Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад на тему по казахскому языку на тему: "Өзгеріс - заман талабы"

Доклад на тему по казахскому языку на тему: "Өзгеріс - заман талабы"

Скачать материал

Өзгеріс - заман талабы

    Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды.Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.                                   

         Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің функционалдық қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылымдар жүйесінің негіздерін меңгеріп, олардың бойында жеке тұлғаның өзін - өзі айқындау және кәсіптік бағдарларын анықтау қабілетін қалыптастыру болып табылады.Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер қойып жүктейді.Соның ең бастысы - сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл -ой белсенділігін дамыту.Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады. Ендеше өскелең ұрпақ мұғалім берген білімді  іс- әрекет тәсілдері  мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, зерделі танымдық іс -әрекетімен сабақтастыруы тиіс.                                                      

        Қазақстан Республикасының "Білім туралы " заңының 8-бабында "Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,  дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту.Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру" делінген.

      Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.                          

   Оқушының таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу бұл білім берудегі басты мәселе.Кезінде қазақ мектептеріндегі дидактикалық міндеттерді шешуге Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегінде " Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу, әрбір пәнді бар пейілмен қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан - жақты, білімді, өз ісінің шебері болуы қажет" деп атап көрсетеді. Ал Ахмет Байтұрсынов "Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек,мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек "деп ескертеді.

         Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен  іс жүзіндік әрекеттері арқылы дамиды.Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:                                                          - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі;

- Қызметке бейімділігі;

- Кәсіптік білімі мен біліктілігі;

- Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім;

- Ұйымдастырушылық қабілет;

- Заманға сай жаңашылдық.

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қазіргі кезде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологиялардың, педагогикалық жұмыста қалыптасқан нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

    Демек, бүгін таңда мына ақпараттар ағыны тасыған қоғамда жас ұрпаққа "Нені оқыту ? Қалай оқыту керек?" деген мәселелер тұр. Елбасымыз   Н.Назарбаев "Қазақстан  - 2030"стратегиясының даму бағдарламасында "Біздің жас мемлекетіміз өсіп - жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді" деген сөзін ұстаз қауымына  нақты айтылған аманат деп түсіну керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының  « Білім туралы » Заңы. Алматы 2008

3. Нургалиева Г.К. Сравнительная педагогика. – Алматы: Рауан. – 1999

4. Қазақстан мектебі  Ақпаратты-әдістемелік журнал. № 10,2006

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему по казахскому языку на тему: "Өзгеріс - заман талабы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды.Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің функционалдық қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылымдар жүйесінің негіздерін меңгеріп, олардың бойында жеке тұлғаның өзін - өзі айқындау және кәсіптік бағдарларын анықтау қабілетін қалыптастыру болып табылады.Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер қойып жүктейді.Соның ең бастысы - сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл -ой белсенділігін дамыту.Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады. Ендеше өскелең ұрпақ мұғалім берген білімді іс- әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, зерделі танымдық іс -әрекетімен сабақтастыруы тиіс. Қазақстан Республикасының "Білім туралы " заңының 8-бабында "Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту.Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру" делінген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2020 149
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кактоякова Наталья Олеговна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кактоякова Наталья Олеговна
    Кактоякова Наталья Олеговна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 63869
    • Всего материалов: 204

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 26 регионов

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе