Инфоурок География Рабочие программыДүниедүзілік мұхит суы 7 сынып

Дүниедүзілік мұхит суы 7 сынып

Скачать материал

Дүниежүзілік мұхит суы

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері:

1. Білімділігі: Оқушыларға «гидросфера», «литосфера», «атмосфера» ұғымдары туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы : Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды  қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып – үйренуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Дүниежүзілік мұхит», «материк», «арал», «түбек», «теңіз», «шығанақ», «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді, көрсете білу және сипаттай алу.

Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар: , Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.кескін карта атлас

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)

Уй тапсырмасы

ІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Жоспар: 1. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.

2. Мұхит суының температурасы және тұздылығы.

1.Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Глобусты алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің бөлігі немесе 361млн км2 тиеді. Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер материктер немесе континенттер деп аталады. Дүниежүзінде 6 материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия,Мадагаскар, Исландия аралдарын көрсету). Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды (картадан Апенин және Лабрадор түбектерін көрсету). Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады.  Тынық мұхит-Жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді. Ең терең жері-Мариан шұңғымасы бар. Оның тереңдігі 11022м.  Атлант мұхиты Тынық мұхитынан екі есе кіші (92млн.км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Ол солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып кетеді. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір-бірінен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхит кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. (75 млн.км2). Бұл ең жылы мұхит. Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де көзге түседі. Солтүстік Мұзды мұхит-мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн.км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады.

Мұхит  бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар  жатады. Теңіз-мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхиттарда да кездеседі. (мысалы,Саргасс,Фиджи теңізі). Материкке сұғына еніп жататын теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды. (мысалы,Қара теңіз, Жерорта теңізі). Материктердің маңында орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер деп атайды. Шеткі теңіздерге-Еуразия жағалауындағы Баренц, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай және т.б теңіздер жатады. Шығанақ-мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұқиты Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон,Мексика шығанақтарын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парсы шығанағын құрайды. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір-бірімен бұғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз-екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қосып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950км) және терең (5248м) бұғаз-Дрейк бұғазы; ал ең ұзыны (1670км)-Мозамбик бұғазы.

2. Мұхит суының температурасы және тұздылығы.  Су-жер бетіндегі жылу сыйымдылығы үлкен дене. Сондықтан да мұхитты «жылу қорының жинаушысы» деп  атайды. Мұхит суы өте баяу жылынып, баяу суынады. 

Мұхиттар мен теңіздердің суы өте тұзды,ішуге мүлдем жарамсыз. Әрбір литр теңіз суында орта есеппен 35г тұз болады. ал өзендер құятын теңіздердің суы онша тұзды болмайды. Еріген тұздардың  1л судағы граммен алынған мөлшерін судың тұздылығы депатайды. Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі-промиллемен (‰) өлшенеді. Мысалы, 20‰ 1 л суда 20г тұз бар деген сөз.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

1) Жер шарындығы мұхиттарды атап, глобустан және жарты шарлар картасынан көрсетіңдер. 

2) Қазақстан аумағынан Дүниежүзілік мұхитқа шыға алама?

3) Тұздылығы 27‰ нені білдіреді?

1) Кесте толтыру

Аты

Ауданы (км2)

Жағалауындағы материктер мен аралдар

Ең терең жері

(м)

Мұхит шекаралары 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2) Ең,ең (оқушылардың ойлау қабілетін және шапшаңдылығын дамыту)

1) Ең үлкен мұхит-Тынық мұхиты

2) Ең кіші мұхит-Солтүстік Мұзды мұхит

3) Ең үлкен материк-Еуразия

4) Ең кіші материк-Аустралия

5) Тынық мұхитының ең терең жері-Мариан шұңғымасы

6) Ең ыстық материк-Африка

7) Ең салқын материк-Антарктида

8) Ең жылы мұхит-Үнді мұхиты

9) Ең үлкен арал-Гренландия

10) Ені ең кең (950км) және терең (5248м) бұғаз-Дрейк бұғазы

11) Ең ұзын бұғаз-Мозамбик

4) Кескін картамен жұмыс істеу

4) Красворд (гидросфера сөзіне)

 

1. Жердің шар тәріздес кішірейтілген үлгісі-Глобус

2. Ф.Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға  ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған қандай деген ат берді?-Тынық мұхит

3. Мұз басқан материк-Антарктида

4. Жер шарында неше мұхит бар?-Төрт

5. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал-Барометр

6. Жылына екі рет бағытын өзгертетін жел-Муссон

7. Ауа қабаты-Атмосфера

8. Тынық мұхит деп ат берген саяхатшы-Магеллан

9. Жер бетінен ыссы күйде атқылайтын бұлақтар-Гейзер

10. Мұхиттың, теңіздің құрлыққа еніп жатқан бөлігі-Шығанақ

V. Сабақты қорытындылау.

1) Не себепті мұхит суының қату температурасы төмен болады?

2) Не себепті теңіз суы ащы? Теңіз суын ішуге болама?

3) Экватор маңы мен полярлық аймақтағы мұхит суы температурасының айырмашылығы неге байланысты?

VІ. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Тест , кесте, сұрақ-жауап, красворд, кескін картамен жұмыс істеу.

VІІ. Үйге тапсырма беру. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы. 

VІІІ. Оқушыларды бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниедүзілік мұхит суы 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Дүниежүзілік мұхит суы ашық сабақ 7 сыныпқа арналған. оқушылар дүниежүзілік мұхит суымен танысады . 1.Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Глобусты алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің бөлігі немесе 361млн км2 тиеді. Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер материктер немесе континенттер деп аталады. Дүниежүзінде 6 материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия,Мадагаскар, Исландия аралдарын көрсету). Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды (картадан Апенин және Лабрадор түбектерін көрсету). Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады. Тынық мұхит-Жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді. Ең терең жері-Мариан шұңғымасы бар. Оның тереңдігі 11022м. Атлант мұхиты Тынық мұхитынан екі есе кіші (92млн.км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Ол солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып кетеді. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір-бірінен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхит кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. (75 млн.км2). Бұл ең жылы мұхит. Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де көзге түседі. Солтүстік Мұзды мұхит-мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн.км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 320 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2020 443
    • DOCX 18.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Kuzmina Anastasiya Sergeevna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Kuzmina Anastasiya Sergeevna
    Kuzmina Anastasiya Sergeevna
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91585
    • Всего материалов: 242

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе