Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Начальные классы / Дүниетану пәнінен "Өкпе және оның қызметі" 3 сынып

Дүниетану пәнінен "Өкпе және оның қызметі" 3 сынып


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Өкпе және оның қызметі.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Оқушыларға өкпенің құрылысы мен қызметі туралы толық түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға өкпенің құрылысы мен қызметі туралы білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға тыныс алу мүшелеріне зиян тигізер заттарды айта отырып, тыныс алу жолдарында туындайтын аурулардың алдын алуға, өздерінің денсаулығын күтуге тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ауа тасымалдайтын жол суретіне сипаттама (93 – сурет)
2. Суретті құрастыру (95 - сурет)
3. Тыныс алу мүшелері. Ой толғау
4. Сәйкестігін анықтаңдар?
1. Мұрын қуысының ішкі беті --- 100 см2
2. Өкпеде ---- газ алмасу
3. ІҮ ҮІ ----- көмей
4. Ерлерде ---- 44мм
5. Әйелдерде ----- 35мм
6. Кеңірдек ұз ------ 9 - 13см
7. Ү кеуде ------ бронхыға

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Тыныс алу жүйесі өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады.
ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар — тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін жылытылады.
Ауа тана у арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ — ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі — ө к п е. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады.
Өкпе (Пұлмонес, лат. пұлмо – өкпе) – адам мен жануарлардың тыныс алу органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см - дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн - нан астам көпіршік сияды. Жан - жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы – 2680'120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, белок, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады. [1] Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т. б. Өкпе омыртқалылардың эволюциялық даму барысында девон кезеңінде тіршілік еткен сауытты және саусаққанатты балықтарда, ал палеозойда – қостынысты балықтарда пайда болды. Кейбір құйрықты қосмекенділерде (мысалы, өкпесіз саламандрда) өкпе болмайды. Қазіргі кезде тіршілік ететін қостыныстыларда, қосмекенділерде, кейбір бауырымен жорғалаушыларда (гаттерия, жармасқы) газ алмасу жүретін бір бөлікті өкпенің үстіңгі беті дәнекерұлпалы - бұлшықетті перде бөлетін ұяшықтар немесе көпіршік түзілістер есебінен ұлғаяды. Кесірткелер мен жыландарда перделер күрделіленіп ұзарады. Тасбақа, келестерде, негізінен қолтырауындарда күрделіленген перделер көп бөлікті өкпе түзеді. Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа қапшықтары жүйесі толтырады. Сүтқоректілердің өкпесі кеуекті, майысқақ, сондықтан оның көлемінің ұлғаюы өкпе ішіндегі шеміршекті қаңқа мен тегіс бұлшық еттің дамуына байланысты.
Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0. 03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4. 0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы - өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі. Өкпедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейдіҮ. Сабақты бекіту
1 тапсырма
Кесте толтыру
Cұрақтары:
1. Кеуде қуысында орналасқан (1)
2. Диаметрі 0, 2 - 0, 3 мм(2)
3. плевра (1)
4. Адам құрамында оттек (3)
5. Адам өкпесінде 700 млн (2)
6. Дем шығарғанда ауада 16% оттек (3)
7. Көкеттің жиырылуы (5)
8. ішкі тыныс алу (4)
9. минутына 300см3 оттек қажет (4)
10. қысым азаяды (5)
2 тапсырма
Кубизм әдісі
1. Зерттеңіз: Өкпенің қызметі
2. Салыстырыңыз: Өкпедегі газ алмасу. Ұлпалардағы газ алмасу
3. Суреттеңіз: Өкпе құрылысы
3. тапсырма.
Болжау кестесі
4. тапсырма
Шығармашылық жұмыс.
«Өкпені зиянды заттардан қорғайық» атты тақырыпта тірек сөздерді пайдаланып шағын әңгіме жазыңдар.
Тірек сөздер: туберкулез, өкпе, никотин, суық.

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



  • Начальные классы
Описание:

Білімділік: Оқушыларға өкпенің құрылысы мен қызметі туралы толық түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға өкпенің құрылысы мен қызметі туралы білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға тыныс алу мүшелеріне зиян тигізер заттарды айта отырып, тыныс алу жолдарында туындайтын аурулардың алдын алуға, өздерінің денсаулығын күтуге тәрбиелеу.

Скачать материал
Автор Аушинова Асем Еркиновна
Дата добавления 07.12.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 697
Номер материала MA-068923
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы