Инфоурок Дошкольное образование КонспектыҰйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат

Скачать материал

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Ертегілер еліне саяхатқа шығу барысында балаларға ертегі кейіпкерлерін қайталата отырып, «Қатынас» (үзінділерді әңгімелеу, ертегіні сахналау), «Таным» (түстерді ажырату,өлшем бірліктерді( үлкен-кіші, орташа, алдында-артында) пішіндерді атау), «Шығармашылық» (елестету, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке тәрбиелеу) бөлімдерін бекіту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Саяхат сабақ».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрініс, диалог.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ертегі кітапханасы кітаптары, ертегі суреттері

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Балалар бір-біріне күлімсіреп жақсы сөздер айтады

Ай да біреу аспанда,

Күн де біреу аспанда

Тұратын елжіреп

Бәрімізде бір жүрек.

Ендеше, қасымыздағы көршімізді күлімсіреп құшақтайық.

ІІ Барысы.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегілер еліне жетер жолда өткендерімізді қайталап есімізге түсіріп, пысықтаймыз.

«Ертеде ата мен әже болыпты. Бір күні ата бауырсақ жегісі келіп, әжеге бауырсақ пісіртеді. Бауырсақ пысып болған соң әже оны терезенің алдына суытып қояды. Бірақ, бауырсақ қашып кетіпті.

Бауырсақ:

Менің атым бауырсақ

Мені пышақпен қырып алды,

Қанатпен сыпырып алды.

Қаймаққа иледі, майға пісірді.

Мен атадан қаштым,

Мен әжеден қаштым.

Үйімді де сағындым.

Көмектесші балақай.

Тәрбиеші: Балалар мына келген қонағымыз қандай ертегінің кейіпкері?

Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.

Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?

Балалар: сары.

Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?

Балалар: дөңгелек

Тәрбиеші: Балалар біз бауырсаққа ертегілер еліндегі ата-әжесіне баруына көмектесеміз бе?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Едеше, жүрейік балалар.Орманда келе жатып, алдарынан аю шығады.

Аю: – Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін –дейді. Бауырсақ әндетеді.

Тәрбиеші: аю, аю сен бауырсаққа тимеші. Біз бауырсақты балалармен бірге ата-әжесіне апарғалы келеміз. Балалар аюдан.

Аю: Жарайды.(жібереді)

Балалар мен бауырсақ ары қарай жүреді. Алдарынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ әндетеді. Балалармен бірге қасқырды алдап қашып кетеді.

Келе жатып «Ертегі кітапханасына» кездеседі. Онда тоқталып, кітаптарды тамашалайды.

1.«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлерін суретті қарау арқылы әңгімелейді, санайды.(4 лақ үйдің алдында, 3 лақ артында).

- Балалар мынау қай ертегі?

- «Жеті лақ»

- Мынау не?

- Ешкі.

- Ал мыналар нелер?

- Лақтар.

- Ешкі аналарының қасында неше лақ бар? Санайықшы.

- 1234 лақ бар.

- Олар үйдің қай жағында жүр?

- Үйдің алдында

- Ал қалған лақтары қайда?

- Үйдің артында.

- Үйдің артында неше лақ жүр? Санайықшы.

- 1,2,3 лақ.

-Ертегіде лақтар кімнен қашты?

-Қасқырдан. (кітаптағы суреттен қасқырды көрсеткізу)

-Лақтардың анасы қайда кеткен?

-Лақтарына тамақ әкелуге кеткен.

-Лақтарды анасы қасқырдан қалай қорғап алды?

-Арықтан секіртіп құлатты.

·         Балалар төрт түліктің бірі ешкі, ал тағы қандай түліктер бар?

·         Қой, сиыр, жылқы, түйе.

·         Ал олардың төлдерін, балаларын қалай атаймыз?

·         Қозы, бұзау, құлын, бота.

·         лақ туралы өлең, тақпақ білеміз бе?

Тақпақ: Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

2. Келесі кітапта «Үш аю» ертегісі.

·         Үш аюдың өз ыдыстары, төсектері бар. (салыстыру: үлкен аю әкесі- кіші аю баласы, орташа - анасы).

·         Әке аю қандай?

·         Үлкен.

·         Бала аю қандай?

·         Үлкен бе, әлде кіші ме?

·         Орташа.

Қазір біз, үлкен-кіші, орташа деген өлшемдерді қайталадық.

- Ал аю қалай жүреді?

- қорбаңдап.

Ендеше бәріміз аюдың қорбаңдаған жүрісін салайық.(балалар бауырсақпен бірге аюдың жүрісін салады).

3. «Маша қыз бен аю» ертегісі. Әңгімелеу, сұрақ қою.

- Салыстыру (Маша қыз – жоғарыда, аю-төменде).

- Мынау қай ертегі? Білеміз бе екен?

- «Маша мен аю».

- Аюдың арқасында не бар?

- Себет бар.

- Ал себеттің ішіне Маша неге мініп алған?

- Аюмен бірге ата-әжесіне жетіп қалу үшін.

- Суретте тағы не көріп тұрсыңдар?

- Тал. Жапырақтар.

- Жапырақтардың түсі қандай?

- Сары, қызыл.

Тәрбиеші: өте жақсы балалар, сендер ертегілерді жақсы меңгергендеріңді дәлелдеп келесіңдер. Енді ары қарай жүрейік. Алдарынан қоян шығады.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін, – дейді.

Бауырсақ: балалармен бірге ән салып береді.

Тәрбиеші: Қоян бізді жіберші. Біз балалармен бірге бауырсақты ата-әжесіне апарып тастамақпыз. Сен де бізбен жүр. Балалар біздер ұзақ жолдан шаршаған шығармыз. Денемізді сергітіп алайықшы. Бауырсақ, қоян сендер де бізбен бірге жаттығу жасай қойыңдар.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы, қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші: Тағы да ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Алдарынан түлкі шығады.

Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін,- дейді.

Бауырсақ: мені жемеші, мен саған ән салып беремін,- дейді.

Тәрбиеші: Түлкі біздің балалар бәрін біледі.

Түлкі: Ендеше мен тапсырма беремін. Орындасаңдар жіберемін. Қолында бір бума бауырсақтың боялмаған суреті. Соны бояу керек. (Балалар үстелге отырып, суреттерді қолдарын бояуға батырып алып бояйды.)

Тәрбиеші: балалар түлкінің тапсырмасында бауырсақтың суреті екен. Оның түсі қандай болады.

Бауырсақ пен балалар: Сары болады.

Тәрбиеші: Ендеше бауырсақты сары түспен бояймыз екен.

Түлкі: сіздің балалар суретті жақсы бояпты. Мен оларды жібердім. Сау болыңдар. Бауырсақ пен балалар ары қарай жүреді.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар біздер қайда бара жатырмыз?

Балалар: Ертегілер еліне бара жатырмыз.

Тәрбиеші: Жолда біз нелерді кездестірдік?

Балалар: аюды, қасқырды, қоянды, түлкіні кездестірдік.

Тәрбиеші: Тағы қайда кірдік?

Балалар: кітапханаға.

Тәрбиеші: Қандай ертегілерді қайталадық?

Балалар: «Жеті лақ», «Үш аю», «Маша мен аю» ертегілері. Ал, ертегілер еліне нені алып келе жатырмыз?

Балалар: бауырсақты.

Тәрбиеші: бауырсақ деген қайдан шыққан?

Диалог: балалар оқиды. «Қайдан келдің бауырсақ?»

Дастарханға шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап.

Қайдан келдің бауырсақ?

Деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,

-Дүкенге келдің қай жақтан?

-Диірменнен келдім ұн тартқан.

-Диірменге келдің қай жақтан?

-Даладан келдім жан-жақтан.

Жер анам менің көсілген

Диқандар мені өсірген.

Тәрбиеші: Ой, балалар біздер «Ертегілер еліне» де келіп қалыппыз. Алдарынан үй шығады. Үйден әже шығады. Бауырсақты құшақтайды. Балаларға рахмет айтады. «Балалар бақытты болыңдар, дендерің сау болып, жақсы, әдепті бала болып өсіңдер! Автобуспен келемін деп едім, автобус болмай қалып, жаяу келе жатырмын. Шаршадым. Бірақ сендердің күлкілеріңді көріп, шарашағанымды ұмытып кеттім.» – дейді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ертегілер еліне саяхатқа шығу барысында балаларға ертегі кейіпкерлерін қайталата отырып, «Қатынас» (үзінділерді әңгімелеу, ертегіні сахналау), «Таным» (түстерді ажырату,өлшем бірліктерді( үлкен-кіші, орташа, алдында-артында) пішіндерді атау), «Шығармашылық» (елестету, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке тәрбиелеу) бөлімдерін бекіту.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 827 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2018 694
    • DOCX 21 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уалитова Айкун Аскатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Уалитова Айкун Аскатовна
    Уалитова Айкун Аскатовна
    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8507
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Менеджмент и управление проектами в ДОУ в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные методики и программы по развитию детей раннего возраста в соответствии с ФОП ДО И ФГОС ДО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Влияние типа детско-родительских отношений на адаптацию ребенка в социуме

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе