Ж.Досмұхамедов
атындағы педагогикалық колледж
Баяндама
Тақырыбы: “Қол өнер арқылы оқушылардың
рухани мәдениетін дамыту”
Жонкарбаева Ж.Ж.
«Технология және бейнелеу өнері»
кафедрасының пән оқытушысы
Орал-2015
Баяндама: « Қол
өнер арқылы оқушылардың рухани мәдениетін дамыту»
«Технология және бейнелеу өнері» кафедрасының пән .
оқытушысы Жонкарбаева Ж.Ж
«Өнер,
білім бәріде, оқуменентабылған»
Ы. Алтынсарин
Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап,бар
жоғымызды түгендеп, жүйелеп келер ұрпаққа аманаттау «Мәдени мұра» бағдарламасының
басты мақсаты деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ұлттық мәдениетімізді
дамыту жолындағы үндеуінде көрсеткен.Ата- бабаларымыздың өмірі көшпелі
болғанмен, рухани болмысы көшпелі болған емес. Бабалаларымыздың ұрпаққа деген
өсиет үлгісі өнер арқылы жеткен. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып
келе жатқан қолданбалы- сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына
ықпалын тигізеді. Бабаларымыздың сұлулық туралы талғамы киіз үй арқылы көрініс
тапқан. Аталарымыз бала тәрбиесіне, тіршіліктің келешегіне ерекше мән берген.
Баланы жас кезінен көзі көргенді көңіліне тоқып, қолы үйреніп, істей алатындай
болуға бейімдеп өсірді. Ұлы мен қызының сегіз қырлы, бір сырлы болуын
қадағалады.
Оқушылардың эстетикалық
сезімін және әсемдікті түсіну қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығы мен
сүйіспеншілігін оятуда еңбек сабағындағы ою-өрнек, кестелеу өнері
тақырыптарының орны ерекше. Кестелеу, көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеу
ертеден келе жатқан өнердің бірі қазіргі жаңа технология тілінде сәндік
қолданбалы өнер. «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» дегендей
кесте алуан әдісті, таңдауы көп өнер.
Көркем
эстетикалық тұрғыда тәрбиелеп, ұлттық өнерді үйретуде мына мақстаттарды
алға қоюымыз керек:
-
халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі
қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы
қарым-қатынасын дүниетанымын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын
қалыптасытыру;
-
жас ұрпаққа халқымыздың асыл дәстүрі мен салтынан мағлұмат бере отырып дені
сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,
парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан
адамды тәрбиелеу;
-
ұлттық қолөнері және рухани-мәдени байлығымызды танып-білуге тәрбиелеу. Өз
отанының және халқының қолөнер мұраларын танып, жетік меңгеру;
Басты мақсат : ой-өрісі дамыған,
азаматтық және адамгершілік ұстанымы жоғары, рухани мәдениетті, жаңашыл ,
қолөнердің бірнеше түрін меңгерген, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлау.
Технология сабақтарында тереңдетілген бағдарламамен әрбір сабақта ақпараттық
технологияны тиімді пайдалану арқылы интерактивті шығармашылық белсендіру
әдістерінің оқушылар білім сапасын арттыруға, рухани танымы мен мәдениетін
дамытуға зор ғылыми – танымдық мүмкіндіктері бар.
Жасөспірімдердің
сәндік-қолданбалы өнерді меңгеру үрдісінде эстетикалық мәдениетін қалыптасытыру
талап етіледі. Технология сабағында және үйірме жұмыстары барысында шәкірттерге
қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды көркем еңбекке баулу
халқымыздың мәдени мұрасын жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, рухани
игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді
Қазіргі таңда ұлттық
ерекшеліктермен жасалған бұйымдарға сұраныстың артуы оқушыларды қазақ халқының
кәсіптік қолөнер бұйымдарын дайындай білу іскерлігіне баулу қажеттігін
тудырады. Бұл мәселені шешудегі негізгі себеп: жастарды жаңа экономикалық
жағдайда еңбек етуге, өз бағыт-бағдарын анықтауға, мүмкіндіктерін іске асыруға
даярлайды. Студенттерге қолданбалы-сәндік өнерге
үйрету үшін қағазбен, матамен, жіппен, бисермен, былғарымен, ағашпен жұмыстар
ұйымдастырылып,оқу процесінде жасалған жұмыстары шығармашылық көрмелерге
қойылады.
Сыйлық
заттар жасауға бейімделген оқушылар үйлерінде де үнемі көркем еңбекпен
айналысады, халқымызды танытатын бұйымдардан неше түрлі композиция ойластырады,
алдағы жасайтын туындыларының эскизін салып, ізденіске түседі. Оқушылардың
мұндай жұмыстарға қызығушылықтары өте жоғары, бір-екі жұмыстан соң-ақ
қажет құралды, материалды өздері таңдай білу қабілеттері пайда болады. Жасаған
бұйымдары өте сәтті шыққанда, оқушы өз еңбегінен ләззат алып, қуанышқа
бөленеді, қызығушылығы артып одан да әдемі жұмыс жасауға талаптанады. Әрине
осындай сан алуан сыйлық заттар жасау, мұғалімнің оқушыларға бағыт-бағдар
беріп, оқытып, баулуына, қиялдарын ұштауына байланысты.
Технология сабақтарында ақпараттық
технологияны тиімді пайдалану арқылы интерактивті тақтада шығармашылық
жұмыстарын орындау, оқушылардың білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Еңбекке баулу пәнінің 3-ші сыныбында жүргізілетін «Ою-өрнек туралы түсінік»
тақырыбына тапсырмалар орындап көрелік.
Нәтижелі әдістемелік шаралардың
арқасында студенттердің ұлттық қолөнерін пайдалану даярлығы қалыптасып,
этнопедагогика және ұлттық қолөнері салаларынан білім қоры кеңейді, ұлттық
тәрбиені дамытуға қажетті іскерліктер және дағдылар қалыптасты, танымдық
көзқарасының өсуіне, рухани интеллектуалдық, тұлғалық қасиеттерінің дамуына
көмегін тигізді.
Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын
еркін елдің ертеңгі шығармашылық кеменгерлігін тәрбиелеу бесіктен, ұдайы
үздіксіз даму барысында ғана қалыптасады. Оқушы бойындағы өнер сүйгіштік,
ұлттық рухты көтеру үшін мұғалім алдымен өзі үлгі болумен қатар, басқа да
үлгілі болатын жұмыстар атқаруы
тиіс.
Қолданылған
әдебиеттер
1
Әбдуәлиева
Ш. Халық қолөнері Мектептегі технология,2005..
2
Қазақ
мектептеріндегі технология сабағында ұлттық тәрбие беру жағдайы,
міндеттері мен мақсаты Хабаршы КарГУ, 2004.
3
.
Оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде
педагогика – психологиялық ерекшеліктерді ескеру . Жезқазған : ЖезУ, 2002.
4
Танымы
мол өнер Ұлт тағылымы, 2004.
5
Ұлттық
қолөнер – ұлы мұра Тәрбие құралы, 2003.
6
Б Байжігітов Қазақтың қолөнері тарихы
сәндік қолданбалы өнер және
халықтық кәсіпшілік «Экономика» баспасы 2012 ж
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.