Құлекенова Клара Тәкібайқызы
Т.Шанов атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы.
Сабақтың тақырыбы:Ф.Оңғарсынова
«Оюлар»
Сабақтың мақсаты:
білімділік:Фариза
Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін оқып үйрену.
тәрбиелік:оқушыларды
елжандылыққа,ұлттық салт-дәстүрді
құрметтеуге,халықтық
қолөнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу .
дамытушылық:оқушылардың
логикалық ойлау қабілетін дамыту,
мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың типі:жаңа
білімді меңгерту
Оқыту әдісі:мәнерлеп
оқу,талдау,іздендіру
Көрнекілігі:Фариза
Оңғарсынова шығармалары,баспа материалдары,интер.тақта,слайдтар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру
- Сабақ мақсатын қою.
- Жаңа сабақ: Фариза Оңғарсынова «Оюлар»
- Интерактивті тақтадан слайдтар бойынша
Фариза Оңғарсынова туралы мағлұматтар беру.Фариза Оңғарсынова (1939-2014)
ақын,Қазақстанның халық жазушысы.
Серік Қирабаев:
«Ақындық ізденістерінде Фариза қазақтың
қара өлеңі түрімен шектеліп қоймайды.Ол айтылар ойдың мазмұнына сәйкес
интонацияға негізделген жыраулардың ақ өлеңін де,шешендік үлгілерін де мол
пайдаланды.Кейде толғап та кетеді.Бәрінен де жауынгерлік рух бар.Дәстүрді
бүгінгі шындықпен жалғастыра отырып,терең ой мен талғамнан туған тың
образдармен,жаңа теңеу,сөз оралымдарымен байытады».
-Мәнерлеп оқу.
Слайд: Он қолынан өнер тамған.Әже
өнерінің өрнегі.
І.Әр шумақтың мағынасын ашу.
1-шумақ.Текеметті көргендегі ой.
Асыл бұйымның әсері.
2-шумақ.Ақын жанына әсер берген қошқар
мүйізді ою-өрнек. Қолөнердің құдіреті.
3-шумақ.Әже мен ою өрнек арасындағы нәзік
байланыс.
4-шумақ.Ісмер қолдан шыққан ұлттық
дүние.Шебер қолды шешелер.
5-шумақ.Ақын жыры мен әже оюының
байланысы.Ақын көңіліндегі күдікті ой,қаупі.
6-шумақ.Ұлттық өнерге деген ыстық сезім,құрмет,қимастық,ақын
жүрегінің бағасы.
ІІ.Қазақтың ою- өрнектері.
Cлайд. «Қос мүйіз», «Тоғыз төбе», «Арқар
мүйіз», «Сыңар мүйіз», «Қошқар мүйіз», «Қырық мүйіз».
ІІІ.Өлеңге теориялық талдау.
4 тармақта , 6 шумақ , 11 буынды,қара
өлең ұйқас.
ІҮ.Мақал-мәтел айту.
Ү.Сабақты бекіту.
Үзілді өрмек жібі өр өлеңнің ...
Бақытжан
Тобаяқов.
Бұл да бір ұйтқып өткен дауыл шыны,
Бұл да бір түскен тағдыр ауыр сыны.
Самғаған көк аспанда дамылдамай,
Дауылпаз құстың ұшты қауырсыны.
Қападан қайғы жұттық кәміл іштей,
Не дауа,осы болды тәңір істей.
Фариза – өткір тілді өлеңімен
Сақтардың көсем қызы Томиристей.
Тұла бойы көл-көсір рухани кен,
Ұлт дегенде шығарар бұрқани дем.
Күңіреніп далам жатты,тауым жатты
Фариза озғанында бұл фәниден.
Жарқылдап жасын сынды болидтердей,
Өрлесе өрге шығар Олимптердей.
Үзілді өрмек жібі өр өлеңнің
Жүргенде өршіл ақын өріп теңдей.
ҮІ.Бағалау.
ҮІІ.Үйге:Ұлттық
ою –өрнекпен безендірілген бұйымдардың суретін салып келу.Ою –өрнек туралы өлең
құрастыру.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.