Инфоурок Другое Другие методич. материалыФонетикалық ойындар мен жаттығулар

Фонетикалық ойындар мен жаттығулар

Скачать материал

Фонетикалық ойындар мен жаттығулар

 

КІМ НЕ ЕСТИДІ?

Дидактикалық міндеті: қоршаған әлемдегі дыбыстар туралы түсінік беру.

Құралдар: шымылдық, қоңырау, барабан, стақан, кәстрөл, ағаш қасық немесе ағаштан жасалған зат, шай қасығы.

Мазмұны: Педагог немесе балалардың біреуі шымылдықтың артында тұрып, қоңырау соғады, қасықпен шыны стақанды, металды немесе ағаш затты соғады және т.б. Балалар дыбысты және дыбыс арқылы затты анықтайды.

 

ДАУЫС АРҚЫЛЫ

Дидактикалық міндеті: балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Құралдар: орамал.

Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші орамалмен көзін байлайды. Балалар шеңбермен жүріп, мынадай сөздерді айтады: «Сен жұмбақты шешіп ал, кім сені атады, соны біліп ал». Содан кейін балалардың біреуі жүргізушінің атын атайды. Егер ол дұрыс айтса, шеңберге тұрады, ал атын айтқан бала жүргізуші болады.

 

 

КІМ ЕҢ МҰҚИЯТ?

Дидактикалық міндеті: балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту; сөздердегі керекті дыбысты есту біліктілігін қалыптастыру.

Қралдар: жетондар.

Мазмұны: Балалар педагогтың қысқа әңгімесін немесе жаңылтпашты тыңдап алғаннан кейін, керекті дыбыстан басталатын сөздерді айтып береді. Көп сөздерді айтып берген бала, жеңімпаз болады. Тапсырманы өзгертуге болады.

 

ҚАНДАЙ ДЫБЫС

Дидактикалық міндеті: дауысты және дауыссыз дыбыстырды айыру біліктілігін дамыту; дыбыстарды белгілер арқылы көрсетуді үйрету.

Құралдар: дауысты және дауыссыз дыбыстардың карточкалары.

Мазмұны. Педагог түрлі дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады, ал балалар керекті карточкаларды көрсетеді. Ойынды қайталағанда дыбыстарды жабық көздермен естуге болады.

 

ЖУАН НЕМЕСЕ ЖІҢІШКЕ?

Дидактиклық міндеті: жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды айыруға үйрету.

Құралдар: көк және қара түсті фишкалар.

Мазмұны. Педагог жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды жұппен немесе араластырып айтады. Балалар керекті фишканы көрсетеді: жуан дыбысқа – қараны, жіңішке дауыссыз дыбысқа – көк фишканы. Кім бәрін дұрыс көрсетсе, жеңімпаз болады.

 

ОЙЫНШЫҚТЫ ТАҢДА

Дидактикалық міндеті: берілген сөздегі буынның санын дұрыс анықтауға үйрету.

Құралдар: ойыншықтардың түрлі жинақтары (немесе суреттер).

Мазмұны. Педагогтың тапсырмасы бойынша, балаларға ойыншықтарды немесе суреттерді көрсетеді, ал олар карточкаларды көрсетеді. Мысалы: доп – 1 буыны бар карточканы көрсету және т.б. Тапсырманы өзгертуге болады.

 

 

ШЕШІМДІ ТАҢДА

Дидактикалық міндеті: сөздің құрылымы туралы білімдерін бекіту.

Құралдар: буындар және сөздер .

Содержание. Педагог сөздерді және буындарды екі дыбыстан, содан соң үш дыбыстан араластырып айтады, мысалы: су, па, ме, то, доп және т.б. Балалар әрбір буынға немесе сөзге сәйкес құрылым бойынша карточканы көрсетеді. Кім қате жіберді, тұрады.

 

БУЫНДЫ ҚОС

Дидактикалық міндеті: сөзді буынға бөлу механизмін қалыптастыру.

Құралдар: доп, фанталар, карточкалар,

Содержание. Балалар шеңберге тұрады, педагог буынды айтып, бір балаға допты лақтырады. Бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, фантпен төлейді. Мысалы: ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла. Ойынды өзгертуге болады.

 

 

ҚЫЗЫҚТЫ ҚҰРЫЛЫМДАР

Дидактикалық міндеті: балаларды сөзді дыбыстық құрамына талдауға жаттықтыру.

Құралдар: сөздердің құрылымдары, жетондар.

Мазмұны. Тақтада үш сөздің құрылымдары, мысалы: доп, шана, қоян, әке және т. б. Балалар берілген құрылымдар бойынша сөздерді тауып айтады. Жеңімпаз балаларға жетондар беріледі.

 

 

ГРАФИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР

 

ӘРІПТІҢ ЖАРТЫСЫ

Дидактикалық міндеті: әріптің баспа түрін есте сақтау .

Құралдар: шағын шымылдық (қатты қағаздың жартысы, кітап, дәптер және т. б.), әріп кассасы.

Мазмұны. Педагог асықпай шымылдықтан әріптің жартысын көрсетеді. Балалар әріптің жартысының баспа түрін қарындашпен жазады. Әріпті айтқаннан кейін, педагог әріпті түгел көрсетеді.

 

 

ЛЕКСИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР

 

ЕСТЕ САҚТА ЖӘНЕ АЙТЫП БЕР

Дидактикалық міндеті: сөздердің мағынасын айқындауға үйрету; балалардың фонематикалық есту қабілеттерін дамыту.

Құралдар: өлеңдер, шағын әңгімелер.

Мазмұны. Педагог шағын әңгімені немесе өлеңді оқиды. Ал балалар әңгіме немесе өлеңдегі затын білдіретін сөздерді есте сақтап, айтып береді (мысалы, азық-түліктер). Кім көп сөз айтып берсе, сол жеңімпаз болады. Өлеңдер мен әңгімелерді өзгерту керек.

 

ТЕРІС ҚАРАЙ АЙТУ

Дидактикалық міндеті: антонимдермен лексиканы байыту.

Құралдар: жұлдызшалар.

Мазмұны. Педагог белгілі бір сөзді айтады, ал балалар мағынасы қарсы сөзді айтады, мысалы: биік – аласа, суық – жылы, тар – кең. Кейбір кезде сөздерді сөз тіркес сияқты айтуға болады, мысалы: кең жол – тар жол, биік үй – аласа үй.Дұрыс жауапқа балаға жұлдызша беріледі.

 

БАСҚА СӨЗБЕН АЙТ

Дидактикалық міндеті: берілген сөзге синоним сөзді таңдап алуға үйрету; балалардың сөздік қорын дамыту.

Құралдар: қызыл, көк, жасыл түсті жалаушалар немесе фишкалар.

Мазмұны. Педагог сөзді айтады, ал балалар мағынасы бірдей сөзді тауып айтып береді, мысалы: сұлу - әсем, мұғалім – ұстаз және т.б. Жеңімпаз балалар түрлі-түсті жалаушалармен немесе фишкалармен марапатталады.

 

 

КІМ БІЛСЕ, СОЛ ЖАЛҒАСТЫРСЫН

Дидактикалық міндеті: топтық ұғымдарды айыруға үйрету.

Құралдар: фанталар.

Мазмұны. Педагог топтық түсініктерді айтады, ал балалар бұл топқа жататын сөздерді, мысалы; жабайы аңдар – аю, қасқыр, арыстан және т.б. Бір сабақтың үстінде бірнеше топтық ұғымдарды беруге болады. Кім қате жіберсе, фанттан айырылады.

 

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР

 

БІЗ СУРЕТТЕ НЕНІ КӨРЕМІЗ?

Дидактикалық міндеті: сурет бойынша сөйлемдерді құрастыруға үйрету; жай сөйлемдерді толықтыруға үйрету.

Құралдар: «Балабақшада», «Мектеп», «Жазғы орманда», «Дүкенде»тақырыптарындағы мазмұнды суреттер.

Мазмұны. Педагог балаларға суретті көрсетіп, жай сөйлемді құрастырып айтады, мысалы: Әсем келе жатыр. Балалар сөйлемді қайталап, бір-екі сөзді қосып айтады, мысалы: Әсем балабақшаға келе жатыр. Келесі бала тағы бір-екі сөйлемді қосады. Кім ең үлкен сөйлемді құрастырып айтса, жеңімпаз болады.

 

СӨЙЛЕМДІ ТОЛЫҚТЫР

Дидактикалық міндеті: балаларды жай және күрделі сөйлемдер құрастыруға үйрету.

Мазмұны. Педагог сөйлемді бастайды, ал балалар жалғастырады оны, мысалы:Асхат таңертең ...

 

ҚАНДАЙ ЕРТЕГІДЕН?

Дидактикалық міндеті: оқыған шығармадан сөйлемді аяқтауға үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Құралдар: оқуға арналған кітап.

Мазмұны. Педагог балаларға таңыс әңгімеден немесе өлеңнен сөйлемді айтып береді, ал балалар сөйлемді айтқан шығарманың атын айтады. Ойынды балалардың көмегімен жалғастыруға болады.

 

СӨЙЛЕМДІ ӨЗІҢ ҚҰРАСТЫР

Дидактикалық міндеті: сөйлемді құрастыру дағдыларын бекіту.

Құрал: фишкалар.

Мазмұны.Педагог балаларға бірнеше сөзден сөйлем құрастыруға тапсырма береді. Кім тапсырманы тез орындаса, фишканы алады.

Нұсқа. Педагог екі-үш сөзді айтып береді, ал балалар олардан сөйлемдер құрастырады.

 

 

 

 

МАТЕМАТИКАҒА ДАЙЫНДЫҚ

НЕ ҰНАСА, СОНЫ ТАҢДАП АЛ

Дидактикалық міндеті: заттарды түс бойынша айыруға үйрету; тапсырманы нақты түрде орындауға үйрету.

Құралдар: түрлі -түсті ойыншықтар.

Мазмұны. Ойыншықтар «дүкенде» сөрелерде тұр. Балалар тақтаға шығып, айтқан түсті ойыншықтарды «сатып алады»: тек қана көк; барлық жасыл; екі қоңыр; қызыл емес; түсі қолтырауын сияқты; үш түрлі-түсті ойыншықты; бірнеше сары ойыншықты және т.б.

БАУ МЕН БАҚША

Дидактикалық міндеті: түске қарай заттарды салыстыру.

Құралдар: көкөністер, жемістер бейнеленген тақырыптық суреттер.

Мазмұны. Балалар тақтаға шығып, бір түсті көкөністер мен жемістерді сурет бойынша айтып береді, мысалы: қызғылт алма, қызыл қызанақ, күрең қызылша, сары түсті лимон мен алмұртты салыстырады, қияр сияқты көкөністерді еске түсіреді және т.б. Ойынды өзгертуге болады.

 

ГҮЛШОҚТЫ СЫЙЛАЙМЫЗ

Дидактикалық міндеті: бірдей және түрлі түстің спектрлерін айыруға үйрету.

Құралдар: гүлденген гүлдердің заттық суреттері (8-10 артық емес).

Мазмұны. Көрнекілік материал сөреде тұр. Балалар барлық гүлдердің атауларын айтып береді, содан кейін көзді жұмады. Педагог бір суретті алып тастайды (гүлді жұлып алады), ал балалар қандай гүлді «жұлып алды» анықтайды.

 

КӨБЕЛЕККЕ ГҮЛДІ ТАУЫП АЛ

Дидактикалық міндеті: түстерді айыра білуге үйрету; заттарды бір-бірімен салыстырып, түстердің айырмашылықтарын анықтау.

Құралдар: қағаздан жасалған гүлдер және көбелектер.

Мазмұны. Әр жерде қағаздан жасалған гүлдер жайылып жатыр. Әр балаға түрлі-түсті көбелектер беріледі. Барлық ойынға қатысушылар сол көбелектің түсіне сәйкес гүлді іздейді. Кім керекті гүлді тауып алса, фант немесе жетон алады.

 

ӨЗІҢ ОЙЛАП ЖАСА

Дидактикалық міндеті: балаларды геометриялық пішіндерден түрлі заттарды құрастыруға үйрету.

Құралдар: геометриялық пішіндер жинағы, құм сағат.

Мазмұны. Балалар геометриялық пішіндерден түрлі заттарды құрастырады. Жасалған заттарды қарап, оларды атап айтады, санайды. Ойын сайыс сияқты өткізіледі.

 

 

АПТА КҮНДЕРІН АТАП БЕР

Дидактикалық міндеті: апта күндері туралы түсінік беру.

Құралдар: 1-ден 6-ға дейін (көк түсті) цифрмен карточкалар және 7 цифрмен(қызыл түсті).

Мазмұны. Балалар шеңберде. Педагог апта күнін айтып балаға доп лақтырады. Бала допты ұстап алғанда келесі апта күнін айтады және допты досына лақтырады.

 

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ

Дидактикалық міндеті: жыл мезгілдері және айлардың кезендігі туралы балалардың түсініктерін бекіту; айларды жыл мезгілдеріне сай салыстыру біліктерін бекіту.

Құралдар: әр балада және педагогта төрт көрсеткіштен (ақ, жасыл, қызыл және сары беттер мен, яғни «қыс», «көктем», «жаз», «күз»

Мазмұны. Педагог жыл мезгілді атағанда, балалар сәйкес түспен көрсеткішті көрсетеді. Педагог көрсеткішті көрсетеді (мысалы, сары түспен), ал балалар күз мезгілінің айларын атайды.

 

 

АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ

МЕНІҢ ОТБАСЫМ. МЕНІҢ ҮЙІМ.

 

БІЗДЕ НЕ БАР?

Дидактикалық міндеті: заттарды қызметіне қарай топтауды үйрету.

ҚҰРАЛДАР: заттардың суреттері(аяқ киім, киім, ыдыстар, құрал-саймандар, т.б.), фишкалар.

Мазмұны. Мұғалім жалпылауыш сөзді айтады, мысалы құрал-саймандар, балалар суреттердің ішінен сәйкесін таңдайды (балға, біз, т.б.). Кім тапсырманы тез орындап, құралдың атын атап, сөреге қояды, сол фишка алады. Мұғалім келесі жалпылауыш сөзді атайды.

 

НЕ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Дидактикалық міндеті: Балалардың жеке бас гигиенасы және тұрмыс заттары туралы білімдерін нақтылау; берілген сөздер бойынша заттарды суреттеуге жаттықтыру.

Құралдар: жеке бас гигиенасы және тұрмыс заттары немесе суреттері.

Мазмұны. Балалар жеке пайдалануға арналған заттарды қарап атайды (тіс щеткасы, тарақ, сабын, сүлгі, қол орамал, т. б.). Сосын мұғалім бір зат туралы жұмбақ жасырады (артынан балалар жұмбақ жасырып үйренеді).Балалар жасырынған затты табулары керек. Кім затты тапса, сол затты немесе суретті өзіне алады. Кім көп зат не сурет жинаса, сол жеңіске жетеді.Заттар мен суреттер ауыстырылады.

Нұсқасы. Балалар тұрмыс заттары неге қажет екендігін түсіндіріп, олар туралы жұмбақтар құрастырады.(шаңсорғыш, телефон, телевизор және т.б.)

Ескерту. Мұғалім ойын барысында балаларға электр құралдарын пайдалану ережелерімен таныстырады.

 

МЕНІҢ ҮЙІМ

Дидактикалық міндеті: өз үйін суреттей білу, мекен-жайын жатқа білу; жанұя мүшелері мен туған үйіне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Құрал: почташының бас киімі, конверттер.

Мазмұны. Бір бала — почтальон. Ол хаттарды үлестіреді. Ол кімнің «есігін қақса», сол өз үйінің мекен-жайын айту керек және үйін суреттеп айтуы қажет. Кім тапсырманы дұрыс орындаса, сол конверт (хат) алады. Балалар конверттен ақ қағазда алып, өз үйлерінің суретін салады. (қағазға жақындарына «хат жазуға» болады).

 

БІЗДІҢ ЖАНҰЯ

Дидактикалық міндеті: балалардың үй ішіндегі міндеттерді бөлу, достық пен өзара көмек жайлы ұғымдарын нақтылау.

Құрал: қызыл және көк жалаушалар.

Мазмұны. Балалар топтарға бөлінеді (әр топта сегіз баладан).Әр топта балалар рольдерді бөледі: бір бала -әке, екіншісі – ұлы, үшіншісі-атасы, төртіншісі -немересі; бірінші қыз -шеше, екіншісі -қызы, үшіншісі - әжесі, төртіншісі -немересі. Тақтаның алдына бірінші жұп шығады: әкесі мен ұлы, олар кезекпен үйде не істейтіндері (не істеуге міндетті екендіктері) жайлы әңгімелейді). Жақсы әңгімелеген балаға қызыл жалауша беріледі.Балалар әңгімелерді толықтырады.Мысалы: «Әкем дүкеннен тамақ сатып әкеледі», «Ұлы аяқ киімді жөндеу шеберханасына тапсырады» және т.б.Жақсы толықтырғаны үшін-көк жалаушаға ие болады.

 

Дидактикалык ойын «АЙЫРУ»

Ойынның мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен жабайы жануарлардың атауларын және мекен-жайын мемлекеттік тілде айтып беру.

Тақтада үйдің және орманның суреті бейнеленген плакат ілініп тұрады. Балаларға үй және жабайы жануарлардың суреттері таратылып беріледі. Балалар тиісті қалташыққа суретті салады және себебін айтады.

Мысалы: Мынау-түйе. Түйе - үй жануары. Ол үйде тұрады. Мынау-қасқыр. Қасқыр-жабайы жануар. Ол орманда жүреді.

Дидактикалык ойын «ЕНЕСІН ТАП»

Ойнның мақсаты: Балалар үй жануарлары мен олардың төлін айырып, мемлекеттік тілде айтып беру.

Балалар берілген дайын суреттер ішінен үй жануарларын: енесі мен төлін сызықпен қосады және ауызша айтып береді. Мысалы: Қойдың төлі - қозы. Сиырдың төлі - бұзау.

Әр сайыстан соң балалардың жауаптары тиісті дөңгелектермен бағаланып, соңында саналады. Толық, дұрыс жауап берген балалар мадақтауға ие болады.

 

Дидактикалык ойын «КІМ ТЕЗ ЖИНАЙДЫ?»

Ойынның максаты: Балалар сызба бойынша жеміс-көкөністердің түсін, пішінін, дәмін,көлемін, егетін жерін мемлекетгік тілде айтуын дағдыландыру.

Әр топтан бала «өсіп» тұрған жемісті немесе көкөністі «жұлып» алып, сызба бойынша суреттеп береді. Сонан соң өз тобының себетіне салады.

Ойының сонында балалардың жиған жеміс-көкөністері есепке алынып, тиістідөңгелектер беріледі.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Фонетикалық ойындар мен жаттығулар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.11.2020 3982
    • DOCX 28.5 кбайт
    • 58 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Петрова Наталья Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Петрова Наталья Юрьевна
    Петрова Наталья Юрьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 108047
    • Всего материалов: 246

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе