Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті. Векторлар және оларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амалдар қолдану. Сабақтың мақсаты: 1. Тыныштықтың салыстырмалылығы екенін білу, векторларға амалдар қолдану. 2. Оқушылардың алған теориялық білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. 3. Жауапкершілікке, физика ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге баулу. Көрнекілігі: 1,2,3,4,5,6,7,8, - суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, интерактивті тақта, кодоскоп. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап арқылы, түсіндіру Пәнаралық байланыс: геометрия Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру. II. Үй тапсырмасын тексеру: 8 сынып материалын қайталау ( тест арқылы ) 1. Металл ыдысқа су құйылған. Төменде келтірілген іс-әрекеттің қайсысы судың ішкі энергиясын өзгертпейді? 1) суды ыстық плитада қыздыру 2) ыдыспен бірге суды қозғалту. 3) Суды миксермен араластыру 1,3 1,2 2 2,3 2. Дененің ішкі энергиясы қандай шамаға тәуелді? Молекулалардың жылулық қозғалысының орташа жылдамдығына Денедегі молекулалар санына Дененің температурасы мен массасына Дененің қозғалыс жылдамдығы мен температурасына 3. Дененің ішкі энергиясы деп нені айтамыз? Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс және өзара әсер энергиясы Денені құрайтын бөлшектердің энергиясы Денені құрайтын бөлшектердің өзара әсер энергиясы Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиясы 4. Цельсий шкаласы бойынша қай температура абсолют шкала бойынша 100К температураға сәйкес келеді. -3730С -1730С +1730С +3730С 5. Жылу берілудің қай түрінде зат тасымалданбайды? 1) конвекция 2) жылу өткізгіштік 3) сәуле шығару 1 2 3,2,1 1,2 6. Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың қайсысының жылу өткізгіштігі төмен? A. Қатты денелердің B. Сұйықтардың C. Газдардың D. Газдардың, сұйықтардың 7. Қандай денелерде конвекция жүре алады? A. Қатты денелерде B. Сұйықтарда C. Газдарда D. Сұйықтар мен газдарда 8. 900Дж жылу алу үшін 100г темірді 200С-қа қыздырды. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? 1800 кДж/кг*0С 180 к Дж/кг*0С 1800 Дж/кг*0С 450 Дж/кг*0С 9. Егер адам 600С тағы бір стакан (200гр) ыстық су ішсе, қандай жылу мөлшерін алады? Адам денесінің температурасы 370С. 19320 Дж 50400 Дж 31080 Дж 81480 Дж 10. Массасы 10 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? q=2,7*107Дж/кг 2,7*107Дж 2,7*106Дж 107Дж 2,7*108Дж III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі. Материяның негізгі қасиеттерінің бірі – қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя болмайды. ● ●С Ұшақ А орыннан В орынға жетсін делік. Мұндағы АВ кесіндісі - А ұшақтың орын ауыстыруы болады. Дененің бастапқы орнын және Орын ауыстыруын біле отырып, оның жаңа орнын табуға болады. ●В Бірақ бұл жағдайда АВ кесіндісі ұзындығының сандық мәнін ғана емес, сондай-ақ оның бағытын да білуіміз керек, ол С орынға жеткен болар еді. Демек, орын ауыстыру өзінің ұзындығымен ғана емес, кеңістіктегі бағытымен де сипатталады. Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады. Сонымен орын ауыстыру векторлық шама болып табылады. Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар скалярлық шамалар немесе скалярлар деп аталады. Мысалы, уақыт, заттың тығыздығы, дененің көлемі, температура, арақашықтық скалярлық шамаларға жатады. Кез келген вектордың сандық мәні оның модулі деп аталады. Модуль – скалярлық шама. 1. Векторларды қосу. Екі векторды бастарын түйістіре параллелограмның екі қабырғасы болатындай етіп өз-өзіне параллель көшіреміз де, параллелограмм саламыз. Сонда екі вектордан шыққан нүктесінен жүргізілген бағыты көрсетілген диоганадь қорытқы вектор болып табылады. Векторларды осылайша қосу параллелограмм ережесі бойынша қосу деп аталады. 2. Векторларды азайту. 3. Векторларды скалярға көбейту ( бөлу ). Проекциялардың таңбаларын анықтау үшін мына қарапайым ережені қолданған тиімді. Егер вектордың бас нүктесінің проекциясынан оның ұшының проекциясына қарай ось бағытымен жүретін болсақ, онда проекция оң деп, ал қарама-қарсы бағытта жүрсек, проекция теріс деп есептеледі. IV. ЖБ жұмысы. Кітпа бойынша жұмыс. №1 дайындық сұрақтарына жауап іздеу. V. Бекіту сұрақтары: 1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма? 2. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады? 3. Векторлық шамаларға мысалдар келтіріңдер. Векторлық шамаларды қалай белгілейді? 4. Екі векторды қалай қосады? 5. Векторлық шамалар қалай азайтылады? 6. Вектордың осьтегі проекциясы дегеніміз не? VI. Сыныпта орындалатын тапсырма: Тапсырма орындау. Параллелограм ережесін пайдаланып, кез келген екі вектордың қосындысын табыңдар. Сол сызбадан енді осы векторлардың айырымын табыңдар. 2 – жаттығу, №1-ді шығару. VII. Үйге тапсырма: § 1, §2, §3 . Дайындық сұрақтары. 2 – жаттығуды орындап келу. VIII. Қорытынды. Берілген тапсырмаларды орындауларыңа қарай бағалау.
6 667 370 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Симакова Анастасия Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Мини-курс
5 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.