Инфоурок География Другие методич. материалы«География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» баяндама

«География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» баяндама

Скачать материал

Тақырыбы: «География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

    Қазіргі заман қоғам өмірінде оқушылардың жаратылыстану ғылымдары мен технологияларын түсінуі ерекше мағызға ие болып отыр.Әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үрдісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап,оқытудың жаңа тезнологияларын түсіне отырып,оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттілігін негіздейді.Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын ала болжап,оқушылардың білім алуы барысында іздену,зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін,алған білімін өмірдің жаңа жағдайларына пайдалана білу арқылы танылады.Сондықтан білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға,оқу үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге бағыттауы тиіс.Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім,білік дағдыларды меңгерту мен бірге ғылымға,техникаға,өмірге,қоршаған ортаға деген түсініктер олардың жас ерекшелігіне байланысты,таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылуы тиіс.География пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі-логикалық сипаттағы тест тапсырмаларын құру.Логикалық ойлау қабілетін дамытуға және шығармашылық тұрғыдан ізденуге бағытталған тест тапсырмаларын орындау оқушылардың қызығушылығын туғызды.Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру-педагогтер мен оқушылардың іс-әрекетінде нәтижеге қол жеткізудің негізі.Төменде бірнеше тапсырмаларды ұсынамын:

     1.Шөлді аймақтарда күндізгі ыстыққа қалмас үшін керуеншілер қай жұлдыз туа салысымен жүріп кетеді?

А)Үркер                       Ә)Үлкен Жетіқарақшы              Б)Темір-қазық    

В)Шолпан                Г)Кіші Жетіқарақшы

2.42 мм және 57 мм-лік төртбұрышты формадағы 1:100 000 масштабты пландағы орман ауданы (га)

А)2,94 га          Ә)2,94 га              Б)239,4 га              В)2394 га         Г)23940 га

3.Саяхатшы өз күнделігінде тауда тамақтану үшін от жағып,ас әзірледік.Ыдыстағы су жылдам қайнағанымен,картоп піскен жоқ.Біз ұзақ күттік.Бірақ картоп сол күйінде қала берді».Саяхатшылардың картопты пісіре алмауының себебі не?

А)Су буының азаюы      Ә)Жоғары температура         Б)Төмен температура

В)Жоғары қысым                Г)Төменгі қысым

4.Солтүстік жарты шарда мұхиттың үлесі 61  пайыз.Құрлықтағы ауданы қандай?

А)50 млн км2       Ә)250 млн км2          Б)200 млн км2   

В)155 млн км2      Г)100 млн км2

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру  әлеуметтік қызметін қалыптастыру сапалы білім кепілі.

    Елбасының тапсырмасы бо­йын­­ша  оқу­шы­лардың функционалдық са­уат­­тылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлт­тық іс-қимыл  жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім са­ла­сын жаңарту туралы бас­тама­ларын іске асырудағы  ма­ңызды тетіктердің бірі.

Аталған тетіктер Елбасы­ның Қазақстан халқына Жол­дауында, жаңа Мемлекеттік бағ­дарламада, «Жалпыға ортақ Ең­бек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында ай­рық­ша мән беріліп айтылған.Дү­ние­жүзілік экономикалық фо­­рум­­да жарияланған әлем ел­­дерінің бәсекеге қабі­летті рейтингідегі соңғы нә­ти­же­лер­ден байқауға болады.

   Әлемдік білім берудің нә­ти­желілігіне қарағанда Қазақ­стан бірден 21 орынға жо­ғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған емес. Демек,  біздің еліміздің Білім және ғылым саласындағы осындай жетістіктеге жетуіміз ұстаздарымыздың өл­­­шеу­­­сіз қа­жы­мас еңбегінің  нәтижесі деп білеміз.Ел Президенті білім са­ла­сына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық жасап келеді.  Әсіре­се, соңғы екі жылда болып жат­қан білім саласын жаңарту ісіне назары айрықша болғаны белгілі. Елбасы бастамасымен  өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі мақсаты – оқу­шылардың білімдерін өмір­де тиімді қолдануға үйрету. Со­нымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбе­гейлі өзгертудің негізі болып табылады.

Осы мақ­сатқа қол жет­кізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады. «Функция»- сөзі латынның «functio» сөзінен шыққан, қазақша «орындау», «атқару» деген мағынаны білдіреді.

   Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.

    «Әлемде  екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі-биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие дейді.

Бала   тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда  мектепте де ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі өте маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.

   Тәрбиеге ең алдымен оның маңыздылығын түсіне  алатындай сапалы көзқарас қажет десек, ол тал бесіктен басталып, мектепте жалғасын табатын, сонымен қатар ,қоғамның барлық саласымен байланыста жүзеге асырылатын қиын да күрделі үрдіс.

 

Функциналдық сауаттылықты дамытуда

-Ғылыми –зерттеушілік жағынан  қамтамасыз ету (мектепті басқару жүйесі,ғылыми-зерттеушілік,сараптамалық -талдамалар, оқушылар мен ата-аналардың рөлін диогностикалау);

– Білім беру мазмұнын жаңарту (мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз ету, оқу жоспары бойынша вариативтілігін,коммуникативті дағдыларын қалыптастырудағы білім алудағы дербестік, ақпарат пен технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру;

– Оқу әдістемелік қамтамасыз ету (қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдарды педагогтердің практикасына енгізіп, жүзеге асыру, мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейін арттыру )

-Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі(білім нәтижелерін тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізу, сыни тұрғыдан бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесі енгізу.)

– Мектептергі  қосымша білім беру жүйесі ,материалдық –техниалық база(мектепті заман талабына сай жабдықтармен жабдықталу,балаларға көркем-эстетикалық,ғылыми-техникалық, экология-биологиялық,туристік-өлкетанушылық,оқу-сауықтыру қосымша білім беру   санын арттыру  және  бағыттар бойынша  білім беру)  осы бағыттары бойынша  құрылып, жүзеге асыру;

  Ұлттық жоспардағы  функционалдық сауаттылықты дамытудың  негізгі бағыттарын жүзеге асыруда:

   Бірінші– оқы­ту методологиясы мен маз­мұ­нын түбегейлі жаңарту.Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту керек.(Елбасы Жолдауынан)

  Әлемдік тәжірибе не­­гі­зінде елімізде мемлекеттік білім стан­дар­тын жасауға кірісті.   Сондай-ақ, білім мазмұнын да жаңа міндеттерге сәйкес педагогтарды даяр­лау мен біліктілігін арттыру бойынша Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің жанынан ашылған педагогикалық шеберлік орталығында үш айлық курстан , «E-learning» жүйесі бойынша біліктілікті арттыру  курсынан өту жоспарланып,мұғалімдер біліктілігін арттыруда. Оқытудың жаңа технологияларын енгі­зу,  оқу және жазу арқылы дамыта оқыту мен сыни тұрғыда ойлау технологияларының бағдарламаларын іске асыру мұғалімдерді  қайта даярлау маңызы зор . Барлық білім жү­йе­сі­не «Кембридж университетімен» бірлесіп әзірленген оқу бағ­дарламалары, жоспарлар мен әдістемелер енгізу. Елбасы Жолдауда  «Бізге оқыту әдістемелерін жаңарту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек» делінген

Бар­лық оқулықтарға талдау жа­салынуда, бағдарламада бел­гі­лен­ген,  жеке тұлғаға бағытталған оқы­туды қамтамасыз ете­тін жаңа форматтағы оқу­лықтар­­ды әзірлеу қажет.

   Екінші бағыт  оқу нә­ти­же­ле­рін бағалау жүйесін жа­ңар­ту. Яғни, функционалдық сауат­тылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бо­йынша оқу жетістіктерін ба­ға­­лаудың жаңа тәсілдерін бір­тін­деп мектеп өміріне енгізу. Қазіргі біз қолданып отыр­ған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға бо­ла­тыны нақты анықталмаған.  Білім саласындағы ең өзекті мә­селенің бірі– функциональдық сауаттылықты дамытуда оқу­шы­лардың жетістіктерін мо­ни­то­рингтеу мен кешенді ба­ға­лау. Оларда ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.

Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бі­рың­ғай тестілеу мәселесі.  2012- 2015 жылдада PISA,  TIMSS және PIRLS сияқты ха­лықаралық зерттеулер өтеді.

  Функциональдық сауат­ты­лықты дамытудың үшінші  бағыты  – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың бел­сенді қатысуы. Осы әдістеменің негізінде мектепте ата-аналарға арналған «Отбасы –тәрбие бастауы» семинары және тренингтер,сауалнамалар алынады. Педагогикалық білім жүйесінде отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін тарату, әкелер мен аналарды мектептің, сыныптың тәрбиелік қызметіне тарту жұмыстары бойынша  «Мектеп пен отбасы бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі» атты апталық өткізілді.Білім беруді жаңғырту қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын , заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды.Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жұмысының негізі. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. (Жолдаудан) «Жаңа Қазақстандық патриотизм» тақырыбында мектепте онкүндік  өткізілді.

  Төртінші бағыт – қосым­ша білім беру жүйесін да­мы­ту. Ұлттық жоспарда оқушы­лар сарайы, музыка мектеп­­тері, жас техниктер мен на­туралис­тер  жұмыс­­­та­рын түбегейлі өзгер­­ту қа­рас­­­тырылған. Еліміз тари­хын­­да алғаш рет аталған ұйым­­дардың материалдық-тех­­ни­калық базасы жа­ңар­ты­ла­тын болады. Мектепте ғылыми-техникалық, экология-биологиялық, көркем-эстетикалық, туристік-өлкетанушылық, оқу –сауықтандыру бойынша қосымша білім беру қарастырылған.Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулуда  биология пәнінің мұғалімі Г.Такибаева оқушысы А.Комунарова  «Экологиялық аймақтар», қазақ тілі пәнінен А. Башанова «Тастағы жазулардың ерекшеліктері» , ағылшын тілі пәнінен Д.Кертай ғылми жұмыстар жазып қорғады.Оқу-сауықтыру бойынша Көкшетау қаласындағы «Бурабай» оқу-сауықтыру орталығына  Тоқтасын Ақкербез барды. Текелідегі «Эдельвес» сауықтыру орталығында 6 оқушы демалды.       Мектептің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жақсаруда,спорттық құрал –жабдықтармен,компьютермен  қамтамасыз етілді.. Балаларға арналған танымдық журналдарына жазылу, мекпете «ziyatker»ғ ылыми-танымдық сайт құру,.оқушыларды телебағдарламаларға қатыстыру сияқты жұмыстар  жоспарланған.

Осылардың бәрі –  тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.  Оқушылардың бойын­да шығармашылық жә­не ин­новациялық қыз­мет­ке деген  қажеттілікті қа­лып­тастыруға ықпал етеді.

Жалпы  айтқанда Ұлттық  жос­­пар­ды іске асыру оқушы­­лардың бойында фун­к­цио­нал­­­дық сауаттылықты қалып­­­тастыруды қамтамасыз ете­ді. Бұл – шығармашылық пен ин­новацияға деген қы­зы­ғу­шы­лықты арттырады. Елі­міз­дің Президенті Н.Назар­баев ерекше көңіл бөліп отыр­ған  білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады.  Осылайша, әлемдік тренд пен білімге сәйкес келетін мектептің жаңа моделінің  негіздерінің бірі қа­лып­тасатын болады.          Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.

   Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.

«Әлемде  екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі-биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие» дейді.

Бала   тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда  мектепте де ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі өте маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.

  «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ»   десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе-білім беру,ғылымды дамыту.Өркениет біткеннің өзегі,ғылым,тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.Осы орайда,мектеп,мұғалімдердің басты міндеті-өз ұлтының тарихын,географиясын,мәдениетін,тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейде рузани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

   Қорыта келгенде,оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарын арттыруды мұғалімді үнемі ізденуге,тұрақты еңбек етуге міндеттейді.ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры.Ендеше,бізге ой-өрісі жоғары дамыған зерделі,жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәт естен шығармағанымыз жөн

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»Қазіргі заман қоғам өмірінде оқушылардың жаратылыстану ғылымдары мен технологияларын түсінуі ерекше мағызға ие болып отыр.Әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үрдісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап,оқытудың жаңа тезнологияларын түсіне отырып,оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттілігін негіздейді.Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын ала болжап,оқушылардың білім алуы барысында іздену,зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін,алған білімін өмірдің жаңа жағдайларына пайдалана білу арқылы танылады.Сондықтан білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға,оқу үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге бағыттауы тиіс.Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім,білік дағдыларды меңгерту мен бірге ғылымға,техникаға,өмірге,қоршаған ортаға деген түсініктер олардың жас ерекшелігіне байланысты,таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылуы тиіс.География пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі-логикалық сипаттағы тест тапсырмаларын құру.Логикалық ойлау қабілетін дамытуға және шығармашылық тұрғыдан ізденуге бағытталған тест тапсырмаларын орындау оқушылардың қызығушылығын туғызды.Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру-педагогтер мен оқушылардың іс-әрекетінде нәтижеге қол жеткізудің негізі.Төменде бірнеше тапсырмаларды ұсынамын:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 484 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2020 2534
    • DOCX 23.7 кбайт
    • 114 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иванова Ирина Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иванова Ирина Николаевна
    Иванова Ирина Николаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 88018
    • Всего материалов: 239

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 29 регионов

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 38 регионов

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 36 регионов