Инфоурок Информатика Рабочие программыФреймдерді пайдалану және Web беттеріндегі графиктер

Фреймдерді пайдалану және Web беттеріндегі графиктер

Скачать материал

 

 

38 Сабақ  жоспары

 

Топ

4 топ

Сабақтың  өткізілетін күні

 

Пәні:  Информатика 

Сабақтың тақырыбы: Фреймдерді пайдалану және Web беттеріндегі  графиктер

Сабақтың мақсаты:

                  Білімділік: Фреймдерді пайдалану және Web беттеріндегі  графиктер тақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

                  Тәрбиелік:  икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

                  Дамытушылық: студенттердың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру, ізденіс сабағы) (керектісінің астын сызу)

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту  (теориялық, тәжірибелік, лабораториялық) (керектісінің астын сызу)

Сабақты  өту  әдісі: ақпараттық дамытушылық тәсіл

Пән аралық байланыс: бағдарламалау тілдері, математика, ағылшын тілі

Көрнекі құралдар: компьютер 

Әдебиеттер:  В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»

«Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «Microsoft Word текстовый редактор» Питер.  2001 ж. OC Windows 98, 2000,  XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин  «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии»  «Всемирная паутина WWW» Питер.  2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы  информатики  и  вычислительной техники» 

10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.

В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «Microsoft Access» Питер. 2000 ж.

Сабақтың барысы мен мазмұны

  1. Ұйымдастыру кезеңі

         а) ұйымдастыру  кезеңі

         б) үй тапсырмасын сұрау

         в) бағалау

         г) жаңа  сабақ

         д) бекіту

         е) үйге  тапсырма

         ж)  қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ  басталған соң баларды  ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

3.      Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру

 

Фреймдерді пайдалану және Web беттеріндегі  графиктер

Adobe Photoshop – растрлы графиканы профессионалды өңдеудің ең қуатты пакеті. Әртүрлі фильтрлер мен эффекті жиынтығынан тұратын, растрлы суретті модификациялаудың көптеген мүмкіндіктерінен құралған үлкен кешен болып табылады. Web-беттің қалай құрастырылу принципін түсінгеннен кейін, олардың әрқилы мақсаттарда қолданатынын білеміз. Сол себепті қазіргі таңда Web-дизайнға көп көңіл аударылады, өйткені желідегі қайсібір ақпараттық ресурстың танымалдығы тікелей соған байланысты. Web-дизайнердің жалақысының жоғары болуының себебі де сол. Web-бетті құрушы адам, өзінің білімін шығармашылық потенциалымен ұштастырады. Көз сүйсінерлік Web-бетті жасап шығару үшін суретші әрі программист қасиетіне ие болу шарт. Web қосымшаларын жасаудағы басты қиындық беттің көлемі және интернет броузерлердің сыйымдылығы болып келеді. Macromedia корпорациясы Web-та барлық ақпарат түрлерінің соңғы жаңалықтарын қолдануға тырысты. Macromedia Flash - өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін web-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады. Flash-ты Web стандарт ретінде келісім жасалғалы, ол HTML-мен оңай интеграцияланды. Алғашында бұл программа Splash Animator деп аталды және белгісіз Future Animation фирмасымен мультфильм жасау мақсатымен сатылды. Аниматор-суретшілерге арналып, кең қолданыс таба алмады. WWW қосымшалары танымал бола бастаған кезде Macromedia секілді алып фирма оған көңіл аударып, сатып алды да Flash деп атын өзгертті. Flash құрастырушылары жобаны жасауды оңайлату және автоматтандыру үшін программа интерфейсін өзгертті. Өзгеріс тек сыртқы бейнені ғана емес, құрамына да тарады. Flash-та интерактивтілік түсінігі Action Script (Іс-әрекет) сценарийлерін қолдану арқылы кеңейді. Ол электронды дүкендерді алғаш құрастырушы behaviors (интерфейс элементтерінің орнын ауыстыру, логика және математика) күрделі іс-әрекет стилін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы себепті программа Web-өңдеушілерінің арасында кеңінен қолданып, аниматор маманға керемет көмекші бола алды. 1996 жылы пайда болғаннан кейін Flash көрнекі мультемидийлік Web-бет құрастыруда стандарт болды. Мысал ретінде Citibank, Fox, PepsiCola, Paramount, Plymouth, Chrysler, Nestle және Warner Bros серверлерін көрсетуге болады. Flash-та жұмыс жасау үшін программалаудың маманы болып қажет емес, бұл JavaScript, Java немесе HTML кодтарын жазбай-ақ интерактивті Web-түйін жасауға мүмкіндік береді. Интернетте кез келген Web-беттің негізін құжатты белгілеу және гипертексті ақпарат беруші HTML тілі құрайды. Flash технология HTML орнын баспағанмен, қазіргі таңда Flash көмегімен толыққанды бет-ролик жасап шығаруға болады. Macromedia Flash қолданатын көптеген беттерде HTML мүлде жоқ сияқты, мұнда HTML-код Flash арқасында минимумға әкелінген. Код мағынасы – Flash-клиптің дұрыс орналасуы. Аяқталған бір беттің түрін қарастырсақ: Web-бет=HTML+Flash Flash Action Script-ты қолданғанда, бұл формуланы JavaScript толықтырады. CGI орындай отырып, Flash қайсібір параметрлерді бере алады. Сонымен қатар, CGI Flash-тан шақырылып, әрекет орындап, жауап ретінде алдын-ала әзірленген Flash-клипті көрсетеді. Flash-технологияны қолданудың ең дұрыс шешімі – толыққанды HTML-құжатты кішігірім клиптермен көркемдеу. Көптеген танымал сайттар сәннен қалғылары келмей, осы жолды таңдады. Осындай сайттарға енген қолданушы не Flash-ролик әрекеттерімен сүйсініп, не оны фон ретінде қабылдайды. Бұл жерде Flash-клиптер анимацияланған GIF секілді қолданылады және бүкіл сайт үшін өмірлік маңызы болмайды, осындайда жаңа формуланы пайдалана аламыз: Web-бет=HTML+DHTML(JavaScript/VBScript,CSS)+Flash+CGI Flash Web-беттің сәнді қосымшасы ролін атқарады. Flash мүмкіндіктері. Macromedia компаниясы Flash-ты шығара отырып, көптеген қуатты идеялар мен технологияларды бір программаға біріктірді, сөйтіп қолданушыға Web арқылы мультимедиялық презентацияларды көруге мүмкіндік берді. Векторлы графиканы қолдану. Графикалық режимді үнсіздік бойынша қою Flash-ты Web өңдеу үшін теңеусіз құрал етеді. Векторлы графика – бұл өлшем, форма, түс, шекара, орналасуы жайлы ақпараттан тұратын математикалық теңдікпен не векторлармен анықталатын объектілер. Күрделі суреттердің өзімен жұмыс жасаған кезде кішкентай өлшемді файл алудың бірден-бір мүмкіндігі. GIF пен JPEG секілді растрлы форматтан өзгешелігі, векторлы суреттер – графика, текст, схема және анимация SWF (Shock Wave Flash) форматты ықшам файлдарға оңай экспортталады, осы файлдар желіде отырып-ақ кәдімгі броузер көмегімен ағымды ойнай алады. Symbol Conversation технологисы Flash-тың күрделі мультемедиялық презентациялар құрғанда файл көлемінің азғантай болуының себебі бар. Векторлар, растрлы суреттер, дыбыс бір жобада бірнеше рет қолданғандықтан, Flash өзінің ішкі Symbol Conversation функциясының арқасында объектінің бір экземплярын жасауға мүмкіндік береді, оны жаңасын құрмай-ақ бірнеше рет қолдана аласыз. Бұл жобаның көлемін біршама азайтады. Қосымшаға кітапхана – Library құрылды. Ол барлық қолданылатын константалар: салынған символдар, импорталған графика мен дыбыс тізімінен тұрады. Кітапхана көмегімен қай кадр не қабатта болғанына байланыссыз кез келген элементке баруға болады. Түстік палитраны, градиенттік құйылуларды басқа графикалық қосымшалардан (Macromedia Fireworks және Adobe Photoshop) экспорттауға (импорттауға) болады, бұл сайттағы түстің өзгермеуіне септеседі. Палитра .fla файлда сақталады және .swf экспортаушы файл көлеміне байланысты емес. Үнсіздік бойынша Flash web-safe палитрасын қолданады. Symbol Conversation технологиясының қасиетін пайдаланып, Flash-жоба кезінде мәліметтер енгізуге болатын текстілік өріс құруға болады, ол қолданушылардан әртүрлі мәліметтер: пароль енгізуге, регистрациялық, сұраулы мәліметтер жинауға қолданылады. Бұл толыққанды web-сайт құрудың жаңа қадамы. Сонымен қатар, өрістер мәтінді динамикалық ауыстыруда пайдаланылады. Бұл қасиет үнемі жаңаланып тұратын ақпаратты: биржалық, спорттық, ауа-райы болжамы жазғанда қолданылады. Қолданушы мәтіндік өрісті құрғанда оған айнымалы береді. Айнымалыларды роликтің әртүрлі сахналарына, server-side қосымшасына көшіруге болады. Мәліметтерді ағынды режимде жіберу Flash-тың web-қа арналған мультимедиасының тез жүктелуі үшін негізгі факторы - мәліметтерді ағынды режимде жіберу. Басқа артықшылықтарына қарамастан, бұл қасиетінсіз Flash желіде тиімді бола алмас еді. Мәліметтерді ағынды режимде жіберу – қажеттіліктен туындаған технология мысалы. Ол пайда болғанша байланыстың шектеулі жылдамдығы кесірінен қолданушылар файлдарды олардың құрамы компьютерге толық жүктелгенше қарай алмайтын еді. Алайда, құрастырушылар қолданушылардың әрбір байтты бірден қабылдамай-ақ, жоба мазмұнын біртіндеп түсіне алатынын ұғынды. Ағынды мүмкіндік дыбысты, анимациялы және растрлы үлкен файлдар бірден бейнелене бастауын көрсетеді. Дыбыспен жұмыс Web-сайтты фондық әнмен дыбыстау көп таралмаған, бірақ кейде қолданылады. dhtml, html не басқа стандарттардың дыбыстық файлдармен тығыз интеграцияланбайтыны дәлелденген. BGSOUND немесе EMBED тегі арқылы қосылатын фондық дыбыс mid не wav форматына ие болады. Бірінші форматты қолданғанда беттің шынылдайтыны байқалған, алайда көлемі бойынша mid Интернетке сәйкес. Яғни, сапасы төмен. Ал wav форматты дыбыстардың сапасы жақсы, бірақ бетте ұзақ жүктеледі. Flash-тың пайда болуына байланысты бетті әнмен әрлеушілер бетке көп көрінбейтін Flash-клипті орналастырады, ол бір дыбыстық фрагментті шексіз қайталай береді. Бұл кезде сапа/көлем орташа деңгейде қалады. Дыбысты қадағалау әрбір кадрға байланысты. Flash дыбысты бірнеше тәсілмен шығарады. Ол уақытқа тәуелсіз немесе дыбыс жолы бар анимацияны синхрондау арқылы. Әрбір каналдың дауыс деңгейін ауыстыруға да болады, дыбыстың жайлап көтерілуі не төмендеуі секілді. Сонымен, Flash дыбыстың екі типін пайдаланады – оқиғаға байланысты (event sounds) және ағынды(stream sounds). Олардың ерекшелігі: біріншісі толық жүктелуі қажет, екіншісі алғашқы кадрларды дыбыстайтын мәліметтер жүктелісімен жұмыс жасайды. Экспорттаушы .swf файлға 8-ден 160 kBps дейінгі компрессия деңгейі әсер етеді, ол Publish Settings терезесінде көрсетіледі. Flash AIFF, WAV және MP3 форматындағы дыбыстық файлдарды экспорттайды. Қорытынды Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Dreamweaver MX– бұл өңдеуші бір салада жұмыс жасай алатын, тез құрастырып, жүзеге асырып және Web-сайтқа және визуальды редактірлеу құралдарын пайдаланып Интернет - қосымшаға қызмет көрсете алатын, қосымшаларды өңдеу және кодты тез жазу интегралды шешімде біріктіріліп жүзеге асырылған қосымша болып табылады. Өңдеушілер Dreamweaver-ді әр түрлі серверлік технологиялармен қолдана алады және қолданушыларға мәліметтер базасына және Web-сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін мықты Интернет –қосымшаларды құрастыра алады. Сайттың басты бет шаблонын HTML гипермәтіндік белгілеу тілінде жасап, кейін басқа беттерін Dreamweaver MX бағдарламасы арқылы жасадым. Визуальды құрастыру құралы .swf форматындағы флэш-роликтерді, графикалық суреттерді кодты жазбай-ақ бірден қоюы жұмысты көп жеңілдетеді. Macromedia Flash- өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы.

4. Жаңа материалды бекіту

Ол  үшін  студенттерге  жаңа  сабақтан бірнеше  сұрақтар  қоя  отырып сабақты  аяқтаймын.

 5. Сабақты қорыту

Жаңа  материалды  пысықтау, оқушылардың  меңгерген  білімдерін  талдау,  бағалау.

 6. Үй тапсырмасын беру: 

    

    Оқытушы______________М.Ш. Абдулхаков 

 

    ПЦК төрағасы__________К.К. Убаев

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Фреймдерді пайдалану және Web беттеріндегі графиктер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Фреймдерді пайдалану және Web беттеріндегі графиктерAdobe Photoshop – растрлы графиканы профессионалды өңдеудің ең қуатты пакеті. Әртүрлі фильтрлер мен эффекті жиынтығынан тұратын, растрлы суретті модификациялаудың көптеген мүмкіндіктерінен құралған үлкен кешен болып табылады. Web-беттің қалай құрастырылу принципін түсінгеннен кейін, олардың әрқилы мақсаттарда қолданатынын білеміз. Сол себепті қазіргі таңда Web-дизайнға көп көңіл аударылады, өйткені желідегі қайсібір ақпараттық ресурстың танымалдығы тікелей соған байланысты. Web-дизайнердің жалақысының жоғары болуының себебі де сол. Web-бетті құрушы адам, өзінің білімін шығармашылық потенциалымен ұштастырады. Көз сүйсінерлік Web-бетті жасап шығару үшін суретші әрі программист қасиетіне ие болу шарт. Web қосымшаларын жасаудағы басты қиындық беттің көлемі және интернет броузерлердің сыйымдылығы болып келеді. Macromedia корпорациясы Web-та барлық ақпарат түрлерінің соңғы жаңалықтарын қолдануға тырысты. Macromedia Flash - өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін web-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады. Flash-ты Web стандарт ретінде келісім жасалғалы, ол HTML-мен оңай интеграцияланды. Алғашында бұл программа Splash Animator деп аталды және белгісіз Future Animation фирмасымен мультфильм жасау мақсатымен сатылды. Аниматор-суретшілерге арналып, кең қолданыс таба алмады. WWW қосымшалары танымал бола бастаған кезде Macromedia секілді алып фирма оған көңіл аударып, сатып алды да Flash деп атын өзгертті. Flash құрастырушылары жобаны жасауды оңайлату және автоматтандыру үшін программа интерфейсін өзгертті. Өзгеріс тек сыртқы бейнені ғана емес, құрамына да тарады. Flash-та интерактивтілік түсінігі Action Script (Іс-әрекет) сценарийлерін қолдану арқылы кеңейді. Ол электронды дүкендерді алғаш құрастырушы behaviors (интерфейс элементтерінің орнын ауыстыру, логика және математика) күрделі іс-әрекет стилін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы себепті программа Web-өңдеушілерінің арасында кеңінен қолданып, аниматор маманға керемет көмекші бола алды. 1996 жылы пайда болғаннан кейін Flash көрнекі мультемидийлік Web-бет құрастыруда стандарт болды. Мысал ретінде Citibank, Fox, PepsiCola, Paramount, Plymouth, Chrysler, Nestle және Warner Bros серверлерін көрсетуге болады. Flash-та жұмыс жасау үшін программалаудың маманы болып қажет емес, бұл JavaScript, Java немесе HTML кодтарын жазбай-ақ интерактивті Web-түйін жасауға мүмкіндік береді. Интернетте кез келген Web-беттің негізін құжатты белгілеу және гипертексті ақпарат беруші HTML тілі құрайды. Flash технология HTML орнын баспағанмен, қазіргі таңда Flash көмегімен толыққанды бет-ролик жасап шығаруға болады. Macromedia Flash қолданатын көптеген беттерде HTML мүлде жоқ сияқты, мұнда HTML-код Flash арқасында минимумға әкелінген. Код мағынасы – Flash-клиптің дұрыс орналасуы. Аяқталған бір беттің түрін қарастырсақ: Web-бет=HTML+Flash Flash Action Script-ты қолданғанда, бұл формуланы JavaScript толықтырады. CGI орындай отырып, Flash қайсібір параметрлерді бере алады. Сонымен қатар, CGI Flash-тан шақырылып, әрекет орындап, жауап ретінде алдын-ала әзірленген Flash-клипті көрсетеді. Flash-технологияны қолданудың ең дұрыс шешімі – толыққанды HTML-құжатты кішігірім клиптермен көркемдеу. Көптеген танымал сайттар сәннен қалғылары келмей, осы жолды таңдады. Осындай сайттарға енген қолданушы не Flash-ролик әрекеттерімен сүйсініп, не оны фон ретінде қабылдайды. Бұл жерде Flash-клиптер анимацияланған GIF секілді қолданылады және бүкіл сайт үшін өмірлік маңызы болмайды, осындайда жаңа формуланы пайдалана аламыз: Web-бет=HTML+DHTML(JavaScript/VBScript,CSS)+Flash+CGI Flash Web-беттің сәнді қосымшасы ролін атқарады. Flash мүмкіндіктері. Macromedia компаниясы Flash-ты шығара отырып, көптеген қуатты идеялар мен технологияларды бір программаға біріктірді, сөйтіп қолданушыға Web арқылы мультимедиялық презентацияларды көруге мүмкіндік берді. Векторлы графиканы қолдану. Графикалық режимді үнсіздік бойынша қою Flash-ты Web өңдеу үшін теңеусіз құрал етеді. Векторлы графика – бұл өлшем, форма, түс, шекара, орналасуы жайлы ақпараттан тұратын математикалық теңдікпен не векторлармен анықталатын объектілер. Күрделі суреттердің өзімен жұмыс жасаған кезде кішкентай өлшемді файл алудың бірден-бір мүмкіндігі. GIF пен JPEG секілді растрлы форматтан өзгешелігі, векторлы суреттер – графика, текст, схема және анимация SWF (Shock Wave Flash) форматты ықшам файлдарға оңай экспортталады, осы файлдар желіде отырып-ақ кәдімгі броузер көмегімен ағымды ойнай алады. Symbol Conversation технологисы Flash-тың күрделі мультемедиялық презентациялар құрғанда файл көлемінің азғантай болуының себебі бар. Векторлар, растрлы суреттер, дыбыс бір жобада бірнеше рет қолданғандықтан, Flash өзінің ішкі Symbol Conversation функциясының арқасында объектінің бір экземплярын жасауға мүмкіндік береді, оны жаңасын құрмай-ақ бірнеше рет қолдана аласыз. Бұл жобаның көлемін біршама азайтады. Қосымшаға кітапхана – Library құрылды. Ол барлық қолданылатын константалар: салынған символдар, импорталған графика мен дыбыс тізімінен тұрады. Кітапхана көмегімен қай кадр не қабатта болғанына байланыссыз кез келген элементке баруға болады. Түстік палитраны, градиенттік құйылуларды басқа графикалық қосымшалардан (Macromedia Fireworks және Adobe Photoshop) экспорттауға (импорттауға) болады, бұл сайттағы түстің өзгермеуіне септеседі. Палитра .fla файлда сақталады және .swf экспортаушы файл көлеміне байланысты емес. Үнсіздік бойынша Flash web-safe палитрасын қолданады. Symbol Conversation технологиясының қасиетін пайдаланып, Flash-жоба кезінде мәліметтер енгізуге болатын текстілік өріс құруға болады, ол қолданушылардан әртүрлі мәліметтер: пароль енгізуге, регистрациялық, сұраулы мәліметтер жинауға қолданылады. Бұл толыққанды web-сайт құрудың жаңа қадамы. Сонымен қатар, өрістер мәтінді динамикалық ауыстыруда пайдаланылады. Бұл қасиет үнемі жаңаланып тұратын ақпаратты: биржалық, спорттық, ауа-райы болжамы жазғанда қолданылады. Қолданушы мәтіндік өрісті құрғанда оған айнымалы береді. Айнымалыларды роликтің әртүрлі сахналарына, server-side қосымшасына көшіруге болады. Мәліметтерді ағынды режимде жіберу Flash-тың web-қа арналған мультимедиасының тез жүктелуі үшін негізгі факторы - мәліметтерді ағынды режимде жіберу. Басқа артықшылықтарына қарамастан, бұл қасиетінсіз Flash желіде тиімді бола алмас еді. Мәліметтерді ағынды режимде жіберу – қажеттіліктен туындаған технология мысалы. Ол пайда болғанша байланыстың шектеулі жылдамдығы кесірінен қолданушылар файлдарды олардың құрамы компьютерге толық жүктелгенше қарай алмайтын еді. Алайда, құрастырушылар қолданушылардың әрбір байтты бірден қабылдамай-ақ, жоба мазмұнын біртіндеп түсіне алатынын ұғынды. Ағынды мүмкіндік дыбысты, анимациялы және растрлы үлкен файлдар бірден бейнелене бастауын көрсетеді. Дыбыспен жұмыс Web-сайтты фондық әнмен дыбыстау көп таралмаған, бірақ кейде қолданылады. dhtml, html не басқа стандарттардың дыбыстық файлдармен тығыз интеграцияланбайтыны дәлелденген. BGSOUND немесе EMBED тегі арқылы қосылатын фондық дыбыс mid не wav форматына ие болады. Бірінші форматты қолданғанда беттің шынылдайтыны байқалған, алайда көлемі бойынша mid Интернетке сәйкес. Яғни, сапасы төмен. Ал wav форматты дыбыстардың сапасы жақсы, бірақ бетте ұзақ жүктеледі. Flash-тың пайда болуына байланысты бетті әнмен әрлеушілер бетке көп көрінбейтін Flash-клипті орналастырады, ол бір дыбыстық фрагментті шексіз қайталай береді. Бұл кезде сапа/көлем орташа деңгейде қалады. Дыбысты қадағалау әрбір кадрға байланысты. Flash дыбысты бірнеше тәсілмен шығарады. Ол уақытқа тәуелсіз немесе дыбыс жолы бар анимацияны синхрондау арқылы. Әрбір каналдың дауыс деңгейін ауыстыруға да болады, дыбыстың жайлап көтерілуі не төмендеуі секілді. Сонымен, Flash дыбыстың екі типін пайдаланады – оқиғаға байланысты (event sounds) және ағынды(stream sounds). Олардың ерекшелігі: біріншісі толық жүктелуі қажет, екіншісі алғашқы кадрларды дыбыстайтын мәліметтер жүктелісімен жұмыс жасайды. Экспорттаушы .swf файлға 8-ден 160 kBps дейінгі компрессия деңгейі әсер етеді, ол Publish Settings терезесінде көрсетіледі. Flash AIFF, WAV және MP3 форматындағы дыбыстық файлдарды экспорттайды. Қорытынды Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Dreamweaver MX– бұл өңдеуші бір салада жұмыс жасай алатын, тез құрастырып, жүзеге асырып және Web-сайтқа және визуальды редактірлеу құралдарын пайдаланып Интернет - қосымшаға қызмет көрсете алатын, қосымшаларды өңдеу және кодты тез жазу интегралды шешімде біріктіріліп жүзеге асырылған қосымша болып табылады. Өңдеушілер Dreamweaver-ді әр түрлі серверлік технологиялармен қолдана алады және қолданушыларға мәліметтер базасына және Web-сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін мықты Интернет –қосымшаларды құрастыра алады. Сайттың басты бет шаблонын HTML гипермәтіндік белгілеу тілінде жасап, кейін басқа беттерін Dreamweaver MX бағдарламасы арқылы жасадым. Визуальды құрастыру құралы .swf форматындағы флэш-роликтерді, графикалық суреттерді кодты жазбай-ақ бірден қоюы жұмысты көп жеңілдетеді. Macromedia Flash- өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 244 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.07.2020 766
    • DOCX 53.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кустова Наталья Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кустова Наталья Сергеевна
    Кустова Наталья Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 109447
    • Всего материалов: 211

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе