Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Ішкі энергия.
Ішкі энергияны өзгерту
тәсілдері
Семей қаласы. Сапакбаева Г.М
№8 мектеп-кешені
2 слайд
Сабақтың мақсаты
Дененің ішкі энергиясы,идеал газдың ішкі энергиясы,көп атомды газдың ішкі энергиясы,ішкі энергияны өзгерту тәсілдері туралы түсінік
3 слайд
Жылулық құбылыстар
денелерді қыздырғанда немесе салқындатқанда оларда өтетін физикалық процестер
4 слайд
Термодинамика
жылу құбылыстары
заттың ішкі молекулалық құрылысына назар аудармай, энергетикалық түрленулер негізінде зерттейтін физиканың бөлімі
5 слайд
Термодинамика- грек сөзі
therme- жылу,
dynamis- күш
Термодинамикалық параметр деп
– макродененің күйін сипаттайтын
физикалық шаманы атайды,
оған қысым, көлем, температура жатады. (P, V, T)
6 слайд
Термодинамикалық процесс дегеніміз-қандай да бір термопараметрлердің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі
7 слайд
p
V
T
Изопроцестер
8 слайд
Дене құрылымының молекулалық кинетикалық теориясы деп барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiмдi айтады
9 слайд
І.Барлық денелер микробөлшектерден тұрады әрі дененің масссы өзін түзетін микробөлшектердің қосындысына тең
ІІ.Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады,бұл қозғалыс температураға тәуелді болады
ІІІ.Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі,әрі өзара әрекеттесу күшінің тегі электромагниттік болып табылады.Дене бөлшектері арасында тебілу және тартылу күштері бар
МКТ негізгі қағидалары
10 слайд
Дененің ішкі энергиясы
Барлық микробөлшектердің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу,яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең
11 слайд
Ішкі энергия дегеніміз- молекулалардың ілгерлемелі және айналмалы қозғалыстарының кинетикалық энергиясы,олардың өзара әрекеттесуі кезіндегі потенциалдық энергиясы мен молекулалардағы атомдардың тербелмелі қозғалысының энергиясы және атомды түзетін бөлшектердің қозғалыс және өзара әрекеттесу энергиясы
U=(Wk+Wp)N
12 слайд
Идеал газ дегеніміз - өзара әрекеттеспейтін,көлемі шексіз аз,абсолют серпімді шариктер болып табылатын молекулалардан тұратын газ
U=WkN
13 слайд
Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы
14 слайд
Бір атомды газдың ішкі
энергиясы
Үш және көп атомды
газдың ішкі энергиясы
Екі атомды газдың ішкі энергиясы
15 слайд
Іштен жанатын қозғалтқыштың деталдары неге қызып кетеді?
Жұмыс істеу арқылы
16 слайд
Жылуөткізгіштік
17 слайд
Жылуөткізгіштік
18 слайд
Сәуле шығару
19 слайд
Жұмыс істеу арқылы
Цилиндр поршені астындағы газды ұлғайту
20 слайд
Жұмыс істеу
Цилиндр поршені астындағы газды сығу
21 слайд
Қорытынды:
Идеал газдың ішкі энергиясы тек температураға тәуелді.Қыздырған кезде ішкі энергия артады.Егер газдың температурасы өзгермесе ,ішкі энергияда өзгермейді.
22 слайд
Үйге тапсырма:
§ 5.1-5.2.Оқуға.
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақ тақырыбы:Ішкі энергия.Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері Сабақ мақсаты: 1. Дененің ішкі энергиясы,идеал газдың ішкі энергиясы,көп атомды газдың ішкі энергиясы ,ішкі энергияны өзгерту тәсілдері туралы түсінікті қалыптастыру 2.Оқушыларды бақылауға, байқағыштыққа жетелеу, ғылымға қызығушылығын арттыру 3.Оқушының ойын дамыта отырып,есте сақтау,ойлау қабілеттерін,танымдық белсенділінін арттыру Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту Сабақ әдісі: баяндау,талдау,салыстыру,сұрақ-жауап. Құрал жабдықтар: интерактивті тақта,компьютер ,электронды оқулық, су,стакан,пробирка,спиртовка,металл таяқша,сіріңке ,тығын Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. Ашық тест жұмысы ІІІ. Жаңа сабақ. Термодинамика – энергияның түрленуiне қатысты жалпы заңдарға негiзделген жылулық процесстер туралы ғылым. Бұл заңдар молекулалық құрылымдарына байланыссыз барлық денелер үшiн орындалады. Дене құрылымының молекулалық кинетикалық теориясы деп барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiмдi айтады. Iшкi энергия туралы түсiнiк. Макроденелерді механикалық энергиямен қатар, өздерiнiң iштерiне тұйықталған энергияға ие. Ол – iшкi энергия. Ол барлық энергетикалық түрленулердiң балансына кiредi. Механикалық жұмыс жасамай-ақ денелердi қыздырғанда, олардың iшкi энергиясы ұлғаяды. Iшкi энергияның механикалық энергияға айналуының керi процесi болатыны сөзсiз. Молекулалық-кинетикалық теория көзқарасынан макроскопиялық дененiң iшкi энергиясы барлық молекулалардың ретсiз қозғалыстарының кинетикалық энергиялары мен олардың бiр-бiрiмен өзара әсерiнiң потенциалдық энергияларының қосындысына тең. идеал газдардың iшiнде өзiнiң физикалық қасиеттерi бойынша қарапайым болып табылатын газ - бiр атомды газ (гелий, неон, аргон және т.б.). Бiр атомды газдың iшкi энергиясы Идеал газдың барлық iшкi энергиясы оның молекулаларының қалыптаспаған қозғалысының кинетикалық энергиясы болып табылады. Массасы m бiр атомды газ үшiн ол бiр атомның орташа кинетикалық энергиясының E = 3kT/2 жалпы атомдар санына N = mNa/M көбейткенге тең. kNa = R екенiн ескерiп,мынаны табамыз: U = 3mRT/2M , , Бiр атомды идеал газдың iшкi энергиясы, молекулаларының өзара әсерлесуiнiң потенциалдық энергиясы нөлге тең болғандықтан, көлемге (қысымға) байланысты емес.Тек газ температурасының өзгеруiнiң есебiнен ғана газдың энергиясы өзгередi.Нақты газдар және сұйықтар үшiн молекулалардың орташа потенциалдық энергиясы нөлден өзгеше.Газдарда ол кинетикалық энергиямен салыстырғанда өте аз, ал сұйықтар мен қатты денелер үшiн кинетикалық энергиямен шамалас болып келедi.Демек, жалпы жағдайда, iшкi энергия потенциалдық энергия сияқты қозғалмалы ортаның көлемiне, температурасына тәуелдi болады. Екі атомды , VI. Пысықтау. V. Үйге тапсырма. §5.1-5.2 VI. Бағалау
6 672 268 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Фомина Светлана Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72/108 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.