Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы«Дүние жүзі бейнелеу өнерінің тарихы және Қазақстанның көркем мәдениеті» пәнінің Ежелгі Египет, Грек және ортағасыр мәдениеті тарихының деректері бойынша теориялық мәліметтер жинағы

«Дүние жүзі бейнелеу өнерінің тарихы және Қазақстанның көркем мәдениеті» пәнінің Ежелгі Египет, Грек және ортағасыр мәдениеті тарихының деректері бойынша теориялық мәліметтер жинағы

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Гуманитарлық- педагогикалық колледжі

 

 

 

 

 

«Дүние жүзі бейнелеу өнерінің тарихы  және Қазақстанның  көркем мәдениеті»  пәнінің  Ежелгі Египет, Грек және  ортағасыр мәдениеті тарихының деректері бойынша  теориялық  мәліметтер жинағы

 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсукент 2014ж

Колледждің әдістемелік кеңес отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды.    Хаттама  №____ «____» ____________2014ж.

       

Директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі

орынбасары  _________ А.Қ.Мамбетова

 

Колледж әдіскері____________Г.Қ.Жунусбекова      

       

                                                                 

 

 Құрастырған оқытушы    ___________  Р.Г.Жунисбекова

                                                                                          

 

Аннотация:Әдістемелік  нұсқауда  Ежелгі Египет, Грек және  ортағасыр мәдениеті тарихының деректерімен жұмыстың ерекшеліктері. Египет, Грек және  ортағасыр мәдениеті тарихының тарихи кезеңдерге бөлу  теориялық  мәліметтерді жетік  меңгеруге,  кәсіби  білік,  дағдыларын  қалыптастыру мақсатында студенттерге көмекші құрал.

Әдістемелік  нұсқау  педагогикалық  мамандықтардың  студенттерінің өзіндік жұмысына арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А л ғ ы   с ө з

 

Египет, Грек және  ортағасыр мәдениеті тарихының –ежелгі мәдениеттер қатарындағы ең маңызды орын алатын тамаша өркениет түрлерінің бірі. Ол алып Сахара шөлімен көршілес орналасқанына қарамастан Солтүстік-Шығыс Африкада орналасқан оазиске айналды. Египет мәдениетінің жетістіктері сан алуан, әлі күнге дейін толық мәнде құпиясы шешіліп бітпеген, талай жұмбақтарды жасырған әлемнің жеті кереметінің бірі-пирамидалардың бір өзі қаншама сыр шертіп жатыр. Ежелгі Египет өркениеті шығыстық елдер мәдениетіне тән сан алуандығымен ерекшеленеді. Оның сан алуандылығын тарихқа қалтырған мұралары-деректер дәлелдей түседі.

Ежелгі Египет тарихының деректануы. Ежелгі патшалық бойынша деректер

Египеттік деректер сол жерде ең алғашқы адамдар пайда болған кезден бастап жинақталды. Ежелгі дәуірдің өзі сан мыңдаған деректер қалдырды. Сондықтан оны патшалық дәуірге дейінгі деректер, ежелгі патшалық, орта патшалық, жаңа патшалық дәуіріндегі деректер деп кезеңдерге бөліп қарастыру тиімді болады.

Ежелгі Египеттің мәдениетінің тарихы көптеген және әр түрлі деректердің негізінде көптеген жылдар бойы зерттеліп келе жатыр. Қазіргі кезге дейін көптеген жазба ескерткіштердің түрлері, әдет-ғұрыптары, рухани өмірлері, тілі, материалдық мәдениеті дерек көздері арқылы құнды мәліметтер береді. Деректерді үлкен жеті топқа бөлуге болады:

1. Жазбаша түп-деректер: тарихи еңбектер, көркем әдебиеттер, ғылыми және діни мәтіндер, әр түрлі құжаттар.

2. Материалдық мәдениеттің ескерткіштері: қалалардың, храмдардың, мазарлардың, тұрғын үйлердің қалдықтары, керамика, статуя, табынушылықтың әртүрлері және заттар т.б.

3. Халықтың ауыз әдеби шығармалары бойынша ескерткіштер: өлеңдер, ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыздар, жаңылтпаштар т.б. жатады.

4. Тілдік мәліметтерге: басқа тілдердің осы әдебиетте қолданылуы жатады.

5. Этнографиялық материалдарға: әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер.

6. Антропологиялық мәліметтерге: мумиялар, ежелгі адамдардың бейнелері, қаңқалар, фрескалар мен рельефтегі бейнелер т.б.

7. Географиялық ортаның және табиғи ландшафттардың өзгеруіне байланысты: каналдардың қалдықтары, жолдар т.б. жатады.

Ежелгі және ертедегі Египет деректері: материалдық мәдениеттің ескерткіштері

Египеттегі қазба жұмыстарының нәтижесінде табыттар мен храм қабырғалары, жерлеу ескерткіштері, тас плиталар, саркофаг, папирустардан Египет тарихынан мәлімет беретін жазулар табылды. Бұл жазулар тарихшылар үшін аса маңызды. Ежелгі кезең тарихы туралы Нармер патшаның теңіз жазбасында айтылады. Онда шенеуліктер титулы, патшаның жеңістері, шайқастар туралы жазылған. Ежелгі патшалық кезеңіне пергама тасына қашалған жылнама жатады. Онда Ү династия перғауындарының аттары, қысқаша оқиғалар аталып өтіледі.

Египеттің сыртқы саясаты туралы Эхнатон патша салдырған Ахет-Атон қаласындағы клинопистік жазбаларда ХҮІІІ династияның саясаты, дипломатиялық байланыстар, Рамзес ІІ келісім шарттары сақталған.

Ежелгі патшалық дәуірінен патшаның бұйрықтары сақталды. Ежелгі Египеттің жеке хаттары да сақталған. Зират қабырғаларында ақсүйектердің өмірін суреттейтін еңбектер көп мөлшерде сақталған. Рехмир уәзірдің өмірбаянында Египеттің шаруашылық өмірі және әкімшілік басқару жүйесі, уәзірдің атқаратын қызметі, міндеті баяндалған.

Египеттен тыс жерлерден табылған жазулар да ерекше қызығушылықты тудырады. Олар Нубия, Палестина, Финикия, Сирия, Крит, Грециядан табылған. Бұл жазбаларда Египеттің көрші елдермен экономикалық және мәдени байланыстары туралы айтылады.

Ежелгі Египеттің тарихы мен мәдениеті туралы мол ақпаратты көптеген жазба деректерден табуға болады. Көрнекті француз египтологы Ж.Ф. Шампальонның иероглифтың жазба құпиясын ашқаннан соң, ғалымдар ірі мөлшердегі әр түрлі жазба деректерді тауып, аудара бастады. Тарихшылар үшін ең алдымен ежелгі египеттіктердің тарихи шығармалары аса қызықты болып табылады. Қазіргі күнге дейін Палермода сақталған, палермдік тас деген атпен белгілі ежелгі шежірелер үлкен плиталарда сақталған. Шежіреде династиялық кезеңге дейінгі уақыттан Ү династияға дейінгі патшалық құрған перғауындардың аты-жөндері, ірі жорықтар туралы қысқаша сипатталып жазылған. Карнактағы Амон-ра храмының қабырғаларында жазылған «Анналы Тутмоса ІІІ» (ХҮІІІ династия) тарихи сипаттағы ескерткіш болып табылады. Автор Тутмос ІІІ әскери жорығы мен патшалық құрған жылдарындағы маңызды оқиғаларды ғана жазып қойған жоқ, сонымен қатар патшалық еткендегі тұжырым тарихын дамытты. Ол Египетті ерекше құдайдың қарамағындағы, сол кездегі әлемнің орталығы ретінде қарастырды.

Жазба деректері. Құжаттық және әдебиеттік деректер

Ежелгі Египеттіктердің тарихи ойларының керемет үлгілерінің бірі б.з.д. ІҮ-ІІ ғғ жазылған, абыз Манефонның шығармалары болып табылады. Жеке құжат түрінде бізге жеткен деректі материалдар және құқықтық мәтіндер бағалы дерек болып табылады. Қазіргі таңға дейін сақталған бірнеше мұрағаттарды атауға болады. Нефериркар патшаның храмынан табылған мұрағат ең ежелгі болып табылады.

Аса бай мұрағаттардың бірі Эхнатон перғауынның астанасы-Ахетатонда қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған. Онда 350-ден аса құжаттар табылған болатын. Б.з.д ІІ мыңжылдықтың ортасындағы халықаралық дипломатиялық тіл-аккад тілінде сына жазумен жазылған. Онда перғауын Аменхотеп ІІІ пен Эхнатонның хаттары, патша отбасы мүшелерінің Сирия, Финикия, Палестина, Кіші Азия, Вавилония мемлекетінің басшыларымен жазысқан хаттарына қарағанда, әр түрлі мемлекеттегі коалицияның құрылуы мен ыдырауы, келіссөз жүргізу, дипломатиялық қатынастар, б.з.д ІІ мыңжылдықтағы Таяу Шығыстағы халықаралық жағдайдың күрделеніп, шиеленіскенін байқауға болады. Ахетатонда табылған құжаттардың құндылығы неде? Хет патшасы Богазкейдің мұрағаттарынан осы аты аталған перғауындардың бірнеше хаттарының табылуы, құжаттың құндылығының өсуіне себепші болады. Бұдан құжаттағы ақпараттың ақиқат дәрежесін анықтауға мүмкіндік туады. Эль-Амарн мұрағаттарындағы материалдар ел басқарған перғауындардың, азиаттық билеушілердің, маңызды оқиғалардың уақытын анықтауға септігін тигізеді. Осы жерлерде даталау жергілікті жыл санаумен жүргізілетіндіктен, олардың арасындағы алшақтықты да анықтауға болады. Эль-Амарн мұрағаттарына қосымша дипломатиялық материал ретінде келіссөздерді айтуға болады. Атап айтқанда, Египет пен Алдыңғы Азияның басқа ұлы державаларының б.з.д ХІІІ ғасырдың басындағы Хетт патшалығымен келісімдері. Осы келісімнің мәтіндері бірнеше данадан сақталған. Египеттік мәтіндер Карнактағы Амон-Ра храмының қабырғаларында және перғауын Рамсес ІІ храмының қабырғаларында жазылған. Богазейлік мұрағаттарында сына жазумен жазылған осы келісімдердің мәтіндері жазылған тақтайша табылған.

ХҮІІІ династияның билеу жылдары - бұл храмдардың салынған уақыты. Атап айтқанда Хатшепсут храмы, Бухендегі Амон храмы. Осы династия соңына таман «Гигантомания», яғни Аменхотеп ІІІ тұсында басталады. Олар мыналар: Луксордегі, Карнактағы, Солебтегі және тағы басқалардың құрылыстары.

ХҮІІІ династия тарихы бойынша материалдар, яғни археологиялық материалдар көп емес және олар қосымша, ілеспелі қазба жұмысы ретінде тіркеледі. Негізінен, бұл олжалар мазарлар мен зираттар түрінде болып келеді. Сененмуттың құпия мазарының қазба жұмыстарын, Хатшепсут патшаның храмының құрылысын ерекше атап көрсетуге болады, одан бізге маңызды құжаттық материалдар жеткен. Дейір Эль-Бахридегі Тутмос ІІІ храмының қазба жұмыстарынан көптеген қызықты құжаттар табылды. Мальготадағы Аменхотеп ІІІ сарайының қазба жұмыстары да аз мәлімет берген жоқ. Қысқасы, осылардың барлығы ауыз толтырып айтар құрылыстар.

ХҮІІІ династияның Яхмос І –ден Аменхотеп ІІІ-ке дейінгі материалды сипаттау негізінен дәстүрлі болып келеді: ескерткіштер және құжаттар (әсіресе оған Фиви некрополы бай). Соңғысы тек қана папируста ғана емес, сонымен қатар тастар мен бас сүйектерде де жазылған. Монументалды жазба дерек ретінде Тутмос ІІІ-тың анналын атауға болады, оның бір бөлігі Карнак храмының қабырғаларында сақталған.

Аменхотеп ІҮ патша Амонды құрметтеуді қойып, билеуінің алтыншы жылында Фивыдан кетіп, елдің жаңа астанасы-Ахетатон (қазіргі Телль Эль – Амарн селосының маңайында) қаласының негізін қалады. Қазба жұмыстары нәтижесінде ХҮІІІ династия дәуірінің сақталған жалғыз қаласының мәліметтері ашылды. Ахетатон материалы өте бай және маңызды, өйткені олар бізді египеттіктердің күнделікті өмірімен, тұрмысымен, салт-дәстүрімен таныстырады. Ахетатондағы осы кездегі мәтіндер (мысалы Атон гимні) және Фивыдағы мәтіндер оның сырын аша түскендей. Ахетатонда табылған хаттар арқылы Египеттің көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасы қалай болғандығын көруге болады. Мысалы: ірі мемлекеттер Митания, Хетт патшалығы, Вавилон және ұсақ мемлекеттер-Тунип, Библ, Катка және т.б. Мұрағаттың материалдарын Т. Винклер, И.А. Кнудцон, С. Мерсер жүзеге асырды. Негізгі корпусқа түспеген құжаттарды Райни жинақтап, қазір ол корпустың бөлігі қайта басылып шықты. Египет перғауындарының, патша үйінің мүшелерінің хаттары Египет территориясынан да шығып кеткендігін байқауға болады, мысалы Хеттік Богазей мұрағатында. 1969 жылы ФРГ-нің археологтары Ливон территориясындағы ежелгі Кумид қаласында қазба жұмыстарын жүргізген кезде Аменхотеп ІІІ-тің Сирия басшысына жазған хатының үзіндісі мен екі қыш тақтайшалар табылған болатын.

ХҮІІІ династия заманының ғылыми жетістігі Яхмос І тұсындағы Аменемхет І заманынан басталған математикалық кітабының жазылуы. Ғылым тарихында екі ғалым есімі таныс: Яхмос математикасы және Аменемхет физикасы, ол су сағатын (клепсидра) ойлап тапқан. Осы уақыттан Карнак храмындағы клепсидраны атауға болады.

Египеттік жазба ескерткіштер. Египет жазуларының сонау ежелгі заманда-ақ құпиясын ашуға тырысты. Бірақ антика авторлары египеттік иероглифтер бүтіндей сөзді және діни философиялық ұғымды білдірді деп қателесті. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда ежелгі авторлардың дәлелді емес деректеріне сүйеніп, құпияны ашуға тырысты, бірақ құпияны аша алмады. ХҮІІ ғасырда А. Кирхер, ХҮІІІ ғасырда Де-Гинь, Цоега және басқалар зерттеді. Томас Юнг Египет жазуындағы фонетикалық белгілерді тапты. Соның нәтижесінде бірнеше атауды оқыды. Бірақ Египет жазуының құпиясын француз ғалымы Франсуа Шампольон ашты. Ол өзіне дейінгілерге сын көзбен қарап, 1822 жылы египет иероглифтері тек бүтін сөзді ғана емес, сонымен бірге жекелеген буын дыбыстарды да білдіретінін жариялады. Ол египеттік жазудың алфавиті және грамматикасы мен сөздігін құрастырды. Египтологияның дамуына де Руже, Шаба, Масперо, Лепсиус, Эрман және т.б. авторлар үлес қосты.

Құжаттық деректер жетпегендіктен әдеби және діни мәтіндер де Египет тарихын зерттеу үшін қолданылады. «Поучение гераклеопольского царя» атты еңбегін ежелден орта патшалыққа дейін өту кезеңінің саяси және әлеуметтік өмірін жақсы суреттейді. Ежелгі Египет жазулары көне заман адамдарының тұрмыс деңгейі, дүниетанымы, мемлекеттік құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті, діні туралы дерек береді.

Материалдық мәдениет мұралары. Материалдық тұрмыс заттары, өнер шығармалары дінмен байланысты. Сондықтан олар жазбаша деректерді толықтырады. Египеттіктер қайтыс болған адаммен бірге өмірінде қолданған заттар, статуя, амулет, сәндік бұйымдар, қаруларды бірге жерлеген. Бұл ескерткіштердің барлығы құрғақ климат болғандықтан жақсы сақталған. Ежелгі патшалық дәуіріндегі пирамидаларда, Гиза, саккарадан «Өлілер қаласы» табылды. Бұл жерлерден табылған әр түрлі материалдық мәдениет ескерткіштерінің көбі қазіргі кезде мұражайларда қойылған. Мыс пен қоладан жасалған еңбек құралдары мен қарулары египеттік металлургияның қандай дәрежеде дамығандығынан хабар береді. Синай түбегіндегі мыс рудалары, Египеттің әр жеріндегі мыс өңдеулер тау-кен ісінің даму дәрежесінен мағлұмат береді. Бағалы материалдан, алтын, күмістен жасалған моншақ, жүзік, білезіктер, оюланған жиһаздар, әр түрлі сорттағы маталар Египетте қолөнердің жоғары дәрежеде дамығанына дәлел болады. Қарудың әр түрлілігі, бекініс қалдықтары әскери техника ісін қалай жүргізгені туралы хабарлайды. Жақсы сақталған храм, табыт, зираттар, тұрғылықты үйлер арқылы құрылыс жүйесі қалайша жүргізілген, ондағы шикізаттар туралы дерек алуға болады.

Көптеген статуялар мен статуэткалар, эскиздер, зиратардағы әр түрлі суреттер, папирустағы әшекейлер ежелгі египетте өнердің жоғары дәрежеде болғанына дәлел болады. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде мол ескерткіштер ашылды. Олардың барлығы жазбаша деректерге қосымша болып, солар арқылы ежелгі адамдардың дүниетанымы мен шаруашылығы туралы деректер береді.

Ежелгі Египет тарихы туралы деректерді топқа бөліп қарастыруға болады. Жазбаша деректер - оған патша жарлықтары, ақсүйек өмірбаяндары, хаттар, жылнамалар, папирустардағы жазулар, грамоталар, тағы сол сияқты жатады. Материалдық мәдениет ескерткіштерімен жазбаша деректерге қосымша рөл атқарады. Материалдық деректер египеттіктердің өмірімен тығыз байланысты. Материалдық ескерткіштердің көпшілігі египеттіктердің жерлеу орнынан, храмдар мен пирамидалардан табылды. Египет тарихын зерттеуде деректерді жарыққа шығарумен археология ғылымы айналысады. Жүйелі археологиялық қазба жұмыстары ХІХ ғасырдың ІІ жартысында басталып, қазба жұмыстары деректерді ғылыми айналымға енгізді.

Ежелгі египеттіктер құрылысы жағынан алғанда күрделі, деңгейі бойынша өте жоғары, мәдениеті жағынан өте бай, тек қана шығыс елдеріне ғана емес, сонымен қатар ежелгі гректерге үлкен әсер берген өркениетті басынан кешірді. Көптеген мәдени құндылықтары қазіргі таңда әлемдік мәдениет қазынасына және адамзат игілігіне айналып отыр. Әсіресе Ніл өзінінің жағасында шаруашылықтың дамы: рационалды ұйымдасқан егіншілік материалдық мәдениеттің құрылуына ерекше рөл атқарды. Сонымен қатар мәдениет, білім, ғылым, рухани дамуы египеттіктерді мемлекет пен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты одан ары дамытуға қадам жасады.

Дарынды ғалым Мариэрт бірінші болып толық түрде жекелеген археологиялық кешендерді зерттеуге тырысты. Ол қасиетті өгіздері бар алып склепті және Саккорадағы ежелгі патшалық табытын, Мемфис аймағын, Абидостағы ХІХ- әулет храмдарын ашты. Ол ежелгі қазбалар басқармасын ашуға және Каирда египтологиялық мұражай ашуға ат салысты.

Шампольон мен Марриэттің еңбектерін жалғастырушы Гастон Масперо (1846-1916жж). Ол Саккорадағы Ү-ҮІ династиялардың пирамидаларына кіріп, ежелгі діни мәтіндерді ашты. Ғалым Фивы маңынан жаңа патшалық дәуірінің атақты патшасының мумиясын тапты. Масперо ескерткіштерді қорғау мәселесімен де айналысты. Де Моран архайкалық Египет ескерткіштерін зерттеуді жалғастырған. Келесі зерттеуші Фмендрес Петри Абидостағы әулеттерге дейінгі кезеңге жататын патша табыттарын ашты.

ХХ ғасырдан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастайды. Египет ғалымдары Каирда жергілікті египтологиялық мектептердің негізін қалады. Американ археологы Рейснер Хдару пирамидасының маңындағы жерлеу орындарын және Гизадағы Менкаураны зерттеді. Патша және ақсүйектердің табыттарынан көптеген құнды ескерткіштер тапты. Бұл қазба жұмыстары египеттік табыттардың үлгісінің эволюциясын ашуға көп көмек берді. Қазба жұмыстары ежелгі Египеттің саяси, мәдени және әлеуметтік тарихын зерттеуге көп материалдар ұсынды.

Сонымен, бір жарым ғасыр бойы Египетте жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары көптеген материалдық ескерткіштерді жарыққа шығарды. Египет жазуының құпиясының ашылуы тарихты зерттеуге зор үлес қосты. Египеттен тыс жатқан ескерткіштер - ежелгі Судан территориясындағы Керм кезеңіне жатқызуға болады. Олар монументалды құрылыстар, жергілікті билеушілердің некрополі. Осы жерден Ежелгі және Орта патшалықтың ескерткіштері де көптеп табылған.

Грек классикасы мәдениеті (біздің заманымызға дейінгі V — IV ғасырлар)

Біздің заманымызға дейінгі грек-парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талқандалуы ежелгі Грекия мемлекет-қалаларының қоғамдық құрылысының артықшылығын көрсетіп қана қоймай, азаматтық сананың артуына, ең бастысы — классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуына, ал өз кезеңінде полистік демократияның дамуының нәтижесінде экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр Афины, әсіресе Периклдің (біздің заманымызға дейінгі 444—429 жылдар) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді.

https://quigonjinn04.appspot.com/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/25/Apollo_Olympia.jpg/220px-Apollo_Olympia.jpg

Аполло Олимп

Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз — «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол — ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі — трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны — халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды. Сонымен бірге трагедиялық кейіпкерлер іректердің бойында адамгершілік, парасат сезімдері, азаматтық биік этикалық асыл қасиеттерді ныгайтты. Трагедияда грек мәдениетінің катарсис (тазару) деп аталатын ұғымы кеңінен көрініс тапты. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтердің есімімен тығыз байланысты болды. Адамзат мәселесі, адамның тағдыры, әділеттілік пен игілік және тағы да басқа мәселелер осы бір даналар назарында болды, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой-толғамдарының, өзіндік көзқарастарының бар екендігі аңғарылып тұрды.

Бұл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана-сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды. Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде аршылып алынған грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталынған. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театр басты. Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты Дионис театры Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Театр қойылымдары — діни мейрамдардың бір саласы болғандықтан, оған жүздеген-мыңдаған адамдар қатысатын. Көне заманда драмалық шығармаларда ойнаған актерлерді өте жоғары бағалаған. Олардың атақтыларының аты-жөндері мөрмәр тақтаға ойылып жазылып, Дионис театрына қойылған, ал кейіннен мемлекеттік архивке тапсырылатын болған. Осының нәтижесінде бізге 62 трагедия және 82 комедия жанрларында өнер көрсеткен актерлердің аттары белгілі болып отыр.

https://quigonjinn04.appspot.com/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/27/Netuno16b.jpg/220px-Netuno16b.jpg

Посейдон

Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы — ұлы Эсхил (біздің заманымызға дейінгі 525—456 жылдар) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, өділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тагдыры мөселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (біздің заманымызға дейінгі 497—406 жылдар) шығармашылығында өзінің занды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін элем сахналарынан түспеуі көп нөрсені аңғартса керек.

Біздің заманымызға дейінгі 480—406 жылдар аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне өкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.

Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі — Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445—385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да әжуаға ұшыратады. Оның 138 «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» және тағы да басқа комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дөстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дөл осы кезенде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан әрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті.

Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр грек тарихнамасы қарқынды түрде дами бастады. Оған үлкен үлес қосқан сонау көне заманның өзінде-ақ «тарихтың атасы» деген атақ-даңққа ие болған Геродот (біздің заманымызға дейінгі 484— 430 жылдар) болды. Оның тақырыбының негізгі арқауы грек-парсы соғыстары болып табылатын «Тарих» атты еңбегі баға жетпес тарихи мұралардың қатарынан орын алды. Көне заманның ұлы тарихшыларының бірі — Фукидид (біздің заманымызға дейінгі 460—400 жылдар) өзінің «Пелопоннесе соғыстары» атты еңбегінде алғаш рет ғылыми — шыншылдық әдісін кеңінен қолданып, сол кезеңдегі тарихи уақиғалардың өзара байланыстарын ашу арқасында, халықтың саяси білімінің артуына себепкер болды.

Біздің заманымызға дейінгі V—IV ғасырда жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты өнер туындылары кейінгі ғасырларда да үлгі-өнеге алуға лайық болды, сондықтан да оларды классикалық мұра, яғни үлгі деп есептейміз. V—IV ғасыр өнер — грек классикалық өнері деген атақ алды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр сөулет өнері архаикалық кезеңнің белгілерін сақтағанымен, өзіндік жаңаша түрге, жаңаша мазмұнға ие болды, колонналармен қоршалған гимарат, периптер типі дамып, жетілді. Дорлық ордер храмдары жетекші орын алып, олар бұрынғы біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы аумақты жер бауырлаған храмдармен салыстырғанда зор тұтастық пен жарастыққа ие болды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың өнер шеберлерінің алдында тұрған ұлы мөселелердің бірі — сөулет өнері мен мүсін өнері бір-бірімен етене байланыста көрсету міндеті ойдағыдай шешілді. Қорыта келгенде, классикалық дәуір өнерінің басты жеңісі, адамның архаика өнерінің шарттылығынан құтылған тәуелсіз, табиғи қалпын бере білу шеберлігі болып табылды.

Грекия тарихындағы ұзаққа созылған қанды соғыстар (тарихқа Пелопоннесе соғысы — деген атпен кірген Афины теңіздер державасы мен Спарта бастаған Пелопоннесе одағының өзара әскери қақтығыстары) Афинының жеңілісімен және ол басқарған қалалар одағының ыдырауымен аяқталды. Соғыс құлиеленушілік қоғамның қайшылықтарын одан әрі шиеленістіріп, мемлекет — қалалардың дағдарысын тудырды. Үздіксіз саяси және әлеуметтік күрес грек мемлекеттерін әбден титықтатып, біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр екінші жартысында олардың жаңа қуатты держава — Македонияның қол астына өтуімен аяқталды.

Қоғамда орын алған әртүрлі қоғамдық қақтығыстар біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр адамдарының көзқарастарына елеулі өзгерістер енгізді. Құлиеленушілік қоғам демократиясы дағдарысқа ұшырап, қоғамдық өмір мәселелеріне салғырттық, өз қаласының тағдырына самарқаулық байқалды, жеке бастың мүддесі қоғамдық мүддеден жоғары тұрды. Философиялық мектептердің біразы мәдениет жетістіктерінің бәрінен безіп, адамньщ табиғат аясына кетуін уағыздаса, екіншілері адамдарды «алаңсыздыққа» шақырып, «елеусіз өмір сүру» принципін уағыздады. Қоғамдық өмір мәселелерін белсене сынаған Аристофан комедияларының орнына өз заманының саяси оқиғалары ақ түсті суретгелетін мән-мағынасыз комедиялар пайда болды. Міне, осындай тарихи жағдайда грек мәдениетінің тағы бір кезеңі — тоқырау кезеңі басталды.

Орта ғасыр мәдениеті

Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды. Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің жаңа формалары, философиялық ағымдар, көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды. Мәдениеттегі жаңа құбылыстар бір-бірін байыта отырып, мәдени алуандықтың өсуіне мүмкіндік жасай отырып, алдыңғылармен өзара әрекет етті.
Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері: V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл – Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы – Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Европада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың жаңа этикасын дайындады, дүниеге және ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты қалыптастырды. Осы дәуір ойшылдарының әсемдік туралы ілімдері барлық көрінетін формаларды жасаушы Құдайды түсінуге бағытталған. Тарих та құдайдың ниетін жүзеге асыру ретінде қабылданды. Философия – «дін іліміне қызмет көрсетуші», орта ғасырлық философтың көзқарасы бойынша оның мұндай функциясы оның жалғыз ақтайтын дәлелі бола алады. Дін ілімі орта ғасырлық адамның әлеуметтік практикасының «ең жоғары қорытындысы». Орта ғасырда математика, сәйкесінше математикалық символдар тілі болған. Алайда бұл математикалық символдар дін ілімінің символдары болған, өйткені математика «сакральды арифметика» түрінде болды, ол құдайшыл шындықтарды символдық түсіндіру қажеттіліктеріне қызмет етті.
Орта ғасыр алғаш рет уақыт рухындағы өнер арқылы кешенді беру тәсілі ретінде көркем стиль жасайды. Роман стилі бірінші жалпы европа стилі болып саналады, ол VIII-XII ғ.ғ. тараған және ежелгі рим сәулет өнерінің ерте үлгілерімен ұқсастығы үшін европалық орта ғасырдың екі жетекші сәулет стильдерінің бірі. Жабындыларды көтеріп тұрған жуан қабырғалы және бойница түріндегі терезелері бар роман стилінің ғимараты өзінің типі бойынша бекініс ғимараты болды. Бұл ұқсастықты дөңгелек бақылау мұнаралары толықтырып тұрды. Роман өнері жасаған негізгі құрылыс – қорған-бекініс, монастырь-бекініс, қала-бекініс. Қорған – рыцарьдың бекінісі, шіркеу – Құдайдың бекінісі және т.б. Қорқыныш тудыратын, бақылау мұнаралары бар тауда орналасқан тас ғимарат роман өнеріне тән құрылыс. Роман соборының сырты өте жарасымды. Артық, деструктивті ештеңесі жоқ. Бірақ храмның ішінде әдеттен тыс, толқытатын бейнелер көп. Роман соборларының капительдерінде, бағаналардың аяқ жағында, терезелерде, қабырғалар мен есіктердің рельефтерінде кентаврлар, арыстандар, жартылай кесірткелер, жартылай құстар, әр түрлі химерлер бейнеленген. Бұл жәндіктер оюлап ойып жасалып, жиектерге отырғызылған.
Роман стилін XII-XIV ғ.ғ. тараған готика ауыстырады, ол қалалық орта ғасыр мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл аты шартты түрде: ол Қайта Өрлеу дәуірінде пайда болған және «готтар өнері», яғни варварлар деген мағынаны берген. Жебе тәрізді аркалары мен терезелері, мұнаралары, төбелері бар готикалық ғимараттар мен ордалар ортағасырлық лас көшелерден бөлініп шығып, аспанға, Құдайға ұмтылады. Төбелері биік готикалық құрылыста ауа кең болды. Бүкіл қабырғаны алып тұрған түсті витражды терезелерден бөлменің ішіне кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрған күн сәулесі түседі. Осының бәрі орган музыкасымен үйлесімде діндарлардың ерекше эмоционалды-шаттық күйін тудырды: барлық линиялардың аспанға ұмтылысын, тастың дематериализациясы адамға жерге қатысты басқа әлемде тұрғандай сезім тудыратындай әсер ету керек болатын. Готикалық сәулетте бірінші рет көшеге немесе алаңға шығатын, әшекейлеу жағынан ғимараттың басқа бөлігінен ерекшеленетін әшекейленген фасад қолданылды. Готикалық собор христиан сенімінің сұлулық пен гүлдену үлгісі ғана емес, қаланың сәттілік символы болды. Париж Құдай Анасының соборы, Франциядағы Рейм және Шартр соборлары, Германиядағы Кельн соборы, Англияда Солсберри аббаттылығы және Вестминстер аббаттылығы готика құрылыстарының жауһары болып саналады.
Адамзаттың рухани бірігу құралы мектеп болды, онда әр текті халық жалпы ойлауды және жалпы өмір сүруді үйренді. Орта ғасырлық мектеп антика мектебінен бастау алады. Оны ұйымдастыруға антикалық білімі бар ерте орта ғасыр қайраткерлері үлкен роль атқарды. VI ғ. өмір сүрген Боэций Платонның «жеті еркін өнерін», яғни орта ғасырлық оқу орындарында оқытылатын жеті міндетті пәнді тұжырымдады. Өз кезегінде «жеті еркін өнерді» екі бөлікке бөлу қабылданды: тривиум (үш бастапқы білім – грамматика, риторика және диалектика), және квадривиум (төрт білім жолы: геометрия, арифметика, астрономия және музыка).
Орта ғасырлық қалалардың гүлденуі білімді адамдарға деген қажеттілікті тудырды, бұл мектептердің базасында университеттердің пайда болуына әкелді. Бірінші университеттер Болонияда (ХІ ғ соңы), Кембриджде, Оксфордта (ХІІІ ғ. басы) және басқа европа орталықтарында пайда болды. Оларда жетекші факультет дін ілімі болғанмен, басқа факультеттер феодалдық қоғамда ақсүйектер білімінің таралуына мүмкіндік жасады. IX-XIV ғ.ғ. билік жүргізген философия схоластика, орта ғасырлық діни философия деген атқа ие болды, оның негізгі  мақсаты – діни дүниетанымға теориялық негіздеме беру, дәлелдердің логикалық әдістерімен діни догмаларды ұтымды дәлелдеу. Атауы «схола» деген (мектеп) сөзден шыққан, бұл оның мектептік-дидактикалық сипатын көрсетеді. Схоластиканың ішінде бірнеше бағыттар дамыды. Олардың арасындағы дау алдымен жалпы ұғымдар проблемасына шоғырланды. Бағыттардың бірі – реализм жалпы ұғымдар заттардан тыс өз бетімен болады және әлем мен танымда оның алдында болады деп тұжырымдаған. Номинализм деп аталған басқа линия жалпы ұғымдардың өз бетімен өмір сүруін теріске шығарды және тек жалғыз заттарды ғана мойындады. ХІІІ ғ. схоластиканы жүйелендіруші белгілі философ Фома Аквинский болды.
Ақсүйектер мәдениеті де болды, онда рыцарлық мәдениет ерекше орын алады. Рыцарлар ортасы этикеттің ерекше шеңберлерін жасады. Рыцарь құдайға сыйынып, күнәдан, менмендіктен және нашар қылықтардан бойын алыс салып, шіркеуді, жесірлер мен жетімдерді қорғап, қол астындағыларға қамқор жасау қажет. Ол батыр, адал болып, оң іс үшін ғана күресу керек. Ол өзінің ханымы үшін турнирлерде күресе білетін, жиһанкез болу керек. Бұл рыцарьдың әсем ханымға деген махаббатынан қатты байқалады.
Литургиялық драма пайда болды, ол соборда ойналып, қызмет бөлігі болып саналды, ол храм папертиінде болып, латын тілінде емес, жергілікті диалектіде жүргізілді. Кейіннен миракль (христиан сенімінің қарапайым адамдарға, оның ішінде күнәлілерге игілікті әсері туралы ғажайып аңыздар), мистерия (керемет мерекелік ойындар, олар бірнеше күнге созылады, христиандық сюжеттерді насихаттағанмен, ақсүйектер ұйымдастырады), моралите (христиан рақымшылдарын мадақтайтын аллегориялық көріністер) сияқты жанрлар қалыптасады.
Готика кезеңінің әдебиетінде ваганттар поэзиясы ерекше орын алады, бұл поэзияны таратушылар кезбе студенттер болды. Олардың еркін ойлы поэзиясы орта ғасырдың аскетикалық (тақуа) идеалдарынан алыс болды; ваганттар таза ақсүйек әдебиетін құру жолымен жүрді. Олар уайым-қайғысыз салтанат өмірді әндеріне қосты: «Барлық білгірлікті, оқуды тастап, жастық шақта рахат алу – біздің міндетіміз…». Олардың поэзиясында сатиралық антиклерикальды нота басым болды. Кейде ваганттардың өлеңдерінде баспанасыз, тапшылық өмірге деген наразылықтары да болды. «Пайдасыз өмір, сауық-сайран үшін емес, мен оқуды қайыршылықтан тастадым».
ХІ-ХІІ ғ.ғ. батырлар эпосы жазылды, бұл осы уақытқа дейін ауызша дәстүрде ғана беріліп келген. Халық ертегілерінің қаһармандары әдетте өз елі мен халқын қорғаған жауынгерлер болды; эпикалық аңыздарда ерлік, күш, адалдық, қаһармандық дәріптелді. Француз эпосының ең зор ескерткіші -  «Роланда туралы жыр», оның кейіпкері патриот Роланд болып табылады, оның өмірлік мақсаты император мен «сүйікті Францияға» қызмет ету. Немістің батырлар жырының ірі ескерткіші – «Нибелунгтар туралы жыр». Эпостың негізі «ұлы қоныс аудару» кезіндегі ежелгі неміс аңыздары, бірақ жырдың барлық сипаты ХІІ ғ. феодалды рыцарьлық Германиямен байланысты. Осы кезде «Беовульф» ағылшын батырлар эпосы және «Үлкен Эдда» скандинавиялық эпикалық мұрасының ескерткіші өмірге келеді.
Шығыста, Византияда христиан шіркеуі күшті империялық билікке тәуелді болды. Византия императорлары V ғ. бастап шіркеу өмірінде маңызды роль атқарды; тіпті шіркеу соборларын шақыру құқығын да император шешті, ол қатысушылар құрамын анықтап, олардың қаулыларын бекітті. Батыста шіркеу мемлекетке бағынбағандығымен қатар ерекше орынға да ие болды. Рим папасы маңызды саяси фигура да болды. Батыс пен Шығыс шіркеулерінің арасында қарама-қайшылықтар пайда болып, уақыт өте келе принциптік сипатқа ие болып, тереңдей берді. ІХ ғ. ортасында филиоква (филоква) – католик шіркеуінің Қасиетті Рухтың Құдай-әкеден ғана емес (Шығыс шіркеудің позициясы), Құдай-ұлдан (Батыс шіркеудің позициясы) шығуы туралы дауы болды. 1054 ж. шіркеулер бір-бірінен толық тәуелсіздігін жариялаған кезде біржолата бір-бірінен қол үзді.
Ерте ортағасырлық кезеңге ересейлердің – христиан шіркеуінің негізгі постулаттарына қайшы келетін ерекше ілімдердің пайда болуы жатады. Олардың әр түрлі идеялары болды. Олармен күрес жолының бірі инквизиция – католик шіркеуі құрған сот-полицей мекемесі болды, ол ХІІІ ғ. үнемі шіркеуі соты ретінде жұмыс жасады. Инквизицияның ресми құрылған жылы және бірінші инквизициялық процесс жылы 1229 жыл саналады.
Орта ғасырдың соңғы ақыны мен жаңа кезеңнің алғашқы ақыны Данте Алигьеридің поэтикалық жаңашылдығы дүниеге және поэзияға ортағасырлық көзқараспен қатар болды. Оның поэзиясына тән белгілер аллегория мен символика болды. Алайда Дантенің кейіпкерлері өзінің өміршеңдігімен жаңа дүниетанымға, әлем мен адамға деген жаңа қатынасымен жол ашты. Кескіндемедегі түпкі ренессанс белгілерін Джотто жұмыстарынан көруге болады, бұл композицияның алуандығы мен өміршеңдігі, тұрмыстағы нақты заттарды, жағдайды, костюмдерді, перспективалар мен анатомияны ескере отырып, нақты кеңістікте кейіпкерлердің табиғи орналасуын көрсетуге тырысуы. Шығыс Орта ғасыры мен Қайта Өрлеу мәдениеті. Орта ғасырлық араб мәдениеті арабтандыруға ұшыраған, исламды қабылдап, классикалық араб тілі көп уақыт әдебиет пен дін тілі ретінде билік құрған елдерде өркендеді. Барлық орта ғасырлық араб мәдениеті, адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір салты, қоғамдағы мораль нормалары VII ғ. Араб түбегіндегі тайпаларда пайда болған ислам дінінің әсерінен дамыды.
Араб философиясының пайда болуы каламарационалды діни ғылымның алғашқы өкілдері – мутазилиттердің («жекеленгендер») қызметімен байланысты. ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану немесе философиялық мұрасымен кең танысады. Аристотель философиясы басты назарда болады. «Неоплатондалған» аристотелизм орта ғасырлық араб философиясы – «шығыс перипатетизмінің» басты бағыты ілімінің негізі болды. Осы бағыттың негізін қалаушы араб философы, астрологы, математик және дәрігер әл-Кинди болды. Шығыс перипатетизмнің әрі қарай дамуы әл-Фараби және Ибн Сина есімдерімен байланысты.
Әл Фараби (870, Фараб – 950, Дамаск) - Шығыс философы, ғалым-энциклопедисті, шығыс аристотелизмінің ірі өкілі. Халеб пен Бағдат қалаларында философиялық және ғылыми білім алған. Фараби философиясының негізі – Біртұтастан жеке заттардың шығуы, эманация туралы неоплатондық іліммен аристотелизмнің үйлесімі. Әлеуметтік-этикалық трактаттарында Фараби діни қауым көшбасшысы, билеуші-философ басқаратын «рақымшыл қала» туралы ілімді дамытты. Фараби идеалды құрылысқа теріс адамгершілік қасиеттерді көрсететін «мәдениетсіз қаланы» қарсы қояды.
Фараби Аристотель (осыдан оның «Екінші ұстаз» атты құрметті атауы шыққан) мен Платон шығармаларына берілген комментарийлердің авторы. Фарабидің «Музыка туралы үлкен трактаты» - Шығыс музыкасы мен ежелгі грек музыка жүйесі туралы деректердің маңызды көзі. Фараби Ибн Синға, Ибн Баджуға, Ибн Туфаилға, Ибн Рушдаға, және де ортағасырлық Батыс Европаның философиясы мен ғылымына әсер етті.
Орта ғасырдағы атақты ғалым тәжік философы, дәрігер, жаратылыс тану ғылымдарын жетік меңгерген, ақын және белгілі музыка танушы – Абу Әли Ибн Сина (Батыс Европада Авиценна деп атаған, 900-1037 ж.ж.). Ибн Сина әлемдік мәдениет тарихында белгілі орын алады. Философиялық шығармаларының ішінде ең белгілісі - "Китаб-аш-шифа" («Сауығу кітабы»). Ибн Сина философ-рационолист болған. Ол тәжірибеге, шындықты фактілермен, практикамен сынап тексеруге үлкен мән берді. Ол антика философтарының көзқарастарын дамытты, оның прогрессивті көзқарастары ислам қағидаларына қайшы келді және мұсылман дінбасыларының орынсыз шабуылдарын тудырды.
Араб философиясының әрі қарай дамуы Ибн Баджу, Ибн Туфаиль және Ибн Рушд есімдерімен байланысты, олардың шығармашылығы араб философиясының шыңы болды. Ибн Рушд аристотельдік ілімді кейінгі неоплатондық өзгешіліктен тазартып қана қойған, натуралдық пантеизмге бейімделген дербес жүйені құрды. Ибн Рушд сенімнен ақыл-парасаттың басымдылығын дәлелдеді және діндарлардың философиялық проблемалармен айналысуының заңсыз екендігін дәлелдеді. Орта ғасырлық араб ғылымының орталықтары Бағдат, Куфа, Басра, Харон қалалары болды. Әсіресе Бағдатта өмір қызу қайнап жатты, онда «Ғылым үйі» - академиялардың, обсерваториялардың, кітапхана мен аудармашылар алқасының өзіндік бірлестігі құрылды.
Шығыс ислам әлемінің көркем мәдениеті айрықша. Онда кескіндеме жоқ, өйткені Алла мен құдайға қатыстының барлығын бейнелеуге рұқсат етілмеді. Нәтижесінде бейнелеу өнері кілем тоқуда жақсы дамыды, оған тән белгілер түрлі-түстілігі мен өрнектілігі болды. Араб сәулет өнері ерекше дамиды, ол арабтардың ең алдымен барлық грек, рим, иран көркем дәстүрлерін қайта өңдеу негізінде дамыды. Сол кезеңнің ең белгілі сәулет ескерткіштері Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы кезеңде мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы салынды. Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен безендіре бастады, оған стильденген жазу- араб вязі қосылды. Мұндай өрнекті европалықтар арабеска деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен ырғақты қайталануы принципі бойынша құрылды.
Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер табиғи түрде махаббат жырларында да, медициналық трактаттар мен батырлар жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар, шахтар өзіне сарай ақындарын алу үшін қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі таныту, мадақтау құралы ретінде қарады. Бұл жағынан ұлы парсы ақыны, «Шах-намэ» («Патшалар кітабы») өшпес эпопеясын жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы белгілі. Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы.
X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі «Мың бір түн» жазылды. Оның негізін парсы, үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген сюжеттері құрады.
Парсы ақыны, математик, философ Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы көпшілікке белгілі. Философиялық төрт жол өлең – рубаилар оны танымал етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға, гедондық мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның әрі қарай дамуы парсы-тәжік ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Навои (1441-1501 ж.ж.) есімдерімен байланысты.

Жаңа заман мәдениет.

Итальян қайта өрлеуі.«Жаңа заман мәдениеті» ұғымы XIV ғасырдан қазіргі уақытқа дейінгі тарихи кезеңді қамтиды.«Қайта өрлеу» (Ренессанс) термині XVI ғ. бейнелеу өнеріне қатысты қолданыла бастады. Ренессанс антика ғылымдары мен өнерлерінің қайта өрлеуі ретінде сипатталады. Бұл жалпы дұрыс. Алайда Ренессансты тек бір антикаға ғана жатқызуға болмайды, бұл Ренессанста бастыны байқамау болып саналады. Кейіннен «Қайта өрлеу» ұғымы кең мағынаға ие болады. Ренессанс мәдениетіндегі ең бастысы – адамзат тұлғасын дәріптеу теориясы мен практикасы.
Итальян Қайта Өрлеуі іштей кезең-кезеңге бөлінеді: түпкі ренессанс (XIII-VIV ғ.ғ.), ерте Қайта Өрлеу (XV ғ.), кемелденген немесе жоғары (1550-1530 ж.ж.), кейінгі (XVI ғ.ортасы).Түпкі ренессанстың жалпы сипаттамасы.
Түпкі ренессанстың өтпелі кезеңін түсіну үшін ең тамаша материал – Данте Алигьери (1265-1321 ж.ж.) шығармашылығы. Оны Орта ғасырдың соңғы ақыны және жаңа дәуірдің алғашқы ақыны деп атайды. Данте 1300 жылды адамзат тарихының ортасы деп санаған және сондықтан әлемнің жалпы және қорытынды сипатын беруге тырысты. Мұны ол «Ғажайып комедияда» (1307-1321 ж.ж.) тамаша бейнелеген. Поэманың антикамен байланысы «Комедиядағы» негізгі кейіпкерлердің бірі – рим ақыны Вергилий екендігінен көруге болады. Ол - жер бетіндегі даналықтың, ағартушылықтың, өнегеліктік символы. Антика әлемінің атақты адамдары – пұтқа табынушылар Гомер, Сократ, Платон, Гераклит, Гораций, Овидий, Гектор, Энейді ақын тозақтың алғашқы тоғыз шеңберлерінің біріне орналастырған.
Франческо Петрарканы (1304-1374 ж.ж.) Европадағы бірінші гуманист және әдебиетші деп санайды. Петраркидің барлық өмірі - өз мүддесі мен өзін-өзі ғана ойлайтын жеке адамның өмірі. Бұл жағынан ол әдебиеттегі бірінші индивидуалист. Петрарка өзінің сүйіктісі Лаураға арналған сонеталарымен белгілі.
Осы кезеңде лирикалық поэзия гүлденеді. Джованни Бокаччо (1313-1375 ж.ж.) бұл жағынан ерекше орын алады. Ол өз шығармашылығында жаңа адамгершілік принциптерін айқындайды. Әдебиет ісімен айналыспас бұрын ол алты жыл құқықты зерттеген, бірақ ол негізінен классикалық мифологиямен шұғылданды. Бокаччоның көркем шығармасы «Декамеронда» (1350-1353 ж.ж.) өзінің биік шыңына жетті. Адамзат табиғатының барлық байлығы антикадан кейін алғашқы рет ақсүйектік және тұрмыстық жағынан көрінеді. «Декамерон» махаббат оқиғаларының көптігімен таң қалдырады. Енді әйелжандылық кінәланбайды, ғашықтардың тапқырлығы дәріптеледі.
Бокаччо ғашықтық ісінде сословиелік шектеулерге қарсы болған: дворяндар қызметшілерімен, ақсүйектер атшыларымен құмарлық жолындағы бөгеттерді табысты жеңе біледі.
Орта ғасыр кезінде флорентиялық Джотто ди Бонде, қысқаша Джотто өнері белгілі болды. Джоттоның әлем өнерінің алдындағы басты еңбегі ол өзінің шығармашылығында орта ғасырлық тұрақтылықтан ауытқып, эллинистік әлемді кеңістіктік қабылдауды жаңғыртты. Джотто өнерінің жаңа реалистік тұжырымдамасы екі басты көркем принципке негізделеді: үш өлшемді кеңістікті перспективті беру принципіне және жарық көлеңкесінің көмегімен пластикалық фигураны көлемді түсіндіру принципіне.
Ерте Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы.
Италиядағы Ерте Қайта Өрлеудің сипаттамасына көше отырып, келесіні атап көрсету қажет. XV ғ. басында Италияда жас буржуазиялық тап өзінің басты белгілеріне ие болды. Ол дәуірдің басты әрекет етуші тобы болды. Ол өмірде өзінің нақты орнын алып, нық тұрды, өзіне сенді, байып, дүниеге басқа көзқараспен қарады. Италия қалалары кішкентай болды, ал қоғамдық өмір қызуы, саяси әуестік иірімі күшті болды. Осы отта инициативті, энергиясы мол адамдар шынықты.
Адам санасындағы бұл жылжуды Қайта Өрлеудің маңызды қайраткерлерінің бірі, Мирандола республикасының билеушісі, тарихта Пико делла Мирандола есімімен белгілі болған Пико (1462-1494 ж.ж.) байқады. Ол «Адамның қасиеті туралы» трактатын жазды, онда адамның белсенділігі, адамның өзін-өзі жаратуы туралы ілім баяндалады. Өзін-өзі жасайтын универсальды адамның – іс пен ой титанының бейнесі идеалды болып саналады. Ренессанс эстетикасында бұл құбылыс титанизм деген атауға ие болған. Қайта Өрлеу адамы өзіне бірінші кезекте абсолютті тұлға түріндегі жасаушы және суретші ретінде қарады.
Европа мәдениетінің тарихы Ерте Қайта Өрлеуге ізгіліктің пайда болуымен міндетті. Ол қайта өрлеу мәдениетінің философиялық-практикалық типі ретінде болады. «Гуманизм» (ізгілік) терминін (оның латын формасы – studia humanitatis) Ерте Қайта Өрлеудің «жаңа адамдары» антика философы мен шешені Цицеронды өздерінше түсініп, енгізген. Термин адамның алуан табиғатының толықтығы мен бөлінбейтіндігін білдірді. Ерекше мәдени орта –гуманистер тобы тез қалыптасты. Олардың құрамы бастапқы кезде өте алуан болды: шенеуніктер мен тақсырлар, профессор мен көшірмешілер, дипломаттар мен дін басылары. Бұл европаның зиялы қауымының дүниеге келуі болды. Гуманистердің оқу сабақтарының ең салмақты нәтижелері адамзат даралығын теориялық дәлелдеу, адамның ішкі әлемін ашу және айрықша концепцияны жасау болды.
Неоплатонизм Қайта Өрлеу философиясы болды. Онда идеялар әлемі адамзаттың барлық тұлғасын анықтап, ұғындырады және ұйымдастырады деген ой басты орын алды. Қайта Өрлеу дәуірінде идеялар әлемі туралы ілім Әлемдік Ақыл мен Әлемдік Жан туралы ілімдер формасында болады.
1470-1480 ж.ж. Лоренцо Медичидің бастауымен Платондық академия деген атпен де белгілі Флорентиялық академия гүлденеді. Ол клуб, ғылыми семинар мен діни секта арасындағы орын болды. Академия мүшелері ғылыми диспуттармен, басқа сабақтармен, серуендеуде, жиындарда, антика авторларын зерттеумен және аударумен уақыт өткізді. Академия қабырғасында өмірге, табиғатқа, өнерге, дінге деген емін-еркін қатынас дамыды.
Ренессанстың даралығы гуманизмнің әсерінен секулярланған – шіркеу ықпалынан босатылған болды. Алайда қайта өрлеушілерді атеисттер деп айта алмаймыз. Атеизм қайта өрлеу идеясы болған жоқ, бірақ шіркеуге қарсылық нағыз қайта өрлеу идеясы болды. Қайта өрлеу дәуірінің адамы рухани болып қалғысы келді.
Бейнелеу өнерінде Ерте Қайта Өрлеу бастаушылары суретші Мазаччо (1401-1428 ж.ж.), мүсінші Донателло (1386-1466 ж.ж.) және сәулетші Брунелески болып саналады. Олардың бәрі Флоренцияда өмір сүрді.
Мазаччо Джоттоның ұмытылып бара жатқан дәстүрін қолдап, кескіндемемен үш өлшемді кеңістікті бейнелеу ісін соңына жеткізді. Өнер танушылар Мазаччоның үш өлшемділік негізінде қадірлі және өзіне сенімді адамды, немесе лирикалық, ал кейде назды адамды бейнелеуін бірінші орынға қояды. Осыдан оның кескіндемесі скульптуралық әсер тудырады. Осы көлемділік үшін антика бейнелері қажет.
Өнерде европа пластикасының көптеген проблемалары – дөңгелек мүсінді, монументті, ат монументін жүз жыл алға шешіп тастаған мүсінші Донато ди Никколо ди Бетто Барди болды, ол тарихта Донателло деген есіммен белгілі (1386-1466 ж.ж.). Шебердің көптеген жұмыстарының ішінен оның қола Давидін атап көрсеткен жөн.
Брунелескидің Флорентия республикасы соборының үстіндегі алып сегіз қырлы күмбезімен атағы шықты (1420-1436 ж.ж.). Ол адамдардың бірігу символы ретінде қабылданды, өйткені онда «барлық тоскан халқы жинала алатындай» салынды.
Ерте Қайта Өрлеу – эксперимент жүргізуші кескіндеме уақыты. Дүниені жаңаша сезіну – оны жаңаша көру дегенді білдірді. Шындықты қабылдау тәжірибемен тексеріліп, ақылмен бақыланады. Осы кезең суретшілерінің бастапқы мақсаты – қалай көреміз солай бейнелеу. Осы уақыт үшін бұл революциялық төңкеріс болды.
Ерте Қайта Өрлеу кескіндемесі сол кезеңдегі итальяндық нәзік сезімді, сезімді әсемдік пен грацияны бейнеледі. Осы құбылысты көркем ұғынудың керемет үлгілерін Сандро Ботичелли (1444-1510 ж.ж.) берді. Оның шығармашылығында гуманистердің жан мен дененің теңесуі туралы түсініктері жүзеге асырылды.
Жоғары Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы.
Түпкі ренессанс Италияда 150 жылға, Ерте Қайта Өрлеу 100 жылға, Жоғары 30 жылға созылды. Итальян Қайта Өрлеуінің алтын ғасыры, итальян өнерінің ең жоғары кезеңі Италиядағы қиын кезеңмен, итальян қалаларының тәуелсіздік үшін күресі кезеңімен сәйкес келеді.  
Коперниктің, Галилейдің, Кеплердің ұлы жаңалықтары адамның құдіреті туралы армандардың күл-талқанын шығарды. Коперник пен Бруно жерді адамның көзінің алдында мәнсіз дүниеге айналдырды. Ренессанс мәдениетінің дағдарысы саясат сферасында да айқын байқалды. Ренессанстың саяси өмірі қарқындылығымен және көп жоспарлығымен ерекшеленді. XV ғасырдағы-XVI ғасырдың басындағы итальян режимдерінің бірде-бірі тұрақтылығымен ерекшеленбеді және билік тирандардың қолына көшіп отырды. Даралықтың қоғамдық идеологияда билік құруы саяси практикаға да әсер етті. Бұл Николо Макиавеллидің (1469-1527 ж.ж.) шығармашылығы мен қызметінде айқын көрінеді. “Князь” (немесе “Монарх”, “Государь”) трактатымен атағы шыққан Макиавелли орташа демократиялық және республикалық құрылысты қолдады, бірақ өзінің демократиялық және республикалық көзқарастарын болашақ заман үшін ғана насихаттады.
Ренессанс құндылықтарының дағдарысы байқалуының қызықты формасы утопизм болды. Идеалды қоғамды құру алыс және белгісіз уақытқа жазылған, бұл авторлардың идеалды адамды шұғыл жасау мүмкіндігі утопиясына сенбеуін растайды. Томмазо Кампанеллланың Күн идеалды Мемлекетінде (1568-1639 ж.ж.) автордың Қайта Өрлеудің гуманистік құрылысынан бас тарта отырып, адамдардың барлық өмірін қатаң белгілеудің ұсақ бөлшектеріне дейін таң қалдырады.
Жоғары Қайта Өрлеу өнері өмірдің тамаша жақтарының гармониялық синтезіне ұмтылу, жалпы бейне үшін жекеліктен, шамалы нақтылықтардан бас тартады. Бұл - Жоғары Қайта Өрлеудің Ертеден басты айырмашылықтарының бірі. 
Осы кезеңнің европа мәдениеті үшін мәнін түсіну үшін үш есімді атау жеткілікті: Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микельанджело, олардың шығармашылығы итальян қайта өрлеуінің басты құндылықтары – зерде, үйлесім, қуатты бейнелейді.
Леонардо да Винчи “Үңгірдегі Мадонна” картинасында толысқан шебер ретінде көрінеді. “Кеш құпиясы” оның шығармашылығының шыңы болып саналады. Леонардоның қылқаламынан шыққан Мона Лиза портретінде классикалық, яғни қайта өрлеу белгілері – кескін айқындылығы, сызықтардың көзге көрінетін иілімділігі, физиономия тұрғысынан көңіл-күйдің мүсіндік құлпыруы және жартылай қиял түріндегі пейзажы бар қарама-қайшы және белгісіз болашаққа шақыратын портреттің үйлесімі айқын көрінеді.
Рафаэль сұлулық табиғаттың тазарған және жетілген формасы түрінде болады деп сенген. Ол адам көзіне көрінеді, суретшінің міндеті оны көрсете білу болып табылады. Рафаэльдің “Сикстин мадоннасы” өзіне тарту қасиетінің тереңдігімен ерекшеленеді. “Афина мектебінде” гуманист, антика мәдениетін тамаша білгір ретінде көрінеді.
Микельанджелоның батырлық титанизмінің жалғыз фигурасы – бұл Давид (1501-1504 ж.ж.). Оның атақты “Қорқынышты сот” фрескесінде Микельанджело жердегі барлық пайдасыз істерді, тәннің бұзылуын, адамның тағдыр алындағы шарасыздығын көрсетеді.
Жоғары Ренессанс суретшілерінде адамзат тұлғасы барлығынан биік қойылған. Бұл практиканы венециандықтар ғана бұза бастады, оның ішінде алдымен Джорджоне, оның пейзажы адамзат фигуралары бейнеленген терең гармониялық үйлесімде болады (“Ұйқыдағы Венера”).
Тициан сюжеттің эмоционалдық мазмұнына көңіл аударумен ерекшеленеді. Бұл “Кесарь динарийі” атты атақты картинасында жақсы көрінеді.
Айтылғандардан қорытынды шығара отырып, Қайта Өрлеу жаңа европалық мәдениетті қалыптастырудың ұзақ, күрделі және қарама-қайшы процесі ретінде көрсетіледі. Оның кейінгі орта ғасырдың әлеуметтік және рухани өмірінің терең алғышарттары болды, ол өз кезеңінің көптеген нақты экономикалық, саяси, идеологиялық факторларымен негізделеді. Бұл процесс ескі орта ғасырлық әлеммен күресте және ымыраға келуде болды. Соңында оның дамуы “шіркеудің рухани диктатурасын” бұзып, гуманистік дүниетанымды бекітті, идеология мен мәдениеттің барлық облыстарының революциялық өзгеруіне әкелді.
Итальян Ренессансының өз бастауы, өз жетілуі, өз соңы бар. Ренессанс дағдарысы оның идеялық бағдарламасының, оның рухани идеалдарының әлеуметтік шындықпен қақтығысуынан туған. Барлық Ренессанс жаңа заманның адамзат тұлғасының индивидуализмінің бірінші формасының жеткіліксіздігін және аяқталмауын ұғынудан туады. Екі стихия Ренессанстың рухани өмірін және өнерін көрсетеді. Бір жағынан, Қайта Өрлеу ойшылдары мен суретшілері адамзат қайғысын түсінуде және көркем бейнені терең ұғынуда шексіз күш пен мүмкіндікті сезеді. Екінші жағынан, олар адамзаттың шектелуін, табиғат өзгерістеріндегі, көркем шығармашылықтағы оның шарасыздығын әрқашан сезініп отырды. Сондықтан Ренессанс адамның антропоцентризмінің қуатты негіздемесін тұрақты іздестіру ретінде көрінеді.

Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол — «роман» стилі болатын. «Роман стилі» деген термин («роман тілдері» деген терминге ұқсас енгізілген, Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді). Азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңққа ие болған бұл өнер стилі XI—XIII ғасырда, әсіресе сәулет өнері мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі соборлар құрылысында, оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар өзінің көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен және рациональдылығымен ерекшеленді. Лев Любимовтың пікірінше, «Роман стилінде оюөрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні — образдың мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың, ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді». [1]

Сәулетшілік жетекшілік өнерге айналған бұл тарихи кезеңде ғимараттар салуға ерекше мән берілді. Әсіресе христиандық наным-сенімнің салтанаты мен жан-жақтылығы, оның құдіретін паш ету мен адамзат баласын құдайға құлшылық жасау жолында біріктіру мақсатында діни шіркеулер салу ісі кең қанат жайды. Әсем шіркеулер салудың өрістегені соншалық, оларды тіпті қажет болмаса да салды. Ерекше атап өтетін бір жәйт, романдық стиль византиялық, таяу шығыстық (әсіресе, сириялық), германдық, кельттік және басқа да солтүстік тайпалардың өнер стильдерінің белгілерін өз бойына сіңіре білді. Міне, сондықтан да болар, әр елдің өнер стильдерінің өзара тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан өнердегі бұл бағыт жалпы «романдық» деген атқа ие болды.

Роман өнерінің жасаған мәдени төңкерісі — ою-өрнекпен ғимараттарды одан әрі түрлендіруінде, яғни ою-өрнекті бейнелеу пластикасымен толықтыруында, ал бұл жағдай ою-өрнек функциясын жаңа сапада орындауға мүмкіндік берді. Ендігі жерде тастан салынған ғимараттар өте шеберлікпен жасалған адам бейнелерімен ажарлана бастады.

Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын болып көрмеген дәрежеге көтеріліп, шоқтығы биік өнер саласына айналды, өйткені өзге өнерлердің бәрі де сәулетшілікке табынып, оның талаптарына мұлтіксіз бағынды. Осы бір тарихи кезеңде туған әрбір ақын сәулетшіге айналды. Готикалық стиль бұл тұста негізінен шіркеу мүддесіне сай дамыды. Ортағасырлық шіркеулер тасты күмбездерден тұрды, мұндай ауыр да, қомақты күмбездердің орнықты болуы үшін, шіркеу қабырғалары өте қалың етіп салынды, ал тасты күмбездерді тұрғызудың өзі де оңайлыққа түспеді, өйткені бұл кезеңде көптеген құрылыс дағдылары ұмыт болған еді. Қалай болғанда да, сыналы тастардан жасалған шомбал күмбездер готикалық заманға тән жетістіктер болды.

Шіркеулер үлкен қалаларда ғана емес, қалашықтарда да салына бастады. Сонау шалғайдан көзге шалынатын бұл ғимараттар ортағасырлық өмірдің аса ірі жетістігі болды. Халық діни ғимараттарды жасампаздықтың күш-жігерінің айғағы ретінде жақсы көрді. Шіркеу қоңырауының сыңғыры мен органдық музыканың әуенінен бастап, бірігіп мінәжат ету, шіркеулік жолжоралық діни рәсімдерге қатынасу — қарапайым адамдарды күнделікті күйбең тіршілік қамынан бір сәтке болса да сейілтіп, ерекше бір күйге түсіретін еді.

Батыс Еуропаның ортағасырлық өнер тарихында Франция мемлекеті қай кезеңде болса да жетекшілік рөл атқарғандығы мәдениет тарихынан белгілі. Сондықтан да болар, Франция романдық кезеңде сәулетшілік өнердің жетістіктері мен ізденістерінің негізгі орталықтарының біріне айналады. Осы бір қасиетті елдің сәулет өнері саласындағы тамаша да, айбынды ескерткіштерінің бірі — романдық стильдің аса көрнекті үлгісі — Париждегі Нотр-дам (Құдай-ана соборы) болды. Шіркеу фасадының ерекше сымбаттылығы, оның геометриялық заңдылықтарға сай салынуы, мұнаралар ансамблінің тұтастығы кез келген адамды бірден баурап алары сөзсіз. Вазельдегі қасиетті Магдалинаның шіркеу күмбездерінің таңғажайып жарасымды айбыны да, арқалардың ғаламат салтанаты да таң қалдырмай қоймайды. Тарихи уақиғаларға толы романдық кезеңде жоғары атап көрсетілген француз халқының ұлы поэтикалық шығармасы — «Роланд туралы жырда» (XII ғасырда) өмірге келді. Ұлттық тілде жазылған бұл тамаша туындыда орта ғасырларда етек алған рыцарьлық ерлік, король мен христиан шіркеуіне адалдық дәріптелді. Халықтық эпостың негізінде туған бұл жыр француз халқының арасында кеңінен тарады, өйткені осы бір шабытты эпика толғауда өмір ақиқаты, қанағатшылдық сезімі, ішкі бай мазмұнды бере алатын ғажайып қасиеттер сияқты өзіндік ұлттық көркем даналықтың негізгі белгілері кеңінен көрініс тапты, әрі рыцарьлардьщ көңіл-күйін жан-жақты көрсететін фанатизмге, христиандық рухқа толы болды. XII—XIII ғасырда Францияның оңтүстігінде трубадурлар поэзиясы қанат жайды. Олар-дың сатираларында шіркеу мен феодалдық езгіге қарсы сарын мен қарапайым адамдарға бүйрегі бұрушылық көрініс тапқан. Дәлірек айтсақ, еркін ойлылық нышандарын өз бойына жинақтаған трубадурлар творчествосы осы бір кезеңце қалыптасқан сан-қырлы дүниетанымды білдіреді.

Бұл тұста Еуропаның басқа да елдерінде ұлттық көркемдік даналықты айқын танытатын романдық өнер туындылары туындап жатты. Әр алуан сәулетшілік мектептерімен даңқы шыққан Германияда жасалған мәдени ескерткіштерде неміс халқының рухани байлығы кеңінен көрініс тапты. Рейндік, саксондық және вестфальдық мектептер сәулетшілік өнердің дамуына зор үлес қосып, сол кездегі ұлттық көркем даналықтың ұмтылыстары мен арман-қиялдарын жүзеге асыру мақсатында тамаша ғимараттар салды. Солардың бірі — өзінің асқақ тұлғасымен көзге түсетін атақты Вармс соборы (1174—1234 жж.). Собор қала үстінде қалықтап тұрғандай әсер қалдырады, қайта жаңғыртып салынса да бұл ғимарат өзінің сол бір бастапқы бет-бейнесін мүлде өзгертпеген. Шындығына келеек, Вармс, Шпейер, Майнц сияқты қалаларда тұрғызылған атақты соборлардың басты ерекшелігі де олардың күрделі асқақтығында еді.

Кейбір мәдени ескерткіштер ел мен дәуірдің тынысын бойына сіңірсе, кейбірінің Шығыс мәдениетінің кәусәр бұлағынан сусындағаны беп-белгілі болып тұрады. Ойымыз дәлелді болу үшін, XII ғасырдағы неміс шеберінің қолынан шыққан, сүйектен жасалған орта ғасырлық ойын дойбыларына бір сөт көз салайықшы. Бұл дойбыда ағаш басына шығып, жеміс жинап отырған адам бейнеленген, оның төменгі жағында бір ақ, бір қара тышқан ағаштың тамырларын кеміріп жатыр.Осы бір дүниедегі адамдардың өмір тіршілігін аңдар мен өсімдіктердің кескіндерімен ісмерлікпен толтырып, олардың ғажайып үйлесімділігін нақтылы көрсету арқылы, сәндік әуен жасаған осы бір неміс шеберінің табиғи дарынына қалай таң қалмаймыз? Шындығында да, бұл қолөнер туындысының мазмұны — шығыстық аңызға негізделген, өйткені ағаш — өмір символы, тышқандар — күн мен түн, яғни өмірді аямай қысқартушы уақыт. Осылайша, ойынының өзі де жер бетіндегі өмірдің өткінші екендігін ортағасырлық адамның есіне салған.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/90/Europa_1519.JPG/220px-Europa_1519.JPG

1519 жылғы Еуропа картасы

Қайта өрлеу дәуірінің бесігі болған, еркіндік сүйгіш Италия елінің мәдениеті де біртұтас романдық ағымда кеңінен көрініс тапты. Осы дәуірдің өзіне тән қалыптасқан тарихи процестер Италия өнерінде де барған сайын айқындала түсті. Оған дәлел — XI ғасыр басында Флоренцияда салынған Сан-Миньято шіркеуі. Өте аумақты етіп салынған бұл алып ғимарат ағаштан қапталған және үш қырлы базилика өзінің жалпы құрылысымен ерте замандардағы христиандық ғимараттарды еске түсіреді. Бірақ осы бір сәулетті ескерткіштің тіп-тік болып аспанға созылған фасады болашаққа да меңзейтін сияқты. Романдық дәуірде аса ірі экономикалық және көркемдік өнер орталығы болған Пиза қаласының сыртындағы көк майсалы кең алқапқа салынған «Құлап бара жатқан мұнара» мен баптистерий (шоқындыратын жер) ансамблі де романдық құрылыстар сияқты аса айбынды, әрі орасан зор болғанына қарамастан өздерінің жеңіл де, әсем бейнесімен жаңаша көрініс тапқан. Демек, романдық өнердің мәні, оның идеялық және эстетикалық ұмтылысы сұсты айбындық, аскетизм, жасанды шарттылық, құдайға соқыр сезіммен табыну сияқты ұғымдармен шектелмейтін сияқты. Олай болса, өз дәуірінің тыныс-тіршілігін айқындайтын бұл өнер саласында өткен мұра мен қазіргіні қабылдаумен қатар болашақтың өркендері де кеңінен көрініс тапқан.

Шамамен 1000 жылдан бастап готикалық стиль туындағанға дейін үстемдік еткен ромаңдық стиль — ортағасырлық Еуропаның өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік төуелсіздігімен ерекшеленетін көркемдік стиль болып саналады және ол варварлық тайпалардың көркемдік мәдениетінің негізінде қалыптасты. Екінші мыңжылдықтың басында Еуропалық өнердің христиандық негізінен нәр алған романдық өнер мұрасында сөулетшілік өнер жетекші рөл атқарды, ал осы бір қасиетті өнер саласының римдік, дәлірек айтқанда гректік базиликалардың (патша сарайларының) идеяларын өз бойына жинақтай білуі — оны одан әрі асқақтатып, асқар шыңға шығарды. XIX ғасырда өмір сүрген француз сәулетшісі О. Роденнің сөзімен айтқанда «Романдық сәулет өнері адам өмірінің бірқалыптылығын, тұрақтылығын паш ететін, үнсіздігімен адамның мысын басып, оны табындыра білді».

Қалалардың гүлденуі мен қоғамдық қарым-қатынастардың жетілуі нәтижесінде өнер саласында жаңа бағыт — готикалық стиль пайда болды. XII—XVI ғасырларда Еуропа еддерінде үстемдік еткен бұл жаңа стиль діни сарындағы сәулет, мүсін өнерімен, сәндік-қолданбалы өнермен тығыз байланыста қалыптасты. Сөулет өнері саласында 1140 жылдар шамасында Францияда пайда болған готикалық (гот тайпаларының атымен аталған) кейіннен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен тарап, XV ғасырға дейін, ал Еуропаның кейбір жерлерінде XVI ғасырға дейін үстемдік етті. Романдық стильде салынған ғимараттар өзінің аумағымен, салмақтылығымен ерекшеленетін болса, готикалық стильмен салынған шіркеулер өзінің алып асқақтығымен, әрі әсемдігімен таң қалдырады. Бас айналдырарлықтай биік етіп салынған бұл тамаша ғимараттарының әдемі күмбездері, аса үлкен терезелері бірден көзге түсіп, көрген адамға нұрлы дүниедей әсер қалдыратын. Сондықтан да болар, олар «Сансыз күмбездер», «аса үлкен терезелер», «бітісе қайнасқан», «бірін-бірі қуаланған күмбездер» деген теңеулерге ие болды.

Үш ғасыр бойы Францияда салтанат құрған готикалық өнер үш кезенді басынан кешірді. Бірінші кезең — алғашқы готика — XII ғасыр соңғы үшінші бөлігі мен бастапқы ширегін, ал екінші кезең — кемелденген готика немесе жоғары дамыған готика XIII ғасырдың 20 жылдар соңына дейін созылса, үшінші «нұрлы готика» немесе «жалындаған готика» деп аталған соңғы кезеңі XIV—XV ғасырлар аралығын қамтиды.

XIII ғасырлар аяғынан бастап еуропалықтардың қалалық өміріне берік орныққан готикалық стильдің түп-тамыры ғасырлармен мыңдаған жылдардың тұңғиығында жатқан өнердің таңғажайып жетістіктерінде жатыр. Римдіктер өте шеберлікпен пайдалана білген арқа, күмбез және тағы да басқа сәулетшілік өнер түрлері осы бір тарихи кезеңде орта ғасырлық құрылыс өнерінің негізіне айналды. Сұсты да, аумақты романдық стильдегі ғимараттар құрылысына қарағанда биікке қарай өсіре жүргізілген готикалық сәулетшілік өнер туындылары көз тартарлықтай әсем де, сәнді болып шықты. Романдық ғимараттардың биіктігі 18— 20 метрден аспаған болса, алғашқы готиканың ең айбынды ескерткіші болып саналатын атақты Париж Құдай — ана соборының (париждіктер жай ғана Нотр-Дам деп атаған) биіктігі 32 м. болса, одан кейін Рейнде — 32 м., ал Аменьде — 42 м. дейін созылды. Олардың көкке қарай бой түзеген күмбездерінің биіктігі 150 метрге жетті. Аталған әрбір ғимараттың әрқайсысы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің куәсі, замана туындысы болып табылады. Салынғанына алты ғасыр уақыт өтсе де, Батыс Еуропалық сәулет өнері тарихының жаңа кезеңін бастаған қасиетті Париж Құдай — ана соборы француз көркем өнер кемеңгерлігінің аса үздік туындысы болып қала береді. Осы орайда Лев Любимовтың бұл жайындагы «Египеттегі пирамидалар, Афиныдағы Парфеон немесе Константинопольдегі София соборы сияқты париждік Нотр-Дам да ғасырлар бойында өзін өмірге әкелген халықтың идеялары мен ғасырларда қалыптасқан көркем мәдениеттің куәсі болатындығымен құнды» [2] деген орынды пікірімен санаспасқа болмайды.

Замана ағымындағы талай тарихи уақиғалардың (француз корольдері осында тәж киген, және Жанна д'Арк өзінің жеңіс туын осында әкеліп қойған) куәгері болған Рейм соборы да француздық гогакалық өнердің шыңы болды. Оның бас фасады Париждегі атақты Париж Құдай — ана соборы сияқты торлы терезелері бар, екі биік мұнарасы аспанмен таласқан үш қабаттан тұрады. Аса нәзіктікпен нақышты етіп жасалған бұл ғимарат сәулет өнері мен мүсіндердің өзара үндестігін паш етеді, өйткені көз тартарлық көрінісі мен таңғажайьш мүсіндердің сән-салтанаты осы бір заңғар құрылысты жепжеңіл етіп көрсетіп тұр. Германия, Франция мен Англияға Караганда готикалық стильге кеш көшкеніне қарамастан готикалық әсемдік идеясын тамаша жүзеге асырудьщ арқасында зөулім ғимараттар салуда айтарлықтай нәтижеге жетгі. Бүкіл неміс халқының мақтанышьша айналған, Гоголь «готикалық өнердің тәжі» деп бағалаған Кельн соборынеміс сәулетшілерінің тендесі жоқ шабытты шеберлігінің занды нәтажесі болып саналады. Бас айнаддырарлықтай болып көкке тік көтерілген неміс готикасының тендесі жоқ үлгісі — Фрейбург соборын «готикалық ойдьщ ең айқын, зор жаңалығы» деп бекер бағаламаған.

Француз бен неміс халықтарының мәдени дөстүрлер сабақтастығының куөгері болып есептелетін Страсбург соборы да неміс халқының ұлттық ерекшелігін ашумен қатар, шынайы интернационалдық мазмұнға ие болғандығын атап өтпеске болмайды. Бүкіл елді табындырған бұл сымбатты ғимаратгың бас сәулетшісі неміс Эрвин Штейнбахский болды.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/4b/StBernardFS.jpg/220px-StBernardFS.jpg

Ортағасырлық готикалық өнер туындысы

Дүниежүзілік мәдениетінің дамуына қомақты үлес қосқан итальян сәулетшілері де готикалық стильдегі айтулы мәдени ескерткіштерімен орынды мақтана алады. Солардың бірі, Қайта өрлеу дәуірінің алыбы Микенланджело өзімнің «қалыңдығым» деп мақтаныш тұтқан атақты Санта Мария Новелла шіркеуі (XIII—XIV ғасырлар) Италия сәулетшілері үшкір мұналары, жебе тәрізді аркалары, тор көзді терезелері бар ғимараттарды салған кезде құрылыстың көлемділігіне ерекше назар аударып, сәулетшілік үлгіні үнемі жетілдіріп отырды.

Готикалық стиль XIV ғасырда Англияда кең қанат жайды. Бұл кезең — көкке өрлете салған, үйлесімділігімен көз тартатын сәндік готиканың гүлденген уақыты мен «перпендикулярлық стильге» көшуге бет алған сәт болды. Өнердің дамуындағы готикалық кезеңде алып ғимараттар құрылысымен кәсіптік артельдерге біріккен қолөнершілер шұғылданды. Олар құрылыс жұмысстарының сұраныстарына қарай қай жерде құрылыс жүріп жатса, сол жерден табылатын. Бұл жағдай готикалық сәулет өнерінің Еуропаның барлық жерлеріне кеңінен тарауына зор ықпал етті. Неміс елінің топырағында пайда болған, ал одан кейін Франция мен Англияға тарай бастаған мұндай артельдердің мүшелері сәулет өнерінің небір құпияларын жетік меңгерді және оның сырын басқаға ашпады. Тіпті артель мүшелері өзара символикалық тілмен сөйлесіп, өз ұйымдарында қалыптасқан тәртіпті қатаң ұстаған. Демек, орта ғасыр тас қалаушылары өздерінің бұл өмірлік кәсібіне соншалықты мән берген, өнерлерін бағалай білген.

Орта ғасырлар дәуірінде готикалық стильде салынған ашық галереялы қалалық салтанатты ратушалар, Руандағы атақты сот Сарайы, азаматтық құрылыстар, сөн-салтанаты көз тартар жеке үйлер, сөулет өнерінің құрамдас бөлігіне айналған небір ғажайып тас мүсіндер — өнер адамдарының ұшқыр ойын, болашаққа деген жарқын көзқарасын ізгілік пен адамгершілікке ширыққан қайтпас жігерін айқындап көрсететін баға жетпес мәдени ескерткіштер болып табылады.


Готикалық өнер өкілдері адамзат баласының арман-мұңын шындық шеңберінде бейнелеу үшін өздері жасаған кейіпкерлерді аса өсерлі етіп көрсетуге барынша күш салды. Өмірге келген өрбір образда адамның нақты бейнесін жасауға тырысушылық байқалды. Олай болса, романдық және готикалық өнер даналықтарының үздік туындылары көркем өнердің ғасырлар бойы өшпейтін асыл қазынасы, мөңгілік туындылары болып қала береді. Өзінің рухани байлығы, шабытты күші жағынан готикалық өнер тек қана дүние жүзілік көркем өнер саласында ғана емес, сонымен қатар дүние жүзілік мәдениеттің даму барысындағы қанатын қияға сермеғен зор жаңалық болды.

Алайда, XIII ғасырда гүлденудің шарықтау шегіне жеткен готикалық өнер біртіндеп өзінің айқындығы мен жеткен жетістіктерінен айырыла бастады. Орта ғасырлар заманының соңғы кезеңде готикалық өнер тоқырауға ұшырады да, дін үстемдік еткен осы бір тарихи кезеңнің дәстүрлерінде тәрбиеленген дарынды шеберлердің ең соңғы дүниелері қоштасу белгісіндей болып қала берді. Мұндай эволюциялық құбылыс, готикалық өнердің отаны болған Францияда ғана емес, бүкіл Еуропалық өнерге тән заңды құбылыс болды. Қорыта келгенде айтарымыз, орта ғасырлық мәдениет — халықтық сипатта болды, халықтың ой-арманын нақты бейнелеуге тырысты. Мәдениет дамуының шарықтау шегіне жетіп отырған бүгінгі заманымызда өнерді бағалаушылардың бір кезде ұмыт қалған ортағасырлық мәдениетті жан-жақты әсемдік қалпында түсінуге ұмтылуы, өткен замандардағы өнер ұлылығын қастерлеп, табынумен қатар оған ерекше мән-мағына беруі — дәуір тынысынан туған замана талабы.[3]

Пайдаланған әдебиет

1.     Любимов Л. Батыс Еуропа өнері. — Алматы, 1982. 23 б.

2.     Любимов Л. Батыс Еуропа өнері. — Алматы, 1982. — 62 б.

3.     Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілері»
Сабақтың типі: Қайталау-қорытындылау,  жүйелеу  сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жоба қорғау, ізденіс, салыстыру, ақпараттық технология, шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың технологиясы: жобалау, проблемалық оқыту,.
Сабақтың көрнекілігі: кітапша, суретті альбом, слайдтар, «Эрмитаж» «Третьяков галереясы» бейнефильмі, «Демонстрационные материалы»
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері

Мақсаты:

1.     Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілерінің өмірбаяндарымен, шығармаларымен таныстыру.  Туындыларының сюжеттік-композициялық, тақырыптық-идеялық және көркемдік ерекшелігін саралау. Ғылыми зерттеулер бойынша мәліметтер беру.

2.     Оқушыларды ғылыми зерттеуге, шығармашылыққа баулу. Олардың дарын-қабілеттерін, ақпараттық білімдерін ұштай отырып, субъект ретінде  дамуына, құзыреттіліктерінің қалыптасуына  ықпал ету.

3.     Осы суретшілердің өмірбаяндары және туындыларының идеялық мазмұнын талдау арқылы отанға деген сүйіспеншілік, ержүректілік, шыдамдылық, қайсарлық,  достық, анаға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Болжам: Оқушылар туындылардың мазмұндық-композициялық, идеялық-көркемдік ерекшелігіне және тарихи негізіне ғылыми талдау жасауға талпынады. Өздері меңгерген білімді шығармашылықпен ұштастырып, дарын-қабілеттерінің дами түсуіне жағдай жасалады.

Мұғалім: «Қайта өрлеу дәуірі»  немесе «Ренессанс» деген термин Италияда 15 ғасырда пайда болды. 3 ғасырдан астам уақыт ішінде Италияда, басқа да Батыс Европа елдерінде көркемөнердің барлық саласында бұрын-соңды болып көрмеген гүлдену басталды. Әсіресе, сурет және мүсін өнерінде әрбір дәулетті  адам өз үйлерінің қабырғаларын белгілі суретшілерге тапсырыстар беріп, әсемдеуді сәнге айналдырды. Осы дәуірде «Жақсы картина 1000 сөзден бағалы» деген сөз шыққан

Осындай қажеттілік өз  кезегінде өнердің дамуына ықпал етті. Энгельстің сөзімен айтқанда «Қайта өрлеу дәуірі»  туғызған алып тұлғалар: Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти, Микеланджело Буонародти болды.

Сіздерге осы суретшілер туралы әртүрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, іздену, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дайындалып келу  тапсырылған.

Осы  бойынша дайын болсаңыздар, сөз сіздерге беріледі.

Жетекші: Біздің топқа  Леонардо да Винчидің өмірбаяны мен алғашқы еңбектері туралы дайындалу тапсырылған. Мына суреттегі кім? Біз ол туралы не білеміз?

1.     Бұл суретте ұлы кескіндемеші Леонардо да Винчидің автопортреті. Ол  1452 жылы Флоренция маңындағы Винчи калашыгында дүниеге келеді. Әкесі заң қызметкері, анасы шаруа әйел.

-  Болашақ ұлы суретшінің дарыны өте ерте көрінді. Бірде әкесі бір танысының қалқанын бейнелеп, әшекейлеп беруді өтінді. Леонардо қалқанды әуелі мұқият түзейді. Онан кейін шегірткелер мен кесірткелердің алуан түрін, жыландарды, көбелектерді, ірі теңіз шаяндарын,  жарғанаттар мен басқа да жәндіктерді әкеліп толтырады. Осы мақұлықтарға қарап отырып шабыттанған ол әрқайсысының бейнесін фантастикалық үйлесімде пайдаланады. Сөйтіп, қалқанды әшекейлеу үшін құз жартастардың арасынан өрмелеп шығып келе жатқан әлдебір мақұлықтардың аузынан у төгілтіп, көзінен от ұшқындатып, танауынан түтін будақтатады. Қалқанды әшекейлеудің Леонардоны баурап алғаны сонша, өліп қалған әлгі құрт-құмырсқа, бақа-шаяндардың сұмдық жаман иісін де байқатпаған. Ал әкесі осы қалқанды көрген кезде көз алдында бар болғаны шебер суретшінің туындысы екеніне сенбей, қорыққанынан шегіншектей берген.

Леонардо қандай адам болған?

1.     Замандастарының айтуынша Леонардо дене бітімі келісті, сымбатты, қараған жанды өзіне тартып тұратын жылы жүзді адам болған. Сәнді киіне білген, ол кезде жұрт ұзын киім киетін болса, Леонардо үстіне қысқа қызыл плащ киіп жүрген. Әрдайым жақсы таралған сақалы кеудесіне түсіп тұрады екен.    Өз заманында ол араласпаған, ол із қалдырмаған өнердің  бірде-бір саласы жоқ. Механик,  математик, анатом,  инженер, философ, физик, мүсінші, сәулетші, тіпті әнші де – нағыз 8 қырлы, 1 сырлы қайраткер.

Леонардо да Винчидің көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп емес. Оның жан-жақты ғылымдармен айналысуы өнерде жемісті жұмыс жасауына кедергі келтірді. Ол сәулетшілік сызбалар сызды. Пизаны Флоренциямен қосатын канал жобасын, су диірменін, шұға басатын машина, парашюттің, тікұшақтың, көпірдің  сызбасын т.б. сызды Оның 7 мың беттей қолтаңбасы зерттеушілердің қолына жеткен. Бірақ, оны түсіну өте қиын болған.

1.     Енді Леонардо да Винчидің өнердегі еңбектеріне келетін болсақ, оның ең бірінші сомдаған мүсіні   —  1482 жылы Милан қаласының әкімі Людовико Мороның тапсырысы бойынша әкесі герцог Франческо Сфорцтың ат үстіндегі мүсіні. Биіктігі  6 м. Ол статуя  француздықтардың шабуылы кезінде қиратылады.

Содан кейін ол өзінің әлемге әйгілі мадонналарын жазуды бастады. Эрмитажға бара қалсаңыз  (1057 зал бар)  214 залына  кіре шығуды ұмытпаңыз. Онда cіздің алдыңыздан «Мадонна Литта» мен «Мадонна Бенуаның »  картиналары шығады. Бұл суретке қарай қалғанда  нені көреміз?

1.      «Мадонна Литта». Құрылымында екі ғана кейіпкер –ана мен бала! Тұла бойы тұңғышын кеудесіне қыса ұстаған ананың бар ықыласы мен мейірі тойған қозыдай томпиған сәбиіне ауған. Артқы планда күн сәулесі мол түскен қос  терезеден алыстағы тау жоталары мен аспан әлемін торлаған шарбы бұлттар көрінеді. Бірақ, даладағы тіршілік те, табиғаттың әсем көріністері де ана назарын аудармайтын сияқты. Сол көріністер ойымды бөлмесін дегендей, жас әйел терезеге желкесін бере отыр. Оның албырт жүзі сабырлы, екі көзін балбыраған баладан аудармай, әлдеқандай ойға шомғандай. Оймақ ауыз, қыр мұрынды әйел жүзінде сәл ғана күлкі ізі бар.

«Мадонна Бенуа» картинасы кейде «Гүл ұстаған мадонна» деп те аталады. Мұнда да ана мен бала. Шынысы жарқыраған терезе алдында сүйікті перзентін ойнатып, уыздай жас ана отыр. Көрініс өте қарапайым, айқын және шебер суреттелген. Леонардо  бұл шығармада жарық пен көлеңке құбылыстарын еркін пайдаланған.  Суретші жаңа заман -  қайта өрлеу дәуірі туғызған адамдардың ішкі жан дүниесін терең ашып көрсетуді өзіне басты мақсат етіп алған.

«Ақ  тиін ұстаған әйел» атты танғажайып әсем картинасына суретші төрт жылын сарп eттi. Қазір Краков ұлттық мұражайында сақтаулы.

1.     Енді мен сіздерді Леонардо да Винчидің  5 ғасыр бойы өз көрерменін тамсандырып, толғандырып келе жатқан «Джоконда» немесе  «Мона Лиза»  атты туындысымен таныстыра кетейін.

Картинаның жазылу тарихы …Леонардо да Винчи 1503 Флоренция қаласында тұратын Франческо дель Джоконданың тапсырысы бойынша оның жұбайы Мона Лизаның портретін салуды бастайды. Оқ пен оттың ортасында жүріп, картинаны 4 жыл бойы салып, аяқтамай қалады. Одан кейін аяқталған бұл картинаны Леонардо Италияның белгілі қалаларына шеккен сапарларында өзімен бірге алып жүреді. Сондай бір сапары кезінде Леонардо бұл суретін Париж қаласындағы Лувр музейіне қояды.

Көрген жанды сүйсіндіріп, ынтықтырып  келе жатқан, сәл ғана езу тартып, ұяң  жымиып тұрған нәзік те сұлу жас әйелдің ішкі жан дүниесінде бір  жасырын сыр бар. Леонардо да Винчидің бұл ғажап та керемет туындысы өзінің көрерменіне терең ой тастайтын сурет болып табылады. Өнер құдыреті жарқ етіп көрінуімен шектелмей, оқушысын ойландыра, толғандыра білуінде десек, Леонардоның бұл туындысына тең келер картина жоқ деуге болады. (Біртума)

1.     «Мона Лиза» не туралы ойлап отыр? Картинаға ұзағырақ қараған адам не ойласа, ол да соны ойлайтын сияқты көрінеді.

Леонардо  өзінің де ішінде не бар екенін бет әлпетінен еш уақытта білдірмеген. «Мона Лиза» суретіндегі жас келіншектің бет әлпеті қайталанбас шеберлікпен салынған. Оның тұңғиық, ойлы, сабырлы көздері мен мұрны және оның аузы жалпы айтқанда оның бет-әлпетіндегі әрбір деталь бір шынайылықты білдіреді.

Ғасырлар бойы ғалымдардың шешілмейтін түйініне айналған ­­«Мона Лизаның»  «құпия жымиысы». Суретші бұл жымиюды салуда, өзінің  сфулато әдісін ойлап тапқан. Бұл әдіс бойынша да Винчи ерін мен бет терісі арасындағы шекараны білдіртпей лактың жұқа қабатымен бояған.

Енді оның мойынына назар аударып, мұқият көз салған адам, тамыр соққыларын көріп тұрғандай әсер алады.

Жетекші: Біздің топ осы сабаққа дайындалу барысында «Мона Лиза»  туралы ғалымдардың зерттеулерімен де танысып шықтық, Енді осы картина төңірегінде ғалымдардың зерттеулеріне қысқаша тоқтала кетейік

1.     7.                  Бұл картина жөнінде пікір, таластар әлі күнге толастар емес. Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарындағы жарияланған деректер бойынша картинаның артқы планындағы, горизонталь жазықтықта салынған пейзаж абстрактілі емес, Италия қаласының солтүстігінде орналасқан Боббио қалашығының маңындағы нақты жер бедері екенін ғалымдар дәлелдеп берген екен. Зерттеуші Карла Глори суреттегі Джоконданың әйелі емес, Сфорцтың қызы дегенді де болжады. Бірақ, ол пікірді  басқа зерттеушілер қостаған жоқ.

2.     Мұражайлардағы картиналардың ұрлануы туралы мәліметтерден, «Мона Лизаның»  1911 жылы 21 тамызда Луврден  ұрланғанын оқыдым. Тіпті оны ұрлаған суретші Пабло Пикассо деген де жорамалдар жасалады. Бірақ, суретшінің оған қатысы болмай шығады. Сурет 2 жылдан кейін Италиядан табылады. Лувр қызметкері Винченцо Перуджа ол картинаны Напалеон 1 кезінде француздар ұрлап алды деп ойлап, еліне қайтармақшы болған. Леонардоның Луврға өзі тапсырғанын білмейді екен. Журналистер бұл қылмысты «ғасыр қылмысы» деп атаған.

9. Мен де бұрын өзім білмеген мәліметке кездестім. Мен бұрын бұл картина кенепке жазылған деп ойлайтынмын. Шындығында  картина ағашқа жазылған екен. Оның бояулары сапалы, ағашқа жақсы сіңгендіктен, әлі де ғасырлар бойы өз қалпын бұзылмай сақтайды деген болжам бар. «Мона Лиза»  картинасының астында тағы да 3 қабат сурет бар екені дәлелденіпті. Ең таңқаларлығы  «Мона Лизаның»  бетінде жай көзге көрінбейтін жұқа ғана шілтер бар екені анықталған. Содан кейін мына сызықты шілтердің шеті ме деп ойладым.

9.Тіпті ұлы суретшінің өзінің шыққан тегі туралы да зерттеулер толастар емес. Ғалымдар Леонардоның 200 ден аса саусақ таңбаларын тауып, зерттегенде оның шешесінің тегі славян тектес деп тапқан. Тіпті шешесінің Константинополь Стамбул қаласынан апарылғанын растайтын құжаттар да табылған, аты Катерина екен. Леонардоның саусақ және сілекей таңбаларынан  көбінде балық өнімдерін жегенін білдік. Яғни біз осы сабаққа дайындалу барысында көптеген жаңа мәліметтер алдық.

Мұғалім: Иә,  сіздер шындығында да бұрын айтылмаған мәліметтер жинақтаған екенсіздер Енді осы картина қандай елдерде көрмеге қойылған? Біздің елде болды ма?

«Мона Лиза» картинасы 1963 ж Америка құрама штаттарында болып, 1974 ж Жапонияда болады. Қайтар жолында Москвадағы А.С.Пушкин атындағы мұражайға қойылады. Бұл сапарлар картинаның даңқын арттыра түседі.

2.топ  Жетекші:  Біздің топ Леонардоның керемет туындысы және барлық замандардағы кескіндеме өнерінің ең ғаламаттарының бірі болып табылатын  «Құпия жиын» композициясы туралы дайындалып келді… Бұл  композиция да жаңа 1-топтың балалары айтып кеткен, Милан билеушісі герцог Людовико Мороның тапсырысымен 1495 ж Санта Мария делла Грацие шіркеуінде жазылған. Картинаға түсініктеме бере кетсек, суретші бұл картинада Христостың «Мен сіздерге шындықты айтамын – сіздердің араларыңызда мені сатып кететін біреу бар» деген сөзін айтқан сәтін бейнелеген. Осы сөздерден кейін 12 апостолдың әрқайсысының жүзінде неше түрлі құбылыстар пайда болды. Кейбіреуі таң қалса, кейбірі күйініп, кейбірі қайғы үстінде. Өзін құрбандыққа шалуға дайын жас Филипп Христостың үстіне еңкейіп жатыр. Иаков болса, түк түсінбей екі қолын жайып тұр. Пышағына ұмтылған Петр сатқынды қазір кесіп тастауға дайын. Иуданың оң қолы күміс толтырылған әмиянді қыса ұстап отыр. …

Осылайша ең алғаш адамның көңіл күйін бейнелеу терең де нәзік бейнеленді. Бұл фрескада барлығы соншалық шынайы бейнеленгені сондай, үстелді жауып тұрған жапқыштың бүктеуін де шын өмірде көріп тұрғандайсың.

1497 жылы композиция жазылып біте салысымен герцог және оның нөкерлері тамақтану бөлмесіне кіргенде композицияны көріп, оның бұрынғы композицияларға еш ұқсамайтынын байқады.  Тамақтану бөлмесінде тұрған құмыра, дәл сондай үстел, өздері сияқты монахтар композициядағы үстел басында тірі адамдардай бейнеленіп тұрды.

Ортадағы Ииусус Христостың басына  тамақтану бөлмесінің жарығы түсіп тұрғандай. Ал, оның бет-бейнесі аяқталмаған күйі қалды.

Жетекші: Енді Шыңғыс осы  картинаның қалай салынғаны туралы айтып береді.

11. Леонардо да Винчи алдымен аңызды мұқият талдап шықты. Суреттен байқағандарыңыздай оларды 3-3тен бөліп отырғызды. Ал, басқа суретшілер Иуданы жеке отырғызған болатын.  Композицияны  салғанда шыжыған ыстық күнге де қарамай, барлық жұмысын тастай сала шіркеуге қарай жүгірген күндері болған дейді. Ал, кейде бірнеше күн бойы қолына бояуын ұстамай, салған кескіндеріне қарап тапжылмай ойланып отыра береді екен.

Ол сол кездегі ең жексұрын адам саналатын Иуданың бет-әлпетін салу үшін қаланың қылмыскерлер тұратын аудандарына жиі баратын. Адамдардың бет-әлпетіндегі құбылыстарды жіті байқау үшін ол трактирлерге барып кейде күлкілі, кейде мұңды әңгімелер айтып, байқағанын бірден қағазға түсіріп алып отырған.

Жетекші: Леонардо да Винчидің соншама еңбектеніп салған картинасының кейінгі тағдыры өте аянышты болды.

12. Композиция бізге жартылай бүлінген күйінде жетті. Оған бір жағынан бояулардың сәтсіз алынғаны себеп болса, екінші жағынан, адамдардың аюандық әрекеттері себеп болды.

Фресканы салғаннан кейін 3 жылдан кейін тамақтану бөлмесіне су кіріп, ылғалдың әсерінен картинаның кей жерлері түсіп қалды. Ал, 1566 жылы кейіпкерлерді тану мүмкін болмады. Монахтар картинаның ортасынан асханамен жалғастыратын есік ойып орнатты. Бұл есік Христостың аяғын жоқ қылды. Кейіннен Христостың дәл басына үлкен мемлекеттік герб орнатты. 1726 жылы отандастары есікті кірпіштермен бітеп,  Христостың аяғын қайта салды. 1770 жылы фресканың бетін лакпен жапты.

Алайда, 1796 жылы  Австриялық және француздық солдаттар осы құндылықты жоюға бәсекелесіп кіріскендей болды. Тамақтану бөлмесі ат қораға айналды. Фресканың беті көгеріп, ал оған кірген солдаттар еріккендерінен апостолдардың бастарына  кірпіштер дәлдеп ойнады, басқышқа шығып, апостолдардың көздерін шұқыды.  Ал, Леонардо да Винчи осы ғажайып туындысын жасауға  көптеген уақытын, шабытты өнері мен жалынды сүйіспеншілігін арнаған болатын.

13.Мен «Құпия жиын» картинасы туралы  ғаламтор арқылы табылған  мәліметтермен толықтыра кетейін… 1821 картинаны басқа орынға көшірмекші болды. Сол кезде ғана оның жаңа тәсілмен жазылғанын білді.  Бұрынғы суретшілер дымқыл қабырғаға суреттерін салса, Леонардо құрғақ қабырғаға салыпты. Оны  ғалымдар біліп болғанша, картинаның біраз жерін бүлдіріп алады. 1901, 1924  жылдары фреска тағы да өңдеуден өтті. Бірақ, тағы да бұл картина  2-ші дүниежүзілік соғыс кезінде,  15 август 1943  ж бомбалауға ұшырады. Ұлы туынды 1951 жылы келесі өңдеуден өтті. Бірақ, адамдардың беті қатты өзгеріске ұшырағандықтан, 1971 жылдан бастап, ғылымның соңғы жетістіктерін қолдана отырып, 21 жыл бойы картина қайта өңделді. 1999 жылдан көрермендеріне қайта ашылды. Бұл бөлмеге кірген адам 15 мин қана картинаны тамашалай алады.

Мұғалім: Суретші Леонардо да Винчидің бұл картинасын отандастары  5 ғасыр бойы   сақтап, әлі күнге дейін құрметпен қарайтынын білдік. Не себепті бұл композиция  осынша құрмет пен сүйіспеншілікке ие болды екен?  Идеясы неде деп ойлайсыздар? Осы картина арқылы суретші халыққа  нені жеткізбекші болған?

13.Туған елі Италияны жау шауып, халқы қиын-қыстау күндерді басынан кешіріп жатқанда жарық көрген «Құпия жиын» замана талабынан туған, айрықша маңызы бар патриоттық шығарма. Елді қорғау үшін бірлік пен ерлік керек. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Алауыздық болмасын, опасыздыққа жол берілмесін! Иуда сияқты опасыздарға орын жоқ. Міне, Леонардо туындысының асқақ  идеясы осындай

 3топ.  Жетекші: Біздің топқа Микеланджело Буонародти туралы дайындалып келу тапсырылған

1. Микеланджело Буонародти (1475 —1564). Ол Флоренцияда туғанымен, өмірінің көп жылдарын Римде өткізген. Ол талантты мусінші, шебер суретші, журегімен жыр толгаган акын еді.Ол өзі сомдаған мусіндеріне арнап өлеңдер жазды.  Микеланджелоның ақындық таланты өмірінің соңына қарай толық ашылды. Талантты шебердің кейбір өлеңдеріне музыка жазылды. 1623 ж оның сонаталары жарияланды. Осы күнге дейін оның 300дей өлеңі жеткен. Онын әp6ip жумысын алып карасак, ен алдымен, адамды, онын акыл-парасатын, ерлігін паш етеді.

Римдегі Әулие Петр соборындагы белгілі  мусіні  — «Жоқтау», немесе «Пиета». Шығарма құрылымы әдеттегідей екі  кейіпкерден кұрылған: ана мен бала. Мерт болған жалгыз ұлының суыған денесін тізесіне қойып, егіліп отырған ана бейнесі көрсетілген.

Микеланджелоның  бұдан баска да бірнеше белгілі жумыстары бар:  олар: «Бұғаудағы құл», «Күн», «Түн», «Моисей» мусіндері. Бұл мүсін папа Юлий 2-нің табытханасында тұр. Ал, мына мүсіндерін Медичи әулетінің табытханасына сомдаған. Оның жеңілген, өліп бара жатқан адамдарының өзінде де бір ерекше сұлулық пен жігер бар. Мүсіншінің алдына қойған мақсаты: өскен жерінің, ондағы халықтың өз тәуелсіздігінен айрылған қайғылы сәттерін суреттеу болды.

14.  Леонардо да Винчи мен Микеланджело Буонародти1501-1506  жылдары  Флоренцияда болады. Леонардоға  «Давид» мүсінін жасауды ұсынды. Бірақ, ол әдеттегі баяулығымен барлығын өлшеп, ойланып, толғанып жүргенде одан 23 жас кіші Микеланджело тапсырысты өзіне аударып алады. Ол күндіз-түні өте шапшаңдықпен жұмыс істеп, 25 айда мүсінді аяқтады. Мұны көрген Леонардо балшықтан құйылған Сфорц мүсінін 16 жыл салғанда «Давид» сияқты мрамордан салынған өте үлкен мүсінді қанша уақытта салып бітіретінін ойлаудан қорықты.

Сол жылдары Флоренциялықтар Леонардо мен Микеланджелоны өнердегі бақталастар деп жариялады. Оны Микеланджело бірден қабыл алды. Жауап ретінде мүсін өнерінде ғана емес кескіндеме өнеріне де барын салды. Леонардоның байсалдылығы оны үнемі ызаландыратын. «Давид» мүсінін орналастыратын жер үшін де екеуі келісе алмады. Леонардо күн көзі түспейтін қалтарысқа қоюды ұсынды. Ол шын жүрегімен мүсіннің бұзылмауын қалады. Себебі тас жарылып кетуі  мүмкін еді. Ал, Микеланджело оны дұрыс түсінбеді.

15.Кейіннен Леонардо «Давид» мүсінінің алдында жас жігіттің сымбатты денесіне қызыға қарап тұрып,   аңызды еске түсірді:  Қарапайым бақташы бала «Давид»  халқына зорлық-зомбылық көрсеткен Голиаф деген дәумен жекпе-жекке түсіп, жеңіп шығады. Мүсінші өз қаhарманының шайқасқа шығар сәтін бейнелейді. Жас жігіттің оң қолында қыса ұстаған шоқпар, өн бойы жігерге толы, жүзі айбынды, әрі байсалды, қарсыласын көзбен ата қарап тұр. Басқа мүсіншілер Давидті жас бала ретінде ғана көрсеткен.

Ұлы адам мүсін өнерінде  Микеланджелоның артықшылығын мойындады.

2.Кескіндеме өнерінде Микеланджелоның дүниені дүр сілкіндірген ұлы туындысы Сикстин капелласының күмбезін әсемдеу үшін салған фрескалары болды. Сикстин капелласы 1473-1481 жылдары Рим папасы Сикст IY  тапсырысы бойынша салынған. Құрылыс біте сала папа оның қабырғаларына Сандро Боттичелли, Микеланджело Буонародти сияқты атақты суретшілерге тапсырыс беріп  фрескалар салдырған екен.

Ол кезде ұлы суретші  – Микеланджело Әулие Петр соборына мүсін салумен айналысып жүрген. Микеланджелоге бұл жұмысты тапсырғанда ол оны Рафаэльге беруін сұрайды. Алайда папа келіспеді. Бастабында ол бұл жұмысқа құлықсыз кірісті.

Микеланджело күмбезіне фрескалар салған капелланың төбесінің ұзындығы 41м, ені 13,4 м.

Шыдамсызданып қайта-қайта келе берген папаға Микеланджело тақтайлар лақтырып қууға мәжбүр болды. Папаның бұл суретті көрсетіп, ел алдында мақтанғысы келгені соншалық, құрылысты бұзған шаң басылмай жатып-ақ, 1509 жылы 1-ноябрьде капелланы ашқызды. Рим түгелдей, оның ішінде Микеланджелоны көре алмаушылар да ұлы таланттың алдында бас иді. Папа салтанатты түрде Сикстин капелласында рәсім өткізді.

Жиналғандардың төбесінен библия пайғамбарлары, жаратушы иеміз, Ной, патриархтар қарап тұрды.

3.Енді осы капелланың күмбезіне салынған композицияларға тоқтала  кетсек.

Төбеде 9 үлкен композиция бар Оның барлығы библиядан алынған аңыздар бойынша салынған. Бүйір жағында 12 пайғамбар салынған. Әрбір композиция бір-бірінен бөлінген. Әрбірінің 4 бұрышында атлеттердің фигуралары салынған. Онда барлығы 343 фигура салыныпты.

Ең 1-ші салған композициясы «Всемирный потоп», яғни, «Әлемдік тасқын су басу» композициясы    Суретшінің  басты идеясы бүкіләлемдік катастрофа емес, адамның күшті және әлсіз жақтарын бейнелеу болатын.

Ол жер дүниені су басып жатқанда  адамның ажалмен бетпе-бет келген сәтін бейнелейді. Мұхиттың ортасында алақандай аралдар ғана көрінеді. Қалжыраған, әлсіреген адамдар осындай бір аралшыққа көтеріліп барады. Араларында әйелдер мен балалар да бар. Міне, ер адам әйелін арқасына  көтеріп алған. Ана баласын қолына көтеріп алып, жанталаса қорғанбақшы. Қатарында қорыққаннан есі кеткен жас бала желмен тербелген ағашқа өрмелеп барады. Шексіз судың ішінде адамдар онсыз да толы қайыққа жармасуда.

Оң жақ жартаста бір топ адам селдеткен жауыннан үлкен матаны жамылып қорғанбақшы. Бұл жерде де адамдар болып жатқан құбылысты әртүрлі қабылдауда. Міне, әйелі мен күйеуі аяқтарының астына келген суға тағдырына мойынсұна қарап тұр. Қарт пен әйел қолына өлген баласын ұстаған еркекке қолдарын созып, көмектесу үстінде.

Алыста Нойдың кемесі көрінеді. Адамдар одан көмек сұрап жалбарынуда. Сюжеттің қайғылы болуына қарамастан, фрескадан адамдардың үмітінің сөнбегенін көруге болады. Мұғалім: Бұл суретті салғанда автор адамдарға қандай ойды жеткізгісі келген деп ойлайсың?

Адамдар қандай жағдайда да біріне-бірі қамқор, қайырымды, қиындықта  қолұшын беруге дайын болуы керек дегенді білдіреді.

4.Бұдан ары «Адамды жарату» (Сотворение Адама) фрескасы көрінеді. Аспанда періштелердің ортасында құдай-әке ұшып барады. Оның оң қолы жерде жатқан адамға жан береді. Адам жердің ең шетінде жатқан сияқты. Осы арқылы суретші бұл дүние мен о дүниенің шекарасын көрсеткісі келгендей. Адам бейнесінде суретші ер адамның күшті де, жақсы жетілген денесін бейнелеген.

Бұдан басқа «Жарықтың қараңғылықтан бөлінуі», «Пророк Исайя», «Пророк Захария», «Пророк Нона», «Дельфийская сивилла», «Эритерийская сивилла», «Кумская сивилла», «Нойдың мас болуы»  атты фрескалар салынған.   Осы композицияны салып біткенде Микеланджело Буонародти денсаулығынан айрылып, тіпті  көзі көрмей қала жаздайды.

5.Микеланджело 1534 жылы Сикстин капелласының күмбезін әсемдегеннен кейін  25 жыл өткен соң әлемдегі ең үлкен фреска «Аяусыз жаза» сценасын осы Сикстин капелласының қабырғасына салуға кірісті. Өлшемдері: 17х 13,5м Бұл кезде ол 60 тағы қартайған шал болатын. Бұл ұлы туындыны салуға 6 жыл қажет болды. Рим папасын бұрынғыдай шыдамсыздық билеп, Бьяджо да Чезенамен бірге Сикстин капелласына кірді. Чезенаға картина мүлде ұнамай папаға жамандауға кірісті. Сол сәтте-ақ, Микеланджело Минос судьясын Чезена образында есек құлақты етіп сала қойды. Сол беті Чезена тозақта қалды.

6.«Аяусыз жаза» деп аталатын бірнеше сурет бар. Басқа суретшілер құдай алдына барған адамдардың жұмақ пен тозаққа бөлінгеннен кейінгі суреттерін салса, Микеланджело аңыздың бастапқы жағын, яғни, Христостың адамдарды 2 жаққа бөліп жіберіп отырғанын салған екен. Міне, осы өмірде күнәлі болғандарды тозаққа сүйреп барады.  Ал, дева Мария адамдарды тозақтан құтқара алмаған күйіне шарасыздықтан, теріс қарап кеткен. Христостың аяғының астына апостолдар жиналып, қаруларын сайлап, күнәлілерді жазалауды талап етуде. Неге екені белгісіз Микеланджело апостолдардың бірі ұстап отырған сыпырылған теріге өз портретін салған екен.  Бұрынғы суреттеріндегідей адамдар кең иықты, қажырлы, бұлшық етті. Алайда олардың жүздерінде шарасыздық білінеді.

1541 жылы октябрьде капелланы ашқан кезде көрушілердің оны  жанды заттай қабылдағаны соншалық, папа (Павел III Фарнезе) фресканың алдына тізерлеп отыра кетіп, «Аяусыз жаза» күнінде өз күнәларын кешіруді өтініп жалбарына бастады.

Енді осы картинаның идеясын бір ауыз сөзбен айта кетсек, …Адамдар бұл өмірде бір-біріне жамандық жасамай, тек қана жақсылық жасауға ұмтылуы керек деп ұғамыз.

Мұғалім: Сіздер Микеланджело Буонародти туралы дайындалып, осы мәліметтермен танысқан кезде таң қалған, сүйсінген жерлеріңіз болды ма?

Жетекші: Біз Микеланджело Буонародтидің шығармаларын талдағанда оның шыдамдылығына, төзімділігіне таң қалдық. 600 шаршы метрлік  күмбезді 4 жыл бойы шалқалап жатып жазып шығу үшін қаншама күш-жігер қажет десеңізші. Еңбектері аңыз мазмұны бойынша орындалғанымен, тәрбиелік мәні өте зор. Сұрақтарыңыз болса,

Оқушы сұрағы: Сикстин капелласының күмбезін әсемдегенде «Тасқын су басу» композициясында адамдардың жүзінен үміт оты сөнбегенін көруге болады деген едіңіздер. Енді «Аяусыз жаза» фрескасында жүздерінен шарасыздық білінеді дедіңіздер. Неге ондай айырмашылық болды екен деп ойлайсыздар?

Себебі: Сикстин капелласының күмбезін әсемдегенде ол жас, келешегінен үміті зор болатын,  ал «Аяусыз жаза» фрескасын салғанда денсаулығынан айрылған, қартайған шал болған. Суретшінің өзінің көңіл күйі суретке берілген.

 Топ.   Жетекші: Біз өз жұмысымызды көрініспен бастайық дедік

Бірде Леонардо  өзі оқыған Мазаччо мектебінде  бояу-бояу болып, ескі қара камзол, ішінен таза ақ көйлек киген, картиналарды көшіріп салып жүрген жас жігітті кездестіреді. Ол нәзік денелі, жіңішке мойынды, арықша келген, сопақша ақсұр бетті, үлкен қара көзді жігіт еді. Оны байқаған Леонардо оған өзі жақындады.

-                     Сен қайдансың, ұлым менің! Әкеңнің аты және өз атың кім?

-                     Мен Урбиноданмын. Менің әкем кескіндемеші Джованни Санти. Бірақ ол менің кішкентай күнімде қайтыс болған. Өз атым – Рафаэль. Мен сізді өз ұстазым және Итальяның ұлы шебері деп санаймын. Ал, Микеланджело мүсін өнерінің шебері болса да «Құпия жиынның» авторымен бәсекеге түсе алмайды.

-                     Ол пікіріңе ризамын. Тым жас екенсің. Ұстазың кім?

-                     Ұстазым белгілі суретші Перуджино Мен сізден адам денесінің құрылысы жөнінде үйренсем деймін.

-                     Жарайды, мен әрқашан да өз білгенімді үйретуге дайынмын. Жазған өз еңбектерің бар ма?

-                     Иә, Әзірше «Мадонна Конестабелле», «Рыцарьдің түсі» картиналарым бар.

-                     Иә, Иә көргенмін. Құдай ана бейнесіндегі  әлдебір ішкі ұстамдылықты,  жан дүниесінің сабырлылығын жақсы көрсете алғансың. Композициясы, бояулары керемет әсерлі. Құдай ананың қолында апельсин бар екен. Апельсинді жақсы көресің-ау деймін. Саған сәттілік тілеймін, ұлым менің. Әзірше сау бол.

-                     Сау болыңыз.

1.      Бұл кездесу 1504 жылы болған  еді. Олар кейіннен де бірнеше рет кездеседі. Рафаэль Санти Леонардодан адам денесінің құрылысын үйренеді. Бірақ, Рафаэль Сантидің бір айырмашылығы қандай қиындықты болса да оп-оңай жеңетін. Ол Леонардо сияқты көп ойланып жатпай, тез бір шешімге келетін. Рафаэль Санти мейлінше қайырымды, мейірімді, керемет талантты адам болған. 1506 ж жазған «Автопортретінде»  ойға шомған Рафаэль  алыстағы әлемге көз тігіп отырғандай.

  Мына картиналардан кімді көреміз?

2) 1506-1507 жылдары «Гүл ұстаған Құдай ана», «Әулие Катерина» картиналарын жазды. Оның мадонналары — әулиелер емес, мейірімді әйелдер, бөбектерін өбектеген жас аналар. Оған дейін мадонналарды бұндай кейіпте ешкім бейнелеп көрген емес. Рафаэльдің мұндай жаңалығы мен батылдығына замандастары қатты таңғалды. Бұл тамаша туындылар қазір Эрмитажда сақтаулы.

3.Ал,  1516 ж  жазған „Сикстинская мадонна» картинасынан адамзат мәңгіге айрылып қала жаздады. 1945 ж 2-ші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған немістер Дрезден галереясынан атақты картиналарды дымқыл шахталарға тығып, кеңес әскерлерінің қолына түсірмеуге әрекет жасады. Бірақ, 1-ші Украин солдаттары 2 ай бойы осы шедеврлерді іздеді. Жәшікті ашқанда қолына сәбиін қыса ұстаған, теңдесі жоқ сұлу әйел нұр шашқан көздерімен қарап тұрғанын көргенде  5 жыл бойы от пен оқтың ортасында жүрген солдаттар бас киімдерін шешіп, тағзым етті.

 4.Картинаның мазмұны туралы айта кетсек…Картинадан бөбегін көтеріп келе жатқан жас ананы көреміз. Ол Дева Мария.  Ол ұлы Христостың алдында адамзат бақыты жолындағы тауқыметке толы күрестер жолы жатқанын жақсы сезіп келеді, Ана ұлының тағдырына алаңдаулы, себебі адамдардың ұлын өлтіретінін біледі, бірақ өзі сабырлы. Ана ерлігін марапаттайтын бұл шығармаға адамдар әлі күнге қайран қалады. Әулие Варвара басын төмен иіп, екі періштеге қарап отыр. Әулие Сикст тізерлеп, құдай ана мен балаға мейірімді жүзімен қарап отыр.

Жаңа Медет айтып кеткендей, бұл картина 1945 ж Москваға әкелініп, 10жылдан кейін басқа да 1240 картинамен бірге Дрезденге қайтарылады.

Жетекші: Рафаэль Санти мадонналарын жазғанда  Леонардо да Винчиге еліктеген. Тіпті картиналарының атаулары да бірдей. Ол Мона Лизаны өте пір тұтқаны сондай, оның эскизін көшіріп салған.

5. Рафаэль Санти  мен Леонардо да Винчидің  мадонналары Қазақ халқының кәсіби суретшісі Айша Ғалымбаеваның  сомдаған ана образдарын еске түсіреді. М. «Нан» (1967) суретінде әдемі жүзі күнге тотыққан жас келіншек  нан илеп отыр. Әйел жүзі бақытқа, шаттыққа, мейірімге толы екені көрінеді. Оның келбетінен ішкі рухани күші сезіледі.

«Бір кесе қымыз (1967) суретінде бірі егде, бірі жас екі әйел аласа үстел басында отыр. Олар мерекелік киімдерін  киген. Соған қарағанда алда болатын той алдында сәл ғана оңаша отырған қуанышты сәттері деп ойлауға болады. Егде әйелдің жүзі ақыл-парасатқа толып, жұмбақ күлкі табымен нұрлана түскен. Бұл жымиыс Леонардо да Винчидің «Мона Лизасының» құпия жымиысынан бір де кем емес деп ойлаймын. Тек қана біздің ұлттық құндылықтарымызды зерттеп, жариялау аз сияқты. Ал, уыздай жас келіншектің аққұба жүзінде сәл-пәл ойдың табы да жоқ емес. Жарқын түсті бояулар әлемінде ол хор қызындай сұлу көрінеді. Бұл сурет қазақ  халқының әсем де әдемі ұлттық киімдерін де, сырға толы ою-өрнектерін де бейнелейді.  Ал, Үкі Әжиевтің «Қазақ мадоннасы» атты суреті де бар. Онда да бөбегін алдына алған әйелдің жүзінен  Сикстин мадоннасының жүзіндегідей сабырлылық көрінеді.

6. 1508 ж. Рафаэль Флоренцияны тастап Римге кеп орнықты. Ол Рим қаласының бұрынғы тұлғасын қайтадан қалпына келтіруге көп үлес қосты. Рим папасы Юлий ІІ.  25-жастағы суретшіге өз сарайының салтанат залдарын безендіруді тапсырды. Ондағы ойы – жас суретшіге католик шіркеуін дәріптету еді. Бірақ Рафаэль қылқаламы әулиелерді емес, адамды, оның азат ойын, ақыл-күшін, сұлулығын жырлады.

Оны біз  Ватикандағы атақты фрескасы «Афина мектебі» картинасынан көреміз.  Бұл сурет Қайта Өрлеу дәуірінің шедеврі болып қалды және Ренессанс суретшілерін шабыттандырған ежелгі ойшылдар  мен философтар әлемін бейнелейді. Құдіретті ғимаратта өзінің шәкірттерімен сөйлесіп отырған барлық белгілі философтарды көруге болады. Осындай әңгімелер ойшылдардың ілімінің дамуына үлкен  үлес қосқан.

7. Платон қалаған Афина мектебінің отырыстары далада, зәйтүн тоғайында болатынын Рафаэль жақсы білген. Бірақ ол осындай алтын дәуірдің жоғары ойлары туатын жер ретінде құдіретті ғимаратты таңдап алды.

Суреттен қандай ғалымдарды көреміз? 

- Өте ыңғайсыз позада бейнеленген адам саздан жасалған бөшкеде өмір сүрген Диоген,

- Евклид өзінің шәкірттеріне теорияларын дәлелдейтін сызбалар көрсетуде. Оның шәкірттерінің бет-әлпетінен олардың зейінділік  деңгейлерін көруге болады.

- Осы суреттің бір жұмбақтығы- ол Рафаэльдің өзінің автопортретінің бейнеленуі. Ал оның артында  ұстазы Перуджино орналасқан.

Осы топта ежелгі Птоломейді көруге болады. Оның қолында жұлдыздар сферасы бар.

- Адамдарға қарағанда үлкенірек етіп сұлулық құдайы Апполон мүсіні салынған. Оның қолындағы лирасы оның музыка құдайы екенін де көрсетеді. Оған симметриялы түрде суреттің оң жағында, барлық оқу орындарының қамқоршысы Минерва  мүсіні орналасқан.

- Пифагордың музыка құдайы Апполон астында орналасқаны өте үйлесімді  болып келеді. Себебі Пифагор өзінің еңбектерінде математика мен музыканы байланыстырғысы келді.

- Суреттің ортасындағы адамдарды олардың қолындағы еңбектерінен оңай тануға болады. Олар грек философтары Платон және оның шәкірті Аристотель. Сол қолымен өзінің «Этикасын» ұстап тұр Платон қолы аспанға қаратылған, ал Аристотельдің қолы алақанымен жерге бағытталған.. Бұл Платон ілімі қиялшыл, абстрактілі; ал Аристотель ілімі логикалық және қолданбалы болғанын көрсетеді.

8. Рафаэль өзінің замандастарына қарағанда суреттегі фигуралар мен адамдар арасындағы үйлесімділікпен алысқа барды.

Рафаэльдің бүкіл шығармалары адамды рухани қанағаттандырады. Ол жасаған мүсіндердің тек біреуі ғана бізге жеткен. Ол –«Дельфин үстіндегі өлі бала» Бұл мүсін де Эрмитажда сақтаулы тұр.

Бұл мусін бала мен дельфиннің достығы туралы аңыз бойынша салынған. Бір күні бала суда жүзіп жүріп, аяғын жаралап алып, содан судың ішінде өліп қалады. Ал, дельфин баланы судан алып шығып, құшақтасқан беті қайғыдан өзі де өліп қалады.

Мұғалім: Бұл аңыздың  мазмұнын оқығанда қандай күйде боласың? Дельфиннің шынайы достығына сүйсінесің, бірақ, оған жаның да ашиды.  Өмірде достықтан қымбат нәрсе жоқ. Достықты қадірлей білу керек. Керек болса, досың үшін жаныңды қиюға да болады.

Залдан: Рафаэль Сантидің досы болған ба, жеке басы қандай адам болған?

Жетекші: Біз Рафаэль Санти туралы мағлұматтар жинақтағанда оның өзі де достықты аса жоғары бағалағанын білдік. Ол өмірінің соңына дейін  жазушы Бальдассаре Кастильонемен дос болады. Жеке басы  жұрттың бәріне қадірлі, адамға тән барлық жақсы қасиеттерді бойына жинақтаған қарапайым адам болды. Рафаэль онымен қатар ұлы сәулетші де еді. Ол «Мәңгілік шаһары» — Римде талай тамаша шіркеулер, сарайлар, ғимараттар тұрғызды. Мұндай қиын істер орасан зор күш жігерді талап етті. Денсаулығынан ерте айрылған Рафаэль артында талай ұрпақты тамсандырып өтер тамаша туындылар қалдырып 37 жасында қайтыс болады

Мұғалім: Жаңа сіздер көріністеріңізде Рафаэль Сантидің ең алғашқы еңбегі Мадонна Конастабелле дедіңіздер.  Байқап отырсақ, оның еңбектерінің барлығы дерлік ана мен бала тақырыбына арналған екен. Неге олай деп ойлайсыздар?

Себебі ол 8 жасында анасынан, 11 жасында әкесінен айрылады. Анасын сағынып жүріп салған суреті Мадонна Конестабелледегі әйелді өз анасы ретінде салған Алғаш әйелдің  қолында апельсин болған. 1789 жылғы жер сілкінісінен кейін бүлінген картинаны өңдеушілер кітап ұстатып салған. 1881 ж бұл картина Эрмитажға тапсырылған

Мұғалім: Осы 3 ұлы суретшінің де  еңбектерімен, жеке бас қасиеттерімен танысып шықтық. Олардың еңбектерінің, өз бастарының бір-бірінен айырмашылығы қандай деп ойлайсыңдар?

-                     Рафаэльдің Леонардодан айырмашылығы – ол бізді өзінің құпияларымен тұйыққа тіремейді, жан-жақты білімділігімен таң қалдырмайды. Өзінің қысқа ғұмырында кескіндеме өнерінде қолынан келгенінің бәрін істеп, яғни, үйлесімділік, әсемдік, ізгілік патшалығын орнатты.

-                     Леонардоның мүсін өнерінде бізге жеткен еңбектері жоқ. Ұлы кескіндемеші, жан-жақты талантты адам. Ал. Микеданджело кескіндеме өнерін де, мусін өнерін де қатар алып жүре алды.

 

Ұқсастықтары: - Олардың  үшеуі де туған елін сүйді, Жауға қарсы өнерімен де, өмірімен де қарсы тұрды. Рим, Флоренция, Милан қалаларының өркендеуіне жан аямай еңбек етті. Ержүректілікті, батырлықты, достықты, отанды сүюді дәріптеп көрсетті. Шыдамдылықтың, қайсарлықтың, шынайы достықтың үлгісі бола білді.

-                     Ұлы суретшілердің барлығы да ана бейнесіне соқпай кетпеген. Бұл нені білдіреді? Қай халық болсын, әйел-ананы сыйлаған. Ана еңбегі өлшеусіз. «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да еңбегін өтей алмайсың» деген қазақ халқының дана сөзімен үндесіп жатыр.

Мұғалім:   Біз осы 3 ұлы суретшінің барлығы туралы да ізденген, зерттеген материалдарымызды ортаға салдық. Енді соның барлығын модельге топтастырсақ. Алдарыңыздағы қағаздарға өз топтарыңызбен ақылдасып, біріге отырып, модель сыза қойыңыздар.

 Модель қорғауға топ жетекшілеріне сөз беріледі.

 Енді әр топ жетекшілері өз тобындағы балалардың ақпараттарды іздену, зерттеу, дайындалу барысындағы еңбектерін бағалайды   

 

 Мұғалім: Енді осы сабағымызды қорытындылау үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрелік: Слайд бойынша сканворд шешу:

1.«Жақсы картина 1000 сөзден бағалы» сөзі қай дәуірде шыққан? «Ренессанс»

2.Леонардоның ең алғашқы сомдаған мүсіні қалай аталады?

3.Осы 3 ұлы суретші де бір мезгілде өмір сүрген қала.

4.Ұлы ғұламалардың барлығының басын қосқан картина.

5.Әнші суретші.

6. Кеңес әскерлері аман алып қалған картина.

7. Сикстин капелласының қабырғасына Микеланджело Буонародти жазған фреска

8. Осы 3 ұлы суретші де  оқыған мектеп.

9. Құпиялылығы таусылмайтын  картина.

10. Микеланджелоның  папа Юлий II табытханасына сомдаған мүсіні.

 

Үйге тапсырма:  «Шығыс Рафаэлі» атанған ұлы суретші Камад ад-дин Бекзат

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Дүние жүзі бейнелеу өнерінің тарихы және Қазақстанның көркем мәдениеті» пәнінің Ежелгі Египет, Грек және ортағасыр мәдениеті тарихының деректері бойынша теориялық мәліметтер жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Египет, Грек және ортағасыр мәдениеті тарихының –ежелгі мәдениеттер қатарындағы ең маңызды орын алатын тамаша өркениет түрлерінің бірі. Ол алып Сахара шөлімен көршілес орналасқанына қарамастан Солтүстік-Шығыс Африкада орналасқан оазиске айналды. Египет мәдениетінің жетістіктері сан алуан, әлі күнге дейін толық мәнде құпиясы шешіліп бітпеген, талай жұмбақтарды жасырған әлемнің жеті кереметінің бірі-пирамидалардың бір өзі қаншама сыр шертіп жатыр. Ежелгі Египет өркениеті шығыстық елдер мәдениетіне тән сан алуандығымен ерекшеленеді. Оның сан алуандылығын тарихқа қалтырған мұралары-деректер дәлелдей түседі. Ежелгі Египет тарихының деректануы. Ежелгі патшалық бойынша деректер Египеттік деректер сол жерде ең алғашқы адамдар пайда болған кезден бастап жинақталды. Ежелгі дәуірдің өзі сан мыңдаған деректер қалдырды. Сондықтан оны патшалық дәуірге дейінгі деректер, ежелгі патшалық, орта патшалық, жаңа патшалық дәуіріндегі деректер деп кезеңдерге бөліп қарастыру тиімді болады. Ежелгі Египеттің мәдениетінің тарихы көптеген және әр түрлі деректердің негізінде көптеген жылдар бойы зерттеліп келе жатыр. Қазіргі кезге дейін көптеген жазба ескерткіштердің түрлері, әдет-ғұрыптары, рухани өмірлері, тілі, материалдық мәдениеті дерек көздері арқылы құнды мәліметтер береді. Деректерді үлкен жеті топқа бөлуге болады:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 245 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

РАБОЧАЯ ПРОГРАММА УЧЕБНОЙ ДИСЦИПЛИНЫ ОУД. 05 История 23.01.17. Мастер по ремонту и обслуживанию автомобилей
  • Учебник: «История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.
  • 30.12.2020
  • 665
  • 8
«История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.09.2020 2080
    • DOCX 192.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сандрыкина Антонина Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 92470
    • Всего материалов: 247

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1359 человек из 80 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 332 человека из 69 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 171 человек из 56 регионов

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе