Инфоурок Всеобщая история КонспектыЕкінші Дүниежүзілік соғыс

Екінші Дүниежүзілік соғыс

Скачать материал

Екінші дүниежүзілік соғыс

 

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/1/19/Second_world_war_europe_animation_small.gif

Екінші Дүниежүзілік соғысының Еуропада жүргізілуі

Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 11939 — қыркүйектің 21945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшінГерманияИталияЖапония тарапынан басталған соғыс1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германиядүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады.

·         1 Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер

·         2 Соғыстың 1-кезеңі

·         Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша)

·         Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан)

·         5 Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )

·         Соғыстың бесінші кезеңі ( 1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек )

·         7 Атлант үшін шайқас

·         8 Курск шайқасы

·         9 Арденна шабуылдары мен Висла-Одер операциялары

·         10 Одақтар арасындағы соғыстар

·         11 Екінші Дүниежүзілік соғыс салдары

Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер

1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапонияүкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, ҰлыбританияФранция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, ЛитваныңМемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния,Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/4c/MolotovRibbentropStalin.jpg/250px-MolotovRibbentropStalin.jpg

Молотов-Риббентроп келісімі

Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия,Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.

Соғыстың 1-кезеңі

Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Санкт-Петербор) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды.

Nazi-parading-in-elysian-fields-paris-desert-1940.png

Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз).

Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша)

1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді.Ең алғаш Брест қамалы құлады.Онда үш дивизияның казармасы бар еді. Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77% - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ). Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ- тың Перл – Харбор базасына басып кірді. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекет үндеу қабылдап, фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12 – 1942 жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – австралия бірыңғай одағын құруға шешім қабылдады. 1942 жылы Жапония АҚШ- тың Тынық мұхиттағы негізгі соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайя, Филиппин, Индонезияныңбасты аралдарын басып алды да, Австралияға қауіп төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитына көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына біршеше соққы беріп, қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан ығыстыра бастады.

Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан)

Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71% - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын – америкалық экспедициялық корпусы ( генерал Д. Эйзенхауер ) франциялықСолтүстік Африка саяси - әкімшілік бірлестігіне ( Алжир, Оран, Касабланка, т.б ) келіп түсті. Бірақ шaбуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін тоығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік Африканы толығымен азат етті. 1943 жылы жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Беларусьті азат етуге кірісті ( қ. Курск шайқасы ). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 жылы жазда Сицилияны басып алып, Апеннин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі құлап, П. Бадольо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ- пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 жылы өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын – американ үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді.

Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )

Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 жылы шілде –қараша айларында Қызыл рмия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар укіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак әскери бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының және болгар әскерларінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақатстар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 жылы желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соққы берді. 1945 жылы 12 -14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатқа дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла – Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солтүстігі мен шығыс Пруссияныбасып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 23 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезіндеЧехословакия мен Батыс Австрияға келіп кірді, 25 сәір күні кеңес – американ әскерлері Торгау қаласы түбінде бір – брімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы ( 16 сәуір – 2 мамыр ) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. 1944 – 1945 жылдары маусым аралығында одақтастар жапондықтарданҮндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті.

Соғыстың бесінші кезеңі ( 1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек )

Постдам конференциясы (1945 жыл 17 маусым – 2 тамыз ) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалинжәне Курил аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт азаттық соғыстың басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 жылы 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды.

Атлант үшін шайқас

АҚШ Атлант төңірегіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитқа көшірді де, 1942 жылдың 1-жартысында жапон флотына бірнеше соққы беріп, корғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшейді. Америка және ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс берін, 1942 ж. жазда оларды Атлант мүхитынан ығыстыра бастады. Соғыстың 3-кезеңі (1942 ж. 19 қараша — 1943 ж. желтоқсан). Гитлерге қарсы одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71%-ы кеңес-герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград түбінде жеңіске жетуі партизан қозгалысы мен Польша, Югославия, Чехословакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б. елдерде Қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 ж. 23 қазанда Солт. Африкада ген. Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренаика, Тобрук, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын — америкалық экспедициялық корпусы (ген. Д.Эйзенхауэр) франциялық Солт. Африка саяси-әкімш. бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б.) келіп түсті. Бірақ шабуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін толығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 ж. мамырда Солт. Африканы толығымен азат етті.

Курск шайқасы

1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын-американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат. Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығ. Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті.

Арденна шабуылдары мен Висла-Одер операциялары

1944 жылдың аяғына дейін одақтастар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Орт. Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 ж. желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соқкы берді. 1945 ж. 12-14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатка дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла — Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солт. мен Шығ. Пруссияны басып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 24 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Бат. Австрияға келіп кірді. 25 сәуір күні кеңес — американ әскерлері Торгау қ. түбінде бір-бірімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы (16 сәуір — 2 мамыр) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхоростта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды.

Одақтар арасындағы соғыстар

1944 — 45 ж. маусым аралығында одақтастар жапондардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндікытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Соғыстың 5-кезеңі (1945 ж. 9 мамыр — 2 кыркүйек). Потсдам конференциясы (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім кабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты кабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Әскер Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солт.- шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. Оңт.-Шығыс Азияда ұлтазаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 ж. 2 кыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөнінде актіге кол койды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс салдары

Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы Отан соғысы

 

 

Ұлы Отан соғысы
Великая Отечественная война

Негізгі қақтығыс: II дүниежүзілік соғысының                               шығыс майданы

Berlin Treptow Ehrenmal 05.jpg
Трептов-парктегі кеңестік жауынгер-азаткерінің ескерткіші.

Дата

1941 ж. маусымның 22  1945 ж.мамырдың 9

Орын

КСРО және Шығыс Еуропа

Нәтиже

КСРО жеңісі

Қарсыластар

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО

Flaga PPP.svg Астыртын Полша
Польша Азат Полша
Румыния Румыния (1944жылдан)
Болгария Болгария (1944жылдан)
Чехословакия Чехословакия
Франция Франсия
Югославия Социалистік Федеративтік Республикасы Югославия
тағы басқалар

Германия Алмания[1]

Италия Италия (1943 дейін)
Румыния Румыния (1944дейін)
Финляндия Финландия (1944дейін)
Мажарстан Мажарстан
Словакия Словакия
Хорватия Хорватия
Болгария Болгария (1944дейін)
Испания Испания
(1943 дейін, еріктілер)

Қолбасшылары

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Иосиф Сталин

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Георгий Жуков
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Константин Рокоссовский
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Иван Конев
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Александр Василевский
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Родион Малиновский
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Иван Баграмян
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Кирилл Мерецков
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Иван Петров
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Семён Тимошенко
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Семён Будённый
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Фёдор Толбухин
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Николай Ватутин
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Климент Ворошилов
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Андрей Ерёменко
Flaga PPP.svg Тадеуш Бур-Коморовски
Польша Зыгмунт Берлинг
Польша Михал Жымиерски
Польша Карол Швиерчевски
Чехословакия Лүдвик Свобода
Югославия Социалистік Федеративтік Республикасы Йосип Броз Тито

Германия Адолф Гитлер

Германия Федор фон Бок
Германия Эрнст Буш
Германия Гейнц Гудериан
Германия Эвалд фон Клайст
Германия Гүнтер фон Клүге
Германия Георг фон Күхлер
Германия Вилгелм фон Лееб
Германия Вилгелм Лист
Германия Эрих фон Манштайн
Германия Валтер Модел
Германия Фридрих Паулүс
Германия Герд фон Рундштедт
Германия Фердинанд Шөрнер
Германия Эрхард Раус
Италия Джованни Мессе
Италия Бенито Муссолини
Италия Итало Гарибалди
Румыния Петре Димитреску
Румыния Константин Константинеску
Финляндия Карл Маннергайм
Финляндия Карл Өш
Мажарстан Густав Яни
Мажарстан Ференц Сомбатеи

^  Значительная помощь СССР была оказана АҚШ и Великобританией (Ленд-лиз). Союзники рейха, в общем счете, в немалой степени способствовали успехам Германии своими ресурсами, войсками и иной помощью. Также на обеих сторонах войны воевали граждане государств/сторон — противников (немецкие коммунисты; РОАГолубая дивизия).

 

 

Ұлы Отан соғысының маңызды шайқастары

Ұлы Отан соғысы (19411945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан,Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.

Мазмұны

·         1 «Ұлы Отан соғысы» ұғымы

·         2 Соғыстың алғышарттары: Германия

·         3 Соғыстың алғышарттары: КСРО

o    3.1 КСРО-ның жалпы жағдайы

o    3.2 КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі

o    3.3 Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері

o    3.4 Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары

o    3.5 Алдын алу соғысына дайындық туралы болжам

·         4 Шайқастары және операциялары

·         5 Шығындар

·         6 Сілтемелер

·         7 Тағы қараңыз

·         8 Сыртқы сілтемелер

o    8.1 Естеліктер

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталинніңрадио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).

Соғыстың алғышарттары: Германия

1929 жылы басталған бүкілдүниежүзілік экономикалық дағдарыстыңсалдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШ,Ұлыбритания, Франция) жүргізген араласпау саясатының арқасында Германия өзіне Версаль келісімінде қойылған талаптарды орындауды мүлдем тоқтатты. Оның үстіне АҚШ-тың компаниялары Германияның қарулануына қолайлы жағдай жасаған қаржы және материалдарды жіберіп отырды. 1926-33 жылдары Кеңес Одағын Липецк және Қазан қалаларындағы полигондарда герман қарулы күштерінің офицерлерін дайындауға атсалысты.

1936 жылы Германия Версаль келісімінің бір бабын бұзып, Рейн аймағына әскерлерін кіргізді. Сол жылы ол Испаниядағы азамат соғысына араласып, бүлік шығарған Франконың әскерлеріне әскери қолдау көрсете бастады.

1933 жылы билік басына ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін Германияда антикоммунистік және антикеңестік көзқарастар күшейе бастады. 30-шы жылдардың ортасынан бастап герман үкіметі міндетті түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») әскери техникасы, әскери қызметкерлерініңайырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады.

1938 жылдың наурыз айында Австрияда референдум өткізіліп, Германия оны өзіне қосып алды (қараңыз: Аншлюс). 1938 жылы Германия, Италия, Англия мен Франция арасында жасалғанМюнхен келісімі бойынша Германияға Чехословакияның Судет аймағында тұратын немістерді қорғау мақсатымен сол аймақты өзіне қосып алуға рұқсат берді. Кейін Германия Чехословакияның қалған бөлігін де оккупациялады (Польшаның қатысуымен).

1939 жылдың қысында Германия Польшаға «Данциг мәселесін» шешуді ұсынды. Польша бас тартты. Һитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды.

1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасаспау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар аймағына бөлісіп алды.

1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастады. Бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғысбасталып кетті. Герман әскерлері 2 аптаның ішінде поляк қарулы күштерін талқандап, поляктар қоныстанған шығыс шекарасы Керзон сызығына дейін жетті.

1940 жылы Германия Дания мен Норвегияны (Дания-Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Недерланд, Люксембургті және Францияның жартысын жаулап алды. Франция тізе бүгуге мәжбүр болды (Франция жорығы).

Францияның тізе бүгуінен кейін Ұлыбритания Германияның жалғыз қарсыласы болып қалды. Германия оған бітім жасасуға ұсынды, бірақ Ұлыбритания бұл ұсынысты қабылдамай тастады. 1940 жылғы шілденің 16-сында ҺитлерҰлыбританияның жеріне басып кіруді ұйымдастыру туралы директиваға қол қойды («Теңіз арыстаны операциясы»). Бірақ герман Әскери теңіз күштерінің басшылығы британиялық теңіз күштерінің қуатының зор екендігіне және вермахтта десанттық операциялар тәжірибесінің жоқтығын тілге тиек етіп, Әскери әуе күштерінің әуеде басымдылыққа ие болуын талап етеді. Ұлыбританияның әскери-экономикалық әлеуетін әлсірету үшін, халқының сағын сындыру үшін, басып кіруге дайындық үшін және британиялықтардың қарсыласуға деген еркін жою үшін 1940 жылдың тамызынан бастап немістер британиялық қалаларды әуеден бомбылау науқанын бастайды (Британия шайқасы).

Ағылшындар бомбылаудың нәтижесінде бейбіт тұрғындардың арасында көп адам шығынын бастан кешіруге мәжбүр болса да, олар неміс әскери әуе күштерін көп шығынға ұшыратып, «Британия шайқасынан» жеңімпаз болып шықты. 1940 жылдың желтоқсан айынан бастап ауа райының күрт нашарлауынан герман ӘӘК (Лүфтваффенің) шабуылдарының қарқыны қатты бәсеңсіді. Немістер өздерінің басты мақсаттары — Ұлыбританияны бітімге келуге мәжбүр етуге қол жеткізе алмады.

1940 жылғы шілденің 31-нде жоғарғы әскери басшылықпен өткізген кеңесінде Һитлер Ресейді 1941 жылдың көктемінде талқандау керек, себебі егер Ресей талқандалса, онда Ұлыбританияның соңғы үміті өшеді, сөйтіп ол да тізе бүгуге мәжбүр болады деп жариялады[1]. 1940 жылдың шілде-желтоқсан айларында КСРО-мен соғыстың бірнеше жоспары қарастырыла бастады, соның ішінде ОКҺ-ның (әскердің бас штабы), генерал Э. Маркстың, Зоденштерннің жоспарлары және тағы басқа жоспарлар қарастырыла бастады. Көп талқылаудың, әскери-штабтық ойындардың және Һитлердің өз кеңсесінде, құрлық әскерінің штабында және басқа да штабтарда өткізілген талқыласулардың нәтижесінде 1940 жылғы желтоқсанның 5-інде генерал-полковник Ф. Гальдер ұсынған жоспардың («Отто жоспары») түбегейлі жобасы мақұлданды.

1940 жылғы қыркүйектің 27-сінде Германия, Италия мен Жапония «Үштік пакт» деп аталатын келісімге қол қойды. Ол келісім бойынша осы елдер ықпал жүргізу аймақтарын бөлісіп алып, өзара әскери көмек көрсетуге келісті. 1940жылдың қараша айында өткізілген кеңес-герман келіссөздерінде неміс дипломаттары осы пактқа қосылуды Кеңестер Одағына да ұсынды. Кеңе үкіметі егер Германия Кеңестер Одағының өз әскерлерін Румы2ния, Болгария, Финляндияжәне Түркияға енгізуге келіссе, онда қосылуға дайынбыз деп жауап берді. Немістер бұл шартқа келіспеді.

Осыдан кейін Һитлер КСРО-ға шабуылдың жоспарын бекітті. 1940 жылғы желтоқсанның 18-нде қарулы күштердің (ОКВ-ның) бас қолбасшылығы Һитлердің өзі қол қойған, КСРО-мен болайын деп жатқан соғыстың негізгі мағынасы және стратегиялық бағыт-бағдары баяндалған № 21 директиваны жіберді («Барбаросса» жоспары). КСРО-мен соғыстың жоспары 1941 жылғы қаңтардың 31-інде шығарылған «Әскерлерді стратегиялық топтау мен орналастыру туралы директива» деген директивада егжей-тегжейлі баяндалды. Оған қол қойған құрлық әскерінің бас қолбасшысы В.Браухич болды.

1940 жылдың аяғында неміс әскерлерін басып алынған Польшаның жеріне жылжыту басталды. Сонымен бірге осы әскерді жылжыту Ұлыбританияға басып кіруді бүркемелеуге арналған операция ғана деп Кеңес үкіметін алдап-арбауға бағытталған дезинформация науқаны басталды

Қарашаның 20-сында Үштік одаққа Венгрия, қарашаның 23інде  Румыния, қарашаның 24-інде — Словакия, 1941жылы — Болгария, Финляндия және Испания қосылды.

1941 жылғы наурыздың 25-інде одаққа Югославия да қосылған болатын, бірақ наурыздың 27-сінде британиялық жансыздардың түрткісімен Белградта әскери төңкеріс орын алып, билік басына Симовичтың үкіметі келді. Ол үкімет жас ІІ-ші Пётрді патша деп жариялап, Югославияның бейтараптығын жариялады. сәуірдің 5-інде Югославия КСРО-мен достық және шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қояды. Германия соны болдырмау үшін Югославияда әскери жорық өткізіп, Грекияда жеңіліске ұшырап жатқан Италия әскерлеріне көмектесуді шешеді. Сол себепті КСРО-ға шабуыл кейінге ысырылды.

1941 жылғы сәуірдің 6-сында ірі қалаларды, темір жол желілерін және аэродромдарды жойқын бомбылағаннан кейінГермания мен Венгрия Югославияға басып кірді. Осы кезде италиян әскерлері немістердің қолдауымен Грекиядашабуылға көшті. Югослав әскері сәуірдің 17-сінде тізе бүкті.

Югославияны талқандағаннан кейін немістер мен италияндықтар бар күштерін Грекияға тастады. Афины қаласысәуірдің 27-сінде жау қолына түсті.

1941 жылғы мамырдың 1-інде Һитлер КСРО-ға шабуыл маусымның 22-сінде бастауды түбегейлі шешті.[2]

Негізі, бар орыс әскері біздің шекараларымызда шоғырланып тұр. Ауа райы жылыған кезден бері көп жерлерде қорғаныс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жағдайлардың қысымымен мен неміс авиациясын Англияға қарсы жібере қалатындай болсам, онда Ресей оңтүстік пен солтүстіктен бізге қысым жасай бастайды деген қауіп бар. Солай бола қалған жағдайда әуеде басымдық бізде жоқ болғандықтан мен тек үндемей шегіне беруге ғана мәжбүр боламын. Авиацияның жеткілікті қолдауынсыз мен Шығыстағы дивизиялардың көмегімен орыстардың қорғаныс бекіністеріне шабуылды жасай алмас едім. Осы қауіпке назар аудармаса, онда біз бүкіл 1941 жылды жоғалтып алуымыз ықтимал, соның өзінде де жағдай жақсыға қарай өзгермес еді. Керісінше, Англия өзінің орыс серіктесіне сеніп, бітімге келуге одан бетер қарсыласатын болады. Оның үстіне олардың осы үміттері орыс қарулы күштерінің дайындығы артқан сайын күшей беретін болады. Ал 1942 жылдан бастап америкалықтардың соғыс материалдарын жаппай жөнелтуі басталатынын алыңыз…

Ақыр соңында мен сізге тағы бірдеңені айтқым келіп еді… Мен осы шешімге келгелі бері өзімді іштей азат сезініп отырмын. Мен осы шиеленісті шешуге қаншалықты талпынсам да, Кеңестер Одағымен ынтымақтас болу менің өзімді зәрде қылатын еді. Себебі бұл менің бүкіл өткен өміріме, менің дүниетанымыма, өзімнің бұрынғы барлық борыштарыма қарама-қайшы келетін. Осы ауыр жүктен енді құтылғаныма бақыттымын.

 Һитлердің Муссолиниге жолдаған хаты, 1941 ж. мамырдың 21.

Германияның экономикасы мен бар тіршілігінің милитаризациясы, жаулап алған елдерінің өнеркісібі мен стратегиялық қорларының немістердің қолына түсуі, жаулап алынған және одақтас елдердің арзан жұмыс күшін қолдану Германияның әскери-экономикалық қуатының елеулі түрде артуына әкелді.

Ұлы Отан соғысының қарсаңында Германияның өзінде және жаулап алынған елдер мен одақтас елдерде жылына 439 млн тонна көмір, 31.8 млн тонна болат өндіріліп, 11 мың зеңбірек пен миномет, 11 мың ұшақ шығарылатын[3], ал 1941 жылдың 1-ші жартысында 1 621 танк пен өздігінен қозғалатын артиллерия қондырғысы шығарылды[4]. Бұл деректерден Германияның өнеркәсіп қуаты жағынан КСРО-ның үстінен басымдылыққа ие болғандығы анық көрінеді. Бірақ қару-жарақ шығару жағынан Германия дәл сондай басымдылыққа ие болған жоқ.

Соғыстың алғышарттары: КСРО

КСРО-ның жалпы жағдайы

КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды.

Жеделтелген индустриализацияның арқасында 30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды. Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту, көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған еді. Әсіресе байланыс құралдарын және автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан. Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы) білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған, индустриализацияланған ел еді. Көптеген өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы Германияны артта қалдырған болатын (танкілер, ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер, оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының осал жағы — әскердің байланыс және басқару құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде болды. Бұл жағынан Германиядан артта қалу елеулі болатын.

Бір айта кетерлігі — КСРО-да негізгі өндірістік қорлары мемлекеттік меншікте болғаны себебінен және КСРО экономикасы мемлекеттің қатаң қадағалауында болғандықтан өнеркәсіптің милитаризация деңгейі мен соғыс жағдайында жұмыс атқаруға қабілеті Германия экономикасына қарағанда әлдеқайда жоғары болатын. Ал Германияның экономикасы жұмылу деңгейі жағынан 1944 жылы «тотал соғыс» жарияланғаннан кейін ғана кеңес экономикасына жақындай алды. Сондықтан соғыстың басында КСРО экономикасының тиімділігі жоғарырақ деңгейде болды.

КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды.

Соған қарамастан ЖШҚӘ өзінің жерінде ірі қорғаныс соғысын жүргізуге дайын еместігін көрсетіп алды. Кейінірек кеңестік тарихнамада бұл «әскери құрылыста, соғыстың басталу уақытын анықтауда жіберілген қателік, әскерді мемлекеттік шекараның маңында орналастыруды кешеуілдету» деп аталды[5].

1937-1938 жылдары орын алған жаппай қуғын-сүргіннің нәтижесінде ЖШҚӘ-нің басқару буыны ауыр шығынға ұщыраған болатын. 5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының 13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186 комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы, 28 корпус комиссарының 25-і атылу жазасына кесілді. Әскери округтар мен әскери құрамалардың басына жас, тәжірибесіз басқарушылар тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі, 17 округ штаб басшыларының 4-еуі өз қызметтеріне тағайындалғандарына жарты жыл толмаған еді. 20 армия қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана жылдан астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің 70%-ының (полк командирінен жоғары) және сол деңгейдегі саяси жұмысшылардың 75%-ының жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді

Зерттеушілердің пікірінше, қуғын-сүргін әскердің қорғаныс қабілетіне кері әсерін тигізді. Олардың пікірінше кадр «тазалаулары» әскердің моралдық жағдайына кері әсер етіп, кейбір азаматтардың Ұлы Отан соғысы кезінде жау жағына өтулерін қуғын-сүргінмен жуып-шаюларын мүмкін етті.

30-шы жылдардың жаппай қуғындарына тікелей қатысқан Молотовтың пікірінше, егер 30-шы жылдардың оқиғалары орын алмағанда соғыстың кезінде сатқындар мен коллаборационистердің саны әлдеқайда көп болар еді


30-шы жылдардың аяғында өткізілген ЖШҚӘ-нің инспекторлық тексерістерінің нәтижесінде ондағы әскери тәртіп пен әскери дайындықтың өте төмен деңгейде болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы буынының білім деңгейі де төмен болғандығы анық болды. Кеңес өнеркәсібі қамтамасыз еткен қуатты әскери техниканың көптігі де осы кемшіліктердің орнын толтыра алмады. Қару-жарақтың, әсіресе танк және ұшақ соққы қосындарындағы қару-жарақ мөлшері бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ барлық басқа елдердің әскерлерінен де көп еді. Бірақ соғыстың басында ЖШҚӘ-нің әскери дайындығы оның қару-жарағының молдығына сай келмеді.

КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/4c/Ribbentrop-Molotov.svg/300px-Ribbentrop-Molotov.svg.png

Германия мен Кеңестер Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісім бойынша Орталық Еуропаның бөлінуі. Сол жағында — 23 тамыздағы протоколдар бойынша болжалғаны, оң жағында — іс жүзінде болған бөлініс. Сарғыш түспен КСРО-ға кететін жерлер, көк түспен Германияның үлесіне тиген жерлер, күлгін түспен Германия басып алған жерлер боялған (Варшава генерал-губернаторлығы мен Богемия және Моравия протектораты)

17 қыркүйекке қараған түні КСРО Германия мен Кеңес Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісімнің құпия протоколдары бойынша Кеңес Одағының ықпалы жүретін аймағыболып белгіленген Польшаның құрамындағы Батыс Украинамен Батыс Белоруссияға басып кірді. 1939 жылғы қыркүйектің 28-інде КСРО Германиямен Достық және шекара туралы келісімжасасты. Ол келісім бойынша екі елдің арасындағы шекара «бұрынғы поляк мемлекетінің жеріндегі екі жақтың мемлекеттік мүдделері түйісетін» [11] сызық, яғни бұрынғы Керзон сызығыбойынша белгіленді. 1939 жылдың қазан айында Батыс Украина мен Батыс Белоруссия ресми түрде Кеңестер Одағының құрамына қабылданды.

1939 жылдың қыркүйегінің аяғы — қазанның басында Германия мен Кеңес Одағының арасындағы шабуыл жасаспау туралы келісімнің құпия протоколы бойынша КСРО-ның ықпал аймағына жатқызылғанЭстония, Латвия және Литва елдерімен келісімдер жасалып, сол келісімдердің негізінде олардың жерлеріне кеңес әскерлері орналастырылды.

1939 жылғы қазанның 5-інде сол қосымша құпия протокол бойынша Кеңестер Одағының ықпалы жүретін айиаққа жатқызылған Финляндияға КСРО өзара көмек туралы келісім жасасу туралы ұсыныс жасады. Келіссөздер қазанның 11-інде басталды, бірақ Финляндия өзара КСРО-ның көмек туралы ұсынысын да, жер алмасу және арендаға беру туралы ұсынысын қабылдамай тастады. 1939 жылғы қарашаның 30-ында КСРО Финляндияға қарсы соғыс бастады. Бұл соғыс 1940 жылғы наурыздың 12-сінде Мәскеу бітіміне қол қоюмен аяқталды. Ол бітімде Финляндия бірқатар аймақтарын Кеңестер Одағына беруге келісті. Алайда Кеңестер Одағы өзінің бастапқы мақсаты — Финляндияның толық бағындыру мақсатына қол жеткізе алмады. Басында Финляндия әскері тез уақытта және аз шығынмен талқандалады деп жоспарланса да, кеңес әскерінің іс жүзіндегі шығыны орасан зор болды. Қызыл Әскердің қуатына басқа елдер күмәнмен қарай бастады. КСРО-дағы сияқты, басқа елдерде де фин армиясын төмен бағалап, қарсыласуға дәрмені жетпейді деп қарастыратын. Сондықтан Қызыл Әскердің фин әскерін соншама ұзақ уақыт жеңе алмауы оның әлсіздігі және соғысқа дайындығының төмен деңгейін көрсетеді деп қарастырыла бастады.

1940 жылғы маусымның 14-інде кеңес үкіметі Литваға, ал маусымның 16-сында Латвия мен Эстонияға ультиматумжариялады. Олардың басты талаптары — бұл мемлекеттер КСРО-ға дос үкіметтерді билік басына келтіріп, өз жерлеріне кеңес әскерлерінің қосымша қосындарын кіргізуге тиістігі болды. Бұл талаптар қабылданды. Маусымның 15-інде кеңес әскерлері Литваға, 17-сінде Латвия мен Эстонияға кіргізілді. Жаңа үкіметтер коммунистік партиялардың жұмысына салынған тыйымдарды алып тастап, кезектен тыс парламенттік сайлаулар өткізді. Үш мемлекеттегі сайлауларда сайлау тізімдеріне енгізілген жалғыз партиялар — коммунистік Жұмысшы халық блоктары (одақтары) жеңіске жетті.Жаңадан сайланған парламенттер маусымның 21-22-лерінде Эстон КСР, Латвия КСР және Литван КСРжариялап, КСРО-ның құрамына ену туралы декларациялар қабылдады. (Тағы қараңыз: Балтық бойы елдерінің КСРО құрамына кіруі (1939-1940)).

1941 жылдың жазында герман шабуылы басталған соң Балтық бойы елдерінің тұрғындары кеңес әскерлеріне қарулы шабуылдар ұйымдастырды. Бұл неміс әскерлерінің Ленинградқа жылжуын тездетті.

1940 жылғы маусымның 26-сында КСРО Румыниядан Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны өзіне беруді талап етті. Румыния бұл талапқа келісіп, 1940 жылғы маусымның 28-інде Бессарабия мен Солтүстік Буковинаның жеріне кеңес әскерлері енгізілді. 1940 жылғы тамыздың 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің VII-ші сессиясында Молдаван Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы туралы заң қабылданды. Молдаван КСР-сының құрамына мына аумақтар енгізілді: Кишинев қаласы, Бессарабияның 9 уезінің 6-ы (Бельцы, Бендеры, Кагул, Кишинев, Оргеев, Сорок) жәнеТирасполь қаласы. Бұрыңғы Молдаван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының 14 ауданының 6-ы да Молдаван КСР-ының құрамына кірді. МАКСР-дің қалған аудандары және Бессарабияның Аккерман, Измаил және Хотин уездері Украин КСР-ының құрамына кірді. Украин КСР-ының құрамына Солтүстік Буковина да кірді.

КСРО-дан кейін Германияның одақтастары Венгрия мен Болгария да Румыниядан жер талап ете бастады. 1940 жылғы тамыз айында Румыния Трансильванияның жартысын дерлік Венгрияға, ал қыркүйек айында Добруджаныңоңтүстік бөлігін Болгарияға берді.

Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері

1941жылдың бірінші бөлігінде кеңес барлауы немістердің шабуыл дайындап жатқаны туралы хабарлаумен болды. Хабарларда қарама-қайшылықтар кездесіп отырды. Мысалы, шабуыл басталатын күн (мамырдың 1-і, 15-і, маусымның басы, 22-ші маусым), соққылардың бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен араластырып, түрлі буындар арқылы таратқанының салдары болды.

Кеңес жетекшілері барлаушыларға әрқашан сене берген жоқ, себебі кейде олардың берген ақпараттары (мысалы, Рихард Зорге жіберген мәліметтер) расталмай отырды. Кейбір дерек көздері бойынша, Германияның соғыс бастайтыны туралы ескертулер қарама-қайшы (ал қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, кейде тіпті жалған) мәліметтер қамтып отырды. Ақпарат шынайы болған күннің өзінде одан жаңсақ қорытындылар жасалып отырды (мысалы, әскери барлаудың жетекшісі Голиковтың қате қорытындылары). Германиямен жасаспау туралы келісім, неміс әскерилерінің Британия аралдарына дайындалып жатқан шабуыл туралы әңгімелері[12] 1941 жылы соғыс болмайтын шығар деген үміт тудырып отырды[13]. Германия басқа шабуылдарының қарсаңындағыдай, ешқандай саяси талаптар жасамады.

Сталин Германияның шабуыл жасауы мүмкін екендігі туралы барлау мәліметтеріне сенбеді.[3]

Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары

1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан Днепрдің батысына, шекараға жақынырақ жерге жылжытыла бастады. Шекаралық дивизияларды толықтыру үшін запастан 800 000 адам әскерге шақырылды, маусымның 16-18-дерінде шекаралық округтардың резерв дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекараның маңында бекіну туралы бұйрық берілді. Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы басталғаннан кейін анық болды. Әскерлер неміс шабуылын жүздеген шақырымға созылған, ұйымдаспаған күйде қарсы алуға мәжбүр болды.

1941 жылғы маусымның 18-інде КСРО-ның әскери теңіз флоты мен шекара әскерлері ұрысқа әзірлік жағдайына келтірілді. ЖШҚӘ-ге бұндай бұйрық тек маусымның 21-інде ғанаберілді.

Сталиннің 1941 жылдың мамыр-маусым айларындағы әрекеттеріне талдау жасағанда мына жайттарды есте сақтау керек:

·         Мамырдың 5-інде Сталин әскери академиялардың түлектерінің алдында сөз сөйледі, ал содан кейін «сталиндік бейбітшіл сыртқы саясат үшін» жасалған тосқа былай деп жауап берді: «бейбітшіл саясат деген жақсы нәрсе ғой, бірақ біз енді әскерімізді қайта құрып болғаннан кейін, осы заманғы шайқасқа сай келетін техникамен жарақтандырып болғаннан кейін, күшті болып алғаннан кейін, енді біз қорғаныстан шабуылға өтуіміз керек. Еліміздің қорғанысын іске асыра отырып, біз шабуылдайтын болуымыз керек. Қорғаныстан біз шабуылға өтуіміз керек».[11] (документ № 437)

·         Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында қорғаныс халық комиссары Тимошенконыңжәне Бас штабтың басшысы Жуковтың атынан, Василевскийдің қолымен жазылған, қол қойылмаған бір қаитынас қағазы бар. Бұл қағаз 1941 жылғы мамырдың 15-інен бұрын жазылмаған. Қағаз Сталинге арналған, онда «Германия мен оның одақтастарымен соғыс болған жағдайға дайындық үшін Кеңес Одағының қарулы күштерін стратегиялық орналастырылуы туралы ұсыныс-пікірлер» келтірілген. Онда былай делінеді: «Германияның әскері сақадай сай дайындық күйіне келтіріліп, тылдары толығымен жазылып-дайындалғандықтан, ол қазіргі таңда бізге кенеттен шабуыл жасауы әбден ықтимал. Осыны болдырмау үшін және неміс әскерін талқандау үшін біз герман қолбасшылығының алдын алып, неміс әскері енді ғана орналасып, әлі майдан және әскер түрлерінің өзара істесуін ұйымдастыра алмайтын кезінде алғашқы соққы беруіміз керек деп ойлаймын». Одан әрі әскери қимылдардың жоспары баяндалады:

«Бірінші кезектегі мақсат — Висла өзенінің шығысында және Краков бағытында орналасқан герман әскерін талқандап, Наров, Висла өзендеріне жетіп, Катовице аумағын иемденіп алу. Ол үшін мыналарды істеу қажет: а) Германияны оңтүстік одақтастарынан ажырату үшін Оңтүстік-Батыс майданның күштерімен басты соққыны Краков, Катовице бағытында жасау керек; ә) Варшава әскер тобын байлап, Оңтүстік-Батыс майданға көмек көрсету үшін қосымша соққыны Батыс майданның солтүстік қанаты Седлец, Демблин бағытында жасауы керек».

·         1965 жылы Г. Жуков әскери тарихшы В. А. Анфиловқа мынаны айтып берді:

«Германияның шабуылының алдын алу туралы ой Тимошенко екеуімізде Сталиннің 1941 жылғы мамырдың 5-інде әскери академияларды бітірушілердің алдында біз енді шабуыл жасайтын болуымыз керек деп сөз сөйлегеннен кейін пайда болды. Қарсылас біздің шекараларымыздың маңында өз әскерін шоғырландырып жатқанда Сталинның осылай сөз сөйлегені бізді алдын ала соққы беру туралы директива дайындау керектігіне сендірді. Құжатты дайындау жұмысы А. М. Василевскийге тапсырылды. Мамырдың 15-інде ол директиваның дайын жобасын қорғаныстың халық комиссарына және маған тапсырды. Бірақ біз бұл құжатқа қол қоймадық, алдымен оны Сталинге көрсетуді ұйғардық. Неміс әскерлеріне алдын ала соққы беру туралы ести салысымен ол бұлқан-талқан болып ашуланды. «Сендер немене, немістерді арандатқыларың келе ме?» - деп қорс ете қалды. Біз КСРО-ның шекарасында қалыптасып отырған жағдай туралы, оның мамырдың 5-індегі сөйлеген сөзінде айтылған ойларға негізделгенімізді айттық… «Мен бұны сондағыларды жігерлендіру үшін ғана, олар бүкіл дүние жүзінің газеттері айтатын неміс әскерінің еш жеңілмейтіндігі туралы емес, жеңіс туралы ойласын деп қана айттым!» - деп Сталин барқ етті. Осылай алдын ала соққы беру туралы жоспар аяқсыз қалды…» Жуков дәл осындай оқиғаны әскери тарихшы Н. А. Светлишинге де айтты.

·         Бұрынғы партия мұрағатында Бас саяси басқарманың жетекшісі А. Щербаковтың уақыты 1941 жылғы маусымның басы деп көрсетілген әскери-саяси пропаганданың жай-күйі туралы директиваның жобасы бар. Оның ішінде тағы былай делінеді: «халықаралық жағдай мейлінше шиеленісті, біздің ел үшін әскери қатер бұрынғыдан да төне түсті. Бұл жағдайда «бөтен елдің жерінде өз елімізді қорғау» деген лениндік ұран кез келген мезетте іс жүзіне асырыла алады. Кеңес Одағының өміріндегі орын алған түбегейлі өзгерістер осындай.

Елде орнаған осы жаңа жағдай партия ұйымдарынан Қызыл Әскерді және бүкіл кеңес халқын жалынды патриотизм, революциялық батылдық және дұшпанға қарсы жойқын шабуыл бастауға әрқашан дайын болу рухында тәрбиелеу үшін партиялық-саяси жұмысында түбегейлі бетбұрысты талап етеді».[11] (документ № 512)

·         1941 жылғы маусымның 13-інде С. Тимошенко пен Г. Жуков Киев ерекше әскери округының басшыларына 1941 жылғы шілденің 1-іне дейін барлық «тереңде орналасқан» дивизиялар мен корпус басқармаларын мемлекеттік шекараға жақынырақ орналасқан жаңа лагерлерге жылжыту туралы директива шығарды. Осы сияқты директива сол кезде Батыс ерекше әскери округының басшыларына жіберілді.[11] (документы № 549 и № 603)[11]

·         Маусымның 14-інен 19-ына дейін шекара маңы округтарының басшылары маусымның 22-23-іне дейін майдандық (армиялық) басқармаларды далалық пункттерге шығару туралы бұйрықтар қабылдады.[11]

К. Рокоссовский былай деп жазған: «Біздің авиацияның алғы шептегі аэродромдарда шоғырландырылуына және орталық маңызы бар қоймаларды майдан маңындағы аумақта орналастырылуы алға секіріс жасауға жүргізілген дайындық сияқты болып көрінді де, әскердің орналасуы мен әскерде жүргізілген шаралар соған сәйкес болмады».

Б. Шапталов бұл жайттарды былай түсіндіреді: Сталин 1941 жылдың шілде-тамыз айларында неміс әскері Ұлыбританияға десант операциясын жасап, басып кіреді деп күткен болатын. Осындай операция жасала салысымен Сталин Польшадағы неміс әскерлеріне соққы беруді көздеді.

Әскер шабуыл қимылдарына дайындалып келгендіктен және ауқымды әскерлер мен қоймалар шекараның маңында орналастырылғандықтан, бірақ артиллерия әлі де полигондарда болып, авиация дала аэродромдарында сиретіліп орналастырылмағандықтан, 1941 жылғы маусымның 22-сінде шекара маңындағы әскери округтардың әскерлері тиімді қорғаныс ұйымдастыруға мүмкіндіктері болмай, шекара маңындағы ұрыстарда тез талқандалды.[4]

Алдын алу соғысына дайындық туралы болжам

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін [[Тағы қараңыз Алманияның Кеңес Одағына алдын алу соғысы туралы болжам ]] деген бетті қараңыз.

Сталиннің Германияға қарсы шабуыл жасауға дайындалып келгендігі туралы болжам алғаш рет Һитлердің КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін Германия халқына сөйлеген сөзінде және Германия елшісі Шуленбургтың Молтовқа тапсырған ресми нотасында айтылды. КСРО жеріне басып кірудің алдында Кеңес Одағы Германияға шабуыл дайындап жатыр деген қауесет герман әскерлерінде жүгізілген насихаттың бір бөлігі болды. Вермахттың бір жауынгері сол оқиғаларды былай еске алады:

«Соғыстың басында бізге насихатталған басты ой мынау болды: «Ресей келісімді бұзып, Германияға шабуыл жасайын деп жатыр. Біз тек жылдамырақ әрекет еттік». Сол кезде бұған көп адамдар сеніп, Сталиннің шабуылының алдын алғынымызды мақтан тұтатынбыз. Арнайы майдан газеттерінде бұл туралы көп айтылды. Біз соларды оқып, офицерлерді тыңдап, сенетінбіз» — Һелмут Клаусманн, 111-ші жаяу әскер дивизиясы.

Шайқастары және операциялары

Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар:

·         Ленинград шайқасы (1941 шілденің 10-ы — 1944 тамыздың 9-ы)

·         Мәскеу түбіндегі шайқас (1941 қыркүйектің 30-ы — 1942 сәуірдің 20-сы)

·         Сталинград шайқасы (1942 шілденің 17-сі — 1943 ақпанның 2-сі)

·         Курск шайқасы (1943 жылғы шілденің 5-сі — тамыздың 23-і):

·         Берлин шайқасы (1945 жылғы сәуірдің 16-сы — мамырдың 8-і)

 

 

Тақырыбы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Потсдам(Берлин) конференциясы. Біріккен Ұлттар Ұйымын құру.

Пән : Дүние жүзі тарихы

Сабақтың  мақсаты .

Білімділік :Оқушыларға екінші дүние жүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы 

 шайқастар, соғыстың салдары жайында түсіндіру.БҰҰ-ның әлемдік қарым-қатынасты ізгілендірудегі атқарған іс-шараларына баға беру.

Дамытушылық : Тақырып бойынша өз бетінше іздену, зерттеу, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрісін дамыту.Материалдарды  тұжырымдап аяқтау, жүйелі ойлау мен талдай білу, бірлесіп және өздігінен  жұмыс істеу дағдыларын  жетілдіре отырып, оқушының жан- жақты іздене білуін қалыптастыру

Тәрбиелік :Оқушыларға отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру және  оларды өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы

а) оқу-көрнекілік  құралдар :

• «Екінші дүниежүзілік соғыс қорытындылары » кесте, суреттер.

• Екінші дүниежүзілік соғыстың картасы.

• 1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысының картасы;

б) ТОҚ :  Интерактивті тақта (Слайд)

Пәнаралық байланыс : Саясаттану,қазақ әдебиеті.лғашқы әскери дайындық                          

Қолданылатын  әдебиет

Негізгі:Г.К.Көкебаева, Ж.И.Салпынов «Қазіргі заман тарихы»

Қосымша: О.С.Сорока-Цюпа, В.П.Смирнов, А.И.Строганов, Г.Д.Сүгірбаева

                   «XX-ғасырдағы дүние жүзі».  Ә.Шүпеков, К.Қожахметұлы,    

                    М.Дәкенов, М.Сембинов  «Дүние жүзі тарихы»

Сабақ жоспары:

I.                  Ұйымдастыру кезеңі.                                                      ( 2 мин)

II.               Оқушылардың біліктілігі  мен  дағдысын тексеру (23 мин)

III.           Жаңа тақырыптың мазмұнымен жүйесі.                  (25 мин)

IV.           Жаңа материалды бекіту                                              ( 5 мин)

V.               Сабақтың қорытындысы                                             ( 5 мин)

VI.           Рефлексия                                                                        ( 5 мин)

VII.        Бағалау                                                                             ( 5 мин)

VIII.    Үйге тапсырма.                                                                (5 мин)

Сабақтың өту барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

-Оқушыларды түгендеу.

-Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу.

II.Оқушылардың біліктілігі  мен  дағдысын тексеру

1)    «Кім,қайда,қашан?»

1

1917жылғы Социалистік революцияның көсемі?

 В.И.Ленин

2

«14-пунктің» авторы АҚШ президенті

Вудро Вильсон

3

АҚШ «Жаңа бағыт» саясатының авторы?             

Ф.Д.Рузвельт

4

«Менің күресім» деп аталған еңбектің авторы?    

А. Гитлер

5

Романовтар әулетінің соңғы патшасы?

II-Николай

6

«Пейілдендіру саясатын» белсенді жүргізген ағылшын премьер-министрі?

 Невелл Чемберлен

7

1914жылы 28-маусымда Сараевода өлтірілген ханзада?

Франц Фердинанд

«Кім?»

                                                             «Қайда?»

1

Социалистік революцияның бесігі болған қала?                      

Санк- Петербург

2

1917жылы 28-шілдеде Австрия-Венгрия соғыс жариялады?        

Сербияға

3

1918жылы 11-қарашада 1-дүниежүзілік соғыс аяқталды

Компьен орманында

4

А.Гитлер «Майн кампф»  деген кітап жазды?                                  

Түрмеде

5

Жапония 1931жылы басып кірді?                                                 

Маньчжурия

6

1932жылы Лозанна конференциясында репарация төлеуден босатылды?

Германия

7

1922жылы қазан айында фашистік отрядтар жорық жасады?          

Римге

 

«Қашан?»

1

I-Дүниежүзілік соғыс аяқталды?                        

1918жылы 11қарашада

2

КСРО құрылды?                                               

1922жыл 30-желтоқсан

3

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс болды?

1929-1933жыл

4

«Дауэс жоспары» қабылданды?                               

1924жылы

5

Шабуыл жасаспау туралы кеңес-герман пактісіне қол қойылды?

1939жылы 23-тамыз

6

Екінші дүниежүзілік соғыс басталды?

1939жыл 1-қыркүйек

7

Ұлы Отан соғысы басталды?

1941жыл 22-маусым.

 

 

II Дүние жүзілік соғыс жылдарында бұл адамдардың есімі несімен белгілі болды?

1

Риббентроп    

Германия сыртқы істер министрі

2

Ф. Рузвельт 

АҚШ президенті

3

Д. Эйзенхауэр

Одақтастар әскерін басқарған американ генералы

4

У. Черчилль

Ұлыбритания премьер-министрі

5

Шарль де Голль

Франция Қарсыласу қозғалысының жетекшісі

6

В. Молотов

1939жылы 23-тамызда құпия хаттамаға қол қойған КСРО сыртқы істер министрі

7

Г. Жуков

1945жылы  8-мамырда Германияның жеңілгендігіне қол қойған маршал)

8

Кейтель

1945жылы  8-мамырда Германияның жеңілгендігіне қол қойған фельдмаршал)

9

Паулюс-

1942жылы 19-қарашада Кеңес әскерлері Сталинград түбінде үлкен шайқас бастады, соның нәтижесінде 22-фашист дивизиясы қоршауға алынды. Екі айға жуық қарсылық көрсетуден кейін генерал- фельдмаршал Паулюс басқарған7-неміс армиясы тізе бүкті.)

10

Иосип Броз Тито

Югославия азаттық  күресінің жетекшісі

 

 

 

 

Әскери операцияларға баға бер?:

 

 

 

 

1

“Барбаросса”

Фашистік Германияның Кеңес Одағын жылдам талқандау

жоспары

2

“Ост”

Фашистік Германияның  Кеңес Одағымен Шығыс Европаны  мекендеген халықтарды қырып-жою жоспары

3

“Вайс”

Польшаға шабуыл жасау жоспары

4

“Теңіз арыстаны”

Аңглияны әуеден үздіксіз бомбалау жоспары

5

“Тайфун”

Фашистік Германияның Мәскеуге шабуыл жоспары

6

“Эдельвейс”

Фашистік Германияның Солтүстік Кавказды жаулап алу

 жоспары

7

“Цитодель”

Гитлер армиясының Курск аймағына басып кіру жоспары

8

“Багратион”

Қызыл Армияның Белоруссияны азат ету жоспары

9

“Оверлорд”

1944жылы 6-маусымда Францияның солтүстік -батысында Нормандияда  ағылшын-американ әскерлерін түсіру бойынша «Оверлорд» операциясы басталды, оның мақсаты екінші майданды ашу. 

10

Уран

Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу

 

Болған оқиғаларды жаз:

1

1938жыл

29-30қыркүйек

«Мюнхен келісімі»                                 

2

1939жыл 30-қараша

1940жыл 12-наурыз

Кеңес-Фин соғысы

3

1940жылы

27-қыркүйек

Германия,Италия, Жапония мемлекеттері «Құрыштық пактіге» қол қойып, әскери -саяси одақ құрды

4

1941жыл наурыз

АҚШ конгресі Ленд-лиз заңын қабылдады

(қарыз беру заңы)

5

1941жыл 8-желтоқсан

АҚШ конгресі Жапонияға соғыс жариялады

6

1941жыл 11-желтоқсан

Германия мен Италия АҚШ-қа соғыс жариялады.

7

1943жыл  28-қараша

                 1-желтоқсан

Тегеран конференциясы

8

1941жыл 14-тамыз

АҚШ пен Ұлыбритания «Атлантикалық хартия» деп аталған құжатқа қол қойды.

9

1942жыл 1-қаңтар

Вашингтонда 26-мемлекет фашистік елдер одағына қарсы бірігіп күресу туралы құжатқа қол қойды.                               

10

1943жыл 25-шілде

Италияда Муссолини орнынан түсіріліп, қамауға алынды.

 

Терминдерге түсінік бер:

1

Автотаризм

 

2

Тотолитаризм

 

3

Модернизация

 

4

Фашизм

 

5

Шовинизм

 

6

Репорация

 

7

Ленд – Лиз

 

8

Миллитаризм

 

9

Конвенция

 

10

Агрессия

 

 

 

 

 

 

 

 

Р/с

Жылдар

Шайқастар

 

1

1942жыл 19-қараша

1943жыл  2-ақпан

 

Сталинград шайқасы

 

2

 

1941жыл 10-шілде

1944жыл  9-тамыз

Ленинград шайқасы

(900 күн)

 

3

 

1943жыл 5-шілде

1943жыл 23-тамыз

Курск доғасындағы шайқас

 

4

 

1941жыл 30-қыркүйек

1942жыл 20-сәуір

Мәскеу үшін шайқас

 

5

 

1945жыл 16-сәуір

1945жыл 8-мамыр

Берлин шайқасы

 

6

1941жыл 7-желтоқсан

Перл – Харбор шайқасы

 

7

1943 жылдың

қыркүйек- қараша

Днепр үшін шайқас

 

8

1945жыл қаңтар

Висла-Одер операциясы. Шайқас Балтық теңізінен

Карпатқа дейінгі майданда жүргізілді.

 

 

III.Жаңа  тақырыптың мазмұны  мен жүйесі

Жоспар

1.   Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.Соғыстың қорытындылары.

2.   Патсдам(Берлин) конференциясы

3.   Біріккен Ұлттар Ұйымын құру.

 

1.   Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Соғыстың қорытындылары.

 

XVII ғасырда

3млн 300мың адам

 

XVIII ғасырда

5млн 200мың адам

 

XIX ғасырда

5млн 500мың адам

 

 

Негізгі көрсеткіштері

Бірінші дүниежүзілік соғыс

Екінші дүниежүзілік соғыс

(2194-күн)

1

Басталуы және аяқталуы

1914жыл 28 шілде

1918жыл 11 қараша

1939жыл 1 қыркүйек

1945жыл 2 қыркүйек

2

Соғыстың ұзақтығы

4жыл 3 ай

6жыл

3

Соғысқа қатысқан мемлекеттер саны

38

72

4

Шайқастар

Марна шайқасы,

 Верден шайқасы     Сомма шайқасы, Капоретта шайқасы,

Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск доғасы, Перл-Харбор.

5

Қолбасшылар

Генерал:Шлиффен,

Генерал А.А.Брусилов,

Француз қолбасшысы:

Нивель, Француздар  бас қолбасшысы:

Ж.Ж.Жоффр

Генерал:Д.Эйзенхауэр,

Маршал: Г.К.Жуков,

Генерал: Д.Макартур,  генерал Эрвин Роммель,

К.К.Рокоссовский,Н.Ф.Ватутин, А.И.Еременко,

6

Қару түрлері

Ұшақ, Минамет, Танк, Химиялық қару

«Катюша»

Атом бомбасы

7

Соғысқа қатысқан мемлекеттердің халық саны

1 млрд –тан астам адам

1,700млрд адамды құрады

8

Соғыс қимылдары өткен жер көлемі

Соғыс 4 млн шаршы шақырым жерді қамтыды.

 

Соғыс 22млн шаршы шақырым жерді қамтыды.

9

Әскерге мобилизация-ланғандардың саны

70 млн адамнан астам

110 млн адамнан астам

10

Қаза тапқандар саны

13,6 млн адамнан астам

64 млн адамнан астам

11

Жараланғандар мен мүгедектер

20 млн жуық

90 млн адамнан астам

12

Материалдық шығындары ( млрд доллар есебінде)

360

4000

13

              КСРО

Ұлы Отан соғысы

(1418күн)

 27 млн. адам қаза тапты, 2,6 млн. адам мүгедек болды, 1710 қала мен қала типтес елдімекендер қирады, 70 мың ауыл жойылды,25млн адам баспанасыз қалды, 32мыңнан астам өнеркәсіп істен шықты.

14

Қазақстан

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Барлығы-11600адам, Қазақстандықтар 497, қазақтар 97, қазақ қыздары 2.

ҰОС-да қаза тапқан қазақстандықтар 600мыңнан астам.

Соғысқа 500 мың қазақ аттанған. Оның 70% қайтыс болған

 

2.   Патсдам(Берлин) конференциясы

 

Тегеран

конференциясы

Ялта (Қырым) конференциясы

Потсдам (Берлин) конференциясы

1

1943жыл 28 қараша

                  1 желтоқсан.

1945жыл.4-11 ақпан.

 

1945жыл.17 шілде

                  2 тамыз

 2

КСРО-И.Сталин,

АҚШ-Ф.Д.Рузвельт,

Аңглия- У.Черчилль

И.Сталин,

Ф.Д.Рузвельт,

У.Черчилль

КСРО- И.В.Сталин,

АҚШ- Г.Трумэн,

Англия-У.Черчилль

( 28-шілдеден кейін

Климент Эттли)

3

1944жылғы соғыс қимылдарын бірлесе жүргізу мәселесін және соғыстан кейінгі реттеу мәселесін талқылау.  Екінші майданды ашу.

Германияны талқандаған соң КСРО Жапонияға қарсы соғыс ашуға уәде берді.

Германияның болашағы туралы шешім қабылдау.

Германияны талқандағанша соғысты жалғастыру, фашистік ұйымдарды тарату, соғыс өнеркәсібін жойып, демократиялық бостандықтарды қалпына келтіру. Германияны талқандаған соң КСРО 2-3 айда Жапонияға қарсы соғыс ашуға тағы да  уәде берді.

 

Соғыстан кейінгі Германия мәселесін реттеу: Герман әскерін тарату, соғыс өнеркәсібін жою, ұлттық- социалистік партияны жою, халықаралық әскери трибунал құру, Шығыс Пруссияның Кенисберг қаласы-КСРО-ға берілді.

Шығыс Германиядан алынатын төлемдерді түгел иемденуге келісті.

1945ж 8-тамыз КСРО Жапонияға соғыс жариялады.

 

 

 

 

 

3.Біріккен Ұлттар Ұйымын құру.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Қазір  БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді.Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының күні деп жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.

§   

Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

бүкіл әлемде бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтау;

ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

БҰҰ алты негізгі органдардан тұрады.

1.Бас Ассамблея , 2.Қауіпсіздік Кеңес   (15-5)  3.Экономикалық және әлеуметтік кеңес

4.Хатшылық –       5.Қамқорлық жөніндегі кеңес        6.Халықаралық сот

 

16 арнаулы мекеме: Дүниежүзілік банк, МАГАТЭ, ЮНЕСКО, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ң балалар қоры(ЮНИСЕФ),БҰҰ-ң өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекесі,т.б., және арнаулы комиссиялар: Халықаралық Құқық комиссиясы, Халықарықаралық Сауда құқығы жөніндегі комиссиясы.

 

 

IV. Жаңа  материалды бекіту, біліктілік  пен  дағдыны қалыптастыру

1.  Германия мен Жапония озбырлық саясат жүргізгені үшін қалай

      жазаланды?

2.  Қырым-Патсдам жүйесіне сәйкес шекаралар қалай өзгерді?

3  БҰҰ алдында қандай мақсаттар мен талаптар қойылған?

4. Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларының тасталуына сендердің

   көзқарастарың қандай?

 

V.Сабақтың қорытындысы

1. Потсдам конференциясы қандай мақсатпен шақырылды?

2.Қазақстан БҰҰ-на нешінші жылы мүше болды? (1992жыл 2-наурыз)

3. Алпыс жылдан аса уақыт бойына жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмауға    

   дүниежүзілік қауымдастықтың қолы қалай жетіп отыр? Келешекте мұндай   

   соғыстардың болмайтындығына кепілдік бар ма?

4. Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарың?

 

VI. Рефлексия 

1.Сабақтан алған әсерлерің қандай? Ұнады ма?

2.Сабақта өз білімімді көрсете алмадым деген оқушылар қол көтеріңіздер?

   Себебі неде деп ойлайсыңдар?

3.Бүгінгі сабақтан нені түсіндік деп ойлайсыңдар?

VII. Бағалау

                                                     VIII. Рефлексия.

 

1.   Менің сабақтағы көңіл-күйім?

2.   Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?

3.   Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?

4.   Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны

 

IX. Үй  тапсырмасы:

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Патсдам конференциясы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы.

1)    «Бәрімізге ортақ Ұлы Жеңіс» тақырыбында шығарма жазу.

2)    I-топқа  А.Гитлер

II-топқа  А.Македонский

III-топқа  Шыңғысхан.

Берілген тұлғаларға сипаттама беру (ортақ мақсаттары қандай, мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері қандай, нәтижесі).

3)    Отан туралы мақал-мәтелдер.

Мысалы:  «Отан үшін отқа түс күймейсің» Б.Момышұлы.

4)    «Ұлы Отан Соғысы кезіндегі Қазақстан» атты реферат немесе қысқаша баяндама дайындау.

 

 

 

 

 

 

 

Орталық және Оңтүстік шығыс Еуропа елдері. ХХғ. Екінші жартысында.

Шығыс Еуропа елдеріндегі экономикалық жағдайы 70-жылдардың соңымен 80-жылдардың басында әлеуметтік мәселелер пайда болды. Жұмыссыздық пайда болып инфляция өрістей түсті және азық-түлікпен қамтамассыз ету нашарлады. Социализмнің үстемдігі шайқалып жұмыссыздық жоқ деген жасыруы мүмкін емес еді.

Социализмнің шарасыздығын білген халық тоталитарлық режимге мойынсұнбады. Тоталитарлық социализмнің тоқырауы жалпы экономикалық, саяси, моральдық тұрғыдан дағдарысқа алып келді. Оның шешудің негізгі жолы болып 1985 жылғы КСРО-ғы «қайта құру» процессі еді.

Ол дегеніміз елдегі КСРО-ғы сияқты саяси жағдайлар мен тарихи жағдайға баға беру басталды.

КСРО-ның басшысы Горбачев 80 жылдың аяғында «Шығыс Еуропа стратегиялық маңыз жоқ және экономикалық, саяси қажеттілігінің маңызы жоқ» — деді. Ал, Егор Лихачев 1987 жылы Венгер теледидарына «Әр бір өз даму жолын таңдайды».

Осы кезде Шығыс Еуропа мемлекеттерінде революциялық жағдай ерекше жағдайға келді. Авторитарлық-бюрократиялық режим осындай жағдайға қарсы шара қолданғанымен ешбір нәтижесі болмады.

Революцияға қозғау болған жағдайлар: саяси-экономикалық және әлеуметтік салалар нашарлау себеп болды.

Еуропа қалаларында Берлин, Прага, Лейпцинг, София және Бухарестегі мыңдаған халықтардың жалпы шерулері революцияның бүкілхалық дәрежеге ие болды. Бұл жерде халықтың басым бөлігін жастармен  студенттер құрады. Олардың негізгі талаптардың бірі демократиялық билік орнату, ал, авторитарлық-бюрократиялы режимді құлату болды. Көптеген  мемлекеттерде қөппартиялық дамып ел билігіне араласа бастады.

Шығыс Еуропадағы 40 жылдардың соңғы ширегіндегі революциялармен ерекшелігі мен ұқсастығы ол ең алдымен биліктің 40 жылдарда басып алып одан кейін таталитарлық режимнен социализмді құру болса ал, 1989 жылы саяси режимді құлату одан оппозициялық күш келуі соңы капитализмді құру.

Экономикалық реформада бағыттары: ақша-товар қатынасын орнықтыру, жеке қәспкерліктің мойындау, орналықтанған экономиканы саясаттан ажыратып, шаруашылықты демократиялық түрге көшіруі.

Шығыс Еуропаның әрбір мемлекеттерінде ұлттық мүделеріне сай революция жүрді. Соңғы жылдарда басты қиындық туғызып отырған ол бұрынғы КСРО-территориясының мемлекеттерінен заңсыз имегранттар.

Саясатты туралы айтар болсақ 1989 жылға дейін елді екі билік партия басқарды. Ол коммунистік, Ұлттық орронт.

1989 жылғы 17 қарашада Чехословакияда «Бархат революциясы» Студенттердің бас қөтеруімен басталады. Бас қөтеру соңы елдің Азаттық форуммен аяқталды. Бұл кездегі елдің қөшбасшы ретінде Чехия республикасының болашақ президентті Вацлов Гавел. Ол –драматург, философ, диссидент 1936 жылдың 6 қазанда бай жанұяда дүниеге келеді. 1968 жылы ЧССР  — дегі диссиденттің қөшбасшыларының бірі болды.

Көптеген орнжылдар бойы Еуропа картасы өзгермеді. Мыңдан еуропалықтар бұл жағдай мәңгілікке қалған бұны өзгерту үшін бір дүниежүзілік қажет деп ойлады. Ал, бірақ бұл қатыгез соғысты ешқайсысы тілемеді.

ХХ ғасырдың соңғы жылдары социалистік лагерьдің құлауы Еуропадағы жаңа бетбұрыстың біріне айналды. Еуропалық лагерьге Балтық теңізінен Адриат теңізіне дейінгі созылып жатқан 7 мемлекет кіреді: Албания, Болгария, Венгрия, Шығыс Германия, Польша, Румыния, Чехословакия және Югославакия.

Ол бұл жерде Кеңес Одағының күшімен ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында орнатылды. Бұл режимде коммунистік партияның диктатура жүріп отырды. Ол өмір сүрудің және қоғамдық жағдайды қадағалап жүрді.

1989 жылы Шығыс Европада Кеңес өкіметінің қайта құру бағдарламасының тегі жетіп демократиялық жаңару басталып мемлекеттер өз даму жолдарын таңдады.

Социализмнің жеңілуінің басты себебі бұл экономикамен тікелей байланысты болды. Жарты ғасырдай коммунистік биліктің үстемдігінде болған Шығыс Еуропа банкроттық жағдайда еді. Күнделікті қажетті заттардың жоқ болуы осыған себеп болды. Осы тығырықтан шығу үшін Батыс елдерден қарыз алып ел коммунистік Кеңес  Одағының ықпалынан бастады.

Шығыс Еуропа елдерінің саяси сауаттылығы күшейіп жұмысшылар өздерінің ынтымақтастығын құрды.

Коммунистік партияның ықпалы түсіп, демократиялық күштердің беділі арта түсті.

Өз кезегінде коммунистік партия ішкі дағдарысты бастап кешіріп догмадан бас тартты. 70 жылдарда Шығыс блоктық басшылары шаруашылыққа сүйенебастады. Маркстік оқудың маңызы жоғалып, ескі саясаткерлер гвардиясы саяси сахнадан кетті.

Польша, Чехославакия, Румыния, Югославакияда Римдік-католиктиктік шіркеудің маңызы зор болды. Ол университет ашып материалды көмек көрсетіп отырды. Ең маңызды оқиға болып 1978 жылы Рим кардиналы Карал Войтыла поляк кейінен Иоанна Павла ІІ аты алып папа болды. Оның тұсында Вашиканның әлемдік оциализмге көзқарасы өзгеріп антикоммунистік сипатқа ие болды.

80 жылдардың екінші жартысында Шығыс Европа көшбасшылары КСРО-ғы болып жатқан оқиғалард назар ұстады. «Қайта құру» социализмнің әлемін саяси құрылысын өгертіп Шығыс Европадағы үстемдігінен Кеңес Одағы бас тартты. Кеңес Одағының басшысы М.Горбачев КСРО социалистік елдердің ішкі саясатына араласпайды деген мәлімдеме жасады. Бұл дегеніміз шығысевропа елдерінің 1987-1989 жж саяси экономикалық реформаға қадам жасауға мүмкіндік берді.

Польшадағы демократиялық революция.

         Польшадағы революцияның тамыры 80 жылдардың басына барады. Польшаның сыртқы қарызы елге шетел қаржысының шектелуіне алып келді. Үкімет мұндай жағдайдышешуі мақсатымен шетелден тауар негізді көбейтумен жол іздеді. 1980 жылдың 1 шілдесінде ет және оның өнімдеріне баға көтерілді.  Люблин қаласында 1980 жылы 12 шілдеде паразылық еруіл етті. Ал, 14тамызда В.И.Ленин атындағы Гданьск атындағы судоверорь тоқтатылды. Кейінен Гданьск және Гдын кәсіпорындарында ереуіл өршіп түсті. Оған 304 кәсіпорын қатысып «21 пункт» деген құжатпен баяндалды. Негізгі талаптары сөз бостандығы, тәуелсіз кәсіподақ құру, саяси қылмыскерлерді ботсату және т.б.

Келіссөздер Цецинде 30 тамызда Гданьске 31 тамызда үкімет пен жұмысшы комитет қол қойды. 1980 жылы 1 қыркүйекте польяк қоғамы өзіндік билікке қол жеткізді, онда ереуіл шығуға, тәуелсіз кәсіподақ құруға, сө бостандығына. Гданьскіде 17 қыркүйекте бүкілполяк жұмысшыларының комитетінің съезді өтті. Онда кәсіптік өзін-өзі басқару одағын құру және оның аты «Солидарность» деп аталып көшбасшысы Лех Валенса болды. Осы кезде халықаралық аренада жағдай қиындай түсті. Л.И.Брежнев  «Бауырлас Польшаны қиындыққа тастамаймыз, және қауіпке бермейміз» -делінген  сөз тастады. Бірақ бұл кезде КСРО ешқандай әскер кіргізбеді себебі ол уақытта КСРО Ауғаныстанда соғысып жатқан еді.

1981 жылдың қаңтарында елде жағдай қиындап дүкендерде тауарлар жоғалып, әр аудандарда «аштық маршы» жүрді.

Осы жағдайды түзеу мақсатымен коммунисттер өздерінің көшбасшысы-генерал Войцеха Ярузельскийді сайлады. 28 қарашада жалпы халықтық ереуіл өтеді. Осы кезде Ярузельский министрлер Кеңесінің басшысы ретінде 12 мен 13  желтоқсанда «Солидарности» партиясының өкілдерінің 6647 қамауға алып партияның жұмыс істеуіне тиым салды.

Ал, 1982 жылдың 22 сәуірінде «Солидарность»-тің заңсыз уақытша координациялық комиссиясы құрылды. Уақыт өзгеріп КСРО-ғы қайта құру кезі Польша әсер еттіп 1986 жылы қыркүйекте Польшаның ішкі істер министері Чеслов Кицак саяси қылмыскерлері бостандыққа жіберді. 29 қарашада Валенса «Солидарности» уақытша комитетін құрып ол заңды түрде жұмыс істеді.

Үкімет 1988 жылдың ақпан-сәуір айларында бағаның көтеруі халықтық наразылығына ұштасты. Осыдан біраз кәсіпорындардың әкімшіліктері жалақыны көтерді. Соқы нәтижесі мамыр айында Польшада алтын құнсызданып, дүкен сөрелерінен қажетті заттар жоғалды.

Соңында поляк коммунистері билікпен  бөлісу комиссиясын құруды шешті. Онда биліктің  реформалау жаз айында «дөңгелек үстел» болып оппозициямен келісімге келді. Барлығын заңды түрде жүргізіпдемократиялық жолмен билік органын сайлауды көздеді. Маусымда парламенттік сайлау өтіп оппазиция 161 орынның 160 алды, ал сенатта 100 орынның болып Ярузельский сайланғанымен 21 тамызда премьер-министр «Солидарности» өкілі Тадеуша Мазовецк болып билікте анткоммунистердің салмағы артты. Оциалистік Польша 1991 жылы желтоқсанда Валенса жеңіп шықты.

Венгриядағы бейбіт революциясы

         Ел басшылары 60-шы жылдардың өзінде-ақ нарықтық қатынасты реттеп мәдени мәдени өмірді еркін сүруге талпынды. Ал, 1988 жылдың мамырда бүкілвенгер партиялық конференция шақырылып экономика мен саяси қайта құру шешімін қабылдады. Бірінші кезекте партиялық жойылды. Нәтижесі көп қабылдады. Бірінші кезекте бірпартиялық жойылды. Нәтижесі көп күтірмеді соңынан ондаған оппозициялық ұйымдар пайда болды және саяси көп партиялық күшейді. Венгер қоғамында бейбітшілік сақталды. 1989 жылғы көктемде Венгер басшылары дөңгелек үстел өткізді оппозияциямен. Ал, 23 қазанда парламент өз аттын ресми түрде өзгертті Венгер халықтық Республикасы Венгрия Республикасы болып өзгертілді. 1990 жылы парламенттік сайлау өткізіліп онда Венгер демократиялық форму жеңіске жетті. Соңында социализм ешқандай кедергісіз өмір сүруін тоқтатты.

Чехия экономикасы: Европадағы өндірістің елдердің бір болып саналады. Басты салалары тігін, тау-кен, өңдеу және машина жасау жедел дамыған. 1869 жыл Чехияның алғашқы банкі ашылып ол-Живностенлік банк деп аталды.

Ал, ХХ ғасырда Чехия индустриалды қарқынды дамыған мемлекет болады. Қазіргі таңда Орталық Еуропадағы Чехия бай мемлекетке айналған. Оның ауыл шаруашылығы өндіріс саласына қарағанда аз дамыған. 1997 жылғы дерекке жүгінсек жалпы ішкі өнім адам басына шақанда 5050 АШ долларын құрайды. (ол Венгрияда 4415, Польшада-3512)

Бұрынғы коммунистік елдер ішінде Чехия мемлекетті Словенкиядан кейін екінші орын алады.  Ал, адам басына келгенде 1000 адамға –358 машинадан келеді.

Бархаттық көңкерістен кейін елде экономикалық реформалар жасалып елде жекешелендіру жүріп, шет ел инвестиясы тартылып, чех краны деваловацияланды. Біраз қателіктер экономикалық реформа жасаудағы жалпы ішкі өнімнің төмендеуіне соқтырды.

Үкімет экономиканы қарқынды даму үшін бағдарламалар жасап шетелден өндіріс саласына инвесторлар тартты. Ол дегеніміз елдің тұрақтылығымен шетел  компанияларының тиімді жұмыс істеп экспорт ұлғайды.

Соңында елде 47 мыңнан астам шетел компаниялары жұмыс істеді. Негізгі инвестиция көлік және байланыс саласына тартылды.

Соңығ жылдары бұрынғы кеңес мемлекеттерімен «Шкода» көліктерін сату арқылы Ресей, Қазақстанмен бйланысып дамып келеді. Грузиямен дәрі дәрмек, Украинамен-трамвай және троллейбустар, Қытайда гидро және жылу электорстанцияларын жасау арқылы байланысты күшейіп дамып жатыр.

Румыниядағы «халықтық-коммунизмнің» құлауы

         Елдің 80-шы жылдарының басында ауылшаруашылық құлдырауына соқтырды. Дүкен сөрелері босады. Ал, 80-жылдардың ортасында ел қиындыққа душар болды.

Революция  1989 жылы 16 желтоқсанда оған негнізгі сылтау Ласло Текешаның депортациясы ол ұлт венгр антикоммунистік насихаттау жүргізілген. Оның қорғау мақсатында демонстрация жасалынды. Әскери күшпен басу халық арасында қатты наразылыққа соқтырды. Соңында Бухаресте бірнеше күн бойы азаматтық соғыс жүрді. Диктатор құлауменаяқталды. Нәтижесінде қамалып 22  желтоқсанда ал, 25 желтоқсанда ату жазасына іс-жүзіне асырды. 1990 жылы елде саяси жүйе қалыптасты. Ел конституциясы 1991 жылы желтоқсанда қабылданды. Қорытындысы Румынияда социализм өмір сүруін тоқтатт

Социализмнен шығудың Болгария нұсқасы

     Өзге социалистік елдерге қарағанда Болгария КСРО-мен тығыз байланыста еді. Ел 1973 жылмен 1985 жыл аралығында жыл сайын КСРО-дан 400 млн. руб. көмек алып отырған. Солнымен қатар саласы нашар болған тауарлар Кеңес нарығында сатылып жатты.

Соңы 1991 жылы әлемдік социализм өмір сүруін тоқтатты. Шығыс Европада социализмнің құлауы КСРО-неың құлауына себептердің бірі болды.

Германияның бірігуі

         Герман демократиялық Республикасы социалистік елдер ішінде коммунистік режим қатал орныққан. 1989 жылы мамырда Венгрия шекарасын ашқан кейін көптеген несістер ФРГ мен Австралияға көшті ГДР-де күзде демократиялар қоғамда екі Германияның қосу туралы ой туында тұрды. ГДР-дің билік басында социалистік тұтас партиясы келеді. 1990 жылы халықтық палатада тағы сол партия жеңіске жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КСРО-дағы қайта құрулар.

Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

Скачать 

оделиться

 

 

Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы.

КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.

Дағдарыстың себебі өте көп болды.

Саяси саладағы белгілері:

1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі. 
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
 
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
 
4. Заңдылықтың бұзылуы.
 
5. Жариялылықтың болмауы.

Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері: 
- Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі.
 
- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
 
- Бақылаусыз басқару аппараты.
 
- Инфляция.
 
- Товар зәрулігі.

Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері: 
- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
 
- Теңгермешілдік.
 
- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
 
- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
 
- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
 
- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.

Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.

Қайта құру бағыты.

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.

Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.

Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.

1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
 
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.

Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.

1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:

1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 
2. Демократияландыру мен жариялылық.
 
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.
 
4. Халықтық реформа жүргізу.
 
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.

Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.

80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.

Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.

Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.

Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.

Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.

Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.

Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

Кеңес саяси жүйесіне реформа.

1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды.

КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан).

1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады.

КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Россия Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.

Қоғамдық – саяси қозғалыстар.

80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.

1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.

Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.

1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.

1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды.

Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.

90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.

ҚАЙТА ҚҰРУ САЯСАТЫ – 20 ғ-дың 80-жылдарының орта тұсында пайда болған саяси-экономикалық атау. КСРО-дағы әміршілдік жүйені реформалау мақсатында жүргізілді. 1970 – 80 ж. Кеңестік саяси-экономикалық жүйе тоқырауға ұшырады. Сондықтан Кеңес Одағында саяси-экономикалық реформалар жүргізу қажеттілігі пісіп жетілді. Осыған байланысты жаңа басшы М.С. Горбачев бастаған КОКП ОК 1985 ж. сәуір пленумында саяси жүйені реформалау қажет деп санап, қайта құру саясатын енгізді. Қайта құру саясаты КСРО-да, кейін басқа да социолистік даму жолына түскен елдерде үлкен өзгерістерге жол ашты (жариялылық, саяси плюрализм, “қырғи-қабақ соғыстың” аяқталуы, т.б.). Бірақ, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе сақталған жағдайда, қоғамдық өмірді демократияландырудың мүмкін еместігін кейінгі оқиғалар көрсетіп берді. 1986 ж. Алматыда болған Желтоқсан оқиғасынан кейін Тбилисиде, Бакуде, Вильнюсте бірінен соң бірі баскөтерулер орын алды. 1989 – 90 ж. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (ГДР, Польша,Чехословакия, Болгария, Венгрия, Румыния, т.б.) соц. даму жолынан бас тартып, нарықтық қатынастарға көшті. Қоғам өмірінің барлық салалары дағдарысқа ұшырады. Нәтижесінде 1991 ж. Кеңес Одағы тарап кетті. Қайта құру саясаты аяқталмай қалды. [1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үндістан, Пәкістан, Түркия, Иран, Ирак елдері.

 

Аймақтың дамуының жалпы сипаттамасы. Отаршылдық кезеңінен кейін ОША елдерінің дамуы әр түрлі уақытта басталады. Мәселен, Индонезия, Бирма (Мьянма), Филиппин, Солтүстік Вьетнам үшін ол екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін-ақ, ал Лаос, Оңтүстік Вьетнам және Камбоджа – 1954 ж., Малайзия – 1957 ж., Сингапур – 1965 ж., Бруней үшін 1984 ж. басталды. ОША-ның мұндай бірқалыпты емес дамуы әр елдің ішкі саясаты мен жалпыаймақтық дамуға әсерін тигізді. 1967 ж. құрамына Үндіқытай және басқа мемлекеттер кірген Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) құрылды. 90-жылдары қалған мемлекеттер АСЕАН-ға кірді. Осы кезден бастап бұл аймақтың 10 мемлекетінің тағдыры бірдей болды.

Вьетнам

1945-54 жж-ғы Вьетнам. Жапония ОША-дан кеткен кезде Вьетнам тәуелсіздігінің лигасы басшыларының беделі күшейді. Үкімет функциясын атқаратын «Вьетнамды азат ету ұлттық комитетінің» басшысы Хо Ши Мин болды. ОША елдерінде сияқты Вьетнам басшылары «вакуумдық» жағдайды (жапондықтар кетті, ал ескі отаршылдар әлі келмеді) пайдаланып, 1945 ж. 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасын (ВДР) жариялады.

Бірақ 1945 ж. қыркүйектің соңында Франция өз әскерлерін Вьетнамға жібереді. Олар Потсдам конференциясы бойынша ағылшындардың көмегімен Сайгонды, кейіннен елдің оңтүстігін толығымен жаулап алды. 1945 ж.Үндіқытай компартиясы өзін-өзі тарату жөнінде жариялады. Сол уақытта коммунистер Льен-Вьет лигасын құрды, оған вьетнамдықтармен қоса Солтүктегі ұлтшыл көзқарастағы буржуазия өкілдер де кірді. Бұл қозғалыстың басында Хо Ши Мин тұрды. Осылайша, Вьетнамдың бөлінуі басталды.

Солтүстікте 1946 ж. басында Ұлттық жиналысқа және жергілікті өкімет органдарына сайлау өткізілді, ал осы жылдың қарашасында конституция қабылданды. 1946 ж. наурызда ұзақ келіссөздердің нәтижесінде Франция үкіметі ВДР-ды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады, бірақ ол Франциялық Кеңеске кіруі керек болды. 1946 ж. қыркүйекте Франция елдің Оңтүстігінде құрылған «Кохинхин Республикасын» да мойындады. Бірақ 1946 ж. желтоқсанда Франция ВДР-ге қарсы 8 жылға созылған әскери қимылдарын бастады.

Алдымен жетістіктер Францияның жағында болды, 1947 ж-ға дейін олар Ханой мен ВДР-дің басым территориясын басып алды. Бірақ Хо Ши Миннің ұзақ партизандық соғыс тактикасын таулы аймақта және джунглиде қолданғаннан кейін бастама коммунистер қолына көшті. Сонда Франция елдің Оңтүстігінде «Вьетнам мемлекетін» құрады, оның басшысы етіп император Бао Дайды қояды. Оған жауап ретінде 1950 ж. КСРО ВДР-мен дипломатиялық қатынастар орнатады.

1951 ж. ақпанда Үндіқытай Коммунистік партияның (КПИК) II съезі өтеді. Осы кезден батап КПИК-тің вьетнамдық бөлігі өздерін Вьетнам Жұмысшы Партиясы деп атады. 1951 ж. наурызда Үндіқытай халқының біртұтас фронты құрылды, ол ұлттық тәуелсіздік үшін күрес жүргізді. Оның құрамына 3 елдің әскери коммунистері кірді.

Франция АҚШ қолдауымен ВДР-ға шешуші шабуыл жасауды ұйғарды. Во Нгуен Зиап басқаруымен солтүстік вьетнамдық әскер Дьенбьенфу ауданында француздарға соққы берді. Женевадағы жасалған бейбіт келісімдер бойынша Вьетнам 17 параллельде бөлінді.

1954-61жж ВДР мен Вьетнам республикасының дамуы. 1956 ж. Вьетнамда сайлау өткізіп, елді біріктіру көзделді. Бірақ АҚШ, КСРО және ҚХР елді екіге бөлінген жағдайында сақтап қалуды қалады. АҚШ-тың СЕАТО әскери-саяси блогын құруы Францияның Вьетнамның Оңтүстік бөлігіндегі иелігенен бас тартуына әкелді және Франция аймақтың басшылығын ауыстуруға келісім беруге мәжбүр болды. 1955 ж. күзде Бао Дай орнына Нго Динь Зьем отырғызылды.

1956 ж. Ұлттық жиналысқа сайлау өткізілді, конституция қабылданды. Оңтүстік Вьетнам республика мәртебесін алды. Солтүстікте коммунистік режим орнатылды. 1955 ж. тамызда Льен-Вьетті Вьетнамның отандық майданына ауыстыру көзделді. Бұл ұйым елді біріктіру үшін күрес жүргізу керек болды.

1956 ж. наурызда Оңтүстік Вьетнамда Құрылтай жиналысына сайлау өткізілді. Ол қазанда тұрақты конституцияны қабылдады. Конституция бойынша коммунистік идеяларды насихаттау заңмен қудаланды. Солтүстіквьетнамдық коммунистердің ықпалымен Оңтүстікте өкіметке қарсы оппозиция пайда бола бастады. 1960 ж. коммунистер бастауымен Оңтүстік Вьетнамды азат ету Ұлттық фронты (НФОЮВ) құрылды. НФОЮВ құрамына 3 саяси партия кірді: Демократиялық, Радикал-демократиялық және Ұлттық-революциялық партиялар.

1960 жж. басында ВДР-да жаңа конституция күшіне еніп, Солтүстікте социализм құру, Оңтүстікті азат ету, елді біріктіру мәселелері қарастырылды. 1960 ж. ПТВ III съезінде бұл мәселелер толық қаралды. ВДР басшылары мақсатқа жету үшін КСРО мен Қытайдан көмек алды.

1961-1975 жж. әскери-саяси қақтығыс. Елдің бірігуі. 1961 ж. көктемде ВДР көмегімен Оңтүстіктік Вьетнамды азат ету әскері құрылды. 1962 ж. ақпанда НФОЮВ бірінші съезі өтіп, оның бағдарламасы және Орталық Комитет құрылды. Президенті болып Нгуен Хыу Тхо, бас секретарь – Хюинь Тан Фат тағайындаоды. Бұл уақытта майдан қарамағында ел халқының жартысы болды. Режимді құтқару мақсатында АҚШ Нго Динь Зьемды тақтан құлатты, Сайгонда Нгуен Ван Тхиеу келгенше бірнеше басшылар ауыстырылды. АҚШ ВДР-ды бомбалауды бастады, әскери қақтығыс қызу жүріп жатты.

Нгуен Ван Тхиеу 2 жылдан кейін Вьетнам Республикасының жаңа коституциясын күшіне енгізді, президенттік және парламенттік сайлау өткізді. Конституция бойынша Оңтүстік Вьетнам коммунизмге қарсы болды.

АҚШ-тың Вьетнамдағы саясаты бүкіл әлемнің наразылығын туғызды. Бұндай жағдайларда Р.Никсон администрациясы 1973 ж. Парижде Вьетнамда әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қоюға мәжбүр болды.

1973 ж. қазанда НФОЮВ әскери күштері әлсіреген Тхиеу режиміне шабуыл жасай бастады. 1975 ж. Сайгонға шешуші шабуыл жасалды, ол «Хо Ши Мин операциясы» деген атқа ие болды. Сәуірдің аяғына таман Тхиеу режимі құлады. Вьетнам алдында бірігу мүмкіндігі туды.

Вьетнам социалистік республикасының құрылуы. 1976 ж. сәуірде Құрылтай жиналысына сайлау өткізілді. Құрылтай жиналысы Вьетнамның екі бөлігі Вьетнам Социалистік Республикасына (СРВ) бірігуін жариялады. 1976 ж. аяғында ПТВ IV съезі өтті. Бұнда партия коммунистік партияға ауыстырылды (КПВ) және оның басты мақсаты Вьетнамда 20 жыл ішінде социализмді құру болды. СРВ бас хатшысы болып Ле Зуан, премьер-министр – Фам Ван Донг тағайындалды. СРВ Президенті Тон Дык Тханг болды.

Біріккеннен кейін бірінші жылдары Вьетнамда 1960 ж-ғы ВДР конституциясы әрекет етті. Жаңа концепция 1980 ж. Құрылтай жиналысында қабылданды. Конституцияда СРВ пролетариат диктатурасының мемлекеті екендігі айтылады. Мемлекттік органдардың саяси негізін Ұлттық жиналыс пен Ұлттық Кеңес құрады. Басқару рөлі Отандық майданға берілді, оның құрамына КПВ, Демократиялық партия, Социалистік партия, кәсіподақтар, жастар, әйелдер ұйымдары және басқалар да кірді. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып Ұлттық жиналыс саналды.

Біріккеннен кейін Вьетнам өзінің саяси одақтасы ретінде КСРО-ны таңдады. Елдің саяси жағдайы төмендеп кетті, ал 1979 ж. Қытаймен қатынасы мүлдем жойылды. Екі ел арасында қарулы қақтығыс пайда болды. 80-жж. Вьетнам қоғамының жағдайы өте нашар болды, экономикалық дағдарыстар жайлай бастады.

80-90 жж. Вьетнам. 1986 ж. ОК бас секретарі Ле Зуан қайтыс болды. Осы жылы КПВ VI съезі өтті. Онда басшылықтың ішкі және сыртқы саясаттағы қателіктері және т.б. мәселелер қаралды. Елде мемлекеттік және партия шенеуніктеріне қарсы ашық ереуілдер басталды. Өкімет 80 жж. аяғында экономикалық жағдайда дұрыстау үшін қытайлықүлгіде даму жолын таңдады. Шаруалар жерді жалға алуға мүмкіндік алды, қалаларда жеке кәсіпкерлікке жол берілді, тауарларға бірқалыпты бағалар енгізілді және т.б. 1987 ж. шетел инвестициялары туралы заңның қабылдануынан кейін елде аралас және жүзпайыздық шетел фирмалары пайда болды. Бұның бәрі жағымды әсерлер бере бастады. Осы кезде көп жылдар бойы өмір сүрген карточкалық жүйе жойылды.

80 ж. соңынан бастап СРВ-ң сыртқы саясатында да өзгерістер болды. Камбоджадан әскерін шығарғаннан кейін және социалистік жүйенің құлауынан кейін Вьетнам басшылары ҚХР-мен қатынастарын қалпына келтіруді ұйғарды. Вьетнам АСЕАН-ң толық мүшесі болды және оның экономикасы ОША экономикасымен тығыз байланыста бола бастады.

Латынамерикалықтар

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/63/Latin_America_%28orthographic_projection%29.svg/220px-Latin_America_%28orthographic_projection%29.svg.png

Латын Америкасы

Латынамерикандықтар (ис. Latinoamericanos) — қазіргі замандағы Латын Америкасында өмір сүретін және АҚШ, Испания, Канада, Португалия, Италия,Ұлыбритания елдерінде экономикалық және саяси эмиграция кесірінен көп кездесетін испан және португал тілді халықтардың жалпылама атауы. Француз тілі испан және португал тілдері сияқты роман тілдеріне жататындықтан, Кариб теңізі аймағының француз тілді халықтары да (гаитиліктер, гваделупалықтар,гвианалықтар, мартиникалықтар, доминикалықтар мен гренадалықтар) латынамерикандықтарға жатады. Бірақ солтүстікте өмір сүретінфранкоканадалықтар мен ағылшындармен ассимиляцияға ұшырағанЛуизианалық кажундар латынамерикандықтарға жатқызылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіл алтын қазына

ТIЛ - АЛТЫН ҚАЗЫНА

23 Қазан 2013, 18:17ugol_tit

Қарап шығу: 303 Түсiнiктер: 1

Жүректiң сөзi - тiл, көзi де тiл. Өз тiлiң алтын бесiгiң. Сан жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан алтын қазына. Өз тiлiмiз ата-бабамыздың қанынан, жанынан жаралған ұрпағына өмiрлiк азық. Өз тiлiмiз әр адамның сағынышы, арманы. 
 

Ерте заманда жазусыз-ақ тiл арқылы ұлы мәселелердi шешкен. Өз тiлiң анаңның қасиетi, жүректiң қаны. Ұлылардың ақ тiлегi. Олай болса өз тiлiнен жерiп, өзге тiлдi өзек қылып, мәңгүрт болып жүргендер жетерлiк.
Менiң айтарым:
Өз тiлiңдi қорлама,
Өзiңдi-өзiң алдама.
Өзге тiлде малданып,
Жүргендер бар ғой қаншама.

Өз тiлiң сенiң байлығың,
Басқа тiл болмайды шайлығың.
Қанмен бiрге жаралған
 
Өз тiлiң сенiң ай күнiң
Бiздiң өз тiлiмiз өте бай тiл, әрi көп тiлдерден беделдi. Елдiң салт-дәстүрi, әдет-ғұрпы, тiл арқылы дамыған. «Тiлi бiрдiң-дiнi бiр, дiнi бiрдiң-тiлi бiр» деген ұлағатты сөз бар. Олай болса :
Тiл маталды бұл күнде,
Тiл туралы жыр күнде.
Сөйлей алмай өз тiлiн,
Мәңгүрт болдық бiз мүлде.
Айта алмай кейде өз тiлiн,
Бiлмесе де өз мiнiн.
Өзге тiлдi өзек қып,
Өзгертiп жүр ғой өз мiнiн.
Тiлiмiз өз дәрежесiнде айтылса, тәуелсiз мемлекетiмiз де ғұмыры ұзақ боларына кәмiл сенуге болады. «Тiлсiз өмiр жоқ, тiлсiз көңiл жоқ». Олай болса:
Тiл мәнiсiн кетiрме,
Тiлiңдi матап өшiрме.
өзге тiлге бас иген,
Жандарды еш кешiрме.

Мен жаздым тiл тiрлiгiн,
Ерiктен шығып жүр бүгiн.
Келгенiн сөйлеп ауызға,
Айырып жүр ел жiгiн.
Соңғы кезде тiлге үлкен бетбұрыс жасалды. Көп жерлерде жазу, сызу, қатынастар, ұрандар, қазақ тiлiне көше бастады. Бұған да шүкiрлiк деймiз. Қазақ тiлi теңдесi жоқ асыл қазынамыз. Осы қазынамызды ұрпақ қанына сiңдiру бiздер аға ұрпақтың парызы.

 

 

Имандылық – инабаттылық белгісі.

Имандылық - қастерлі қасиет

Қарап шығу: 5719 Түсiнiктер: 0

Қазақ Хандығы кезінде араб жащуы қолданылып, діни оқу кең өріс алды.

Имандылық - қастерлі қасиет!

 

«Біз – тегіміз түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап «Құран кәрімді» насихаттауды естен шығармауымыз керек».

                                                                      Н.Назарбаев.

 

Қазақ  Хандығы кезінде араб жазуы қолданылып, діни оқу кең өріс алады. Қазақ Хандығының астанасы Түркістан қаласында, басқа да қалаларда мешіт, медреселер салынады.

Мешіт: Оқу - Араб әліппесін тану (28 әріптен тұрады), «Иманшарт» (наным шарттары), «Әптиек» (Құранның жетіден бір бөлігі).

Медресе:  Тілі - Араб, парсы, Түркі.

Оқулық:  «Сопы Аллаиад»,  «Кесік-бағы», «Батуам»,  «Хиса Сләбие»,  («Хисаса ұл әнбие»).

ХҮ-ХҮІІ ғасырларда медреселік оқу діни сипатта бола тұрса да осы медреселерде оқып, білім алған адамдар арасында сауатты, өз заманына лайық ғұлама ғалым, жазушылар шықты.

Ғалымдар: Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551), «Тарихи Рашиди».

Қадырғали Қосымұлы Жалайри «Жамих-тауарих». Кемеңгер ойшыл Асанқайғы да тарихта қазақ халқының философиялық ой-пікірін өрістетуге үлес қосқан ғұламалардың бірі.

ХҮ-ХҮІІ  ғасырлардағы ақын-жыраулар:  Асанқайғы (ХҮ ғасыр), Қазтуған жырау (ХҮ ғасыр), Доспамбет жырау (1490-1523 жылдар), Шалкиіз жырау (1465-1560), Жиембет жырау (ХҮІІ  ғасыр), Марқасқа жырау  (ХҮІІ ғасыр), Ақтамбет жырау (1675-1768 жылдар).

Ұлы ғұламалар еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыру мақсатын көздеген.

“Иман” араб тілінде - сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді.

Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын,биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп бағалайды. Ұрпақтарымызды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қорғап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, көпшілдік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру - әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің ұлттық парызы. Баланы үлкендерді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, яғни иманды болуға, адамгершілікке, әдептілікке баулу - адамгершілік тәрбиесінің тарихи жемісі.

Қазақ халқының инабаттылығын басқа халықтар жоғары бағалайды. Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, әділдік, адалдық, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді, қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық “нағыз перзентім” деп үлгі тұтады.

Соның бірі Кожа Ахмет Иассауи еңбектеріне тоқталып көрелік. Оның әсіресе, қазақ халқының ұлттық педагогикада үлкен орын алатын еңбегі «Даналық кітабы». Онда берілген 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар.

І. «Шариат» - ислам заңдары мен әдеп- ғұрыптарының негіздері, яғни мұсылмандық жолмен қастерлеп, соны тәлім-тәрбиеге үлгі-өнеге етіп жырлау. Мұсылмандық жалпы адам баласының тәлімі екендігін жырға қосып, ақыл-адамгершілігі асқан өнегесін көрсетеді;

ІІ. «Тариқат» - сопылық ой-мақсаттарды насихат-өсиет ету. Яғни, жыр өрнектері арқылы ұрпақты имандылыққа, шыншылдыққа, әділеттілікке, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеп, тақуалыққа үйрету;

ІІІ. «Мағрифат» - дін жолын танып оқып-білу, яғни Алланың ақ жолын ардақтап, соған тағзым етіп, тағылым алу адамгершілік парыз екенін әсерлі сөзбен, айшықты жырмен жеткізіп, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелеу.

Ғарып, пақыр, жетімдерді әркім сүйер,

Риза болар сол пендеге пәруәрдігер, - деп ақын ғарып, пақыр, жетім-жесірлерді сүйсек, оларға жеткізеді дейді. Сөйтіп, ұстаз-ақын оқырманға адамгершілік тәрбиесінің ең түйінді тұжырымдарын жыр арқылы әсерлендіре жеткізеді.

  Алланың ақ жолын - адамгершіліктің шырағы екенін оқушы мен тыңдаушыға сендіре жырлайды.

ІҮ. «Хақиқат» - құдайға құлшылық ете білу, яғни бүкіл әлемді жаратушы құдіретті танып-біліп, оған табыну - әрбір мұсылманның парызы екенін сөз құдіретімен түсіндіріп, ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. «Иман нұры», «Хақиқат дариясы», «Ақіреттің азығы» арқылы  адамның күнәдан таза болуына жол ашып беру мақсаттарын өлең қуатымен іске асырған. Шыншыл, қамқоршы, мейірман ақын ел өміріндегі шындық пен әділеттілікті іздеп, көп жерде шыншылдыққа қиянаттық қырсығын көріп мұңданады, өз ұрпағын әділетсіздермен күресе білуге шақырады. Әділетке, кісілікке, шыншылдыққа тәрбиелейді.

Сол сияқты аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «Мұсылмандық тұтқасы» кітабында діннің аяттарындағы адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын түсіндіреді. Дін қағидаларының тәрбиелік мәнін ашып көрсетуді мақсат еткен ұстаз шариғат сүрелерін ана тілінде түсіндіріп, діни терминдердің мән-мағынасын ашуға зер салады, оны өмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз байланыстыра талдаған. Ұлы педагог: “Адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік, тәрбиелік нәтиже бермейді” деген тұжырым жасайды. Мысалы, намаз оқу мен ораза тұту парыздарының  рухани да, тәрбиелік те мәні зор екенін айта келіп, «намаз ішінде оның екі парызы бар, оның алтауы тысқары, алтауы ішкері парыз. Тыскары парыздың (денені тазалау, намаз оқитын жерді пәк ету, денені жабу, денені дұрыс қимылдату, қолды, аяқты, басты қимылдату) бәрі тән тәрбиесіне арналады» дейді. Ақын-педагог өзінінің көптеген әңгімелерінде адамгершілікті суреттейді.

Имандылық қасиеттерді зерттеушілер оны екі негізге бөліп қарағандығын мына төмендегі кестеден байқауға болады.

Имандылық қасиеттер: Жүректің қызметіне тән имандылық қасиеттер - кішіпейілділік, мейірімділік, қайырымдылық,  жомарттық,  ақкөңілдік, кеңпейілділік,  адалдық, шыншылдық,  сенімділік, сауапшылдық, әділдік,  ізеттілік, инабаттылық.

Іс-әрекет, қимылға тән имандылық қасиеттер: тіл алғыштық, көпшілдік, ептілік, сабырлылық, салиқалылық, әдептілік, шешендік, қайраттылық, қайсарлық, өткірлік, жауаптылық, еңбек сүйгіштік, тазалық.

Ұлттық салт-сананың қалыптасуы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады. Әрбір ұлттық мәдени іргенің негізі - әдеп, ұлттық заңды қолданысқа айналса, оны дәстүр дейміз. Ал, ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері адамгершілік, имандылық, мейірімділік, қарапайымдылық болып табылады. Халықтың ұрпақты әдептілікке тәрбиелейтін осынау ұлағатты ұғымдар мен тыйым, ырымдарының мәдени тәрбиелік мәні зор. Сондықтан да қазақ халқының игі дәстүрлерін айқындап, жастарға насихат етіп отыру - әрбір қазақтың борышы деп түсінеміз.

 

 

 

 

Ұмітті ұл-ұкілі қыз

Перзент сүю құштарлығы

Фетхуллаһ Гүлен: Перзент сүю құштарлығы

Иманды кісілердің Құдайдан жалынып-жалбарынып перзент тілеуі дұрыс па? Сәби сүйе алмау жұбайлардың күнәларының кесірінен бе? Құдайдан сәби тілегенде қандай жайттарға мән беру қажет?

Жауап: Мүминдер үшін отбасы – қоғамның мәйегі, ұлттың ұйытқысы. Отбасы – жұмыртқа басып шығаратын аппарат та, тән құмарлығын қанағаттандыратын құрал да емес. Отбасы – өте киелі қоғамдық институт. Оның қасиеті мен киесінің басты нышаны – ақ неке. Исламда жұбайлардың бас қосуының заңды рәсімі саналатын «неке» ұлттың іргесін бекем етіп, шаңырағын шайқалтпайтын алтын қазық болып саналады. Жұбайлардың мақсат-мұратсыз қалай болса солай бас қосуы, некенің түпкі мәні мен мақсатына қайшы келеді. Сондықтан ұлы дініміз некенің асыл мақсатын айқындап берген.

Қажеттілікке қарай талап ету

Отбасын құрудың негізгі мақсаты – Аллаһты разы қылатын, сүйікті пайғамбарымыздың мерейін үстем ететін ізгі ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Құран кәрім мен хадис шәріптерден пайғамбарлардың және ізгі құлдардың Хақ тағаладан қайырлы ұрпақ тілеп, жалбарынғанын көреміз. Өйткені, ізгі ұрпақ отбасын құрудың жемісі саналады.

Ардақты Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Үйленіңдер, көбейіңдер. Өйткені, қиямет күнінде сендердің көптіктеріңмен мақтанамын» деген хадисі және некеге қатысты өзге де ақыл-кеңестерінен отбасын құрудағы мақсат үмбеттің көзайымы болар нұрлы ұрпақ тәрбиелеу екенін байқаймыз. Адамзаттың мақтанышы Мұхаммед пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көптігімен мақтан тұтатын ұрпақ қандай болмақ?Біздің ойымызша, олар Аллаһтың разылығына бөленуді асыл арманына айналдырып, өмірлері дінмен біте қайнасқан нағыз ізгілер. Ендеше, ұрпақ тәрбиесіне аса ыждағатты, көзі ашық, көкірегі ояу мүминдер адамзаттың шамшырағы ардақты Пайғамбарымызды риза қылатындай ізгі ұрпақ тілегені жөн.

Шын мәнінде, перзент сүю Аллаһтың адам баласына деген айрықша тартуы. Жұбайлардың бір-біріне Аллаһтың нығметі, сонымен қатар аманаты. Ал отбасының жемісі саналатын бала да Хақ тағаланың адамдарға берген айрықша нығметі әрі аманаты. Ендеше, адам баласының Ұлы Жаратушыдан сәби тілеуі табиғи әрі қалыпты жағдай. Дегенмен, нығметтің үлкендігіне қарай талап-тілектің де мәнді, мағыналылығы құба-құп. Мәселен, өмір де – үлкен нығмет. Адамзаттың жол бастаушысы (аләйһу әкмәләтут таһая): «Раббым! Өмір мен үшін қайырлы болса, маған өмір бер. Ал, егер өлім мен үшін әлдеқайда қайырлы болса, онда берген аманатың – жанымды ал!» деп дұға еткені белгілі. Осы арқылы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үмбетіне иманнан кейінгі ең үлкен нығмет саналатын өмір тілегенде де «қайырлы болса» деген шартпен дұға ету қажеттігін үйреткен.

Мұсылман кісінің иман және оның жемісі саналатын «яқин»[1], «мағрифат» [2], «ықылас» және «ихсан»[3] сынды Аллаһтың разылығына бөлейтін жайттар болмаса, ешбір ісінде әсірелікпен, «әйтеуір бер, құдайым» деген қасарысқан түсінікпен тілек тілеуі дұрыс емес. Мүмин Аллаһтың разылығына бөленуді, Оның разылығына бөленудің ең басты жолы саналатын Аллаһтың ұлық есімін төрткүл дүниеге паш етуді табандылықпен талап етіп, тілек тілеуіне болады. Бірақ, бұдан басқа мәселелерде Аллаһтан бір нәрсені қадала сұрау дұрыс емес. Иә, тек Аллаһтың разылығына бөлену мәселесінде ғана қанағатсыз талап-тілекке рұқсат етілген. Ал енді, өмір, жұбай, ұрпақ немесе басқа да нығметтерді Аллаһтың разылығына бөленуді талап еткендей, табандап сұрауға болмайды. Адам көбіне перзентті болу құштарлығымен Құдайдан табандап тілек тілеп, артынан осы үшін опық жеп жатады. Кез келген жан үйленіп, шаңырақ көтеруді, бала сүюді негізгі мақсатына айналдырмай, өмірлік қажеттілік ретінде көріп, соған сай ғана тілек тілегені абзал. Бұл мәселеде байсалдылық қажет. «Қалай да тілегім орындалсын» деген пиғылдан бойды аулақ ұстаған жөн. Үйлену, бала сүюді ешқашан Аллаһ разылығына бөленумен немесе Аллаһтың ұлық есімін күллі жаһанға паш ету сынды адамның екі дүниедегі бақыты үшін зәру қажеттілік саналатын өміршең мәселемен бірдей көрмеген жөн.

Жасанды ұрықтандыру және құдайдан перзент тілеу

Дінімізде барша нығметтер секілді сәби сүю де Аллаһтың айрықша нығметі саналады. Осыған қатысты Хақ тағала: «Көк пен жердің иелігі Аллаһқа тән. Ол қалағанын жаратады. Қалағанына қыз, қалағанына ұл береді. Немесе қыз бен ұлды қатарынан егіз береді. Қалағанын бедеу қалдырады. Ол барлық нәрсені анық біледі. Қалағанын жасауға құдіреті жетеді»[4] делінген. Иә, «Халиқу Кәрим»[5] Аллаһ тағала қалағанына қыз, қалағанына ұл, кейбіреулерге жалғыз, енді біреулерге егіздеп, үшеулеп, төртеулеп бала береді. Ал, кейбір жандарды бедеу қалпында қалдырады. Аллаһ тағала барлық нәрсені белгілі бір себептерге байланысты етіп жарататыны сынды, баланың да дүниеге келуі бірқатар себептер мен шарттарға тәуелді. Кісі Құдайдан сәби тілеу сынды ең табиғи қалауының орындалуы үшін тиісті шарттарды жасап, содан кейін Мусәббибул-әсбаб[6] болып табылатын Аллаһқа жалбарынып, қайырлы нәтиже тілеуі қажет.

Ғылым мен технология қарыштап дамыған бүгінгі таңда табиғи жолмен сәби сүйе алмайтын жұбайлар үшін басқа да балама тәсілдер бар екені белгілі. Түркия діни істер жоғарғы алқасының мүшелері, Ислам әлеміндегі беделді ғалымдар жасанды ұрықтандыру арқылы сәби сүюге болады деп пәтуа берген. Бұл пәтуаға сүйенсек, ұрықтанудың негізгі үш элементі: сперма, аналық жұмыртқалық және жатыр саналады. Осылардың үшеуі де некелі жұбайларға тиесілі болса, жасанды ұрықтандыру арқылы перзентті болуға діни тұрғыдан ешбір шектеу қойылмайды. Дегенмен, бұл тәсіл табиғи жолмен сәби сүйе алмайтын жұбайлар үшін, ем мақсатында ғана қолданыла алады. Ал, енді жасанды ұрықтандыру барысында жоғарыда аталған сперма, аналық жұмыртқалық немесе жатыр жұбайларға тиесілі болмаса, мұндайға діни тұрғыдан рұқсат етілмейді. Жеке өз басым бұл пәтуаға ықтияттылықпен қарауды жөн санаймын. Алайда, бұл менің субъективті құлшылық түсінігім, субъективті ұстанымым. Ал енді жалпы көпшілік жұрт аталған іргелі мекеме мен беделді ғалымдардың пәтуасын негізге алып, осы тәсілді ем ретінде қолдануына, әрі іс-әрекетпен жасалатын дұға ретінде пайымдауына құрметпен қараймын. Сондықтан, осы тәсілді қолданушыларға қарсылық танытпаймын.

Осы орайда, жұбайлардың сәби сүйе алмауды өмірінің ең өзекті мәселесіне айналдыруы, талап-тілекте әсірелікке салынуы, құлшылық әдебіне сай келмейтінін де айта кеткен жөн. Иә, дұғаның тылсым күші бар екені рас. Шынайы көңілден жасалған дұғаны Хақ тағала қабыл етіп, себепсіз-ақ берем дегенін беретіні және рас. Ұлы Жаратушы себептер тұрғысынан мүмкін емес жағдайдың өзін болдыруға құдіреті жетеді. Ол қалағанына қалауынша нығмет береді. Аллаһ тағала сәби сүйгісі келген жандардың шынайы көңілден жасаған дұғаларын жауапсыз қалдырмайды. Алайда, кейбір жұбайлардың дұға-тілекте әсірелік жасауы салдарынан, тілегі керісінше орындалуы да ғажап емес. Мәселен, Құдайдан табандап бала тілеу нәтижесінде нағыз бұзақы, анархист, әке-шешесін зар жылатып, қан қақсататын ұрпақ сүю қаупі бар екенін ұмытпаған жөн. Тіпті, шыдамы таусылған әке-шеше бір күні: «Бұдан да өліп көзі құрыса» деп тілек тілеуі де ғажап емес. Сондықтан, жұбайлар сәби сүйе алмауды өздері үшін бақытсыздық ретінде пайымдамай, қайта Аллаһ тағаладан өздері үшін қайырлы нәтиже тілегені нұр үстіне нұр болмақ.

Хазірет Зәкәрия (а.с.) да Хақ тағаладан бала сұраған. Алайда ол: «Шексіз нығметіңмен сондай бір ұл нәсіп ет, ол маған да, Жақып әулетіне де мұрагер болсын. Оны разы болатын құлдарыңнан ете гөр, уа, Рабб!»[7] деген еді. Құран кәрімде хазірет Зәкәрия мен хазірет Ибраһим пайғамбарлардың (а.с.) құдайдан тек ұрпақ сүюді ғана емес, пайғамбарлықтың ауыр жүгін арқалайтын мұрагер, ізгі мирасшы тілегендері айтылады. Олардың дұғаларына «мәфхуму мухалиф» яғни, керісінше мағынасынан қарасақ: «Уа, Рабб! Егер қайырсыз, опасыз ұрпақ болса, оны қаламаймыз» дегендерін байқаймыз.

Құран Кәрімде Құдайдан бала тілеуге қатысты аяттарда екі мәселеге баса назар аударылған. Бұлардың біріншісі және ең маңыздысы: осынау нығметті беретін «Мусәббибул-әсбаб» және «Халиқу Кәрим» болып табылатын Хақ тағала екендігіне қатысты ақиқат. Екіншісі, баланың ізгі әрі қайырлы ұрпақ болуы үшін тілек тілеу. Осы себептен, кез-келген әйел немесе ер Құдайдан жар немесе ұрпақ тілегенде Рахманның ізгі құлдары сынды: «Уа, нығметі шексіз Раббымыз! Бізге көзіміздің, көңіліміздің көзайымы болатын пәк жар және таза ұрпақ нәсіп ет, біздерді шынайы тақуаларға жолбасшы ете гөр!» дегені жөн. Бұл дұға «Фурқан» сүресінің 74-аятында айтылады. Осы аятта балалар үшін «қуррәтул-айн» сөзі қолданылған. Бұл сөз көздің қарашығындай қадірлі, көз айым, көңілдің шаттығы деген мағыналарды білдіреді. Бұл әке-шешесінің мерейін өсіріп, жүзін жарқын қылатын, дүниеде де, ақыретте де көңілін шаттыққа бөлейтін, әрқашан тақуалықты ту ететін қайырлы ұрпақ тілеудің көрінісі.

Муқаррабиннің баламен сыналуы

Жаратушыдан қандай болсын әйтеуір бір жар немесе бала тілеу дұрыс емес. Отау құруға ниеттенген әйел мен ер бір-бірінің түріне, әдемілігіне, үсті-басына, киім-кешегіне, тектілігі мен байлығына ғана емес, рухани әсемдігіне, ар-намысы мен жан дүниесіне, мінез-құлқының көркемдігіне мән беру арқылы дұрыс таңдау жасамақ. Алайда, осындай жағдайдың өзінде «қайткенде де тілегім орындалсын» деген әсіре ойға берілсе, бүгін не ертеңгі күні, өздері немесе балалары осы әрекеттерінің кесірін көреді.

Өйткені, отау құру мен сәби сүю, осы үшін Құдайдан тілек тілеу аса байсалдылықты қажет ететін өміршең мәселелер. Бұл істе әсірелік жасамаған жөн. Мал-мүлік, шен-шекпенде ғана емес, жұбай таңдау мен ұрпақ мәселесінде де тілекте әсірелікке бару, барша игіліктен мақұрым қалуға түрткі болады. Әсіресе, саналы ғұмырын Хақ жолына арнаған ізгілік жаршылары Аллаһ тағаламен араларындағы ықыласты қорғау үшін мұндай мәселелерде аса байсалдылық танытуға мәжбүр. Шаңырақ көтеріп, отбасын құруда әрбір қадамын абайлап басу өте маңызды. Әрқашан Ұлы Жаратушыға сыйынып, барлық нәрсенің ең қайырлысын тілеу керек. Осы бағытта қажетті шарттарды түгелдей орындап, борыштарын атқарғаннан кейін шынайы көңілмен Аллаһқа тәуекел етіп, маңдайға жазғанына шын көңілден ризашылық білдіру ғана қалады.

Адамның жүрегіндегі мағрифат (Аллаһқа деген таным) тереңдігі оның бойында жауапкершілік түсінігінің орнығуы үшін, ең негізгі алғышарт болып саналады. Сондықтан әулие кісілер «Хасанатул әбрар сәийатул муқаррабин» яғни, «әбрар[8] үшін сауап саналатындар муқаррабин[9] үшін күнә» деген қағиданы ұстанған. Бұл ұстаным Құдайдан жар немесе бала тілеуде де өте маңызды өлшем. Қатардағы жай адам Құдайдан зар еңіреп бала тілегені үшін жауапқа тартылмауы мүмкін. Алайда, жан дүниесін Аллаһтан басқа барлық нәрсеге жабық ұстауға мәжбүр саналатын муқаррабин мұндай талап-тілектен міндетті түрде есепке тартылады. Тіпті, «қурбат» (Аллаһқа жақындық) дәрежесіне қарай жазалануы да мүмкін. Осы тұрғыдан Ибраһим мен Зәкәрия пайғамбарлардың сәби сүюге деген талап-тілектері ғибратты мысал болса керек.

Шындығында, осынау құтты пайғамбарлардың Құдайдан бала сұрауын күнәдан пәк текті бір әулетке өкілдік ететін ізгі ұрпақ ізденісі ретінде пайымдау ең дұрысы. Өйткені, пайғамбарлар ұрпақты тек перзент сүю үшін қаламайды. Олар артта қалдыратын пайғамбарлық міндетті өздерінен тарайтын тап-таза перзенттері арқылы жалғасын табуын қалаған. Сондықтан пайғамбарлардың бұл мәселедегі талап-тілектері де пайғамбарларға тән сипатта өрбіген. Дегенмен, мына мәселені де айта кеткен жөн. Біз секілді қарапайым адамдар үшін осындай талап-тілектер дін дағуасы ниетінде болса, үлкен ізгілік, биік мәртебе болып та саналуы мүмкін. Алайда, аталған екі пайғам-бар – муқарраббин болып саналады. Ал, муққаррабин үшін мұндай талап-тілектер, Аллаһқа жақындықтары және дәрежесіне қарай белгілі бір дәрежеде дүниелік қалау ретінде саналуы да бек мүмкін.

Хазірет Ибраһим мен хазірет Зәкәрия Аллаһтан ізгі ұрпақ тілеп, пайғамбарларға тән ұлы ниетте болса да, сырттай қарағанда дүниелік бір нығметті қалағандықтан, екеуі де балаларымен өте үлкен сынақтарды бастан өткерген. Хазірет Ибраһим (а.с.) бәлкім қалауын ішінде сақтағаны үшін, баласын айдалаға тастап кетуге және белгілі бір жасқа жеткенде, оны бауыздауға әмір алды. Алайда, Аллаһқа деген берік тәуекелінің арқасында бұл сынақтан өтіп, Исмайылды құрбан қылып бауыздаудан соңғы сәтте босатылады. Хазірет Зәкәрия (а.с.) Құдайдан ашық түрде бала тілегені үшін, тек пайғамбарлар ғана шыдай алатын аса ауыр сынаққа душар болады. Ақырында, өзінің де, баласының да мүбәрак бастары шабылды.

Қайырлы игілік тілеу

Аллаһ сақтасын, осы айтқан пікірмен пайғамбар-ларға баға беруден мүлдем аулақпыз. Оларды бағалау біз секілді қатардағы адамның ісі емес. Өз басым олар туралы жаман ойға жетелейтін ең кішігірім бір сөздің өзін әдепсіздік деп санаймын. Олардың бейкүнә бір тілектері үшін, осыншама үлкен сынақтарды бастан өткеруінің өзі олардың ұлылығының өзгеше бір айғағы емес пе? Бұл олардың қол жеткізген «қурбат» (Аллаһқа – жақындық) көкжиектерін паш етсе керек. Алайда, осы мәселеге қатысты иләһи шындық бар, Аллаһ тағаланың өзгермес бір сүннеті (заңы) күшінде. Негізі, Хақ тағаланың разылығы мен «Илә-и кәлимәтуллаһ» яғни, Аллаһты төрткүл дүниеге танытудан басқа барлық мәселеде табандап тілек тілеу дұрыс емес. Бұл мәселе Құран кәрімде кейде ашық, кейде астарлы түрде ишарат жасалады. Өзіміз көріп, естіп, оқып жүрген мыңдаған оқиғадан да мұндай әсіре талап-тілектің адамның сау басына сақина екенін байқауға болады.

Аллаһ тағала қай мәселені қаншалықты талап ету керектігін және қандай мәселелерде тойымсыздық танытуға болатынын белгілеп көрсеткен. Бала мәселесінде адам байсалды болуы қажет. Егер табандап тілек тілесе, арманы керісінше орындалуы ғажап емес. «Қалай да тілегім орындалса екен» деген ниетпен тілек тілеген ата-аналар көбінесе балаларынан көптеген қорлық-құқай көреді. Кейбір балалар денсаулығының кемістігімен, енді бір балалар арсыздығымен, қасиетсіздігімен ата-анасын зар илетеді. Ал енді бір балалар жүрек пен ақыл-ойы азғындап, кейбірі арсыз, ұятсыз өмір салтымен ата-аналарына у ішкізеді.

Құран кәрім балалардың үлкен нығмет екенін айта отырып, олардың ата-ана үшін сынақ екенін де ескерткен. «Біліп қойыңдар, мал-мүліктерің мен балаларың сынақ қана. Нағыз сый-сыяпат ақыретте Аллаһ тарапынан беріледі»[10]деген жерде де балалар үшін «фитнә» деген сөзді қолданған. Құран кәрімде түрлі мағыналарда қолданылатын «фитнә» сөзі аталған аятта «сынақ себебі» деген мағынаны білдіреді.

Иә, бала бала ретінде жамандық емес. Алайда, бала ата-ана үшін үлкен сынақ. Дүние-мүлік сынды бала-шаға да адамның жүрегін басқа жаққа аударып, оны күнәға және бәле-жалаға ұрындыруы мүмкін. Ендеше, адам мал-мүлікке, бала-шағаға немесе басқа да дүниенің өткінші нығметтеріне алданып, ақыреттегі үлкен сыйдан мақұрым қалмаудың қамын ойлауы қажет. Қаншама ата-аналар осы дүниеде балаларының кесірінен қан жылап, балаларын көрген бетте: «Қап, сені тапқанша тас тапсамшы» деп опық жейді. Ақыретте осындай өкінішке душар болмас үшін, «Әйтеуір бір перзенті болсам» деген әсіреліктен бойын аулақ ұстап, байсалды қалпынан жазбағаны жөн. Аллаһтан дүниелік бір нығмет тілегенде «Уа, Раббым! Мен үшін ең қайырлысын нәсіп ет!» деп дұға жасаса, нұр үстіне нұр болмақ.

Хақ тағала базбір адамдарды «Ата-и иләһисіне»[11] бөлеп, иләһи тарту жасайды. «Ата-и иләһи» қандай да бір себепке немесе заңдылыққа тәуелді емес. Бала көп адам үшін «Ата-и иләһи» болумен қатар, Аллаһ тағаланың белгілі бір хикметпен адамға перзент бермеуінің өзі түсіне білген жанға үлкен игілік. Өйткені, адам үшін ненің қайырлы, ненің қайырсыз екенін тек «Алламул-ғуюб»[12] Аллаһ тағала біледі. Соңғы уақытта бір кісі жаныма келіп баласы жоқ екенін айтып мұңын шақса, «әттең бұл мәселеде әсірелік танытпаса қандай жақсы болар еді» деген сезім ішімді кернейді. Алайда, әлгі кісінің ішкі сезімдері мен перзент сүюге деген құштарлығын сезінсем, оның көңілін қалдырып, көңіл-күйін бұзбау үшін «Иншаллаһ, біз дұға етейік, сіз де Хақ тағалаға сыйыныңыз. Аллаһ сізге қайырлы перзент нәсіп етсін» деумен ғана шектелемін.

Перзентке айналған күнәлар

Тақырыптың басында «Балалардың болмауы жұбайлардың қателіктері немесе күнәларының кесірінен бе?» деп сауал қойылған еді. Жалпы алғанда, адамның бір перзентке зар болуы қандай да бір қателікке, күнәға байланысты емес. Қайта керісінше, адамның қателіктері мен күнәлары перзент күйінде көрініс тауып, дүние мен ақыретте әлгі адамның басына бәле болуы әбден мүмкін. Кейбір мүминдер көптеген күнәға батқандықтан, сол істеген күнәлары перзентінің шектен шыққан базбұзарлығы күйінде алдынан шығады. Істеген күнәларының кесірінен перзенті азғындыққа салынып, осы өмірде әлгі адам үшін үлкен сынаққа айналып жатады. Перзенті адасушылыққа бой алдырса, кез-келген пенде үшін заққум ағашы (жаһаннамда өсетін ағаш) сынды ақыретте басына сор болып, опық жегізеді.

Бүгінде мыңдаған жастар әке-шешелерін сорлатып, елдің берекесін қашыруда. Азғындаған жастар көбіне өз жағдайларының парқына да бара алмайды. Олар батпақта малтығып жатқанын да сезбей, осындай азғындыққа еті үйреніп, қалыпты жағдай деп ойлап, алаңсыз өмір сүруде. Мұндайда қасірет тартатын тағы да ата-ана. Ата-аналар тереңнен қаузаса, балаларының өз күнәларының кесірінен осындай жағдайда жүргенін түсінген болар еді. Құдайдан зар еңіреп жүріп тілеп алған перзенті азғындық жолына түсіп ақыретке көшсе, ата-ана үшін нағыз қасірет сонда болмақ. Өйткені оның ақыреттегі жағдайы да аяныш тудырмақ.

Сондықтан, перзент сүйе алмау әке-шешенің күнәлары үшін берілген жаза емес, қайта керісінше азғындаған ұрпақ – әке-шеше күнәларының жазасы саналмақ. Өз басым көптеген мүмин адамдардың перзенттерінің шектен шығушылығын осы бір иләһи хикметпен байланыстырамын. Тіпті, мүминнің күнәлары жиылып бір ұрпақ ретінде көрініс табатынына сенемін. Негізінде, иман еткен адамдар қателіктері мен кемшіліктерінің парқына барып, олардың кәффәратын өтеп, тәубе етсе, жаман перзент түбінде қайырлы ұрпаққа айналады. Мүминдер істеген күнәларының бірқатарының жазасын осы дүниеде балаларының кесірінен тартады. Осылайша, ақыретке едәуір тазарып кетеді.

Бір баланың орнына мыңдаған шәкірт

Перзенттің болғаны – жақсылық, болмағанын – жамандық деп біржақты түсіну дұрыс емес. Адам уақыты жеткенде дін рұқсат еткен шеңберде отбасы құрады. Содан кейін «Әл хайру фи махтарахуллах» яғни, «қайырлы нәтиже тек Аллаһ тағаланың ықтиярында (таңдауында)» деп, Хақ тағаланың қалауының әрқашан ең дұрыс, ең берекелі, ең сауапты және ақырет тұрғысынан ең қайырлы таңдау екендігіне сеніп, Аллаһтың қалауына шын көңілден ризашылық таныту қажет. Егер отбасында міндетті түрде балалардың шүлдірлеген дауысын естіп, Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мақтаныш тұтатын үмбетін тәрбиелеп өсіргісі келсе, онда дін талабынан шығып кетпей, перзент сүюдің қамын жасауына әбден болады.

Осы тақырыпқа қатысты Гандидің басынан өткен бір оқиғаны тілге тиек ете кеткенді жөн көрдім. Гандидің өмірбаянын оқып, терең кісілігін, мағыналы ғұмыр кешкенін байқадым. Сол жылдары мұсылмандар мен үнділер арасындағы жанжал әбден қызған тұста үнді балаларының бірі қақтығыстарда қаза табады. Өлген баланың әкесі мұсылмандардың бір баласын өлтіріп, кек алатынын айтып, ант етеді. Осыны естіген Ганди әлгі кісіні жанына шақырып, неліктен жазықсыз бір баланы өлтіргісі келетінін сұрайды. Әлгі кісі: «Олар менің баламды өлтірді. Мен де олардың бір баласын өлтіріп, өшімді аламын» деп жауап береді. Сонда Ганди: «Біреуді өлтіру сенің өліп кеткен балаңды қайта тірілте ме? Балаңның орнын толтырғың келсе, олардың бір баласын асырап ал, оны өз балаңдай етіп бауырыңа бас және жақсылап тәрбиеле» деп парасат тұнған насихат айтады.

Иә, егер перзент мәселесінде жүректегі құштар-лығыңызды тізгіндей алмай қатты қиналсаңыз, діндегі рұқсат шеңберінде бала асырап алып, оған жақсылап тәрбие беріп, үлкен азамат, яки азаматша етіп өсірсеңіз де болады.

Жалпы өмірде баласыз өткен адамдар аз емес. Мәселен, имам Нәуәи сынды заңғар тұлғаның еш перзенті болмаған. Алайда, Хақ тағала оларға өз балаларынан он есе адал қызмет ететін мыңдаған шәкірт нәсіп етті.

Қорыта айтқанда, иманды кісілер әйел болсын, еркек болсын, Құдайдан перзент тілегенде, әсірелікке салынбауы қажет. Зар еңіреп Құдайдан перзент тілесе де, ізгі әрі тақуа бала сұрауы қажет. Жұбайлар балалы болудың тиісті шарттарын орындап, дұға еткеннен кейін Хақ тағаланың ықтиярына ризашылық танытып, барлық мәселеде айтатын «Раббәнә атина фид-дуния хасәнәтән уә фил ахирәти хасанәтән» яғни, «Уа, құлдарына шексіз нығмет сыйлаушы Раббымыз! Біздерге осы дүниеде де жақсылық пен ізгілік бер, ақыретте де жақсылық пен ізгілік бер»[13] дегені абзал.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Екінші Дүниежүзілік соғыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Санкт-Петербор) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 094 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2020 7949
    • DOCX 514.9 кбайт
    • 55 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Двужилова Ольга Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Двужилова Ольга Викторовна
    Двужилова Ольга Викторовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 107426
    • Всего материалов: 233

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 190 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе