Инфоурок Физика Другие методич. материалыФизикадан сабақ жоспары: Электромагниттік тербелістер. Еркін электромагниттік тербелістер (тербелмелі контур) Томсон формуласы. (9-класс)

Физикадан сабақ жоспары: Электромагниттік тербелістер. Еркін электромагниттік тербелістер (тербелмелі контур) Томсон формуласы. (9-класс)

Скачать материал

Сыныбы: 9а,ә                                          күні: 20.11.14.                                   №21 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс. К.Э.Цилоковскицдің ғылыми еңбектерінің маңызы. Зымыран. Ғарыш саласының қазіргі  жетістіктері.
Сабақтың мақсаты:

1. Реактивті қозғалыс туралы жан-жақты түсінік беру. Ғылымға қызығушылығын арттыру.
 Физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Физикадан алған білімдерін сабақтан тыс тапсырмалар беру арқылы тереңдету, жинақтау, жүйелеу, қорытындылау.
2. Оқушылардың ой
-өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
3. Шығармашылық қабілеті дамыған, елін, жерін сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың типі:
толықтыру, жинақтау, қорытындылау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, портреттер, көрініске арналған құралдар (шар, түтікше, жіп), баяндамалар.
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
-Реактивті қозғалыс-импульстің сақталу заңының көрінісі
-Үрленген шардың қозғалысын бақылау
-Реактивті қозғалыс мысалдары
-Ғарышты игерудгеі жетістіктер
-Зымыран құрылысы, қозғалысы.
-Реактивті қозғалыс анықтамасы
.
-Көп сатылы зымырандар

«Ой қозғау»

   Адамзат ерте заманнан-ақ аспанға ұшуды армандаған. Соның нәтижесіндей ұшатын кілемдер мен жалмауыз кемпірдің ұшатын сыпырғышын ойлап тапқан. Кейін келе ұшатын техникалар пайда болды. Енді адамзаттың алдында ғарыш кеңістігін меңгеру міндеті тұрды. Ол үшін асқан кемеңгерлік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет. Соның бәріде қазіргі кезде жүзеге асты.
   (Осы арада интерактивті тақтада Циолковскийдің портреті көрсетіледі).
- Ғарышқа алғашқы қадам жасау 1857-1935 жылдар аралығында өмір сүрген белгілі ғалым К.Э. Циолковскийден басталады десек болады.
Циолковскийдің идеялары оның 1903 ж шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» деген еңбегінде көрініс тапты. Ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін теориялық түрде дәлелдеді: денеде бірінші ғарыштық жылдамдық тудыра алатын зымыран құрылысын, көпсатылы зымырандардың сипаттамаларын, массасы айнымалы денелердің қозғалысы туралы, сондай-ақ ғарышқа ұшу жөніндегі басқа да маңызды идеяларды ұсынады. Ойымен қиялы болашаққа ұмтылған Циолковскийдің идеяларында ғажайып қиял мен техникалық мүмкіндіктер арқылы жүзеге асырылатын мәселелер үндестік тапты.
- Тек содан жарты ғасыр өткеннен соң ғана, адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы туралы арманы орындалды.
- Циолковскийдің идеялары орыс ғалымы К.П.Королевтың басшылығымен жүзеге асырылды.
Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1957 ж ұшырылған болатын. 1961 жылы адамзаттың тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагарин ғарышқа қадам басты. Жыл өткен сайын ғарыш кемелері, зерттеу бағдарламалары жетілдірілді. Адамзаттың ғарышқа шығуы басқа планеталарды, табиғат құбылыстары мен жер қойнауындағы қорларды зерттеуге мүмкіндік береді. Ғарыш зерттеулері өндіріске де, ғылымға да үлкен пайдасын тигізуде. «Байқоңыр» сияқты ғарыш айлағы бар біздің Қазақстан әлемдегі санаулы ғарыштық мемлекеттердің біріне айналды. Ғарышқа сапар шегіп, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлердің ішінде біздің екі қазақ ғарышкерлері - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев та бар.
- Осы арада интерактивті тақтада екі қазақ ғарышкерінің портреттері көрсетіледі және Марфуға Айтқожақызының «Қос ғарышкер» атты өлеңі оқылады
- Қос ғарышкер, Тоқтар мен Талғат десем! Үзілген үмітімді жалғап кетем! Ақынға да кеңістік, ғарыш керек, Көз жұмбасаң ерлікке, самғап бекер! Қос ғарышкер, Қос батыр, Қос жұлдызым, Мерейлі етіп тұрсыңдар достың жүзін. Тағы да озып келсін Талғатым деп, Аспанның бәйгесіне қостым бүгін!
-  Тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров туралы «Қаһарман тұлға» атты шығарма
-  Ғарышкер ағаларымыздың ізбасарлары болашақ ғарышкерлерімізде жоқ емес. Солардың бірі де, бірегейі Мұхтар Аймаханов пен Айдын Ақанұлы Айымбетов.
(интерактивті тақтада болашақ ғарышкердің портреті көрсетіліп,  болашақ ғарышкер туралы мағлұмат беріледі)
-  Енді сабағымыздың басынан бері айтылып жатқан мәселелерді қолымызбен жасап, көзімізбен көрейік.
- Осы арада интерактивті тақтада зымыран макеті көрсетіліп, мұғалім зымыран, көп сатылы зымыран туралы түсінік береді .  Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырылған қабықтан тұрады. Отынның жануы кезінде жоғары температураға дейін қызған жоғары қысымдағы газ сопло деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4 км/с-қа дейінгі) атқылап шығады. Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да, жану өнімдері mῡ1 импульс алады деп есептейік, мұндағы ῡ1- атқылап шығатын газ жылдамдығы, m-жанған отынның массасы.
- Газ бен зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, «зымыран-газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады. Бұлай қарастыру жүйеге импульстің сақталу заңын қолдануға мүмкіндік береді. Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынымен қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қортқы импульсі өзгермейді. Онда массасы М-m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсі бағытына қарама-қарсы бағытталған (М-m) ῡ2 импульс алады, мұндағы ῡ2- зымыран қабығының жылдамдығы. Онда mῡ1=- (М-m) ῡ2 болады. Ал бұдан ῡ2 = - m/(М-m) ῡ1
- Осылай зымыран газдың атқылап шығу жылдамдығы бағытына қарама-қарсы бағытталған жылдамдық алады.
- Қазіргі заманғы зымырандар көп сатылы болып жасалады. Оның әр сатысының отын қоры, тотықтырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады.Әрбір саты отыны жанып болғаннан кейін бөлініп қалады. Бұлай болуы кейінгі сатылардағы отынды үнемдеуге және зымыранның жылдамдығын одан әрі арттыруға себептеседі. Ал егерде зымыран Жерге қайтып оралуы керек болса, үшінші саты ашыларда зымыран 1800-қа бұрылады

ІV. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында сайыс өткізу
Сайыс «Ғарыш» және «Зымыран»тобы арасында өтеді. Топ жетекшілері белгіленеді.
Сайыс жоспары:
1. «Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап » (сұрақ-жауап)
2. Зерделер сайыс (Қазақтың екі ғарышкері жөнінде қысқаша мәлімет айту)
3. «Тапқыр болсаң-тауып көр» (Тақтада жасырылған формуланы айтып беру)
4. «Шапшаңдық» сайысы (Есептер шығару)
5. «Жанкүйерлер» сайысы
Бір-біріне соқтыққанда денелер,
Импульстік аңдылыққа бөленер.
Сақталады олар жолмен өзіндік,
Міне, ғажап, тек мән берсең сен егер.
«Импульс» - деп неге атаған ғалымдар,
Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар.
Күш пен дене импульсі аралық
Ал, қанеки, қатыстар бар табыңдар!
1.  «Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап » (сұрақ-жауап)
«Ғарыш» тобына
«Импульс» сөзі қай елдің сөзі.
Дене импульсі дегеніміз не?
Дене импульсі векторы қалай бағытталады?
Дене импульсінің өлшем бірлігі.
Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға байланысты?
Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
«Зымыран» тобына
«Импульс» сөзі нені білдіреді?
Күш импульсі дегеніміз не?
Күш импульсі векторы қалай бағытталады?
Күш импульсінің өлшем бірлігі.
Тұйық жүйе деген не?
Импульстің сақталу заңы қандай жүйеде орндалады?
2. «Зерделілер» сайысы
Бұл жандарды ардақтаған халық бар,
Ғарышта даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан, зерек болсаң егер де,
Алыптарды әрқашан да танып қал!
3. «Тапқыр болсаң-тауып көр» сайысы
Жұлдызшаны аш, бағыңа,
Кездесті қандай формула?!
Айтып жібер, ойланып тез,
Формула қандай болды кез.
  1=                             
V. Сабақты пысықтау:

1. Оқушылар шардың көмегімен реактивті қозғалысты көрсетеді
2. Ғарыш айлағының пайдасы мен қатар зияны да жоқ емес.

  «Байкоңыр - мақтаныш па, қасірет пе?» атты баяндама оқылады

.3. «Зымыран» сөзіне 5 жол өлең құрастыру  
VІ Сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау.

    Мен бүгін... (аяқталмаған ой, сөйлемді аяқтау)
VІІ. Үйге тапсырма

1. §21 оқып түсінгенін айту

2. 18-жаттығу(1) шығарып келу.

3. «Ғарыш саласының қазіргі жетістігі» эссе жазу

                  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физикадан сабақ жоспары: Электромагниттік тербелістер. Еркін электромагниттік тербелістер (тербелмелі контур) Томсон формуласы. (9-класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:Электромагниттік тербелістер. Еркін электромагниттік тербелістер (тербелмелі контур) Томсон формуласы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Электромагниттік тербелістер мен еркін электромагниттік тербелістер (тербелмелі контур) және Томсон формуласын таныстырып, солар жайлы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік мақсаты:ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдық- ұа, шапшаңдыққа және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап, дискуссия, оқулықпен және деңгейлік тапсырмалармен  жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: "Бинго" билеттері, бағалау жетондары, математикалык және серіп- пелі маятник, суретті иллюстрация, Power point – і жасалған слайдтар, электрондық оқулық, техникалык кұрылғылар, интерактивті тақта, сызбалар, кеспе бетшелер

Сабақтың эпиграфы:Білім, ол шам-шырағы жұрттың күнде,

                                        Жанып ап, жаңылдырмас жеті түнде.                 Ж.Баласағұн

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Бүгін біз үшін ерекше сабақ болғалы тұр. Өйткені сабағымызға көптеген ұстаздар қатысып отыр. Сондыктан да барлығыңыз да бүгінгі сабаққа белсенді қатысыңыздар! (Музыка ойналып тұрады).

Психологиялық дайындық

Мұғалім: Орнымызда отырын, көзімізді жұмайық. Көз аддымызга үлкен әдемі қаланы елестете- міз, онда әр түрлі биік-биік ғимараттар, құлпырып жайнаған гүлдер мен теректер жайқалып өсіп түр. Ол гүлдердін иісі қандай тамаша! Алға карай жүріп келеміз, жүріп келеміз. Алдымызда биік, көз қызығарлық, зәулім мейрамхана көрінді.

- Осы көз тартарлық өте әдемі мейрамхананың ішіне кіреміз бе оқушылар?

- Барлығы: "Иә"

- Жақсы, олай болса көзімізді ашамыз.

   Бұл "физика” мейрамханасы екен. (Экраннан зәулім, өте әдемі мейрамхананың суреті шыға-

ды).

- Балалар, бүгін өзімізді мейрамханаға келген қонақтармыз деп есептейік.

1 - үстел. (қонақтар саны 6)

2 - үстел. (қонақтар саны 6)

3 - үстел. (қонақтар саны 6)

       (Әрбір үстелге жұмбақ қою арқылы даяршылар тағайындау)

1. Көп болса алыстайсың

    мезетпен қашықтайсың

    Асықсаң аз болады

    Табасың мұны қайсысың?                      (Уақыт)

2.     Жәй уақыттын “ артық ” 

        Өзгеріске орнатады тәртіп,

         Процесстің толық бір

         Қайталануына кететін.                        (Период)

3. Жылдамдықты өзгертеді

    Қозғалысты тездетеді

    Қарсы шықса қозғалысқа

    Тоқтарына көз жетеді.                               (Күш)

Қызығушылықты ояту

-Балалар, бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? Олай болса, даяшылар мейрамхананың бүгінгі

күннің ас мәзірін өздеріңізге ұсынады.

Бүгінгі ас мәзірі:

1. Физикалык шамалар қосылған қияр салаты.

2. Дәмді "үй тапсырма" бәліштері.

3. "Білім маржандары" балмұздағы.

4.Ғажайып десерт.

5.Геометриялык фигуралардан жасалғанторт.

6."КZ" сусыны.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Физикалык шамалар қосылған қияр салаты.

А) Өткен сабақтарда өткен физикалық шамаларды қайталау мақсатында әдеттегідей әрбіреуіңіздің алдыңызға берілген шамаларды, өлшем бірліктерді айтқан кезде көтеріп көрсетумен сабағымызды ашпақпыз.

               Период, заряд, биіктік, кернеу, ток күші, пи, жиілік, жұмыс, жылу мөлшері, кедергі, циклдік жиілік

Ә) Кестені толтыр (Activ studio тақтаға қаламмен толтырады)

Физикалық шама

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формуласы

 

Т

       

[Гц]

 

Циклдік жиілік

       

К

         

     

2.Дәмді "үй тапсырма" салаты.

А) Тірек – сызбабойынша жауап беру. 3 даяшыда өз үстелінеүлестірмелерді алып кетеді.

1-үстелге  Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар(Т,ν,А)

2-үстелге  Математикалық және серіппелі маятниктің тербеліс периоды қандай шамаларға

                  тәуелді? (l  және g;  m және k )

3-үстелге  Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрлену формулалары(Етолық=Ek+Eп;

                  Ek=0 => Етолық=Ek+Eп =(kA2)/2.  Eп=0 =>Етолық=Ek+Eп =(mυ2)/2)

Ә) Есептер шығару.

1-үстелге.Масса канатын 1 с-га 600 peт қағады. Ал ара қанатының  тербеліс периоды 5мкс. Қай

                  жәндіктің ұшқан кездегі қанаттарының қағысы көп?(Tм=t/n=1/600≈0,002c; Та=5*10-6c)

2-үстелге. Массасы 2 кг дененің 10 м биіктікте 20 м/с жылдамдықпен козғалғандағы толық

                  механикалық энергиясын табыңыз.(E=Ep+Ek=mgh+(mυ2)/2=m(gh+υ2/2)=600Дж)

3-үстелге. Массасы 0,1 кг дененін катаңдық коэффициенті 250 Н/м серіппедегі тербеліс ампли-   

                  тудасы 0,15 м. Жылдамдық модулінің ең үлкен шамасы неге тең?((kA2)/2=(mυ2/2);

                  kA2=mυ2; υ=A√k/m=0,15√250/0,1=0,15*5=0,75м/с)

ІІІ. Мағынаны тану.

3."Білім маржандары" балмұздағы.

Тербелмелі контур деп бір-біріне тізбектей жалғанған конденсатор мен индуктивті катушкадан тұратын тізбекті атайды.
Егер тебелмелі контурдың R кедергісі ескерілмесе, онда ол идеал деп аталады.

Ø  Электромагниттік  тербелістер –конденсатордың разрядталуы кезінде заряд, ток, кернеу,

электр және магнит өрістері периодты түрде өзгеріп отыруы.
     L индуктивтілік пен С сыйымдылықтан тұратын идеал контурда периоды 
  Томсон формуласымен, ал меншікті циклдік жиілігі ω0 мен жиілігі ν сәйкесінше,   формулаларымен анықталатын меншікті электромагниттік тербелістер пайда бола алады.
     Конденсаторлардың астарларындағы заряд тербелістерінің теңдеуі былай анықталынады:
                                                                                                                                     q = qm cos (ω0t+

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 837
    • DOCX 99 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманиязова Замзагуль Токтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31349
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе