Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад по казахской литратуре на тему: "ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ДӘСТҮРДЕН ТЫС САБАҚ ТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ"

Доклад по казахской литратуре на тему: "ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ДӘСТҮРДЕН ТЫС САБАҚ ТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ"

Скачать материал

Қармақшы аудандық білім бөлімі

№275 орта мектебі коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА

ДӘСТҮРДЕН ТЫС САБАҚ ТҮРЛЕРІН

ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІ МҰҒАЛІМІ 

НУРГУЛЬ ЗАТОВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ

       Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесс білім программасының өзгеруімен қатар жүреді      . Б ілім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектілендіруге, өзін толықтыруға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек – ең құнды еңбек» деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген. Еліміздегі оқыту мазмұнының жаңаруы,  әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық- қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің
жаңашылдық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, ең тиімді әдістерді оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Ғылым мен техниканың шарықтай дамып, адамзат баласы ғаламдану үрдісі жөніндегі пікірлерін ортаға салып, қоғам мүшелері соңғы үлгідегі техника жетістіктерін пайдаланып жүрген тұста білім беру жүйесі де осы өзгерістерге сай жаңашылдық пен әлемдік білім кеңістігіндегі соны ізденістерге сай сабақ жүргізудің уақыт міндеттеп отырған талап екенін айқын сезінуде. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру – өз ісінің шебері болумен қатар өз мамандығын сүйіп, адал да аппақ жүрекпен қоғамға қызмет етуді мақсат тұтқан ұстаздың ғана еншісінде.
Сабақ – мұғалім мен оқушының өз қажеттілігіне орай оқу әрекеттерін яғни білімді меңгерту мен меңгеру, машық дағдыны қалыптастыру,ізденіске баулу,шығармашылық пен талапты ұштап, дамытуды қажет еткен мақсат міндеттер тұрғысынан бірлесе жұмыс істейтін ынтымақтастық алаңы. Сабақ тек жалаң білім беруге құралмай, оқушының шынайы қызығуы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс танымына орай құрылуы қажет.
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаның жан-жақты жетілдірілуінде таным баспалдақтарына жетелер дағды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау мұғалім мақсатының бастау көздері.
Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің жаңа үлгісі қалыптасуда

  «Тиімді білім беру» - білімді тек «беріп» қана қоймай, сонымен бірге білімнің арқасында оған құндылық көзқарасын дамыту сабағы. Алайда адамның көптеген құндылыққа деген көзқарасы деген өзгеріп отырады. Ең алдымен, құндылықтардың өздерінің мағынасы, яғни, оларға деген жеке көзқарас өзгереді. Қазіргі заманғы психологиялық – педагогикалық және әдістемелік әдебиетте дәстүрлі дәстүрден тыс және жеке тұлғаға бағытталған сабақтар деген ұғымдар бар.

«Дәстүрлі сабақтарда сабақ құрылымының бірінші кезеңінде оқушылар мұғалімді тыңдайды, екінші элементінде олар бір баланың сұраққа берген жауабын тыңдайды, үшінші элементінде мұғалімнің түсінігін тыңдайды, төртінші элементінде оқушылар жаңа тақырып материалын бекітуге байланысты мұғалімнің сұрағына бір оқушының берген жауабын тыңдайды, ал соңғы элемент бойынша, оқушылар үйге берілетін тапсырманы тыңдайды. Демек оқушылар бүкіл сабақ бойында тек қана тыңдаушылар ретінде отырады, өз беттерінше ешқандай оқу жұмысын орындамайды. Ал Ә.Қоңыратбаев «4-7-кластарда әдебиетті оқыту методикасы» оқу құралында былай дейді: «Әдебиет сабағының жоспары көбіне схемаланған 5 элементке құрылып жүр(өткен сабақты сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, оны бекіту,  қорыту, тапсырма беру), мұның өзі сабақ сайын материалды лекция сияқты өтуге әкеледі. Сондықтан бұл 5 элемент тіл сабағы болмаса, әдебиетке онша қонымды емес»

. Қазіргі заманғы психологиялық – педагогикалық және әдістемелік әдебиетте «сабақтың дәстүрден тыс нысаны» әлі күнге дейін нақты анықтамаға ие бола алмай, шашыранды ұғым ретінде қалып отыр. Синонимдердің, олардың ішінде «қалыптан тыс сабақ», «сабақтың дәстүрден тыс технологиялары», «сабақтың дәстүрден тыс түрі» сияқты атаулардың аса көптігін айта кеткен жөн. Дәстүрден тыс сабақты дәстүрден тыс  (бекітілмеген) құрылымы бар, суырып ойдан шығарған дәріс ретінде анықтау кең тараған. Сонымен қатар, дәстүрден тыс ойластырылуы, ұйымдастырылуы және өткізу әдістемесі бойынша әдеттегіден тыс деп есептеледі. Педагогтардың дәстүрден тыс сабақ туралы пікірлері кереғар. Бірі бұл сабақтардан педагогикалық ойдың өрлеуін, мектепті демократизациялаудағы дұрыс қадамды көреді. Екіншісі, керісінше, бұл сабақтарды педагогикалық ұстанымдардың қатерлі бұзылуы, еңбек ете алмайтын және еңбек етуге құлқы жоқ оқушылардың жалқаулылығының ықпалымен педагогтардың еріксіз ығысуы деп есептейді. Әдістеме авторлары негізінен дәстүрден тыс сабақтардың кейбір түрлерінің технологиясын сипаттауға көңіл бөледі, яғни, аса маңызды болып табылатын, мазмұндық және тұжырымдамалық аспектісін ескермей, ұйымдастыру аспектісіне зейін бөледі.

И.П.Подвласованың анықтамасы бойынша : Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз - түрлендірілген сабақ түрі, өзінің құрылымы бар . Дәстүрлі емес сабақты білімді тиянақтауда немесе жаңа сабақта өту кезінде пайдалануға болады.


        Негізгі екі ұстанымды атап көрсетуге болады (К.Л. Володарская бойынша).

        Бірінші ұстаным дәстүрден тыс сабақты аралас сабақтың айқын құрылымынан бас тарту және сан қилы әдістемелік амалдарды байланыстыру деп уағыздайды.

        Екінші ұстанымда сонғы кезде жарық көріп, қазііргі заманғы мектепте біртіндеп берік орынға ие болып келе жатқан сабақ түрлері туралы сөз болады.

        Дәстүрлі тыс – дәстүрден толығымен бас тартқан, өзінің барлық бөлшектері әбден жаңаланған, әдеттегіден мүлде тыс деген үғымды біілдіреді. Бұл педагогикалық мәдениеттің неғұрлым биік деңгейімен айшықталатын педагогикалық шеберліктің әлдеқайда жоғарғы дәрежесі. «Әлдеқайда жоғары» - жоғарғы емес, «ең үстіндегі» - жоғарғы педагогикалық пилотажды іске асыратын жеке тұлғаға бағытталған сабақтар. Осы шыңға барар жолда «әдебиеттегідей емес сабақ» және «әдеттегіден мүлде тыс сабақ» деген анықтамаларға тоқтала кетелік.

          Ал ол мақсатқа жету әр түрлі құралдар көмегімен іске асады. Тағы бір ортақ сәт – бірталай дәстүрлі құрылымға деген біршама «тұрақтылық». Ол сабақтың ұйымдастыру сәтін, жаңа сабақ түсіндіруді, өткен тақырыптың игерілуін бақылауды қамтитын үйреншікті барысын қайталауы мүмкін немесе әдеттегі кезендердің барысы өзгертілген нысанда, ұйымдастырудың өзгертілген тәсілдерін қолданған, ойындық негізде, т,б, қалыпта болуы мүмкін.

          Анағұрлым әдеттегіден тыс болып табылатыны – оның мазмұны мен беру тәсілдері. Осы мазмұнының, әдістері мен нысанының әдеттегіден тыс болуы арқасында сабақ жеке тұлғаның дамуына қажетті үдеу береді. Әрине, әр кезде әр түрлі жағдай болады. Барлығы мұғалімнің ұстанымына болады. Әлі жеке тұлға емес, бірақ – білім беру үрдісінің мүлделі субъектісі. Бұл неге дейсіз ғой?

        Оқыту юағдарламасында берілген жалпы мақсат ауқымында әдеттегідей емес сабақтар өз мақсатына жетуді мұрат етеді: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, соның арқасында оқыту тиімділігін көтеру. Көптеген сабақтар қарастырылатын материал көлемі мен мазмұны жағынан мектеп бағдарламасы ауқымынан жиі шығып кетіп отырады да, оқушылар мен мұғалімдер тарапынан шығармашылық қатынас болуын көздейді. Мұндай сабақ – оқушылар үшін өзге психологиялық күйге көшу, қарым – қатынастың басқаша стилі, жағымды көңіл – күйі, өзін жаңа қалыпта сезіну. Осының бәрі – өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімнің ролін бағалап, оның практикада қолданылуын көру, әр түрлі ғылымның өзарабайланысын түсіну мүмкіндіктері, бұл – өз бетінше әрекет ете білу және өз еңбегіне мүмлдем басқаша көзқарас.

         Мұғалім үшін әдеттегідей емес сабақ, бір жағынан, оқушыларды жақынырақ біліп, түсіну, олардың жеке ерекшеліктерін бағалау, қарым – қатынас мәселелерін шешу мүмкіндігі. Екінші жағынан, бұл өзін – өзі жүзеге асыру, жұмысқа шығармашылықпен қарау, өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі.

         Әдеттегіден  мүлдем өзге сабақ әдеттегідей емес сабақтарда  басталған үрдістерді  барлық өлшемдері бойынша, өз мақсаты мен мазмұнынан бастап нысандары мен әдістеріне дейін дамытады деуге болады . Әңгіме негіздеме-

лері бойынша салыстыру туралы болып отырғандықтан, сабақтарды  жіктеу,

яғни мақсаты, мазмұнды, әдісті анықтау жұмысын айқын елестете алу үшін оларды белгілі дәрежелерге бөлу мүмкіндігі туады.

      Жіктеме – дәреже бойынша бөлу, ақпараттың көп мөлшерінен аса қажет-ті мағлұматты таңдап алу қажеттігі туған кезде жалпы негіздемелерді бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

      Типология – типтер бойынша, яғни негіздемелер емес, қандай да бір үлгі-                       лер бойынша бөлу.

      И.П.Подласыйдың  «Педогогика» оқу құралында дәстүрден тыс сабақтардың ондаған типі бөлінген, оның ішінде іскерлік ойын сабақтары,  ойын  сабақтары, т.б. бар.

Әдіскер ұстаз Қ.Бітібаева сабақтың дәстүрден тыс 25 түрін атап көрсетеді: 1. Дәріс сабақ. 2. Семинар сабақ. 3. Пәнаралық байланыста оқытуға негізделген (қос)үштік сабақ. 4. Конференция сабағы. 5. Сот сабақтары. 6. Жәрмеңке сабағы. 7. Пресс-конференция сабағы. 8.Концерт сабағы. 9.Пікірталас сабағы. 10.Айтыс сабақтар. 11.Композициялық сабақ. 12. Әдеби монтаж сабағы. 13.Көзқарас сабағы (урок «Взгляд»). 14.Брифинг сабақтары. 15.Ерлік сабағы. 16.Іздендіру сабағы. 17.Кездесу сабақтары. 18.Практикалық сабақтар. 19. «Ұлылар мінбесі» сабағы. 20.Емтихан, есеп-сынақ сабақтары. 21.Реферат қорғау сабақтары.  22.Пікір қорғау сабақтары. 23.Көкпар сабағы. 24.Жарыс сабағы. 25.Ойын сабақтары

 

 В.А. Щенев берген басқа жіктемеде сабақтардың қалыптан тыс түрімен  толықтырылған дәстүрлі типологиясы берілген.

                                           Сабақ  типтері:

   Жаңа білім

қалыптастыру

    сабақтары    

 Білік пен дағдыға                                                                                               үйрету сабақтары

Білімді пысықтау

   білікті бекіту

     сабақтары

Білім мен білікті тексеру және бағалау сабақтары

Лекциялық

сабақтар

Практикумдар

Сыныптан тыс оқу семинарлары

Сынақ сөзжұмбақтары

Экспедиция

(саясат)

сабақтары

Шығармалар

Қайталау-қорыту сабақтары

Байқаулар

Зерттеу сабақтары

Диалог сабақтар

Ойын түріндегі пікірталастар «Не? Қайда? Қашан?», «Ғажайып алаң», «Бақытты сәт»

Білім сайысы

Сахналық сабақтар

Рөлдік, іскерлік ойын сабақтары

Кіріктірілген театрландырылған

(сот сабағы)

сабақтар

Шығармашылық жұмыстарды, жобаларды қорғау

Конференция сабақтары («пресс-конференция»)

 

Кеңес беру сабақтары

Шығармашылық есеп

Кіріктірілген сабақтар

 

Байқау сабақтары, жарыс сабақтары

 

 

     Негізгі дидактикалық мақсаттары бойынша «классикалық»типология жоспарланған  оқыту нәтежиелерін ғана емес, сонымен бірге оқулық таным үрдісінің сатыларынан да шығады.

     Проблемалық оқыту теориясының  шығуы  сабақтарды  проблемалы және проблемасыз түрге бөлуге әкелді. Мұндай жіктемеде оқушылардың танымдық  әрекетінің сипаты белгіленген. Сонымен бірге, бұл жіктеме  негізінен жаңа материал  өту сабақтарына қатысты.

      Ең қиыны – ойын нысанындағы сабақтарды жіктеу. Оқытудың ойын технологиялары айрықша саңқилы болып келеді. Ойынның негізгі сарыны нәтиже емес, үрдіс. Бұл олардың  дамытушы маңызын күшейтеді, алайда білім беру әсерін көмескілейді. Әрине,  егер бөліп қарамай, жүйелі түрде қарастырған жағдайда  ойын  сабақтарының білім беру мүмкіндіктері де жоқ емес. Мысалы, деректерді игеру мен  қолданудан олардың байланысына  қарай, си- паттаудан  түсіндіруге қарай жүруге болады.

       Дәстүрден тыс сабақтардың жекелеген пәндер бойынша жіктемелерін дайындау  белсенді түрде жүргізілуде.

       Кейбір авторлардың пайымдауынша, дәстүрден  тыс сабақтардың  өмірге келуі оқушылардың жаңа қажеттіліктерінің  туындауымен  тұспа-тұс келді. Жариялыққа  ұмтылу «Қоғамдық білім байқауы» және «Пресс-конференция» тіпті сабақтарда көрініс тапты. Қандай да бір  пікірді  дәлелдеп  шығуға  мүм-

кіндік  беретін ойтолауға, пікірсайыстарға, таластарға құмарлық – пікірталас сабақтарында. Бастамашылдық, шығармшылық ойшылдыққа әуес адамдар-               дың қажеттігі және  олардың көрінуін қамтамасыз ететін  шарттардың болу қажеттігі - өнертапқыштық және шығармашылық сабақтарында, шығармашылық көрмелерде және есептерде. Іскерлік әріптестік, шығармашылық бір- лестік сабақтарда  топтық  жұмыс  нысандарын қолдану арқылы  ұсынылды

Қоғамның адамға, оның ішкі  жан – дүниесіне, ұмтылыстарына, қажеттіліктеріне бет-бұруы – ақыл-кеңес сабақтарында және дидактикалық ойын сабақ-тарында, сонымен  қатар, сабақ үстінде оқушы психологиясын  ескеретін сан қилы  тәсілдерді қолдануда.

      Жіктеме ақпараттың аса көп мөлшерінен ең қажетті, қызықты, жарамды дегендерін таңдау керек  болған  кезде  жалпы негіздемелерді белгілеуге көм-ектеседі. Жалпы  жіктемеде әдеттегідей  емес сабақтар бір  прагдимадан екін-ші  парадигмаға  көшу ретінде  дәстүрлі сабақтар мен жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар арасынан орын алады. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегідей емес сабақтар мыналарды көздейді:

        • жұмыстың  ұжымдық тәсілдерін қолдану;

        • өз бетінше жұмыс істеудің білік-дағдыларын дамыту;

        • шығармашылық  ізденіске ұмтылу;

        • оқу материалына қызығушылықпен қарау;

        • оқушылардың іс-әрекетін жандандыру;

        • ұжымдық әрекетті басқару  тәсілдерін меңгеру;

        • оқушылар мен мұғалім арасындағы жаңа қарым-қатынастың орнауы;

        • оқушылардың іс-әрекетін олардың достарының, сабақтас жолдастары-ның бағалауы.

 

 

 

 

       ӘДЕТТЕГІДЕН  ТЫС  САБАҚТАРДЫҢ  НЕГІЗГІ  ТОПТАРЫ

1.                 Ұйымдастыру тәсілдері өзгертілген сабақтар.

      «Парадокс» лекция сабағы. Шолу лекциясы. Білім қорғау. Идея қорғау. Екеудің сабағы. Кездесу сабағы. Өзара тексеру сабағы. Шығармашылық қолдану сабағы.

2.                 Қиялға сүйенген сабақтар.

      Нұсқау сабағы. Ертегі сабағы. Шығармашық сабағы. Шығармашылық  ес-еп сабағы. Шығарма сабағы. Көрме сабағы. Вернисаж сабағы. Театрландыр –ылған сабақ. Психодрама сабағы. Имитациялық  үлгілеу сабағы. Мәдениет – тер диалогы  сабағы.

      3. Қандай да бір істі немесе жұмыс түрлерін имитациялау сабағы. Экскурция сабағы.

      Түрлері:

-                 оқу материалының мазмұны бойынша;

-                 өткізілу орыны  бойынша;

-                 экскурцияның тақырыпты оқып-үйренудегі негізгі  дидактикалық мақса-ты мен орны бойынша;

-                 оқып-үйренетін тақырыптарға байланысты өткізілу мерзімі бойынша;

-                 қосшылық, қорытынды немесе соңғы;

-                 кешенді.

4.                 Ойын сайысы негізіндегі сабақтар.

   Ойын технологиясы  сабағы. Дидактикалық ойын сабағы.

   Рөлдерді бөлу негізіндегі пікірсайыстар.  Пресс-конференциялар. «Жоба-ны ойлап тап» ойын сабағы.  Тексеру сөзжұмбағы сабағы. «Лото» түріндегі сабақ. «Домино» сабағы. Жарыс сабағы . Ойын сабағы. Турнир сабағы. Блиц-турнир сабағы. «Білгірлер тергеу жүргізеді» үлгісіндегі сабақ. «Білгірлер клу-бы» ойын сабағы.

     5. Ұйымдастырудың стандартты тәсілдерін өзгертуді көздейтін сабақтар.

     Білімді  қоғамдық  байқау сабағы. Семинар сабағы. Ойын түріндегі  семи-нар сабағы. Қорытынды  әңгіме. Сынақ сабағы. Топтық  сынақ сабағы. Әңгіме сабағы.

     Кеңес беру сабағы (түрлері: тақырыптық және мақсаттық – қатемен жұм - ыс сабақтары, бақылау  жұмысы немесе сынақтың қорытындыларын талдау сабағы, т.т.). Практикум сабағы. Үлгілеу сабағы.

     6. Ұйымдастыруда оқу материалының  негізіне бағытталған сабаұтар.

     Өзара оқыту сабағы. Оқушылар жүргізетін сабақтар. «Эврика» сабағы. Ой толғау сабақтары. Шолу сабағы. Шешім табу сабағы. Аннотация сабағы. Мо-нолог сабағы. Еске алу сабағы. Ашық ой сабағы. «Өзін-өзі жүзеге асыру жол» сабағы. «Менің ақыным»  сабағы. Эссе жанрын түйсіну сабағы. Понарамма сабағы. Ашық хат сабағы. Ауызша журнал  сабағы. Философиялық сабақ. Өмір сабақ. Тапсырыс сабағы. Диалог сабағы. Жоққа шығару сабағы.

   

     7. Ұйымдастырылған құиғаларға  ұқсастырылған сабақтар.

    Аукцион сабағы. Жәрмеңке сабағы. Конференция сабағы. Пресс-конферен-ция сабағы. Диссертация қорғау сабағы. Мерейтой сабағы. Сот сабағы. Тақы-рыптық сабақ. «Редакция» сабағы. Пікірталас-конференция. Кәсіпке бағдар – лау мақсатындағы конференция сабағы. «Бенефис» сабағы. Арнау сабағы. Консилум сабағы. Концерт – сабақ.

     8. Іс-әрекеттің белгілі нысандары мен әдістеріне ұқсастырылған сабақтар.

     Зерттеу сабағы. Зерттеу әрекеті сабағы. Интервью-сабақ. Пікірталас сабағы. Пікірсайыс сабағы. Экспертиза сабағы. «Дөңгелек үстел» пікірсайы-сы. Киностудия сабағы. «Миға шабуыл» сабағы.

 

         ҚАЛЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРТТАРЫ

       Авторлық туынды ретінде сабаққа жүйелілік пен біртұтастық, оқу материалыныңмазмұнын анықтайтын ортақ мақсат пен дидактикалық міндеттерге бағынатын мұғаліммен  оқушының біріге әрекет етуінің бірегей логикасы тән болуы тиіс. Тек осы шарт орындалған мінез – құлқы дамытушы бола алады.

Ынтымақтастық педагогикасы ұстанымдары

·                   Оқушылармен өзара түсіністік арақатынасы.Зорлықсыз оқыту.

·                   Қиын, бірақ қол жетер мақсат.

·                   Оқушы үшін тірек  болу ұстанымы (әңгіменің, ереженің, есепті шешуінің жолсілтемі).

·                   Баланың біліміне ғана емес, білмеуіне де құрметпен қарау, жауапкершілік сезімін ынталандыру ретінде бағалау ұстанымы.

·                   Өзіндік талдау ұстанымы.

·                   Сыныптан интеллект сипаты.

·                   Жеке тұлғалық амал.

 

Қалыптан тыс сабақтардың шығармашылық ұстанымдары

1.                                         Сабақты ұйымдастырудағы таптаурындардан, мінез – құлық бірсарындылығынан, жасандылықтан бас тарту.

2.                                         Сынып оқушыларын белсенді іс – әрекетке мүмкіндігінше кеңінен тарту.

3.                                         Сабақтың эмоциялық сипаты ретінде көңіл көтеруді емес, қызықтылық пен әуестікті негіз етіп алу.

4.                                         Пікірдің балама, көпнұсқалы болуын қолдау.

5.                                         Өзара түсіністік, әрекетке итермелеу, эмоциялық қанағаттанануды қамтамасыз ету шарты ретінде сабаққа қарым-қатынас әрекетін дамыту.

6.                                         Оқушыларды оқу мүмкіндігіне, қызығушылығына, қабілетіне  және бейімділігіне орай «жасырын» (педагогикалық тұрғыдан орынды) саралау.

7.                                          Бағаны қалыптастыру құралы ретінде (тек қана қорытындылау емес) қолдану.

Дәстүрден тыс сабақ түрлері салыстырмалы түрде белгілі бір мақсатты көздейді

1.     Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында

2.     Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту

3.     Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету

4.     Сайыс сабақ – оқушылар ойларының жетітігін байқау

5.     Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.

6.     Сынақ сабақ- білім дағдысын бір бір жүйеге келтіру.

7.     Диспут сабақ - білім мен дағдысын қалыптастыру.

8.     Ойын , жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.

9.     Сахналау сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.

Талқылау сабағы - ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
Ертегі сабақ - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

10. Интеграциялық- сабақ пән аралық байланысты жетілдіру
Панорамалық сабақ мақсаты - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі.

11. Аукцион сабақ - бір нәрсені сату арқылы өткізіледі

12. Көңілді тапқыштар сабағы - өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі

 

Жоғарыда көрсетілген сабақтар тақырып ерекшелігі мен оның мазмұнына байланысты өткізіледі. Өйткені кез келген тақырып (қос)үштік сабақ, сот сабағын немесе концерт, әдеби монтаж және композициялық сабақтарын өткізуге лайық бола бермейді. Сабақ түрі сынып оқушыларының құрамына да тәуелді. Бұны да ескерген жөн. Оқушылардың білім деңгейі бірінші кезекте ескеріледі.  Конференция, пікірталас(пікірсайыс), айтыс сабақтары диагностика жасалғаннан кейін барып өткізіледі. Баланың қабілет қарымы, білім деңгейі, өресі ескерілмей  белгілі бір дәстүрден тыс сабақ өткіземін деу – қате қадам. Сабақ түрінің сабақ мақсатына байланыстылығы оның білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарынан тысқары. Сабақ қандай мақсатта өткізіледі? Жаңа сабақты өту мақсатында немесе өтілген сабақты қорытындылау, қайталау мақсатында өтуі мүмкін. Демек, сабақты типке бөлу қажеттілігі бар.

Қорыта айтқанда

Дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, немқұрайлығын жойып сабақ дағдысын қалыптастырады, балалардың көңіл-күйін көтереді, оқушының бойында терең тиянақты білім қалыптастырады. Сондықтан дәстүрлі емес сабақ түрлерін пайдалану,сабақ үрдісінде басты рөл атқарады.


 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад по казахской литратуре на тему: "ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ДӘСТҮРДЕН ТЫС САБАҚ ТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесс білім программасының өзгеруімен қатар жүреді . Б ілім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектілендіруге, өзін толықтыруға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек – ең құнды еңбек» деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген. Еліміздегі оқыту мазмұнының жаңаруы, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық- қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің жаңашылдық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, ең тиімді әдістерді оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады. Ғылым мен техниканың шарықтай дамып, адамзат баласы ғаламдану үрдісі жөніндегі пікірлерін ортаға салып, қоғам мүшелері соңғы үлгідегі техника жетістіктерін пайдаланып жүрген тұста білім беру жүйесі де осы өзгерістерге сай жаңашылдық пен әлемдік білім кеңістігіндегі соны ізденістерге сай сабақ жүргізудің уақыт міндеттеп отырған талап екенін айқын сезінуде. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру – өз ісінің шебері болумен қатар өз мамандығын сүйіп, адал да аппақ жүрекпен қоғамға қызмет етуді мақсат тұтқан ұстаздың ғана еншісінде.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.06.2020 821
    • DOCX 38.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Романова Ираида Михайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Романова Ираида Михайловна
    Романова Ираида Михайловна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 108853
    • Всего материалов: 257

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе