Главная / История / Дүниежүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары "Ежелгі Хетт патшалығы" (6-сынып)

Дүниежүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары "Ежелгі Хетт патшалығы" (6-сынып)

Пән: Дүниежүзі тарихы

Пән мұғалімі: Еликбаева Н.М.

Сынып: 6 «А»

Күні: 29.10.2016 ж.

Сабақ: №9

Сабақтың тақырыбы: §8. Ежелгі Хетт патшалығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Кіші Азия түбегінің шығыс бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалғанын, Хетт жердавасы б.з.б. 1660-1650 ж. шамасында Табарна патшаның тұсында ғана қалыптасып болғанын баяндау.

Дамытушылық: Хетт державасының гүлдену және құлдырау себептерін түсіндіру.

Тәрбиелік: Білімді, білікті азамат тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карта, кесте, тірек-сызба, стикерлер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  1. Оқулықтағы картадан немесе атластан Ассирияны табыңдар. Ассирияның әскери өнері жайлы өз ойларыңды тұжырымдаңдар.

  2. Ассирия патшасы өзінің Вавилонға жасаған жорығы туралы әңгімесінде былай дейді: «Мен оның қазынасын аштым, алтындары мен күмістерін, асыл татарын, қисапсыз байлығын алдым... Олардың дүниесін иелендім...»

Ассириялықтардың басқыншылық жорықтарынан қандай қорытынды жасауға болады? Ондағы отаршылдық саясаттың мәнін неден көреміз?

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

  1. Кіші Азияның табиғаты.

  2. Хетт патшалығының құрылуы.

  3. Хеттердің өмірі мен тұрмысы

  4. Мәдениеті

Картаны пайдалана отырып, Кіші Азияны үш жағынан – солтүстігінде Қара теңіз, батысында Мәрмәр және Эгей теңіздері және оңтүстік-батысында Жерорта теңізі қоршап жатқанын баяндаймын. Кіші Азия таулы-үстірті әрі далалы өлке. Егістікке қолайлы, кең алқыпты жазықтар аз. Мұнда ірі өзендер де жоқ. Енді үлкен өзен-ежелгі Галис, ал қазір Қызыл Ирмак деп аталатын өзен ғана.

Мал өсіру (әсіресе жылқы өсіру) басым болды, жайылымға жарайтын дадалы алқыптардың көп болуы бұған қолайлы жағдай туғызды. Бал арасын өсірудің маңызы зор болғанын да айтамын.

Тау қойнауларында күмі, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар көп еді. Сол себепті де оңтүстік тау жоталары Күміс таулар деп аталған.

Хетт патшалығының құрылуы туралы айтқанда билеушілер билігіне тоқталып, патша билігін мұралану, балаларына мұра ретінде беру елдегі билік үшін таласты күшейтіп, мұның өзі мемлекетті әлсіретіп жібергенін баяндаймын, Телепин атты патшаның Хетт патшалығын нығайтуы жайлы әңгімелеймін.

Хетт пен Египет арасындағы тұңғыш келісім жайлы айтқанда, ІІІ Хаттусили мен ІІ Рамзестің бейбітшілік жөніндегі келісімінен үзіндіні оқып беремін.

«Қуатты да ұлы патша Хаттусили әзірлеген келісім – қуатты ұлы билеуші ІІ Рамзеске арнап күміс кесіндіге жазылған, бейбітшілік пен туыстық туралы тамаша келісім, олардың арасында мәңгі бейбітшілік орнататын келісім.

Бұл келісімді екі ел жағынан кімде-кім бұзатын болса, онда мың Құдай сол адамды жазаға тартсын».

Б.з.б. 1280 жылы соғысты жойып, бейбітшілік орнату туралы осы келісімге қол қойылды. Бұл келісім ежелгі Алдыңғы Азия халықтарының 70 жыл бойы бейбіт өмір сүруіне негіз болды. Ол хетт және египет тілдерінде жазылған.

Хеттердің өмірі мен тұрмысын оқулық көлемінде түсіндіремін. Тақтаға төмендегі кесте сызылып, оқушылар көмегімен толтырылады.


Мемлекет аты

Өмірі мен тұрмысы

Мәдениеті

Құдайлары

Құрылыс өнері








ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.

  1. Қазіргі ............................................ жерінде ерте заманда Хетт мемлекеті өмір сүрді.

  2. Хетт мемлекеті .............................................. аймағында орналасқан.

V. Қорытындылау, бағалау.

VI. Үйге тапсырма: §8. Мазмұндау, тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар.

2) Қосымшаны оқу «Хетт заңдары».













  • История
Описание:

Дүниежүзі тарихы пәнінен 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары "Ежелгі Хетт патшалығы". Оқушылар бұл сабақта б.з.б. ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Кіші Азия түбегінің шығыс бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалғанын, Хетт державасы б.з.б. 1660-1650 ж. шамасында Табарна патшаның тұсында ғана қалыптасып болғанын, хеттердің өмірі мен тұрмысы жайында оқып-біледі.Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Автор Еликбаева Нургул Молдабаевна
Дата добавления 08.12.2016
Раздел История
Подраздел Планирования
Просмотров 1250
Номер материала MA-068941
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии: