға қонымды мәлімет ұсынды,бір-біріне сұрақ қойып –
айтқандарын дәлелдеді. Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысты- келісімге
ұмтылды. Александердің (2004) «оқытудағы әңгімелесу – Қарым-қатынас жасаудың
бір сарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді»
тұжырымдамасы сабақ барысында дәлелденді.
Мен өз
сабақтарымды қызықты етіп өтуге тырысамын. Күнделікті сабақта оқушыларым топпен
жұмыс жасауғы төселді, ойларын айта білуі, дәлелдеуі, диалогқа түсе білуі мені
қатты қуантады. Мерсер
мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне
үлес қосатындығын атап көрсетеді десе, Өткізген сабақтарымдағы сынып
оқушыларын өзара дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер:
-
оқушылардың
тақырып бойынша өз ойларын айтуына мүмкіндік
береді;
-
олардың
өз ойларын дәлелдеуіне көмектеседі;
-
бір-біріне
сұрақтар қоюына;
-
оқыту
барысында мұғалімдерге оқушылардың білім деңгейінің қандай екендігін түсінуіне
ықпал ететінін сабақ барысында бақыладым.
Келешекте
өз білімімді көтеру арқылы – осы Бағдарламаны толық меңгерсем деймін. Құзырлы
мұғалім болу – менің мақсатым!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.