Инфоурок Биология Другие методич. материалы«Экология - ел аманаты» шығармашылық жұмысы

«Экология - ел аманаты» шығармашылық жұмысы

Скачать материал

j0123567j0123567   

 

 Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі
 Қаратөбе балалар шығармашылығы
 Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі

 

            9- сынып оқушысы Аманоллина  Айдана  Жетпісбайқызының
             аудандық «Жасыл қауырсын» байқауының
             «Жан  экологиясы » номинациясы бойынша
             шығармашылық жұмысы.

 

               Тақырыбы:  «Экология-ел  аманаты»

19b9899175413e901f73b249f7b710d6

 

 

9

 

 

             

            Жетекшісі:   География – биология пәнінің мұғалімі
                                 Жумаева Данагүл Сапиоллақызы

 

 

 

j0123567

j0123567

                           
            Қаратөбе-2014        
                   
                   

анимиров13  

                                                                                           

                                                                                         

                                                                  Үшағаш негізгі жалпы білім беретін
                                                         мектебінің 9-сынып  оқушысы
                                                                          Аманоллина Айдана Жетпісбайқызының
                                                                             «Экология – ел аманаты» тақырыбындағы
                                                     шығармашылық жұмысына

 

                                                                          Пікір
   Табиғат–адам тәрбиешісі.Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған   дүние.Табиғаттың пайда болғаны–адамның пайда болғанына әкеледі.
   Демек,адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Табиғаттың тамаша бір қасиеті -  ол өзінің бөліп шығарған  қалдығынан адамның көмегінсіз – ақ өзін тазартып ала алады.Ол адам баласының  іс – ірекеттерінің  қалдығынан өзін–өзі тазарта алмайды,табиғат уланып, ластанады.Бұл жерде  адам көмегі керек – ақ!
   Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек үшін күрес.Туып – өскен ортаның табиғатын  қорғау үшін: әрбір адам өз жерінің  табиғатын, оның ерекшеліктерін білуі қажет, неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, сауатты түрде  өз көмегін бере білуі қажет.Сондықтан оқушы осы тақырыпты  шығармашылық жұмысына  негіздеп алған.Бұл жұмыс оқушының санасына  қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті  қалыптастырып, сол арқылы  туған өлке табиғатының  байлығын сақтауға және молайтуға  жетелейді деп есептеймін.

 

 

 

 

                        Жетекшісі:География – биология пәнінің мұғалімі 
                                                 Д. Сапиоллақызы  ______


 

анимиров13                            

Рамка 23 вариант 2Рамка 23 вариант 2                 

 

Жоспар:

 

 

 

                                   1.Кіріспе

                            2. «Өсімдік жер – сәулеті, ел дәулеті.»

                           3. «Болашаққа эколог болып барайық,
                                 Керегіне табиғаттың жарайық.»

                          4. «Табиғат және адам»

                         5. Қорытынды

                            

 

                                        

 

 

 

 

Рамка 23 вариант 2Рамка 23 вариант 2

 

 

                                                            

 

 

 

 

 

dividers_94

 

 

                                                  Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
                                                  Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған  жырысың.
                                                  Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік  жасайсың,
                                                  Ол, анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың!
                                                  Ей, адамдар!Күн мен гүлден жаралған,
                                                  От сезім мен мейірім содан таралған.
                                                  Тіршілік иесі – Жер анаға қараңдар!
                                                  Зор қайғыдан күрсінгенде,Ах, ұрады дүние
                                                 Жаратылыс заңдылығы бұзылса  сонда болар, кім ие?
                                                                                                                              (М.Мақатаев)

      Адам адам боп туып,адам болып қалуы үшін   табиғаттың  атқарар рөлі зор. Табиғат бөлшектерінің бәрі – бәрі адамдардың ойына – сана, денесіне – қуат, бойына – күш, өнеріне – шабыт, көңіліне – қанат берері сөзсіз.Алайда осы сәтте  көкейде  «Біздер сол байлықты қазіргі күні   дұрыс пайдаланып жүрміз бе?»  деген тосын сауал туындайды. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас
әрі тағдырлас екені сөзсіз. Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі – табиғат .
       Шыны керек , дәл қазіргі уақытта  адам табиғат байлықтарын  өз керегінше алып,  пайдаға жаратып қоймай, олардың табиғи түріне  ірі – ірі өзгерістер  енгізуде.Біздің көбіміз  күнделікті күйбең  тіршілікпен жүріп, өзімізді айналаны қоршаған ортаның күн санап жұтаң тартып, өзінің бірте – бірте табиғи, нағыз кереметінен айырылып бара жатқанын байқаймыз.Бүгінгі күнге дейін  сәнімізге сән қосып, көркейтіп тұрған даламыз көз алдымызда  құлазып,тозып бара жатқандай. . «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештене болуы мүмкін емес», деген екен жазушы, философ,– ғалым Жүсіпбек Аймауытов.
Адам өзінің тіршілік етіп отырған ортасын таза ұстап,  ол өмір сүруге қолайлы болу үшін, табиғатпен тығыз қарым – қатынаста болған  жөн.
«Өспеген табиғаттың аясында, табиғат сұлулығын аясынба?!» осындай даналық сөздердің түбінде не деген  үлкен  ой жатыр десеңші!
   Егер әрбір адам өзіне ғана тиесілі аядай  жерде қолымыздан   келгенінің  бәрін жасаса ғой, сонда біздің жеріміз қандай құлпырып, көркейіп, жайнап кетер еді.
  

 

 

dividers_94

 

dividers_94

 

       Барлығы дерлік адамдардың  табиғатқа деген адамгершіліктеріне  байланысты.
 Бүгінгі таңда  ормандағы ағашымызды отын ретінде кесіп, пайдаланып жатқаны сөзсіз.Табиғатты қорғаудың орнынына адам баласы зиян келтіріп, тіршілік иелерін
зардап шектіруде...біз табиғаттың өзін қайта  түлететін ұрпақпыз.Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына  мұра  болып келе жатқан мол қазына...Әрбір ағашты,  әрбір бұлақты, жалғыз ғана дәнді де  ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.Мен алдымен рахметімді Жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген,
 маған бақыт әперген, тамаша табиғат сұлулығын сыйлаған, көрік берген,о қасиетті
Жер – ана, сенсің менің ардақтым.
      Адам баласы үшін табиғат – кең сарай, мәуелі бақ,  мәңгі тозбас баспана сияқты.Сондықтанда,  өз төріңнің басындағы  тәртіп пен тазалықты  қалар болсаң,
түптеп келгенде  табиғатпен санасу,оны қорғау , сонымен қоса күтіп – баптап ,оған қамқор болу -  адамзаттың асыл парызы.
     Сондықтан қазіргі адамзат алдында  тұрған көкейкесті мәселенің бірі -  қоршаған ортаның тиімді қарым – қатынасының  негізгі ұстанымдарын қайта  қарау.Туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу болып отыр.
«Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылып та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар»,- дейді ақын жүрек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

dividers_94

dividers_94                                       

 

              «Өсімдік жер – сәулеті, ел дәулеті.»

                                               Жасыл желек көмкерген,аққан өзен, бақша –бау,
                                                 Көз тартады мұнарланып, шыңы биік, қарлы тау.
                                       Гүлің жайнап жеріңде, күнің көкте ойнаған,
                                     Ар алдында парызымыз  табиғатты аялау.
                                       Ұмтылыңдар, адамзат, табиғатты қорғауға,
                                  Ядролық қаруды, жарылысты қолданба.
                                       Тіршіліктің тынысын тарылтатын, бұзатын,
                                 Ластанған ауаны жасау оңай қолдан да.

                                                         О,Жер – ана киелісің таусылмайтын дастаны,
                                                         Бағындырған тіршілікті,күллі әлемді баршаны.
                                                         Өсімдік,құс,жан–жануар,тау мен тастың бәрін де.
                                                         Жер – ананың ажырамас бір бөлігі табиғат.
                                                         Табиғатсыз адамдардың күні жоғы ақиқат
                                                         Химияның  құдіреті дамыған мынау ғасырда
                                                         Табиғатты жан- тәніңмен қорғап өтші, Адамзат.

   Біз  кімбіз? Біз – адамбыз. Адамның  достары  өте  көп. Солардың  қатарында өсімдіктер де бар. Олар  бізге  әрқашан  қамқор  болған, әрі қамқор бола береді. Егер әрине адамдар  олардың  достығын  құрметтей білсе. Олар қамқорлығымен бірге  бізге      қуаныш, әдемілік, таза ауа сыйлайды.Біз оларды тірі табиғатқа жатқызамыз. Өйткені олар өседі, өнеді, көбейеді, уақыты  келгенде немесе  ауырса - солып, тіршілігін тоқтатады. Өсімдіктер күнге қарап бой түзейді, тыныс  алады. Оған  өсуі үшін: күннің жылуы,таза ауа,су қоректік заттар керек екенін барлығымыз білеміз.
    Мінекей, оларда  адамдар  сияқты. Күтімі  жақсы  болса  жақсы  өседі, әдемі  болады. Күтімі  нашар, жоқ  болса  қисық  өседі  немесе  қурап  қалады. Біз  бұдан  өсімдіктің  тірі организм екендігін  білеміз.
    Қоршаған ортаның адамзат баласына тигізер әсері өте көп екені белгілі.Сан ғасырлар бойынан қазіргі таңға дейін өсімдіктерді  ем  ретінде пайдаланып келеді.Өсімдіктерді  қорғап, баптау адам баласының негізгі міндеттерінің бірі.
    Өсімдіктің зиянды түрлеріде болады.Бірақта пайдалы түрлеріде ғаламшарымызда аз емес. Өсімдік тірі табиғатқа жататындықтан, оған тіршілік үшін су, ауа, жарық, жылу, құнарлы топырақ, қоректік заттар қажет. Әр өсімдік өзі өсетін жердің табиғатына қарай бейімделеді. Олар ылғал сүйгіш немесе құрғақшылыққа төзімді болып келеді. Тіпті тасқа да шығатын өсімдіктер болады.
    Табиғаттың бір бөлігінің ішінде  тіршіліктің жасыл күзетшісі – өсімдік атты дүние бар.Өсімдіктер – тіршіліктің негізін  қалаушы,  ғажаптары мол дүние.Ол – Жердегі  тірі организм атаулыға өмір  беріп тұрған өсімдіктер дүниесі.

dividers_94

 

dividers_94

                                                                                  

     Бүгінгі күні  біздің жеріміз   гүлді гүлстанға,  құмға ағаш, тасқа гүл еккен,  күн нұрына бөленген, жасыл желекке көмкерілген табиғат қалыптасып отыр.
    Біздің жеріміз  ыстық, құмды болып келгендіктен -  мектеп айналасын  көгалдандыру, экологиялық  жағдайды сақтау біздің басты міндетіміз болып отыр. Сондықтанда мектеп айналасын көгалдандыру мақсатында  мектеп жанына ағаш көшеттері мен гүлдерді оқушылар мен мұғалімдердің  күшімен отырғызды десе болады.Біздер өсімдіктерге үлкен жауапкершілікпен қарап, күн сайын қадағалап отырамыз.Өсімдіктердің биологияық ерекшеліктерін  байқап,  өсімдіктердің өсуін жиі бақылап отырамыз. Өсімдіктердің өсуі үшін: таза су  пайдаланып, топырақтың құнарлылығын,ылғалдылығын қадағалап,сонымен қоса,  егілген ағаштарға, гүлдерге ерекше күтім жасап,аңызық желге,күннің ыстығына төзімді ағаштарды егіп,жасыл өсімдіктерді зиянкестерден сақтау ережесін  уақтылы  пайдалану қажет деп шештік.дейтұрғанмен біздің  жергілікті жеріміздің  экологиялық жағдайы  қазіргі таңда   ауыл халқын  елең еткізуде.Өйткені  аңызақ ыстық  пен   жиі соғатын дауылдар  қуаңшылыққа  ұшыратуда, сондықтан мектеп айналасындағы  көгалдандыру  жұмысы  қолдан суару мен мұқият  күтіп – баптауды қажет етеді. Осы бағытта   мектебімізде әр класс ұжымы  ағаш көшеттері мен  тәжірибе үлескілерін  бөліп алып,  күтіп – баптауды өз жауапкершіліктеріне алуда.Мұндай  экологиялық дағдарыстан ауыл халқы,  мектеп ұжымы, оқушылар ұйымы  болып бірге  күресуді негізгі мақсат деп санаймын.Өйткені, «Барша байлықтың анасы – Жер,оның атасы - су», «Жертоймай — ел тоймайды», «Жаңбыр жауса, жерге сый» деген нақыл сөздер бекер айтылмаса керек- ті.
Табиғаттың бір бөлігі –өсімдік екені белгілі.Өсімдіктер ішсе тамақ, кисе киім, таза ауа беретін саялы баспана.Өсімдіктің адам баласының денсаулығына берер пайдасы зор.Сондықтанда өсімдікті қорғап, тамаша етіп  өсіру  біздің қолымызда.
Ұшы – қиыры жоқ теңіздей шексіз даланы қанша алуан шөп басып, үлбіреген нәп – нәзік гүлдер бейне  жасыл дастарқандай болып жайылады!
    Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған «Жасыл ел» бағдарламасына терең, саналы оймен түсінуміз керек.Бұл бағдарлама  елімізде экологиялық апатпен күресудің негізгі іс – шарасы екеніне мән бергеніміз жөн.
 К.Д.Ушинский  «Табиғатпен егесу оған зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға  тек оның  заңдылықтарын білу және табиғи  күшін пайдалану  ғана қалды» деген болатын.Табиғатты бақылау, оны қорғау, заңдылықтарын табу, сырын ашу, мектеп ауласын көркейту келешек ұрпақтың қолында.
    «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» деп Елбасымыз айтқандай, туған өлкеміздің гүлденіп, жайқала беруіне өз үлесімізді қосайық!

 

dividers_94               

                  

dividers_94                    

                                                                «Болашаққа эколог болып барайық,
                                                                  Керегіне табиғаттың жарайық.»

                                                               «Барлық мүмкіндік балалардың бойында»
                                                                                                              (Л.Н.Толстой)

   Табиғат – тілін білгенге, сырын ұққанға тәлімі мол мектеп.Дала – адамды еркіндікке баулыса, таулар ерлікке шақырады, орман сергектікке, еңбекке үйретсе, өзен – көл пәктікке, мөлдірлікке үйретеді.Олай болса табиғатты жасандырып, оның әмірімен күшін неғұрлым  толық ашуына қолғабыс  тигізу  әрқайсысымыздың  қасиетті де қастерлі борышымыз. Негізінде бір нәрсеге бас ию керек болса, онда өсімдікке бас июміз керек, өйткені, өмірге, тіршілік етуге қажеттінің барлығын адам өсімдіктен ала алады.
    Жалпы  табиғаттың  бұзылуы  ХХ  ғасырдың   соңындағы  ғылым  мен  техника,білім  саласындағы   жетістіктерімен  теңдесі  жоқ  экономикалық    өрлеумен  сипатталады.Адамзаттың  ұдайы  өсіп,  оны  қанағаттандыратын  биосфераның  қабілетсіздігі  арасында  үйлесімсіздік  туындады.
    Адамдар  үшін  өзін  қоршаған  табиғи  ортаны,оның  асыл  қазыналарын  құртып,  күйретуге  бағытталған  «прогрестің  қажеті  жоқ».Бүгінгі  таңда  табиғи  байлық  көздерін    мейлінше    тиімді  пайдаланып, олардың  қорын  және  өзін  қоршаған  ортасын  бұзылудан,бүлінуден  қорғап, экологиялық  тапшылықты  болдырмауға  бағытталған  игілікті  жұмыстар  атқаруымыз  керек.Осы  тұрғыда жергілікті жердегі  аңызақ пен жиі соғатын  дауылдармен   күресу бағытында   «Экологиялық  сауаттандыру»  тақырыбында  өз  ұсынысымды  білдіремін:

1.Жергілікті  жерлерде  экологиялық  сауаттандыруды  жетілдіру  мақсатында  экологиялық  орталық  құру.
2.Ауыл  көлемінде  жасыл  патрульдер  жұмысын  ұйымдастыру.
3.Ауылымыздың ауа  бассейнінің  таза  сақталуын  бақылау  жұмыстарын  жүргізу.
4.Ауыл  көлемінде  көгалдандыру  жұмыстарын  жүйелі  жүргізу,топырақ  құрамын  анықтау.
5. «Жасыл  дәріхана»  атты  жергілікті  дәрілік  өсімдіктерді анықтау,зерттеу  орталықтарын  жұмыстандыру.
6. «Дарын»   газеттерін  ұйымдастырып  шығару

Адамзаттың  табиғатсыз  күні  қараң ,сондықтан  табиғатқа  оңды  да жауапты  көзқараспен  қарау  біздің  басты  парызымыз  болып  табылады.
   Сондықтан  жас  ұрпақты   экологиялық  сауаттылыққа  шақыра  отырып, өзімнің  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігімді, адамгершілігімді  өз  туындым
«Табиғатқа  арнау »  атты  өлең  шумақтарыммен  түйіндеймін:

dividers_94 

  

    Табиғат тал бесігім, ақ арманым,
    Көрдік біз дүниенің жаңарғанын.
    Алайда қорғаныссыз қалған саған,
    Үміттің ақ желкенін таға алмадым.
                 Саясыз қалды бүгін табиғатым,
                                            Көмегі керек, сірә, жамиғаттың.
                                            Ластаумен  көзсіз мына кең  даланы,
                                            Жамылды әлем халқы «зағип» атын.
                        Ауаны ластап газы көліктердің, 
                        Далаға кей  жан қоқыс төгіп келді.
                        Ағашын отын қылды, гүлін жұлды,
                        Азайды солай жердің көріктері.
                                          Аралым тартылып кап сорымызға,
                                          Тұрмады жер байлығы қолымызда.
                                          Оң жақтан бірі келіп полигонмен,
                                          Ал бірі мұнайлады солымызда.
                       Біреуге бұл игі іс боп көрінгенмен,
                       Мұнай елге байлық  боп  берілгенмен.
                       Ақтауда Каспий жатты зарын айтып,
                       Жапа шегіп біреудің ерлігінен.
                                                                Не пайда?        
                                          Зиянменен келген соң жақсылығы
                                          Басталар енді байлық тапшылығы.
                                         «Судың да сұрауы бар» демей ме ел.
                                          Өзгеден жастарымыз тапсын үлгі.
                     Қайтеміз бөтен жердің мінін іздеп,
                     Алдыменен алайық сынды түзеп.
                     Мына жатқан Қаратөбе жерімде де,
                     Көп – ау сірә жүргендер үкім іздеп.
                                           Қалдығайты ластанды.Жанарда мұң
                                           Көз ашпады қоқыстан далам бүгін.
                                           Адал ниет  халқымның  ақ көңілін,
                                           Таба алмай жүрмін іздеп  ғаламнан сыз.
                   Халайық қолда, міне жастық жалын,
                   Қорғайық, табиғатқа қас қылмағын.
                   Сіз бен біз қолға алайық  үлкен істі,
                   Алауды кеудедегі  бастырмағын.
                                          Өмірдің табиғаттан алары көп,
                                          Жүрейік кешегінің жанары боп.
               Туған жердің тылсымын сақтап қалсақ,
               Бізден де келер жастың табары көп.

dividers_94

dividers_94«Табиғат және адам»
Айнала мұнар, ақ тұман басқан бір күні,
Естілді тыстан әлдененіңаз күркірі.
Далаға шықты адамда мұны түсінбей,
Аңшыдан қашқан азулы аңдай үркиді.
Не  болды? Бұл не? Адастым ба екен есімнен?
Деп тыста тұрды әлгі адам ойы ескірген,
Сол сәтте тағы алыстан шықты бір дыбыс,
 «Бүлдірдің,» - деген», сендерді енді кешірмен.
Адам:-Кімсің сен?Кімсің көрінші бермен көзіме,
Сенейін қалай мына бір айтқан сөзіңе.
Бүлдірдім нені?Кінәлі екем не үшін?
Бетпе – бет келсең түсінер едім өзімде.
Табиғат:-Мен «Табиғат» деген, аялы сенің анаңмын,
Алғыс айтам деп келіп ем  бүгін саған мың.
Алайда оның ауылы алыс секілді
Көргенде мұны тек қана кінә таға алдым.
Осы ма еді маған берген мың уәдең?
Кінәңә  мына болады далам куәгер,
Ластанған  жерім, тартылған суым, дүние...
Бұзылған  болар, қасіретіңнен құр уәде.
Демей ме еді «Табиғат»деген бір тылсым,
Алдыма енді кінәлі боп кеп тұрсың.
Байлығы елдің жатыр ғой әне, омалып,
Қоқыстарыңа  бүгінде болған бір құз шың.
Азаяр десем адамның осы зияны,
Таусылар емес тағыда арман – қиялы.
Кенімді алып, ал өзенімді ластаған,
Мына дүние қашанғы байлық жияды.
Таза ауам қалды түтінін жұтып көліктің,
Далама кетті зауыттан  төгіп қоқыс мың.
Туған анадай табиғатты сыйламас,
Адамзат үшін мен баяғыда өліппін.
Адам:-иә... Екен ғой осы зияным,
Мен сені қалай өлімге әсте қиямын.
Жо – жоқ  мен мұны түзеймін, бәрін түзеймін,
Бүгіннен бастап есімді менде жиярмын.
Демеймін әсте  емеспін мен кінәсіз,
 «Табиғат ана»  қалыпсың күйде тым әлсіз.
Бәріде мұны түсінер білем түсінер,
Сенші енді, бізге сенгенің жөн ғой күмәнсіз.
О,Табиғат деген иесі жердің киелі,
Сен үшін бүгін менің де жаным күйеді.
Қорғайды алда, бұл қаморлығың үшін де,
Алдыңда сенің адамзат  басын иеді.

                                                  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Экология - ел аманаты» шығармашылық жұмысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын, Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған жырысың. Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың, Ол, анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың! Ей, адамдар!Күн мен гүлден жаралған, От сезім мен мейірім содан таралған. Тіршілік иесі – Жер анаға қараңдар! Зор қайғыдан күрсінгенде,Ах, ұрады дүние Жаратылыс заңдылығы бұзылса сонда болар, кім ие? (М.Мақатаев) Адам адам боп туып,адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар рөлі зор. Табиғат бөлшектерінің бәрі – бәрі адамдардың ойына – сана, денесіне – қуат, бойына – күш, өнеріне – шабыт, көңіліне – қанат берері сөзсіз.Алайда осы сәтте көкейде «Біздер сол байлықты қазіргі күні дұрыс пайдаланып жүрміз бе?» деген тосын сауал туындайды. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас екені сөзсіз. Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі – табиғат . Шыны керек , дәл қазіргі уақытта адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып, пайдаға жаратып қоймай, олардың табиғи түріне ірі – ірі өзгерістер енгізуде.Біздің көбіміз күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, өзімізді айналаны қоршаған ортаның күн санап жұтаң тартып, өзінің бірте – бірте табиғи, нағыз кереметінен айырылып бара жатқанын байқаймыз.Бүгінгі күнге дейін сәнімізге сән қосып, көркейтіп тұрған даламыз көз алдымызда құлазып,тозып бара жатқандай. . «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештене болуы мүмкін емес», деген екен жазушы, философ,– ғалым Жүсіпбек Аймауытов. Адам өзінің тіршілік етіп отырған ортасын таза ұстап, ол өмір сүруге қолайлы болу үшін, табиғатпен тығыз қарым – қатынаста болған жөн. «Өспеген табиғаттың аясында, табиғат сұлулығын аясынба?!» осындай даналық сөздердің түбінде не деген үлкен ой жатыр десеңші! Егер әрбір адам өзіне ғана тиесілі аядай жерде қолымыздан келгенінің бәрін жасаса ғой, сонда біздің жеріміз қандай құлпырып, көркейіп, жайнап кетер еді. Барлығы дерлік адамдардың табиғатқа деген адамгершіліктеріне байланысты. Бүгінгі таңда ормандағы ағашымызды отын ретінде кесіп, пайдаланып жатқаны сөзсіз.Табиғатты қорғаудың орнынына адам баласы зиян келтіріп, тіршілік иелерін зардап шектіруде...біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз.Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына...Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз ғана дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.Мен алдымен рахметімді Жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, тамаша табиғат сұлулығын сыйлаған, көрік берген,о қасиетті Жер – ана, сенсің менің ардақтым. Адам баласы үшін табиғат – кең сарай, мәуелі бақ, мәңгі тозбас баспана сияқты.Сондықтанда, өз төріңнің басындағы тәртіп пен тазалықты қалар болсаң, түптеп келгенде табиғатпен санасу,оны қорғау , сонымен қоса күтіп – баптап ,оған қамқор болу - адамзаттың асыл парызы. Сондықтан қазіргі адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі - қоршаған ортаның тиімді қарым – қатынасының негізгі ұстанымдарын қайта қарау.Туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу болып отыр. «Табиғатта сезім бар, құлақ та бар, Ренжітсең, күрсініп, жылып та алар. Аяласаң, жаныңа шуақ тамар, Қажығанда бойыңа қуат болар»,- дейді ақын жүрек. «Өсімдік жер – сәулеті, ел дәулеті.» Жасыл желек көмкерген,аққан өзен, бақша –бау, Көз тартады мұнарланып, шыңы биік, қарлы тау. Гүлің жайнап жеріңде, күнің көкте ойнаған, Ар алдында парызымыз табиғатты аялау. Ұмтылыңдар, адамзат, табиғатты қорғауға, Ядролық қаруды, жарылысты қолданба. Тіршіліктің тынысын тарылтатын, бұзатын, Ластанған ауаны жасау оңай қолдан да. О,Жер – ана киелісің таусылмайтын дастаны, Бағындырған тіршілікті,күллі әлемді баршаны. Өсімдік,құс,жан–жануар,тау мен тастың бәрін де. Жер – ананың ажырамас бір бөлігі табиғат. Табиғатсыз адамдардың күні жоғы ақиқат Химияның құдіреті дамыған мынау ғасырда Табиғатты жан- тәніңмен қорғап өтші, Адамзат. Біз кімбіз? Біз – адамбыз. Адамның достары өте көп. Солардың қатарында өсімдіктер де бар. Олар бізге әрқашан қамқор болған, әрі қамқор бола береді. Егер әрине адамдар олардың достығын құрметтей білсе. Олар қамқорлығымен бірге бізге қуаныш, әдемілік, таза ауа сыйлайды.Біз оларды тірі табиғатқа жатқызамыз. Өйткені олар өседі, өнеді, көбейеді, уақыты келгенде немесе ауырса - солып, тіршілігін тоқтатады. Өсімдіктер күнге қарап бой түзейді, тыныс алады. Оған өсуі үшін: күннің жылуы,таза ауа,су қоректік заттар керек екенін барлығымыз білеміз. Мінекей, оларда адамдар сияқты. Күтімі жақсы болса жақсы өседі, әдемі болады. Күтімі нашар, жоқ болса қисық өседі немесе қурап қалады. Біз бұдан өсімдіктің тірі организм екендігін білеміз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 974 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

ДОКЛАД «ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ ПРИ ПОДГОТОВКЕ ОБУЧАЮЩИХСЯ К ИТОГОВОЙ АТТЕСТАЦИИ ПО БИОЛОГИИ»
  • Учебник: «Биология. Введение в общую биологию и экологию», Каменский А.А., Крискунов Е.А., Пасечник В.В.
  • Тема: Раздел 1. Уровни оганизации живой природы
  • 31.12.2020
  • 259
  • 7
«Биология. Введение в общую биологию и экологию», Каменский А.А., Крискунов Е.А., Пасечник В.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.06.2020 964
    • DOCX 279.5 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Головко Назия Рафиковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Головко Назия Рафиковна
    Головко Назия Рафиковна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77771
    • Всего материалов: 211

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 460 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 159 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек