Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Баяндама тақырыбы: Физика сабағында іскерлік ойын - жарыс технологиясын қолдану арқылы студенттердің қызығушылығын арттыру.
Орындаған: Ақмола көлік колледжінің физика пәнінің оқытушысы Тулегенова Сабиткул Кожахметовна
2 слайд
Айтсаң-ұмытып кетемін,
Көрсетсең-есімде қалады,
Өзім іске кіріссем-үйренемін
Конфуций-Қытай данышпаны
3 слайд
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
- алған білімдерінің физикалық мағынасын түсініп аша білуге, өмірде қолдана алуға, тақырыпты толық меңгеруге дағдыландыру, олардың қызығушылығын ояту және сөйлеу мәдениетіне
төселдіру.
- танымдық белсенділіктерін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру ізденімпаздыққа үйрету, пәнге деген ынтасы мен қабілеттерін дамыту.
Оқытудың жаңа технологияларының прициптері оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
«Педагогикалық технология практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы».(Беспалько Б.Г)
«Молекулалық физика», «Электродинамика», «Тербелістер мен толқындар», «Оптика және атомдар физика» бөлімдерінен кейін физика сабағында қайталау-пысықтау сабағы ретінде іскерлік ойын-жарыс сабағы «Не? Қайда? Қашан?» өткізіледі.
Оқытушы білімгерлерге сабақтың тақырыбын алдын-ала айтады, олар сол тақырыптарға дайындалып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын (ребус, сөзжұмбақ, сұрақтар, презентациялар) дайындайды.
Осыған тәжірибе ретінде өз сабағымда қолданылған «Молекулалық физика» бөлімінен кейін өтілген іскерлік ойын-жарыс сабағымды көрсетейін
4 слайд
Табиғаттағы жылулық
құбылыстар
5 слайд
«Сәлемдесу немесе таныстыру»
Әр топ өзін таныстырып, қарсылас топқа сәлемдеме жолдайды. Әр топтың аты, эмблемасы, ұраны қорғалады.
6 слайд
Физика өлеңмен
Ақындардардың өлеңдерінде кездесетін физикалық құбылыстарды атау және себептеріне тоқталу.
7 слайд
Москва – менің қамалым
Жамбыл Жабаев
Көкті бұлт торласа,
Көктен нөсер төкпес пе?
Торлаған бұлтты найзағай,
Сорғалай тіліп сөкпес пе?
Сұрақ: Жамбыл Жабаевтың осы өлеңіндегі жылулық физикалық құбылыстарды атаңыздар және бұлттың қалай пайда болатынын түсіндіріңіз.
Қыс
Абай Құнанбаев
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Сұрақ: А. Құнанбаевтың осы өлеңіндегі жылулық физикалық құбылыстарды атаңыздар және неліктен қыстың күні қарды басқанда, сықыр-сықыр етеді?
8 слайд
Физика
мақал-мәтелдерде
Мақал-мәтелдердің физикалық мағынасын ашу
9 слайд
Отты үрлеген жағады.
Шындықты іздеген табады.
Нан піскенше,
күлше күйеді.
Тонның жылуы
терісінен емес – жүнінен.
10 слайд
Жұмбақтар елінде
Жұмбақтарды шешу және оның физикалық мағынасын түсіндіру.
11 слайд
Қаратаудың басында,
Киік кетіп барады.
Қол-аяғы бауырына,
Тиіп кетіп барады.
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.
12 слайд
Аяғы жоқ, қолы жоқ, бірақ үйге кіреді
Нені сандыққа тыға алмайсың?
13 слайд
Суретте көрсетілген сұраққа жауап беріңіз.
Суретті физика
14 слайд
Екі қаздың қайсысына жылы болады?
Суда ма, әлде мұзда ма?
15 слайд
Қыста қай үй жылы болады?
Ағаштан ба, әлде кірпіштен бе?
16 слайд
Қызықты тәжірибе
Қызықты тәжірибелер көрсетіліп, көрген тәжірибелерді физикалық тұрғысынан түсіндірулері керек .
17 слайд
Төңкерілген ыдыстағы судың ақпауы
18 слайд
Ыдыстың сабынмен бірге көтерілуі
19 слайд
Тапқырлар сайысы
Қатарынан 10 сұрақ қойылады, қай команда сұрақтың жауабын білсе, алдарындағы көрсеткішті көтеріп, сөз алған соң жауап береді.
20 слайд
1-сұрақ. неге еденге төгілген суды, еден тез құрғау үшін оны бүкіл еден бойына жағып, құрғақ матамен сүртіп алу керек?
2-сұрақ. беті ашық ыдыстағы суды қалай буланудан сақтауға болады?
3-сұрақ. қыстың күні даладағы жайған кірді жазу қиын. неліктен?
4-сұрақ. неге сай жерлерде бау-бақша өсірілмейді?
21 слайд
5-сұрақ. кастрөлдегі тамақты тез суыту үшін мұзды оның қақпағының үстіне қою керек пе, әлде мұзды кастрөлдің астына қою керек пе?
6-сұрақ. қыстың күні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады? кең аяқ киімнен бе, әлде тар аяқ киімнен бе? неліктен?
7-сұрақ. оңтүстікте тұратын халықтардың аптап ыстықта сеңсең бөрік пен мақтадан сырып тігілген шапан киетіні неліктен?
22 слайд
8-сұрақ. Жаздың күні қандай түсті көйлек кисең, ыстықтамайсың? Қара түсті көйлек пе, әлде ақ түсті ме? Неліктен?
9-сұрақ. қатты қызып тұрған плитаға су төгілсе, су тамшылары «секіре» бастайды. бұл неліктен болады?
1О-сұрақ. ТЕРДІҢ БӨЛІНУІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫ ҮШІН ҚАНДАЙ МАҢЫЗЫ БАР?
23 слайд
Құралдар жарысы
Әр құралды сипаттағанда, мына
жоспармен жауап беру керек.
Не?-Нені өлшейді?
Қайда?- Қайда қолданылады?
24 слайд
Cөзжұмбақтар сайысы
Әр команда, қарсылас команданың берілген сөзжұмбақтарын шешеді.
25 слайд
Студенттердің білімінің үлгерім және сапа көрсеткіштері
(2012-2013 және 2013-2014 оқу жылдары)
26 слайд
Мұндай іскерлік ойын-жарыс сабағының төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге болады.
а) Студенттердің қабілеттерін ашады.
ә)Студент өз бетінше ізденуге үйренеді.
б)Студенттерді әртүрлі ақпарат құралдары мен ғылыми көпшілік кітаптар мен анықтама материалдарымен, техникалық журналдармен және ғылыми энциклопедиалармен жұмыс істеуге үйретеді.
в)Студенттердің логикалық ойлау қабілеттері жетіліп, өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыланады.
г) Алған білімдерін өмірде, практикада пайдалана алуға үйретеді.
д) Cтуденттердің сабаққа қатысып және жауап беруі 95-98% , яғни олардың бұл сабақта белсенділігі байқалады.
27 слайд
Назарларыңызға рахмет
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
- алған білімдерінің физикалық мағынасын түсініп аша білуге, өмірде қолдана алуға, тақырыпты толық меңгеруге дағдыландыру, олардың қызығушылығын ояту және сөйлеу мәдениетіне
төселдіру.
- танымдық белсенділіктерін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру ізденімпаздыққа үйрету, пәнге деген ынтасы мен қабілеттерін дамыту.
Оқытудың жаңа технологияларының прициптері оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
«Педагогикалық технология практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы».(Беспалько Б.Г)
«Молекулалық физика», «Электродинамика», «Тербелістер мен толқындар», «Оптика және атомдар физика» бөлімдерінен кейін физика сабағында қайталау-пысықтау сабағы ретінде іскерлік ойын-жарыс сабағы «Не? Қайда? Қашан?» өткізіледі.
Оқытушы білімгерлерге сабақтың тақырыбын алдын-ала айтады, олар сол тақырыптарға дайындалып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын (ребус, сөзжұмбақ, сұрақтар, презентациялар) дайындайды.
Осыған тәжірибе ретінде өз сабағымда қолданылған «Молекулалық физика» бөлімінен кейін өтілген іскерлік ойын-жарыс сабағымды көрсетейін
6 664 044 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.